Қазақ жеріндегі исламның таралуы. туралы ақпарат


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . 2
1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1. 1 Қазақтың исламға дейінгі діни сенім-нанымдарының зерттелу тарихы . . . 4
1. 2 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері . . . 11
1. 3 Исландылық ислам құндылығының көрсеткіші . . . 22
2. ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ДӘСТҮРІНЕ ЫҚПАЛЫ
2. 1 Қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны . . . ………. . 30
2. 2 Ислам және қазақ әдет-ғұрып заңдарының ұқсастығы . . . 45
2. 3 Дін және мәдениет . . . . . . ………. . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . …68
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты . Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді»- деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады. [1, 241 б. ] .
Диплом тақырыбының өзектілігі. Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі - егемендік жолындағы ерлік күрестерден тұратын азаматтық тарих, ал екіншісі - ұлттың идеологиялық бағдарын орнықтыру жолында жасалған рухани тарих. Біздің азаматтық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар аударылмай келе жатқан үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз дер едікдеп жазады Ш. Уалиханов Қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ - мұсылман атты дін құрайды Осы екі діннің, қазақ нанымына мидай араласуына ертеден келе жатқан шамандық дін негіз болды демекпіз» дейді. [2, 52 б. ] .
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың болмысын қалыпттастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі - Қожа Ахмет Ясауи ілімі.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қазақ жеріне сонау 8 ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті. Осы жұмысты жазу барысында көбінде Қ. Жолдыбайұлыны кітабтарынан және С. Кенжеахметов, Орынбеков, Ғ. Есім және Ш. Уәлиханов, Қ. Шүлембаев, Н. Өсеров және С. Ұзақпаева"Өміршең өнер жастары"тағыда еліміздің тарихын зертеуде үлкен еңбек сіңірген ғалымдардың әдебиетінен пайдаландым.
Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырыстым.
Қ. Шүлембаева "Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні" атты еңбегінде жас ұрпақ ислам дінінің негізінде қалыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді. Ислам дінінің «түпкі сырының өзі адамгершілікті, шыншылдықты, қамқорлықты, аяушылықты, жанашарлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді. Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні [3, 145 б. ] .
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда діннің атқарар қызметі үлкен. Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен тығыз байланыста екенін көреміз.
Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - ислам дінінің торік халқына сонын ішінде қазақ жеруне келуі, таралуы мен ұлтымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүріне тигізген әсерін көрсету. Наным-сенімге, эстетикаға, дала философиясы мен Қазақстандагы ғылым мен мәдениетті дамуына тигізген ықпалын ашып көрсету Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, адамдың жүрегінде имандылық отын тұтату, өз еңбектерімен мұсылман ғалымдарының қосқан үлестерін баса ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында диплом жұмысымның алдына мынадай міндеттер қойылды:
- ырымға исламның көзқарасы қандай?
- ислам өркениеті, әдет - ғұрпы және бүгінгі ислам;
- исламның діни - мәдени салт - дәстүрлері;
- қазақтарда ислам дінінің алатын орнын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
.
- ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1. 1 Қазақтың исламға дейінгі діни сенім-нанымдарының зерттелу тарихы
Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сонымен қатар қазақ тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу - басты мақсатымыз. Мұндай тәрбиелік мәні бар шаралар сөзсіз отбасында жүзеге асады. Ал, отбасы мәселесі тарихымыздың қай кезеңі болмасын өзекті тақырып.
Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін - руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.
Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды.
Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ортақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.
Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.
Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен қатар дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу арқылы, қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған жөн. Нақтылы тарихи даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып, тұтасып кеткен.
Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму кезендерінде генотиптік діни жүйелер басым болды. Ата-баба аруағын қастерлеу - сақтар заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру осы дәстүр көрінісі. .
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған ашин тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған.
Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын - жан тұрағы деп қарастыру оларды құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырады.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық - мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім "Хакім Абай” кітабында: тәңірге сыйыну - сенім емес, дін емес, ол Адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. "Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір - деген табиғат, ол өмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Оны табиғаттың синонимі деп те қарауға болады. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі”, -дейді [4, 125 б. ] .
Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға қарағанда әлдеқайда күрделі, көпжақты болып келеді.
Орынбеков "Ол (тәңір) - әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастыратын натурфилософиялық гилозоизм болып табылады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын пантеизмнің негізін құрайды”, -деп жазады[5. 59, б. ] .
Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі - ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. В. В. Бартольд: "Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, - деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы "объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су - тіршіліктің тірегі [6, 82 б. ] .
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай - Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай - отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: "Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, - делінеді.
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: "Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда үрленген судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын "таң” және "ер” сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын "таң”, автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты болса, "ер” - түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір "Күн адам”, "Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, "Тәңірім, кешіре гөр”, -дейді.
Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі діни наным-тип - шаманизм болды. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. "Шаманизм” термині әр түрлі мағынада қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп санайды. Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар. Шамандық қасиеттің психикалық науқаспен байланысына басты назар аударған зерттеушілер, оны ессіздікке табыну (культ безумия) деп қарастырса, ғалымдардың басқа бір тобы қазіргі психоанализдің түп бастауы деп бағалайды.
Шаманизмді зерттеген еуропалық ғалымдар көп құнды пікірлер айтқанмен, ғылымдағы еуроцентристік көзқарас шеңберінде қалып қойды. Шаманизм олар үшін бөтен мәдениет туындысы болғандықтан, еуропалықтар оған экзотикалық құбылыс, архаикалық дүниетаным рудименті ретінде қарады, ал бұл шаманизмге әділ ғылыми баға беруді қиындатты.
Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. "Шамандық дегеніміз, - дейді Шоқан, - әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: "Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”. [7, 251-б. ]
Шамандықты зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы оны адамның виртуалдық, тылсымдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды. М. С. Орынбековтің пікірінше, бақсы адам мен әлем арасындағы ажыраған байланысты қалпына келтіреді. Мистикалық желігу, зікір салу практикасы арқылы адам мен әлемді біріктіріп, сананың тұтасуына ықпал етеді. "Шаман дүние түйсінуінің негізі бұл дүниедегі сананың толымдылығы, үйлесімділігі, кең ауқымдылығы болып табылады. Ол сырқат адам мен дүние арасындағы үйлесімділіктің бұзылуының салдары”[8, 103-б] .
Шамандық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір салардың алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір нәрсе шамандық тұқым қуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы мұраланады. болғандығын айтады. Осыны ескере отырып, біз шамандықты генотиптік сипаттағы діни жүйе деп санаймыз және оның төмендегідей ерекшелігін атап өтейік: шаманизмде өлі табиғат ұғымы жоқ, табиғат жанданған, барлық құбылыстың, жер мен судың киелі иесі бар. Адам мен әлем тұтас. Оларды бөліп тұрған құз-жартас жоқ. "Адам - табиғат патшасы”, -дейтін еуропалық ұран шамандыққа жат. Адам қанша құдіретті болса да табиғаттан жоғары емес, ол тіршіліктің ерекше бітімі. Дүниедегінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс шаман-медиум арқылы іске асады. Ғарышты мекендейтін рухтар адамның күнделікті тұрмысына жақын араласып отырады, қолдайды немесе жазалайды. Рух ниетін, әмірін адамдарға жеткізуші тұлға - шаман, бақсы. Шамандық қасиет тұқым қуалау, тегіне тарту, рухтың қонуы арқылы дариды. Шаманизм рулық қоғамның діни идеологиясы ретінде қалыптасады, шаман бір әулеттің немесе рудың абызы қызметін атқарады. Ол діни әдет-ғұрыптарды өткізеді, әулеттің немесе рудың болашағын болжайды, сол арқылы шаруашылық әрекетін, тұрмыс-тіршілігін айқындайды.
Шаманның рухтар тандаулысы болуы және сәуегейлік, яғни болашақты болжау қасиеті әлемдік діндердегі пайғамбар идеясының қалыптасуында маңызды рөл атқарған деп топшылауға болады, сол сияқты жаратушыны таза рух ретінде түсінуде де шамандық әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы жаратушы-құдай идеясының түп-тамыры табиғатқа табыну, оны құдіреттендіру мен аруаққа, рухқа табыну десек, артық айтпаған болар едік.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Орталық Азия мен Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным- сенім ретінде шеттетіле бастайды. Енді олар жын-шайтандармен байланысқа түсе алатын адамдар ретінде қабылданады. Қоғамда шамандарға қатысты екі ұшты ұстаным қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады, өйткені олар адамға кесір келтіруі мүмкін. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады. Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыз оларға бара бермейді. Екінші жағынан, сыры беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде шамандар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz