«Куәлік кітабы» және «Уәкілеттілік кітабы»


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетi

Исламтану кафедрасы

« Қорғауға жіберілді »

Кафедра меңгерушісі

д. Ато ас-Сынбати.

«» 2012ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Куәлік кітабы» және «Уәкілеттілік кітабы»

5В021500- «Исламтану» мамандығы бойынша

Пікір беруші

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі филос. ғ. к., доцент

М. Х. Алсабеков

«___» 2012 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі теолог. ғ. д.

А. Әділбаев

«___» 2012 ж.

Пікір берушіҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі филос. ғ. к., доцентМ. Х. Алсабеков«___» 2012 ж.:

Cтандартизация бойынша консультант

ГжЖП кафедрасының ұстазы

Ә. Мархаба

«___» 2012 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі теолог. ғ. д.А. Әділбаев«___» 2012 ж.:

Мысырлық тарапынан

Диплом жұмысының жетекшісі фиқһ ғ. д.

Осман Абдуррахман

«___» 2012 ж.

Пікір берушіҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі филос. ғ. к., доцентМ. Х. Алсабеков«___» 2012 ж.:
Диплом жұмысының жетекшісі теолог. ғ. д.А. Әділбаев«___» 2012 ж.: Орындаған: Р. Р. Абишев

Алматы 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетi

Факультет Исламтану кафедрасы

5В021500- «Исламтану»

БЕКІТЕМІН:

Кафедра меңгерушісі

доктор

Ато ас-Сынбати.

«»2012 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА БОЙЫНША ТАПСЫРМА

5В021500- Исламтану мамандығының студенті Абишев Ринат

1. Жұмыстың тақырыбы «Куәлік кітабы және уакілеттілік кітабы»

2. Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «» 2012 ж.

3. Жобаға бастапқы берілгендер: Диплом жұмысының тақырыбы «Куәлік кітабы және уәкілеттілік кітабы» деп аталады. Диплом жұмысында атқарылатын негізгі жұмыс-араб тілінен аударма жасау болғандықтан, негізгі дереккөздер мен материалдары, еңбектің түпнұсқасы басшылыққа алыну талап етіледі.

Аударма жасауда түпнұсқа еңбектен бірге, арабша-қазақша сөздік пен Х. Алтайдың «Құран Кәрімін» пайдаланылуы керек. Аударма барысында тілдік, стилдік, грамматикалық қателіктерге жол берілмеуі керек.

Тапсырманың берілген уақыты

Кафедра меңгерушісі Доктор Ато Ас-Сынбати

(қолы)

Жобаның жетекшісі Алау Әділбаев

(қолы) Тақырыпты орындауға

қабылдау студент Абишев Ринат

(қолы)

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл-Ихтияр ли тағлилил мұхтар» деп аталатын фиқһ кітабының «Куәлік кітабы» және «Уәкілеттілік кітабы» атты тақырыптарының фиқһи мәтіндеріне жасалған түсіндірменің қазақ тіліне жасалған аудармасы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері, ана тіліміз, діліміз бен дініміз ислам қайта тамырын жайа бастағаны бәрімізге мәлім. Халқымыздың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның тарихи рөлін танитыны жайлы заңымызға енгізілген. Бірақ аталмыш мазһабымыздың ғалымдарының кітаптары қазақ тіліне аударылып жатқандары тым аз. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы мұсылмандарда шешілмей жатқан фиқһи мәселелерге жауап таба алатындай қазақ тіліне аударылған кітаптар болып отыр. Бұл кітаптар Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл-Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған түсіндірмесінде фиқһи мәселелер терең түсіндіріліп жазылған ханафи мазһабы ғұламалары кітаптарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, осы аталмыш кітаптағы діни сөздермен терминдердің қазақ тіліне аударылуы араб тілінің мамандары, ислам бағытындағы араб тілін білушілер мен үйренушілерге, сондай-ақ, басқада талапкерлердің жұмыстарын жеңілдетеді.

Тақырыптың зертелу деңгейі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей аталмыш дипломдық жұмыс ханафи мазһабы бойынша түсіндірілген екі үлкен тақырыптарды айшықтайды. Олардың бірі-«Куәлік кітабы». Бұл тақырыптың негізгі мәселесі: куәгердің куәлік етудегі түсіндірмесі мен мақсаты.

Екінші тақырып- «Уәкілеттілік кітабы» . Тілдік мағынасы «сақтау», шариғаттағы мағынасы «тәуекел ету және сенім арту» сөздерінен келіп шыққан. Аллаһ Тағала: «кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе сол адам Оның бақылауында болады» дейді, яғни Аллаһқа тәуекел етіп, ісін оған сеніп тапсырса жеткілікті. Қазіргі уақытта осы екі тақырыпқа байланысты қандай да бір еңбектер, зерттеу жұмыстарын қазақ тілінде кітапханалардан немесе ғаламтордан іздейтін болсақ, тым аз екендігін байқаймыз.

Зерттеудің нысаны мен пәні . Бұл жұмыста Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл- Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған түсіндірмесі қазақ тіліне аударылуы зерттеудің нысаны мен пәнін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты . Берілген Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл- Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған түсіндірмесі мәтіндеріне жасалған түсіндірмені негізге ала отырып жүргізілді. Оның жүргізілуі барысында келесі мақсаттар қойылған: кітаптағы ислами түсініксіз терминдерді, талапкерлер, оқушылар мен қарапайым оқырмандарға түсінуге жеңілдету мақсаты қойылған.

Дипломдық жұмыстың маңызы . Жұмыстың теориялық маңызы. Жұмыс исламтану, дінтану, аударма бөлімі, араб филологиясы, екі шет тілі, елтану, шығыстану мамандығында оқитын студенттердің дұрыс аударма жасауы.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы . Бұл жұмыста Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл- Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған түсіндірме қазақ тіліне аударылуы, талапкерлер мен оқушылар, сондай-ақ басқа да діни немесе лингвистика мамандарына фиқһи мәтіндерді оқып, оны аудару кезінде түсінуге оңай болу септігін тигізеді деп үміттенеміз.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл- Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған араб тіліндегі граматикалық талдау мен тәпсір қазақ тіліне аударылып отыр. Мұндай жұмыс алғашқы рет болғандықтан, оны жұмыстың жаңалығына еңгіземіз.

Дипломның материалдары . Бұл дипомдық жұмысты жазу барысында пайдаланған негізгі дерек көз. Қасиетті Құран Кәрімнің қазақша мағынасы, Пайғамбарымыз (с. ғ. с) -ның хадистері мен Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл- Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған түсіндірмесі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Абдуллаһ ибн Махмұд ибн Маудудтың «әл- Ихтияру ли тағлилил мұхтар» фиқһ кітабының мәтіндеріне жасалған түсіндірмесін қазақ тіліне аудару. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (араб тіліндегі бөліммен қазақ тіліне аударма бөлімі), қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Куәлік кітабы

Егер куәгер адам куәлік ететін нәрсені онда басылған таңба арқылы анықтайтын болса, әрі куәгерді жауапқа тартып отырған адам да осыны қолданатын болса, онда бұған рұқсат етіледі. Егер болған уақиғаны (қайғылы оқиғаны) еске түсірмейтін болса, онда қауіпсіздік пен кемшілік азаяды. Ал қарсы жақтың (дұшпан) қолымен жазылған актінің нұсқасы оның қолында болмайтын болса, онда біз жоғарыда баяндап кеткеніміздей рұқсат етілмейді. Әбу Ханифа бойынша болған уақиғаны еске түсіре алмайтын нәрселерге рұқсат етпейді. Мұхаммад (с. ғ. с) : « егер күн сияқты білетін болсаң (егер анық көзің жететін болса) онда куәлік ет, керісінше жағдайда (көзің жетпесе), олай етпе » дейді, яғни ұмытып қалған нәрсені білемін деуге болмайды. Мұхаммад (с. ғ. с. ) бойынша риуаят етуге рұқсат берудің шарты оны естіген адам сол мезетте оны ары қарай риуаят ету үшін есте сақтауы болып табылады. Сол себепті де, мен Әбу Ханифа туралы риуаятты айттым.

Жалған куәгер абырой-атақтан айырылады (беделін түсіреді) және ол жазаланады - дейді. Ол екеуі бұған байланысты былай деді: оны ұрып-соғады әрі түрмеге отырғызады. Омар (р. а. ) - дың риуаят етуі бойынша жалған куәгерге қырық дүре соғады және оны масқаралайды1. Себебі, ол адамдарға шексіз зиянын тигізеді, сондықтан оны жазаға тартады. Әбу Ханифа бойынша қорқытып, үркіту жазалаумен жүзеге асырылады. Ал ұрып-соғу ең үлкен қауіп төндіретін нәрсе, бірақ оның қайта орын алуын жол бермейді. Омар (р. а) саяси ұстанымда болды, сондықтан да оның жалған куәгерге соғатын дүренің санын қырыққа жеткізді, әрі оны масқаралау жолын ұстанды. Қаралау мәселесіне келсек (жазалау) : төреші жалған куәгердің барлығын отбасына немесе базарға жібереді де, былай дейді: « төреші сендерді бейбітшілікке үйретті » әрі ол: « егер біз жалған куәгерді жолықтыратын болсақ, онда сендер одан сақтаныңдар, әрі адамдарды одан сақтандырыңдар » деп айтты. Бұл түсіндірмеден кіріккен. Бұл екеуінен кейін ол жалған куәгерді ұрып-соғу арқылы жазалайды. Шағымға куәлік етуді мақұлдау болып саналады-дейді, себебі куәлік шағымнан кейін ғана қабылданады. Егер куәлікті қабыл етпесе, онда оның күші жойылады. Әрі мазмұн мен түр жағынан екі куәгердің арасындағы келісім болып табылады. Егер екі жақтың бірі мыңға келісіп, екіншісі екі мыңға келіссе, онда қабылданбайды-дейді. Бұған қатысты Омар (р. а) пен Әбу Ханифа былай дейді: « егер шағымданушы екі мың деп талап етсе де «мың» деген қабылданады, себебі екі куәгер «мың» деп куәлік етіп отыр ». Егер бұл екі куәгердің бірі өзі ғана (екінші куәгерсіз) ақшаның мөлшерін өсіріп айтатын болса, онда ол екеуінің алдындағы бір ауыздан келіскендері қабылданады. Яғни, ол екеуінің бірі мың деп, екіншісі мың жарым десе (және сол сияқты) ол мыңды төлейді.

Әбу Ханифа рахматуллаһ түр бойынша қарама-қайшылықты ұсынды, әрі бұл өз кезегінде мазмұнның қарама-қайшылығына дәлел болады. Себебі, мыңның мазмұны екі мыңның мазмұны емес. Бұл екеуінің әрқайсысы әртүрлі куәгер арқылы болған бір-біріне сәйкес емес сөйлемдер. Әрі, ол екеуі еске салып кеткен айырмашылықпен, түрлік (таптық) айырмашылықтармен қабылданбайды. Себебі ол екеуі мың дегенге түр және мағына жағынан келіскен еді. Өйткені ол бес жүзді мыңға жақындатты, ал жақындатылған нәрсе өзіне жақындаған нәрсені анықтайды.

Себебі ол жақындатумен емес, ол мыңға, екі мыңға және жиырмаға тең. Ал бес пен жиырма мыңға және бес жүз мыңға тең. Егер айыпталушыға бұдан аз айып тағылатын болса, онда мәселедегі барлық куәгерлік қабыл етілмейді, себебі оның екі куәгерінің бірі жалған айтып тұр. Ал егер: « ақиқатында екі мың бес жүз болды » деп айтса, онда бес жүз төленеді немесе тауфиқ етілгенге дейін ол қарыздан кешіреді. Ал шын мәнінде екі куәгер де «мың» деп куәлік етіп, ол екеуінің бірі бұл ақшаның бес жүзін төледі деп айтатын болса, онда екі куәгерді ортақ келісімге келтіру үшін алдындағы «мың» дегенге тоқталады. Ал екі куәгердің бірінің айтқан « бес жүз төленді » деген сөзі қабыл етілмейді (төлем қабыл етілмейді), әрі сот ісі қабылданбайды2. Себебі бұл бір жақты ғана куәлік. Ал егер екіншісі де осылай деп куәлік етсе, онда қабыл етіледі. Куәгер адам бұл жайында басында білетін болғанда айыпталушыны төлем жасауға мойындату үшін мың деп куәлік етпеуге тиіс еді, әрі бұл шындықты анықтауға, зұлымдықтың орын алмауына септігін тигізер еді.

Егер екі куәгер де оның сиыр ұрлағанына куәлік ете отырып, ол сиырдың түсін айтуда келісімге келмесе (яғни екеуі сиырдың түсін екі түрлі айтса), онда кесіледі. Ал егер сиыр құнажын ба (ұрғашы), өгіз бе (еркек) деген сауалға қатысты екі куәгердің жауаптары бір-біріне қарама-қайшы шығатын болса, онда кесілмейді-дейді. Бұл мәселеде ол екеуі былай деді: « ол екеуінде де кесілмейді, себебі бұған берілген куәлік әртүрлі. Әрі екі куәгердің ешқайсысына да сүйенбейді. Және бұл екінші мәселе ретінде болады ». Сиырдың екі түрлі түсте болуын қабыл етуге рұқсат етіледі, себебі екі куәгердің әрқайсысы өздерінің қасынан көрген нәрселеріне куәлік етеді және бұл ұқсас халде де болуы мүмкін, себебі ұрлық түнде жасалады. Ал жұмыс мүмкіндігінше дәлелмен болуы міндетті, әрі дәлелмен болса қабылданады. Сиырдың құнажын немесе өгіз екендігіне байланысты қарама-қайшылыққа келетін болсақ, бұл екі белгі (сиырдың еркек немесе ұрғашы болуы) бір сиырда болуы мүмкін емес. Екі куәгер Зайдты Зул-хиджа айының бір күнінде Меккеде өлтірді деп, ал басқа екеуі Зул-хиджа айының бір күнінде Куфада өлтірілді деп куәлік етсе, онда бұл екі қала да қабыл етілмейді-дейді, себебі бұл екеуінің бірі дұрысын айтуда жалғандыққа бой алдырып тұр немесе бұл жайында білмейді. Бұл екеуінің бірі жауап беруде екіншісінен алда емес. Сондықтан да, мұнда қабыл ету жоқ, әрі екеуі де қабылданбайды. Бұл екеуінің бірі екіншінің алдында болатын болса, онда бірінші айтылған қабыл етіліп, екіншісі жалғанға шығарылатын еді-дейді, себебі біріншісі шешім қабылдауда, нақты шешім қабылдай алмайды.

Құлға немесе кәпірге немесе сәбиге еткен куәлігі қабыл етілмеген әрбір адам, кейіннен бұл тыйымдар жойылғаннан кейін (олар үшін куәлік етуге рұқсат етілгеннен кейін), бұларды орындайтын болса (яғни олар үшін куәлік ететін болса), онда қабылданады. Ал егер оның бұзақылыққа, ерлі-зайыптыларлың бір-біріне немесе құлдың қожайынына немесе қожайынның құлына қатысты мәселеде куәгерлігі қабылданбаған болса, кейін бұл салынған тыйымның күші жойылып, ол адам жоғарыда айтылғандарды орындайтын болса, онда оның куәгерлігі қабыл етілмейді. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық - біріншісі куәлік етуге қабілетсіз емес, әрі оның куәлігін басында қабыл етпеуі шариғи тұрғыдан теріске шығару болып саналмайды. Ал екіншісіне келетін болсақ, оның куәлік етуі қабілеттіліктің орын алуына куәлік етеді, әрі теріске шығару болып табылады, әрі ешқашан қабыл етілмейді. Егер куәлік етуді құл қожайыны үшін немесе ер мен әйелдің бірі екіншісі үшін өз мойнына алатын болса, онда құл бостандыққа шыққаннан кейін және ер мен әйел ажырасқаннан кейін орындайтын болса, онда қабыл етіледі. Сондай-ақ, егер куәлік етуді құл немесе кәпір немесе сәби мойнына алатын болса, әрі оны осы кедергілер тоқтағаннан кейін орындайтын болса, онда қабыл етіледі.

Соқыр адамның куәгерлігі қабыл етілмейді-дейді. Бұған қатысты Зуфар былай дейді: « бір-бірін еститін адамдардың куәгерлігі қабылданады, себебі олар естиді ». Әбу Юсуп былай дейді: « жауапкершілікті өз мойнына алатын мезетте көзі көретін болса, онда көзбен көрген нәрсесі қабыл етіледі. Ал көргенін айтатын кезде сөз қажет болады, әрі көзі көретін адамның бұған шамасы келеді және мәйітпен салыстырғанда мұны біледі ». Біз үшін соқыр адам, адамдарды ажыратуға және оларға қарап ишарат етуге шамасы келмейді, әрі келген адамдарсыз келмеген адамдарды білуге шамасы келмейді. Егер орындағаннан кейін (төлегеннен кейін) соқыр болып қалатын болса, онда сот отырысына дейін ол екеуінеде ақы төленбейді. Себебі куәлік етудің қабілеттілігі сот отырысы кезінде нақты дәлелмен болуы шарт.

Сонымен қатар, мылқау адамның куәгерлігі қабыл етілмейді. Себебі куәлік ету сөйлеу арқылы қабыл етіледі, ал мылқау адамның оған шамасы келмейді.

Тәубе етпей қарғысқа ұшыраған адамның куәлігі қабыл етілмейді-дейді. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың: « олардың куәліктерін ешқашан қабыл етпеңдер » дейді, себебі олар шектен шыққандар, әрі ол тыйым салынғандар және тәубәға келгеннен кейін бұл тыйым жойылады. Ал қарғысқа ұшырамаған шектеу салынғандарға келетін болсақ, ол қабыл етілмеуі шектеу салумен болмайды, себебі бұл бұзақылықпен болады.

Егер кәпір адам қарғыспен шектелген болса, кейіннен мұсылмандықты қабылдаған болса, онда оның куәлік етуі қабылданады, себебі исламды қабыл еткеннен кейін исламға дейінгі сенімдерін тәрк етеді, әрі ислами куәгерлікті қабылдайды.

Ал егер сатқын болса баланың куәлігі қабылданбайды, егер өзін жоғары санайтын болса, әкенің куәлігі қабыл етілмейді-дейді. Бұған қатысты Мұхаммед (с. ғ. с) былай дейді: « әкесінің баласына еткен куәлігі, баласының әкесіне еткен куәлігі, әйелінің күйеуіне, күйеуінің әйеліне, құлының қожайынына, қожайынының құлына, серіктестің серіктесіне, қызметшінің өзін жалға алған адамына еткен куәлігі қабыл етілмейді ». Бұл әртүрлі хадистерде, әртүрлі риуаят етіледі. Себебі олардың арасындағы игілікті істер оларға зекет төлеуге рұқсат етпегенге дейін жалғаса береді.

Куәлікті қабыл етуге тыйым салынбайды, себебі күнә арту теріске шығарылады. Аға, әке жағынан аға, нағашы аға және атап кеткендерден басқа да туыстық қатынастары бар барлық туысқандарының куәлік етулері қабыл етіледі. Оның құлының куәлік етуі қабыл етілмейді-дейді, біз жоғарыда айтып кеткендей. Себебі құл, еш нәрсеге иелік етпейді, әрі куәлік өзіне ғана заңды болады. Көшіріп жазушысының да куәгерлігі қабылданбайды-дейді, себебі оның табыстары өзіне тиесілі, әрі қарызгер құл көшіріп жазушы сияқты болады. Біз жоғарыда баяндап кеткендей, күйеуінің, әйелінің куәгерлігі қабылданбайды-дейді. Себебі ол екеуінің арасындағы табыстары (игіліктері) әдеттегідей жалғаса береді, әрі куәгерлігі өзіне арналады. Екі серіктестің бірінің екіншісіне еткен куәлігі (егер ол екеуіне ортақ кампаниядан болса) қабылданбайды-дейді, жоғарыда біз баяндап кеткендей. Әрі жеке жалшысының куәгерлігі қабыл етілмейді-дейді, жоғарыда біз риуаят еткендей. Себебі ол, жалақыны куәлікті орындаған мезгілге дейін төлейді. Әрі куәлікке төлем жасайтын жалға беруші болады. Өзін әйел сияқты ұстайтындардың және жоқтау айтатын әйелдің, адамдарды бай ететіндердің куәліктері қабыл етілмейді-дейді, өйткені бұл азғындық. « Себебі Мұхаммед (с. ғ. с) : екі ақымақ дауысқа тыйым салды: жоқтаушы (ескі уақыттарда өлген адамның басында жоқтап, жылап отыру үшін арнап қойылатын әйел) және әнші әйелге ». Ал «әйелге ұқсайтындар» дегендегі мақсат, жаман әрекеттер жасайтындарды атап өту. Бұл күнә (мойынсұнбау) болып саналады. Мұхаммад (с. ғ. с. ) : « Аллаһ Тағала ерлерден әйелдерге ұқсайтындарға және әйелдерден ерлерге ұқсағандарға лағнет жаудырды » деп айтты. Сөйлеуде әлсіз болғандарға келсек, олардың куәлігі қабыл етілді. Көңіл көтеру үшін ішуге құмарлардың куәгерлігі қабыл етілмейді-дейді, себебі бұл харам етілген. Мұхаммад (с. ғ. с) былай деді: « кім шарап ішетін болса, куәлігі қабыл етілмейді».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
Интуит бағдарламасы
Салық және салық салу пәнінен тәжірбие
Қазақ зиялыларының қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Міржақып Дулатов
Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару. Салық комитетінің құқықтық мәртебесі. Салық органдар қызметкерілірінің құқықтық мәртебесі
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Эстетикалық өнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz