Әрбір жас кезіндегі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық талдамасы



Кіріспе

I.Бөлім
1.1. Әрбір жас кезіндегі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық талдамасы
1.2. Ойлау мен сөйлеудің түрлері және оның даралық ерекшеліктері


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс−әрекетінде әр алуан мәселерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамазда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді.Соған орай, біз дүниенің сыр – сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді,оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз.Міне, осындай мақсаттарға жету жолында әрбір адам өзінің әрекетінде заттар құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді , оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз.Міне, осындай мақсат–мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс–әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін , тәжірибесі мен білімнің шама–шарқының жеткіліксіздігін аңғарады.Өйткені, әлем шексіз , оған орай дүниені танып білу де шексіз.Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады.Әрбір адам ойланып–толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі.Мысалы,оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса – мұның өзі оған ешқандай жаңалық болып көрінеді.
Сонымен, ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан , тілімен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі.Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.Бір сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі.Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс–әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберімен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүкін болатын нәрсе.Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен , оның таным мүмкіндігі ойладан әлдеқайда төмен.Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан , мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.Мәселен, « Сырдария Арал теңізіне құяды » деген сөйлемде ой тууға негіз боларлықтай түрткі жоқ.Мұнда біреуден естіген, көрген–білген мағлұматтарды жәй қайталау бар.Ал,затты өнерінен адамның ой процесінің ерекшеліктері жақсы байқалады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі.Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді.Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп,дәлелдене түседі.Ойлау мен бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды
1. Ќ.Б.Жарыќбаев “Психология” Алматы, 1994 ж. 176-188 б.
2. Ж.Аймауытов “Психология” Ќызыл Орда, Ташкент, 1926 ж., 193 б
3. Є.Алдам±ратов, Раќымбеков “Жалпы психология”, Алматы, Білім, 1996 ж., 190 б.
4. Елеусізова С. “Ќарым-ќатынас психологиясы”, Алматы, 1995 ж., 62б.
5. А.В.Петровский “Педагогикалыќ жєне жас ерекшелік психологиясы”, Алматы, 1987 ж., 43-44 б.
6. Є.Алдам±ратов “Ќызыќты психология”, Алматы, 1992 ж., 81-82 б.
7. А.В.Петровский “Возрастная и индивидуальные особенности младших подростков”, Москва, 1974 г.
8. А.Б.Эльконин “Возрастная и педагогическая психология”, М., 1984г.
9. Б.Е.Ќожабаева, Тµлеубекова Р.К. “Педагогика”, Алматы, 2003 ж.
10. “Мектептегі психология” Республикалыќ ѓылыми-єдістемелік, педагогикалыќ журнал, №4, 2006 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I.Бөлім
1. Әрбір жас кезіндегі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық талдамасы
2. Ойлау мен сөйлеудің түрлері және оның даралық ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс−әрекетінде әр алуан
мәселерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді
шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамазда бізге әлі де
беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін
көрсетеді.Соған орай, біз дүниенің сыр – сипатын ұғыну үшін заттар мен
құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді,оларды ашып
көрсетуді мақсат етеміз.Міне, осындай мақсаттарға жету жолында әрбір адам
өзінің әрекетінде заттар құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын
тереңірек білуді , оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз.Міне, осындай
мақсат–мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс–әрекетінде заттар мен
құбылыстардың белгісіз қасиеттерін , тәжірибесі мен білімнің шама–шарқының
жеткіліксіздігін аңғарады.Өйткені, әлем шексіз , оған орай дүниені танып
білу де шексіз.Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын
білуге бағытталады.Әрбір адам ойланып–толғанғанда өзіне беймәлім
нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі.Мысалы,оқушы оқу материалының
мәнін түсініп, есеп шығаратын болса – мұның өзі оған ешқандай жаңалық
болып көрінеді.
Сонымен, ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан , тілімен
тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі
нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі.Бұл бейнелену адам ойының талдау
және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.Бір сөзбен айтқанда, ойлау –
сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік
сатыдағы бейнесі.Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық
іс–әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберімен
әлдеқайда асып түседі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау
болмайды.Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.Ойлау
сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүкін болатын нәрсе.Елестерде
жалпылағыш элементтер мол болғанмен , оның таным мүмкіндігі ойладан
әлдеқайда төмен.Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан , мәселені шешуден, оның мәнісіне
түсіне білуден жақсы байқалады.Мәселен, Сырдария Арал теңізіне құяды
деген сөйлемде ой тууға негіз боларлықтай түрткі жоқ.Мұнда біреуден
естіген, көрген–білген мағлұматтарды жәй қайталау бар.Ал,затты өнерінен
адамның ой процесінің ерекшеліктері жақсы байқалады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі.Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді.Ой толық сөз күйінде
білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп,дәлелдене түседі.Ойлау мен
бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.Ой –
сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға
өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды
өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды
1.1. Әрбір жас кезіндегі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық талдамасы

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды
тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік , қабылдау процестерінде
сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым
қортындылаулар жасалынады. Бірақ қарапайым қортындылар сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті
қатынастарымен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті, әсіресе әр түрлі мәселелерді бір –біріне жанастыра отырып
шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау
болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтер өңдейді.
Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе.
Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанымен,. Таным мүмкіндігі
ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу
екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап
сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ,ана айқындалып,
дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп,
бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін
құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы
ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді
одан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. Бала тілі шықпай тұрған
кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал
жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі онын
танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері
кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында
да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің
білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың
бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ
байқаған. Мысалы: халқымыздың ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің
бәрі түсімде ; деген мақала адамның басындағы ойы тілінен
көрінетіндігін , ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша
құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы
іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере
білуімен де, сөз өнеріне жетілуіменде тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланыста жүріп отыратын ойлау
процесі тек адам баласының психикасына ғана тән пороцесс болып
табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль) т.б. айтатынындай
мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен , логикасы
шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді.
Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі
мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып,
оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып,
қалыпиасады. Бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Ғалымның әкелік
таратқан қуыршақтарына ер балаларда , қыздар да қатты қызығып,
өздерінше бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп ұйықтатып ойнай бастайды. Бұған
қарап қыз балаларда биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер
балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да,
балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына
кетті. Ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре
түсті. Ал бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра
бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды.Адам сыртқы дүние
құбылыстарының сырын көбірек білген сайын, оның ойлауы да жетіле
түседі. Қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы
түрлеріпайда болды. Адам өз ойлауының ақтқаттығын, яғни шындығымен
құдіреттілігін , өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге
тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың
белгілі ережелерімен жүйесінің пайда болуы-адам ойлауының зор
табысқа жетуінің , тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен
ережелері сансыз қайталаудың жәгне тәжірибеде тексерілудің
нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау
адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін -объективтік шындық. Ойлау
өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның
дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады.
Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зекр салып,
қызығудың да маңызы зор. Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет
қоя білуіқажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін. Өмір
тәжірибесімен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез
аңғарады да , мәселе қоя біледі, ой процесі бағытын анықтайды. Бұдан
соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам
психологиясына ерекше әсер ететін өзекті , аса мәнді кезең
болыпесептеледі. Ойдың кей кезде шындықтан ауытқитын кездері де
болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа,
теріс пікірлерге де алып келеді. Түйсік пен қабылдауға қарағанда
ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтседе ойлу құбылыстардың мәнін
екі жақты (теория мен тәрбие ) бірдей қарастырып, тереңірек
біліпотыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары
тұрады. Ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми техникалық процесс “ойлайтын “ машиналарды дүниеге келтірді.
Қазіргі есептегіш машиналар өз жұмысының нәтижесін бағалай алады,
программалардан нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы
келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден
екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне яғни кодқа
айналдырады. Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса
алиайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл.
Сөйтіп есептегіш машиналар қанша “ақылды” болғанымен адам ойлауына пар-
пар келе алмайды, адам ойлауы , оның барлық психологиялық қасиеттері өз
қасиеттерін мәңгі –бақи сақтап қалады. Ойлау аса күрделі психикалық
процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде
логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды
зерттеудегі әдіс тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мысалы:
психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау еркшеліктерінің заңдылықтарын
қарастырса, логика бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекетінің заңдары мен
формаларын айқындайды. Адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, ой формаларының табиғатын зерттейді.
Адамның ең жарқын ерекшелігінің біреуі оның сөйлеу қабілеттілігі.
Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы
қарымқатынас мүмкіндігінен айрылған адам ойдағыдай дами алмайды.
Сөйлеу дегеніміз өзі тіл арқылы ойымызды басқа біреуге дыбыстап немесе
граматикалық көрініс арқылы жеткізіп қарым-қатынас жасау.
Сөйлеу – пікір алмасу процесінде адамның белгілі бір тілді
пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формасы болуы мүмкін.
Сөйлеу жеке адамның арасындағы ара ара түсінусіді реттеу үшін,
пікір алмасу үшін қзмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін
практикалық тәжірибесін ғана байытып қана қоймайды. Сонымен қатар ғасырлар
бойы жинақталған қоғамдық тәжірибелі меңгеруге мүмкіндік алады.
Адамға тән сөйлеу әрекеті екі түрлі сипатта болады бұларсыз
сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды.
Ойлаудың мазмұны.

Ойлау формалары
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады.Ойдың
бастапқы формасы болып ұғым есептеледі.Ұғым дегеніміз заттар мен
құбылыстар туралы ой.Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері
белгіленеді.( Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т.б.әр текті
ұғымдар).Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады.
Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі
екінщісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады
.
Ұғымдар дара және жалпы болып екіге бөлінеді.Мәелен, Шымкент қаласы
, Ғ.Мұратбаев дара ұғым болса, кітап , адам т.б. жалпы ұғым
болады.Кейде жинақтаушы ұғым да болады.Мәселен, жиналыс ( студенттер
жиналысы), кітапхана ( балалар кітапханасы ) т.б.Бала мектепке
келгенсін ғылыми ұғымдарды меңгере ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ МЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеуінің теориялық аспектілері
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Оқушылардың сөздік қорын дамыту
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Сөйлеу - күрделі функционалды жүйе
Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері
Пәндер