Қазіргі кезеңдегі кітапханада еңбек ұжымын басқару



Кіріспе.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезеңдегі кітапханада еңбек ұжымын басқару
1.1. Жарты ғасырлық тарихы бар кітапхана
1.2. Оқу мәдениеті . оқушыларға
1.3. Ұлт қазынасын ұйытқан (кітапханадағы көпшілік .
2.1.Мәліметтер қорын үйлестіру бөлімі
ІІ.“ АБИС. Өндеме”
2.2РАБИС жобасы

III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Елбасымыз 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында1«Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі –қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің – балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету» - деп жас ұрпақ болашағына алаңдаушылық білдірсе, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын2 қабылдау барысында, «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс. Бәрімізде бала кезімізден халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өстік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін» -дей келе туған әдебиетіміздің оның ішінде балалар әдебиетінің жас ұрпақ тәрбиесіне берер тәрбиесі мол екенін атап көрсеткен болатын. «Мәдени мұраның» негізгі бағыттарының бірі ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеп, көп томдықтар түрінде басып шығару. Әрине, бұл жерде әңгіме тікелей балалар әдебиетінің тағдырына да байланысты.
Әрбір ұлттық мемлекетте рухани құндылықтың өлшем белгісі болатын бүгінгі жас ұрпақ.
Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы – ең басты мәселе. Жас ұрпақ тәрбиесіне кітапхана мен кітап мәселесі бірінші қатысты.
Бала тәрбиесіне кітап оқудың ықпалы зор. Алматы қаласындағы И.А. Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы кішкентай бүлдіршіндер мен оқушы балаларды кітап әлеміне жетелеп, әдебиетті жастайынан сүюге баулып, оларға бағыт-бағдар беруді өздерінің басты мақсаты санайды.
Кітапхана – балалардың білім алуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және тәрбие ісіне көмек көрсетеді, сонымен қатар, балалардың ақпаратқа қолы еркін жету құқығын қамтамасыз етеді.
Көптеген елдерде осы күнге балалар және жасөспірімдер кітабының апталығын өткізуді ұштастырады, жазушылармен, кітап көркемдеуші суретшілермен кездесу, әлемнің ең таңдаулы кітаптарына арналған көрмелер, конференциялар және фестивальдер өткізеді. Баспалар қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, балалар кітапханаларына, балалар үйлері мен интернаттарға әдемі безендірілген жаңа кітаптарды тарту етеді.
XX ғасырдың 30-ші жылдарынан бастау алып, үшінші мыңжылдыққа қадам аттаған арнаулы балалар кітапханасының алдына болашақ тың міндеттер қойып отыр.
Адамның рухани байлығы ең алдымен оның білімділігі, ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, эстетикалық жағынан дамыған жеке танымдық ой-өрісі. Жас жеткіншек өзінің білімге, рухани қатынастарға құмарлығын қанағаттандыру мақсатында күнде қажетті білім мен тәрбие алып отырады. “Бала бақыты- білімде. Білім бір құрал. Білім көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. Ал, білімнің бас құралы –кітап,-” дейді оқымысты А. Байтұрсынов. Баланың қоршаған ортаға бейімделуі, өзін-өзі тануы,өзіндік жетілуі, өзіндік әлпеті тек аула,отбасы, теледидар, бейнефильмдер ғана емес көбіне кітап және кітап оқуға байланысты.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан.- 2005.-19 ақпан
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан //Егемен Қазақстан.-2007.-
3. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан.- 2003.- 29 қараша.- 2-3 б.
4. Авраева Ю. Талант быть методистом // Библиотека.-2002.-№ 4.-с. 70-71
5. Активные формы работы с читателями / ГРДБ Казахстана им. С. Бегалина / Сост. Т.В. Индулова Алматы, 1996.- 79 с.
6. Балалар кітапханасы: Практикалық құрал. - Алматы: ГРДБ, 1971.-218 б.
7. Балғарина Б. Қазақстан кітапханалары –XXI ғасырда // Егемен. Қазақстан .- 1998.- 16 қазан
8. Бекбердиева С. Оқырман талғамынан шығу парыз // Алматы ақшамы.- 1995.- 27 қазан
9. Библиотека. Книга . Читатель: Сборник метод. Материалов по актуальным вопросам руководства дет. Чтением из опыта работы библиотек республики / Сост. Е. Домбровская : - Сыктывкар : Коми кн. изд-во.- 1989.- 56 с.
10. Библиотеки Казахстана. Из опыта работы / Сборник статей.- Алма-Ата, Казахстан, 1965.-91 с.
11. Библиотека и читатель: Сборник научных статей / Национальная библиотека Республики Казахстан.- Алматы, 1991.- 61с.

12. Дәулетова Н., Нұрахметова К.Ғ. Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы. – Алматы: Білім, 1994.- 88 б.
13. Детская библиотека и средства массовой информации: проблемы и перспективы сотрудничества / ГРДБ Казахстана им. С. Бегалина .- Алматы,1999.- 17 с.
14. Ельчибаева О.Т. Библиотека, книга, читатель.- Алматы: Казахстан, 1984.- 96 с.
15. Ескендір Г. Балаңыз кітап оқима?: [Бала тәрбиесіндегі кітаптың , балалар кітапханасының ролі. Республикалық балалар кітапханасындағы атқарылып жатқан игі істер ] // Алматы ақшамы.- 1997.- 13 қаңтар.
16. Ескова Т. Литературный марафон для детей[ О популяризации новинок и о ведении информационной, библиографической и краеведческой работе] // Мир библиографии.- 2001. -№2. -с. 52-56.
17. Караулова Т. Наш профессиональный ринг[ О работе методиста] // Библиотека. –200.- № 6- с. 51-52.
18. Каримова И. Система пофессионального тренинга:
Служба методиста // Библиотека.- 2001.-№ 6 –
с. 31-32.
19. Качанова Е.Ю. Инновации в библиотеках: Практическое пособие. – СПБ Профессия, 2003. – 318с.
20. Кәрімова М. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мәселесі // Ұлағат.-2003.-
№ 1.- 48-50 б.

21. Книги- детям: Сборник материалов в помощь учителям, библиотекарям[Сост. И.С. Балховская] Дом дет. Книги.- М.:Дет. лит., 1977.- 126 с.
22. Қайранбаев Қ. Кітапхана- адамзат санасының мұражайы / С. Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы туралы/ // Жетісу.- 2001.- 10 ақпан .- 12 б.
23. Қайранбаев Қ. Саналық мұражайындағы мереке: [Республика балаларының бас кітапханасына –50 жыл] // Жетісу.- 2001.- 24 мамыр.- 11б.
24. Құсайынова Н. Кітаптан асқан қазына барма қадірлі // Қазақ үні – 2001.- наур. – 7 б.
25. Линкова И.Я. Час книги.- М.: Книга, 1998.- 127 с.
26. Мұра : Орталық ғылыми кітапхананың 70- жылдық мерейтойына арналды. – Алматы: -2002.- 250 б.
29.Наконечная Г., Олейникова О. Выявление «Болевых точек» -
задача методиста // Библиотека.- 2002.- № 2.- С.51-52
28.Нұрахметова К.Ғ. Балалардың кітапханасының жеке жұмыстары: Оқу құралы.-Алматы,1992.-26б.
28.Нұрахметова К.Ғ. Мектеп оқушыларының кітап оқу ынтасын
арттыру: Оқу құралы.-Алматы, 1998.-26б.
27. Нұрахметова К.Ғ. Балалардың кітап оқуына жетекшілік ету: Оқу құралы.-Алматы, ҚазМемҚызПИ, 2006.-77 бет.
31. Нұрбайұлы Е. Кітапхана оқырман ордасы :[С. Бегалин атындағы Республикалық балалар кітапханасының директоры Раева София Құмарқызымен сұхбат] // Ақ желкен.- 2000.-№5– 9 б.
30. Примерные должностные обязанности методиста по библиотечным фондам // Школьная библиотека.- 2000.-№ 5- с.1
31. Раева С.К. Болашақ бүгіннен басталады: [С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының құрылғанына 50 жыл] // Парасат.- 2001.- №6.- 9-10 б.
32. Рублева И.Л. Как пробудить интерес к чтению // Литература в школе.- 2002.- № 7.- с. 43-47
33. Соловей И.С. Как удержаться на вершине. – М.: Политиздат, 1984.-112 с.
34. Справочник библиотекаря / Под ред. А.Н. Ванеева СПБ: Профессия,2003.- 448 с
35. Сүндетова А.К. Балаларды кітап оқуға тартудың қызықты түрлдері//Кітапхана.-2006.-№1.-27-28б.
36. Тимофеева И.Н. 100 книг вашему ребенку : Беседы для родителей.- М.: Книга, 1987.- 255 с.
37. Тихомирова И. Сфера услуг или воспитания? [Деятельность и возможности детских библиотек] // Библиотекарь.- 1989.- № 10.- с. 12-14
38. Тіркешбайқызы Ж. Балалар әдебиетінің атасы атанған Сапарғали Бегалиннің туғанына 105 жыл толды // Ұлан.- 2000.- 5 желтоқсан(№ 49). -9 б.
39. Филипчук Г. Знаете ли вы своего ребенка ? Книга для родителей / Пер. с. польск . – М.: Прогресс, 1980.- 206 с.
40. Фомина Л.Н. Первый визит малыша в библиотеку : Беседы о том, как приобщить ребенка к книге // Книжки, нотки и игрушки.... –2003- № 3.- с. 54-56.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезеңдегі кітапханада еңбек ұжымын басқару
1.1. Жарты ғасырлық тарихы бар кітапхана
1.2. Оқу мәдениеті – оқушыларға
1.3. Ұлт қазынасын ұйытқан (кітапханадағы көпшілік .
2.1.Мәліметтер қорын үйлестіру бөлімі
ІІ.“ АБИС- Өндеме”
2.2РАБИС жобасы

III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елбасымыз 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында1Біздің
стратегиямыздың маңызды мәселесі –қоғамның ең бір әлсіз қорғалған
мүшелерінің – балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін
лайықты қамтамасыз ету - деп жас ұрпақ болашағына алаңдаушылық білдірсе,
мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасын2 қабылдау барысында, Дәстүрлі
мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі
тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс. Бәрімізде
бала кезімізден халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен
сусындап өстік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырын оқымаған қазақ баласы жоқ
шығар деп есептеймін -дей келе туған әдебиетіміздің оның ішінде балалар
әдебиетінің жас ұрпақ тәрбиесіне берер тәрбиесі мол екенін атап көрсеткен
болатын. Мәдени мұраның негізгі бағыттарының бірі ұлттық әдебиетіміз бен
өнеріміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеп, көп томдықтар түрінде басып
шығару. Әрине, бұл жерде әңгіме тікелей балалар әдебиетінің тағдырына да
байланысты.
Әрбір ұлттық мемлекетте рухани құндылықтың өлшем белгісі болатын
бүгінгі жас ұрпақ.
Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы – ең басты
мәселе. Жас ұрпақ тәрбиесіне кітапхана мен кітап мәселесі бірінші қатысты.
Бала тәрбиесіне кітап оқудың ықпалы зор. Алматы қаласындағы И.А.
Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы кішкентай бүлдіршіндер
мен оқушы балаларды кітап әлеміне жетелеп, әдебиетті жастайынан сүюге
баулып, оларға бағыт-бағдар беруді өздерінің басты мақсаты санайды.
Кітапхана – балалардың білім алуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға
және тәрбие ісіне көмек көрсетеді, сонымен қатар, балалардың ақпаратқа қолы
еркін жету құқығын қамтамасыз етеді.
Көптеген елдерде осы күнге балалар және жасөспірімдер кітабының
апталығын өткізуді ұштастырады, жазушылармен, кітап көркемдеуші
суретшілермен кездесу, әлемнің ең таңдаулы кітаптарына арналған көрмелер,
конференциялар және фестивальдер өткізеді. Баспалар қайырымдылық акциясын
ұйымдастырып, балалар кітапханаларына, балалар үйлері мен интернаттарға
әдемі безендірілген жаңа кітаптарды тарту етеді.
XX ғасырдың 30-ші жылдарынан бастау алып, үшінші мыңжылдыққа қадам
аттаған арнаулы балалар кітапханасының алдына болашақ тың міндеттер қойып
отыр.
Адамның рухани байлығы ең алдымен оның білімділігі, ана тілін білуі және
мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, эстетикалық жағынан дамыған жеке
танымдық ой-өрісі. Жас жеткіншек өзінің білімге, рухани қатынастарға
құмарлығын қанағаттандыру мақсатында күнде қажетті білім мен тәрбие алып
отырады. “Бала бақыты- білімде. Білім бір құрал. Білім көп адам құралы сай
ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. Ал, білімнің бас құралы
–кітап,-” дейді оқымысты А. Байтұрсынов. Баланың қоршаған ортаға
бейімделуі, өзін-өзі тануы,өзіндік жетілуі, өзіндік әлпеті тек аула,отбасы,
теледидар, бейнефильмдер ғана емес көбіне кітап және кітап оқуға
байланысты.
Балаларды кітап оқуға тарту -жас ұрпақтың ұлттық рухын
биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой-өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізі
болып саналады.
Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас
оқырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан азығы кітапқа деген
қызығушылығын арттыру, қадір-қасиетін ұғындыру.
Зерттеудің мақсаты: Кітапханадағы балалар тәрбиесі жөніндегі
жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру. Қазіргі кездегі заман талабына
сай балалар кітапханасының жаңа модулін көрсету.
Балалар оқуының жас ұрпақтың рухани және адамгершілік, интеллектік
дамуындағы маңызын жан-жақты зерттеу.
Оқырмандардың тілдік және жас құрамдарын, олардың сұраныстарын
теориялық және тәжірибелік жағынан нақты дәлелдер арқылы талдау. И.А.
Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы орталықтандырылған
кітапханалар жүйесімен, қаладағы балалармен жұмыс істейтін мектеп, лицей,
гимназия кітапханаларына әдістемелік-үйлестіруші көмек беретін әдістемелік
орталық ретінде ролін анықтау.
Зерттеу жұмысының объектісі: И.А. Крылов атындағы республикалық
балалар кітапханасындағы кейінгі кездегі өткізіліп жүрген жаңа көпшілік
шаралар және де кітапхананың ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің жұмыстары.
Зерттеу пәні - балалардың тәрбиесіне педагогикалық бақылау жасау
процесі.
Зерттеу міндеттері:
- теориялық материалды практикалық, педагогикалық
және жеке іс – тәжірибені жүйелеу және зерттеу;
- кітапхана арқылы балалар тәрбиесі барысының тиімді
жолдарын анықтау.

Қазақстан республикасы Ұлттық кітапхасының жаңа ақпараттық
технологиялары және ресурстары.
Қазақстан Республиксының Ұлттық кітапханасы барлық басқа ірі
кітапханалар сияқты, әртүрлі білім саласындағы оқырманның кез-келген
сұранысына жауап беруді өз борышы санайды және еліміздегі керекті
жарияланымдар туралы ақпарат онда болуы керек. Компьютерлер-кітапхананың ең
басты міндеті-әдебиеттерді тез іздеу және оқырманға ақпаратты ұсынуды
мүмкүндігінше жақсы атқаруға мүмкіндік береді. Осы процестердің cапалық
мүмкіндігін тиімділігін арттыру-компьютерлендірудің ең негізгі себебі болып
табылады. Баспа өнімдері мен ақпараткөлемінің жедел қарқынмен өсуі
жағдайында ірі кітапханалардағы компьютерсіз жұмыс сапасы төмендейді.
Компьютер ғана жұмыстың қажетті тәртібін,сапасымен жылдамдығын қамтамасыз
етеді.
Кітапхана компьютерленуге 80-жылдардың аяғында көшті. Ақырын
жүріп, анық басқан іс өз нәтижесін береді. Басқа кітапханалар қолданған
бағдарламалық өнімдер пайданалыды. Мұнын соң ұлттық кітапхана үшін отандық
арнаулы бағдарлама жасау туралы шешім қабылданды.Автоматтандыру саласындағы
алғашқы мақсаттар мына тақырыптар бойынша шешілді: әдебиет пен өнер
жөніндегі ақпаратты іріктеп талдау, Мерзіміді басылымдарға жазулы,
Кітапханааралық абонемент және басқалары. 90-ншы жылдардың басында-ақ
тәжірибе пайда болды. Мәселеге мүлде басқа көз қарас тұрғысынан келдік.
Кітапхана жанынан АБИС шағын мемлекеттік кәсіпорны құрылды. 1992 жылы
библиографтардың, мұнан соң каталог жасаушылардың жұмыс орындары
автамоттандырылды. Ұлттық кітапхананың АБИС бағдарламасы кітапханалар
қолданысындағы бірден-бір қазақстандық өнім. Оған авторлық құқық жөніндегі
Агентіктен куәлік алынған. Ұлттық кітапхананың АБИС бағдарламасымен қоса
республикада Ресейден алынған бағдарламық өнімдер де бар.Облыстық
кітапханаларда кейбірі жергілікті фирмалардың өнімдеріне тапсырыс
беріп,пайдалану барысында одан бас тартты 1999 жылдан кітапхана Астана мен
Алматының ақпараттық ресурстарын біріктіріп саясатын жүргізуде.Алматыдан
Астанаға ұлттық кітапхананың мәліметтер қорын беру және байланыс жасау
сеаныстары жургізілді.Ұлттық кітапхананы ғаламдастыруға мүмкіндігі бар
электронды жүйеге көшті деп айтуға болады. Электронды каталог
библиографиялық мәліметтер қорын құрылды және толықтырылуда.Музыкалық
жазбаларды, бейнелерді, мәтіндерді, интерактивті мультимедиялық альбомдарды
жасау технологиясы игерілді және жұмыс жалғасуда.Оқырмандар мен
кітапханашылар Интернет ресурстарын пайдалануда.Электронды почта арқылы
құжаттарды тапсырыс бойынша жеткізу (әзірге, тек аса қажетті жағдайда) іске
асуда.Құжат қозғалысында және берілімін кітапханашылар автоматты түрде іске
асырды.Барлық қажетті мәліметтерді олар жұмыс орындарында алады. Ұлттық
кітапханашылар бағдарламашылар бір орында тұрған жоқ.АБИС жаңартылуда. АБИС
WIN версиясы бар. Бағдарлама жасалу аяқталуда және РАБИС-тің жекеленген
үлгілері тәжірибелік пайдалануда.Ұлттық кітапхананың ХІХ жүзжылдықтарға
мақсатының қысқартылған оқылымы: “ ТриК”, бұл кумуляция, консервация,
коммунукация деген сөз немесе жинау, сақтау еркіндікті қамтамасыз ету. Бұл
мақсаттар 90- жылдары негізгі қалада қалады. Олар бүгінге дейін өзгерген
жоқ және ХХІ ғасырда да көкейтесті болып қалады, яғни кітапахана бұл кезде
әлемнің барлық кітапханаларымен бірдей деңгейде ақпараттар мен қызмет
көрсетулерді алмасады, ақпараттқа еркіндікті қамтамасыз етеді.
Адамзат кітап арқылы өз білім тәжірибесін өзге замандастары мен
келешек ұрпақтарға жеткізе алатын қалге жетті. Жазу мен кітап арқылы
адамдар өздерінің бір тұтастығын сезе алды. Осыдан барып адамзат
қауымдастығы қалыптасты.
Жазу мен кітап болмаса, мұның екеуі де неғайбыл еді.
Сондықтан да жазу мен кітаптан асқан жетістік, екеуінен асқан құндылық
болуы мүмкін емес. Адамзаттың өсіп -өркендеп жатқаны үшін, ең алдымен, осы
екеуі қарыздар.
Өркениет тек сол екеуінің арқасында ғана өркен жая алады.
Адам қолынан шыққан талай – талай зәулім сарайлар мен ғимараттар
талқандалғанын тарихтан білеміз,ал адамзаттың бұрын соңғы өркениетті
бүгінгі күнге басқа емес, тап осы балталасаң өшпейтін тасқа басылған
кішкентай кітаптарда жазылып қалды.
Кітаптың сыпыра өртеліп, қуғынға түскен кезі де, қаһарға мініп қанағат
құлатқан кезі де болған. Кітап – білім мен ғылымның қайнар көзі. Адамның
көкірек көзінің бітелмеуі де осы көзбен байланысты. Көзі ашық, көкірегі ояу
адам баласы кітапсыз өспек емес. Кітапсыз алдыңғы тарихтағы мәдени һәм
рухани қазыналар ұрпақтан – ұрпаққа жеткен емес.
Қазіргі заманғы адам қоғамындағы рухани даму мен жетілу бір ағаштың
шырын жемісіндей анау өткендердің терең тамырларынан нәр алғандай көрінеді.
Біз кітап арқылы ұлы адамдардың ішкі әлеміне еніп, олардың сәулелі
ойлары мен сыни көзқарастарын ұқтыратын ұлық рухымен танысамыз. Олардың
шексіз рухани кеңістігіндегі шегі жоқ мұхитта еркін жүзіп, ең бағалы
жақұттарды теріп аламыз.
Ғасырлар бойы олардың ой- өрісімен жасалған жақұтты өздері қалдырған
кітап арқылы оңай тауып, игілігімізге жаратамыз.
Тілі, діні, тарихы, әдет-ғұрпы бір-біріне ұқсамайтын алыс елдерді
жақындастыратын, әр құрылықтағы адамдарды тілдестіретін кітаптың адамзат
өмірінен алатын орны өте зор.
Адамзат қауымының ғасырлар бойы тірнектеп жинаған ұшан – теңіз өнер-
білім қазынасын бойына жинап, таратушы құдірет иесі – кітап. Ғылым,өнер
және мәдениет – кітапта. Ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани өсиет
іспеттес.
Осы рухани өсиеттің көне заманнан біздің заманымызға жетуі тек қана
кітапхана арқылы орындалатыны белгілі.
Ілім – білім бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі –кітапхана адамзат
баласының рухани тыныс тіршілігінің айнасы есепті.
Ең құнды да қастерлі орындардың бірі кітапхана екені күмәнсіз.
Кітапхана сөрелерінде сақтаулы тұрған кітаптар адамзаттың ғасырлар бойы
шыңдалған ойлары мен қазіргі заманғы өркениеттің үнсіз куәсіндей. Халыққа
білім мен тәрбие берудің бір кілті кітапта екені анық. Білім таусылмайтын
байлық болса, сол байлықтың қоймасы кітапхана болып табылады.
“Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге,”- деп данышпан Абай айтпақшы, тәуелсіз
мемлекетіміздің азаматтарына тиянақты білім мен өнегелі тәрбие беру ісінде
кітапханалардың атқаратын қызметі орасан зор. Кітапхана-білімпаздардың
ғибадатханасы. Кітапхана- мемлекетіміздің асыл қазынасы.

2 Жарты ғасырлық тарихы бар кітапхана

Әр кезең тарихта белгілі бір өз орнын алады да, келесі ұрпақ оған өз
бағасын беріп жатады. Ол –заңдылық. Бүгін біз де Ххғасырға өз сауалымызды
қойып жатырмыз. Өткен ғасырларға шлоу жасап, жақсысын алып, жаманынан
жиренуге жас ұрпаққа бағыт-бағдар ұсынған жайымыз бар. Және де жаңа ғасырға
тың көзбен қарап, үмітпен жаңаша аяқ басып өттік. ХХІ ғасыр мәдениет пен
ақпарат ғасыры болады деген сенімдеміз.
Адам бойындағы табиғат сыйлаған керемет қасиет, асыл қазына-ақыл, ой,
сана Осы кереметтердің таң-тамаша қала отырып риза болар жемісі-кітап.
Кітап ақыл-ойдың қазынасы болғаннан кейін кітапханалар абырой-атағының одан
сайын асқақтай түсері өзінен-өзі ақиқат.
Түсіне білген кісіге мәдени ошақтың бірі де, бірегей де –кітапхана. Ол
сарқылмас қайнар бұлақ көзі. Өйткені, бүкіл адамзат, өнер адамдары, геолог,
әдебиетші, дәрігер, тіл маманы, оқытушы, өндіріс, ауыл шаруашылық мамндары
кітаптан оқып барып мамандықтарын игереді.
Ал баспалардан шыққан (қай жылғы болмасын) кітаптар тек қана
кітапханалардан табылады.
Яғни, бұл қоғамда кітапхананың алатын орны ұшан-теңіз.
Кітапхана... Кітапханасыз өмірді елестету мүмкін емес. Кітапхана – адамзат
ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізетін киелі орын.
Енді осы кітапханалардың тарихына көз салсақ – кітапханалар жазба
ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде өте ерте заманда пайда болған.
Біздің заманмыздан бұрын VII ғасырдың ортасында Ниневиде Ассирия патшасы
Ашшурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы
сақталған.
Ежелгі Грецияда храмдар жанында өзінің иелеріне еткен кітапханалар
болды. Ертедегі Грецияның алғашқы кітапханасын Аристотель ұйымдастырған.
Көне кітапханалардың ішінде аты әлемге әйгілі Александрия кітапханасы
болды. Қазақ тарихында Отырар кітапханасының орны ерекше.
Алматы қаласындағы И.А.Крылов атындағы балалар кітапханасы
орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесіне кіреді. Балалар
кітапханасы кішкентай бүлдіршіндер мен оқушы балаларды кітап әлеміне
жетелеп, әдебиетті жастайынан сүюге баулып, оларға бағыт-бағдар беруді
өздерінің басты мақсаты санайды.
Алматының ағарту айнасында шұғыласы шағылысқан оқу-өнер ошағы,
қаламыздың кітапби өлкесінде өз қазыналы қоймасы мен орны бар білім ордасы-
Қалалық Орталық балалар кітапханасы. 2006 осы ғылым мен білімнің салауатты
өмір мен парасаты өркениеттің ұйытқысы-кітапханамызға- 70 жыл толып отыр.
Шежіреге шолу жіберсек:
Алматы қаласындағы И.А. Крылов атындағы қалалық орталық балалар
кітапханасы 1936 жылыдан бері жас жеткіншектерге қызмет көрсетіп келеді.
Қалалық орталық кітапхана қорынан дербес балалар кітапханасы ашылды.
Алғашқы үш жылда кітапхана бірнеше мекен-жай ауыстырды. Соғыстан
кейін алматылықтар кіші Алматы Пугасов көпірі жанындағы бұрынғы көпес үйін
жақсы біледі. Бұл жерде 1939 жылдан 1969 жылға дейін балалар кітапханасы
болды.
Қаланың орталығында қазір кең де жарық өзіндік сәулеті бар үш қабатты
ғимаратқа кітапхана 1969 жылы қоныстанды.
И.А. Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы
орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен, қаладағы балалармен жұмыс
істейтін мектеп, лицей, гимназия кітапханаларына библиографиялық ақпараттық
көмек беретін әдістемелік орталық болып табылады.
И.А.Крылов кітапханасы-Алматы қоғамдық саяси, мәдени өміріндегі
оқиғалардың оңаша отауы, еліне есімі мен еңбегі еленген мың сан
қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен дидарласу орталығы, көрмелер кешені,
мәслихаттар мінбері, тұсаукесерлер тұғыры.
Кітапхана мектеп жасына дейінгі балалардан бастап мектеп оқушыларына,
студенттерге, кітап дүниесімен кіндігі бір қауым өкілдерінің баршасына
сапалы да мәдениетті қызмет үлгісін көрсетумен келеді.
Кітапхана жұмысын Бостандық ауданының әкімшілігімен, Ұлан, Дружные
ребята, Алматы ақшамы, Вечерный Алматы, редакцияларымен және Алматы,
Хабар, Рахат телекомпаниясымен байланыстырып істейді.
Кітапхана жұмысы табысты, әрі жан-жақты жүргізілуі үшін оқырмандардың
жас ерекшеліктеріне байланысты 0-4 сынып және 5-11 сынып оқушыларына
арналған: екі абонемент, екі оқу залы, әдістемелік, анықтамалық кітап қорын
сақтау, толықтыру және өңдеу бөлімдері бар.
Кітапхана өздерінің күнделікті өмірінде оқырмандарға мән-мағыналы
қызмет көрсетіп қана қоймай сан-алуан ұйымдастыру жұмыстарын да жүргізіп,
өздерінің ұзақ мерзіміне арналған іс-шараларын да жүзеге асырып жатады.
Кітапханада қазақтың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттайтын Алтын
Шаңырақ орталығы ұйымдастырылған. Шебер қолдар, Домбыра дастан
үйірмелері жұмыс істейді.
Сонымен қатар, жас оқырман, сіздерді Ата мұра, Веселые почемучки
клубының белсенді мүшесі болуға, кітапханада өтетін іс-шараларға қатысуға
шақырамыз.
И.А. Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында өз ісіне
берілген, оқырман жүрегіне жол таба білетін мамандар жұмыс істейді.
Кітапханашылар сол кітаптар тұрған ауамен демалып жүргендігі үшін өздерін
бақытты санайды.
Жазушы М.Мағауин Мен атты романында кітапханашының жер басып
жүргендердің арасындағы ең бақытты адам екенін айтады.
Біздің егеменді Қазақстан жылдан-жылға көркейе гүлдене береді, ал біз
кітапханшылар дүниедегі ең асыл мұра-кітапты насихаттап, сақтап болашаққа
жеткізуге міндеттіміз.
Кітапхана қорында кітаптармен қатар, күйтабақтар,диафильмдер,аудио-
видео кассеталар, CD-ROM, т.б. жинақталған.
Кітапхана қорында тек қазақ, орыс тілдерінде емес, басқа ұлт
тілдерінде де әдебиеттер қоры бар.
Қазір кітапхана жыл сайын 250-ден аса мерзімді басылымдарды жаздырып
алады. Тек мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін 90-нан аса газет-журналдарды
жаздырып алады.
Олардан оқырмандарымыз өздерін қызықтырған барлық тақырыптарға жан-
жақты мағлұмат ала-алады.
Кітапхана өзінің 70 жылдық мерей тойын атап өтті.Оқырмандар ынтасына
байланысты түрлі клубтар мен мен интернет-класстар жұмыс істейді.
Кітапханашылар мен оқытушыларға арнап ашылған ақпарат кабинеті жұмыс
жасайды. Іргелі, өркениетті елдердің халықаралық және шетелдік ұйымдарының,
өкілдіктерінің, елшіліктерінің кітапханаға деген ықыластары ерекше.

Кітапхана қызметінің мақсаттары мен түрлері

Мақсаттары:
- кітап коллекциялары мен қызмет бағыты бойынша басқа да ақпарат көздерін
сақтау;
- пайдаланушылардың ақпараттық және басқа жалпы мәдени сұраныстарын
қанағаттандыру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға
жағдайлар жасау;
- балаларға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
мәселелері бойынша барлық жүйедегі кітапханалар мен ведомостволарға және
балалар оқуының жетекшілеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары

Кітапхана:
- оқырмандардың ұлттық және жас құрамдарын, олардың сұраныстарын ескере
отырып кітапхана қорын ағымдық және қосымша толықтыруды жүзеге асырады.
Мектеп бағдарламасының материалдарына аса айырықша көңіл бөле отырып
өзінің салалы әдебиет, көркем әдебиет,сондай-ақ мерзімді басылымдар,
ноталар, кино-құжаттар,ақпаратты жеткізудің басқа көздері, балалар
оқуының жетекшілеріне арналған педагогика, психология, балалар
әдебиетінің тарихы мен сыны тақырыптары бойынша кейбір кітаптар,
кітапхана ісі мәселелері жөніндегі құжаттар мен құралдар қорын
құрады.Балаларға арналған барлық елтану материалдары мен дәстүрлі емес
ақпарат тасушыларда жазып қойылған қазақ тіліндегі балалар басылымдарын
жинақтап сақтайды;
- баспа шығармалары мен басқа да материалдарды өңдеп,жүйелейді,каталогтар
мен картотекалар жүйесінің көмегімен олардың мазмұнын ашып көрсетеді;
- кітапхана қорының есебін, сақталуын және үздіксіз пайдаланылуын
қамтамасыз етеді.Санитарлық-гигиеналық, түптеу және қалпына келтіру
сияқты шараларды жүргізеді;
- оқырмандардың пайдалануына оқырмандар залында,кітапханааралық және жеке
абонементтер арқылы кітап қоры ұсынылады, стационардан тыс қызмет
көрсетіледі;
- кітапхана пайдаланушыларына дифференциаланған кітапханалық-ақпараттық
және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
- мәдени-ағарту бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда басқа мәдени
мекемелермен, мектептен тыс балалар ұйымдарымен, шығармашылық
одақтармен,көпшілік ақпарат құралдарымен, жергілікті өкімет
органдарымен,қорлармен және басқа мемлекеттік емес ұйымдармен т.б.
бірлесе жұмыс істейді.
- кітапханашыларға,мұғалімдерге, ата-аналарға және басқа балалар оқуының
жетекшілеріне балалар әдебиетінң мәселелері, бала оқуының педагогикасы
мен психологиясы,балалармен және жасөспірімдермен кітапханалық жұмыс
жүргізудің мәселелері бойынша әдістемелік,ақпараттық және библиографиялық
көмек көрсетеді;
- жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру міндетін неғұрлым толық орындауды
қамтамасыз ететін балалар кітапханалары жұмысының түрлері мен әдістерін
жетілдіруге ат салысады;
- Қазақстан кітапханаларында балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету
туралы қажетті ақпаратты қалыптасқан тәртіп бойынша ала алады.
Балаларға кітапханалық қызмет көрсетудің жағдайын зерттеп,талдайды, оны
жақсарту жолындағы өз ұсыныстарын береді.
- балаларға қызмет көрсететін қала кітапханаларына әдістемелік және
практикалық көмек көрсету мақсатымен іссапарға шығады. Алдыңғы қатарлы
тәжірибені айқындайды, зерттейді, таратады, насихаттайды және оны
кітапхана тәжірибесіне енгізуге ат салысады;
- әдістемелік материалдарды, әсіресе елтану тақырыбындағы, дайындап басып
шығаруды жүзеге асырады;
- балалармен жұмыс және бала оқуы бойынша кітапхана жұмысы саласындағы
зерттеулерге қатысады, сондай-ақ өз бетінше зерттеулер өткізеді. Балалар
әдебиетін басып шығару, оны оқырманға жеткізу туралы нұсқаулар
дайындайды;
- басқа кітапханалармен және мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып,балалармен
жұмыс жасау бағытындағы мемлекеттік кітапханалық саясатты жүзеге асыру
бойынша ұсыныстар дайындайды, мәдениет пен кітапхана ісі саласындағы заң,
нормативтік актілер жасауға қатысады;
- Кітапхана пайдаланушыларының танымдық, рухани шығармашылық дамуы мен
қатынаста болуы үшін олармен жеке , көпшілік және топтық жұмыстар
жүргізуді, үйірмелер,студиялар, клубтар, кітапхана және көркемсөз оқу
мерекелерін т.б. ұйымдастыру арқылы жағдайлар жасайды;

Кітапхана құқы мен міндеттері

1. Жұмыс істеу мақсатына сәйкес Кітапхана:
- пайдаланушылардың ақпаратқа қолы еркін жету құқы мен әлемдік және ұлттық
мәдениет жетістіктерімен таныстыру құқын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
- кітапханалық жұмыс түрлерін пайдалана отырып, баланың шығармашылық
дамуына мүмкіндік туғызуға, ақпараттық мәдениетке, оқу мәдениетіне
үйретуді жүзеге асыруға;
- өз қорларын келешек ұрпақ үшін сақтауға, сөйтіп кітап пен басқа ақпарат
тасымалдаушыларындағы адамзат жадымен жинақталған білімді сақтауға үлес
қосуға;
- кітапхана пайдаланушыларының ақпаратқа деген сұраныстарын зерттеп, оларды
қанағаттандыру үшін шаралар қолдануға;
- балалар оқуын ұйымдастыру мен кітапханалық қызмет көрсету мәселелері
бойынша Қазақстан кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетуге, кеңес
беруге және басқа көмек көрсетуге;
- кітапхананың материалдық қоры мен қызметкерлер құрамын орынды
пайдалануға;
- Уәкілетті орган мен мемлекеттік статистика алдында қолданыстағы заңмен
қарастырылған тәртіп бойынша есеп беруге міндетті.
2. Кітапхана:
- Уәкілетті органның келісімі бойынша өзінің шығармашылық өндірістік
перспективаларының дамуын өз бетінше анықтауға;
- пайдаланушылардың Кітапхана қорына қол жеткізу тәртібі мен кітап қорын
пайдалануға беру тәртібін анықтауға;
- кітап қорын толықтыру көздерін өз бетінше анықтауға;
- Кітапхана ісін дамытуға қатысты бағдарламаларды дайындауға және жүзеге
асыруға қатысуға;
- белгіленген тәртіп бойынша кітапханалармен және басқа ұйымдармен келісім
негізінде бірлесіп жұмыс істеуді жүзеге асыруға;
- Қазақстан республикасы заңына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді
жасауға құқылы.
И.А. Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының мідеттер мен
жұмысқа бағыттау
Қазақстан - 2030 стратегиясын және Қазақстан Республикасының Мәдени
мұра бағдарламасын басылыққа ала отырып, кітапхана өз алдына мынадай
міндеттер қояды:
- Балаларға патриоттық тәрбиедегі әдебиеттерді насихаттай отырып,
отаншылдық сезімін оятуға көмектесу,
- ҚР Конститутциясы мен жаңадан шығып жатқан заңдарын,
- Қазақстанда тұратын қазақтардың және басқа да ұлттардың халықтар
достығын, тарихын, мәдениет, салт-дәстүрін,
- Табиғат байлығын, қоршаған ортаны қорғауға,
- Салауатты өмір салтын,
- Отбасы тәрбиесін, еңбекті,
- Ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін насихаттау,
- Жаз айларында балалармен жұмысты жемісті түрде жүргізу,
- Жас ұрпақтың рухани-өнегелік және эстетикалық тәрбие алуына назар аудару,
- Ақпараттық және библиографиялық тілек-талаптарын қанағаттандыру.
Уақыттың талап – тілігіне сай оқырмандарды ақпараттық
қажеттіліктермен өз дәрежесінде қамтамасыз ету үшін кітапхана ісін
жүргізу мен басқарудың жаңа тәсілдері керек екені даусыз. Ондай өрелі
міндетті жүзеге асыру барсында ең алдымен бұл саладағы әлемдік
тәжірибеге назар аударуымыз керек. Сонымен қатар ақыл-ойды, сана мен
парсатты өткізудің маңызы өте зор.

1.2.Оқу мәдениеті - оқушыларға

Бүгінгі таңда XXI ғасырға аяқ басқан, қарқынды дамыған ақпарат
дәуірінде балаларды кітап оқуға ынталандыру үшін үлкен еңбек ету қажет.
Балалар кітапханасының негізгі бағыты- балалар кітаптарын, газет-
журналдарын сақтау және дамыту,балалардың білім алуына,бос уақытын тиімді
ұйымдастыруға және тәрбие ісіне көмек, балалардың ақпаратқа қолы еркін жету
құқығын қамтамасыз ету.
Кітапханадан балалар тіршілікке қажетті рухани қазынаның бәрін табу
қажет.
Адамгершілік қарым-қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана
білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну,көрген,естіген,оқыған
нәрселеріңді түсініп,талдап үйрену және өз пікіріңді дәлелдей, қорғай білу-
осының бәрін балалар кітапхананың кітап қорындағы кітаптарды пайдалану
арқылы біледі.
Осы жолда балаларға жан-жақты тәрбие беріп,адамгершілік,имандылық
қасиеттерін дамытуда,кітап оқудың маңызын көтеру міндеті жыл санап арта
түсуде.Отанын,туған жерін сүюге,олардың білімпаз болуына,мінезі мен
сезімінің қалыптасуына айрықша көңіл бөліп,оқырманның бос уақытын тиімді
ұйымдастыру-әрбір кітапхана қызметкерінің міндеті. Бала тәрбиесі тек
жанұялық жеке іс болуымен қатар ол бүкіл қоғамымыздың терең шұғылданатын
ісінің бір тұтас бөлігіне айналды.
Қазіргі таңда балалар кітапханасы мүмкіндігінше жаңа талаптарға,
сұранымдарға сай жұмыс істеп келеді.
Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру,мәңгілік жан азығы,
таусылмас қазына- кітаптың қадір-қасиетін балаларға ұғындыру,білімнің
қайнар бұлағы кітапты насихаттау мақсатында республикалық балалар
кітапханасында көтпеген жұмыстар атқарылуда.
Балалар кітапханасы оқырмандардың көп келетін орындарының бірі.
Кітапханаға келген әрбір оқырман өздеріне керекті кітап,журналдар
оқып,керек анықтамаларын алып,уақыттарын қызықты өткізеді.Кітапханашылар әр
уақытта оқырмандарға қызмет көрсетуге дайын.
Оқырман оқуына жетекшілік ете отырып және олардың оқуға деген
қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып-кітапхана идеологиялық,мәдени-
ағарту,ғылыми-ақпараттық мекеме ретінде өз ролін жүзеге асырады.
Кітапхананың біздің қоғамымыздағы негізгі мақсаты-әлеуметтік-
экономикалық өркендеуді жеделдетуге,балалардың жан-жақты дамуына,әлеуметтік
белсенділігін арттыруға көмектеседі, оқу мәдениетін қалыптастырады. Оқу
мәдениеті дегеніміз жеке бастың мәдени дәрежесінің бір бөлігі. Оқу
мәдениетіне оқырманның жүйелі оқуы,кітап оқуға деген ынтасы, оқу мақсаты,
кітапты іріктеп алуда және кітапты жүйелі оқуда игерген шеберліктері,
дағдысы яғни осы салада жинақталған білімінің барлық комплексі жатады. Оқу
мәдениетінің құрамдас бөлімі кітапханалық-библиографиялық білімді игеру.
Қоғам талаптарына сәйкес кітапхана оқырмандармен жұмыс жүргізу
барысында жеке бастың адамгершілік тұрғысынан дамуын көздейді.
Жеке адамның, қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне
қажет қағидаларды,ережелерді және рухани байлықтар жүйесін меңгеруіне
көмектеседі.Оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мақсаты мен
міндеттерін мынандай үш топқа бөліп қарауға болады.
1. Оқырманның жеке басына байланысты зерттеу жұмыстары,оқырман туралы
мәліметтер алу, оқу мақсаты,оқу ынтасының мазмұны,оқу
жүйесі,кітапханалық-библиографиялық білімді игеру деңгейі т.б.
2. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі оқырмандардың оқуға деген
қажеттіліктері мен құштарлықтарын қалыптастыру,оқырман бойында
күнделікті оқуға деген құмарлықтарын тереңдетіп,жан-жақты
дамыту,көркемдік талғамын ұштау т.б.
3. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлігі кітапханалық-библиографиялық
құралдарды,каталогтар мен картотекаларды кітап көрмелерін т.б.
оқырманның өз бетінше еркін пайдалануға мүмкіндіктер беретін тиімді
оқу жолдарын көрсететін тәсілдерді үйрету.
Осы көрсетілген міндеттердің барлығын кітапханашы жеке оқырмандармен
жұмыс жүргізу барысында іске асырады.
Осы күрделі де жауапты істі жүзеге асыру кезінде кітапхананың
кітаптар қорының байлығына және библиографиялық құрамдарға сүйенеді.
Сондықтан бүгінгі күннің басты мақсаты балаларды кітап оқу мәдениетіне
баулу. Кітапхананың басты мақсаты,жанұямен, мектеп көпшілік ақпарат
құралдарымен бірлесе отырып-жоғарғы талапты оқырман тәрбиелеу, олар
адамгершілігі мол,интеллектуальді,әдеби шығармалардағы тәжірибелерді ала
білетін болуы керек. Өздігінен оқудың шеңбері тар, ал өзін-өзі оқу арқылы
тәрбиелеудің ауқымы кең.
Кітапхананың оқырманға көмекке келуі, оның қызығушылығына жауап
беруі, кітапхана –библиографиялық білімін насихаттау, оқырманға ақпарат
легінен өзіне керегін таңдауға үйрету арқылы жасайды.
Оқырманға қызмет көрсетуде ерекше қатынас құралы және түрлі
коммуникациялы әдістер пайдаланылады.
Кітапхана пайдалануды оқырман қызметінің құрылымындағы жеке қызмет
ретінде қарастырады. Кітапхана басқа да мекемелер сияқты оқырманның
шығармашылық дамуына қарай қызметін өзгерте алатын орын.
АҚШ кітапханатанушысы Д.Х. Шира: - “Оқу дегеніміз тұтас қоғам,
сондықтан ол тұтас адам қалыптастырады. Ал кітапхананың құндылығы
бірлестіру арқылы,жинақталған кітаптар арқылы оқырманға әсер ету.” Жеке
тұлғаны жан-жақты дамыту өмірдің дамуы мен қоғамның даму ерекшеліктеріне
және адам талғамына, талабына байланысты,қоғамда - жұмыскер, қоғам
қайраткері, адамгершілік қасиеті мол жоғарғы мәдениетті эстетикалық
құндылықтарды қадірлейтін адамдарды қажет етеді.
Кітапхана жеке тұлға қалыптасытруда
саяси,эстетикалық,адами,мәдени,ғылы ми көзқарасты, өздігінен ойлай білетін
интеллектуал оқырман тәрбиелеу.
Сондықтан тек оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай,
оның көзқарасын өзгерту,тереңдету міндетін жүктейді.
Бұл міндет түрлі басқару бағдарламаларының көмегімен түрлі оқырман
топтарына және жеке оқырмандарға пайдаланылады. Кітапты талғаммен оқу
-өнер,өмірді тану.
Кітап - өмірлік ақылшы, ұстаз. Кітап оқи отырып оқырман өзін-өзі
тәрбиелейді. Ойлана біледі, пікірін тұжыра біледі.
Сондықтан кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін қалыптастыру шаралары -
әрбір балалар кітапханасының алдына қойған мақсаты.
Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашының міндеті,
борышы.
Не оқуға? болады. Әрине, бұл өте күрделі сұрақ. Өмірде кітап өте
көп. Ал, оның бәрін оқып шығуға сенің уақытың да жетпейді. Сондықтан өзіңе
керек кітапты таңдап ала білу керек. Ал, осы кітаптарды қалай таңдап алуға
болады?
Ол үшін кітапханаларда каталогтар болады. Каталогтар-кітап таңдап
алуың негізгі көзі болып табылады.
Каталогтың өзі карточкалардан тұрады. Әрбір карточка жеке кітаптар
жөнінде айтады. Карточка арқылы автордың атын, кітаптың атын, баспасын,
шыққан жерін және жылын тағы басқа мәліметтерді аласың. Ал оның бұрышында
арнайы белгі соғылған. Ол белгі шифр деп аталады. Шифр кітаптың сөредегі
тұрған орнын көрсететін қысқартылған адрес болып табылады. Кітапханашы
шифрге қарайды да, кітапты қай сөреден және қай жерден іздеуді бірден
біледі.
Кітапханамыздағы алфавиттік және жүйелік каталогтар, газет-журнал
мақалаларының жүйелік картотекасы, көркем шығармалардан тақырыптық
картотекасы, Алматы картотекасы- кітап әлеміндегі бағдаршам.
Балаларды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу кітапхана жұмысында негізгі
орынды алады.
Оқырманның оқу мәдениетін және олардың оқуға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып- кітапхана идеялогиялық, мәдени-ағарту, ғылыми-
ақпараттық мекеме ретінде маңызды міндет атқарады.

1.3.Ұлт қазынасын ұйытқан

(Кітапханадағы көпшілік жұмыстар)
И.А. Кырылов атындағы орталық қалалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Кітапхана ұжымының әлеуметгік-психологиялық сипаттамасы
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық ерекшеліктері
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Сынып жетекшісінің қызметі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Орталықтанған кітапхана жүйесі
Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі
Тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Пәндер