Классицизм дегеніміз не?



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Негізгі бөлім
1. Классицизм дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Батыс Еуропадағы әдеби ағым . классицизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Әдеби жанр туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Классицист жазушы Мольердің туындысындағы классицизимнің ерекшелігі неде? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Ағылшын классицисті Джон Драйденнің өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Джон Драйденнің шығармашылығы мен театрға сіңірген еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Ұлағатты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Ағылшын буржуазиясы өзінің алғаш дамуында патша билігін қолдаған болса, XVII ғасырдан бастап, абсолюттік монархия капиталистік өндірістің дамуын тежеді. Буржуазия ендігі кезекте ақсүйектердің билігімен келісе алмады.
Елизавета билік құрған жылдары буржуазия ақсүйектік, әрі шіркеулік құрылыммен қүресін бастап, Стюарттар династиясы елді басқарған шақта бұл күрес үдей түсті. Карл I жүргізген саясат 1642 жылы азаматтық соғысына алып келіп, патшаның өлімімен аяқталды. 1679 жылы Англия республика болып жарияланды. XVII ғасырда Англияда саяси және діни күрес жүріп жатты.
1658 жылы Оливер Кромвельдің дүниеден өтіп билікке Карл II келіп жатқан тұста классицизм бағытының мақұлданануы жүріп жатты.
Классицизм Италияда пайда болып, Францияда кең етек жайған ағым ретінде таныс. Классицист жазушылар антикалық әдебиетке сүйене отырып, батырлық одалар, мысалдар, трагедиялар, эпикалық поэмалар жазумен айналысады.
Менің аталған тақырыпты таңдауымның себебі, мен үшін өз бойына үш бірлік ережесін бағындыра отврвп, қарапайым халықты да, король мен сарай маңындағыларды да, олардың өмірі мен күнделікті тіршілігін қатар суреттей алуында.
Реставрация кезіндегі ағылшын классицизмінің көрнекті өкілі Джон Драйденнің шығармашылығымен танысу мен үшін қызық болды. Драйденді қүллі әлем әйгілі драматург, белгілі сатирик, аудармашы ретінде таниды. Оның “Драмалық поэзия туралы тәжірибесі” атты әдеби – критикалық туындысындағы ағылшын әдебиетінің ірі жазушылары Чосер, Спенсер, Шекспир, Бомонт, Флетчерлердің шығармашылығына түңіле отырып, берген бағасы құнсыз болып есептелінеді.
Міне, осы екі тақырыпты бүгінгі курстық жұмысымда барынша қамтуға тырысамын.
1. А. Л. Штейн «Француз әдебиетінің тарихы», Мәскеу, 1987 жыл

2. Н. Гуляев «XVII – XVIII ғасырлардағы әдеби бағыттар мен тәсілдер», Мәскеу, 1986 жыл

3. Әдеби сөздік, Мәскеу, 1989 жыл

4. И. Анисимов «Классиканың дамуы», Ленинград, 1979 жыл

5. http://www.5ballov.ru

6. http://www.google.kz

7. http://www.wikipedia.com

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Негізгі бөлім
1. Классицизм дегеніміз
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Батыс Еуропадағы әдеби ағым –
классицизм ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Әдеби жанр
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Классицист жазушы Мольердің туындысындағы классицизимнің
ерекшелігі
неде? ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .13
2. Ағылшын классицисті Джон Драйденнің
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Джон Драйденнің шығармашылығы мен театрға сіңірген
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Ұлағатты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

ДЖОН ДРАЙДЕН (1631 – 1700)

Кіріспе

Ағылшын буржуазиясы өзінің алғаш дамуында патша билігін қолдаған
болса, XVII ғасырдан бастап, абсолюттік монархия капиталистік өндірістің
дамуын тежеді. Буржуазия ендігі кезекте ақсүйектердің билігімен келісе
алмады.
Елизавета билік құрған жылдары буржуазия ақсүйектік, әрі шіркеулік
құрылыммен қүресін бастап, Стюарттар династиясы елді басқарған шақта бұл
күрес үдей түсті. Карл I жүргізген саясат 1642 жылы азаматтық соғысына алып
келіп, патшаның өлімімен аяқталды. 1679 жылы Англия республика болып
жарияланды. XVII ғасырда Англияда саяси және діни күрес жүріп жатты.
1658 жылы Оливер Кромвельдің дүниеден өтіп билікке Карл II келіп
жатқан тұста классицизм бағытының мақұлданануы жүріп жатты.
Классицизм Италияда пайда болып, Францияда кең етек жайған ағым ретінде
таныс. Классицист жазушылар антикалық әдебиетке сүйене отырып, батырлық
одалар, мысалдар, трагедиялар, эпикалық поэмалар жазумен айналысады.
Менің аталған тақырыпты таңдауымның себебі, мен үшін өз бойына үш
бірлік ережесін бағындыра отврвп, қарапайым халықты да, король мен сарай
маңындағыларды да, олардың өмірі мен күнделікті тіршілігін қатар суреттей
алуында.
Реставрация кезіндегі ағылшын классицизмінің көрнекті өкілі Джон
Драйденнің шығармашылығымен танысу мен үшін қызық болды. Драйденді қүллі
әлем әйгілі драматург, белгілі сатирик, аудармашы ретінде таниды. Оның
“Драмалық поэзия туралы тәжірибесі” атты әдеби – критикалық туындысындағы
ағылшын әдебиетінің ірі жазушылары Чосер, Спенсер, Шекспир, Бомонт,
Флетчерлердің шығармашылығына түңіле отырып, берген бағасы құнсыз болып
есептелінеді.
Міне, осы екі тақырыпты бүгінгі курстық жұмысымда барынша қамтуға
тырысамын.

Классицизм (латынша - үлгілі) ХVII ғасыр мен ХIХ ғасырлар арасындағы
еуропалық әдебиет пен өнердегі эстетикалық бағыт, әрі көркем стиль. Оның
басты ерекшелігі антикалық әдебиет пен өнердегі образдар мен формаларды
қолдану болып есептелінеді.Италияда кең өріс алған Қайта өрлеу кезінде
классицизмның поэтикасы қалыптаса бастады, бірақ бұл ағым толық өзіндік
жүйе ретінде ХVII ғасырда Францияда абсолютизмнің пайда болып, одан әрі
дамуы кезінде қалыптасты. Классицизмнің поэзисы мен поэтикасын
қалыпптастырушы Ф. Малерб болатын. Тіл мен өлең шумақтарының рефорамсын
жүргізу сол кезде Францияда әйгілі болған Француз академиясына жүктелді.
Франциялық классицизмнің поэтикасының қалыптасуы буржуазия және
буржуазиялық әдебиетпен күресу нәтижесінде одан ары қарай дамыды. Н.
Буалоның “Поэтикалық өнерінде” классицизмнің толық анықтамасы берілді.
Қайта өрлеудегі әдет – ғұрыптарды жалғастыра отырып, Буало ежелгі дәуір
алдында бас ию, ақыл – ой мен санаға сену, гармонияны ұстап тұру сияқты
қындылықтарды жоғары бағалаған.
Классицизм үшін эстетикалық құндылыққа тек қана уақыт жатты. Әрбір
құбылыста классицизм соған тән қасиеттерді іздестірді. Классицизмнің
эстетикасы қатал иерархияны орнатты: жоғарғы және төмен. Жоғарғы жанрға
трагедия, эпопея, ода жатады. Оның сферасына мемлекет өмірі, тарихи
оқиғалар, мифологиялық әңгімелер жатады, ал оның басты кейіпкерлеріне
шіркеу қызметкерлері, әскери қолбасшылар және мифологиялық персонаждар
жатады. Төменгі жанрға комедия, сатира, мысалдар жатады. Мұнда орта топтағы
адамдардың күнделікті өмірі мен іс - әрекеттері суреттеледі. Әрбір жанрға
тән қатал шектеулер мен формальды көріністерге ие. Екі жанрдың, яғни
жоғарғы және төменгі жанрлардың , трагедия мен комедияның өзара араласуына
жол берілмейді.
Классицизмнің басты жанры болып трагедия саналады. Оның негізгі
ерекшелігіне ғасырдың басты қоғамдық және адамгершілік проблемаларының
шешілуі жатады.
Францияда төменгі жанрлар дамыған болатын, соның ішінде атап өтсек,
мысал (Ж. Лафотен), сатира (Н. Буало), комедия (Ж. Мольер). Дәл осы төменгі
жанрларда образ тарихи және мифологиялық әңгімелерді емес, қазіргі кездегі
реалистік бастаманы баяндауға негізделеді. Классицизм төңірегінде прозада
дами бастайды. Соған мысал ретінде материалист Ф. Ларошфуко, Б. Паскаль, Ж.
Лабрюйертердің прозалары мен Мари Мадлен Лафайеттің психологиялық романы
кіреді.
ХVII ғасырда дамуы сәл тежелген классицизм Ағартушылық дәуірінде
қайтадан белсенді дами бастады. Осы аталған мерзімде классицизм
ағартушылық реализммен қатар дамиды. Алайда классицизм ХХVIII ғасырдың
аяғына таман басты қолданысқа ие ағымға айналады.
Француз классицизмінің әсерімен ағым Еуропа елдерінің көпшілігінде де
дамыды. Соның ішінде Англияда (А. Поп, Дж. Аддисон), Италияда (В.
Альфьери, У. Фосколо), Германияда (И. К. Готшед) болған. Готшедтің
шығармалары классицизмнің барлық ережелеріне жауап бермейді. Тек ХХVIII
ғасырдың II жартысында ғана нағыз герман классицизмі қалыптаса бастады.
Оның шығармаларында бірінші орынға эстетикалық проблемалар қойылды. И. И.
Винкельман, И. В. Гете, Ф. Шиллер сияқты жазушылардың шығармаларында нағыз
классицизм көрініс тапты.
Ұлы француз революциясынан кейін классицизмнің тоқырауға ұшырауына
романтизмнің дамуы өз септігін тигізді. Соған қарамастан, классицизм ХIХ
ғасырдың 30 жылдарына дейін қолданыста болды.
Классицизм еуропалық өнердегі ірі ағымға айналды. Өнер мен әдебиетте
қоғамдық эстетикалық көзқарастарды нақтылай түсу үшін антикалық әдебиетке
сүйенді. Классицизмнің пайда болуына негіз ХVI ғасырдың екінші жартысында
кейінгі Италияда Қайта Өрлеу дәуіріндегі А. Палладио, Виниьоль, С. Серлио
секілді әдебиет пен өнердің өкілдерінің жемісті жұмыстарының нәтижесінде
жүзеге асты. Аталған адамдар антикалық өнер мен әдебиеттің туындыларын
қатал бір формаға келтіруге тырысты. Францияда ХVII ғасырдан бастап
классицизмнің қалыптасуының алғы шарттары пайда болды. Қоғамдық міндеттерін
толық атқарып, өз қызығушылықтарын ұмытып, заңдылықтарға бас иген азаматтар
классицизмнің қаһармандарына айналдырды. Антикалық және ренесанстық өнер
туындылары қолданысқа ие болды.
Классицизм Версаль сарайының архитектурасында көріне бастуына Ш. Лебрен, Ф.
Жирардон, А. Куазевокс септігін тигізді.

Батыс Еуропаның басты әдеби ағымы - классицизм

Әр стиль бір ған суреткердің өнеріне тән ерекшелік. Ал осындай өнер
ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерлерге тін болуы мүмкін. Міне,
әдебиағымды осы тұрғыдан түсіну керек.
Ағым – бірнеше жазушыларға тән творчестволық бірлік. стиль әр
жазушының дара қасиеті болса, ағым әр жазушылардың стиль жалқыға тән ұғым
болса, ағым жалпыға тән, стиль әр жазушының әдеби беті бұрысы болса, ағым
әр жазушының әдеби бағыты. Бір топ жазушының бір алуан шығармашылығында
ұқсас сипаттар,сыбайлас сырлар, бір топ жазушылардың бүкіл суреткерлік
өнеріндегі уақыт пен кеңістікке сай идеялық – көркемдік бірлікке әкеледі.
Дәл осы бірлік - әдеби ағым. Әрбір әдеби ағым әр дәуірдегі идеологиялық
күрестің әдебиеттегі көрінісі.
Әдеби ағым – тарихи категория. Жалпы қоғамдық дамуының белгі кезеңдегі
белгісі саяси - әлеуметтік сипатарына сәйкес туады да, сонымен дамып,
сонымен жоғалып отырады.
Әлем әдебиетінде әдеби ағымдар өмір сүру кезеңіне қарай бірнеше түрге
бөлінеді. XVII ғасырда Батыс Еуропа әдебиетінде үш әдеби ағым болды.
• Барокко
• Ренесанстық реализм (Лопе де Вега)
• Классицизм
Соның ішінде менің қарастыратын тақырыбым әлемге Джон Драйден секілді
ұлы тұлғаны таныттырған классицизм ағымы.
XVII ғасырдың аяғында туып, XVIII ғасырдың ортасында дейін өнердің
бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде кең өріс алған ағым – классицизм
(латынша үлгілі) Классицизмнің отаны Италия болып есеплелінеді. Батысқа
кең тараған жері – Франция.Әдебиеттегі классицизм ежелгі Греция мен Римнің
классицизмнің әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классизизмдердің қаламынан
туған шығармалардың негізгі тақырыбы – ел өмірінде елеулі, ірі тарихи
оқиғалар. Негізгі идеясы – елдердің елдігін батырлардың, патшалардың қанды
жорықтары мен патшалардың дүрбелең саясаты. Негізгі қаһармандары –
қарапайымдар емес, қастерлілер, яғни корльдерлер мен батырлар.
Классицизмнің негізгі принциптері:
• Адам немесе жеке тұлғаның өз өмірі емес, оның қоғамдағы,
мемлекеттегі орны, яғни барлығымызға ортақ
• Міндетті түрде антиктік дәуір мен Мифологниялық сюжеттер қолдану
керек. Классицизмнің негізгі тақырыбы – Аристотель поэтикасы,
Горицийдің Поэзия ғылымы еңбектері арқылы қалыптасқан.
• Әдеби шығармалардың негізі сана деп есептелінеді. Олар нақтылыққа
сүйенді. сол себепті әдеби ережеге, заңдарға, нормаларға көп көңіл
бөлінеді.
• Әдеби жанрлар арқылы шекара көрсетіледі. Ол екіге бөлінеді:
1. жоғарғы
2. төменгі
• Жоғарғы жанр трагедия мен эпопеяның пәні. Мұнда ұлы тарихи
жаңалықтар, қаһармандар, қолбасшылар, патшалар өмірі баянедалса, ал
төменгі жанр сатира, комедия, мысал жатады. Мұнда қарапайым
қарабайыр адамдардың өмірін, жүріс – тұрыс қателіктерін қүлкіге
айналдырады.
• Классицизм трагедия мен комедиялардың, яғни жоғарғы мен төменгі
араласуын құптайды.
Классицизм бағытындағы ерекше дамыған жанр драма болды. Ұлттық және
мемлекеттік бірлік пен орнығы тұсында театр үлкен қоғамдық трибунаға
айналды. Онда ашық түрде сол кездегі француздарды ойландыратын өмірлік
маңызы бар үлкен мәселелерді көтерді.
Классицизмнің Францияда ерекше қарқынмен дамуының және француз
әдебиетінде негізгі күшке ие болуының себептері:
1. Классицизм XVII ғасырда француз үкіметі қолдаған ресми ағым
олды. Үкімет басына келген қатал Кардинал Ришелье қарапйым
халықты және француз зиялыларын басқарц өзіне оңай болуы үшін
академия құрады, яғни Францияны мемлекеттік, қоғамдық, мәдени
өмірін бір басқарған басқармашы болды және оны жүзеге асыра
алды. Озық ой өкілдері жиналған ғылыми - әдеби мекеме – Француз
академиясы Решельдің қолында еді.
2. Классицизмнің философиялық негізі – Декарт философиясы. Декарт
рационализмнің негізін салушы, яғни ол шындықты тәжірибеден
емес, материалдық құндылықтардан емес, санадан іздеу керек
деген.Сол сияқты классицизмде сананың күшіне енеді. Олардың
ойынша, өнердің басты элементі эмоция емес, сана.
Классицизмнің алғашқы әдеби негізгі ретінде ежелгі дәуір әдебиетіндегі
Аристотель идеясы, Горацийдің поэтикалық шығармаларын алынғанмен,
классицизмнің негізін салушы – француз ақыны Буало. Оның поэтикалық
толғауы, Корнель мен Расиннің трагедиялары, Мольердің трагедиялары
классицизм дәуірінде кең танымал болған. Классицизм ( Ресейде XVII ғасырдың
II жартысында бастап өрістеді. Өкілдері: Кантемир, Фонвизин, Третьяковский,
Сумароков. Қазіргі әдебиеттегі классицизм үлгісі жыраудың поэзиясында Абай,
М. Жұмабаев, М. Әуезовте көрініс тапты.

Ендігі кезекте жалпы жанр дегеннің не екендігіне, оның өзіндік
ерекшеліктеріне тоқтала кетуді жөн санадым.

Әдеби жанр жайлы
Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) – ауызша және
жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша
анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай
тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне
қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап
айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-
фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы
кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе
романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің
жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды.
Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және
сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр
түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада –
эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында
өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік
бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия
және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай
бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын
зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, Жанр, Түр, Тек, Әр түрлілік
терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының
салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты
демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы
жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз
ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда жанр ұғымы қолданысқа
енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды.
Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы
басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен
ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.
Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің Эстетика еңбегінде А.Н.
Веселовскидің Исторической поэтике шығармасында және басқа да
ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық
және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың
әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы
және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің
жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа
заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады.
Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы
жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі
белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды.
Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар
ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек
регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм
жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер
бұзды. Олар шығармашылық бостандығын тәртіптерден жоғары бағалап,
қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның
ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды.
Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке
тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм
тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік
мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды
бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол
ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя
айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды
алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби
тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде
қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей
келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды,
өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны
жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын
кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі
ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда
новелла сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық
романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен
мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал
Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына
қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде
жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін.
Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір
жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және
қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін
есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман
олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және
философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың
компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды.
Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың
құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман,
комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан
іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру
әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель
философиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Класссикалық стильдегі интерьер дизайны
Әдеби үдеріс сипаты
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Өнердегі импрессионизм бағытының кеңістік жүйесі туралы
Барокко және Классицизм
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар
Ресей мәдениетінің «Алтын кезеңі»
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Пәндер