Желтоқсан көтерілісі жайлы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Көтеріліске түрткі болған жағдай.

Биліктің басына келгеніне бір жылдан асқан Горбачев Саяси бюро мүшелерін түгелдей жаңартты. ОныБилің құрамында саясаттың кәрі тарландары Щербицкий мен Қонаев екеуі ғана қалған еді. Щербицкийдіңжарасы жеңіл, үлде мен бүлдеге орап, сый-сыяпатымен ззейнеткерлікке жібере салды. Горбачев үшін мұндағы қиыны Қонаев болды.

Өзінің қажырлы еңбегімен, терең білімділігімен, парасаттылығымен, абырой-беделімен жоғары басқару билігіне көтерілген Қонаевқа бірден бас салуға оның батылы бармады. Қонаевтың 70 жасқа толған шағында Бюро мүшелерінен тыс Горбачевтың жеке өзі «Қолыңызды қатты құшақтап, құшақтап сүйемін!»деген құттықтау телеграммасын жолдағаны көп нәрсені аңғартса керек. 1986 жылдың көктемінде, Теңіз мұнай-газ кешені мен Түменді біріктіріп біртұтас кешенді өндірістік аймақ құру туралы Горбачевтың жымысқы ойын дөп таныған Қонаев онысын жүзеге асыртпай тастады.

«Бұл - авантюра, ғылыми негізделмеген ішкі ұсыныс, шығын өте көп кететін жоба» деп төрт табандап отырып алған Қонаевтың бұлтартпас тұжырымымен Горбачевтың келіспеске амалы қалмады. Мысы құрыды. Кек сақтады. Расында да, бұл қауіпті жоба қабылданып кеткенде, Қазақстан өзінің солтүстіктегі бірнеше облыстарынан көпе- көрнеу айрылғалы тұр еді. Ал, тізеге салып, біржақты шешім қабылдауға, «қайта құрудың» оң нәтижесін күтіп отырған халықаралық қоғамдастықта шу шығатындықтан, Мәскеудің ондайға батылы бармады. Олар үшін мұндай ұсыныс төменнен болғаны тиімді еді. Бірақ, күткен үміт ақталмады. Қонаев үндемеді, жоғарыдан көрсетілген қысымға төтеп берді. Жоғары биліктің асс беделді екі көк жалы ұйымдастырған астыртын іс-

әрекеттр көп ұзамай өз нәтижесін берді-Қонаев біріншіліктен кетуге «өз еркімен» өтініш жазды. Сөйтіп, орнына қазақстандықтар түр- түсін білмек түгілі, атын естімеген Колбин деген біреу келді. Республикадағы бірінші тұлғаның мәселесін қараған бүгінгі Пленумның маңызы одан да ерекше еді. Бұл тұтас ел тағдырын таразыға салған Пленум болды. Сөйтіп, міне, Орталық Комитеттің 250 мүшесіне ауыр сын болған минуттар да болған минуттар да артта қалды. »Бірауыздан» мақұлдаудың нәтижесінде, жер аумағы әлемде тоғызыншы орын иеленетін алып елдің тізгінін тағы да көлденең көк атты біреу ұстады. Осылайша Қонаевтың дәурені аяқталды/1/.

Жалпы Қазақстан кең байтақ жері де . . . осынау тарыдай шашылып жүрген моп-момақан елі де -Совет одағы атты империяның не бір қан-құйлы әрекеттерінің тәжірибе жасар лабораториясы болғаны анық. Бұл лабораторияда ол, тілді құртудың . . . ұлттық сананы сансыратудың, халықтың жігерін жасытып, намысын аяққа басудың, тіпті 19 облысты неше түрлі палигондарға айналдырып, атом атты аждаханның аузына дааямай салғандары қазақ халқы еліне несіне мәймөңкелейміз. Оларға лабораторияларда тәжірбие жасайтын ақ тышқан да бар . . . атом бомбасының тозағына өртеген қазақ халқы да бір, тек тәжірбие жүргізуге тұтынған тіршілік иесі болды. Міне мұның жауабы да . . . құны да, қайтарылуға тиісті/2/. Титыққа тиіп біткен билік саясаты мен Қонаевтың орнынан кетуі, оның орнына есімін бір қазақ білмейтін орыс азаматының келуі-қазақ жастарының алаңға шығуына себепкер болды.

Алаңдағы оқиға.

Брежнев атындағы алаңға жастар тобы жиналды. Ұлт саясатының «лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз», Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», Әр республикаға өзінің басшысы!», Қазақстан жасасын!» деп анық жазылған айшықты ұрандарын көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар, алда не күтіп тұрғанын да білген. Өз ар намысын таптатпау үшін темір құрсанған қалың әскерге жалаңаш қолмен қарсы шыққан қазақ жастары ерлікке пара-пар іс әрекетін дәл бейнелеп олардың патриоттық сезімге толы сөздері намысыңды оятады\3\. Жастар шеру үстінде де, алаңдағы жиын арасында да, жайбарақат «Менің Қазақстаным», Елім ай», »Туған ел» атты әндерді айтып, ешқандай да заңсыз әрекеттер мен қимыл қақтығстары болған жоқ\4\.

Республика басшылығының әуел бастан жастармен тең правалы диалог бастағысы, олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты билікке төнген қатер деп санап, басшылық оған Алматы гарнизонын әзірлік жағдайына келтірумен жәнеалаңды демонстранттар санынан әлденеше есе көп күштермен қоршуарқылы жауап қатты. Тіпті бой көрсетулерді тұрақты армия бөлімдерін қолдана отырып, басып жаншу туралы мәселе қойылды да. Басып жаншу кезінде тәртіп қорғау күштері заңсыздықты бірнеше дүркін және өрескел түрде бұзды\5\.

Милиция тек жиналғандарды ғана қуып қоймай, оларға қол жұмсады қаланың әр жерінен басы қылтиған қазақ жастарын да автобусқа сүйрегендерін жоғарыда айттық. Осы күні Ішкі істер органдарына барлығы 127 адам жеткізілді. Олардың 90-ы студент еді. Соның ішінде университеттің 51, мединституттың 21, кооператив институтының 12, политехникалық арнаулы оқу орындарының 27 оқушысы болды \6\.

Күштің теңсіздігі, милицияның дойыры мен солдаттардың сапер күрегі бронемашиналар мен өрт сөндіргіштер, тамыры тереңге кеткен партократия өмірімізге енді ене бастаған балаң демократия мен жауқазын жариялылықтың үнін осылай тұншықтыруға тырысты. Үш күннің оқиғасы осының айғағы\7\.

«Бүлікшілерді» қоршаған әскерлердің қатары көбейе бастады. Көзден жас ағызатын газ бен ащы түтін боратқыш құралдары бар екі арнаулы машина жеткізілді. Қалалық өрт сөндірушілер отрядының 5-ші ротасы толық құрамымен, техникасымен әкелініп бұйрық күтіп тұрды. Қараңғы түсе екі жақтың бір-біріне қарсы әрекеттері жиілей бастады. Көпшілік жақтан қар кесектері бұрқырады. Милиционерлер қара ала таяқтарын шошаңдатып, жақындап кеткендерді бас-көзге қарамай тоқпақтайды.

17 ші желтоқсан ызғарлы әрі аязды күн еді. Соған қарамастан өрт сөндіруші машиналар шерушілерге суық су шашты. Жастарды қыз, ұл деп айырмай қала шетіне апарып тастады. Ұзынырғасы жиырма шақты қуатты ұңғыдан (лафет стволынан) атқылаған су тасқыны өзекті өртеген сөздерін

өткізе алмай, онсызда жүйкесі жұқарып тұрған жастарды жын тигендей құтыртып жіберді. Осыдан бастап бей-берекетсіздікке жол берді. Өз еркіне өздері ие бола алмай қатты ашынған адамдар алаң маңында тұрған машиналарды төңкеріп, бензинді ағызып, оларды жаппай өртей бастады. Үй іргесін ұлу қабыршықтарын бұзып уатып тас кесектермен әскерлерді атқылады\1\.

Демонстранттарды қуып таратудың арнайы оперативті жоспары «Метель 1986» деп аталды. Ол ССРО Ішкі істер министрлігінің бұйрығы негізінде жасалынды. Қазақстанда бұл жоспар тап осы желтоқсан оқиғасы күндері іске асырылды. Бұл операция тағы басқа елдерге қолданысқа еніп кетті\8\.

1986 жылғы көтерілісте жастардың біразы жапа шекті. Анықырақ айтқанда көтеріліске қатысқандарды жаппай жазалау орын алып, 2401 адам ішкі істер бөліміне, 2212 адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне, 2401 адам прокуратураға жеткізілді. Сондай-ақ 20 жедел жәрдем бригадасы жарақат алған 768 адамды емдеу мекемелеріне әкеліп олардың 204-і ауруханаларға жатқызылған. Осы орайда ауыр жағдайда 17 адам өлім халінде 2 адам түскен ( екеуі де қайтыс болды ) . Ал жалпы алғанда желтоқсан көтерілісінен кейін 99 адам Қазақ КСР қылмыстық іске байланысты 3 жылдан 15 жылға дейін сотталды. Екеуі ең жоғарғы үкім ату жазасына кесілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының 12 ректоры мен басқару саласындағы 33 мың адам қызметінен алынды және де ішкі істер жүйесіндегі 1200 жұмысынан кетірілді. Адами құқын пайдаланғысы келген, бірақ, сол үшін аяусыз соққыға ұшыраған бүгінгі жас ұрпақтың өкілдері еді. Қайраттың сөзімен айтқанда:

Қорлай да беріп қайтадан

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жрмасын.

Құлпы тасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын.

Үміт еткен мәскеуден

Қарадай көңілің қалмасын, -

деп, мәңгілік бейкүнә ұрпақтың өкілдері!\1\.

Желтоқсан көтерілісі әлемде ұлы көтеріліс жасаған, КСРО құрамындағы 15 республика мен социалистік лагер лердегі жиырмаға тарта елге азаттық әперген 20- ғасырдың ең айтулы оқиғаларының бірі. Осы котерілістен кейін әлем жұршылығының Қазақстанға деген көзқарасы күрт өзгерді. Олардың көбі Кеңестер Одағы тек Ресеймен ғана шектеспейтінін, онда Қазақстан секілді батыр да қайсар халықтар тұрғанын түсіне бастаған. Демек, Желтоқсан көтерілісі - Қазақстанды Еуропа мен Америкаға танытты\9\.

Желтоқсан көтерілісінде түрмеге түскендердің ісін қарау.

1986 жылғы 17-18 желтоқсан күндері халқымыздың еркі мен арманын ашық білдіріп алаңға шыққан жастардың жан қиярлық әрекетін көп ғасырлық ұлт азаттық қозғалыстың кезекті табиғи көрінісі ретінде бағалаймыз.

1986 - жылғы көтерілісінін еліміз үшін тарихи, саяси және қоғамдық маңызын алға тарта отырып, Қазақстан Республикасының Парламентіне мынадай ұсыныстар енгіземіз.

  • 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсан күндері алаңға бейбіт шеруге шыққан студент және жұмысшы жастардың әрекеті Орталық биліктің кезекті зорлық - зомылық шешімдеріне байланысты еліміздің патриоттық ұстнымдағы күштің қауырсыз қарсылық көрсету актісі ретінде мойындалсын;
  • Осыған орай, еліміздің Конституциясына «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне территориялық тұтастығына және конституциялық құрылысына қауіп төндірушілерге қарсылық көрсету Қазақстан халқы мен оның әрбір азаматының құқы және азаматтық борышы» деген бап енгізілетін болсын. Мұндай мазмұндағы баптың әрбір азаматтық саяси ұстанымының қалыптасуына жағымды ықпалы болары хақ;
  • Халқымызға оның отаншыл ұлдары мен қыздарына большивиктік партиялық -кеңестік тәртіп тарапынан жасалынған көпжылдық террор айыпталсын;
  • 17-18 желтоқсан күндері республика көлемінде ұлт азаттық қозғалысқа қатынасып, сол үшін репрессияға ұшыраған барлық тұлғалар ақталсын;
  • 1986 жылғы бас көтеруге қазір айтылып жүргендей ОҚИҒА емес КӨТЕРІЛІС мәртебесі берілсін;
  • Желтоқсанға қатысушылардың әлеуметтік- құқықтық статусын қарастыру қажет;
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі (Президиум) Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті, министерліктер мен ведомстволар қабылданып, жаппай саяси қуғын- сүргінге негіз болған актілердің күшін жою туралы ресми құжат қабылдау арқылы Желтоқсан көтерілісіне саяси баға беру қажет;
  • Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толуына орай, оған қатысып, ерлік көрсеткен, қудалауға ұшырап жәбір көргендерді және Желтоқсан көтерілісінің әділ бағасын беруде еңбегі сінген азаматтардың мемлекеттік наградалармен марапатталуы қажет;
  • «Желтоқсан алауы» деректі телефильмін түсірілуін жеделдетіп, Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай телеарналар арқылы көпшілік назарына ұсыну қажет;
  • Қазақстан тарихи оқулықтары Желтоқсан оқиғасының КСРО кеңістігіндегі тоталитарлық жүйеге қарсы демократиялық сипаттағы тұңғыш бас көтеру екендігін баяндайтын материалдармен толықтырылуы қажет;
  • Тәуелсіздік таңы болған қазқ жастарының тоталитарлық жүргізіп отыған саясатына қарсы өз талаптарын батыл қоя білген ерліктерін және Желтоқсан оқиғасының мән-маңызын кейінгі ұрпаққа жеткізу - бүгінгі ұрпақтың міндеті. 1986 жылы Желтоқсанның ызғарлы күндері жанын алмай, «елім, жерім» деп алаңға шығып құрбан болған жастардың рухы әрдайым бізбен болсын. Оларға жасайтын ең үлкен құрмет - олардың ерлігін мәңгілік есте қалдыру\10\.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы өтуі
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Желтоқсанның бәйшешегін аялай алмай жүрміз
Колбиннің құйтырқы саясаты
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
«Желтоқсан ызғары» ұрған бәйшешектер
16 Желтоқсан «Тәуелсіздіктің бағасы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz