Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі



КІРІСПЕ

1.1. Тарихи мұралар
1.2. Костюм . халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
1.3. Костюм формасы мен силуэті, ою.өрнек, әшекей, түр.түс

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер
Алғашқы адамдар үшін тірі қалу жолындағы қажеттілік болған талай құбылыстар, күнде бір – бір өнерге айналып отыр. Алғашқы адамдар үңгірді мекендеген шақта, қазіргі сәулет өнерінің талаптарын ойлаған жоқ, олар үшін үңгір суықтан пана, желден ық табиғат құбылыстарынан қорғаныш болып табылса, осындай даму ой – сананың қалыптасуы нәтижесінде сәулет өнері дамыды. Қаймағы бұзылмаған таза табиғатты көзбен көргенмен, оған басқа қайран қыла алмаса, бертін келе бейнелеу өнері одан қол өнерінің бірнеше түрлері дүниеге келді.
Алғашқы адамдар үшін киімнің керектілігі неде? Әрине, ол тұста адамзат аталары сұлу көріну немесе сәнді жүру үшін киінбегені ақиқат.
Олар суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін, аң терілерін, ағаш қабығы мен бұталарын тағы басқа табиғи материалдарды пайдаланды. Осылайша адамзатқа қызмет ететін сонымен бірге жасап келе жатқан өнерлердің қатарына тағы бір өнер «сән» өнері қосылды.
«Сән» өнері адамзат игілігіне қызмет етуде басқа өнер түрлерінен кем соққан жоқ. Қайта басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүретіні және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымыз да, мойындауымыз да керек.
Тәуелсіз Қазақстанның жеке мемлекет ретінде туын көтеру, басқалармен экономикада, білім беру мен ғылымдарда рухани өмірде бой таластыруға талпыну бізді ойландырмай қоймайды. Біз сән әлемінде де олармен иық тірестіруіміз қажет. Біздің отандық сәніміз қазір әлемдік сахнаға көтеріліп үлгерді. Біздің ойдағы міндетіміз осы. Әлем алдында шыққан қазақы үлгілерімізді тереңдете, беркітендіре түсіп, оған әлемнің құрметін қалыптастыру, мұның өзі сай келгенде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттің абыройы мен беделі, жақсы атағы үшін керек.
1. Өнердің ықшам тарихы
Алғашқы қауымдық және дәстүрлі өнер Сыздықов Н.С. Алматы; өнер
2. Казахский народный орнамент. Зарисовки художника Е. А. Клодта: Искусство. 1939.
3. Колашникова Н.М. Плужникова Г.А. одежда народов Клодта. Исусство 1939г
4. Шершиева Л.П. «конструирование женских платьев» М.лег 1941г
5.Акишев К.А. Кушаев Т .А. Древняя культура саков и усыней долины реки Или. Алма - Ата. 1963.
6. Захарова И. В. Ходжаева Р. Д. Казахская национальная одежда. Алма - Ата. 1964.
7. Қазақтың ұлттық киімдері (ХІХ – ХХғ) Захарова М.Қ., Ходжива Р.Д. А:1964
8. «Қазақ ұлттық қол өнері» Әнбар, қажы Мәстүра Әлібайқызы 1976ж
9.Романова Н.В. «Ою - өрнекті орналастыру сұрақтары» Ш.МТИ 1977ж 188 – бет
10. Тәжімұратов Ә. "Шебердің қолы ортақ" А., 1977ж
11. . Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы .археологии Казахстана. Алма - Ата. 1979.
12.Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы .археологии Казахстана. Алма - Ата. 1979.
13. «Қазақ халқының тұрмысындығы көркемдік кәсіп» Мұқанов А;1979
14. Каплякова Е.Б. «Основы конструирование одежды» Москва Лег. 1980г
15. Каблякова Е.Б. «Основы конструирование одежды» Москва 1980г
16. Қазақстан – қол өрені Шоқпарұлы Дәркембай 1980ж 17.Беда ГВ «Сұңғат кескіндеме туындысы» туындысы 1981ж 239 – б
18. Гриншпром И.Я. «конструирование муржкой верхней одежды по индивидуальний заказом населения» М, 1982г
19. Шеринева М.Л. «Основы женских и детских одежды» Москва 1983г
20. Лиьчевская Е.А. «конструирование легкой женских одежды» Москва 1983г
21.Лиьчевская Е.А. «конструирование легкой женских одежды» Москва 1983г
22. Саламатова «конструирование одежды» М.мн 1984
23. Саламатова С.М. «конструирование одежды» М, Легкая пищевая проми 1984г
24. Лиьчевская Е.А. «конструирование женских верхней одежды» Москва 1985г

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.1. Тарихи мұралар
1.2. Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
1.3. Костюм формасы мен силуэті, ою-өрнек, әшекей, түр-түс

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер

Кіріспе

Алғашқы адамдар үшін тірі қалу жолындағы қажеттілік болған талай
құбылыстар, күнде бір – бір өнерге айналып отыр. Алғашқы адамдар үңгірді
мекендеген шақта, қазіргі сәулет өнерінің талаптарын ойлаған жоқ, олар үшін
үңгір суықтан пана, желден ық табиғат құбылыстарынан қорғаныш болып
табылса, осындай даму ой – сананың қалыптасуы нәтижесінде сәулет өнері
дамыды. Қаймағы бұзылмаған таза табиғатты көзбен көргенмен, оған басқа
қайран қыла алмаса, бертін келе бейнелеу өнері одан қол өнерінің бірнеше
түрлері дүниеге келді.
Алғашқы адамдар үшін киімнің керектілігі неде? Әрине, ол тұста
адамзат аталары сұлу көріну немесе сәнді жүру үшін киінбегені ақиқат.
Олар суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін,
аң терілерін, ағаш қабығы мен бұталарын тағы басқа табиғи материалдарды
пайдаланды. Осылайша адамзатқа қызмет ететін сонымен бірге жасап келе
жатқан өнерлердің қатарына тағы бір өнер сән өнері қосылды.
Сән өнері адамзат игілігіне қызмет етуде басқа өнер түрлерінен кем
соққан жоқ. Қайта басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста
жүретіні және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымыз да,
мойындауымыз да керек.
Тәуелсіз Қазақстанның жеке мемлекет ретінде туын көтеру, басқалармен
экономикада, білім беру мен ғылымдарда рухани өмірде бой таластыруға
талпыну бізді ойландырмай қоймайды. Біз сән әлемінде де олармен иық
тірестіруіміз қажет. Біздің отандық сәніміз қазір әлемдік сахнаға көтеріліп
үлгерді. Біздің ойдағы міндетіміз осы. Әлем алдында шыққан қазақы
үлгілерімізді тереңдете, беркітендіре түсіп, оған әлемнің құрметін
қалыптастыру, мұның өзі сай келгенде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттің абыройы
мен беделі, жақсы атағы үшін керек.

1.1. Тарихи мұралар

Қолөнер — халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан
өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың
өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел
тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззәт әкелген. Көз салып, байыптаған
адамға қолөнер бұйымдарына салынған тұрлі тұсті ою-өрнектерден адамзат
дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-
қатыңасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнер шеберлері табиғат
сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Осы туындылардың бет-бедеріне
ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр
шертетіндей. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл — халық қазынасы,
ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің әр халықтың тарихи дамуына,
тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық таларамына байланысты
қолөнері өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне
назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен
қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт — көп ғасырларға созылған көшпелі
өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға
ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің
талғамына, ой-өрісіне тән ою-өрнекпен нақышталып беріліп отырған. Алдымен
бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылды десек те, олардан бояуы,
әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Адамзат дамуының қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қол
өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан
дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе
жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын
сақтап қалған. Қазақстан территориясында археологиялық қазба
жұмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде жасалған қолөнер бұйымдары соны
дәлелдейді.
Осы бұйымдардан ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, халықтың
даналығы мен таланты байқалады.
Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең
бастысы — жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар
мүмкіндіктерін аша білу — қол өнері үшін маңызды жәйт. Халық шеберлері
материалдың табиғи қасиетіне зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің
барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастыра
отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді. Күгі бүгінге
дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі олөнер үлгілерінің бірі –
киіз басу.
Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны
белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеп кездесетін киізді оюлау
әдісінің тәсілдері Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі.
Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қол өнері
деп атауға әбден хақымыз бар.
Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың не жұқа, тығыз да мықты
немесе босаң етіп басылады. Киіз үйдің сыртына жабылатын туырлық пен үзік,
түндік суықта жылу ұстайтындай, шілденің аптабында ыстық өтпейтіндей қалың,
жаңбырлы күндері су өтпейтіндей тығызда шымыр етіліп ерекше ұқыптылықпен
басылады. Киіздің қазақ колөнерінде тек құрылыс материалы ретінде
практикалық жағы, сапасының мықты болуы ғана емес сонымен бірге әдемілігіне
де ерекше көңіл бөлінген. Мысалы: дөдегеге арнап жеке киіз басылған.
Сонымен қатар киізден тұрмысқа қажетті текемет басып, сырмақ ойыстырып,
түскиіз тігіп, әр түрлі аяққаптар, тендер, дорбалар, шалкиіздер жасалынған.
Жұқа басылған ақ киізден әр түрлі бас киімдер мен сырт киімдер тігілген.
Әлгі аталған заттардың тұтыну ерекшеліктеріне байланысты киіз басу
тәсілінің процестері өзгеріп отырады. Киіз басу әдісін өзгертіп отыратын
негізінен киізге өрнек салу тәсілі. Ал енді қарапайым киіз басу тәсілінің
өзі Қазақстанның әр бұрышында әр түрлі. Ал оған өрнек салу, оюлау деген
тіпті де сан алуан.
Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуында киіз басуға алынған қой
жүні мен қойдың тұқымы ерекше орын алған. Киіз басуға алынатын қой жүнінің
талшықтары және оның сапасына қойылар талап өз алдына бөлек әңгіме.
Киіз басу өнерінде халық арасында қең таралғаны — текемет басу, сырмақ
ою түрлері. Текемет — тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз үйдің ішкі
интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем кілем, түскиіз, бау-
басқұрлармен үндесіп, толықтырып тұрған. Текемет басу тәсілінің негізгі
ұзын-ырғасы бір болғанымен, оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі
ар елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады.
Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады.
Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады.
Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтамабере кеткен жөн секілді.
Жабағы жүн қойдан күн жылып, мамыражай болғанда, яғни жазғы-тұрым
қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оның теріден тұтас көтеріле бастаған
кезіне сай келуі тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердід өскіндей
бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады,
екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол
берілмейді.
Күзем жүн қойдан күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті
жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет
тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады.
Қозы жүні — қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан
талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.
Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға
немесе бір маусымдық жүнді пайдалануға да болады.
Егер жабағы жүн шайырлы әрі лас болса, әбден жуылып, кептірілгеннен
кейін ғана пайдаланылады. Жуылған жабағы жүн қайшымен ұсақталады. Өйткені
оның талшықтары ұзын, ұйысып, қол байлайды.
Осы сұрыпталған жүндерді одан әрі өңдеуге кірісу қажет.
Алдымен жүн сабалады. Жүн сабау да оңай жұмыс емес. Оған ең алдымен
ұзындығы метрден артығырақ. сабау таяқ керек. Сабауды жыңғылдың, ырғайдың
бұрын тегістеп немесе бұтақсыз жас талдың қабығын сыдырып, кептіріп
жасайды.
Жүн сабайтын жер тегіс әрі кең болуы керек. Жүнді тулақ үстінде аула
ішінде сабайды. Ал, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, бөлмедегі нәрселерді
шаң-тозаң, қиқым түспейтіндей етіп түгел қымтап жауып тастаған соң ғана жүн
сабауға кірісуге болады. Сaбар алдында жүн 2—3 сағат күн көзінде жатса
тіпті жақсы.
Тулақ — жүн сабауға арналып, ірі малдын терісін шикілей керіп,
кептіріп жасалады. Кепкен тулақты пайдаланар алдында сүт бүркіп жібітеді.
Сонда жүн сабау кезінде тулақ сынып кетпейді.
Текемет немесе киізге жабағы, күзем, қозы жүндерін араластырып
пайдаланған кезде, бір тулақ жүн, яғни бір сабамға орта есеппен бір қойдың
күзем жүні, бір қойдың жабағы жүнінің төрттен бір бөлігі, бір қозы жүнінің
жартысы алынады. Бұл жүндерді араластырып немесе жеке-жеке сабауға да
болады. Жүн тым лас немесе қоқымы көп болса, онда сабалып жатқан жүнді
бөлек жинай тұрып, тулақты сілкіп тазалап алу керек. Өйткені сабаған кезде
көң-қоқыстың бәрі бірдей жүннен ажыратылмай, араласып кетуі мүмкін.
Әдетте тулақты айнала отырып 4 адам сабайды (8 сабау). Жүн үлбіреп
көпсіп, біріккені жазылған сәтте сабауды тоқтатады. Бір киіз немесе бір
текеметтің астыңғы бетіне осындай 7 сабам жүн керек. Ал үстіңгі бетіне
қойдың өңкей күзем жүнінен 9 сабам жүн кетеді.
Негізінен киіздің бетіне, текемет басу үшін күзем жүн пайдаланған
дұрыс.
Сұрыпталған жүн сабалып, реттеліп, келесі өңдеу жұмыстарына
әзірленеді. Ол үшін ені екі жарым құлаштай 6 құлаш ши керек. Екі шиді
қабыстырып бір-біріне шуда жіппен тігеді немесе шидің шеттік жіптерін
байластырып қояды.
Шидің бір шетінен бастап аралас жүнді (күзем, жабағы) біртегіс жайып
салады да мол етіп ыстық су шашып, ұқыптап орап отырады. Осы орауды аз
уақыттан соң жазып, әлгі жайылып салынған жүн қабатының үстіне текеметтің
бетіне арналған жүнді (күзем жүннің өзін) тегістеп жаяды немесе жүннен
бетіне түр тартылады. Жүн жайылған соң бастапқы әдіспен қазанда қайнап
жатқан судан ожаумен алып себелейді. Су барынша біркелкі себілуі үшін
сыпырғыш немесе тегіс тақтайға шашырата құмалап тұру керек. Керекті
мөлшердегі су құйылып біткенде, жүн суға қанды деп есептеліп, шиді орап,
екі шетін тұйықтап жабады. Бұдан кейін шиді бес жерінен қатты буып
байлайды. Әрқайсысы 7 құлаштан екі немесе үш қосымша арқанды шидің 2—3
жерінен айқастыра өткізіп, екі ұшын екі жаққа шығарады. Егер екі арқан
болса — 4 адам, үшеу болса — 6 адам қарама-қарсы тұрып, әрлі-берлі тарта
жүріп жүн бірігіп қатайғанша тебеді. Киіз тебуге қарама-қарсы 10— 12 адамға
дейін катысады. Айқастырыла салынған арқанмен кезек тартып, ауната отырып
әбден тепкілейді. Тебу бірнеше сағатқа созылып, ши сыртына жүн қылшықтары
көріне бастағанда тоқтатыпады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым ширақ
болады.
Егер текеметке түр салынса, шидің орауы жазылып, түрі қисаймауы
қадағаланады. Осыдан кейін 7—8 адам киізді шидің тігісіне қарсы жарты
сағаттай білектеп, жарты сағаттай алақандайды.
Білектеу дегеніміз 7—8 адам қатарынан тізерлеп отыра қалып, текеметті
білегімен әрі-бері ырғап ұрғылау. Білектеу киіз әбден ширап піскенше 4—5
рет қайталанады. Сонан соң шиден шығарып, екі енін қарама-қарсы орап әкеліп
соғады. Бір жағын екінші шетіне жеткенше ширата бүктеп, соқ-соқтайды. Бұл
жұмыс 3 қайтара жасалады. Бұдан кейін кезекпе-кезек оң-терісін алмастыра
отырып киізді ұзыны қалыптағыдай болуы үшін ұзындайды. Бұған да 10—12 адам
қатысады. Енді киіз жазылып, ұзыны екі бүктеледі. Екі басы біріктіре
дөңгелектеліп, шуда жіппен тігіледі. Осыдан кейін сол 11— 12 адам
дөңгеленіл тігілген киізді сағат тілінің бағытымен тігіс ұшынан ұстап
айналдыра қарпиды.
Киіз қарпу 1 сағатқа созылады. Киіз қарпығанда бірікпей бос қалған қыл-
қыбырынан тазарады. Ал текемет киізге қарағанда азырақ қарпылады. Осыдан
кейін жіпті сөгіп, енімен орайды да қайтадан 7—8 адам білектеп,
алақандайды. Содан кейін киізді ұзынынан 3 қабаттап бүктеп, екі шетінен 2
адам (киіздін қақ ортасынан 1 адамды отырғызып) кезекпе-кезек жерге ұрып
тегістейді. Содан соң күннің көзіне кепкенше жайып қояды. Ал текеметті
тегістемейді, себебі салынған өрнегі қисайып кетуі мүмкін.
Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі
әдіспен басады.
Түр ойыстырып басатын текеметтін, астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп
бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс әрі жұқалау болады. Бұл
жұмысты кей жерлерде талдыру (жұқа киіз) деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни
түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң әркімнің
қалауынша үлгілермен қиып дайындалған оюды (түрді) текеметтің астыңғы беті
деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су
себелеп, шиге орайды да киіз басу одан әрі жалғастырылады.
Түрді шүйкелеп салу әдісінде боялған жүнді күні бұрын біркелкі
шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта
жайған кезде әлгі шүйкеленген түрдең тездетіп, қалаған ою-өрнекті келтіріп,
су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстықтау су себіледі. Одан
әрі карай киіз басу процесі қайталанады.
Далаға жайып кептірілген киізді шет-шетін тегістеп қияды да, қағып
сілкіп, төсеніш ретінде пайдалана беруге болады.
Ал текеметті жайып кептіргеннен кейін боялған жүннен жіңішкелеп жіп
есіп (әркім шеберлігі мен қалауына қарай), екі түрден қосарлап, оны
ширатады. Екі тінді бір бағытта ширатса оң ширату дейді. Ал, есілген жіптің
бағытын қарама-қарсы (бірі оңға, бірі солға) ширатса, солақай ширату деп
аталады. Пайдаланған кезде солақай ширатылған жіп тек құстаңдай деп
аталатын өрнек шығарады. Ол өрнек былай шығарылады.
Шеті тегістеліп, қиылған текемет ширатылған жіппен жиектеледі.
Жиектеуге, яғни ширатпаны текеметке бастырып тігуге боялған жіп немесе шуда
жіп пайдалануға болады. Әуелі текеметті айналдыра жиектеп алады да содан
кейін салынған ою-өрнектің шетін бастыра жиектейді. Жиектелген текемет
әсемділігімен қөз тартады әрі төзімді келеді. Сондай-ақ жиектеу салынған
түрдің шетін түтеленіп, әлде көтеріліп кетуден сақтайды.
Текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуда туырлық,
үзік, түндік, ақ киіздер және сырмаққа арналған киіздерде қайталанады. Түр
салынбайтын киіздер бұл процестерден басқа кірлеу әдісі қолданылады. Мұнда
киізді ұзынынан бір бүктеп, енінен дөңгелете 4—5 орап, тігінен қойып,
үстінен қайнаған ыстық су құяды. Бұл киіздін әбден кірігіп, шымырлауына,
бойындағы кір судан тазаруына, сөйтіп одан әрі кіріге түсуіне әсер етеді.
Кірлеу әдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда да қолданылады. Ал,
боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл әдістік қажеті жоқ. Себебі,
химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық сумен бірге ағып кетеді де,
тез оңады.
Текеметке түр салуға негізінен қызыл, сары, жасыл, қара
бояулар пайдаланылады. Соңғы кезде кек түстер де араластырылып жүр.
Ақ текеметтерден басқа қара, қоңыр түсті текеметтердің негізгі ою-
өрнегі ұсақтау немесе ортаңғы бөлігі бірнеше қатар ұсақ ромбыға бөлініп, әр
түрлі әшекейлі өрнектермен түрленеді. Бұндай өрнектеу тәсілінде де
текеметтің негізгі түсі айшықты болады.
Талдырма салу әдісі Қазақстанның көптеген облыстарында кең тараған. Ол
үшін әр алуан түске боялған жүнді жеке-жеке жұқа әрі босаң етіп киіз басу
әдісімен басып алады да, одан ою ояды. Дайын оюды шидің үстіне шабақталып,
біртегіс тартып салынған жүннің үстіне орналастырады да, жоғарыда айтылған
әдіс бойынша текемет басып шығады. Текемет дайын болғанда онын өрнегі анық,
ою жиектері айқын көрініп тұрады. Талдырма саду әдісі сондай-ақ Жетісуда да
кездеседі. Оның Батыс Қазақстандағыдан айырмашылығы — талдырмада ойылған
оюлар жіңішке емес, жалпақ, сырмақ оюлары секілді болып келеді. Бұл тәсіл
текеметтің көркемдігін арттыра түседі. Оюдың осы түрін жергілікті жерде
жалайыр текемет деп атайды.
Кейбір жерлерде текеметтің екі жақ бетіне ою салып басу әдісі де бар.
Ол үшін алдымен шидің үстіне басқа түске боялған жүннен өрнек салынады,
онын үстіне бір қабат жүн тартылады. Онан сон жүнді сабаумен шабақтап алады
да қайтадан жүн тартып салып, текеметтің негізгі түрі салынады. Текемет
әбден басылып болғанда оның екі жақ беті бірдей өрнекті болып шығады.
Әсіресе, текеметтің негізгі бетінің өрнегі әдемі, көркемдік жағы басым
келеді.
Текемет бетіне басқа түске боялған түр көбіне шүйкелеген жүннен созып
салынады. Бұл түр текеметкё ерекше сән беріп тұрады. Текемет түрінің
бояуларының үйлесе жайылған жиектері акварель бояулары секілді, заттың
көркемдік дәрежесін арттыра түседі. Бұл әдіс тек қазақ текеметтеріне ғана
тән. Ал түрікмен елімен шекаралас жерлерде түрге салынатын жүнді бұрап,
ширатып салу әдісі де кездеседі. Бұл әдіспен дайындалған бұйым да талдырма
салған бұйымдай негізгі өрнек жиектері анық көрініп тұрады.
Текемет бетіне жек орналастырудың бірнеше түрі бар. Бірінші түрі —
ортаңғы бөлікті айқындап, жиек оюларын түсіру. Ол төмендегідей тәртіппен
орналасады. Текеметтің орталық бөлігіне бірнеше ромбы (екі-үш немесе төртке
дейін) түсіріп өрнектеледі.
Сондай-ақ осы орталық бөліктегі ромбы орнына дөңгелек шеңбер де
түсіруге болады. Шеңбер іші бірнеше қатар кесте оюлары секілді сәл ұсақтау
әр түрлі оюлармен толтырылады.
Ал текемет бетіне тұтастай өте ірі екі-үш ромбы түсіріп өрнектеуде
айнала жиек оюы пайдаланылмайды. Мұндай текеметтің көркемдік
дәрежесі де жоғары болады. Геометриялык, өрнек тобына жататын ромбы
өрнегін Орталық Қазақстанда айшық, Солтүстік Қазақстан облыстарында,
Омбы Тюмень жерінде екі көзді деп, Қазақстанның оңтүстік және шығыс
облыстарында шаршы деп атайды.
Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі
өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен
киіз басу технологиясын әбден меңгерген. Қазіргі заманғы киіз басу
процестері де соған ұқсас, тек бұрын қолмен атқарылған жұмыстар
механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп,
майланып, араластырылады да, тарақтап тұту машинасымен түтіледі. Түтілген
жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында
дірілдеткіш қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкірт қышқылының
ерітіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеу
процесінен өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті
мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады.
Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп
отырады.
Киіз етік пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы
кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз басу процесі әрлеу, түгін қырқып
тазалау, престеу, кесу т. б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі
басу тек өндеу процесінің бірі боп саналады.

1.2. Костюм – халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі

Қазақ киімі халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі. Ал оның кешеңінде
халқымыздың сезімталдығын, аса зор эстетикалық талғамын аңғартатын қарқара,
шұрақ айырқалпақ, қасаба сияқты зерлі – кестелі бас киімдердің, бұрын бір
ата елдің, кішігірім бір рудың ортақ мұрасы ретінде, қыз ұзатып, келін
түсіргенде ғана киетін, кәдесіне лағыл, жақұт, інжу, маржан,перуза, ақық
секілді бағалы тастар, алтын – күміс шытырлар жаратылған сәкәгүлді, құйма
төбелі сәукеле, тіптен кемер белбеу, кісе белдік, қыздар буынатын ширатпалы
нәзік белдік күмістеген таптаурын кебіс, көксауыр етік секілді, қол
өнеріндегі мүлтіксіздіктің шегінен көрінетін заттардың, алтынмен аптап,
күміспен күптеген алқа, тарақша, шолпы,бойтұмар, сырға, білезік, сақина
жүзіктердің болғаны әсемдікке құштарлықты көрсетеді. Мұның өзі қазақы
киімнің табиғаттағы екі жақтылықты – тұрмыс қажеті мен сымбатты болу қамын
аңғартатын жәйт. Өйткені заттық өндірістің өзі сайып келгенде, халықтың
сезімталдың талғамымен біте қайнасып жататын құбылыс.
Қазақтағы киімді солға қаусырынатын, шалғайына, етек – жеңіне оқа
тігетін, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетін, сәбидің, қыз –
баланың, сал серілердің бас киіміне үкі қадайтын дәстүр о баста табиғаттан
тысқары, пайымдауға сыр берметін сиқырлы – сұғанақ күштердің, дәлірек
айтқанда, жын, перілердің салқынын бойына тартып, пәле-жаладан, сұқық
көзден, ауру-сырқаудан сақтайды мыс деген көне түркі-қыпшақ заманна қалған
ескі ұғымнан туған.
Бірақ кейіннен бірте-бірте қазақша киінудің жөн-жобасына, киім-кешекті
сәндендіру жүйесіне енген. Мұны біз қазақы шапанның, сеңсең тонның тыс
айқара қаусырынылатынынан, өңіржиексіз кимешектің – келіншекті, ал үкісіз
тақияның – қыз баланы, әсіресе оның бұрымы жоғын ұсқынсыз етіп
көрсететінінен де аңғарамыз.
Қазақы киімге қатысты зергерлік заттарға әр түрлі құстардың,
жыртықштардың, бал арасының, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау тастың
кескінін беретін дағдының ерте заманнан келе жатқанын және оның ежелгі сақ,
үйсін тайпаларының мәдени жетістіктерін бойына сіңірген.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас
ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім – кешекті әр
жерде мүмкіндігіне қарай өзгеше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән ұқсастығын,
пішімін, бояу – нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар
киетіндерін ажырата білген. Мысалға алсақ, қыздар белі қымтылған, етек –
жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл
шытырмалармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (оны нәзік белдік
деп те атайды) буынады екен.
Қалыптасқан дәстүр бойынша үкілі тақия, әсіресе қыздық дәуреннің
белгісі іспетті белдік асқан ұқыптылықпен безендірілген. Қыз бала үшін
белдігін жоғалту арынан айрылғанмен бірдей болған.
Қазақта әсіресе бас киім ерекше қастерленген оны осы кезге дейін аса
құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де
аңғаруға болады. қазақстанның Оңтүстігінің, Сыр бойы мен Талас – Шу
атырабының талас отырықшы немесе жартылай отырықшы қағазы жазда арнайы
басылған жұқа ақ киізден үшкілдеп, сүйірлеп пішілетін, тігісі қиылысқан
жерлері қара жолақпен жабылатын, қайырмасы қара барқытпен тысталатынқалпақ
киген. Оның қазақы, жырық, құйма, керей нұсқа деп аталатын түрлері болған.
Орталық және Батыс Қазақстанның шонжарлары көбіне сәндік үшін аласа шошақ
бөріктің үстінен алтын зермен кестеленген шымқай күрең немесе қызыл
барқытпен, қайырмасы жасыл мәуітімен тысталған биік қалпақ киетін. Оны әр
жерде әр түрлі атпен айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле қалпақ деп атап келген.
Қасабаның маңдайына әр түрлі шытырлардан, інжу маржан, перуза секілді
тастардан тізілген дөңгелек табакшалармен бекітілген қыстырма ілінеді екен.
Ал оң жағына, сатайдың үстіне туралып, маңдайдағыдан ұзынырақ күміс
қоңыраушалармен ұнталған бес – алты тізбектен тұратын салпыншақ
қыстырылатын болған.
Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің есейгенін, оның өскелең
өмірін танытады. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени – тарихи
өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім – кешегі
ұрпақтан – ұқпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан
сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған
жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.

1.3. Костюм формасы мен силуэті, ою-өрнек, әшекей,
түр-түс.

Ата – бабаларымыздан келе жатқан үй тұрмысындағы заттарды да сән
үлгісі жалпы киімге қолданып көру мүмкіншілігі бар деп ойлаймын. Сондықтан
мен дипломдық киімімді аяқ қаппен ұштастырдым. Аяқ қаптың жасану түріне
қабу тігісі киім үлгісінде қолдандым. Жұмысты қорыта мен арзан және жеңіл
маталардан жаңа қызық ою-өрнек үлгісін ойлап таптым. Дипломдық жұмыстың
негізінде аяқ қап тұрған соң аяқ қаптың тарихи бөліміне назар аударсақ.
Аяқ қап ыдыс аяқ салуға арналған қапшық. Мал шаруашылығында қазан
басында ұсталатын аяқ-табақты жинақтап, таза сащқтау үшін жасалған. Аяқ қап
көшпелі халықтың үй заты болып саналған. Аяққаптың жасалуы әр жерде әр
түрлі болады. аяққаптың пішіні екі түрлі, бірі – тік төрт бұрышты, екіншісі
- ауыз жағы тік төрт бұрышты, ал түп жағы дөңгелек болады. Қажетті көлемде
пішіп алынған. Екі бөлік киіз бір – біріне беттестіріліп, олардың қоспасы
аузынан басқа бөлігі шашақ тағылып, жиегі көмкеріледі, қапталады, кейде
жібек жіппен өрнек салынады.
Шаруашылықта көрнекі заттың қайсысына болса да әрі шебер өз тарапынан
жаңалық енгізіп, тоқу, өру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Қазақ қол өнері
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Киім қию этикасы мен мәдинеті (Дизайн)
Костюм өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттау
Фантастикалық стильдегі цирк костюмдерінің ерекшеліктері
Киім жиынтығынның фор - эскиздерімен жұмыс
Сәндік қолданбалы өнер және дизайн
Пәндер