Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде



Жоспар

І. Кіріспе. Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ә.Бахадурхан. «Шежіре . и түрік» шығармасы.
2.2. Қ.Жалайри. «Жами . ат . тауарих» шығармасы.
2.3. З.М. Бабыр «Бабыр.наме» шығармасы.
2.4. М.Х. Дулати «Тарихи и Рашиди» шығармасы.

Қорытынды.

Сілтемелер тізімі, пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар – қазақ тарихының дерек көзі ретінде.
Мен қарастырып отырған курстық жұмысымның тақырыбы – қазақ хандығы заманындағы тарихи шығармалар. Қазақстан тарихының дереккөзі, яғни, жаңа замандағы қазақ жұртының өткеніне шолу жасау. Менің бұл тақырыпты таңдап алудағы мақсатым, жалпы сол кездегі тарихи шығармалардың жазылу стилін, жазылудағы көзделген мақсаты мен мүдделерін қарастыру. Сондай-ақ сол кезде қазақ хандығы дәуіріне сипаттама беріп, оның ішкі, сыртқы саясаттағы көріністерін айқындап беретін қандай шығармалар болды, сондай-ақ авторларын атап өту т.с.с. мәселелерді қарастыру жатады.
Сонымен қатар осы кезеңге тиісті тарихи шығармалардың Қазақстан тарихында алатын орнын және оның қандай сипатта, қандай деңгейде жазылғанын ашып көрсету кіреді.
Тағы бір айта кететін жәйт, бұл шығармаларда сипатталатын өзгеде мемлекеттер мен хандықтардың саяси тұғырнамасына да шолу жасап өту, сондай-ақ ол мемлекеттердің Қазақ хандығына деген пиғылдары мен ұстанған позицияларын айқындау.
Ең бастысы бұл тарихи шығармалар өз заманының ең озық үлгідегі туындылары. (Шедевр)
Қазақ ханыдығы дәуірінде әсіресе, көзге ілінер ең ірі төрт тарихи шығарма болған:
25. Әбілғазы Бахадурханның «Шежіре и – түрік» еңбегі.
Бұл еңбек әйгілі ғұлама-тарихшы, есімі әлемге мәшһүр шежірені Әбілғазының (1603-1664) өз қолымен жазылған.
Әбілғазы еңбегінің маңыздылығы сонда, мұнда тек Қазақ хандығына байланысты мәліметтер емес, сондай-ақ Шыңғысхан дәуірінен бастап XV ғасырға дейінгі аралықты қамтитын тұтастай бір бөлімі бар. Сонымен қатар, Әбілғазы еңбегінің тағы бір ерекшелігі ол тек тарихшы ғана емес, сондай-ақ керемет дәрежелі генеолог. (шежіреші). Ол Нұх ғалейкуассаламнан өзі өмір сүріп отырған дәуірге дейінгі тарихи тұлғалар мен оқиғалардың шежірелік кестесін құрастырған.
Әбілғазы көбіне Алтын Орда хандығының іргесін қалаушы Бату (Сайынхан) ханнан бастап ең соңғы билешіге дейінгі генеологиялық кесте құрып кеткен.
Алтын Орда тарихынан ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақхандығы үшін де мұнда қажетті мәліметтер шаш етектен жетерлік. Өйткені, Қазақ хандығының тарихын Алтын Орда тарихынсыз көзге елестету мүмкін емес. Екінші бір тарихи шығарманы, қазақ хандығы хақында едәуір көлемде дерек кеткен Қадырғали Қосымұлы Жалайри (1555-1607). Ол Қазақтың ғұлама тарихшысы, қоғам және мемлекет қайраткері. Оның тарнақ алды туындысы – « Жами ат тауарих» яғни, сөзбе сөз аударғанда, «Шежілелер жинағы» деп аталады. Қадырғали Жалайри бабамыздың өмір жолы тіпті өте қызық. Ол тіпті, сол кезеңдегі азулы империя саналатын Ресей патшалығында өмір сүрген. 1598 жылы Мәскеу патшасының сарайында тұрған. Ол өзімен ертіп туысқан інісі Ораз Мұхамедпен осы сән-салтанат сарайында тұрған еді.
Тіпті, орыс патшасының сеніміне кіріп алғаны сондай, 1600 жылы Борис Годунов оның туыс інісі Ораз Мұхамедті Қасым хандығының ханы етіп қойды. Оған қосып, Қадырғали Жалайриді де көмекші уәзір етіп тағйындады. Осы жылдары Жалайри тек саясатпен ғана айналысып шектеліп қалмады, ендігі кезекте ол ой еңбегімен шұғылданып, кітап жазуға бел шеше кірісіп кетті. Еңбегі «Жами-ат-Тауарих» (шежірелер жинағы) негізінен дәстүр бойынша орыс патшасы Борис Годуновқа арналды. Қ.Жалайри еңбегі де қазақ хандығы тарихынан ойып тұрып орын алған хан- сұлтандар жайлы пікір қалдырды.
Бұл шығармаларда қазақ тарихына қатысты бар хандар: Ұрыс хан, Тоқтамыс, Темір, Құтлық, Қожыгерей т.с.с. арнала, бір бөлімі Ноғай Ордасының шаңырағын көтеруші Едіге батырға арналған.
Қ.Жалайри еңбегінің маңыздылығы сондай ол Ресейде баз кешіп өмір сүріп жүрсе де өз туған өлкесін ұмытқан емес. Тіпті орыс патшалығында аманатта жүгендіктен де болар ол өз еліне деген сағынышында байқатпай, өте алмаған. «Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол» деген нақыл сөз нақ осындай жәйттерге байланысты айтылған болуы керек.
Сарайшық қаласын өздеріне мекен еткен Шыңғыс ұрпақтарының өмірі мен саяси жолдарын нақтылап, жан жақты түрде пікірін білдірген алғашқы тарихшы да дән осы Қадырғали Жалайри бабамыз болатын.
Ол Сарайшықта жерленген аттары әлемге мәжһүр 7 ханның моласы алғаш рет өскелең заман тарихтарынушыларын сабақ ретінде тапсырып кеткен болатын.
Қ.Қосымұлы өз туындыларында Ресей патшалығы мен сол кезеңдеггі қазақ хандығы арасындағы демократиялық, саяси, экономика, сауда сферасындағы қарым-қатынастарға да көп дерек беріп кеткен. Сондықтанда оның шығармасы өлкеміздің, хандықтың тарихы үшін аса маңызды рольді атқарған.
Қазақ хандығы туралы аса құнды мәлімет беретін келесі бір шығарма – «Бабырнама». Бұл еңбектің орны ерекше. Өйткені, оның авторы дүниежүзіне аты әйгілі қолбасшы, жер жүзіне мұсылмандықтың ізгілік ұрығын себуші – Захириддин Мұхамед Бабыр. Ол да аса танымал ғұлама-ғалым, лирик ақын болған.
Алғашында Әмудария мен Сырдария төңірегінде үстемдік құрған ол кейін Шайбанидтерден қысым көріп, Ауғаныстан, Тибет, Үндістанға дейін жол-жөнекей сапар шегеді. Солт Үндістан жерінде ол жергілікті халықтармен тік табысып, ислам өркениетінің тамырын тереңге жайып, тарихта Ұлы Моғолдар империясы деп аталатын қуатты державаны құрып кетті.
Бабыр еңбегінде де XV ғасырдың соңы мен басы 16 ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар мен процестер толық түрде баян етілді. Әрине, бұл кезекте ол өз туған қонысы (қазақ жері) туралы баға жетпес құнды мәліметтер қалдырып кеткен.
Сілтемелер тізімі.
25. Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 291 бет.
26. Бұл да сонда 292 бет.
27. А.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы» А,1994. 199бет.
28. Бұл да сонда 203 бет.
29. Қазақ совет энциклопедиясы, 1 том, 301 бет.
30. Қазақ прозасы. Хрестоматия І, Алматы 2001. 318 бет.
31. Қ.Жалайри. Шежірелер жинағы, Алматы, 1997ж 39 бет.
32. Б.Қожабекұлы. Тарихи таным, Алматы, 1994 ж. 190 бет.
33. Қ.Салғараұлы. «Қазақтың қилы тағдыры», Жалын 1992 ж 315 б.
34. К.Нұрпейісов. «Шежіреден-тарихқа, тарихтан-ақиқатқа» Егемен Қазақстан. 9 желтоқсан. 1992ж. 4 бет.
35. Бұл да сонда. 4 бет
36. 15-18 ғ. –Қазақстан, Алматы. 1969ж. 58 бет.
37. К.Нұрпейісов. «Шежіреден-тарихқа, тарихтан-ақиқатқа» Егемен Қазақстан. 9 желтоқсан. 1992ж. 4 бет.
38. Қазақ прозасы. Хрестоматия І Алматы. 2001ж. 203 бет.
39. Бұл да сонда 214 бет.
40. Заһир-ад-дин Мұхаммед Бабыр, Бабырнама, Алматы.1993ж. 219бет
41. Б.Қожабекұлы, Қазақия, роман-эссе. Алматы 1996. 29 бет.
42. Бұл да сонда
43. М.Х.Дулати «Тарих и Рашидин». Алматы, 1999ж.
44. Мицулина К.А. «Юговосточный Казахстан в середине 14-16 в Алматы, 1977, 214 бет
45. М.Х.Дулати. «Тарих и Рашиди». Алматы 1999ж. 3 бет.
46. Б.Қожабекұлы, Қазақия, роман-эссе. Алматы 1996. 73 бет.
47. Қадырбаев А.Ш. Қазақстан, орта және орталық Азия 16-18 ғасырларды, алматы 1983 ж. 89 бет.
48. Қазақ прозасы. Хрестоматия І Алматы. 2001ж. 271 бет.
49. С.Ж.Жолдасбаев. «Қазақ хандығы тарих сахынасына қалай шықты?» Ақиқат журналы №10. 1993ж. 14 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
50. Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы 2005ж.
51. А.Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы» Алматы 1994ж
52. Қазақ совет энциклопедиясы І том.
53. Қазақ прозасы хрестоматия І том, Алматы 2001ж.
54. Қ.Жалайри «Шежірелер жинағы» Алматы 1997ж.
55. Б.Қожабекұлы «Тарихи таным», Алматы, 1994ж.
56. Қ.Салғараұлы «Қазақтың қилы тағдыры» Алматы 1992ж.
57. К.Нұрпейісов «Шежіре-тарихқа, тарихтан ақиқатқа» егемен Қазақстан 9 желтоқсан 1992ж.
58. 15-18 ғ. Қазақстан, Алматы 1969ж.
59. Захир-ад-дин Мұхаммед Бабыр, Бабырнама, Алматы 1993ж.
60. Б.Қожабекұлы, қазақия, роман-эссе, Алматы 1996ж.
61. М.Х. Дулати «Тарих и Рашиди» Алматы 1999ж.
62. Пищулина К.А. «ЮгоВост.Каз-н в серед 14-16 в. Алматы 1977
63. Қадырбаев А.:Ш. Қазақстан, орта және Орталық Азия 16-18 ғасырларда Алматы. 1983ж.
64. С.Ж. Жолдасбаев «Қазақ хандығы тарих сахнасына қалай шықты?» Ақиқат журналы №10 1993.
65. С.Ж.Жолдасбаев «Қазақ қалай халық болды?» №16, 1993ж.
66. Қазақ совет энциклопедиясы, энциклопедиялық анықтама,Аматы 1980 ж.
67. Қазақ ССр тарихы көне заманнан бүгінге дейін, 2 том Алматы 1980ж.
68. Ә.Байбатша «Қазақ даласының тарихы» алматы 1998ж.
69. Қазақ совет энциклопедиясы, энциклопедиялық анықтама, 1,3 том, Аматы 1984 ж.
70. Әбсаттар Дерчалы «Мұхаммед Хайдар Дулати» Алматы. 1999ж.
71. М.Байдолда. «Қазақстан тарихы» Алматы 1996ж.
72. «Ортағасырдағы Қазақстан тарихы» 7сын. ІІ бөлім
73. Қазақстан тарихы туралы Түрік деректемелері І том Өтемісқожы.
74. Әбілғазы «Түркі шежіресі» Алматы 1991ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе. Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ
тарихының дерек көзі ретінде.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ә.Бахадурхан. Шежіре – и түрік шығармасы.
2.2. Қ.Жалайри. Жами – ат – тауарих шығармасы.
2.3. З.М. Бабыр Бабыр-наме шығармасы.
2.4. М.Х. Дулати Тарихи и Рашиди шығармасы.
Қорытынды.
Сілтемелер тізімі, пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар – қазақ тарихының дерек
көзі ретінде.
Мен қарастырып отырған курстық жұмысымның тақырыбы – қазақ хандығы
заманындағы тарихи шығармалар. Қазақстан тарихының дереккөзі, яғни, жаңа
замандағы қазақ жұртының өткеніне шолу жасау. Менің бұл тақырыпты таңдап
алудағы мақсатым, жалпы сол кездегі тарихи шығармалардың жазылу стилін,
жазылудағы көзделген мақсаты мен мүдделерін қарастыру. Сондай-ақ сол кезде
қазақ хандығы дәуіріне сипаттама беріп, оның ішкі, сыртқы саясаттағы
көріністерін айқындап беретін қандай шығармалар болды, сондай-ақ авторларын
атап өту т.с.с. мәселелерді қарастыру жатады.
Сонымен қатар осы кезеңге тиісті тарихи шығармалардың Қазақстан
тарихында алатын орнын және оның қандай сипатта, қандай деңгейде жазылғанын
ашып көрсету кіреді.
Тағы бір айта кететін жәйт, бұл шығармаларда сипатталатын өзгеде
мемлекеттер мен хандықтардың саяси тұғырнамасына да шолу жасап өту, сондай-
ақ ол мемлекеттердің Қазақ хандығына деген пиғылдары мен ұстанған
позицияларын айқындау.
Ең бастысы бұл тарихи шығармалар өз заманының ең озық үлгідегі
туындылары. (Шедевр)
Қазақ ханыдығы дәуірінде әсіресе, көзге ілінер ең ірі төрт тарихи
шығарма болған:
25. Әбілғазы Бахадурханның Шежіре и – түрік еңбегі.
Бұл еңбек әйгілі ғұлама-тарихшы, есімі әлемге мәшһүр шежірені
Әбілғазының (1603-1664) өз қолымен жазылған.
Әбілғазы еңбегінің маңыздылығы сонда, мұнда тек Қазақ хандығына
байланысты мәліметтер емес, сондай-ақ Шыңғысхан дәуірінен бастап XV
ғасырға дейінгі аралықты қамтитын тұтастай бір бөлімі бар. Сонымен
қатар, Әбілғазы еңбегінің тағы бір ерекшелігі ол тек тарихшы ғана емес,
сондай-ақ керемет дәрежелі генеолог. (шежіреші). Ол Нұх
ғалейкуассаламнан өзі өмір сүріп отырған дәуірге дейінгі тарихи тұлғалар
мен оқиғалардың шежірелік кестесін құрастырған.
Әбілғазы көбіне Алтын Орда хандығының іргесін қалаушы Бату
(Сайынхан) ханнан бастап ең соңғы билешіге дейінгі генеологиялық кесте
құрып кеткен.
Алтын Орда тарихынан ажырамас бөлігі болып табылатын
Қазақхандығы үшін де мұнда қажетті мәліметтер шаш етектен жетерлік.
Өйткені, Қазақ хандығының тарихын Алтын Орда тарихынсыз көзге елестету
мүмкін емес. Екінші бір тарихи шығарманы, қазақ хандығы хақында едәуір
көлемде дерек кеткен Қадырғали Қосымұлы Жалайри (1555-1607). Ол Қазақтың
ғұлама тарихшысы, қоғам және мемлекет қайраткері. Оның тарнақ алды
туындысы – Жами ат тауарих яғни, сөзбе сөз аударғанда, Шежілелер
жинағы деп аталады. Қадырғали Жалайри бабамыздың өмір жолы тіпті өте
қызық. Ол тіпті, сол кезеңдегі азулы империя саналатын Ресей патшалығында
өмір сүрген. 1598 жылы Мәскеу патшасының сарайында тұрған. Ол өзімен
ертіп туысқан інісі Ораз Мұхамедпен осы сән-салтанат сарайында тұрған
еді.
Тіпті, орыс патшасының сеніміне кіріп алғаны сондай, 1600 жылы
Борис Годунов оның туыс інісі Ораз Мұхамедті Қасым хандығының ханы етіп
қойды. Оған қосып, Қадырғали Жалайриді де көмекші уәзір етіп тағйындады.
Осы жылдары Жалайри тек саясатпен ғана айналысып шектеліп қалмады, ендігі
кезекте ол ой еңбегімен шұғылданып, кітап жазуға бел шеше кірісіп кетті.
Еңбегі Жами-ат-Тауарих (шежірелер жинағы) негізінен дәстүр бойынша орыс
патшасы Борис Годуновқа арналды. Қ.Жалайри еңбегі де қазақ хандығы
тарихынан ойып тұрып орын алған хан- сұлтандар жайлы пікір қалдырды.
Бұл шығармаларда қазақ тарихына қатысты бар хандар: Ұрыс хан,
Тоқтамыс, Темір, Құтлық, Қожыгерей т.с.с. арнала, бір бөлімі Ноғай
Ордасының шаңырағын көтеруші Едіге батырға арналған.
Қ.Жалайри еңбегінің маңыздылығы сондай ол Ресейде баз кешіп өмір
сүріп жүрсе де өз туған өлкесін ұмытқан емес. Тіпті орыс патшалығында
аманатта жүгендіктен де болар ол өз еліне деген сағынышында байқатпай,
өте алмаған. Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол деген
нақыл сөз нақ осындай жәйттерге байланысты айтылған болуы керек.
Сарайшық қаласын өздеріне мекен еткен Шыңғыс ұрпақтарының өмірі
мен саяси жолдарын нақтылап, жан жақты түрде пікірін білдірген алғашқы
тарихшы да дән осы Қадырғали Жалайри бабамыз болатын.
Ол Сарайшықта жерленген аттары әлемге мәжһүр 7 ханның моласы
алғаш рет өскелең заман тарихтарынушыларын сабақ ретінде тапсырып кеткен
болатын.
Қ.Қосымұлы өз туындыларында Ресей патшалығы мен сол кезеңдеггі
қазақ хандығы арасындағы демократиялық, саяси, экономика, сауда
сферасындағы қарым-қатынастарға да көп дерек беріп кеткен. Сондықтанда
оның шығармасы өлкеміздің, хандықтың тарихы үшін аса маңызды рольді
атқарған.
Қазақ хандығы туралы аса құнды мәлімет беретін келесі бір
шығарма – Бабырнама. Бұл еңбектің орны ерекше. Өйткені, оның авторы
дүниежүзіне аты әйгілі қолбасшы, жер жүзіне мұсылмандықтың ізгілік ұрығын
себуші – Захириддин Мұхамед Бабыр. Ол да аса танымал ғұлама-ғалым, лирик
ақын болған.
Алғашында Әмудария мен Сырдария төңірегінде үстемдік құрған ол
кейін Шайбанидтерден қысым көріп, Ауғаныстан, Тибет, Үндістанға дейін жол-
жөнекей сапар шегеді. Солт Үндістан жерінде ол жергілікті халықтармен тік
табысып, ислам өркениетінің тамырын тереңге жайып, тарихта Ұлы Моғолдар
империясы деп аталатын қуатты державаны құрып кетті.
Бабыр еңбегінде де XV ғасырдың соңы мен басы 16 ғасырдың
басындағы тарихи оқиғалар мен процестер толық түрде баян етілді. Әрине,
бұл кезекте ол өз туған қонысы (қазақ жері) туралы баға жетпес құнды
мәліметтер қалдырып кеткен.
Бабырнамада қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Қасым хан
туралы, олардың саяси тактикалары мен әскери қуаттылықтарын т.с.с. тура
және дәл жағында сипаттап өткен. Сондықтан, Бабырнама біздің тарихымыздың
ақтаңдақ сырлары көп бой бұққан тұстарын ашуға көмектеседі.
Ал енді, қазақ хандығы туралы тікелей дереккөзі болып табылатые
ең үлкен тарихи шығарманың бірегейі – Мұхаммед Хайдар Дулати жазған
Тарихи Рашиди шығармасы.
Бұл еңбекте XV-XVI ғ.ғ. қазіргі Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағы туралы маңызды мәлімет көздері
беріледі. Тарихи Рашиди - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс
Түркістан, Ауғаныстан, Үндістан, Тибет елдерінің де 15-16 ғасырдағы
тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеп жүрген ғылымдар
үшін таптырмас құнды дерек көзіне айнала түсті. Сондай-ақ Мырза
ХайдарДулати Бабырдың жиені болып келеді. Екі ғұлама әрі екі туысқан
қайраткерлердің аты өшпес ерліктерін, тіпті, еңбектерін салыстырып
көрсек, ешқандай да кемшілікке көз сүріндіре алмайсыз. Керісінше екі
туынды да бір-бірінің дәлелдерін қуаттайды.
-Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осы аталған төрт ірі тарихи
шығарманың қазақ тарихы үшін беретін маңыздылығы, яғни, оның ролі.
Сонымен қатар қарастырып отырған тақырып өзекшілігіне сол кездегі
жазылған тарихи шығармаларда көріністапқан әскери қолбасшылар мен саяси
қайраткерлердің өмір жолы және жүргізген саясаттары жатады.
-Зерттеу мақсаты.
Менің осы тақырыпты таңдап алып, зерттеудегі мақсатым, бұл
тарихи еңбектердің қай жылдары жазылып, олардың жазылуына кенет стимулар
түрткі болғандығын, кейінгі замандарда бұл туындылардың қандай дәрежеге
көтерілгенін айқындау.
26. Зерттеу міндеттері.
Қалалық кітапханалар мен мұрағаттар, мұражайлардан осы тақырыпқа
сай дерек көздерін жинау, соның ішінде қажетті жерлерін жазып алу, ғылыми
құндылықтарын айқындау, одан соң осы тақырыптарда зерттеу жүргізген
ғалімдердың пікірлерін зерделей отырып, оның мәніне көз жеткізу. Мысал
ретінде тілге тиек етер болсақ, осы шығармалар төңірегінде көптеген
ғылымдар қалам тартпай қоймаған.
27. Зерттеу объектісі.
Мұндағы тақырыпқа негіз болып отырған мәселе бұ қазақ хандығы
дәуіріндегі жазылған ірі төрт еңбек шежіре и түрік, Жами -ат Тауарих,
Бабырнама, және Тарихи Рашиди болып отыр. Сондай-ақ зертеу нысанасына осы
тарихи еңбектерде зор роль ойнаған батырлар мен дарабоздардың ерлігі мен
өнегелері жатады.
28. Зерттеу әдістері.
Осы жұмысыма сәйкес, негізінен тарихи дерек көздерін, соның ішінде
осы кезеңге сәйкестендіріліп жарық көрген еңбектерді оқып шығып, оны
классификациялау, тарихи газет журналдарды іздестіре отырып, оларды да
жіктеп, сыныптап, тақырыбыма сай тұстарын анықтау.
29. Талдау әдісі
Тақырыбыма сай тарихи газет журналдарды жинаған ақпарат көздерінің
маңыздылығын және де тарихи кітаптардың өзектілігін талдау.
- Хроникалық әдіс
Жалпы осы тарихи еңбектер жазылғанна бастап, оның жазылу мерзімін,
бұл тарихи шығармалардағы мемлекет немесе әскер санын анықтау.
Сонымен қатар, осы тарихи туындылардағы негізгі цифрлық
көрсетілімдерге аса мән беру , т.с.с. Оқиғалардың, ақтаңдақ сырларын осы
тарихи еңбектер арқылы іздеп, жарыққа шақырған тұстарын көрсету тарихшы
үшін алдыңғы міндет болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ә.Бахадурхан Шежіре и Түрік шығармасы.
Әбілғазы Бахадурхан түркі халықтарының ежелгі шежіресін жазған
ғұлама-тарихшы, есімі әйгілі генеолог. Хиуа ханыда болған.
Әбілғазының Арабмухаммед Дешті Қыпшақтың ханы, Жошы ұрпақтарының
бірі болып келеді. Ал анасы Мейірбану – Арал теңізі маңайын мекен еткен
қазақ руларының ханы –Жанғазы сұлтанның қызы.
Әбілғазы Үргеніш қаласындағы Арысхан медрессесінде оқып, шығыстың
аса білікіті ғалымдарынан әлем тарихы, поэзия мемлекетті басқару мен әскери
өнері т.с.с. бойынша дәріс алған. Ол ер жеткен шағында өзі туралы .. Құдай
тағала мырзалық қылып маған біраз нәрсе берген, мен әсіресе үш түрлі өнерді
жете меңгердім. Біріншісі: - әскери өнер, яғни, әскерді басқару оның
тәртібі атты әскер мен жаяу әскерді аз не көп болғанда шабуылға қалай алып
шығу, достарымен де, дұшпандарымен де сөйлесе білу, екіншісі – ақындық
өнер, яғни, түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түркі тілінде месневи,
қасида, ғазел, фубаят сияқты өлең шығара білу, араб, парсы, түркі
сөздерінің мағынасын жетік білу, үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Туран,
монғолияны билеген патшалықтардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін,
оларда болған ірілі-ұсақы, оқиғаларды жатқа білу - деп жазады.
Арабмұхаммед хан қартайған шағында оның балалары арасында таққа
таласу күресі басталып, билікке талас ұзаққа созылып кетеді. Осындай қарулы
қақтығыстардың бірінде Әбілғазы қатты жарақаттанады. Бауырларының қолына
түссе өлетінін сезіп, ол Әмудариядан жалғыз жүзіп өтеді де, төніп келген
ажалдан қашып құтылады. Жалпы Әбілғазы жастайынан батыл, ержүрек, қайсар,
мінезімен көзге түседі. Сол үшін оның есімі Бақадур, яғни, батыр, сөзі
қосылып айтылатын болған. Әбіғазы өзбасына өлім қатері төнген кезде қазақ
әміршісі Есім хан мен Тұрсын ханды паналауға мәпсыр болады. Ақыры ағалары
1628 жылы Әбілғазыны алдап, қолға түсіріп, оны Иранға айдатып жібереді.
Сөйтіп, Әбілғазы өз өмірінің 10 жылын Исфахан қаласында өткізеді.. бұл
қапастан қашып құтылған ол біраз жыл бойы түркімен және қалмақ ауылдарында
бой тасалап жүреді.
Арал қазақтары 1645 жылы Хиуа хандығына қарсы көтерілісте жеңіске
жетіп, Әбілғазыны Хиуа ханы деп жариялайды. Әбілғазы хан тағына отырған
жылдарда көптеген игі істер жасайды. Ол алпыс жасқа келгенде хандық билікті
баласына – Анум Мұхаммедке беріп, енді өзі ата-бабаларының шежіресін жазуға
кіріседі. Сонымен Түркі шежіресінің жазылу тарихи туралы Әбілғазы: бұл
тарихты жазуды бір кісіге тапсырарлық деп ойлап едік, мол бақытты кісі
таппадық. Сондықтан Жетім өз кіндігін өзі кесер дегендей, өз тарихымызды
өзіміз жаздық. Адам атадан бұл кезге шейін, есебін бір құдайдың өзі біледі,
патша бірде-бір әмір, бірде-бір ауылды билеуші өз тарихын өзі өзі жазған
емес. ешкім жазуға бата алмаған бұл кітапты жазғанда мен пақыр жалған
айтуды не өз кемшілігімді жасыруды мақсұт еткен екен деп ойлай
көрмеңіздер - деп жазады.
Әбілғазы жазған екі шежіре сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Олардың
бірі – Түкмен шежіресі, ал екіншісі Түрік шежіресі деп аталады.
Түрік шежіресінде Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және
одан кейінгі дәуірлердігі Орта Азия мен Қыпшақ даласында, таяу шығыста
болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен
оның ұрпақтары шежіресін сөз ете отырыап Әбілғазы негізінен түркі тектес
халықтардың тарихына көбірек назар аударған. Кезінде академик Х.Френ Түрік
шежіресін аса жоғары ғылыммен еңбегі ретінде бағалай келіп, бұл шежіре
Ресей мұсылмандарына өз ата бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана
қоймайды. Олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс деп
жазған.
Түрік шежіресі XIX ғасыр неміс тіліне (шенстрем) одан кейін
француз тіліне, бертін келе орыс тіліне (тредиаковский) аударылып, бірнеше
рет Еуропада жеке кітап болып шығуына кезінде Ресейдің атақты графи-
Н.И.Румянцев тікелей өзі қамқоршылық жасағаны мәлім.
Қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей
қатысты түрлі жазба жәдігерлер ішінен Түрік шежіресі ерекше орын алады.
Бұл шежіре тоғыз баптан (тараудан) тұрады. Шежіренің 1-2 баптары адам
атадан бастап Шыңғыс ханға дейінгі оқиғалар, 3-6 бапта әлем әміршісінің
Үгедей, Шағатай, Төле деген ұрпақтарының Мауеренахр, Иран, Қашқар жерінде
билік жүргізді. Ал 7-9 баптарында Жошы хан мен оның ұрпақтарының Дещті
Қыпшақта, Тұранда, Қырымда, Мауеренахрда, Хорезмде патшалық етуінің тарихы
баяндалады. Әбілғазы шежіресінде қазақ халқының этникалық құрамына енген
рулар мен тайпалардың ежелгі тарихы, олардың байырғы әдет-ғұрпы, салт-
санасы, мәдениеті, өнер т.б. туралы көптеген құнды деректер бар.
Түрік шежіресі күні бүгінге дейін тек тарихи мұра ретінде қаралып
келеді. Ал кезінде ол тек шежіре ғана емес, сонымен қатар өз дәуірінің
көркем туындысы саналған. Иә, кезінде шежіре жазуды өзіндік, көркемдік
дәстүрлі болған. Мұнда қара сөздің өзі оқуға жеңіл болатындай етіп, ішкі
логикалық ұйқасқа, белгілі бір ырғақ пен екпінге құралған. Мұның өзі
шежіренің көркемдік, эмоциялық әсерін күшейте түсетін болған. Бұл сөзімізге
Түркі шежіресінен бір ғана мысал келтірейік. Меңлі хан тағы бірнеше
иллар ет жиып, оны жеп,кимиз ичип, айдег, күндег сулуларни кучип, сынаптай
иорғаларни минип, көңлі тиген иелерге учип, ол дуниеге кетти.
Демек, Әбілғазы шежіресінің қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік
орны бар. Түрік шежіресінің қазақ тарихына тікелей қатысы бар жетінші
бабын оқырманға толық күйнде ұсынып отырмыз.
...Жошы ханның анасының аты – Бөрте қомын еді. Ол екіқабат кезінде
Шыңғысхан жоқта меркіт халқының ханы шыңғыстың үйін тапты. Бөрте қошынды
олжа қылыпалып кетті. Ол ханның қатыны Бөрте қошағының жеңешесі еді. Оң хан
мен Меркіт ханның арасында достық бар еді. Оң хан Бөрте қошынды сұратып
алып, шыңғыс ханға жіберді. Өйткені Шыңғыс хан мен Оң хан әкесі Есугей
баһадур дос еді. Бөрте қошын жолда Жошыны туды. Ол жерде баланы салып алып
жүрер ештеңе болмағандықтан, қамырдан қорап жасап, соның ішіне салып алып
келді. Шыңғыс хан баланы көріп, қатты қуанды, бізге Жошы келді деді. Монғал
тілінде жошы деп жаңа келген қонақты айтар еді, сол себепті атын Жошы
қойды. Есте болса, Жошы хан әкесінен бұрын өлді, ол жөнінде Шыңғысхан
Жошының өлгенін естіп, қатты қайғырып, аза тұтты. Ол уақытта мемлекет
маслихатында балаларымен әмірлеріне өсиет және насихат айта бастады. Аза
тұтып біткен соң, өтішкенге : Сен Дешті Қыпшаққа бар, Жошы ханның екінші
баласы Бату, лақабы Сайынхан, соны әкесінің орнына отырғызып, інілерімен
әмірлерді соған бағындыр. Егер інілері мен әмірлер сенің сөзіңді тыңдамаса,
өзің аңда қалып маған хабарла, біз сенің айтқаныңды ітейміз деді. Өтшікен
Жошының ұлысына жақындағанда, Бату хан хабар алып, інілері мен балаларын
алдынан жіберді., өзі олардың артынаншықты. Өтшікенмен көрісіп, қазаны аза
қылды. Үш күннен соң Өтшікен Батуды әкесінің орнына таққа отырғызып, Бату
ханның інілері мен әмірлеріне Шыңғыс ханның айтқан сөздерін жеткізді.
Барлық халық оны қабыл қылды. Одан соң монғаол рәсімімен ұлық той жасап,
Батуға аяқ берді. Бату оларға аяқ берді, көп сыйлықтар үлестірді. Дәл сол
кезде Шыңғыс хан өлді деген хабар мен шапқыншылар келді. Бүкіл халық аза
тұтып жыласты. Азадан қайғыдан кейін, Бату мемлекетін кіші інісі Тоқай
темірге тапсырып, бес інісімен қосылып, Өтішкен бәрі Шыңғыс ханның тағы
орналасқан Қарақорым тарапына аттанды, келіп қаоақорымда барша әмірлер мен
хандарға қосылып, үлкен аза тұтты. Азадан айыққан соң Бату хан және басқада
бекзадалар Шыңғысханның өсиетін орындап, Үгедей ханды таққа отырғызып, ұлық
той қылып ханға аяқ берді, хан ханзадаларға аяқ берілді. Қазынаның кілтін
ашып, соншалықты көп сый-сыяпат үлестірілді ешбірі сыйлықсыз қалмады, бәрі
қарық болды.
Қытай мемлекетінен бірнеше жұрттың билеушілері жау болып еді.
Үгедей хан ол жаққа жүрмек болды. Бату ханға бұл сапарға менімен бірге
аттанайық деп хүкім қылды. Бату хан бес інісімен бірге аттанды. Ол сапарда
хан бұл жұрттардың баршасын талқандап, қайтып, Қарақорымға келді. Бату
ханды Орыс, Шеркес, Бұлғар және басқа қалаларға жұмсады, өзінің ұлы Күйік
ханды, Төле ханның ұлы Лянку ханды және Шағатай ханның ұлы Байдарды бұл
сапарда Батуға қызмет қылыңдар және көмек беріңдер деп Батуға қосты. Бату
хан бұлармен бірге өзінің ордасына келді. Батудың інісі Тоқай Темір бұл
жамағатты үш күн қонақ етті. Бұдан кейін Бату хан оларды қырық күн бойын
қонақтады. Одан кейін әскери жимаққа әр жаққа хабаршылар жіберді. Аз ғана
мерзімдер есепсіз көп әскер жиылды. Есте болса, Жошы хан Дешті Қыпшақта Көк
орда деген жерде тұратын. Бату ханның Мажар, Башқұрт, орыс, неміс жұрттарын
бағындарғаны және өзінің опаты болғаны жайлы кейінірек айтылады.
Бату ха өлген соң, Менку қаған оның ұлы Сартақ хан қйды. Ол хандық
билігіне кіріспестен бұрын қаза болды. Одан соң оның інісі Олақшыны хан
қылды. Олақшы да аз тұрып опат болды. Бүрге хан болғаннан соң ұлық той
жасады. Көп сыйлықтар берілді. Барлық аға-інілеріне Бату хан бағындырған
ұлыстарды бөліп берді. Одан соң құдай тағала бір күні Бүрге қағанның
көңіліне мұсылмандықтың ұрығын сеуіп, өз дініні бос нәрсе екенін білдірді.
Кейін ағасының салдырған сарайшық атты шақарына барды. Мұнда Бұқардан
керуен келіп ішінен екі жақсы кісіні бір аулақ жерге шақыртып,
мұсылмандықтың шарттары мен тарихын сұрады. Бұл кісілер мұсылманшылықты
жақсылап баяндап берді. Одан соң кіші інісі Тоқай Темірді шақыртып, бұл
сырын оған айтты. Ол және мұсылман болды. Кәпір болған кісілермен
жамандасты. Ақыры 664 жылы ол дұниеден өтті. Патшалық өмірі жиырма бес
жылға созылған еді.
Бүрге хан өлген соң Мөңке темір хан болды. Бату хан дәстүрі мен
аға-інілері ұлыстарды бөліп берді. Ақ орда деген мемлекет Шайбани ұлы
Баһадурханға берді, құм уалиятын Оран Темірге тапсырды.
Оран Темір Тоқай Темірдің баласы еді. Өзі Бұлғар мемлекетіне
аттанды. Екі жылдан кейін қайтып келіп, сансыз әскерімен Абақа хан үстіне
аттанып, Ирак мемлекетіне барды. Абақа ханмен жарасып, қайтып келді. Бір –
біріне үнемі сыйлықтар жіберіп отырды. Хижраның 680 жылы Абақа хан қайтыс
болып, оның орнына Ахмет хан мұсылман еді. Бінеше уақыттан кейін Абақа
ханның ұлы Арғұн ханның қолынаншейіт болды. Арғұн патша болды. Дешті
Қыпшақта Мөңке Темір Арғұн ханның патша болғанын естіп, Тоқай және
Теріктай деген екі бегін бас қылып, 80000 кісіні Арғұн ханның үстіне
жіберді. Арғұн хан хабарды естіп, ӘІмір Тоғажар дегенді сансыз көп
әскерімен ілгері жіберді, өзі оның артынан аттанды. Екі әскер Қарабах
үстінде соғысты. Меңку хан әскері жеңіліп қашып кетті. Мұны естіген ол құса
болып өлді. Одан соң Меңку патша болды. Меңкі залым, дарынсыз адам еді.
Тоқтағу хан оның залымдығынан қашып кетті. Біраз уақыттан соң көп әскер
жиып, келіп, Меңкумен соғысты. Меңкуді өлтіріп, өзі патша болды. Көп жұртты
бағындырып, ата дәстүрімен көп іс тындырып, ақыры бұл дүниені тастап, ол
дүниеге кетті. Патшалығы 6 жылға созылды. Сарайшықта жерленді. Тоқтағу хан
өлген соң, Өзбек хан болды. Елді он үш жасында ата-баба дәстүрімен
басқарды. Әркімнің мәртебесіне қарай құрмет кұрмет көрсетіп, сыйлықтар
берді. Елдің ұлыс-ұлысын исламға кіргізді, халықтың дәулеті артты. Одан соң
Жошы елі Өзбек елі атанды. Екі рет иран жұртына Әбусағит үстіне жүргенімен,
Иранды ала алмады., ақыры ажал жетіп, қаза болды.
Өзбек өлген соң, оның ұлы Жәнібек хан көтерілді. Жәнібек хан
таңғажайып мұсылман патша болды, өзін ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді.
Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтады. Темірташ ұлы
Мәлік ашраф ол кезде азербайжан патшасы еді, ол өзі сондай пысық, әрі залым
еді. Сондықтан азербайжанның игі , жақсы адамдары жан-жаққа қашып кетті.
Қазы Мұхит деген адам Сарайшыққа қашып келді. Ол күнде уағыз айтатын еді.
Қазы Мұхитдин Жәнібек ханға келіп: Егер Мәлік ашрафтан біздің кегімізді
алып бермесең, ертең қиямет күні біздің қолымыз сіздің етегіңізге тиеді, -
деді. Ханға бұл күш әсер етті. әскер шақыртып, Мәлік ашрафтың үүстіне
аттанды, оны жеңіп, өлтірді, оның төрт жүз түйе лағы мен жауһарын, өзге де
дүние мүлкін өз әскеріне үлестіріп берді. Ұлы Бердібекті Азербайжанға әкім
етіп, өз жұртына қайтып келді. Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды.
Хан: Енді мен бұл аурудан жазылмаймын - деп, Әзірбайжандағы ұлы
Бердібекті шақыртты. Ол қайтыс болар алдында халқын жиып, оларға көп
насихаттар айтты. Хижранның 758 жылы қайтыс болды. Он жеті жыл патшалық
құрғанол Сарайшықта жерленді.
Тебризден Бердібек келіп үш күн аза тұтып, азадан соң барлық
ханзадалар мен әмірлер Бердібекті хан көтерді. Бердібек өте залым, пысық,
іші қара адам еді. Аға-інісі, барлық туыстарын ешкімін қалдырмай, бәрін
өлтіртті. Ақыры патшалығы ұзаққа созылмай, екі жылдан соң, 762 жылы опат
болды. Сайын хан әулеті Бердібекпен аяқталды. Өзбек ішінде Нар мойынды
Бердібекте кесілді деген сөз бар. Бұдан соң Жошы ханның өзге балаларының
әулеті патшалық құрлы.
2.2. Қ.Жалайри Жами-ат тауарих шығармасы (Шежірелер жинағы).
Қадырғали Қосымұлы Жалайри (1505-1607) – қазақтың ғұлама тарихшы,
қоғам және мемлекет қайраткері. Ата-бабасы Қарахан әулеті билік жүргізген
кезден бері ұдайы ханның кеңесшілері, уәзірлері, әскери басшылары болып,
аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып келген. Қадырғалидың әкесі Қосым
кезінде бек дәрежесінде болып, ал атасы Телішік майдандағы ерлігі үшін
батыр атағын алғаны мәлім.
Қадырғали Жалайри алғашында хан ордасында қызмет етіп, ханның
кеңесшісі, хан балаларының тәрбиеші – ұстазы болған. Қалмақ шапқыншылығы
кезінде Шығай ханның баласы (Тәуекел ханның інісі) одан сұлтан қаза табады.
Қадырғали әкесіз қалған он үш жасар Ораз Мұхамедті ертіп, бүкіл ауыл аймағы
мен Сібір ханы Көшімнің қармағына көшіп барады. Көшімхан бірден Қадырғалиды
төбе би етіп тағайындайды. Қосым би ұдайы Ораз Мұхамедті жанында болып, оны
өз баласындай тәрбиелеп өсірді.
Қ.Жалайри – Шығыс тарихы мен әдебиетін, мәдениеті мен салт-санасын
терең меңгерген, араб және парсы тілдерін жетік білетін зиялы, ғұлама жан
болған. Оның даналығы мен ғалымдығына көзі жеткен Көшім хан көп ұзамай-ақ
Қадырғалиды өзіне кеңсші етіп алады. Кейінірек, ол Көшім ханға қарсы шығып,
Сібір князы Сейдақтың да ақылғой- кеңсшісінің бірі болған. Қыдырғали
Қосымұлы, Ораз Мұхамед және Сейдақ – үшеуі бірге жиі-жиі аңға шығып,
серуендейтін болған. Осындай күндердің бірінде (1588) Ертіс өзені бойында
саясатшылық құрып жеткен осы үш қазақты Сібір Воеводы Д.Чулков әдейі аңдып
жүріп қапаста тұтқындайды. Сосын үшеуі де үй ішімен аманат ретінде
Мәскеуге патша сарайына жіберіледі. Сонымен Қадырғали Жалайри 1598 ж дейін
Мәскеуде патша сарайында тұрды. Ал Ораз Мұхамед Ресейдің 1590-1591 ж. Қырым
хандығына, Шведтерге қарсы соғыстарына білікті әскери адам ретінде қатысып,
сан рет ерлік көрсетті. Адалдығы мен ерлігі үшін сол кездегі орыс патшасы
Феодор Иванович (И.Грозныйдың ұлы) 1592 ж. Ока өзені бойындағы Қасым
хандығынан Ораз Мұхамед сұлтанға арнайы жарлықпен арнайы жер бөліп берді.
Ресей патшалығы кезінде Қазан хандығына қарсы күрес жүргізу мақсатымен Ока
өзені бойынан Касымовскяая царство деп аталатын княздық құрғаны мәлім.
Алғашқы ханы Қасымның есім бойынша солай атанған. Орталығы- Кермен қаласы
еді. Ресей құрамындағы бұл патшалықты Қыпшақ хандарының әулеттері билеп
келді. Орыс патшасы Б.Годунов 1600ж. өз жарлығымен Ораз Мұхамедті осы Қасым
хандығының ханы етіп қойды. Сол жарлығы мен патша Ораз Мұхамедке төрт уәзір
тағайындаған баолатын. Соның бірі Қ.Жалайри еді. Орыс патшасы Б.Годунов
Мәскеуде Ораз Мұхамедке қандай зор қошемет көрсеткенін, тарихшы Қадырғали
Жалайри өзінің Шежірелер жинағында егжей тегжейлі баяндаған. Сөйтіп, 1600
ж. Ғана Қ.Жалайри тікелей ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік алады. Сол
жылы Қасым патшалығында ол өзінің Жами –ат тауарих атты тарихи еңбегін
жазуды бастап, оны 1602ж. Толық жазып бітті. Бұл кітап сол кездегі дәстүр
бойынша орыс патшасы – Б.Годуновқа арналды.
Қ.Жалайридің бұл еңбегін Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайындағы,
сондай-ақ Қазақ хандығы туралы шежіре деуге болады. Алайда Шежірелер
жинағының алғы сөзінде атап көрсетілгендей-ақ, Қазақстан тарихы үшін аса
маңызды бөлігі-3-ші, яғни бұрын-соңды ешқандай автордың еңбегінде
жазылмаған тың тарихи мәлеметтер берген соңғы бөлімі. Ол тоғыз дастаннан
тұрады. Олардың сегізі Шыңғыс хан ұрпақтарының ішіндегі Қазақстан тарихына
қатысы бар хандар: Тоқтамас, Темір құтылық, Ұрысханұлы, Қаже-Керей, Қажы
Мұхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, Ораз Мұхамед және басқаларға арналған, ол бір
дастаны Алтын Орда тарихындағы ең ірі біртұлға – Едіге биге арналған. Жәми-
ат тауарих сол дәуірдегі дәстүрдің дәстүрлі бойынша әдеби түркі тіліндегі
жазылған. Соған орай, автор қазақ тілінің зор мүлкіндіктерін, нақыл
сөздерін шынайы қаламгерге тән шеберлікпен пайдалана білген. Мұнда қаламгер
қара сөздің өзін жыр толғауға ұқсатып, жиі –жиі қайталанып оырған.
Қ. Жалайри шығармасының көркемдік дәрежесін, әдеби құнын дәлелдеу
үшін шежіреден бір ғана мысал келтірейік; Жеми-ат тауарихта орыс патшасы
Б.Годуновқа арналған мындай мадақтар жолдары бар: Жумлят алькристиян падия
хазрат пари Борис Федурауч улуғ ақхан дур... айналасы алты хан, төгірегі
төрт хан, дунияның төрт бурчын биляган хан, халайқын адллік білан сураган
хан, иәтім ләр, га рахим қылып, чығайларна тойдырған хан,қыш уа йаз, ай уа
йыл хазина да бар малын хақ йолында ихсан қылған хан, йеті ықлым кәшур ны
алған хан. Міне осы мадақтау өзінің композициялық құрылымы тұрғысынан сол
кездегі жыраулар поэзиясын еске түсіреді. Мұнда қара сөздің өзі өзі бейне
бір жыр-толғау, секілді ырғақты, ұйқасты болып келген.
Сонымен, Жами – ат тауарих тарихи тақырыпта жазылған ғылыми
еңбекхана емес, сондай-ақ бірге өз дәуірінің әдеби дәстүрінде өмірге
келген, көркем сөз үлгілерін шеберлікпен пайдаланған туынды деуге болады.
Енді Жами-ат тауарих туралы толық түсінік алу үшін Қ.Жалайри
шежіресінің Ораз Мухамед хан дастаны деп аталатын бөліміне тоқтала
кетелік. Ораз Мұхаммед Ондан сұлатұлы, Шығайханұлы, Жәдікханұлы,
Жәнібекханұлы, Барақханұлы, Құйыршықханұлы, Ұрысханұлы туралы дастандар.
Ораз Мұхаммедтың барлық ата –бабалары, туыстары мен бір дастанда
жазылған. өйткені, Ұрысханнан Жәнібек ханға дейін төотінші буын еді.
Жәнібек ханның оғландарын (ұлдарын) бұл заман тағы еске алады. Оның
ұлдарынан немерелеріне дейін тарқалып, өз уалиаттарында патшалықтарын құрып
билік етті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Тауарих хамсада тарихи - этнографиялық деректердің орын алғанын, қазақ халқының күнтізбесіне байланысты мәліметтердің кездесетінін
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ фольклорының тарихы
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар - қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Жыраулар шығармашылығы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Пәндер