«Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторындағы шетел инвестициялары»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторындағы шетел инвестициялары»
Орындаған: Нұраханова Ғ. Б.
Мамандығы - 050506
Тобы: Э-04-01
Ғылыми жетекші: э. ғ. к., доцент Тайкулакова Г. С.
Резидент: Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің
э. ғ. к., доцент Алибаева С. А.
«Қорғауға жіберілді»
«Э ж М» кафедрасы меңгерушісі,
э. ғ. к., профессор
С. П. Гуляева
« »2008ж.
АЛМАТЫ 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА САЛЫНҒАН ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
- Инвестициялар және олардың экономикалық мәні . . . 5
- Капитал салымдарының құрылымы және жіктелімі . . . 12
- Қазақстан Республикасы экономикасында инвестицияның атқаратын
рөлі . . . 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
САЯСАТЫ . . . 24
2. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет . . . 24
2. 1. 1 Жалпы инвестициялық саясат . . . 25
2. 1. 2 Инвестициялық үрдістер . . . 28
2. 1. 3 Инвестициялық реформалар . . . 30
2. 2 Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындар қызметінің негізгі нәтижелеріне талдау жүргізу. . 31
2. 2. 1 Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау
жүргізу . . . …41
2. 2. 2 Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау . . . 61
2. 2. 3 Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері және болашағы69
2. 3 Батыс Қазақстанда орналасқан мұнай өндіруші кәсіпорындардың инвестициялық саясаты . . . 72
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ . . . 77
3. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың алдағы даму жоспарлары . . . 79
3. 2 Қазақстан Республикасында инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеудің негіздері. 81
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 97
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 101
3
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Инвестициялар макро және микро деңгейде де маңызды рөл атқарады. Негізі, инвестициялар тұтас елдің субъектілер шаруашылығының болашағын анықтайды және экономиканың дамуына өз септігін тигізеді. Республика экономикасына шетелдік инвестициясының көптеп тартылуы және олардың меңгерілуі ел экономикасының өнімділік патенциалын жоғарлатады, сонымен қатар ол шетелдің озық техникалық және басқару қызметі тәжірибелерін жеткізетін маңызды құрал болып табылады. Инвестициялық қажеттілік кез келген экономикалық жүйенің әрі қарай дамуын анықтайтын фактор болып табылады.
Кез келген мемлекеттің берік экономикалық дамуы инвестицияларды тиімді және пәрменді пайдалануға, қолайлы инвестициялық хал-ахуалын жасауға бағытталған бірыңғай және ойластырылған инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осыған байланысты, шетелдік инвестициялардың ролі жоғары болса да, Отандық инвестициялардың маңызын бағаламауға болмайды. Қазір шетелдік инвестициялардың көмегімен ғана елеулі нәтижелерге жетуге болмайтынын мойындау керек, өйткені шетелдік капиталды ел экономикасына жұмылдыру жекеленген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы атқарылуда шашыраңқы сипат алып отыр, атап айтқанда, шетелдік инвесторлар инвестицияландыру объектілерін таңдап алады, ал экономиканың қалған салалары мен секторлары назардан тыс қалады. Бұл жағдай мынаған әкеп соқтырады: экономиканың кейбір салалары дамиды, екінші бір салалары, керісінше, құлдырай түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Инвестициялардың пәрменділігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі оларды заңмен нығайту, инвестициялық заңнаманың дамыған жүйесі мен инвестициялық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жүзеге асырудың пәрменді механизмін жасау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттемелер айқындалады.
- Нарықтық экономика жағдайындағы инвестицияның мәні, инвестициялық қызмет және инвестициялық саясат зерттелген;
- Жалпы Республикадағы және мұнайгаз секторындағы инвестициялық қызметтің жағдайы талданған;
- Аймақтар бойынша мұнайгаз секторы субъектілерінің инвестициялық тартымдылығының негізгі факторлары қарастырылған;
- Қазақстан Республикасы Заңнамасының Ұлттық жүйесінің қалыптасуы мен нарықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалары қарастырылған;
Зерттеу пәні. Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру мен жүзеге асыру жолындағы ресурстардың қозғалыс, шоғырлану және салыну процесі болып табылады.
4
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын ұйымдастыру механизмі.
Қазақстан Республикасы 1999 жылдың аяғында «Инвестицияны қолдау және қорғау» туралы 30-дан астам өзге мемлекеттермен екі жақты келісімдерге қол қойды, бүгінгі таңда мемлекетте шетелдің қатысуымен 1000 шақты кәсіпорын және Үкіметпен шетел инвесторларының иелігіне берілген 100-ден аса кәсіпорын қызмет етеді.
Бүгінгі таңда, тек қана тікелей шетелдік инвестицияларының жалпы сомасы шамамен 6, 8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша тек қана американдық инвестиция көлемі 1, 9 млрд. АҚШ долларын құрайды, яғни ол тікелей тартылған инвестиция сомасының 28 % құрайды және де ол Орта Азия аймағындағы ең ірі тартылған инвестиция болып табылады. Республикада 300-дей қазақ-американдық кәсіпорындар және шамамен 100 шақты американдық компанияның өкілдері тіркелген. Ал 2000 жылдың аяғында Американдық сауда палатасы елге тағы да 100 компанияны тартты. Осылайша, АҚШ-тан тартылған жаңа инвесторлардың арқасында ағымдағы жылда Қазақстан Республикасының экономикасына салынған инвестиция 4 млрд. АҚШ долларына дейін артуы мүмкін.
Негізгі тікелей шетелдік инвестиция ағылысының көп үлесі мұнайгаз кешеніне жатады. Соңғы 4 жылда осы салаға жалпы келген шетел капитал көлемінің жартысынан астамы салынған. Металлургия кешеніне салынатын инвестиция көлемінің де өсуі байқалуда. 1993 жылы ол - 0, 2 млн. долларды құраса, 1999 жылы инвестиция - 453 миллионға дейін жетті. Экономиканың басқа да салаларындағы инвестиция көлемі қарқынды өсуде, мысалы оның көлемі 1, 5 есе жоғарылады.
Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық және шетелдік экономикалық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері, үкімет органдарының мәліметтері, экономиканы интернациаландыру және транснационализация мәселелері бойынша конференция деректері болып табылады.
Жұмыста жазылған жалпылама ойлар, қорытындылар Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулы, құқықтық, заңдық актілерінің қолдануына негізделген.
Жұмыстың мәліметтік негізін статистика және талдау комитеті деректері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер негізінен тұрады.
5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА САЛЫНҒАН ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
«Инвестиция» түсінігі XVIII ғасырдың басында шыққан. Әуел баста қаржы категориясын көрсеткен, кіріс алу үшін пайдаланылатын еркін ақша қаражатын білдірген. Осы кезеңде шотланд инвесторлары Американың батысында болашақта баю мақсатын көздеп отырып, фермер жерлерін алып, Американың қарапайым және дамушы нарығына капиталын құя бастаған. Алғашқы инвестициялық компаниялар жабық үлгідегі қорлар болды. 1822 жылы Бельгияның королі Вильям 1 тұңғыш инвестициялық траст құрды, бұл Брюссельде тіркелді, ол шетел мемлекеттеріне қарыз бөлу арқылы инвестицияларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. XIX ғасырдың 80-ші жылдары осындай трастар Шотландия мен Англияда пайда болды. Қазір өмір сүріп тұрған жабық үлгідегі байырғы қорлардың бірі - 1868 жылы Лондонда құрылған шетелдік және отарлық инвестициялық траст. Әуел бастапқыда инвестициялық трастарды бай отбасылары құрды.
XIX ғасырда бұларда тағайындалған сенімділік тұлғалар осы отбасыларының мүлкіне иелік етті. Кейін мұндай трастар компанияларға айналды, олардың акциялары ашық сатылды, инвесторлар санының көбеюіне, инвестициялық қатынастардың одан әрі дамуына мүмкіндік жасады.
- Инвестициялар және олардың экономикалық мәні
Инвестициялар - ел экономикасы үшін салыстырмалы түрде жаңа термин. Орталық жоспарлау жүйесінде тек «капитал салымы» түсінігі қолданылды, ол негізгі қордың қызмет атқаруына кететін шығындар ретінде ғана қарастырылды, сонымен қоса негізгі қордың жөнделуіне кететін шығындар да сол ұғымға кірді.
Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанында № 266 Заңына сәйкес инвестицияның анықтамасы: «Инвестициялар - мүліктің және ой-өрістің барлық құндылық түрі болып табылады, ол табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтегі объектілерге салынады. Сонымен қатар ол:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікке және мүліктік құқықтарға және т. б. -ға салынады, алайда ол тек импортталатын және қолданысқа өңдеусіз енетін тауарларға салынбайды;
- акцияларға және басқа да коммерциялық ұйымдарға қатыса алатын формаларға салынады;
- облигацияларға және басқа да міндеттемелерге салынады;
- ақшалай соманы, тауарларды, қызмет көрсетулерді және де кез келген басқа да келісімшарт бойынша орындалуы қажет талаптарға, яғни инвестицияға қатысы бар операцияларға салынады;
- авторлық құқық, патенттер, тауарлық белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық үрдістер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық,
6
конструкторлық және технологиялық жоба құжаттарын қосқандағы ой-өріс қызметтері нәтижесінің құқығын иеленуге салынады;
- мемлекеттік органмен берілген лицензия немесе басқа формаға негізделген қызметті іске асыруға берілген кез келген құқыққа салынады».
Инвестициялау - шетел инвестициясын пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салумен байланысты қызметтің түрі.
Инвестиция сөзінің астында терең мағына жатыр, яғни ол ақшалай қаражаттар, мемлекеттің мүліктік және ой-өрістік құндылықтары, заңды және жеке тұлғалардың жаңа кәсіпорындар құруы, қызмет ететіндердің кеңеюі, қайта құрылуы және техникалық қайта қарулануы, жылжымайтын мүлікті иемденуі, пайда табу немесе басқа да оң эффект алу мақсатында акция, облигация және басқа да бағалы қағаздар және активтерді иемдену сияқты әрекеттер.
Инвестиция - капитал салымына қарағанда кеңірек мағынаға ие.
Инвестицияны қоржынды және нақты деп 2-ге бөледі.
Қоржынды инвестиция - басқа кәсіпорындардың акциясына, облигациясына, басқа да бағалы қағаздарына, активтеріне салынады.
Нақты инвестиция - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қайта құрылуы мен техникалық қайта қарулануына және де жаңа кәсіпорындар құру үшін салынатын салымдар. Бұл жағдайда кәсіпорын, яғни инвестор қаржы салу арқылы өз өндірістік капиталын ұлғайтады, яғни негізгі өндірістік қорлар мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыратын айналым құралдарын ұлғайтады. . Инвестор қоржынды инвестицияны қолданған кезде дивиденд алады, яғни бағалы қағаздардан түсетін табыс арқылы өзінің қаржылық капиталын ұлғайтады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген норма және нормативті-құқықтық актілерден тұратын тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсететін заң қабылдады.
Тікелей инвестицияға мемлекеттік қолдау көрсету келесілерден тұрады:
- Заң кепілдіктеріне сәйкес инвестициялық қызметті қамтамасыз ету;
- Арнайы жүйелермен, жеңілдіктермен және преференциялармен қамтамасыз ету;
- Инвесторлар алдында Қазақстан Республикасының өкілі ретінде өкілетті жалғыз ғана мемлекеттік органды ұсыну;
- Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық ұйымдар арасында жасасқан бітімдер бойынша, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықты актілеріне сәйкес саяси және реттеу тәсілдеріне байланысты кепілдік беру;
Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің басты мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тізім бойынша нарықты оң инвестициялық климатпен қамтамасыз ету арқылы, тауар өндірісін, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді экономиканың алдыңғы қатарлы
7
секторларында қарқынды дамыту.
Қазақстан Республикасы мақсатқа жету процесінде келесі міндеттерді шешеді:
- Жаңа технологияны, алдыңғы қатарлы техникаларды және ноу-хау енгізеді;
- Ішкі нарықты жоғарғы сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз етеді;
- Отандық тауарөндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетеді және ынталандырады;
- Экспортқа бағытталған және импортты алмастыратын өндірісті дамытады;
- Қазақстан Республикасының шикізат базасын дұрыс және кешенді игеруге итермелейді;
- Менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін енгізеді;
- Жаңа жұмыс орындарын құрады;
- Жергілікті кадрлардың біліктілік дәрежесін және квалификациясын жоғарлату үшін олардың үздіксіз үйретілуі жүйесін енгізеді;
- Өндіріс интенсификациясын қамтамасыз етеді;
- Қоршаған табиғи ортаның жақсаруына жағдай жасайды;
Инвестициялық қызметті өндірістік көзқарас арқылы мемлекеттік реттеу капитал салымдары арқылы іске асырылады және ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік билік органы арқылы жүргізіледі, оған нақты -ғимарат пен құрылыс салған кезде құрылысты-монтажды жұмыстарға кететін шығындар; машина және құрал-жабдық сатып алғанда, монтажды-жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде кететін шығындар; жобалық-іздестіру жұмыстарына; құрылып жатқан кәсіпорынның дирекция мазмұнына; кадрларды дайындау және қайта дайындауға кететін шығындар; жер участкелерін сақтап қоюға және құрылысқа байланысты көшірілу жұмыстарына кететін шығындар жатады.
Статистикалық есепте және экономикалық талдауда нақты инвестицияларды капиталқұраушылар деп те атайды. Капиталқұраушы инвестициялар төмендегідей элементтерден тұрады:
- негізгі капиталға салынатын инвестициялар;
- капиталды жөндеуге кететін шығындар;
- жер учаскелерін және табиғи қолданысқа жататын объектілерді иемдену үшін салынатын инвестициялар;
- материалдық емес активтерге құйылатын инвестициялар (патент, лицензия, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-зерттеулік және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т. б. жатады ) ;
Капиталқұраушы инвестицияның құрамындағы негізгі орынды негізгі капиталға құйылатын инвестициялар алады, яғни оған жаңа құрылысқа,
8
жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптің, ауылшаруашылықтың, көліктің, сауда және басқа да кәсіпорындардың қайта құрылуына, кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа кететін шығындар жатады.
Инвестициялар экономикалық категория ретінде бірнеше маңызды функцияларды атқарады, оларсыз кез келген мемлекеттің экономикасы жөнді дами алмайды. Инвестиция МАКРО деңгейде төменгілердің негізі болып табылады:
- Кеңейтілген өндірістік саясатты іске асыру;
- Ғылыми-техникалық процесті жетілдіру, отандық өнім сапасын жоғарлату және оны бәсекеге қабілетті ету;
- Қоғамдық өндіріс құрылымын қайта құру және халықшаруашылықтың барлық салаларын бірдей деңгейде дамыту;
- Өнеркәсіпте қажетті шикізат базасын құру;
- Азаматтық құрылыс, денсаулықсақтау, мәдениет, жоғары және орта мектептерді дамыту, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу;
- Жұмыссыздық мәселесін шешу және азайту;
- Табиғи ортаны қорғау;
- Әскери-өнеркәсіптік кешенді конверциялау;
- Мемлекетті қорғаныс қабілеттілікпен қамтамасыз ету және басқа да көптеген мәселелерді шешу.
Ұзақ уақыт бойы экономикалық дағдарыс жағдайын кешкен Қазақстан Республикасының экономикасы ең әуелі, оның тұрақтануы, жандануы және өрлеуі үшін инвестицияны қажетсінді. Өндіріске, жаңа технологияға салынған инвестиция қатаң бәсекелестік күресте аман сау қалуға көмектеседі (ішкі және сыртқы нарықта), өз өніміңнің бағасын реттеп отыруға мүмкіндік береді және т. б.
Макроэкономикалық масштабта байқалып отырған бүгінгі таңдағы ауқаттылық жағдай кешегі күннің инвестиция салымдарының нәтижесі болып табылады, өз кезегінде олар ертеңгі өндірістік еңбек және одан да биік ауқаттылықтың өсуінің негізін қалайды. Біз үнемі бүгінгі және ертеңгі тұтынушылық арасындағы шешімде жүреміз. Өндірілімдердің көп бөлігін бүгін қаншалықты сақтап және инвестициялап отырсақ, соншалықты ертеңгі күні бізде оны тұтыну мүмкіндігіміз көбірек болады. Керісінше, егер де біз бүгінгі ресурстарды көптеп пайдаланып тастасақ, яғни ертеңгі күні оны пайдалану деңгейі төмен болады.
Инвестиция МИКРО деңгейде де маңызды рол атқарады. Бұл деңгейде олар келесідей мақсатта маңызды болып табылады:
- Өндірісті кеңейту және дамыту;
- Негізгі қорлардың рухани және физикалық тозуына жол бермеу;
- Өндірістің техникалық дәрежесін өсіру;
- Нақты кәсіпорынның өнім сапасын жоғарлату және оның бәсеке қабілеттілігін нығайту;
- Табиғи қорғау шараларын жүзеге асыру;
9
- Бағалы қағаздарды иемдену және басқа кәсіпорындардың активіне қаржы құю;
Қорытындылай келгенде, инвестициялар болашақта кәсіпорынның қалыпты күйде қызмет етуіне, тұрақты қаржылық жағдай және пайданы максималдауға қажет.
Сонымен, инвестициялар маңызды экономикалық категориялардың бірі болып келеді және ол макро деңгейде де, сонымен қоса микро деңгейде де елеулі рол атқарады, бірінші кезекте, олар - қарапайым және күрделі өндірілімдерде, құрылымдық өзгерістерде пайданы максималдау және осының негізінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қажетті категория болып табылады.
Бірақ жалпы экономикалық тұрақсыздық, инфляцияның жоғары екпіні, кәсіпорынның пайдалылық деңгейінен де асып кететін кредит бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемесіне байланысты себептерге орай, соңғы жылдары капитал салымдарының көлемі және капиталдық құрылыстар шұғыл түрде азайды, бұл жағдай өз кезегінде Республикадағы экономикалық жағдайды қиындатып жіберді.
Төмендегі көрсеткіштердің динамикасы Республикадағы инвестициялық қызметтің жағдайын сипаттайды:
- Инвестицияның бар көлемі;
- Жалпы ішкі өнімдегі инвестицияның мөлшері;
- Жалпы инвестиция көлеміндегі нақты инвестициялардың мөлшері;
- Нақты инвестициялар ауқымының мөлшері;
- Негізгі капиталға және т. б. бағытталған нақты инвестициялардың мөлшері;
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темпі жанама болса да, елдегі инвестициялық қызметті сипаттай алады:
- Ұлттық табыс;
- ЖІӨ және ЖҰӨ;
- Өндірістің өнімділік көлемі;
- Маңызды жеке өндірістік өнімнің түрін шығару;
- Ауылшаруашылық өндірісінің көлемі;
- Қоғамның еңбек өнімділігі;
- Және т. б.
Инвестициялық қызметті бағалау жоғарыда айтылған көрсеткіштердің объективтілігімен байланысты. Сонымен қатар, осы көрсеткіштердің нәтижесі арқылы инвестицияларды қаншалықты тиімді қолданғандығын көруге болады. Егер де, осы көрсеткіштердің өсу қарқыны, инвестициялардың өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болса, яғни инвестициялардың тиімді қолданылғаны байқалады және де керісінше.
Инвестицияның мөлшері қоғамның ұлттық табысының көлеміне біршама әсер етеді, яғни ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар да оған тәуелді болып келеді.
10
Сонымен қатар, инвестицияның басты көзі - жинақ болып табылады. Бірақ мұндағы мәселе, жинақ, тек бір ғана шарушылық субъект арқылы жүзеге асырылады, ал инвестициялық қызметті көптеген топтар жүзеге асыруы мүмкін. Инвестиция көзі болып елдің көп бөлігінің жинаған жинағы болып табылады (мысалы жұмысшы, мұғалім, дәрігер, полиция жинағы және т. б. ) . Сөзсіз, сонымен қатар инвестицияның көзі болып қоғамда қызмет ететін өндірістік, ауылшаруашылық және басқа да кәсіпорындардың қоры да саналады. Мұнда «жинақтаушы» және «инвестор» сөздері түйіседі. Жалдамалы еңбек тұлғаларының жинағы да, олар кәсіпкер болмаса да маңызды рол атқарады. Одан шығатын қорытынды, яғни жинақтау және инвестициялау үрдістерінің теңеспеуі, экономика жағдайын теңсіздікке қарай итермелейді.
Инвестициялау процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе мүмкін болатын капитал салымының рентабельділігіне тәуелді. Егер де инвестордың ойынша бұл рентабельділік тым төмен болса, онда салым іске асырылмайды.
Сонымен қатар, инвестор шешім қабылдауда әрдайым капитал салымының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұнда шешуші болып пайыздық мөлшерлеменің деңгейі табылады. Инвестор өз қаржысын жаңа зауыт немесе фабрикаға (кез келген кәсіпорынға) сала алады, сонымен қатар ол өзінің ақшалай қаражатын банкіге де сала алады.
Егер де пайыздық норма күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, онда инвестиция жүзеге асырылмайды және керісінше, егер пайыздық норма күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер капитал салымы жөніндегі жобаларды жүзеге асырады.
Инфляция барлық мазмұны жағынан инвестициялық қызметке әсер етеді, өз кезегінде ол экономиканың жағдайына тәуелді, яғни экономиканың тұрақтылығы және көтерілуі кезінде - инфляция деңгейі түседі. Инфляция процесі банктің кредиттік ставкасымен тығыз байланысты екенін ескерген жөн.
Салынған инвестициялар бойынша сұраныс қисығы банктің пайыздық мөлшерлемесіне (Сп) және күтіліп отырған таза пайда (Нп) нормасына тәуелді.
11
«График 1»
Инвестициялар бойынша сұраныс қисығы
Сн
Нп
инвестициялар
1-ші графикте көрсетілгендей, банктің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, инвестицияға сұраныс төмен болады, осындай байланыс инвестицияға сұраныс пен күтіліп отырған таза пайда арасында да болады. Егер таза пайда нормасы банктің пайыздық нормасынан асып түссе, бұл жобаға инвестиция салу тиімді, яғни Нп>Сп және керісінше, пайыздық мөлшерлеме күтіліп отырған таза пайдадан жоғары болса, яғни Сп>Нп ; бұл жағдайда кәсіпорынға инвестиция салу тиімсіз.
Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме болатыны белгілі.
Нақты мөлшерлеме номиналды мөлшерлемеден инфляция деңгейімен, яғни Ср=Сп-Уи - ерекшеленеді.
Мұндағы, Ср - банктің нақты пайыздық мөлшерлемесі;
Сп - банктің номиналды пайыздық мөлшерлемесі;
Уи - инфляция деңгейі;
Айта кететін жайт, инвестициялық қызметке байланысты шешімдер қабылдау үшін нақты пайыздық мөлшерлеме номиналды пайыздық мөлшерлемеге қарағанда маңыздырақ болып табылады.
Инфляция шарты бойынша, әсіресе инфляция жағдайында, кредит үшін банктің пайызы өте жоғары болса, кәсіпорынға инвестиция салу тек қана күтіліп отырған пайда нормасы банктің пайызынан жоғары болып келсе ғана тиімді болады, бірақ кәсіпорын үшін мұндай жобаларды табу өте қиынға соғады. Бұл жерден мынадай қорытынды шығаруға болады, инфляциялық қызметтің жандануы үшін гиперинфляция ең тежеуші инфляция болып табылады.
Әлемдік тәжірибилер көрсетіп отырғандай, егер жылдық баға өсімі 40%-дан аспаса, ал орташа айлық - 28% болса, онда бұл жағдай қаржылық тұрақтылық болып есептелінеді. Ал егер, керісінше, ол 40 %-дан жоғары
12
болса, өндірістегі инвестиция жедел төмендейді, сәйкесінше экономиканың өсуі және елдің өмір сүру деңгейі де нашарлайды.
- Капитал салымдарының құрылымы және жіктелімі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz