Қазақ халқының күнтізбесі



КІРІСПЕ
Қазақ халқының күнтізбесі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халық күнтізбесі
1.Халық күнтізбесінің зерттеле бастауы.
2.Қазақ тілінде басылып шыққан календарлар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Календарь сөзі-латын сөзі анық мағынасы «қарыз кітабы» дегенді білдіреді.қарыздар адам айдың бірінші күні қарыздарының бір бөлігін төлейтін болған, бұны «календ» деп атаған. Ұзақ мерзімді уақыт аралықтарының тәуліктер,апталар,айлар және жылдар бойынша тәртіпке салынған системасы календарь (күнтізбе) деп аталган.
Оларды түзу аспан денелерінің күн, жер және айдың айналу дәуірлеріне негізделеді. Жердің күн айналасында айналу уақыты шамамен 365,25 тәулік. Айдың жер айналасында айналуы-29.53 тәулік.Бұл жағдайлар күнтізбе түзудің құрамалдығын келтіріп шығарған.
Алғашқы күнтізбе б.з.д. мыңдаған жыл бұрын қабылданған.Бұл күнтізбе бойынша жыл он екі айға бөлініп, жыл басы март айы болған. Б.З 700 жыл бұрын римдіктер күнтізбеге өзгеріс енгізген. Март айының алдына «январь», «февраль» айларын кіргізіп, жылда ое екі ай болған.
Күрделі өзгеріс б.з.д.46 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь еңгізеді.Ол египеттіктер қабылдаған күн күнтізбезіне негіздеп, яғни бір жылда 365 күн бар деп есептеген. Астрономиялық 1 жылда 365, 5 сағат, 48 минут, 46 секунд бар. 365 тәуліктен артығы 4 жылда 1 тәулікке жақындайды. Бұл айырманы жоқ қылу үшін әр 4 жылдан февраль айының соңына бір күн қосып отыру қабылданған. Бұндай жыл кібісе (високос) жыл деп аталады. Кібісе жылдардың соңғы екі цифры, немесе соңы 2 нөлге біткен жылдарда нөлдердің алдындағы цифрлары төртке бөлінуі керек. Мысалы,8,24,1136,1212,800,1200 т.б. кібісе жылдары.
XYI ғасырдың екінші жартысында бұл айырма он күн құраған. 1582 жылы Рим Папасы - Григорий XIII өзінің декреті менен барлық католик дініндегі елдерде жаңа «григориан» күнтізбесін еңгізеді. Күнтізбе бірнеше рет өзгеріске ұшыраған, және бірнеше күнтізбелер жасаған. Шығыс халықтары қабылдаған ай күнтізбесі (осы күнднрі шығыс елдері әлі де қолданады). Мұсылман елдері қолданған күнтізбе болған. Атақты шығыс халқының оқымысты астрономы, ақын омар Хайям жасаған күнтізбе 1079 ж ылы болған. Бұл күнтізбенің астрономиялық жылдан айырмасы 19 секунд. Қандай дәлдік! Парсы тілді елдер әлә де қолданады.
Григориан күнтізбесінің өзгешеліктері.
1582 жыл 4 қазаннан соң 5 қазан емес, 15 қазан деп есептеледі. Юлиан күнтізбесі бойынша 1200 жыл ішінде жиналған 10 күндік айырма жойылады.Юлиан күнтізбесінің астрономиялық жылдан айырмасы 384 жылда 3 тәулік болады. Демек Юлиан күнтізбесі астрономиялық жылдан орта есеппен 400 жылда 3 тәулікке алға кетеді. Келешекте бұл қателік қайталанбас үшін,әр 400 жылдан соң есептен 3 күнді шығарып тастау ұйғарылды.
1.М.О. Исқақов «Қазақтың байырғы календары»,Алматы-1960жыл
2.Су Бихай «Қазақ мәдениетінің тарихы»,Алматы-2001жыл
3.Түркістан // 2007.01.01 №1-2
Отан қосшысы // 2006.14.01 №1
5.Жыл он екі ай Алматы-Жазушы 1974 жыл
6.Г.С.Нургалиева «Қазақ халқының күнтізбесі» Қазақ университеті-2003ж
7.Түркістан:Календарь, Алматы-Өнер 1999 жыл
8.«Үш ғасыр жырлайды», Жазушы-Алматы-1965
9.«Халық календары»,"Қазақстан" баспасы,Алматы-1980 жыл
10.Қазақстан мұғалімі//2002.01.01№1
11.Мәдениет хабаршысы//2004 №3
12.Жұма Таймс//2005.02.04 №4

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
Қазақ халқының күнтізбесі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халық күнтізбесі
1.Халық күнтізбесінің зерттеле бастауы.
2.Қазақ тілінде басылып шыққан календарлар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Календарь сөзі-латын сөзі анық мағынасы қарыз кітабы дегенді
білдіреді.қарыздар адам айдың бірінші күні қарыздарының бір бөлігін
төлейтін болған, бұны календ деп атаған.

Ұзақ мерзімді уақыт аралықтарының тәуліктер,апталар,айлар және жылдар
бойынша тәртіпке салынған системасы календарь (күнтізбе) деп аталган.
Оларды түзу аспан денелерінің күн, жер және айдың айналу
дәуірлеріне негізделеді. Жердің күн айналасында айналу уақыты шамамен
365,25 тәулік. Айдың жер айналасында айналуы-29.53 тәулік.Бұл жағдайлар
күнтізбе түзудің құрамалдығын келтіріп шығарған.
Алғашқы күнтізбе б.з.д. мыңдаған жыл бұрын қабылданған.Бұл
күнтізбе бойынша жыл он екі айға бөлініп, жыл басы март айы болған. Б.З 700
жыл бұрын римдіктер күнтізбеге өзгеріс енгізген. Март айының алдына
январь, февраль айларын кіргізіп, жылда ое екі ай болған.
Күрделі өзгеріс б.з.д.46 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь
еңгізеді.Ол египеттіктер қабылдаған күн күнтізбезіне негіздеп, яғни бір
жылда 365 күн бар деп есептеген. Астрономиялық 1 жылда 365, 5 сағат, 48
минут, 46 секунд бар. 365 тәуліктен артығы 4 жылда 1 тәулікке жақындайды.
Бұл айырманы жоқ қылу үшін әр 4 жылдан февраль айының соңына бір күн қосып
отыру қабылданған. Бұндай жыл кібісе (високос) жыл деп аталады. Кібісе
жылдардың соңғы екі цифры, немесе соңы 2 нөлге біткен жылдарда нөлдердің
алдындағы цифрлары төртке бөлінуі керек. Мысалы,8,24,1136,1212,800,1200
т.б. кібісе жылдары.
XYI ғасырдың екінші жартысында бұл айырма он күн құраған. 1582
жылы Рим Папасы - Григорий XIII өзінің декреті менен барлық католик
дініндегі елдерде жаңа григориан күнтізбесін еңгізеді. Күнтізбе бірнеше
рет өзгеріске ұшыраған, және бірнеше күнтізбелер жасаған. Шығыс халықтары
қабылдаған ай күнтізбесі (осы күнднрі шығыс елдері әлі де қолданады).
Мұсылман елдері қолданған күнтізбе болған. Атақты шығыс халқының оқымысты
астрономы, ақын омар Хайям жасаған күнтізбе 1079 ж ылы болған. Бұл
күнтізбенің астрономиялық жылдан айырмасы 19 секунд. Қандай дәлдік! Парсы
тілді елдер әлә де қолданады.
Григориан күнтізбесінің өзгешеліктері.
1582 жыл 4 қазаннан соң 5 қазан емес, 15 қазан деп есептеледі. Юлиан
күнтізбесі бойынша 1200 жыл ішінде жиналған 10 күндік айырма жойылады.Юлиан
күнтізбесінің астрономиялық жылдан айырмасы 384 жылда 3 тәулік болады.
Демек Юлиан күнтізбесі астрономиялық жылдан орта есеппен 400 жылда 3
тәулікке алға кетеді. Келешекте бұл қателік қайталанбас үшін,әр 400 жылдан
соң есептен 3 күнді шығарып тастау ұйғарылды.
Ол үшін әр 4 жылдың екі ноль алдындағы цифрлар 4-ке бөлінсе, кібісе
жыл деп саналып, бөлінбесе кібісе емес жылдар деп саналған. Мысалы,400,
1200, 1600, 2000, 2400 т.б. кібісе жылдар. Ал 200, 300, 900, 1300, 1400,
1500, 1700, 1800, 1900 т.б. кібісе жылдар емес. Григориан күнтізбесін
көпшілік католик дініндегі елдер қабылдайды. Россия қазан төңкерісінен соң
1918 жылы қабылдаған. Ол уақытта Юлиан күнтізбесінің айырмасы 13 тәулік
құраған еді. Сондықтан 1 ақпаннан соң 14 ақпан деп жүргізілген. Біздің
қолданып жүрген күнтізбеміз-кейінгі Шығыс мемлекеттердің ішінде ислам діні
тәсәрі күшті елдерде ай күнтізбесін пайдаланған. Бұл күнтізбенің эрасы (жыл
санағының басы) Мұхаммед Пайғамбардың Меккден Мединеге кеткен жылынан
есптелінеді. Ол григорин күнтізбесінің 622 жылының 16 шілде, жұма күні еді.
Бұл күнтізбе Хиджра күнтізбесі дап аталады. Жылда 354 тәулік бар деп
есептелінеді. Жыл 12 айдан тұрады. Бұл күнтізбенің барлығында халықаралық
қатынастарда (саяси, экономикалық, сауда-саттық т.б.) қолалы, қолайсыз
жақтары бар. Сондықтан XX ғасыр ішінде барлық дүниежүзі мемлекеттерінің
күнтізбесін халықаралық бір системаға түсіру мәселесі көтеріліп келеді.
1923 жылыЖенева қаласында үлттар лигасында халықаралық күнтізбе жасау
бойынша комитет құрылды. Бұл комитет сол уақыттарда бірнеше күнтізбе
жобаларын істеп шықты. 1953 жылы Индия республикасы Біріккен Ұлттар
Ұйымында жаңа халықаралық күнтізбенің жобасын ұсынды. 1954 жылы 28 шілдеде
БҰҰ-да (арнаулы комитетте) қаралған.
Жаңа күнтізбенің жобасы негізінен екі түрлі болған. Бірінші жоба
бойынша жылды 13 айға, екінші жоба бойынша жылды12 айға бөлу.
I-жоба: әр бір ай 28 күннен, 4 аптаға бөлінеді. Әр бір жылдың басы
(бірінші күні) тұрақты түрде дүйсенбі күнінен басталып, сол айдың соңғы
күні (28 күні) жексенбі күнімен аяқталады. Жыл 52 аптадан тұрып, 4 демалыс
күні, 24 жұмыс күні болады. 28 күннен 13 айда 364 күн болып, әр жылы-бір
күн, кібісе жылы-2 күн қалады. Бұл екі күннің аты жоқ (сандық реті жоқ).
Олар халықаралықмейрам күні болып саналады. Бір күнді желтоқсанның соңына
қойып, Халықаралық достық және тыныштық күні деп санап, екіншісін-маусымның
ақырына қойып, оны кібісе күні деп атау келісілген. Барлық айлардың апта
күндері айдың белгілі бір күндерінде тура келеді.
Аптаның бір бөлегі бірінші айда қалып, екінші бөлігі айға еөшпейді.
Барлық айлардың жүмыс күндері бірдей болады. Апта күндері барлық айларда
тұрақты болады.
Қолайсыздығы: жылды 2-ге (ай есебінен), тең тоқсандарға бөлу қиындық
туғызады.
II-жобада жыл 12 айға бөлінеді. Жылда 4 тоқсан болып, әр бір тоқсан
91 күннен тұрады. Әр тоқсанда 3 ай болып, алдыңғы бір ай 31 күн, қалған екі
ай 30 күннен бітеді.
Жылдың бірінші күні яғни бірінші қаңтар, тоқсан басы жексенбі күнінен
басталып, сенбі күнімен аяқталады. Бұл календарь жобасын көптеген
мемлекеттер қолданған еді. Бірақ XX ғасырдың екінші жартысында күнтізбе
реформасын жасауды АҚШ, Англия, Германия, Индонезия басқа да Латын Америка
елдері белгісіз себептермен кейінге қалдырған.(Халықаралық күнтізбе
реформасы дүниенің барлық мемлекеттері мақұлдаған жағдайда ғана
қабылданады.)
Астрономияда өте қызықты сәйкестіктер көп. Әр 12 жылда мүшелік жылдар
қайталанады. Мысалы, 13-бір мүшел, 25-екі мүел, ... , 63-6 мүшел т.б.
Әр 28 жылдан соң апта күндері қайталанады. Астрономияда бұны кіші
дөңгелегі днп атайды.
Сонда әр 84 жылда Е.К.О.Е.(28,12)=84 (екі санның ең кіші ортақ
еселік) күн аттары мен жыл аттары да сәйкес қайталанады. Мысалы 2005 жыл 1
қаңтар сенбі, тауық жылы болды, ал 84 жылдан соң яғни 2089 жылы 1 қаңтар-
сенбі күні, тауық жылы болады. Ал 84 жыл бұрын 1921 жылы 1 қаңтар- сенбі
күні, тауық жылы еді. Бұл әдіс өткен ғасырлардағы ірі оқиғалардың қайсы
жылы, қайсы апталық күн екенін анықтауға мүмкіндік береді. Әр жылдық
күнтізбе (күн тізбегін) түзуде негізгі материал болады.
Мысалы 2017 жыл 1 қаңтар-жексенбі күні, тауық жылы екен. Ал сол
жылдан 2016 жылды алып тастасақ (84*24=2016), 0001 жылдың 1 қаңтар күні-
жексенбі күні, тауық жылы болған екен. Демек б.з. басы тауық жылынан,
жексенбі күнінен басталған екен (Григориан күнтізбесі бойынша).
Өмірдегі күнделікті әрекеті мен демалысын белгілі бір жүйеге
келтіру үшін саналы адам баласының күнтізбе жасауға нжнлден талпынғаны
белгілі. Күн мен түннің алмасуы, жылы, ыстық, салқын мен суық
мезгілдердің өз ретімен қайталанып отыруы, аспандағы Айдың ширектерінің
жеті күн сайын өзгеруі, кейбір жарық жұлдыздардың күншығыс көкжиектен
тәуліктің бір мезгілінде шығып, шарықтай көтеріліп, батыс көкжиекке барып
батуы адам баласының назарын аударды.

Бұл әсіресе, көшпенді өмір кешкен халықтар мен тұрғылықты аймағы
негізінен құрғақ , аспаны көбіне ашық келетін халықтардың сана-сезіміне
ерекше әсер етті. Атамекеніміздің кең-жазира даласында емін-еркін өмір
сүріп, күндерін мал бағумен қатар ән мен күйге бөлеп көбейген дана
халқымыздың табиғаттың бұлжымас заңына бағынып қана қоймай, оның пфйдалы
жақтарын күнделікті тіршілігіне қолдана білгені айқын. Халқымыздың айдың
әрбір ширегінің мерзімін тәулікпен санай отырып, оларды төрт жетіге
бөлгені, соның нәтижесінде бүгінгі жеті күндәк аптаның шығып отырғаны
мәлім. Аспанның ең жарық, ең әдемі жұлдызы-Сүмбіленің туар мезгілін
мұқият қадағалай отырып, мезгілдің соған сай қайталанып отыратынын
аңғарады. Ел арасынан шыққан жұлдызшылар мен есепшілер Сүмбіле туған
кезде ауа райыныңқалай өзгеретінін алдын ала білуге әрекет жасады. Есеп
арқылы олар сүмбіле туған кезде күздің аяқ шені жақындайтынын, қысқа
ертерек қам жасау керек екенін ескертіп отырған. Сол кезден бастап адам
санссында жыл ұғымы да туа бастаған. Оның ұзақ мерзімді қамтитынын да
сезген. Май шам да, электр шамы да жоқ дала төсіндегі айсыз, бұлтсыз
тұнық аспанды түнде күншығыстан Сүмбіле жұлдызы көтерілгенде жаңа бір
өмір басталғандай күй орнаған. Белгілі қазақ ғалымы, астроном Хасен
Әбішев өзінің “Аспан сыры” кітабында ерте кезде Сүмбілені бақылыаған
адамдардың деректерін былайша келтіреді:“...Сүмбіле өткір,үлкен де жарық
жұлдыз, ол күншығыс көкжиектен үлкен аппақ Күнге ұқсап шыға келгенде, тып-
тыныш жатқан қой дүр етіп, жылқы біткен құлағын қайшылап елеңдейді...
Малшылар Сүмбіленің тууы қарсаңында түннің салқындағанын, таңертең
астаулардағы, шалшық-шалшықтағы, шағын көлшіктердегі су бетінің жұқа
мұздақталып суығанын,соған сай қыс мезгілінің таяу екенін аңдайды.
Сондықтан да халық арасында:
Таразы туса таң суыр,
Сүмбіле туса су суыр,-деген мәнді мақал шығарған.
Сүмбіле туған шақта айналадағы өлі және тірі табиғатта, адам
тұрмысында, маусымдық жұмыстарда, ауа райында қандай өзгерістер болатынын
барша жамағат көкірегіне тиіп, өз қабілеттерінше мезгіл жөнінде қорытынды
жасап отырады”
Ал жыл ішіндегі мезгілдерді дәлірек білу үшін қазақ жұлдызшылары
мен есепшілері тоғыз есебін қолданған. Аспан денелері ішінде жерімізге ең
жақын маңда оны күн батыстан күн шығысқа қарай отызға жуық тәулік ішінде
бір айналып шығатын Айдың қадыр-қасиетін жақсы білген есепшілер ай сайын
оның Үркер жұлдыз шоғырымен тұспа-тұс келіп, Үркерді көлегейлеп өтіп
отыратынын аңғарған. Оны Ай мен Үркердің тоғысуы деген. Үркер жұлдыз
шоғыры айдың жүріп өтер жолына жақын орналасқандықтан мұндай көрініс ай
сайын қаталанады. Ай үнемі Күннің бергі тұсынан да өтіп отырады. Ал тұспа-
тұс келгенде Күннің толық тұтылуы дейтін ерекше құбылыс өтеді. Әрине, Ай
үнемі күннің бетін дәл жаба бермейді, ол кейде астыңғы, кейде үстіңгі
тұсынан өтеді. Күннің тұсына бару мезетін қазақта өлара дейді. Содан соң
ай қол орақтай ғана болып күнбатыс көкжиектен қайта туады.Ай мен Үркердің
тоғысуы да соған ұқсас. Ай мұнда да кейде Үркерді дәл көлегейлемей,
жанынан өтіп кетеді. Ай Үркерге жақын барғанда қазақ “ауыл үй қонды”,
құшақтасып ішіне кіргенін “тоғысты”, одан шығып алыстай бастағанын
“топырақ шашып, ажырасты” деген.
Хасен Әбішевтің “Аспан сыры” кітабында “Тоғыс есебі” деген
тарау бар. Кітаптың 178 – бетінде автор: “Үркер мен Айдың тоғысын бақылау
арқылы халқымыздың жұлдызшы, есепшілері “Айдың тоғыс есебі” дейтін ерекше
календарь ойлап шығарған,- дей келе ойын былай жалғастырады: “Бір Айдың
жеті жаңасында ол Үркермен тоғысты дейік . Ел мұны “жетітоғыстың айы”
дейді. Бұл шамамен алғанда аспанға сәйкес. Егер тоғыстан тоғысқа дейінгі
уақыт та дәл 29 жарым күн болса, онда келесі тоғыс та екінші туар Айдың
жетісіне келер еді. Бірақ тоғыстан тоғысқа дейінгі уақыт екі тәуліктей
кем . Сондықтан екінші Айдың тоғысы ол айдың бесінде келеді де, оны енді
“бес тоғыстың айы” (бұл наурызға жуық, онан әрі осы ретпен “үш тоғыстың
”, “бір тоғыстың” айлары деп атайды. (Сәуір мен мамырға сәйкес).
Осы есеп арқылы халқымыздың жұлдызшы, есепшілері жыл бойындағы
айдан айға көшуді дәл белгілеп, соған сай ауа райының жыл мезгілінің
қалай болатынын халыққа алдан ала түсіндіріп отырған. Бұлар адам
баласының саналы тіршілігіндегі салынған күнтізбенің түп негізі болып
табылады. Сүмбіленің күншығыс көкжиектен көтерілуі аралығын есептеуден
Күн күнтізбесінің, Айдығң Жерді айнала қозғалуы мен ширектерінің ауысуын
есептеуден Ай күнтізбесінің өмірге келгені белгілі.
Сүмбіле жұлдызын бұдан жүз мың жыл бұрын Ежелгі Египет аймағын
мекен еткен халықтан шыққан жұлдызшы, есепшілер-абыздар да бақылап
зерттеген. Оған египеттіктерді итермелеген Ніл өзенінің Сүмбіле жұлдызы
көрінгеннен кейін көп кешікпей таси бастауы еді. Ежелгі Египет жері
құрғақ, шөл дала болып келеді. Ол аймақтың айналасыда шөл даламен
шектеліп жатты. Тек Ніл өзені ғана ел өмірін сақтап қалып отырды.
Сондықтан да египеттіктер өзенді жағалай орналасты. Нілдің әрбір тасуы
олардың еккен егіндеріне, үйлері мен өздеріне қауіп-қатер төндіріп
отырды. Су тасыған сайын егіндері шайылып, жасап алған жеке-жеке
бөліктердің шекаралары бұзылды. Тасқын тоқтап, су ернеуі басылғанда
египеттіктер бөліп алған жерлерін қайта өлшеп, қайта қоршауға мәжбүр
болды. Бұл қалаусыз әрекет олардв есеп-қисапқа, еңбекқорлық пен
білімдарлыққа жетеледі.
Абыздар Сүмбіле жұлдызына мықтап назар аудара бастады. Ондағы
ойлары-Сүмбіле жұлдызының қай мезгілде күншығыс көкжиектен шығатынын,
оның неше күннен кейін қайталанатынын анықтау еді. Өздері Сотис деп
атаған Сүмбіленің күншығыс көкжиектен көрінуі мен оның келесі көрінуі
арасындағы күндерді мұқият санап шыққанда, ол 365 күнді құрады. Содан
бастап Египет абыздары Сүмбіленің күншығыс көкжиектен көрінер мезгілін
дәл білетін болды. Ал бұл жұлдызды әлемнен хабары жоқ адамдар үшін ақыл
жетпес бір құпия еді. Сондықтан да абыздар халық ішінде үлкен бедел
жинады. Жұлдызшы абыздар өздерінің білгендерін ешкімге айтпай құпия
ұстаған. Тек дүниеден өтер алдында ғана ұрпағына немесе ең жақын деген,
сыр шашпайды деген туыстарына аманат еткен.
Ең бастысы, абыздар халыққа сол есептер арқылы Нілдің тасу
мерзімін алдын ала хабарлап отырды. Ел үдере биік қырға қарай көшетін. Ал
тасқын тоқтағанда қайта оралады.Сүмбіле жұлдызы туып, кешікпей
тасқынболып, қырға көшкен халық біршама уақыт демалып та қалатын. Олар
Сүмбіленің Үлкен Арлан шоқ жұлдызының құрамында екенін білетін. Сондықтан
да тасқын кезіндегі демалысты Арланды латынша атымен Каникс д.а. Бұл
кейін келе каникул деген терминге айналып кетті.
Сүмбіленің шығыс көкжиектен шығу мнг батыс көкжиекке барып батуы
мерзімін білудің нәтижесінде, оның шығыс көкжиектен қайта шығуы мезгілін
дәл есептеудің арқасында Сотис күнтізбесі деген күнтізбе өмірге келеді.
Ол мерзім 30 күннен тұратын 12 айға бөлінеді. Артылып қалған бес күнді
египеттіктер шолақ ай д.а, ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін
күндер деп есептеген. Сотис күнтізбесіндегі айлардың аттары да өздері
табынған “құдайлар” мен “пірлердің” аттарымен аталған.
Ежелгі халықтардың ішінде тек египеттіктерде жыл бойындағы
күндер саны 365- тен өзгерген жоқ. Сондықтан да Сотис күнтізбесінде
әрбір төрт жылда бір күн, 120 жылда бір ай , ал 1460 жылда бір жыл
қосылып кетіп отырды. Жыл басының осындай мерзімге жылжып кетіп отыруы
біршама ыңғайсыздықтар туғызды. Оны тұрақтандырудың жолы қарас тырылды.
Б.з.б. 238 жылғы наурыз айының жеті тәулігінде Египет патшасы Птолемей
111 Эвергеттің күнтізбесіне сай жарлығы шығады. Ол жарлық бойынша 3 жыл
365 күннен , ал 4 жыл 366 күннен тұрады. Сонда жыл орта есеппен 365,25
күнге теңеледі де, жылдың бір күні тұрақталады.
Бірақ Сотис күнтізбесін басқарып жүрген абыздар құдайға табынатын
5 күнге нұқсан келетін болғандықтан патшаға қарсылық білдіріп, оны жүзеге
асырмай тастайды. Сонда да болса Эвергеттің Каноп декреті делінетін
жарлығын кейбір жақтаушылар ұстанып, оны тас плитаға қашап жазады. Ол
1867 жылы Ніл сағасындағы Каноп қаласының храмдарының бірінің жұртынан
қазып – аршу жұмысы кезінде табылған. Күнтізбе копт және грек тілдерінде
жазылыпты .
Дәл күнтізбе жасауда Христофор Колумб заманына дейін мыңдаған
жылдар бұрын бүгіндегі Орталық Америкадағы Юкатан жарты аралын жайлаған
Майа тайпасының ежелгі үндістері алдарына жан салмайды. Олар ерекше
дамығвн өркениетті көптеген патшалықтан тұрған. Жасыл орманның ашық
алаңдарына ғажайып күмбезді зәулім үйлер тұрғызған. Тек ол аймақ
тропиктік аймақ болғандықтан жыл алты ай құрғақ, алты ай нөсерлі.
Үндістер күннің құрғақ кезінде тас балталарымен орман ағаштарын кесіп,
қабықтарын аршып тастап отырады. Ағаш әбден кепкен кезде от тұтатып
өртеп, ашық алаң жасап, жерін аударып, тырмалап, ол алаңдарға негізінен
жүгері және т.б дәнді дақылдар себеді. Олар 6 айға жуық себелейтін
нөсерлі жаңбырда өсіп-өніп, жайқалып тұрады. Бірнеше күнге кешігудің өзі
олардың тіршілігіне үлкен қауіп келтіреді.
Осыдан келіп Майа патшалықтарындағы абыз-астрономдар неше ай, неше
күн нөсер, нешекүн құрғақ болатынын дәл білуге тырысты. Олар 4 қырлы, 2
сатылы платформаның үстіне тұрғызылған киіз үй пішінді мұнараларындағы
күннің қысқы, жазғы тоқырауы және күн мен түннің көктемгі, күзгі
теңелуіне сай жасаған терезелері арқылы жұлдызды аспанды үнемі бақылап-
қадағалап отырған. Соның нәтижесінде тіршіліктеріне төнетін ауа райы
қауіптерінен дер кезінде сақтанған. Абыз-астрономдардың күн тізбесіндегі
365 немесе 366 тұрды, ол 13 күндік апталар мен 20 күдік айларға бөлінді.
Бұл күнтізбе атаулыдағы ең дәл күнтізбе еді. Күнтізбедегі жылға тек он
мың жыл өткенде ғана 1 тәулік жинақталатын болды. Онан кейінгі дәл
жасалған күнтізбе парсының ұлы ақыны Омар Хайямның күнтізбесі. Оған 8000
жыл өткенде ғана 1 тәулік жинақталады. Юлий Цезарьдың күнтізбесінде әрбір
128 жылда, Григорий күнтізбесінде әрбір 3600 жылда 1 тәулік түзіледі.
Күнтізбе аталуының ең көнесі – Ай күнтізбесі. Ол біздің эрамыздан
бірнеше жыл бұрын пайда болған. Вавилондықтардың, қытайлықьардың,
еврейлермен үнділердің күнтізбелерінде бұл ерекше орын алады. Ауғанстан,
Иран, Туркия және басқа ьұсылман елдерінде кеңінен қолданылады. Мұсылман
күнтізбесіндегі 12 айлық мерзімді 631 жылы Мұхаммед пайғамбар енгізген.
Ал күнтізбенің басы Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге көшкен
кезінен, 622 жылдың қыркүйек айынан саналады.
Ай ширектерін жақсы түсініп алған адам баласы уақыт өте келе күнге
назар аударады. Одан кейін пайда болған Ай- Күн күнтізбесі б.зб. алғашқы
мыңжылдықта Ежелгі Қытайда, Ежелгі Грецияда , т.б. елдерде қолданылады.
1912 жылғы қаңтар айынан бастап Григорий күнтізбесі ресми түрде
енгізілгеніне қарамастан Қ.Х.Р шығыс күнтізбесі деген атпен Ай күнтізбесі
қолданылып келеді. Ол жыл сайын қаңтардың бірінен кейін Айдың бірінші
жанасынан басталады. Ай күнтізбесін сондай-ақ бүгін де Жаония, Корея,
Монғолия және т.б ірі елдер ұстанады.
Б.э.д 46-шы жылы Римде жоғары билікті өз қолына алғаннан кейін 10
жыл өткеннен кейін Юлий Цезарь патша сол кезге дейін қолданып келген Рим
күнтізбесіне өзгерістер енгізуді қолына алады. Ондай шешімге келуіне
Египетке жасаған сапары, онда көрген күнтізбе себеп болды. Күнтшзбеде
жылдың орташа ұзақтығы 365.25 күн деп алынады, 3 жыл 365 күннен келіп , 4
жылы наурыз айына дейін 1 күн қосылып отыратын болады. Оны біз “кібісе”
жыл деп жүрміз. Ал“кібісе жыл” деген ұғымды алғаш енгізген Омар Хайям
болатын. Юлий Цезарьдың тапсырмасымен өзгерістер енгізген жұлдызшы ғалым
Созиген барлық тақ санды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер
Күнтізбе. Уақытты есептеу жүйелері. Байырғы қазақ күнтізбесі
Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана
Қазақ халқының уақыт есебі
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
Ұлттық күнтізбеңді ұлықта, қазақ!
Майя мәдениеті аңыз ба, ақиқат па?
Халықтың салт-дәстүрлері, рәсімдер, ырымдар мен тыйымдар
Эралар және олардың дәуірлері
Африка елдері жайлы
Пәндер