Қазақстан халықтарының ассамблеясы



КІРІСПЕ

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ
1.1.Қазақстан Республикасының тіл саясаты
1.2. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы және оның сессиялары.
1.3. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ұлттық мәдени орталықтар және оның қызметі. Еліміздегі әрбір ұлттың өзінің мәдени дәстүрлері бар. Сондықтан да әрбір ұлттың өзінің тілін пайдаланып, балаларын оқытып-тәрбиелеуге деген құлшынысы заңды болып табылады. 80-жылдардың соңынан бастап ұлттық сана-сезімнің күрт өсуі байқалған болатын. Бұл қоғам санасындағы түбірлі өзгерістер Қазақстанда ұлттық қатынастарды реттейтін заңдарды қажет етті.Осылайша Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтар Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1989 жылғы 14 сәуірдегі “Қоғамдық ұйымдардың құрылу тәртібі мен қызметі туралы” жарғысы негізінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, оған қосымша 1995 ж. 14 шілдеде “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аймақтық органдарында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі жөніндегі ережелер”, 1996 ж. 30 мамырда “Қазақстан Респуб¬ли¬касындағы қоғамдық ұйымдар туралы” заңдар қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының конституциясында көп ұлтты Қазақстандағы барлық ұлттардың тең құқықтық дамуы үшін заңдық негіз жасалған. Бірнеше баптар осы мәселеге арналған. Мысалы, 39-бапта ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әрекеттердің заңға қарама-қайшы екендігі атап көрсетілген.
Жоғарыда аталған конституциялық-құқықтық базалар негізінде ұлттық мәдени қайта өрлеу үрдісі басталды. Тек 1994—1996 жылдары республикалық және аймақтық, ұлттық мәдени орталықтардың 27-сі қоғамдық ұйым ретінде заңдық статусқа ие болды. Олардың әрқайсысының облыстық құрылымдарда бөлімшелері бар.
Ұлттық мәдени орталықтар қызметінің негізгі бағыттары және нәтижелері мынандай: ұлттық мәдени орталықтар білім беру ісін шешуге қатысады, бірінші сатыдағы ұлттық мектептердің дамуына мұрындық болуда. Мәселен, 1990 ж. неміс ұлттық мәдени орта¬лығының және “Дойче альгемайне” газетінің ұсынысымен республикада тұңғыш рет Алматыдағы N 18,68 орта мектептерде барлық пәндерді неміс тілінде оқытатын сыныптар ашылды. Сол сияқты поляк тілінде оқытатын сыныптар Алматыда, Астанада, Қарағандыда, Көкшетауда бар. Жергілікті, аймақтық және республикалық ұлттық мәдени орталықтардың белсенді араласуымен жоғары оқу орындарындағы ұлттық тілдерден маман-тілшілер даярлайтын факультет пен бөлімдер саны көбейді. Мысалы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік, парсы, араб бөлімдері ашылды. Осындай корей тілінің мұғалімін даярлайтын білім ордасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда пединститутында қайта ашылып, 1995 ж. алғашқы түлектерін даярлап шығарды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 07.10.98ж. Баспа «Жеті жарғы» А., 2001
2. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
3. Тоқаев Қ. Беласу. Алматы: Дәуір, 2003 ж. 440-467 бб.
4. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996 ж.
5. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан 2030. Білім баспасы 1998 жыл

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ
1.1.Қазақстан Республикасының тіл саясаты
1.2. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы және оның сессиялары.
1.3. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Ұлттық мәдени орталықтар және оның қызметі. Еліміздегі әрбір ұлттың
өзінің мәдени дәстүрлері бар. Сондықтан да әрбір ұлттың өзінің тілін
пайдаланып, балаларын оқытып-тәрбиелеуге деген құлшынысы заңды болып
табылады. 80-жылдардың соңынан бастап ұлттық сана-сезімнің күрт өсуі
байқалған болатын. Бұл қоғам санасындағы түбірлі өзгерістер Қазақстанда
ұлттық қатынастарды реттейтін заңдарды қажет етті.Осылайша Қазақстандағы
ұлттық мәдени орталықтар Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1989 жылғы 14 сәуірдегі
“Қоғамдық ұйымдардың құрылу тәртібі мен қызметі туралы” жарғысы негізінде
жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, оған қосымша 1995 ж. 14 шілдеде
“Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аймақтық органдарында заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі жөніндегі ережелер”, 1996 ж. 30
мамырда “Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар туралы” заңдар
қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының конституциясында көп
ұлтты Қазақстандағы барлық ұлттардың тең құқықтық дамуы үшін заңдық негіз
жасалған. Бірнеше баптар осы мәселеге арналған. Мысалы, 39-бапта ұлтаралық
келісімді бұзатын кез келген әрекеттердің заңға қарама-қайшы екендігі атап
көрсетілген.
Жоғарыда аталған конституциялық-құқықтық базалар негізінде ұлттық мәдени
қайта өрлеу үрдісі басталды. Тек 1994—1996 жылдары республикалық және
аймақтық, ұлттық мәдени орталықтардың 27-сі қоғамдық ұйым ретінде заңдық
статусқа ие болды. Олардың әрқайсысының облыстық құрылымдарда бөлімшелері
бар.
Ұлттық мәдени орталықтар қызметінің негізгі бағыттары және нәтижелері
мынандай: ұлттық мәдени орталықтар білім беру ісін шешуге қатысады, бірінші
сатыдағы ұлттық мектептердің дамуына мұрындық болуда. Мәселен, 1990 ж.
неміс ұлттық мәдени орталығының және “Дойче альгемайне” газетінің
ұсынысымен республикада тұңғыш рет Алматыдағы N 18,68 орта мектептерде
барлық пәндерді неміс тілінде оқытатын сыныптар ашылды. Сол сияқты поляк
тілінде оқытатын сыныптар Алматыда, Астанада, Қарағандыда, Көкшетауда бар.
Жергілікті, аймақтық және республикалық ұлттық мәдени орталықтардың
белсенді араласуымен жоғары оқу орындарындағы ұлттық тілдерден маман-
тілшілер даярлайтын факультет пен бөлімдер саны көбейді. Мысалы, Абай
атындағы Алматы мемлекеттік университетінде корей, ұйғыр, әзірбайжан,
түрік, парсы, араб бөлімдері ашылды. Осындай корей тілінің мұғалімін
даярлайтын білім ордасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда пединститутында қайта
ашылып, 1995 ж. алғашқы түлектерін даярлап шығарды.

І. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ
Ұлттық мәдени орталықтардың араласуымен адамның өзінің ана тілін
пайдалану құқығы жүзеге асырылды. Қазақстанда тіл қоғамдары құрыла бастады.
Мысалы, Т.Шевченко атындағы украин тілі серіктестігі “Рідне слово”,
Талдықорғандағы татар орталығы “Туған тель”. 1996 ж. барлығы 106 мың ұлт
өкілдерінің балалары өз ана тілдерін жеке пән ретінде оқып-үйренді. Ұлттық
мәдени орталықтар өз ана тіліндегі газет, журналдар жаздырып алуы,
кітапханалық мекемелермен байланыс орнатуы, арнайы оқу үйлері ұлттық
тілдердің функционалдық жай-күйіне игі әсер етті.
Павлодар облысының Кіші ассамблеясының ұсынысымен этностық топтардың 9
тілінде оқытатын 500 оқушыға арналған ұлттық мектеп ашылды. 1995 жылдан
бері Ассамблея Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жоғары
оқу орындарына түсушілерге 10%-дық квота бөлу туралы идеясын жүзеге асырды.
Нәтижесінде азшылық ұлттардың студенттер арасындағы үлес салмағы 17,7%
артты. 11 ұлттық газет, 44 телестудия 12 тілде хабар береді және 18
радиостанция 6 тілде хабар беруінің арқасында ұлттың өзіндік дамуына
ақпараттық кеңістік қаланған. 1995 ж. этностық топтар тілінде 20 кітап
жарық көрді.
Дегенмен, кешегі 70 жылғы Кеңес өкіметі кезінде қордаланып қалған ұлт
мәселелерін ұлттық мәдени орталықтар көтеріп, Қазақстан халықтары
Ассамблеясының шын мәніндегі демократиялық орган ретінде айқындалуына да
септігін тигізді. Сөйтіп, бұрынғыдай жоғарыдан әміршіл-әкімшіл жолмен емес,
сұхбат жолымен келуге жол салды.
“Тұран” мәдени орталығы. Ұлы даладағы Қыпшақ мәдениетінің негізін
қаласқан халықтардың бірі — әзірбайжандар. Кешегі сталиндік заңсыздықтар
кезінде туған елінен бас сауғалап, қоныс аударуға мәжбүр болған бұл
халықтың 100 мыңдай өкілі бүгінде Қазақстанда тұрады. Тұрмыс-тіршілігі,
мұрат-мақсаты ежелден тұрандықтармен, алаш жұртымен біте қайнасқан
әзірбайжандар қазақ елінің егемендігін нығайту, қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесін биіктету жолында табанды күрес жүргізіп келеді. 1992 ж. негізі
қаланған “Тұран” мәдени орталығы мүшелерінің өз ұлттық мәдениетінің барынша
өркен жаюы үшін сіңірген еңбегі орасан зор.
Армян мәдени орталығы. Армян халқының тағдыры өте күрделі. Бір жағынан
христиан мәдениеті, екінші жағынан мұсылман мәдениеті тоғысатын белдеуде
орналасқандықтан да армяндар жаугершілікті бастан көп өткізген. Сондықтан
да туған елінен гөрі сыртта жүрген армяндар анағұрлым көп. Әйтсе де бұл
халықтың байырғы мәдениеті ғасырлар бойы жасап келеді. Айталық қазіргі
қолданылып келе жатқан армян әліпбиіне (алфавитіне) 1600 жылдан асқан.
Осынау ежелгі мәдениет өкілдерінің үлкен тобы ұзақ жылдардан бері
Қазақстанда тұрып еңбек етуде. Олардың мәдени орталықтары 1991 ж. құрылған.

“Вонщен” — дүнген қоғамдық және мәдени орталығы. 1862—1877 жылдары
Маньчжуриядағы Цин әулетіне қарсы күресте ойсырай жеңілген дүнгендердің
үлкен тобы Қытай—Ресей шекарасынан өтіп, Жетісуға орналасуға мәжбүр болды.
Бұдан кейін қытайлықтар тепкісіне түскен бұл халықтың шашырандылары
Жетісуға қарай ағылып жатты. Қашқындардың соңғы легі — шамамен мыңға жуық
адам — 1956—1962 жылдары бергі бетке өтті. Қазақстандағы дүнген мәдени
орталықтары бұл халықтың мәдениетін өркендетуге қамқорлық жасап, жастардың
ана тілінде сусындауына айрықша назар аударып отыр.
Корей мәдени орталықтары. Кеңес өкіметі Қиыр Шығыстағы корейлерді
сенімсіз халық ретінде 1937 ж. Орта Азияға қарай жер аударды. Қазақстандағы
бұл халық өкілдері 100 мыңнан асады. Қазақстанды туған отанындай қабылдаған
корейлер еліміздің экономикасы мен мәдениетінің гүлденуіне елеулі үлес
қосты. Олардың арасынан өсіп шыққан өнер, білім, ғалым, мәдениет, еңбек
саңлақтары Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Корей театры жұмыс
істеп, теледидар арқылы корей тілінде “Коре сарам” хабарлары беріліп
тұрады.
“Түркия” мәдени орталығы (республикалық Түрік қоғамы). 1829 ж. Ресей
Түркияның солтүстігіндегі үш ауданын жаулап алып, бұл жерді Ресей
империясының аумағына қосты. Кеңес өкіметі тұсында Сталин ежелгі түрік
ауданын Грузия аумағына қосу мақсатымен жергілікті халықты Қазақстанға жер
аударды. Түріктердің “Түркия” қоғамы Қазақстан халықтарының арасындағы
ұлттық татулықты саяси тұрақтылықтың негізі деп түсінеді. “Түркия” мәдени
орталығының басшысы Д.Абдуллаев мырзаның ұйымдастыруымен Таразда 1996 ж.
түрік мәдениетінің күндері болып өтті. 1989 жылғы санақ бойынша
Қазақстандағы түрік диаспорасының жалпы саны — 49475 адам болса, 1999 ж.
Қазақстандағы түріктердің саны 75933 адамға өсті. Түрік тілін оқытатын 46
мектеп жұмыс істейді.
Күрділердің мәдени орталықтары. Күрділердің “Якбун” мәдени ассоциациясы,
“Барбанк” қауымдастығы (төрағасы Н.Надиров) жұмыс істейді, сонымен қатар,
бұрынғы кеңестік республикаларда да мәдени тіл, діни орталықтар жұмыс
істейді. 1898 жылғы санақ бойынша Ресей империясында 100 мың күрділер өмір
сүрген. Әзірбайжан күрділері бұл аумақта бір мыңға жуық жылдай өмір сүрген.
Ал Грузия, Армения күрділері ол аумаққа ХVІІІ, ХІХ және ХХ ғасырларда
Түркиядан қоныс аударды. Сталиндік 1937, 1944, 1948, 1950 жылдардағы
депортация кезінде күрділер Қазақстан мен Орта Азияға көшірілді. 1999 жылғы
санақ бойынша Қазақстан Республикасында 32764 күрді этностық топтарының
өкілдері мекендейді. 1993 жылдан “Якбун” мәдени ассоциациясы жұмыс істей
бастады. Күрді халқының мерекелері республикалық деңгейде аталып өтіледі.
1999 ж. Алматыда “Қазақстан күрділері”, “Тарих және қазіргі кезең” атты
конференция өтті. Интернетте бірнеше сайтта халықтың тарихы, мәдениеті
туралы мақалалар жарияланып тұрады.
“Идель” — башқұрт пен татарлардың қоғамдық мәдени орталығы. Ежелден Еділ
бойын мекендеген башқұрт пен татар халқының түрлі қуғын-сүргінді бастан
кешкен бөлігі Қазақстанда да аз емес. Бүгінде олардың “Идель” қоғамдық және
мәдени орталығы түркі халықтарының ынтымағын нығайтуда. Көп ұлтты мемлеке-
тіміздің қоғамдық және мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі — 1998
жылғы 8—9 маусымда Шымкентте татарлардың бүкіл дүниежүзілік конгресі Атқару
комитетінің көшпелі мәжілісінің өткізілуі. Оған Татарстан Ғылым
академиясының академигі И. Тагиров төрағалық етті. Бұл мәжіліс Орталық
Азиядағы татар диаспорасының ана тілінде білім алуын одан әрі дамыту мен
мәдениетін өркендету проблемаларына арналды. Осынау алғашқы кеңеске
Қазақстандағы татар диаспорасымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстан татарлары
мәдени орталықтарының өкілдері де қатысты.
Сонымен қатар, Қазақстанда неміс, поляк, грек, өзбек, шешен, ингуш және
т.б. ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. Қазақстандағы орыстардың
қауымдастығы “Здрава” да өз қызметін жалғастыруда.
Қазақстандағы тілдер статусы. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Этностың
тұрақты тіршілік етуі мен оны айқындайтын көптеген элементтердің ішінде
тілдің алатын орны ерекше. Тілдің дамуы мен оның функционалдық қызметінің
өсуі және сол ұлттың мәдениетінің дамуының арасында тікелей байланыс бар.
Сондықтан республика толғағы жеткен мәселелерді өз бетінше шешуге
мүмкіндік ала салысымен, бірінші болып тіл мәселесін көтерді. 1989 ж. 22
қыркүйекте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің кезектен тыс он төртінші сессиясында
“Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Заңның” жобасын бекітті. Бұл құжаттың 1-
бабында Республикадағы Мемлекеттік тіл — қазақ тілі, орыс тілі халықаралық
тіл болып жарияланған. 1997 ж. шілдеде “Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы” заңы өзгерістермен, толықтырулармен қайта қабылданды.

1.1. Қазақстан Республикасының тіл саясаты
Қазақстан Республикасының конституциясында да қазақ тілі Мемлекеттік тіл
болып қала беретіндігі айтылған. 1993 ж. Министрлер кабинеті жанында тілдер
жөніндегі комитет құрылды, ол 1995 ж. ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік
комитет деп аталды. Дегенмен, республика тәуелсіздік алғаннан кейін
көптеген саяси, экономикалық және мәдени өміріміздегі қиындықтар негізінде
айырылып қалған рухани мұралар мен тілдерді дамытуда проблемалар кездесті.
Ұлттық балабақшадан бастап мектептер ашу барлық аймақтарда бірдей емес
екендігі анықталды. Мәселен, қазақтар саны халықтың 20—30% болып келген
солтүстік облыстарда қазақ мектептерін көбейту, жаңа мектептер ашу
мәселелері шешусіз қалып келді. Сол сияқты 1992 ж. Павлодар облысы бойынша
қазақ балаларының 70,4%-ы орыс мектептерінде оқыған.
Сондықтан орыс мектептерінде оқып жүрген қазақ балаларын қазақ
мектептеріне беруге шақырған “Қазақ тілі қоғамының” үндеуі 1991 ж. 1
тамызда “Ана тілі” газетінде жарияланды. Онда былай делінген еді: “Шын
мәніндегі егемендікке қол жеткізіп, елдігімізді сақтаймыз десек, ана
тіліміздің ата мекенімізде жасқаншақтамай күн кешуіне ұмтылсақ, халқымыздың
болашағы бүгінгі жас өркеннің тіл тұнығынан сусындап, өз ұлтының болмыс-
бітімін жан жүрегімен сезініп өсуін тілесек, балаларымызды төл тілімізде
тәлім-тәрбие беретін балабақша мен мектепке апарайық. Қазақ балалары қазақ
мектептеріне жаппай бет бұрғанда ғана ана тіліміздің төбесіне төніп тұрған
қою бұлт ыдырамақ”.
Осындай игі бастамаларға қосымша жөнінде тұжырымдамасы қабылданды. 1999
ж. “Тіл туралы заң” негізінде Қазақстанда “Тілдерді дамыту мен қолданудың
мемлекеттік бағдарламасы” жасалды. Бағдарлама төмендегідей бағыттарда
істелінетін шараларды белгілеген:
— Ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті
қаржылық, ұйымдық, материалдық-техникалық алғышарттарын жасау;
— Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту, оның белсенді түрде қоғамдық
қолданылу аясын, әсіресе, ғылым, білім және мәдениет, бұқаралық ақпарат
құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу және халықаралық
қатынастар саласында функционалдық қызметін арттыруға жағдай жасау;
— Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілге біртіндеп көшірудің нақты
базасын жасау;
— Ел азаматтарының өз ана тілін пайдалануына жағымды жағдайларды дамыту
және сақтау.
Сонымен, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінің нақты
шындығы елдің көп ұлтты тұрғындарының қажеттеріне сәйкес, тілдік,
демографиялық және саяси жағдайдың ерекшеліктерін ескеретін тіл саясаты үш
басым бағыттарынан тұрады:
1. Бұл мемлекеттік тілді дамыту;
2. Орыс тілінің қолданылу аясын сақтау;
3. Көп ұлтты мемлекетіміздегі басқа ұлттық және этностық топтардың
мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты қолдау.
Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іс жүзіне
енгізу біртіндеп кезең-кезеңмен, салмақты, жан-жақты ойластырылған, күштеу
әрекетінсіз жүзеге асыру көзделген. Бағдарлама іс қағаздарын біртіндеп
қағаз тіліне көшіруге ерекше назар аударады. Мәселен, қазірдің өзінде
көптеген аудандар мен мекемелерде іс қағаздары мемлекеттік тілге
көшірілген. Мұндай ұйымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
«Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – теңдесіз ұлтаралық және конференция аралық келісім институты»
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Өзара түсіністік және достық бір белгісі
Тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы Қазақстанның моделі
САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Татулықтың талбесігі
Күрділердің мәдени орталықтары
Пәндер