Жеке және заңды тұлға



КІРІСПЕ
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... .4
1.1. Заңды тұлға ұғымы мен түрлері
1.2. Заңды тұлғаның белгілері
1.3. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі
2. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Жеке тұлға жөнінде түсінік.
2.2 Жеке тұлға және оның адам ұғымымен қатынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әрбір ғылымның өз саласы бойынша обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге байланысты жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады. Жалпы алғанда «заңды тұлғалар» Азаматтық құқық саласының негізгі бөлімдерінің қатарына кіреді. Қоғамның өмірі адамдардың, азаматтардың бір-бірімен қатынасуынсыз, одақтарсыз бір-бірлерінің күштерін біріктірмесе еш жетістіктерге жетпес еді. Заңды тұлғалар қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірде өте үлкен рөл атқарады. Заңды тұлғалар азаматтық айналымның қөптеген қатынастарына қатысады. Азаматтар күнделікті өмірде қандай қарым-қатынастарға түссе сол қатынас-тар негізінен қөбінесе заңды тұлғалармен байланысты болады. Ол қатынастарға еңбек, саяси, нарықтық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және т.б. көптеген қатынастар жатқызуға болады. Сол себепті заңды тұлғаларға қатысты мәселелер қай уақытта болмаса да өзектілігін жоғалтпайды және олар үнемі зерттеліп тұруы қажет.
Ендігі айтарым, ол қоғам кез-келген аяларында үнемі дамып тұратындығы. Осыған байланысты азаматтық қатынастар да үнемі міндетті түрде дамып, күрделене береді. Әрине қоғамның сұрастарын қамтамасыз ету үшін азаматтық заңдылықтар да жаңартылып, жетілдіріліп тұрады. Бұған дәлел, ол заңды заңды тұлға институты туралы ең алғашқы сөз қылған б.з.д ІІ-І ғ-да Рим заңгерлері болып табылады.
Негізінен заңды тұлға институты өте көп зерттелген: құрылымына, оның түсігіне, белгілеріне, оның даму, қалыптасу тарихына, оның жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесіне арналған ғылыми теориялық және оқыту-қолданбалық, кещендік әрі арнайы жұмыстар жетіп артылады. Қазақстанда Бұл тақырыпқа Ю.Г.Басин, И.П.Грешников, АТ.Диденко, В.А.Жакенов, И.У.Жаназаров, Р.А.Маметова, К.В.Мукашева, Б.В.Покровский, М.К.Сулейменов, Ш.Ж.Ташмукамбетова және тағыда басқа ғалымдар көп еңбек жазған. Сол еңбектер оның көп зерттелгендігін дәлелі. Мен, жұмысымда заңды тұлға туралы көптеген ілімдердің (теориялардың) бар екендігін айтып кетемін.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. Өзгерістер мен толықтырулар 7.10.98. Жеті Жарғы 2005.
2. Қазақстан Республикасының Азаматгық Кодексі (жалпы бөлімі)27.12.1994ж. Жеті Жарғы 2005.
3. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16.01.1991 ж. Жеті Жарғы 2005.
4. «Акционерлік коғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18.05.2003 ж.
5. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жаупкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22.04.1998
6. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5.03.1997 ж.
7. Аймауытов Ж. Жан жүйкесі және өнер таңдау.-Мәскеу 1926.
8. Алдамұратов Ә.Жалпы психология.1996ж-Алматы.
9. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.1992ж-Алматы.
10. Брунер Д.Психология познания.1977.
11. Сәбет Бап-Баба.Жалпы психология.2005ж.Алматы.
12. Қожахметова М.Адам-құпия.1997ж.Алматы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... .4
1.1. Заңды тұлға ұғымы мен түрлері
1.2. Заңды тұлғаның белгілері
1.3. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі
2. ЖЕКЕ
ТҰЛҒА ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Жеке тұлға жөнінде түсінік.
2.2 Жеке тұлға және оның адам ұғымымен қатынасы
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әрбір ғылымның өз саласы бойынша обьективті ақиқатқа жетуге,
заңдылықтарды бейнелеуге байланысты жүйелі түрде құрылған мәселелері
болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның
пәніне айналады. Жалпы алғанда заңды тұлғалар Азаматтық құқық саласының
негізгі бөлімдерінің қатарына кіреді. Қоғамның өмірі адамдардың,
азаматтардың бір-бірімен қатынасуынсыз, одақтарсыз бір-бірлерінің күштерін
біріктірмесе еш жетістіктерге жетпес еді. Заңды тұлғалар қоғамның
әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірде өте үлкен рөл атқарады. Заңды
тұлғалар азаматтық айналымның қөптеген қатынастарына қатысады. Азаматтар
күнделікті өмірде қандай қарым-қатынастарға түссе сол қатынас-тар негізінен
қөбінесе заңды тұлғалармен байланысты болады. Ол қатынастарға еңбек, саяси,
нарықтық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және т.б. көптеген қатынастар
жатқызуға болады. Сол себепті заңды тұлғаларға қатысты мәселелер қай
уақытта болмаса да өзектілігін жоғалтпайды және олар үнемі зерттеліп тұруы
қажет.
Ендігі айтарым, ол қоғам кез-келген аяларында үнемі дамып тұратындығы.
Осыған байланысты азаматтық қатынастар да үнемі міндетті түрде дамып,
күрделене береді. Әрине қоғамның сұрастарын қамтамасыз ету үшін азаматтық
заңдылықтар да жаңартылып, жетілдіріліп тұрады. Бұған дәлел, ол заңды заңды
тұлға институты туралы ең алғашқы сөз қылған б.з.д ІІ-І ғ-да Рим заңгерлері
болып табылады.
Негізінен заңды тұлға институты өте көп зерттелген: құрылымына, оның
түсігіне, белгілеріне, оның даму, қалыптасу тарихына, оның жекелеген
түрлерінің құқықтық мәртебесіне арналған ғылыми теориялық және оқыту-
қолданбалық, кещендік әрі арнайы жұмыстар жетіп артылады. Қазақстанда Бұл
тақырыпқа Ю.Г.Басин, И.П.Грешников, АТ.Диденко, В.А.Жакенов, И.У.Жаназаров,
Р.А.Маметова, К.В.Мукашева, Б.В.Покровский, М.К.Сулейменов,
Ш.Ж.Ташмукамбетова және тағыда басқа ғалымдар көп еңбек жазған. Сол
еңбектер оның көп зерттелгендігін дәлелі. Мен, жұмысымда заңды тұлға
туралы көптеген ілімдердің (теориялардың) бар екендігін айтып кетемін.
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Заңды тұлға ұғымы мен түрлері

Азаматтық құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде азаматтық құқықтық
қатынастардың субъектісі болу тек жеке тұлғаларға ғана емес, олармен қатар
заңды тұлғаларға да тән қасиет (АК 1 бап).
Азаматтық құқықтың дербес субъектісі ретіндегі заңды тұлғаның
түсінігін айқындау үшін тарихқа шұғылып, жалпы оның пайда болу себептерін,
құрылуының мақсаттарын, ол туралы ғылыми пікірлер туралы мағлүматтарды
келтіру орынды болар деп ойлаймын.
Әрі әлеуметтік, әрі экономикалық, әрі саяси тұрғыдағы қоғамдық
қатынастардың күрделі жағдайында адамдардың әр түрлі ұйымдар құрмай өмір
сүруі мүмкін емес. Кез-келген ұйымдардың белгілі бір мақсаттарға жету үшін
құрылатындығы бәрімізге мәлім, ал ол үшін міндетті түрде қаржы мен еңбектің
де бір араға келтірілуі қажет. Адамдардың мұндай ұжымдық қатысуларының
негізгі нысаны заңды тұлғалар түрінде ұйымдастырылады.
Заңды тұлға институтының қоғамда пайда болуының себептеріне келетін
болсақ, олар жалпы құқықтың дапайда болу себептерімен сәйкес келеді. Яғни
қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуының қиындауы, экономикалық қатынастардың
дамуы, қоғамдық сананың жоғарылауы.
Қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында жеке тұлғаның жалғыз субъектісі
ретіндегі жеке тұлғалар арасындағы ғана қатынастарды құқықтық реттеу, дамып
келе жатқан экономикалық айналым үшін жеткіліксіз болып қалды.
Заңды тұлғалардың алғашқы көріністерін сөз қылған біздің заманымызға
дейінгі ІІ-І ғасырларда Рим заңгерлері болып табылады. Олар өмір сүруі
қатысушылардың құрамының өзгеруінен байланысты емес, бөлінбейтін оқшаулы
мүлікке ие (жеке корпорациялар, коллегиялар), азаматтық айналымда өзінің
атынан қатысатын (қалалық қауымдастықтар) ұйымдардың (одақтардың) болуы
туралы сөз қылған. Әрине Рим заңгерлеріне "заңды тұлға" деген түсінік
бейтаныс болған, бірақ жеке құқықтық субъектілері көлемінің ұлғайтылуы Рим
заңгерлерінің арқасында танылғаны күмән тудырмайды.[1]
Уақыт өте келе жоғарыда айтқанымыздай экономика да, қо-ғамдық сана да
дами түсті. Міндетті түрде заңды тұлғалар туралы түсінік те өзгерді, оған
көбірек көңіл бөліне бастады, XIX ғасырдың соңында экономиканың қарқынды
даму салдары заңды тұлғалар туралы ілімдердің кең көлемде зерттелуіне
әкелді.
XX ғасырда заңды тұлға институтының маңызы әлде қайта арта түсті, оған
себеп кәсіпкерлік қызметтің бір мемлекет шегінен шығып әлемге таралуы,
мемлекеттің экономикаға араласу деңгейінің көтерілуі, жаңа технологиялардың
пайда болуы. Экономиканың дамуымен қатар заңды тұлғалар туралы
заңнамалардың көлемі де ұлғая түсті, оның сапасы да жоғарылады. Заңнама
бойынша заңды тұлғалардың статусын заңдылық реттеудің келесі мақсаттарын
айтуға болады:[2]
1. Ұжымдық мудделерді құжатқа түсіру - заңды тұлға институты заңды
тұлғаның қатысушыларының еріктерін ұйым ерігіне айналдырып, олардың
арасындағы қатынастарды реттейді, мұнымен заңды тұлғаға өзінің атынан
азаматтық қатынасқа түсуіне мүмкіндік береді.
2. Қаржыларды біріктіру- заңды тұлға әсіресе оның, "Акционерлік қоғам"
деген түрі, қаржыларды ұзақ уақытқа орталықтандырылудың ең тиімді нысаны
болып табылады. Ал қомақты қаржысыз кең көлемді кәсіпкерлік қызмет атқару
мүмкін емес.
3. Кәсіпкерлік тәуекелді шектеу- яғни заңды тұлғаны құру кәсіпкердің
мүліктік тәуекелін оның қосқан үлесімен ғана шек-теуге мүмкіндік береді.
4. Қаржыны басқару- заңды тұлға кәсіпкерлік қызметтің кез-келген
аясында қаржыны әлде қайда дұрыс қолдануға негіздер жасайды. Заңды
тұлғалар, бағалы қағаздар, биржалар туралы заңнамалар қаржыны бүкіл
мемлекет аумағында басқарудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан да
олар нарықтық экономиканың өзін-өзі басқару мен ұйымдастыруының күшті
факторы болып табылады.
Заңды тұлғалар туралы түсінікті айқындау үшін азаматтық құқық ғылымы
өзінің негізгі проблемалар қатарына заңды тұлғалар туралы ілімдер мәселесін
жатқызады.
Заңды тұлғалар сияқты сондай маңызды, күрделі әлеуметтік институттың
дамуы ғылыми зерттеулерсіз мүмкін емес. Олар заңды тұлғалар пайда болуынан
бері жүргізіліп келуде.
Заңды тұлға - өзінің құрылтайшылары немесе қатысушыларынан бөлек болып
табылатын қоғамдық құрылғы. Бұл туралы сөз қозғаудың себебі заңды тұлғаның
нақты физикалық көрініс таппайтын құқық субьектісі болуында. Яғни сұрақ:
заңды тұлғаның қасиеттерін тасушы кім, әлде не? Осы сұрақтың жауабын табу
жолында бір жарым ғасыр бойы көптеген теориялар пайда болды. Мұндай
зерттеулердің нәтижесінде теорияларды екі үлкен топқа бөлуге болады.
Біріншісі - "Фикция теориясы". Бұл теорияның негізін қалаған
К.Ф.Савиньи болып табылады. Оның көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық
субътектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса,
заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын
мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді,
абстрациялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субьектісін алға
тартады. Ал, неміс ғалымы Гирке болса, "Органикалық теорияның " тұжырымын
ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, Бұл орайда оны дербес
құрылым деп қарайды. Ягни, екінші топтың пікірі бойынша, заңды тұлға
әлеуметтік нақтылықтың айрықша бір түрі болып табылады. Органикалық
теорияны реалды ілім деуге де болады. Реалистік теорияны Саллейль ұсынған
болатын. Ол заңды тұлғаны құқық-тың арнайы субъектісі ретінде нақты бар
екендігін айтқан, бірақ ол оны адаммен салыстырмаған.
Ал, Бұл екі пікірді қостаған Иеринг. Ол заңды тұлғаның фикциялық
екендігін айта отырып, оның артында нақты адамдардың тұрғандығын
мойындаған.
Кеңес Одағы кезінде де заңды тұлғалар туралы көп деген ілімдер пайда
болған. Олар көбінесе мемлекеттік заңды тұлғаларға көңіл аударған.
Профессор С.И.Аскназий "Мемлекеттік теорияның" авторы, бы лай деген:
"Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық
қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды."
Венедиктов "Ұжым теориясын" ұсынды. Ол бойынша мемлекеттік заңды
тұлғаның артында екі ұжым тұрады:
а) мемлекет атынан барлық халық;
ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Профессор Ю.К.Толстойдың айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның
еркін білдіруші директор болып табылады. Ол "директор теориясын" алға
тартты.
Ал, Д.М.Генкин болса "әлеуметтік ақиқат теориясын" ұсынған. Онда ол
қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
болашаққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетіндігін айтады.
Заңды тұлғалар туралы ілімде осындай әр қилы пікірлердің болуының өзі
оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
Мүмкін осыған байланысты батыс мемлекеттерінің азаматтық заңдарындағы
заңды тұлғалардың түсінігі тіптен берілмейді. Мысалы: Германияның заңында
1978 жылға дейін "Заңды тұлға" термині болған емес. Ал, Швейцарияда тек
қысқа түсініктемелермен шектеледі.
Заңды тұлғалардың ең кең түсініктемесі Латын Америка мемлекеттерінің
азаматтық кодекстерінде көрсетілген. Чилидің азаматтық кодексінде 1865
жылғы "Заңды тұлға - фиктивті құ-қықтарды жүзеге асыра алатын, азаматтық
міндеттемелерді ала алатын, құқықтық және құқықты емес қатынастарға түсе
алатын тұлға болып табылады" деп көрсетілген. Латын Американың басқа
мемлекттерінің азаматтық кодекстерінде заңды тұлғаларға осыған ұқсас
түсініктемелер берілген.
Сонымен қортындылай келе заңды тұлғаларға келесідей анықтама беруге
болады: заңды тұлға дегеніміз - құрылтайшылардың ерігін білдіретін, олардың
мүддесіне қызмет ететін, азаматтық айналымда өзінің атынан қатысатын,
азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие бола алатын, сәйкесінше
жауапкершілікке де тартылатын, құрылтайшылары тарапынан белгілі мақсаттарға
жету үшін азаматтар, олардың қаржылары және қызметтерінен құрылған ұйым.
Ал, заңды тұлғаның легалды түсініктемесі болса Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексінің 33 бабында көрсетілген.
1. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның өзінің дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс

1.2. Заңды тұлғаның белгілері

Заңды тұлғаның белгілері — әр бірі қажет болып табылатын өзіндік
қасиеттер, ал егер бәрін қоссаң азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
танылуға жеткілікті.
Бұл тек тар мағынадағы түсінік.
Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы мемлекеттік
тіркеуден өтеді, олардың барлығының мөрлері бар және олар банктерде шот
ашады. Бірақ Бұлар заңды тұлғаның мәнін ашпайды. Шын мәнінде, мемлекеттік
тіркеуден азаматтық кәсіпкерлер де және кейбір заңды тұлға болып
табылмайтын ұйымдарда өтеді. Мысалы: Шет ел компанияларының филиалдары мен
өкілдіктері. Олардың мөрлері мен банктерде шоттары бар, бірақ олар заңды
тұлға болып табылмайды.
Құқық ғылымы әдетте заңды тұлғаның төрт негізгі белгісін бөліп
шығарады:
1. Ұйымдасқандық бірлігі
2. Мүліктік оқшаулығы
3. Дербес мүліктік жауапкершілігі
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

1. Ұйымдасқан бірлігі
Ұйымдасқан бірлігі - заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді. Сол
арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі, оның
белгілі бір иерархияның болуымен, басқару органдарының қарама бағынуымен
және қатысушыларының арасындағы қатынастырдың ережеге сай болуымен көрініс
табады. Мұның нәтижесінде көпшіліктің қалауын заңды тұлғаның бір ерігіне
айналдыру мүмкін болып тұр. Заңды тұлға өз қызметтерін, егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмесе жарғы және құрылтай шарты арқылы не тек
құрытай шарты негізінде атқарады.
Сонымен қатар заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз огандары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өздеріне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлғаның органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлау тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
2. Мүліктік оқшаулық.
Муліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып тұр. Мұны дұрыс түсіне білу керек. Мүлік деп біз
заттарды танимыз, яғни заңды тұлғаның меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығында заттардың болмауы оның заңды тұлға деп танылуына
кедергі болады. Ал, кейбір заңды тұлғалардың бар мүлкі банктік шоттарда
және жалға алып жатқан бөлмемен шектелуі мүмкін.
Заңды тұлғаның кажетті атрибуты болып табылатын мүліктің бар болуы осы
екі жағдайды да қосады. Яғни Бұл жерде мәселе оқшаулы мүлік емес, мүліктік
оқшаулықта. Ал, Бұл ар әр түрлі мағыналар.[3]
Заңды тұлғалар құрылғаннан кейін біраз уақыт бойы тіпті ешқандай
мүлікке иелік етпеуі мүмкін. Олардың мүліктік оқшаулығы тек белгілі бір
мүлікке иелік ету қабілетімен ғана шектеледі.
Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета
заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар болып табылады.
3. Дербес мүліктік жауапкершілік
Дербес муліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44 бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйке өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігіне заң актілерімен
қосымша жауапкершілік тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі Азаматтық кодекстің 63 бабының 1-тармағында және 72
бабының 1-тармағында, сол сияқты әр заңды тұлғаның түріне байланысты,
міндеттеменің тууына байланысты. Азаматтық кодексте эр жағдайға қатысты
жауапкершілік көзделген.
4. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатысуы.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымга өз атынан қатысуы дегеніміз — заңды
тұлғаның өз атынан құқыққа ие болуға, оны жүзеге асыруға және міндеттемелер
атқаруға және сотта талапкер немесе жауапкер ретінде қатысуға, өз атынан
шарт жасауға мүмкіндік беретін белгісі болып табылады.

1.4. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі

Азаматтық айналымның кез-келген қатысушысы, ол азамат не ұйым
болғанына қарамастан құқықтарға ие болуы және әрекет етуге қабілеті болуы
тиіс. Әрине заңды тұлға да мұндай қасиеттерге ие. Бірақ азаматтар мен заңды
тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттерінің өзгешеліктері болады. Мәселен
заңды тұлғалар отбасылық және сол сияқты қатынастарға қатыса алмайды. Ал,
ең басты айырмашылығы әрине заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігінің
мемлекеттік тіркеуден өте салысымен пайда болуында.
Құқық қабілеттілігінің екі негізгі түрі бар: жалпы және арнайы.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі жалпы болып табылады. Яғни азаматтар
заңмен тиым салынбаған кез-келген әрекеттерді жасауға құқылы, заңды
тұлғаларда бүдан басқаша.
Ескі заңдылықтар (Кеңес Одағы кезіндегі) бойынша заңды тұлғалар арнайы
құқық қабілетті болды. Яғни әрбір заңды тұлға сол кездегі еңбек бөлінісіне
байланысты, тек қана белгіленген қызмет түрімен айналасуға құқылы еді.
Оларға заңмен және жарғымен көзделмеген мәмілелер жасауға тиым салынған. Ол
кезде " Рұқсат етілгеннен басқасына тиым салынады " деген қағида үстемдік
еткен.[4]
Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Қылмыстық құқық туралы
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Заңды тұлғаның құқық қабіліттігі
Заңды тұлға туралы ұғым
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Мемлекет - aзaмaттық құқықтың субъектiсi pетiнде
Заңды тұлға құру
Заңды тұлғаның құқық субъектілігі
Пәндер