Көкөніс дақылдары



І. Кіріспе бөлім.

ІІ. Негігі бөлім.
1. Көкөніс дақылдарын жіктеу.
2. Көкөніс дақылдарының шығу тегі.
3. Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
4. Көкөністің азықтық маңызы және олардың химиялық құрамы.
5. Көкөніс шаруашылығының міндеттері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
130-140 мың өсімдік түрлерінің ішінде 110-120-сы көкөніс дакылдары, олар 78 тұқымдаска, оның ішінде 86 түрі (59 тұқымдасы) дара жарнақтыларға және 33 түрден (19 тұқымдасы) артығы қосжарнақтыларға жатады. Көкөніс дақылдарының жартысына жуығын қолдан өсіреді, ал қалғандары табиғн жағдайда өседі.
ТМД елдерінде көкөніс дақылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі.
Ботаникалық жіктеу. Көкөніс дақылдарының ботаникалық белгілері бойынша және олардын өсімдіктер жүйесіндегі орнына байланысты жіктеу ең дәлірек, себебі ол өсімдіктің әр түрлерінің туыстық байланысын көрсетеді. Көкөніс дақылдары мынадай тұқымдастарға жатады (М.М.Гиренко, 1982):
1. Ақкекірелер (күрделі гүлділер): бөрікгүл, қойжелкек немесе ақтамыр, егістік ақ сүттіген (шашыратқы ақ сүттіген), эндивий және эскариол ақ сүттігені (көктікен), скорцонер (қара тамыр, тәтті тамыр), жер алмұрты (топинамбур), эстрагон (эстрагондық жусан, торқұн).
2. Бұршақтар: атбас бұршақ (мал азықтық, орыстык), егістік ас бұршақ, кәдімгі үрме бұршақ, бойдана немесе көгілдір тас беде (тригонелла), лима үрме бұршағы.
3. Айлаулықтар: бәдіреншөп (бораго, бурачник).
4. Мауындықтар: далалық ақсүттіген (мауындықша).
5. Шырмауықтар: тәтті картоп немесе мәдени батат.
6. Тарандар: рауғаш, қышқылтым кымыздық.
7. Кеуелдер: кеуелдер.
8. Қырыққабаттылар (крестгүлдер): брокколи, тарна, жапырақты кыша сарепттік, ақ қауданды, брюссельдік, қытайлык, жапырақты, пекиндік, савойлык, гүлді кырыққабаттар, кольрабн, қатыран (қырымдық ақ желкен), екпе шығар (бақшалық шығар), шалғам, шалқан, шомыр, ақжелкек.
9. Жуалықтар: алтай жуасы, порей жуасы, қат-қабатты жуа, ошанин жуасы немесе жабайы пияз, батун жуасы, екпе жуа, шалот пиязы, шырынды пияз, сарымсақ, шнитт пиязы.
10. Сарғалдақтар: содана,
11. Алабұталар, жусан көкпек, асханалық қызылша, саумалдық монгольд.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім.

ІІ. Негігі бөлім.
1. Көкөніс дақылдарын жіктеу.
2. Көкөніс дақылдарының шығу тегі.
3. Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
4. Көкөністің азықтық маңызы және олардың химиялық құрамы.
5. Көкөніс шаруашылығының міндеттері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.

КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1. Көкөніс дақылдарын жіктеу

130-140 мың өсімдік түрлерінің ішінде 110-120-сы көкөніс дакылдары,
олар 78 тұқымдаска, оның ішінде 86 түрі (59 тұқымдасы) дара жарнақтыларға
және 33 түрден (19 тұқымдасы) артығы қосжарнақтыларға жатады. Көкөніс
дақылдарының жартысына жуығын қолдан өсіреді, ал қалғандары табиғн жағдайда
өседі.
ТМД елдерінде көкөніс дақылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге
жуығы өсіріледі.
Ботаникалық жіктеу. Көкөніс дақылдарының ботаникалық белгілері бойынша
және олардын өсімдіктер жүйесіндегі орнына байланысты жіктеу ең дәлірек,
себебі ол өсімдіктің әр түрлерінің туыстық байланысын көрсетеді. Көкөніс
дақылдары мынадай тұқымдастарға жатады (М.М.Гиренко, 1982):
1. Ақкекірелер (күрделі гүлділер): бөрікгүл, қойжелкек немесе ақтамыр,
егістік ақ сүттіген (шашыратқы ақ сүттіген), эндивий және эскариол ақ
сүттігені (көктікен), скорцонер (қара тамыр, тәтті тамыр), жер алмұрты
(топинамбур), эстрагон (эстрагондық жусан, торқұн).
2. Бұршақтар: атбас бұршақ (мал азықтық, орыстык), егістік ас бұршақ,
кәдімгі үрме бұршақ, бойдана немесе көгілдір тас беде (тригонелла), лима
үрме бұршағы.
3. Айлаулықтар: бәдіреншөп (бораго, бурачник).
4. Мауындықтар: далалық ақсүттіген (мауындықша).
5. Шырмауықтар: тәтті картоп немесе мәдени батат.
6. Тарандар: рауғаш, қышқылтым кымыздық.
7. Кеуелдер: кеуелдер.
8. Қырыққабаттылар (крестгүлдер): брокколи, тарна, жапырақты кыша
сарепттік, ақ қауданды, брюссельдік, қытайлык, жапырақты, пекиндік,
савойлык, гүлді кырыққабаттар, кольрабн, қатыран (қырымдық ақ желкен), екпе
шығар (бақшалық шығар), шалғам, шалқан, шомыр, ақжелкек.
9. Жуалықтар: алтай жуасы, порей жуасы, қат-қабатты жуа, ошанин жуасы
немесе жабайы пияз, батун жуасы, екпе жуа, шалот пиязы, шырынды пияз,
сарымсақ, шнитт пиязы.
10. Сарғалдақтар: содана,
11. Алабұталар, жусан көкпек, асханалық қызылша, саумалдық монгольд.
12. Қоңырбастар: қантты немесе көкөністік жүгері.
13. Алқалар: баклажан, қызыл бұрыш, кызанақ, кызыл-құлак.
14. Қараоттар: бақшалық, қараот.
15. Руталар: бақшалық рута.
16. Балдыркөктер: шатыргүлділер: бәден. кервель, күнзе, сүйментамыр,
дәрілік сермене, сәбіз, ботташық, ақжелек, балдыркөк, зере, зире, аскөк,
арамсарбас әптиек аскөгі, көкөністік арамсарбас.
17. Қояншөптер: қояншөп.
18. Асқабақтар: қарбыз, қауын, қауақ, қияр, самсар, асқабақ, чайот
мексикалық қияр.
19. Аиз ондықтар: жаңазеландық, саумалдық.
20. Тауқалақайлар (еріндігүлдер): насыбайгүл, жыланбас, сайсағыз,
жұпаргүл, киікшөп, майоран, біржылдық майоран (кәдімгі бақтық), бұрыш
жалбыз, гүлшетен, жебір (бір жылдық.немесе иісті жебір).
Жуа, қояншөп және қоңырбас тұқымдастарының өсімдіктері дара жарнақты,
ал қалғандары—қос жарнақты. Гүлді өсімдіктерден басқа өндірісте тақта
тәрізділер, тұқымдасынан қозықұйрық саңырауқұлағы белгілі.
Ботаникалық жіктеу қолайсыз, себебі біртұқымдасқа көкөңісін әртұрлі
мушелерінде қалыптастыратын өсімдіктер топтастырылған.
Мәселен, қырыққабаттылар тұқымдасына, көкөніс ретінде жапырағы,
қауданы, тамыржемісі, жуанданған сабағы пайдаланылатын өсімдіктер де
біріктірілген. Ақкекіреліктер тұкымдасына:біріктірілген өсімдіктер
көкөнісін жапырақ, тамыр жемісі, жас өркендер, гүл шоғырлары түріңде
қалыптастырады.
Өндірістік (шаруашылық) жіктеу. Көкөніс шаруашылығында бұл жіктеуді
кешеңді белгілері (ботаникалық өнім мүшелері және өсіру тәсілдері) бойынша
қолданады. Осы белгілері төменгі топтарға бөледі.
1. Қырыққабат өсімдіктері - ақ, қызыл, санойлық, брюссельдік, гүлді,
кольраби.
2. Жемістілер—қызанақ, бұрыш, баклажан, қызыл-құлақ, асқабақ, қауын,
қарбыз, қияр, ас бұршақ, бұршақ, үрме бұршақ, қанттық жүгері, самсар, кәді.
3. Тамыржемістілер—қызылша, сәбіз, ақжелек, балдыр-көк, ботташық,
тарна, шомыр, шалқан, шалғам.
4. Жуалықтар—қатпарлы немесе басты пияз, шалот, порей, сарымсақ.
5. Жапырақтылар—сүтжапырақ (сүтшөп, балпанақ, шашыратқы, шытыр),
саумалдық, аскөк, пекиндік қырыққабат, жапырақты қыша, жебір.
6. Көпжылдықтар—ақжелкек, қымыздық, рауғаш, қояншөп, бөрікгүл, жуалар
(батун, шнитт) көп қабатты, (денгейлі), шырылжын жусан (шырылжын,
қызылшөп), қатыран, жалбыз, зире (зере), әптиек аскөгі.
7. Саңырауқұлақтар—қозықұйрық, жүзікше, жерқұлақ және т.т.
Қырыққабатты өсімдіктер әр түрлі өнім мүшелерін қалыптастырады: қаудан-
ақ, қызыл және савойлық кырыққабат; колтықтық бүршік қауданшалар—брюссель
қырыққабатында; жұмыргүл—гүлді қырыққабатта; жуанданған сабақ—кольрабиде.
Қырыққабаттылар өсірген кезде агротехникалық шаралар гүлсидамды сабақтың
болдырмауына жағдай жасауы керек, себабі гүлсидамы пайда болса, жапырақтары
қатайып, тағамдық және дәмдік сапалары нашарлайды.
Жемістік көкөніс өсімдіктер тобының көкеніс өнімі ретінде жемісі
пайдаланылады. Бір өсімдіктердің жемісі тамаққа толық піскен күйінде
пайдаланылса—қарбыз, қауын, қызанак, баклажан, екіншілерінікі—кияр, кәді,
табақша асқабак, қантты жүгері, бұршақ, үрме бұршақ, ас бұршақ—толық
техникалық піспеген кезінде жеуге жарайды. Жемісті көкеніс дақылдарын
өсіргенде барлық агротехникалық шаралар күшті дамыған тамыр және
ассимиляциялық жүйесінің жедел дамуына мүмкіншілік жасауы керек. Бұл, басқа
жағдайлар бірдей болғанда, өсімдіктің гүлдеуіне және жеміс қалыптастыруының
тезірек өтеуін тездетеді.
Тамыр жемісті өсімдіктер әдетте жақсы дамыған, тармақталынбаған жуан
тамыржемістер қалыптастырады. Олар уақытынан бұрын гүлсидамды сабақ
құрастыруға өтпеуі керек, агротехникалық тәсілдер алғашқы кезеңдерде тамыр
жүйесін және ассимиляциялық бетті күшейте түседі. Осындай гүлсидамды
сабақтың пайда болуы өсімдіктің өнімді бөлігінің дәмдік және азықтық
сапасын күрт төмендетеді. Жуа тұқымдастарда кәдімгі (басты пияз, сарымсақ,
шалот) немесе жалған жуашық (порей) қалыптасады. Жуа тұқымдастарды азық-
түлікке өсіргенде, қоректік заттарды шығындайтын—гүлсидамды сабақтарды
болдырмау керек. Бұның сидам сабақтанатын сарымсақ пен қатқабатты(деңгейлі)
жуаға қатысы жоқ.
Жапырақты көкөніс өсімдіктерінің тамақка жапырактары мен олардың
бөліктері (жапырақ сағағы) пайдаланылады. Бұларда гүлсидамды сабақтың
қалыптасуы әдеттегі жай, сондықтан жоғары өнім алу үшін оларды жұлып
тастайды. Гүлсидамды сабақтарды болдырмау үшін тұқымды яровизацияламау
керек. Гүлсидамды сабақтардың пайда болуы ылғалдың жетіспеушілігінен
болатындықтан, құрғақ ауа райында суландыру қажет болады. Дәмтатымдық
көкөніс дақылдарының (аскөк, жебіршөп, райхан, майбран) гүлсидамдық
сабақтарын жұлмайды. Себебі тамаққа тек жапырақтары ғана емес жас өркендері
де пайдаланылады.
Өндірістік жіктеу біздің елімізде кең қолдау тапты. Басқа жіктеулер де
бар.
Өнімді мүшелері бойынша жіктеу. Тамаққа пайдаланылатын мүшелері
бойынша көкөніс дақылдары былай бөлінеді:
жапырақтылар (кырыққабат, ақ сүттіген, саумалдық қымыздық, балдыркөк),
баданалылар (басты пияз, сарымсақ), жемістілер (қызанақ, баклажан, қияр,
қауын, асқабақ, ас бұршақ, үрме бұршақ), тамырсабақтылар (кольраби),
тамыржемістілер (сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан, шалқам, тарна), гүлдер
(бөрікгүл, гүлді қырыққабат) және саңырауқұлақтар (козықұйрық).
Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеуі. Тіршілігінің ұзақтығы
(тұқымының өскін беруімен өсімдіктің табиғи солуына дейін) бойынша көкөніс
дақылдары бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді.
Бір жылдық дақылдар—монокарптық өсімдіктер, яғни өмірінде бір рет
гүлдейді және жеміс салады. Бұларға қарақат, бұршақ және асқабақ
тұқымдастарының өсімдіктері, сондай-ақ шалқан, аскөк, ақ сүттіген,
саумалдық, пекиндік және гүлді қырыққабат қыша, жебіршөп жатады.
Екі жылдық дақылдар да монокарптықтар, жемістерін тіршілігінің екінші
жылында салады. Бұлар тамыржемістілер (шалқамнан басқасы), Қырыққабаттар
(пекиндік және гүлді қырыққабаттан басқасы). Тіршіліктерінің бірінші жылы
олар өнімді мүшелерін: тамыр-жемістерін; қаудандарын, баданаларын
қалыптастырады. Қыста екіжылдықтардың топырақ бетіндегі мүшелері және
тамыры әр түрлі деңгейде опат болады. Қоректік заттар жиналатын мүшелері
және олардың бүршіктері терең тыныштыққа ауысады. Бұл олардың кыстыгүні
тіршілігін сақтайды. Екінші жылы өсімдіктердің жандануы қоректік заттарды
пайдалануы басталады. Өсімдік тамыр жүйесін жедел қалпына келтіріп, сабағын
құрастырып, гүлдейді және тұқым байлайды. Азык-түлікке өсіргенде
екіжылдықтардың өсу-даму кезеңі бір жылда, ал тұқымға өсіргенде екі жылда
өтеді.
Көп жылдық дақылдар—поликарптық өсімдіктер (ақжелен, қымыздық, рауғаш,
қозышөп және т.б.) бірнеше рет жеміс салуымен сипатталынады. Күзде олардың
топырақ үстіндегі барлық бөліктері опат болады, ал қоректік заттары бар
тамырлары, тамыр сабақтары сақталады.Әр жылы көктемде олар өсуін
жалғастырады. Жемісін екінші жылдан ерте салмайды. Бұл өсімдіктер бірінші
және кейінгі жылдары қоректік заттар жинайтын мүшелерін (тамыр сабақтарын,
бадандарын) қалыптастырады, олар өз кезегімен қыс алдында тыныштыққа
кәшеді. Топырақ үстіндегі мүшелері және тамырының біраз бөлігі осы кезге
қарай опат болады.
Көпжылдықтардың азық-түліктік бөлігі вегетативтік (қымыздық, рауғаш
және т.б.) сонымен бірге генеративтік те (бөрікгүл) мүшелері болуы мүмкін.

2. Көкөніс дақылдарының шығу тегі.

Мәдени көкөніс өсімдіктері жабайы өсімдіктерден, ал одан әрі жабайы
және мәдени түрлерінің табиғи будандасуынан шыққан. Кейбір көкөніс
дақылдарының (қаудан, асқабақ) шығу тегі ботаникгер үшін әлі де жұмбақ.
Мәдени түрлердің жабайы түрлерден шығуы генетикалық тұрғыдан құптау тауып
отыр. Мәдени дақылдардың кейбіреулерінің арғы тегі (жабайы жүгері) із-
түзсіз жоғалып кетті немесе жоғала бастады (асқабақ тұқымдастарының
кейбіреулері). Көкөніс дақылдарының көпшілігінің тарихы тым әріден
басталады. Мәселен, бұршақ, пияз, жүгері ерте заманнан бері өсірілуде.
Өсімдік түрлерінің басым бөлігі жабайы флорада қалса да, адамзат үшін
маңызы зор. Н.И.Вавилов пен Е.В.Вульфтың есебі бойынша төңірегіміздегі 130-
140 мың жоғары сатыдағы өсімдіктердің 2,5мыңнан сәл асатын бөлігі ғана
қолдан өсірілетін көрінеді.
Көкөніс дақылдарының жекелеген мәдени түрлері (қызанақ) жабайылануға
бейімділігін байқатады. Кейбір жабайы өсімдіктердің мәдени түрге айналуы,
олардың табиғатын өзгерткені соншалықты, енді олар табиғи жағдайда өз
беттерімен өсе алмайды. Айталық, жүгері, собығын орап жауып тұратын
жапырақтар болғандықтан, тұқымын шаша алмайды, сондықтан келесі жылдары
көбеюі де күмәнді.
Мәдени көкөніс дақылдарының шығуында жетекші рольді мыңдаған жылдар
бойы жасанды сұрыптау атқаруда. Ежелгі адамдар қоректік баданын, тамырын,
түйнегін ғана жинамаған, сонымең бірге солардың ішіндегі ең ірісін тәттісін
және өнімдірегін, таңдап алуды үйренген. Мәдени дақылдардың шығуында әр
түрлі климат жағдайындағы мутациялық процестер, табиғи будандасу, мен
табиғи сұрыптау үлкен рөл атқарады.
Мәдени дакылдардың селеқциясында эксперименталдық мутагенез әдісі
кеңіңен қолданылуда. Жабайы флораның жерлестірілетін өсімдігіне
мутанттардың (мутация туғызаты агенттер) әсері келешекте жабайы өсімдікті
мәдени түрге айналдыруды тездетеді. Айталық, Г. Штуббе 10-15 жыл бойы
сәулемен әр кезеңде сәулелендіруді және жасаңды сұрыптауды тұрақты түрде
белгілі бір – бағытта жүргізудің, нәтижесінде, перуандық жабайы қызанақтан
мәдени қызанақ шығарған.
Қоныс аудару дәуірінде географиялық ашылымдар кезінде көптеген өсімдік
түрлері өздері бұрын өсіп-өнбеген жерлерге апарыльш өсірілген. Мысалы,
батат—американдық өсімдік-Тынық мұхиттың араларында еуропалықтардан талай
бұрын, жетіп өсіріле бастаған. Өсімдіктердің көптеген американдық түрлері
Ежелгі Жарыққа (жерлерге) Колумбтан бұрын жеткен. Адамдардың өсімдіктерді
осылай жеткізетінін Тур Хейердалдың Кон Тики және папирусты (тропика
қамысы) Ра қайығымен саяхаттаған кезіндегі жиналған мәліметтер дәлелдеп
отыр.
Өсімдіктерді жерсіндірудің ғылыми теориясын Н, И, Вавилов 20-шы
жылдары негіздеген болатын. Оның негізіне ол мәдени дақылдарды шығу
орталығында осы түрдің ете көп гендік әртүрлілігі жинақталғаны туралы
теорияны келтірген.
Мәдени дақылдардың жабайы тумаласы өсімдіктердің өте ертедегі
белгілерінің басым гендеріне бай болғандықтан селекцияны өте-мөте бағалы
(ауруға, зиянкестерге төзімділігі). Орасан зор аумақты алып жатқан
орталықтан қашықтатылған өсімдіктердің мәдени түрлері басыңқы гендерге
ие болғандықтан жоғары өнімділікті өте жақсы сапалы және тез пісіп-жетілуді
қамтамасыз ете алады.
Мәдени өсімдіктердің ең көп табиғи әртүрлілігі алғашқы (табиги)
немесе екінші (адам жасаған) орталықта болатынын Н.И.Вавилов анықтап
берді. Негізі орталықтардан алынған жадығаттар (материалдар,),
селекциялық жұмыстарға қажет ең үлкен тұқымқуалаушылықпен ерекшеленеді.
Жиналған өсімдіктер негізінде Н.И.Вавилов мәдени дақылдардың әртүрлілігі
және шығу тегінің ботаникалық-географиялық орталығының теориясын жасады.
Мәдени өсімдіктердің орасан көп түрлері оның ішінде көкөністіктер де
сегіз ортаға топтастырылған.
Қытайлық (таулық Орталық және Батыс Қытай Корея, Жапония). Бұл
жерлерден шығыстық щалқан, пекиндік және қытайлық қырыққабат, ірі жемісті
қияр, пияз-батун, баклажанның ұсақ жемісті түрлері тараған.
Үнділік (Үнді, Бангладеш, Пәкістан, Бирма) ұсақ жемісті қиярдың,
баклажанның, ақ сүттігеннің отаны.
Орта азиялық (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан). Мұнда сәбіз, шомыр,
шалғам, басты пияз, сарымсақ, ас бұршақ, бұршақ, саумалдық өседі.
Алдыңғы азиялық (Закавказ, Түркия, Иран Түрікменстанның таулық
бөлігі)—қауын, асқабақ, сәбіз, порей пиязы, латук, ақ сүттіген.
Жерортатеңіздік (Жерорта теңізінің еуропалық және африкалық
жағалаулары)—өсімдік шаруашылығының, ежелгі орталықтарының бірі. Бұл жер
қоңыр салқын ауа райы өсімдіктерінің—қызылшаның, қырыққабаттың,
акжелкеннің, шомырдың, тарнаның, балдыркөктің, қозышөптің, ботташықтың,
аскөктің, қымыздықтың, рауғаштың, асбұршақтың, көктікеннің отаны.
Абиссиялық (Эфиопия, Сомали)—ас бұршақтың, бұршақтың, қарбыздың, шалот
пияздың, баминның отаны.
Орталық америкалық—Мексика, Гватемала, Коста-Рика, Гондурас,
Панама—мускаттық асқабақтың, бататтың, қызанақтың, үрме бұршақтың,
бұршақтың, жүгерінің, қызылқұлақтың шыкқан жері.
Оңтүстік америкалық (Перу, Эквадор, Боливия, Чилоэ аралы)—ірі жемісті
асқабақтың, қызанақтың, ірі тұқымды лимиялық үрме бұршақтың отаны.
Әр түрлі континенттерге жүргізілген экспсдициялар кезінде жиналынған
жадығаттарды (материалдарды) академик П.М.Жуковский талдап, қорытып
орталық жөніндегі түсінікті толықтырды. Бұрынғы 8-дің орнына ол 12
орталық анықтап оларды гендік орталық деп атады және әрқайсысындағы
өсімдіктердің маңызды түрлерінің егжей-тегжейін дәлелдеді.
Мәдени дақылдардың екінші шығу орталыктарының маңызы өте зор. Адам
өсімдіктерді жаңа аудандарға неғұрлым көбірек көшіріп, оларды жетілдірілген
технологияда өсіріп ең өнімді түрлерін сұрыптап алған сайын соғұрлым түрдің
таралу аумағы кеңи түсті. Түрлер орталықтан алыстаған сайын жетіле түскен
және тумаласымен салыстырғанда өнімдірек, гендік қанығу жоғарылай түскен.
Қырықкабаттың қазіргі формалары оған мысал бола алады. Қырыққабаттың ежелгі
түрлері тас ғасырына дейін тіршілік еткен жабайы түрлерінен басқасы бізге
беймәлім.
Гректер бесінші ғасырда жапырақты қырыққабаттың екі формасын өсірсе,
римдіктер оның көптеген формаларын білген, олардың қазіргі кездегі ақ
қауданды қырыққабаттан айырмашылығы шамалы болған.
Көптеген жабайы өсімдіктерді қолдан өсірудің, мутацияның табиғи және
жасанды будандастырудың жаңа топырақ климат жағдайына апарудың, жасанды
сұрыптаудың себептерінен тұқымдары мен жемістерінің дәмі жаксарып,
жемістерінің көлемі үлкейіп және ұзақ сақталғыштық қасиетке ие болды.
Мәдени өсімдіктер мұқият күтіп баптау жағдайында өте жоғары өнім бере
алады, жағдайы нашарласа, өнімі күрт төмендейді, өсімдігі азып, тіпті опат
та болады.
Мәдени өсімдіктердің шығу тегінде жаңа сорттар шығаруда қолданылатын
өздігінен пайда болатын мутацияның үлкен маңызы бар. Көкөніс дақылдары
ішінде осылай алынған мутанттардың саны өте көп. Жасанды жолмен
экономикалық бағасы зор көптеген полиплоидтар алынды. Олардың ішінде ерекше
маңыздылыққа ие – триплоидты тұқымсыз қарбыз.
Көкөніс дақылдарының шыққан жерін (тегін) анықтау,
морфологиялық және биологиялық беллілері мен қасиеттерінің бекуіне әсер
етіп топырақ жағдайын зерттеп білу теория мен іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп өндірісі
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында жеміс – көкөніс шаруашылығының дамуы
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Екпе көшеттерді қазып алу
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Пәндер