Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

магистратура

6N 0609 - География

География ғылым магистрі академиялық дәрежесін алу

үшін даярланған

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай - газ проблемалары

Орындаушы: ІІ курс магистранты Өмірова Н.

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент Қасенов С. Қ.

Нормалық тексеруші: Ниетжанова Г. Е.

Магистрлік диссертация кафедра

мәжілісінде талқыланып,

қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі: п. ғ. к., доцент Қасенов С. Қ.

География кафедрасы, , күні «___» 2008ж

Алматы, 2008

Мазмұны

Кіріспе 3

I бөлім . Каспий қайраңын игеру; проблемалар және олардың шешілу жолдары

1. 1 Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдерге физико - географиялық сипаттама6

1. 2 Каспий аймағының әлемдік отын - энергетика кешеніндегі орны және теңіз энергоресурстарының ғаламдық маңызы13

1. 3 Каспий аймағының көмірсутекті ресурстар қоры және аймақтың геосаяси жағдайына мұнайгаз факторының әсері19

1. 4 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және акваторийін бөлу проблемалары26

1. 5 Каспий аймағындағы мұнай - газ қорларын игеру

проблемалары35

ІІ бөлім. Каспий мұнайын әлемдік нарыққа тасымалдау жобаларын экономикалық тұрғыдан бағалау және теңіздің геоэкологиялық жағдайы

2. 2 Каспий аймағының мұнай - газ өнімдерін тасымалдау мәселелері және транспорттық инфрақұрылымының даму мүмкіндіктері49

2. 3 Көмірсутекті ресурстарды тасымалдаудағы негізгі бағыттар54

3. 1 Каспий аймағының геоэкологиялық жағдайы 62

Қорытынды 71

Әдебиеттер77

Қосымшалар80

Зерттеудің көкейкестілігі: Мұнай өндіру және тасымалдау проблемасында қазіргі заманның бірнеше ғаламдық проблемалары көрініс береді. Геосаяси, энергетикалық және экологиялық проблемалар күн өткен сайын әрбір халықтың өміріне және бүкіл халықаралық қатынастардың даму жүйесіне өзіндік ықпалын тигізуде. Осы аталған жағдайлар маңызды мұнайлы аймақтарда географиялық тұрғыдан зерттеулер жүргізуді қажет етіп отыр.

Мұнай өнеркәсібі саласының жалпы шаруашылық жүйесіндегі орнын сипаттау үшін оның әлеуметтік сфераға ықпалын ескерген жөн. Халықтың тұрмыстық және мәдени өмірінің сапалық көрсеткіштерінің көбі мұнайгаз өнеркәсібінің өнімдерін қолдану деңгейіне тығыз байланысты. Сонымен қатар мұнайдың газбен басқа да ресурстардың орасан қоры арқасында оған ие болып отырған ел де дамиды. Дегенмен де шикізат шикізат саласы есебінен ғана көтерілген экономика түбінде тығырыққа тірелетіндігін әлемдік тәжірбие дәлелдеп отыр.

Мұнайгаз өнеркәсібінің жоғары деңгейдегі маңызы және бұл салаға инвестиция құйылу мүмкіндігіне нық сеніммен қарауға және оның болашақта дами түсетініне болжау жасау бірнеше факторлармен айқындалады. Атап айтқанда, экономиканың перспективалы салалары мен секторларының қарқынды және тиімді дамуының шикізаттық негізін жасау, адамзаттың еңбек ету және мәдени тұрмыстық жағдайларын жақсарта беру, дүниежүзілік мұнай бағасы, оның тұрақсыздығы мен алдын - ала айтуға келмеуі, шетел компанияларының нашар дамыған инфрақұрылымды аудандарға қызығушылық танытуы. Тағы бір жайт, баламалы мұнай өндіруші аймақтардағы ресурстарды игеру.

Қазіргі кезде де, болашақта да мұнай мен газ адамзаттың энергияға қажеттілігінің негізгі бөлігінің басты көздері болып табылады. Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуі, сәйкесінше олардың тасымалдануы, өңдеудің, барлау мен эксплутациялық бұрғылау көлемінің өсімі, технологияда жаңа физико - химиялық тәсілдерді кеңінен қолдану температура, қысым, жылдамдықтың жоғарылығы, мұнайгаз өндірісінің экологиялық қаупін, олардың ауа, су, жер. өсімдік, жануарлар әлемі мен адамға мүмкін болар нақты әсерін жоғарылатады.

Дәстүрлі дүниежүзілік мұнай өндіруші салалардың біртіндеп тозуы мен өнім өндірудің іс жүзіндегі көбеюімен бірге қорларының сарқылу үрдісі қосарласып жүруде. Осы жағдайда Азия мен Еуропа қиылысындағы жаңа орталық - Каспий аймағының маңызы артты.

Каспий мұнайгаз өндіруші аймағы көмірсутекті шикізат қоры жөнінен Солтүстік теңізбен бара - бар әлемдік нарыққа мұнай мен газ жеткізетін жаңа аймақ. Мұнай мен газ өндіру күннен - күнге қарқынды өсуіне байланысты бүгінгі таңда бұл аталған аймақ әлемнің назарын аударып отыр.

Каспий теңізі аймағында орналасқан елдердің табиғи ресурстары мен қазба байлықтарының алуан түрлілігіне қарамастан, мұнай - газ өнеркәсібі бұл мемлекеттердің экономикасының тұрақты дамуында маңызды орын алады. Басқа индустрия салаларының даму ағымына қарамастан, Каспий аймағы елдерінде мұнай - газ секторы инвестиция тарту жөнінен де басым бағытқа ие болып отыр.

Осындай жайттарды ескерсек, Каспий аймағы мұнай - газ өндірісінің даму барысында туындап отырған проблемаларды экономикалық - географиялық тұрғыдан зерттеудің өзектілігі айқын көрінеді

Зерттеудің мақсаты: Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттерге сипаттама беріп, аймақтағы мұнай - газ проблемаларына экономикалық - географиялық тұрғыдан кешенді зерттеу жүргізу.

Зерттеудің міндеттері: Каспий аймағы мұнай - газ өндірісінің аумақтық және салалық құрылымының ерекшеліктерін зерттеу бағытынан қоса, төмендегідей нақты міндеттер қойылып отыр;

_ Каспий мұнай мен газ қорының дүниежүзілік нарықта бағалануы мен теңіз энергоресурстарының ғаламдық маңызын айқындау;

_ Аймақтың жалпы мұнай - газ қорын анықтау;

_ Аймақтың жекелеген мемлекеттерінің ірі кен орындарына сипаттама беру;

_ Көмірсутекті шикізат қорларының игерілу проблемаларын сипаттау;

_ Каспий аймағының саяси - экономикалық жағдайына мұнай - газ факторының әсері;

_ Каспий аймағының мұнай - газ өнеркәсібінің транспорттық инфрақұрылымының даму мүмкіндіктерін анықтау;

Зерттеу объектісі: Каспий теңізі және онымен шектесетін мемлекеттер.

Магистрлік диссертацияның теориялық және методологиялық негізі: Жұмыстың жазылу барысында танымал географ, экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған мұнайгаз саласын дамыту мәселелері жөніндегі пайымдаулар мен қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенді. Атап айтқанда, өнеркәсіп географиясының жалпы проблемаларына арналған Н. В. Алисовтың, А. Т. Хрущевтың, Э. Б. Алаевтың, А. Т. Надировтың, Л. Н. Илинаның т. б., мұнай өнеркәсібі проблемалары бойынша Н. К. Надировтың, С. Г. Агаевтың, т. б. ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысына сонымен қатар, аталған саланы дамыту мен оны басқару мәселелеріне қатысты анықтамалық мәліметтер тартылды.

Каспий қайраңындағы мұнай өндіру мен тасымалдау мәселелері қазіргі таңда жиі қарастырылып және талқыланып жүрген келелі проблемалардың бірі болғандықтан зерттеу жұмысында мерзімді баспасөз құралдарының (Саясат - Policy, Analityc, Казахстан Спектр, Егемен Қазақстан, т. б. ) материалдары және интернет желісіндегі ақпараттар кеңінен қолданылды.

Жұмыста сандық сандық көрсеткіштер көзі ретінде Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің мұнайгаз саласын басқару органдарының мәліметтері және т. б. есептік ақпараттар пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Каспий теңізі аймағы мемлекеттеріне экономикалық тұрғыдан сипаттама беріліп, ірі мұнай - газ кешендерінің қорына баға берілді. Статистикалық мәліметтер негізінде болашақта аймақтан мұнай - газ өндіру көлеміне болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін Каспий теңізі аймағы елдерінің әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешуге, мұнай - газ өнімдерін тасымалдаудың тиімді мүмкіндіктерін қарастыруға қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының жалпы бағыттарына сәйкес, салыстырмалы - географиялық, тарихи, картографиялық, статистикалық зерттеу әдістері қолданылады.

Магистрлік диссертация - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыста 4 сурет, 17 кесте келтірілген. Жұмыстың жалпы көлемі 82 бетті құрайды. Әдебиеттер тізімі 63 .

1. 1 Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдерге физико - географиялық сипаттама

Ресей

Жалпы мағлұматтар

Ресми атауы - Ресей Федерациясы . Шығыс Еуропа мен Азияның солтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 17, 075 млн. км 2 . Халқы 147 млн. (2001) . Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Ресми тілі - орыс тілі. Негізінен кең тараған діндер - христиан дінінің православие тармағы және ислам. Астанасы - Мәскеу (Москва, 10, 2 млн. ) Ірі қалалары: Санкт - Петербург (4, 7 млн. ), Новосибирск (1, 4 млн. ), Нижний Новгород (1, 3 млн. ), Екатеринбург (1, 2 млн. ), Самара (1, 15 млн. ), Омбы (1, 13 млн. ), Қазан (1, 1 млн. ), Дондағы Ростов (1, 07 млн. ), Уфа (1, 02 млн. ), Пермь (1 млн. ) т. б.

Мемлекет басшысы - президент. Президент Қарулы күштердің Бас қолбасшысы болып табылады. 1993 ж. қабылданған Конституция бойынша заң шығарушы органы - Федерация кеңесі мен Мемлекеттік думадан тұратын қос палаталы Федералдық жиналыс. Федерация кеңесіне федерацияның әрбір субъектісінен 2 өкілден кіреді. Мемлекеттік дума 450 депутаттан тұрады. Оның жартысы мажоритарлы сайлау жүйе негізінде бір мандатты округтардан, ал екінші жартысы пропорцианалды өкілдік жүйесі негізінде партиялық тізім бойынша 4 жылға сайланады. Атқарушы билікті үкімет жүзеге асырады. Үкімет төрағасын Мемлекеттік думаның келісімімен президент тағайындайды. Федерациялық құрылымдағы Ресейде 89 субъекті 21 республика, 6 өлке, 49 облыс, федералды мәртебеге ие 2 қала, 1 автономиялық облыс, 10 автономиялық округ бар. Ақша бірлігі - рубль.

Географиясы.

Ресей аумағы солтүстіктен оңтүстікке 2, 5 - 4 мың шақырымға, батыстан шығысқа қарай 9 мың шақырымға созылған. Шекара ұзындығы 60 932 шақырым, оның ішінде судағы - 38 807 шақырым, құрлықта - 22 125 шақырымды құрайды. Теңіздік шекаралар Арктиканың ресейлік секторын белгілеп (солт. полюстен Колыма түбегіне және Дежнев мүйісіне дейін), Ресейді АҚШ (Беринг бұғазы арқылы) және Жапониядан (Лаперуз және Кушинар бұғаздары арқылы Сахалин, Куриль аралдары және Хоккайдо аралынан) бөліп тұрады. Азиялық бөлігінде Ресей Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзербайжанмен және Грузиямен шектеседі. Еуропалық бөлігінде - Украинамен, Белоруссиямен, Латвиямен, Эстониямен, Финляндиямен шекараласады. Ресейдің бір бөлігі - Калининград облысы - Литвамен және Польшамен шекара түйістіреді. Ең ұзақ шекара - Қазақстанмен (7599 км. ), ең қысқасы - Солт. Кореямен (39 км. ) Аумағының 70% - ға жуығы жазық. Батысында аласа (биіктігі 250 - 400 м ) қыратты (Валдай, Орта Орыс, Еділ бойы) және ойпатты (Ока - Дон, Каспий маңы, т. б. ) Шығыс Еуропа жазығы орта бөлігінде Орал таулары (ең биік жері 1895 м), оның шығысында Батыс Сібір жазықтары бар. Енисей мен Лена өзендерінің аралығындағы Орта Сібір үстірті өзінің шығыс жағында Орталық Якут жазығымен жалғасады. Ресейдің таулық өңірі шығыс және оңтүстік бөлігіндегі жоталардан құралады. Бұларға Ресейдің еуразиялық бөлігіндегі Үлкен Кавказдың солтүстік беткей жоталары (ең биік жері - Эльбурс т. 5642 м. ), Сібірдің оңтүстігіндегі Алтай (4506 м), Кузнецк Алатауы, Батыс Саян, Шығыс Саян, Тува таулары, Байкал маңы, Байкал сырты, Станавой жоталары, Солтүстік - Шығыс Сібірдегі Жоғарғы Яна, Черский жоталары, Колыма таулы қыраты және Қиыр Шығыстағы Чукот, Коряк таулы қыраттары, Джугджур, Бурейн, Сихотэ - Алинь жоталары Камчатка және Куриль таулары жатады. Геологиялық құрылымы жөнінде Ресей жері Шығыс Еуропа платформасының көпшілік бөлігін, Сібір платформасын түгел, Орал, Батыс Сібір жазығы, Оңтүстік Сібір, Жоғарғы Яна - Чукот аймағы, Коряк таулы қыраты, Камчатка, Куриль аралдары, Приморье және Сахалин қатпарлы аймақтарын қамтиды.

Ресей аумағы негізінен қоңыржай белдеуде; Солтүстік Мұзды мұхит аралдары мен материктің қиыр солтүстік аудандары арктикалық және субарктикалық, Кавказдың Қара теңіз жағалауының біраз жері субтропиктік белдеулерге жатады. Климаты континенттік; әсіресе Шығыс Сібірде қаңтардың орташа температурасы 0 - 5 0 С (Еуропа бөлігінің батыс жағында, Кавказ алдында) және 40, - 50 0 С (Саха Республикасының шығысында) . Шілдеде 1 0 С (Сібірдің солтүстік жағалауы) және 25 0 С (Каспий маңы ойпаты) . Атмосфера жауын - шашын жағдайы батыстан енетін Атлант мұхиттық және шығыстан енетін Тынық мұхиттық ауа массаларына тығыз байланысты. Жылдық жауын - шашын мөлшерінің ең көп жері Кавказ және Алтай таулары (1500 - 2000 мм), ең аз жері Каспий маңы ойпаты (120 - 150 мм. ) . Қар жамылғысы оңтүстік жағында 60 - 80, қиыр солтүстігінде 260 - 280 күндей сақталады. Ең қалың қар жамылғысы (70 - 10 м) Батыс Сібір мен Камчаткада байқалады.

Ресейде ұзындығы 10 шақырымнан асатын 120 мың өзен бар. Жер беті ағын сулары Солтүстік мұзды мұхит (Солтүстік Двина, Печора, Обь, Енисей, Лена, Индигирка, Колыма, т. б. ), Тынық мұхиты (Амур, Анадырь, Пенжина, т. б. ), Атлант мұхиты (Дон, Кубань, Нева) алаптарына жатады. Ішкі тұйық алап айдыны - Каспий теңізіне Еділ өзені құяды. Ірі көлдері - Каспий, Байкал, Ладога, Онега, Таймыр көлдері. Топырақ және өсімдік жамылғысы солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысып отыратын табиғи зоналар бойынша тараған. Солтүстік Мұзды мұхиттың аралдарында және материктік жағалауында арктикалық шөл зонасы (топырағы күлгін, өсімдіктерден мүк, қына, т. б. өседі), бұдан оңтүстікте тундра (топырағы күлгін, мүк, қына аралас бұта өсімдіктер) және орманды тундра (қайың, шырша аралас тоғай) зоналары қалыптасқан. Ресей аумағының жартысынан астамы орманды зона шегінде орналасқан. Мұндағы күлгін, шым күлгін топырақ қабатында шалғындық шөптің көптеген түрі, шырша, май қарағай, самырсын, қарағай, бал қарағай, қайың, көк терек, емен ағаштары аралас орман өседі. Бұл зона өзінің оңтүстігінде орманды дала өңіріне жалғасады. Сұр, қара, топырақты орманды далада негізінен шөптесін өсімдіктер өседі; емен, қайың, көк терек шоқ ормандары да кездеседі. Дала зонасы құнарлы қара және қара қоңыр топырақты. Оңтүстік жағында Ресей жері шөлейт зонаны қамтиды. Таулы аймақтарының топырақ және өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Биіктік белдеулер әсіресе Кавказ жоталарында жақсы байқалады. Мұндағы 600 - 800 м - ге дейінгі қара топырақты еменді және одан жоғары қылқан жапырақты орманға ұласады. 2000 - 2200 м биіктіктен жоғары жатқан таулық - шалғынды топырақты беткейлерді субальпілік және альпілік шалғын басқан. Сібір мен Қиыр Шығыстың тайгалық бөлігі, Еуропа жазығының солтүстігі орманды болып келеді.

Қазақстан

Жалпы мағлұматтар

Ресми атауы - Қазақстан Республикасы . Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Жер көлемі - 2724, 9 мың км 2 , халық саны - 14 млн. 863 мың адам. (2002) . 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Астанасы - Астана қаласы. негізінен кең тараған дін - Исламның суннит тармағы және православие.

Мемлекет басшысы - президент. Президент Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады. 1995 ж. қабылданған Конституцияға сәйкес, заң шығарушы органы - Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті үкімет жүзеге асырады. Үкімет төрағасын Парламент келісімімен президент тағайындайды. Унитарлық құрылымдағы Қазақстан Республикасында 14 облыс бар. Ақша бірлігі - теңге.

Географиясы

Қазақстан Республикасы 55 0 26 және 40 0 56 солтүстік ендік пен 45 0 26 және 87 0 18 батыс бойлық аралығында орналасқан. Елдің аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырымды қамтып, солтүстігінен Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь - Шань тауларына дейін 1700 шақырымды алып жатыр. Батысы және солтүстігінде Ресеймен (6467 км), оңтүстігінде Түрікменстанмен (380 км), Өзбекстанмен (2300 км. ), Қырғыз Республикасымен (980 км. ), шығысында Қытай Халық Республикасымен (1480 км) . Шекараның жалпы ұзындығы 12 187 км (Каспий теңізін қоса алғанда) .

Қазақстан аумағын елдің ландшафттық құрылымын сипаттайтын 4 климаттық зонаға бөлінген. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Орманды дала зонасына ылғалға бай елдің солтүстігіндегі жазықтық аудандар кіреді. Дала зонасы солтүстіктің ауқымды аумағын қамтып жатыр. Орталық Қазақстанды шөлейт зона алса одан оңтүстікке қарай шөл зонасы созылып жатыр. Республика аумағының 10% - ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі - ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік - батыс солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 - 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік - шығысы биіктігі 5000 - 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері - Хантәңірі шыңы (6995 м) . Ол республиканың оңтүстік - шығыс бөлігін қамтитын Тянь -Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан. Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Жүйенің орташа биіктігі 2500 - 3500 м, биік жері Мұзтау - 4506 м. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі - Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100 - 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орталық бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері - Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Қазақстанның оңт - шығыс бөлігіне сонымен қатар теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солтүстік беткейі және Кетпен жотасы кіреді. Солтүстік Тянь - Шаньның ірі әрі биік тау жотасы - Іле Алатауы; ұзындығы 350 км., ең биік жері - Талғар шыңы 4951 м.

Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологиялық облыс. Ең биік жері - Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565м) . Сарыарқаның оңтүстік - батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Балқаш - Алакөл ойысы құмды шөл болып келеді.

Кең байтақ қазақстан жерінде оның географиялық орнына және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез - келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені әсер етеді.

Казақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің тұрақты кепілі. Минералды шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді: 1. Негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық - саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары. Олар: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. 2. Қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі елдің индустриялық бет - бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, алтын кен орындары. 3. Ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтарының барланған қоры негізінде ондаған мұнай - газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар 70 - тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Әзербайжан

Жалпы мағлұматтар

Ресми атауы - Әзербайжан Республикасы. Кавказдың оңтүстік - шығысында орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 86, 6 мың км 2 . Халқы 7, 5 млн. адам. Астанасы - Баку қаласы. (1, 1 млн. адам) . Халқының 83% - ы әзербайжандар. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі. Халқы негізінен ислам (шиит және суннит ағымдары) дінін ұстанады. Негізгі заңы - 1995 ж. 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депутаттан тұрады. ) Атқарушы өкіметтің жоғарғы органы - Министрлер кабинеті, оны премьер - министр басқарады.

Географиясы

Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік - батысында Грузиямен, оңтүстік - батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Мемлекет басшыларының Каспий жағалауы мемлекеттерінің ортақ келісімге келуі негізінен тез арада Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы
Каспий теңізіне жалпы сипаттама
Каспийдің құқықтық статусын айқындау
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Каспий өңірінің экологиялық мәселелері
Каспий экологиясы
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz