М. Жанпейсованың модульдік оқыту технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. М. Жанпейсованың модульдік оқыту технологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

М. Жанпейсованың модульдік оқыту технологиясы . Бұл технологияда оқушыларлы оқыту емес жеке оқушының танымдық қызметін ұйымдастыру көзделеді. Яғни, оқытудың диалогтық қатынасқа құру. Әр модуль әр түрлі сағат санын қамтитын тараулардан тұнрады. Тиімдімі - 7-12 сағаттан тұратын тараулар. Кіріспе бөлімге 1 не 2 сағат, қорытынды бөлімге 2 немесе 3 сағат жіберіп, қалған сағаттарды диалогтық бөлімге жопарлаған жөн. Мұғалімнің алдын-ала ойластыруды манындай қадамдардан тұрады:

  1. Міндетті білім бағдарламасы бойынша сол тарауда оқушы нені білу керектігін анықтау.
  2. Модуль бойынша оқу материалының мазмұнын білдіру.
  3. Негізгі ұғымдарды анықтау.
  4. Бүкіл тарауды қамтитын тест, деңгейлік тапсырмалар дайындау.
  5. Диалогтық бөлімді құру.

Мысалы, «Оқшау сөздер» модулі (8 сағат) .

1-сабақ кіріспе бөлімді қамтиды. Алғашқы 10 минутта оқушылар неге, не үшін берілген тарауды оқиды, нені білу керек? Осыған көңіл бөлінеді. Оқушылар мақсат пен міндетте түсініп қабылдауы керек. Қалған 35 минутында лекция оқылады. Алдын ала дайындалған тірек - схема болуы шарт. Сабақ соңында үйге тапсырма берілдеі. Келесі сбааққа тақырыптарды жай ғана қарап келу тапсырылады.

2-3 сабақтарда «Қарны кесек» ойыны жүргізіледі. Мұғалім ойынның мақсатын, міндетін, шартын айтақаннан кейін оқушылар ойын үстеліне жайғасады. Әр оқушыға жетондар мен маршрут қағаздары таратылып беріледі. Әр топ тапсырма алады. 7-15 минут дайындалады. Қатысушылар ойын үстеліндегі орны мен ретін қолдарындағы маршрут қағаздары бойынша анықтайды.

Әр оқушының айтқанын тыңдай отырып, өздерінің маршрут қағаздарының «лидер» деген жеріне ең үздік орындаушының номерін белгілеп қояды. Осылайша ойналынған өткен сайын қосымша мәлімет алады. 3 рет тыңдайды, 3 рет мәлімет алады. Ойын біткеннен кейін маршрут қағаздарын жинап, балдарын есептейді.

4-сабақ жеке, жұптық, топтық ойындарға араналады. Басқа сабақтардан айырмашылығы бұл сабақта оқушылар өздерінің дайындығына байланысты деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдау құқығына ие, әрбір оқушының үстелінде 3 деңгейі тапсырма жазылған парақ жатажы. 1-деңгей - шығармашылық, 2-деңгей - алгоритмдік, 3-деңгей - оқушылық. 1 деңгейдегі тапсырманы таңдап алған оқушыларлы жеке үстелге отырғызып, көбірек уақыт беріледі.

5-6 сыныптарда «Брейн-ринг» ойыны жоспарлауға болады. Бұл сабақтарда әр оқушы 3 деңгейі сұраққа жауап береді. Бұл үшін әрбір ойын үстелінде 3 секторы бар барабан қойылады. Өткен сабақта 1 деңгейдегі тапсырмаларды орындаған оқушылар әрбір үстелдегі ойынды жүргізеді. Олар жауап беретін оқушының номерін анықтайды, жауабын таңдайды, жетондар арқылы бағаланады, көк жетон - «5», жасыл - «4», сары - «3».

7-8 сабақтарда тест және сынақ өткізіледі. Модульдің қорытынды бөлімі болып табылады. Тестке 20 минут кетеді. Оқушыларды 2 жаққа бөліп, 2 вариантты тест алынады. Бірінші деңгейіндегі тапсырмаларды өте жақсы орындалған және тестен «5» алаған оқушылар сынақтан босатылады. Тестен «4», «3», «2» алаған оқушылар сынақ тапсырады. Сынаққа 1 сағат 10 минут кетеді. Емтихандағыдай билет алып 7-10 минут дайындалоып жауап береді.

Үздік оқушылар екпінділерді бағаласа, мұғалім әлсіз оқукшылармен жұмыс істейді. Осылайша барлық балаларды бағалау аяқталады. Мұғалім оқушыларға атқарған істері үшін алғыс білідерді. Келесі оқу модульдеріне жаңа табыстарға жетулерін тілейді.

Технологиялық диалогтық бөлімдегі ойындар дамытушылық мақсатты көздейді. Өзінің ғана еңбегі емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралады. Әр оқушы түсінген басқаға меңгергенінше түсіндіреді. Өзі оқи отырып, өзгені оқытады. Өзін-өзі басқару жүзеге асады. Рөлдік ойындар мен пікірталас ойындарының берері мол. Мысалы, «оптимисттер», «пессимисттер», «реалисттер» рөлдік ойында оқушылар 5 топқа бөлінеді. Сегізінші сынып әдебиетіндегі Қ. Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңін таңдағанда пайдаланамыз. «Оптимисттік» топтағы оқушылар болашаққа сеніммен қарап, өлеңдегі аталған қасиеттерімен қазақ халқының келешегі жарқын болатындығына дәлелдеді. «Пессимисттер» керісінше сенімсіздік танытты. «Реалисттер» шынайы дәлелдерге жеріне отырып, шындықты айтты. Төртінші топ -«Талдаушылар». Олар әр топ өз рөлдерін қалай ойнап шықты? Дәлелдеулері анық па? Соған талдау жасайды. Бесінші топ - «Бақылаушылар». Олар әр баланың білімін бағалайды. Ал, үй тапсырмасын тексергенде төмендегі ойын тиімді. Мұғалім алдын-ала «сыншы», «қорғаушы», «талдаушы» деген үлестірмеден 10 дана дайындап қояды. 4 адамнан топқа бөледі. 3 адамның біріншісі - «қорғашы», екіншісі - «талдаушы», үшіншісі - «сыншы». Төртінші балаға үлестірме берілмейді. Ол үй тапсырмаларына жауап береді. Тақырыпты айтып болғаннан кейін міндетті түрде «қорғаушы» сөйлейді. Жауаптың ұтымды тұстарын іздеп мақтайды. «Талдаушылар» естігендерінің бәріне талдау жасайды. «Сыншылар» өз тобындағы оқушының жауабына сыни көзқараспен қарап, айтпай, қаштырмай кеткен мәселелерін көлденең тартады. Әрбір топ өздерін - өздері бағалап, бағалау қағазын мұғалімге өткізеді.

Кейінгі жылдары сабақтар қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясына тоқталайық.

Мақсаты: оқушыларды ойын атык айта алатын, пікір алмаса білетін әдістерге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландыру, ұжымда өз ойын ашық айта, дәлелдей білуге баулу. Бірін-бірі сыйлау. Мұғалім сабақтарында бұл жобаның өдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әдістерді әріптестеріне үйретуі қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

"Оқу мен жазу аркылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасы бойынша ол:

- шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйрену үшін сеніміне негізделген құрылымы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрады. 1. Қызығушылықты ояту. 2. Мағынаны ажырату. 3. Ой толғаныс.

I. Қызығушылықты ояту кезеңінде өрекеттің танымдық түрлері орын алады. Бұл оқушыны оз білімін талдап, жаңа тақырып бойынша ойлауға белсендіреді. Соның ішінде ең бастысы, оқушы белсенді әрекеті арқылы өз білімін анықтайды, яғни бар біліміне жаңа білім косады. Екінші мақсаты -оқушылардың өздерін белсендіру. Оқушылар тек тындаушы ғана емес, өз ойларын белсенді білді-рушілер де. Сонда оқушылар өз білімдерін, ұғымдарын белсенді ойлау, жазу және оқу арқылы білдірулері қажет. Терең ұғыну бар акпарат пен жаңа ақпараттың байланысы қызығушылықтың үшінші мақсатына жатады да, ол аналитикалық ойлау болып табылады. Дәл осы кезеңде тақырыптың мақсатын оқушының өзі ашады.

ІІ. Бұл кезенде оқушыныңіс-әрекетіиің барлық түрлері қамтылады. Яғни, оның жаңа тақырыпқа көшуі, оны зерттеуі, оқуы, жазуы, тәжірибе жасауы. Оқушы оқып отырып жаңа ақпараттың өзіндік түсініктемесін кіріктіре алады. Қажет болса, мәтінді қайталап оқиды. Мәтінмен танысқанда алған ақпаратты айқыңдау, сұрақ қоюлары, түсініксіз жаңа ақпаратқа ескертпе жасаулары мүмкін. Бұл кезең сабақтың ең негізгі кезеңі. Себебі жаңа тақырыпты түсіну, оны ары қарай дамыту, ой елегінен өткізіп, керекті ақпарат ретінде қолдану осы кезеңге байланысты. Тағы бір айта кететін жағдай, оқушылардын өз түсінігі болса, онда олар жаңа ақпаратты белгілі ақпаратпен біріктіріп қолдана біледі. Бірте-бірте ескі мен жаңаның арасында байланыс орнайды.

III. Бұл кезеңде оқушылар оқып білгендерін, үйренгендерін топтайды, белсеңді түрде өз ұғымдарын жаңамен ұштастырып қайта құрады. Нақты осы кезенде оқушылар бар білімдерінің негізінде жаңа білімді дұрыс пайдалаңа алады. Дәл осы кезеңде алған білімдері бекітіледі. Бұны іске асырудың маңызды сәттері бар. Ең негізгісі, оқушылар өз ойлары мен ұғымдарын алған акпараттары арқылы білдіреді. Ұғынудын зерттелуі мен тереңдігі шынайы -тұлғалық болып табылады. Оқушылар ойында қалатыны: тәжірибесі, меншікті білімі, ұғыну қоры мен сөздік қоры. Ой толғаныс кезеңінің тағы бір сәті оқушылардың бір-бірімен өзара ой алмасуы. Соның аясында сөздік қоры байиды, оқушылар арасында кейбір мәселелерді шешуде келіспеушілік болғанымен, ой алмасу оқушылардың бар ақпарат бойынша өзіндік пікір мен ұғымын құрастыруға көмегін тигізеді. Оқушылар пікір алмасу барысында талқылаудың түрлі варианттарын ұсынады.

Сабақтың кезеңдерін айқындау үшін мұғалім қажетті, мазмұнды сұрақтарды дұрыс қоя білуі керек. Әр кезеңнің маңыздылығына қарай сұрақтар мынадай болып қойылады. Қылзығушылықты ояту кезеңіндегі сұрақтар. Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсындар? Осы жайлы не білесіңдер? Не күтесің, нені білгің келеді? Не үшін білгің келеді? Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар өз білімдерінен жауап іздейді. Сабақта қолданылған көрнекіліктер арқылы ақпаратты өздері тауын қолданады. Ой толғаныс кезеніне қолайлы сұрақтар: Жаңадан не білдіндер? Не үйрендіңдер? Тағы не білгілерін келеді?

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Келесі оқыту жағдайлары сын түрғысынан ойлауды дамытуға ыкпал етеді: сын түргысынан ойлау тәжірибесінде мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлануына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіру. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыы ашуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сабақта қолданылатын әдістер сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді. Солардың бірнешеуін жүргізу әдістемесін назарларыңызға ұсынамыз.

Топтастыру - оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынандай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы мүмкіи. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

"Бесжолдық өлең" стратегиясы - ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бесжылдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың қолданғанын және материадың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді. Бұл стратегияны мынандай жолдардан тұрады: 1-жол тақырыпты білдіретін бір сөз (зат есім), 2-жол - екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты (сын есім), 3-жол үш сөз тақы рып бойынша іс-әрекет (етістік), 4- жол тақырыптағы сөзден тұрады, 5-жол - тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.

«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. "Кубизм" стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қазір жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см. ІІІаршының әрбетінің аты болады. Олар: 1-бетін суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі, 2-бетін салыстырыңыз: неге ұқсас? айырмашылықтары болса неде? 3-бетін - зертте; қандай?, қалай?, неден жасалынды? шығу тегі, тарихы. 4-беті - пайда болған ойлар: ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді? Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар? 5-бетін қолданыңыз: онымен не істеуге болады? Қалай қолдану керек? 6-бетін талқылаңыз: қолданыңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.

Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін талдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды, не оны мадақтайды.

Сабақтын әр кезеңінде қолданылатын стратегиялар: "Аралас кезеңдер" стратегиясы қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Мәтінді бөліктерге бөліп, мұғалім араластырады. Бөліктерден бүгін мәтін құрастыру керек. Жұпта қарастырады, топта ақылдасады. Мәтінді дұрыс құрастырғандығы туралы шешімге келісімен мұғалім өзі дайындаған мәтінмен салыстыруын сұрайды. "Еркін жазу" стратегиясы да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша 5 минуттын ішінде оқушылар тоқтамай, үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар біріне-бірі оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология және педагогикалық технология ұғымы
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі
Педагогикалық технология туралы
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
Қазақ әдебиет сабақтарында азаматтық сапаларды дамыту жолымен оқушының субъективтік тәжірибиесін байыту
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Модульдік технологияның гипотезасы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz