Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан географиясы мен экология кафедрасы

Жаратылыстану-география факультетінің ˝География- экалогия˝мамандануы бойынша 5 курс студенті Е. Хамытқожаевтың “Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы” атты дипломдық жұмысы.

Ғылыми жетекшісі: Қазақстан географиясы

мен экология кафедрасының

Қорғауға жіберілді профессоры Ахметов Е. А.

« 23 » мамыр 2008 ж.

Орындаған: « География-экология» мамандануының 5-ші курс студенті-

Кафедра меңгерушісі, профессор Е. Хамытқожаев.

Ахметов Е. А

Норма-бақылаушы

Исмаилова А. Н

Алматы, 2008 ж.

МАЗМҰНЫ

I. БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК МАШИНА ЖАСАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАШИНА ЖАСАУ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

1. 1Кіріспе. Машина жасаудың Қазақстан шаруашылық жүйесіндегі алатын орны . . .

1. 2Шетелдердегі машина жасау саласының қазіргі жағдайы . . . 1. 3Қазақстанда машина жасау саласының даму жағдайы

II. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДА МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

2. 1 Қазақстанның өз аумағында машина жасауды дамыту мүмкіндіктері . . . 2. 2Машина жасау кластері (Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы негізінде) . . .

2. 3Қазақстан Республикасы машина жасау саласын дамытудың проблемалары . . .

III. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАШИНА ЖАСАУ САЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3. 1 Мұнай-газ секторына машина жасау саласы дамуының негізгі

бағыттары . . . 3. 2 Ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласының даму бағыттары 3. 3 Көліктік машина жасау саласының даму бағыттары . . . 3. 4Электро-техникалық және электрондық машина жасау саласының даму бағыттары . . .

3. 5Кен өндірі машиналарын жасаудың даму бағыттары . . . 3. 6 Қазақстан республикасының машина жасау саласын 2006-2008 жылдарда диверсификациялау және дамытудың бағдарламасын іске асыру механизмдері. 3. 7 Машина жасау кешенінің қоршаған ортаға әсері.

I БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК МАШИНА ЖАСАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАШИНА ЖАСАУ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Кіріспе .

Қазақстанда машина жасау өнеркәсібі екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында бұрыңғы Кеңес Одағы жау қолында қалған батыс аудандарынан шығысқа көшірілген кәсіпорындар негізінде қалыптасты. Бұл кезеңде Қазақстан аумағына 200ден астам машина жасау кәсіпорындары өздерінің құрал-жабдықтары және инженер-техникалық кадырларымен көшірілген. Осы кәсіпорындар негізінде Қазақстанда машина жасау өнеркәсібі қосалқы сала ретінде қалыптасты. Оның негізінде мақсаты Қазақстанның машина жасау өніміне деген ішкі қажетті қамтамасыз ету болды. Соған қарамастан біздің елімізде ауыр машина жасау халық шаруашылық маманданған саласы болып, одақты және кейбір шетелдерде сым созу станоктарымен қамтамасыз етті. Машина жасау Кеңестік дәуірде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің 15%берді. Кейінірек Қазақстанда машина жасаудың маңызды басқа салалары, яғни электротехникалық және ауыл шаруашылық машиналарын жасау пайда болды. Бірақ бұрыңғы одақ кезінде Қазақстанда кеме, самалет, автомобиль, темір жолдың қозғалмалы составын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптеріне станок шығару болмады. Қазіргі Қазақстан мұңдай машина түрлерін ТМД елдері және алыс шетелдерде қымбат бағаға сатып алады.

Машина жасау өнеркәсібіндегі осыңдай қиындықтарды және еліміздің нарқын отандық өнімдермен толтыру мәселелерін соңдай-ақ машина жасау кешенің одан әрі дамыту болашағы бірден “Қазақстанда машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы және оның болашағы ” атты дипломдық жұмысымыздың өзекті зерттеуді қажет ететін мәселесі болып табылады.

1. 1 Машина жасаудың Қазақстан шаруашылық жүйесіндегі алатын орны

Қазіргі заманғы өнеркәсіптік қатынастарды көп жағдайда машина өнеркәсібімен байланыстыруымыздың бүгінгі өмір талабынан туындап отырған шындық. Табиғи ортаны көркейту, өзгерту бағытында істеліп жатқан қыруар жұмыстар, адамдардың тұрыс жағдайларының жақсаруы алуан түрлі машиналар көмегінсіз жүзеге асырылмайды. Халық шаруашылығының жеке салаларының дамуы да машиналар өндірісімен тығыз байланысты.

Бұл саланың даму деңгейі жекеленген елдің әлеуметтік- экономикалық дамуының, әсіресе өнеркәсіп дамуы деңгейінің көрсеткіші бола алады.

Машина дегеніміз- энергияның бір түрін екіншісіне айналдыруға немесе қандай да болмасын бір ұтымды жұмысты атқаруға бағытталған белгілі бір қозғалыстарды жүзеге асыратын механизм немесе бірнеше механизмдердің үйлесуі.

Барлық машиналар екі үлкен топқа бөлінеді: оның біріншісі- энергияның бір түрін екіншісіне айналдыруды жүзеге асыратын машина- двигателдер болса, екіншісі- машина құрал немесе жұмыс машиналарының көмегімен еңбек нысанының формасын, қасиетін, жағдайын өзгертетін машиналар.

Машина- құралдар өздерінің өндірістік қолдану сипатына қарай технологиялық, транспорттық және тасымалдық деп бөлінеді.

Технологиялық машиналарға белгілі технологиялық процеске қатысатын машиналар, айталық металл өндеуші, ағаш өндеуші немесе есептеуші машиналар т. б. жатады.

Транспорттық және тасымалдық машиналар адамдар мен еңбек құралдарының қозғалысымен байланысты болады. Бұл қозғалыс кезінде транспорттық машиналардың өзі де қозғалады (локоматив, автомобиль, кеме, ұшақтар т. б. ), ал тасымалдық машиналар жүк пен адамдарды тасымалдай отырып, өзі сол жерде қалады немесе қозғалу радиусы онша үлкен болмайды. (крандар, лифт, жүк көтергіш т. б. )

Машиналарды автоматтандыру еңбек өнімділігін көтерудің өндірісті жеңілдету мен жетілдірудің ең озық формасы болып саналады, мұндай машиналарда адам ауыр қол еңбегінен босатылады. Екінші жағынан, мұндай автоматты линиялар өндіретін өнімнің жоғары сапасын яғни олардың біртектілігін, дәлдігін жұмысшының қандай еңбек дағдысы болғанына қарамастан, қамтамасыз етеді.

Қазіргі ондаған, тіпті жүздеген автоматты түрде басқарылатын жұмыс органдарынан тұратын және қажетті мақсатта орган зор технологиялық операцияларды жоғары тәжірбиелі мамандардың қолмен істеуі жағдайында мүмкіндігі келмейтін жылдамдықта жүзеге асыратын машиналар ҒТП-ның жетістіктеріне сүйеніп, онан ары жетілдіруде.

Машина жасау- өте әртүрлі болып келетін машиналардың түрлері мен олардың бөлшектерін, басқа да құрал-жабдықтар мен бақылау- есептеу құралдарын жасаумен айналасатын өнеркәсіптің саласы.

40-тан астам ірі салалар мен 160-қа жуық кіші салаларды қамтитын бұл сала өзінің өте күрделілігімен ерекшеленеді. Соған қарамастан машина жасау зауыттарының технологиялық процестерінде ортақ ерекшеліктер сақталады. Ол ең алдымен машина өндірісінің өзіндік сипатымен яғни көп жағдайда металдан жеке бөлшектерінің жасалып, олардың машина құрастыруға қажетті агрегаттар мен тораптарға жиналуымен түсіндіріледі.

Машина жасау зауытының технологиялық процесі дайындамалар жасаудан, оны өңдеуден, машина құрастырудан және оны соңғы өңдеуден тұрады. Өндірістік процестің осындай кезектілігі барлық машина жасау зауаттарында сақталған. Машиналарға қажетті әртүрлі тетіктерді дайындауда материалдар мен дайындамаларды өңдеудің ортақ әдісі қолданылады. Машина құрастыру ісінде де ортақ ерекшеліктер сақталған, тек кей жағдайларда ғана осы әдістердің жетілдірілген түр өзгешіелігі пайдаланылады.

Қазіргі машина жасау зауытының технологиялық процес осындағы цехтардың атына сәйкес келеді: құйма, ұста-пресс, механикалық және құрастыру. Осы негізгі цехтардан бөлек машина жасау зауыттарында қосалқы цехтар да, атап айтқанда үлгілері жасау цехы, шикізаттарды, қосалқы материалдар, шала фабрикаттар мен дайын өнімдерді сақтайтын қоймалар болады. Аса ірі зауыттарда сонымен бірге өзіндік металлургиялық база- мартен пештері, прокаттау қондырғылары т. б. болады.

Өндіріс көлеміне, басқа кәсіпорындармен құрамдастыру мүмкіндіктеріне және техника- экономикалық ерекшеліктеріне сай осындай зауыттар бір жағдайда технологиялық процестердің барлық сатысын бір өзі атқарады немесе басқа мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отырады. Осы тұрғыда дайындамалар мен көпшіліктік бөлшектер мен тетіктерді шығаруға маманданған кәсіпорындармен құрамдасқан тиімді, себебі мұндай кәсіпорындарда еңбек өнімділігі мен сапалы өнімнің үйлесуі жиі байқалады.

Машина жасау мен металл өңдеуді қамтитын Қазақстан экономикасындағы техникалық прогресті анықтайтын, салааралық күрделі құрылым. Қазақстанда ірі қара металлургия базасының жасалуын және әуелден әр түрлі түсті металдар өндірісінің қалыптасуы құрылымы жөнінен күрделі машина жасау өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік берді. Сондықтан машина жасау ауыр өнеркәсіптің маңызды саласы бола отырып, республика шаруашылығының түрлі салалары үшін әр түрлі машина, құрал-жабдықтар шығарады. Атап айтқанда ауыр және ауыл шаруашылық машиналарын, жол -құрылыстық, цемен жасау техникасын, химиялық және электротехникалық машиналар, приборлар мен станоктар тағы басқа өнімдер шығарады.

Қазақстан машина жасау негізінде Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыс аудандарынан көшірілген көптеген зауыттармен байланысты қалыптасты.

Соғыс басталғанннан кейін үш айдың ішінде шығыс аудандарға 1360 ірі кәсіпорындар көшірілсе, соның 200-ден астамы машина жасау және металл өңдеуге келді. Қазақстан аумағына да біраз кәсіпорындардың техникалық құрал-жабдықтары, инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрлары да көшірілді. Сондай кәсіпорындардың бірі Алматы ауыр машина жасау зауыты. Шығысқа көшірілген кәсіпоррындардағы өндірісті тез арада іске қосып, ауданаралық және зауытаралық байланысты ретке келтіру керек болды. Көшірілген жабдықтардың 1942 жылдың соңында іске қосылуы біздің Отанымыздың жеңісін қамтамассыз етудің маңызды жағдайы болды.

Машина жасау бұрынғыдай, Қазақстанның ішкі қажетін қамтамассыз ету бағытында өнеркәсіптің басқа салаларына толықтырушы ретінде дамуда. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында Қазақстан машина жасау өнеркәсібі бүкіл өнеркәсіп өнімінің 15% берді. Ал қазіргі нарық жағдайында оның үлесі төмендеді. Батыс Еуропа елдері, АҚШ және Жапонияда бұл көрсеткіш 30-50%-ке жетуде.

Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты қара және түсті металдар Қазіргі кезде металлургия өнеркәсібі жүздеген әртүрлі қасиеттері бар, жоғары температураға шыдамды, коррозияға берік болат, шойынның да ерекше сорттарын шығарады. Сонымен бірге машина жасауда әр түрлі металдар, соның ішінде сирек металдар және олардың қоспа қортындылары, шыңының арнаулы түрлері, пластмасса қолданылады. Жаңа материалдар реактивті двигательдер, газ турбиналары, атом реакторларын, өлшеуші-бақылау приборлары және басқа машиналар жасауда қажетті. Машина жасау салалары өңдеу үшін көп мөлшерде бояу мен лак тұтынады.

Машина жасау зауыттары шикізатпен өңдеуші материалдардың басқа отын, ағаш (металл формаларын жасауға), форма жасайтын және басқа материалдарды қажет етеді.

Машина жасау кәсіпорындары, оның ішінде ауыр машина шикізатты, әсіресе, металды көп қажет ететіндіктен металлургиялық базаға бағдарланылып орналасады. Еліміздің аумақтарының ауыл шаруашылығының белгілі бір даму бағытына қарай ауыл шаруашылық машиналары кәсіпорындары тұтыну аудандарында салынады. Радиотехника, электроаппаратура, прибор т. б. жасау көбінше маманданған еңбек ресурсы бар аудандарға бағдарланады. Кей машина жасау кәсіпорындары қолайлы көлік жолдары бойында орналасуы тиісті, бірақ біздің елде темір жолдың қозғалмалы составы, кеме жасау кәспорындары әзірше жоқ.

Машина жасауда қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың маңызды формалары, атап айтқанда өндірістің мамандануы және кооперациялануы кеңінен дамуда.

Қазақстанда шығарылатын өнімдердің қолданылатын орнымен байланысты ауыр, электротехникалық және ауыл шаруашылық машиналарын жасау, станок, өнеркәсіп және шаруашылықтың түрлі салалары үшін технологиялық құрал-жабдықтар шығару едәуір дамыған.

Қазақстандағы машина жасаудың 37 іріленген ішкі саласы номенклатурасының ішінен 14 ішкі сала және темір жөндеу дамыған. Бірақ Қазақстан Республикасының ЖҰӨ-де машина жсаудың үлесі 1990 жылы 15, 9 пайызға төмендеді және 2003 жылы 3, 2 пайызды құрады. Қазіргі кезде машина жасау кешенінің үлесіне 5 пайыздан аспайтын өнеркәсіп-өндірістік негізгі қорлары, өндірістік бағыттағы негізгі капиталындағы инвестиция көлемінен барлығы 0, 7 пайыз және жыл сайын енгізілетін өнеркәсіп өндірістік қордың құнынан 0, 86 пайызға жуығы өнеркәсіп-өндірістік персоналдың жалпы санынан 12, 5 пайызға келеді.

Машина жасаудың ірі және орта кәсіпорындарының саны 1999 жылы 1876 -дан 2003 жылы 208-ге дейін төмендеді. Жалпы санында машина жасау кәсіпорындарының зауыттары - машина жсау өнімдерінің қортынды түрлерін өндіретіндер тек 6 пайызын құрайды. Көпшілік кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы шығарылатын өнімнің төмен сұранысына байланысты 10-15 пайызға жуығы пайдаланылады. Машина жасау өнімінің экспорттық үлесі экспорттың жалпы көлемінен 2 пайызды, ал машина мен жабдықтардың импортағы үлесі салмағы -43 пайызды құрайды. Ішкі нарықта отандық өнеркәсіп бұйымдары үлесінің 13 пайызына жуығы машина жасау өнімі. Бұл ең бірінші Қазақстандық машина жасау өндірісінің төмен бәсекеге қабілеттілігімен байланысты. Ол түгелдей дерлік Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінен жеткізілетін материалдар мен басқап ресурстардың жинақтамаларын пайдалануға негізделінген, және жоғары көлік шығындарын есепке алғанда ақырғы өнімнің аса жоғары құнын анықтайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары машина жасау кешенінің инфрақұрылымы инжиниринг, қолданбалы материалды енгізу, маркетинг және сатудан кейінгі қызмет көрсетуін есепке алғанда артта қалу проблемасы шиеленісті.

Саладағы еңбек өндірісінің өсуі ірі және орта кәсіпорындардың өнеркәсіп-өндірістік персонал санының төмендеуімен және машина жасауда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуімен ілесіп отырады. Бірақ жалпы отандық машина жасау үшін төмен инвестициялық белсендік тән болуда. Инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі - шаруашылық объектілерінің (96, 5 пайызы) жеке меншік қаражаттары болып қалуда. Негізі қордың тозу деңгейі -43 пайыз, соның ішінде олардың белсенділік 40 пайызыға дейін.

Қазақстан экономикасын техникалық жаңартуының масштабты мақсаты машина жасау кешенінің басымды дамуының қажеттілігімен негізделеді.

Қазақстанның Инвестициялық қоры машина жасау кешенін жаңартуды Қазақстанның Индустриалды-инновациялық стратегиясын іске асыру жоспарындағы бірден-бір басымды бағыты ретінде қарастырады. Қазіргі кезде Қордың қарастыруында ауыл шаруашылық, мұнай-газ және көліктік машина жасау өнімдерін шығару жобаларын есепке алғанда бірнеше жобалары бар.

Қазақстан Республикасының 2007-2008 жылдарғы арналған машина жасау саласын диверсифкациялау және дамыту бағдарламасы Қазақстан республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриялдық- иновациялық даму стратегиясының жүзеге асыру шеңберінде еліміздің бәсекеге қабілетті машина жасау саласын қалыптастыру, сондай-ақ тездетіп оны қалыпқа келтіру және дамыту баратынды әзірленген. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің №1096 17 май 2003 жылы Указымен бекітілген.

Бұл Бағдарламаны даярлауда Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиялық жоспарлары, 2004ж 19 марттағы “Бәсекелестік Қазақстанға, бәсекелестік Жапонияға, бәсекелестік ұлтқа” және 2005ж 18 февральдағы “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерді тездетіп даму жолында” делінетін халыққа жолдаулары, сондай-ақ аймақтар машина жасау кәсіпорындарын дамытудың қысқа және орташа мерзімдегі жоспарлары мәселелерін басымдық бағыттарын ескерген.

Әрбір елдің өнеркәсібтік даму деңгейі машина жасау саласының дамуымен байланысты өйткені бұл сала осы заманға күрделі индустриялық технологияның болуы, соған сәйкес жабдықтар, жоғары кәсіби мамандар инженер-техникалық-кадрлар, ғылыми техникалық әлеумет, жоғары маманды жұмысшылар, ғылым және Қаржы капиталының болуымен сипатталады.

Жоғарыда аталынған бағдарламаны, оның шетінде индустриялдық дамуды жүзеге асыру мақсатында.

Қазақстан бәсекелестікке қабілетті машина жасау саласын жасауға ұмтылуы тиімді.

Аталынған бағдарлама саланы қалыпқа келтіру және оны диверсивикациялау үшін жағдай жасауға, өнеркәсібтің жетекші саласы машина жасау кешенді қайта құруда бағытталынған, өйткені бұл сала республиканың жоғары білімділікті техника және жабдықтарға, технологияға қажетті қамтамасыз етеді. Шығарылатын техника мен жабдықтар алдынғы қатарлы әлем елдері өнімдері сапасы мен талабына сай болып, Қазақстан машина жасау саласы ТМД елдері мен алыс шетелдердің осындай салаларымен интеграциялана отырып машина жасау кешенін әлемдік сауда экономикалық жүйе және Қазақстанның ғаламдану жағдайында. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына ену жағдайына даярлау қажет.

Қазақстанның машина жасау саласы Ресей, Беларус, Украинаның сәйкес кәсіпорындарымен интеграциялануы тиісті.

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін бағдарлама активті мемлекеттік қаржы-экономикалық, техникалық және иновациялық саясатты жүргізуді талап етті, бұл осы заманға машина жасау келешекті қалыптастыруға бағытталануы тиісті.

1. 2 Шетелдердегі машина жасау саласының қазіргі жағдайы

2004 жылғы “Маркетингілік аналитикалық зерттеу орталығы” АК жүргізген әлемдегі машина жасау саласын қазіргі даму жағдайын талдау, әлемде машина жасау өндірісінде АҚШ, Германия және Жапония үздік елдер екенін көрсетеді. Осы үздік елдер тобына бұрынғы аграрлы елдерИспания, Грекия, Бразилия, Аргентина жақын. Әлемдік машина жасауда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ролі артуда. Бұл саланың осы аймаққа ауысуының негізгі фонында “арзан” еңбек болды күшінің қуатты ғылыми-техникалық әлеуметтік сондайақ, әлемдік машина жасау тенденсиясы мен бағыттарына дұрыс бағытталынуы болып табылады.

Дүниежүзінде кей елдерде машина жасауда мамандану мен кооперацияланудың күшею тенденциясы, сондай-ақ елдердің жалпылама өнімдер индексі мен жоғары мамандықты ғылымды кен қажет ететін өнімдер шығарушы елдер ретінде білуге анықтайтын, сондай-ақ жоғары еңбек күшін қажет етпейтін, бірақ тажылана өнім шығаруды өндірісті “Жаңа” елдерге беру сияқты машина жасау өндірістің үнемі күрделену процесі жүйеге асукда. Сонымен қатар жоғары маманды өндірістің бұрынғы “монополистік” ғылыми техникалық елдерде сақталынуы жүруде. Бұл өндіріс қуатын арттырудағы табыстың тиімділігімен шарттыланады.

Бірақ, бұл елдерде бәсекеге қабілетті және ғылымды көп қажет етпейтін жаңа машина жасау өнімдерін әзірлеу және шығару негізгі мәселе болуда.

Осы жағдайда, түрлі елдердегі машина жасаудың даму деңгейін анықтау күрделі мәселе.

Кейбір белгілеріне қарай мынандай елдер тобын болып көрсетуге болады:

  • машина жасау өндірісінің толық түрлеріне болған елдер (АҚШ, Германия, Жапония) ;
  • машина жасау құрылымында аздаған белгілі өнімдермен белгілері (Англия)
  • машина жасау құрылымында екеулі проблемалармен әйгілі (Италия)
  • машина жасау өнімдерінің кен биліктерін шетелдерден импорттауға тиісті елдер (Канада, Оңтүстік Корея) ;
  • машина жасау құрылымы саласының біркелкі дамымалы машинаны экспорттау импорттаудың жартысын жаңа жабын елдер (Канада, Бразилия) ;

Мұндай типке бөлу әлемдік машина жасаудцың орналасуы және жеке аймақтардың ролін анықтау, ғаламдық экономикалық жүйені аймақтандыру үшін пайдалануға болады.

“Солтүстік Америка” аймағына (АҚШ, Мексика, Канада) әлемдік машина жасау өндірісінің ⅓ келеді. Бұл аймақ әлемдік рынакте өте күрделі жоғары өнімдерді, ауыр машина жасау және ғылымды көп қажет ететін салалар өнімін экспорттауда жетекші орын алады.

“Батыс Еуропа” аймағына әлемдік машина жасау өнімінің 20-30 % келеді.

“Шығыс және Оңтүстік шығыс Азия” аймағына, машина жасау өнімінің 20 % келіп негізгі жетекші Жапония болып табылады.

Бразилияда әлемдік машина жасаудың IV-ші аймағы қалыптасуда.

Арзан еңбек күші бар елдер, шикізат ресурсы бар елдерге қарағанда қолайлы жағдайға ие болуда.

Дамушы елдермен салыстырғанда дамыған елдер машина жасауының ерекшелігі машина жасаудың толық құрылымының болуы және электротехника үлесінің артуы, өнімнің жоғары бәсекелестік қабілеті және сапасының жоғарлығы болып табылып, ол жоғары экспортқа бағытталану қабілетін және саласының жоғарылығы болып табылып, ол жоғары экспорттық бағыттану қабілетін және экспорттық құнындағы машина жасаудың жоғары үлес салмағын анықтайды (жапония -64 пайыз, АҚШ және Германия -48 пайыз, Канада 42 пайыз, Швецияда -44 пайыз) .

Жалпы машина жасау дамыған және дамуы елдерде біркелкі емес. 1-ші топта станок жасау, ауыр машина жасау, және жабдықтар шығару басым болса, екіншісінде - ауыл шаруашылық машиналары алда.

Станок шығарудың жекеткші елдері ФРГ, АҚШ, ИТалия, жапония, Швеция.

Барлық дамуыш елдер тобына станок жасау ісінің 6 пайызы келеді.

Электротехникалық өнеркәсіпте электронды индустрия басым. Электрон өнеркәсібінің екі сала тобы көрінеді. Әскери-өнеркәсіптік және тұрмыстық электроника 1-ден экономикалық дамыған елдердің үлесіне жоғарылаған, 2-де (үлкен көлемде арзан еңбек күшін қажет етуінен) дамушы елдер үшін бірқалыпты болуда. Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань, Маврикий тіпті дамыған елдерге тұрмыстық электроника экспорттайды.

Соңғы жылдары машина жасауда өндірістің процесі дамуда. Бұл процесс нрегізінде жасау қорының 9/10 және НИОКР көлемінің 9/10 шоғырланған өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге асуда. Машина жасауда икемді автоматтандырылған өндіріс және автоматтандырылған жобалау жүйелері енгізілуде. Бұл жүйелер үшін жабдықтар шығаруда Жапония және АҚШ жетекші.

Көліктік машина жасау құрымы өзгеріске ұшырады: кеме жасау және атомобиль жасау қарқынды дамуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Түсті металлургияның салалық құрамы
Әзірбайжан Республикасы
Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу
Нарықты сегменттеу жайлы
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Шәкәрім университетінің қысқаша тарихы
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz