Оқушы қабылдауы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (3-7 ЖАС)

1. 1. Қабылдау туралы жалпы ұғым

1. 2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ДАМУЫ.

2. 1 Қабылдау процесінің физиологиялық негіздері .

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КРІСПЕ

Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірулердің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады. Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар. Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы (маған суық нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болса, қабылдау зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін (жарық, кең сынып, ойнап жүрген сәби) береді.

Қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.

Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктермен жүзеге асады. Бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

Қабылдау процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой (біз алдымызда не тұрғанын аңғарамыз), сөз (қабылдайтын затты айтамыз), сезім ( қабылдайтын затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін белгілі дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады. Бар тәжірибе, білім негізінде адам қабылдау процесінде жеке элементтерді тұтас бейне етіп біріктіреді, оларға белгілі бір құрылымдық береді.

Гештальтпсихологтар қабылдау тұтастығын заттар мен құбылыстардың объективті тұтастық қасиеттерінен емес, «рухтың» ішкі қасиеттерінен, оның ең бастапқы тұтастық құрылымынан деп түсіндіреді. Олар қабылдау актінде өзіндік түр құрау атқарылады, бейнеленетін заттарға тұтастық және құрылымдық сипат беріледі дейді. Олар тұтастықты бейнелеу әрекетінде пайда болатын субективтісапа деп қана қарайды. Гештальтпсихологиялық көзқарас бойынша қабылдау процесінде дүниедегі қым-қуат ретсіздік белгілі бір құрылымға ауысып, белгілі түрге енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып көрінеді.

«Қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру» дейді гештальтпсихологтар. Бұл идеалистік теория қабылдауды спонтанды, яғни іштен пайда болатын процес деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективтік дүние заттар және құбылыстарының жеке сапалары мен қасиеттерінің тікелей бейнесіболып саналатын түйсіктердің болуын іс жүзінде жоққа шығарады.

1. 1. Қабылдау туралы жалпы ұғым

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызд бейнеленуі болса, қбылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы ( яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп қабылдау - түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

1. 2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

Қабылдаудың тұтастығы

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер «Дударай» операсындағы Маиам әнінің басталуын ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.

1. 3. Бейнелеу объектісіне байланысты қабылдау түрлері

Қабылдау түрлерін жетекші талдағыштарға байланысты ғана емес, сонымен бірге қабылдауда бейнеленетін объектіге қарай да бөлуге болады. Кеңістік пен уақыт - материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан, кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар кеңістікте белгілі тәртіппен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске ұшырап, қайта жаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ.

Кеңістікті қабылдау - заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау - көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.

Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтықтығы, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т. б. ) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта тұрады

Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулиярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағұлмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенін де байқауға болады.

Бинокулиярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұтасып көрінуі, оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомодация деп атайды. Көздің аккомодациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде көру қозғалыс қабылдауы қатыспайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материалдарын тиянақты ұғынуы, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек, т. б. ) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған.

Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығысып қалатындай көрінеді.

Адам қашықтықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу үшін ала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс жасауға әдеттенеді.

Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұрған бет алысы - көздің торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Заттың бет алысын адам тік тұрып немесе отырып горизонталь жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мұндайда адам өзінің тұрған жерінен алдындағы бір затты нысана етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды. Мәселен, құла түзде тұрып бет алдымыздағы заттарды көрсеткенде, назарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не оң жағында, не сол жағында, не бер жағында не түбінде, не үстінде т. б. деп айтамыз.

ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ДАМУЫ.

2. 1. Қабылдау процесінің физиологиялық негіздері .

Қабылдаудың өткендегі тәжірибеге байланысты апперцепция деп атайды. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді.

Жоспарлы түрде жүйелі белгілі бір мақсатпен жасалатын қабылдауды бақылау деп атайды. Мұның адам өміріде зор маңызы бар бақылай білу жақсы хабардар болуға, заттарды неғұрлым дәл қабылдауға адамдардың сыртқы ерекшеліктерін және ішкі психикалық қасиеттерін байқай отырып, оларды жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі қоршаған дүниенің бізге жасайтын әсерін ілтипатқа алуға дұрыс іс-әрекет жасауға жағдай туғызады. Кез келген адам бақылай біле бермейді. Мына шарттар орындалса ғана бақылауды дұрыс ұйымдастыруға болады:

  1. бақылаудың міндеттерін түсіну қажет. Егер бір адамға нені бақылау, неге бақылау керек екенін түсіндірместен «Бақыла!» десе ол бақылау жұмысын жүргізе алмайды;
  2. Бақылаушыға бақыланатын зат туралы алдын-ала білу керек болады. Ешбір хабарымыз жоқ нәрсені бақылау өте қиынға соғады;
  3. Бақылау жүйелі жоспарлы болуды керек етеді. Бақыланатын объектіні қалай болса солай қарай беруден көбіне қажетті нәтиже шықпайды;
  4. Бақылауды жеткілікті түрде терең, толық етіп жүргізу керек. Бақыланатын объектіде елеулі маңызы бар нәрселерді байқай білу керек, оны дұрыс түсінуде маңызы бар екжей-текжейлеріне назар аудара қарау қажет.

Байқағыштық - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық, әсіресе, ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын-жазушының өмірінде ерекше орын алады.

Біздің айналамыздағы материалдық дүниенің барлық заттары кеңістікте болады, онда белгілі орын алады, олардың мөлшері, көлемі және формасы болады, олар бізден және басқа заттардан азды-көпті қашықтықта тұрады. Заттардың бұл кеңістіктік қасиетінің біздің санамызда бейнелеуін кеңістікті қабылдау деп атаймыз. Оның үстіне материалдық дүниенің заттары қозғалыста болып тұрады және өзгереді. Бұл қозғалыстар мен өзгерулер белгілі бір уақыт ішінде болады. Заттардың қозғалысының ұзақтылығы мен дәйектілігінің және өзгеруінің адам санасында бейнеленуі уақытты қабылдау деп аталады. Материя, дүние осыдан тұрады, әрқашан да кеңістікте, уақыт ішінде болады, немесе философтар айтатындай, кеңістік пен материяның өмір сүру формасы болып табылады. Кеңістікті және уақытты қабылдаудың физиологиялық негізі - бірқатар сезім органдары мен үлкен ми сыңарлары қыртысының бірігіп әрекет жасауы. Заттардың кеңістік қасиеттері туралы неғұрлым дұрыс мәліметтерді біз көру және бұлшық ет - қозғалыс түйсіктерін біріктіру арқасында аламыз. Мысалы, әлі жеткілікті түрде қозғалыс тәжірибесі жоқ баланың дұрыс кеңістік жайлы ұғымдары жоқ екендігі міне осыны көрсетеді. Заттардың көлемділігін қабылдау үшін адамның бинокулярлық көруінің үлкен маңызы зор. Бинокулярлық көруде біздің көз торымызда қарап тұрған затымыздың екі бейнесі көрінеді: оң жақ көзімізде заттың оң жағы үлкен болып, сол жақ көзімізде оның сол жағы үлкен болып көрінеді. Біздің санамызда бұл бейнелер бірігіп қосылады, сөйтіп заттың көлемділігі туралы әсер береді.

Заттардың алыстығын қабылдау үшін конвергенция деп аталатыннан туатын түйсіктердің, яғни екі көздің көру белдігі мәліметтерінің маңызы үлкен. Жақындағы заттарға қарағанда біз көздерімізді бір-біріне аздап түйістіреміз; Көзімізді алысқа тіккенде біз оларды айырамыз ( көру белдіктері параллельдікке жақындаған сияқты болады) .

Уақытты қабылдау бізге дүние құбылыстарының ұзақтығы, шапшаңдығы және дәйектілігі туралы ұғым береді. Табиғаттағы уақыттылы болып тұратын қозғалыстар, бірқалыпты болып тұратын өзгерістер( жердің айналуы, күн мен түннің алмасуы, жыл маусымдары) уақытты дәл өлшеуге ( жыл, ай, тәулік) мүмкіндік береді. Бұл - уақытты объективтік түрде бағалау, ол бізден тыс болып отыратын, яғни объективті процестердің көмегімен жүзеге асырылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу
Қабылдау және әрекет
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Қарым - қатынастың интерактивті жағы
Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері» бойынша терминологиялық сөздік және жеке практикалық тапсырма
30- жылдардағы қазақ басына төнген нәубетті оқыту
Логопед жұмысының маңыздылығы
Қарым - қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің рөлі
Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz