Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Отбасы . әлеуметтік институт ретінде.

2.2 Отбасының функциялары.

2.3 Отбасындағы жанжалға себеп болатын факторлар: оны шешу амалдары.

III Қорытынды

IV Пайдаланлыған әдебиеттер.
Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.
Отбасы әлеуметтану екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
1. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, «Әлеуметтану», Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы; 2003. – 376б.

2. Рахметов Қ.Ж, Болатова А.Н, Исмағамбетова З.Н, «Социология» Алматы 2005 «Өлке» - 256б.

3. Оданова Р.К «Социология тарихы және теориясы», Шымкент, 2005- 256б.

4.Ж. Сәрсенова, Г. Тәңібергенова «Әлеуметтану» Алматы, 2000

5.Н.Р. Айтов, Қ.У. Биекенов «Социология» Алматы, 2000

6.М.М Аженов, С.И. Утешов «Общая социология» Алматы, 2001

7.Н.А. Айтов «Основы социологии» Алматы, 2001

8.Ә.И Икенов, А.Д. Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы, 2004

9. 10.Современная Западная социология. Словарь. М. 1993 г.

10.С.С Фролов. Учебник "Социология" 1997 г.

11.М. Тәжин, Б. Аяғанов. Социология негіздері. 1993 ж.

12.Ж. Сәрсенова. Социология. А. 1998 ж.

13. Н. Смелзер. Социология, (пер. Н. Ядов) М. 1997 г.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары.

Жоспары :
I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Отбасы - әлеуметтік институт ретінде.

2.2 Отбасының функциялары.

2.3 Отбасындағы жанжалға себеп болатын факторлар: оны шешу амалдары.

III Қорытынды

IV Пайдаланлыған әдебиеттер.

2.1 Отбасы - әлеуметтік институт ретінде.
Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның
әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-
зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық
тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық
байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды
сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен
шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі
құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының
алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық
(жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар
мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын
әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген,
ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара
көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды
қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау
еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына
мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал
етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен
қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың,
құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың
және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз
пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше
жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау
жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір
әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады,
сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын
нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік
институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған
отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін
әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.
Отбасы әлеуметтану екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты
бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары
талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның
өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ
ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
2.2 Отбасының функциялары.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасының қарастырғанда неке-отбасы
қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы
халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама
беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б.
баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының
даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу
жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас,
отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері
және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз
құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір
ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.)
талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдық құрылымы
және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп
қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан
олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің
экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан
алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.
Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын
қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір
салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-
бірімен тығыз байланысты екені рас.
Отбасылары қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір
функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір
әлеуметтік салдары бар қызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен
мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және
ерекешеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті қызметтері оның
отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының
ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір тарихи
жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының
міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне :
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.
Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының
ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы
мен оған не болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын
жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен
амандығына қамқорлық, микроахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі
отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді,
отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай
жүретіндігі назардан тыс қалмайды. Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр
түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз қызметтерін салыстырудан
байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай қызмет түрлері де
модификацияланады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе
жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.
Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік)
жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш
баладан болуы керек, сонда ғана халықтың саны азаймайды. Алайда, бүгінде
дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың санының артуы, бір
балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының
артуы байқалады. 80-жылдары қалыптасқан қағида бойынша көптеген отбасылар
баланы күтуге, асырауға, жақсы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың
тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік
бермейді десе, енді біреулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі
келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен
қағидаларында басқа да үлкен өзгерістер байқалады, соның ішінде материалдық-
экономикалық себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға
шықты. Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы (35-40жаста) бала туу
санының азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақтары мен халықтың әрқилы
топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі.
Қазақстандағы экономикалық дағдарыс украин, орыс, белорус, неміс, корей,
татар диаспораларының нәрестелі болуына аса кері әсер етті. Бұларға адамның
ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын.
Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет
тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы, т.б. себептер ата-
аналардың қоғам алдындағы ерлі-зайыптылық парыздарын орындау арқылы өмірге
нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіріп
отыр.Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі
мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта – отбасы. Ол дұрыс қалыптаспай,
сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне отбасын бұл
мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы
тәрби атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал етеді. Отбасының
күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен жылылық сезім, туыстық
қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойындағы көптеген мәні зор
әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал
ететі тәрбиелік күш болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлық
қасиеттері ұл мен қыздың ой санасының, таным дүниесінің артуына, адамшылық
жақтарының орнығуына әсері тигізбей қоймайды. Ата-ананың тәрбиесі сәбидің
туған күнінен бастау алып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделеніп,
тәрбиенің талап-міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен қыздар тәрбиенің
маңызды түрлері – еңбексүйгіштікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа және т.б.
баулынады. Үй шаруашылығындағы еңбекке жасөспірімдерді тарту, соған
жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге, оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор.
Ата-ананың ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер
етіп, олардың мінез-құлықтарының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп
жеткіншектің қылмыс жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің
осылайша құлдырауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де
тікелей байланысты.
Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі – ер
адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығын бір
деңгейге қою да ер адамның тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы
мүшелеріне ықпал ету дәрежесін төмендетті. Осыдан барып әкесі мен шешесі
отбасынағы біртұтас тұлға деген түйсік-түсінікті бойына қалыптастырып
сіңістіре алмаған жасөспірімдер әкесі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқалары түсіндіреді агрессивті мінез - құлық ашулануға реакция ретінде
Жас отбасындағы қақтығыстар
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Отбасындағы проблемеларды анықтау, оларды шешу жолдары
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
БАЛАЛАРҒА ҒАСЫР ІНДЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ
Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері
Ажырасудың негізгі себептері
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Медиацияда отбасылық дау - жанжалдың шешу механизмдері
Пәндер