Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері


Жоспар
Кіріспе . . . 2-9
I - Тарау: Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан қорғауға жұмылдыру . . . . 10-44
1. 1. Қорғаныс қорларының құрылулары.
1. 2. Патриоттық бастамалардың пайда болуы.
1. 3. Тыл еңбекшілерінің майдандағы жауынгерлерге көмек беруі.
II - Тарау: Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері . . . 45-58
- Жауынгерлер жанұяларына көрсетілген көмектер.
- Жау қолынан азат етілген аудандарға көрсетілген көмектер.
Қорытынды . . . 58-61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . 62-63
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ұлы Отан соғысы тақырыбы ешқашан өзекті болудан қалмас. Оның тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Азамат тарихында қаншама кескілескен, жантүршігерлік, жерді қан мен көз жасына бояған соғыс деген аты суық оқиға болды. Қандай сипатта болмасын адам баласына әкелер қасіреті, артар қайғысы аз емес. Сондай сұрапылдардың бірі ХХ - ғасырдың орта шенінде болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 62 жыл болыпты. Күн өткен сайын оның адамдар жүрегінде салған жарасы біртіндеп жазыла берсе де, отандастарымыздың жеңіс үшін майданда көрсеткен ерліктері және тылдағы еңбектері ұрпақтар есінен кетпейді, керісінше айқындала түседі. Ел басына ауыр жағдай туғанда олар жасымады, маңдай терімен қасық қаны қалғанша Отанын қорғай білді.
Жеңіске жеткен соң да Жер-ананың төсіне бомбалар салған жараны, окоптар мен траншеяларды тегістеп, күлден басқа түк қалмаған қалаларда фабрика, зауыт, қалалар мен ауылдар тұрғызды. Осылайша басқа түскен қиыншылықты мойнымен көтере білді. Сол кездегі біздің әкелеріміз бен апаларымыз көрсеткен ерліктерден қазіргі жас ұрпақ Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты үйреніп тәрбие алды. Халқымыз Отан үшін от кешіп, ерлік пен елдік сынға түскен сәтте ойланбастан өмірлерін құрбан еткен батыр ұлдары, қыздарын қастерлеп, құрмет тұтады. Олардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен қабір тақталарында мәңгі өшпестей етіп алтын әріптермен жазылған. Ал қалалардағы мәңгілік алаулар Отан басына түскен сонау ауыр қасіретті еске түсіріп, әлемге жар салғандай.
Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қанша жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Сондықтан да Ұлы Отан тарихын зерттеу күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпақ емес.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Бейбіт өмір жылдарындағы сияқты Ұлы Отан соғысында да Кеңес халқының ұйымдастырушы және бастаушы күші Коммунисттік партия болды. Партияның орталық комитеті мен Кеңес үкіметі соғыстың алғашқы күндерінен бастап Кеңес өкіметінің қорғаныс қуатын нығайтуға бағытталған көптеген шараларды іске асырды. Тылдың жұмысын қайта құрып майдан талабына сай ұйымдастыру жолында көптеген қиындықтардан өтуге тура келді. Еліміздің батыстағы негізгі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық маңызы мол адамдардың уақытша жау қалында қалып қоюына байланысты халық шаруашылығындағы негізгі салмақ шығыс ауылдарына түсті. Сондықтан тыл еңбеккерлері майдан талабын толық орындау жолында аянбай еңбек етеді.
Экономика мен еліміздің ішкі өмірі соғыс жағдайына сәйкес қайта құрылуына байланысты ендігі алда тұрған мақсат, жауды жеңуді материалдық техникалық базасын шұғыл жолға қоюды қамтамасыз ету болды. Егер соғысқа дейінгі бейбіт жылдары Совет экономикасы негізінен халықтың материалдық әл ауқаты мен мәдениетін көтеру бағытында өркендеген болса, соғыс жағдайы материалдық және финанс ресурстарын, еңбек күшін соғысқа бейімдеп қайта құруды қажет етті. Бұл халық шаруашылығының барлық азаматтық саласын әскери өнім шығару көшіруге, сол сияқты өнеркәсіп өнімнің жүйесінде негізгі орында майданға қажетті қару-жарақ пен басқа да заттардың алуына байланысты еді.
Сонымен қатар батыстағы өнеркәсіп орталықтарынан заводтар мен фабрикалардың жабдықтарын шығысқа қарай көшіріп, олардың қайтадан іске қосудың өзі де аса көп күшпен қаржыны талап етті. Елдің орталық және шығыс аудандарында жаңадан құрылып жатқан әскери құрамалар мен бейімдерді жасақтау, киіндіру, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуді үздіксіз жүргізуге керек болды,
Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп орталық азаттық соғысына бір кіседей жұмыла көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екенін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еркімен баратындықтарды туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару салып майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 атқыштар дивизиясы жасақталған. Оның командирі азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов болды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және 391 атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталады, небәрі республикада жиырмадан астам атқыштар және атты әскер бригадалар, әуе күштерінің, зеңбірекшілердің полктері, әртүрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды.
Ұлы Отан соғысы тақырыбы сірә, ешқашан өзекті болудан қалмас. Оның тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Есімі туған туысқандарының есінен кетпей, ойлаған сайын жүректі шымырлатып, көзден сағыныштың ыстық жасын ағызатын, ел болып жоқтаған із түссіз кеткен ағалар қаншама. Олар қай жерде, қалай қаза тапты, жердің қай бұрышында мәңгілік ұйықтап жатыр екен деген өзекті өртер арман кімді болсын толғантпай қалмас. Қаншама елім, жерім деп еңіреген ерлердің мүрдесі туған жерден шалғайда. Олар Прибалтика ормандарында қалды ма, Украина даласында ма, жоқ әл де Батыс Европада ма, бұл жөнінде бізге мәлім емес мәселелер көп. Боздақтардың есімдері қағаз бетіне жарияланып, жерін, елін тауып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Жеңістің 50 жылдығына арналып республика, облыс көлемінде Боздақтар атты естелік кітаптар шығарылды. Бірақ олар да өз беттеріне жауынгерлерді түгелдей енгізе алмады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жерлестеріміздің жеңіске қосқан үлесін тарих бетіне түсіріп, көптеген тарихшылар, зерттеушілер өз еңбектерін жазды.
Елді дүр сілкіндіріп, әр үйдің шаңырағында ажал сығалатқан соғыс жайлы әдебиеттер көп. Ұлы Отан соғысы тарихы көптеген зерттеушілерді қызықтырады. Кеңес халқының әлемді ажалдан сақтап қалған ерлікке, батылдыққа толы күресін көрсету - тарихшылар мен зерттеушілердің басты міндеті.
«Ғылым» баспасынан шыққан Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 деген құжаттар мен материалдар жинағының тарихнамада алар орны үлкен. Құрастырушылар Т. Б. Балақаев, П. С. Белан, Н. Е. Едігенов, Б. А. Ақжанов, М. Қ. Қозыбаев т. б., жинақтың құжаттары мен материалдары республиканың әрекет етуші армияға арсеналдардың біріне айналғандығын көрсетеді. Көп ұлтты Қазақстанның соғыс майдандарында көрсеткен ерліктері суреттеледі. Жинақтың I томы соғыстың басталған кезінен 1943 жылдың аяғына дейін - Ұлы Отан соғысындағы түркілікті өзгерісті қамтиды.
Бұл жерде өнеркәсіп саласының, ауылшаруашылығының, транспортының, жалпы республика өмірінің әскери бағытқа ауысуы көрсетіледі. Екі бөлімді Қазақстандықтардың Москва, Ленинград, Волга, Курск, Днепр түбіндегі болған шайқастарға қатысуы туралы материалдар алып жатыр. Құжаттар арасында Қазақстанда құралған бөлімдердің әскери қимыл журналдарынан көшірмелер, марапаттау беттерінен үзінділер, әскери корреспонденттерінің мақалалары, майданнан келген жауынгер хаттары, естеліктер, партизандардың әскери мінездемелері кіреді. Арнайы бөлім кеңес адамдарының тылдағы көрсеткен патриотизміне майданға материалдық және моральдық көмек беруіне, жаралылар, мүгедектер және жауынгер жанұяларына көрсеткен көмектеріне, тағы да басқа әрекеттеріне арналған. Сонымен қатар, бұл кітаптар соғысу үшін қажетті еліміздегі мыс пен қорғасынның көп мөлшерін беріп тұрған Лениногор қорғасын зауытын, Өскемен қорғасын мырыш комбинатын атап кетеді. Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің оргинструкторлық бөлімінің шаруашылықты Әскери бағытқа ауыстыру туралы хабарында: «Шілде айында мыс балқыту және қорғасын мырыш кәсіпорындарының көпшілігі кен өндіру және метал балқыту жоспарын асыра орындады», - делінген. Солардың ішінде Ленинград қорғасын зауыты 24 күнде қорғасынды 101, 8 процентке балқытқан екен. Жалпы республиканың қорғасын зауыттары 24 күн ішінде мыс балқытуды 92, 2 процентке орындапты. Жалпы бұл жинақтың Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның, жекелеген облыстардың тарихын зерттеудегі алар орны ерекше деуге болады. Оның ішінен әр түрлі жекелеген өнеркәсіп орындары мен еңбек озаттарына қатысты деректі материалдар мен мағлұматтар алуға болады.
Республика коммунистік партиясының тарихын алғаш рет жүйелі түрде зерттеген М. Қ. Қозыбаев. «Казахстан - арсенал фронт» деген еңбегінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі коммунистік партияның ұлттық саясаты, экономикалық саясат негіздері зерттелді. «Тылда майдан, тылда соғысушы халық. Тыл мен майданның өзара шешуші байланысын қамтамасыз ету. Отан соғысы күндеріндегі Қазақстан коммунистерінің тарихи миссиясы болды», - деп жазды М. Қ. Қозыбаев.
Манаш Қозыбаев. Б. Рахматуллин бірігіп «Равнение на коммунистов» деген еңбек те жазып шығарады. Мұнда бүкілодақтық Лениндік Коммунистік жастар одағының - Қазақстан комсомолының бір әскери отрядының социалистік Отанды қорғауға қатысуы жазылады. Авторлардың айтуынша Қызыл Армия қатарына Қазақстанның 242 мың комсомолы қосылды.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маңызды мәселелеріне арналған еңбектің бірі В. Я. Басинның еңбегі.
Архивтік және жарияланған деректерді зерттеу негізінде автор ауыр өнеркәсіп жұмысын соғыс қажеттілігіне бейімдеу, өнімділікті арттыру, эвакуацияланған өндіріс орындарын қабылдап, орналастыру, ауыр өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастыру, жұмысшы және инженер кадрларын дайындау, социалистік жарыс пен партиялық саяси жұмыстарды дамытудағы ұйымдастырғыш қызметі көрсетіледі. Қазақстан тылының Ұлы Отан соғысындағы маңызы айтылады Республика минералды шикізат қорына бай болғандықтан соғыстың басында-ақ ұсақ кен орындарын игеру нәтижесінде түсті метал өндіруді арттыруға мүмкіндік туды. Мысалы, қорғасын, мырыштың ұсақ пен кен орындарын Наркомместпром және Казпромсовет тауып отырды. Автор ірі өнеркәсіп орындарын материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етудегі қиыншылықтарға да тоқталады.
К. Оразовта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихын жазуға үлесін қосты. Оның «Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне» деген еңбегінде тарихнамада айтарлықтай орын алады. Кітапта Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан өнеркәсібін жұмыс пен қамтамасыз ету проблемасы, ауыр жағдайларда өнеркәсіп жұмысшыларының құрамы мен сананың өзгеруі жұмысшы тобы қатарын бекітудегі Коммунистік партиының рөлі көрсетілген.
Г. А. Әбішев. Оның «Казахстан в Великой отечественной войне» деген еңбегі ең алғашқы ірі зерттеуі.
Бұл жұмысында автор кеңестік Қазақстан еңбекшілері Коммунистік партияның жетекшілігімен фашизмге қарсы көтеріліп, намысты аяққа таптамай Кеңес Армиясына көмек көрсеткендігі жайлы жазылады. Мұнда Қазақстан халық шаруашылығын әскери бағытқа ауыстыру, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын кадрлармен қамтамасыз ету, эвакуацияланған адамдарды, малды, өнеркәсіптерді қабылдап орналастыру, жұмысшылардың еңбектегі ерлігі жайлы жазылды. Интеллигенцияның, әйелдердің Ұлы Отан соғысында алған орны, комсомол мен жастардың атқарған қызметі жайлы айтылды. Қазақстан жауынгерлердің майдандағы ерліктерінде де арнайы тарау бөлінген. «Соғыс жылдарында республика көлемінде, облыс орталықтарында шыққан газеттерде жауынгерлердің майдандағы ерліктері айтылады» деп автор бірнеше мысалдар келтіреді.
Диплом жұмысының негізгі дерек көзі. Тарих ғылымының докторы Г. Балақаев пен Қ. Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде 1941-45»деген кітап ел басына күн туған ауыр жылдарында қан майданда жаумен жағаласқан тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарында төзе білген, коммунистік партияның басшылығымен жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық істеріне арналады. Республика тарихының осы күнге дейін оқушылар назарынан тыс қалған мәселелер қарастырылады. «Ғылым » баспасынан шыққан «Казахстан в период В. О. в. 1941-1945гг » деген құжаттар мен материалдар жинағы болды. Оны құрастырғандар: Т. Б. Балақаев. П. С. Белан, Н. Е. Едігенов, Б. А. Ақжанов, М. Қ, Қозыбаев, т. б., жинақтың құжаттары мен материалдары әрекет етуші армияның арсеналдарының біріне айналғанын көрсетеді.
Қазақстан тарихшыларының тынымсыз еңбек ету нәтижесінде ірі-ірі еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Г. Нұрбекованың «Женщины Казахстана- фронту » деген кітабы.
Тақырыптың мақсаты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының тылда Ұлы жеңіске қосқан үлесін ашып көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен әдебиеті, білім мен ғылым туралы жазылған еңбектерді зерделеу;
Отан соғысы жылдарында жасалған тылдағы еңбекшілер мен жұмысшылар, өнер қайраткерлерінің ерен еңбектеріне әртүрлі авторлар берген бағаның ақтаңдақ тұстарына назар аудару;
Тылдағы халықтың отан қорғау ісіне бір адамдай жұмыла кірісіп, бұрын соңды болмаған еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізгендігін жас ұрпаққа жеткізу.
I - тарау: Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан қорғауға жұмылдыру.
1. 1. Қорғаныс қорларының құрылуы .
Ұлы соғысының алғашқы күндерінен бастап еңбекшілер еліміздің әскери және экономикалық қуатын күшейтіп, жеңіс күнін тездету Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап еңбекшілер еліміздің өз ерліктерімен өкіметке ақшалай, заттай және басқада көмек көрсете бастады. Қазақстанның қалалары мен ауыл селоларында болып жатқан митингілер мен жиналыстарда еңбекшілер өкілдері жауды жеңуге шақырумен қатар, жеңіс жолында өздерінің қандай нақты үлес қосатынын да білдіріп отырды. Бірде бұл майдандық еңбек вахтасына тұрып, өндірістік жоспардың асыра орындалуы туралы міндетпен тығыз байланысты болса, енді бірде әркімнің қолынан келгенінше майданға берген көмегін білдірді.
Сондай - ақ еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуды өздерінің басты борышы деп түсінген совет патриоттары халық шаруашылығының қай саласында болмасын еңбек өнімділігін үдете берді, әрі майданға қосымша көмек берудің әр түрлі жолдарын қарастыра бастады. Міне Оңтүстік Қазақстандағы Киров ауданының орталығында 22 июнь күні боған митингіде аудан еңбекшілері кезекті демалыс күні Кеңес одағының әскери қуатын нығайту қорына жұмыс істеуге қаулы етті. Сол күні Павлодар облысындағы Роза Люксембург атындағы колхоз мүшелері радиодан соғыстың басталуы туралы хабарды естісімен - ақ көлік ұйымдастырып, өкіметке 21ц ет жөнелтті, сөйтіп мемлекетке ет тапсыру жоспарын алдын ала орындады. Сондай-ақ Доссор мұнай кәсіпшілігінде мастер Букановтың бұрғылау бригадасы сөткелік нормасын екі есе орындап шықса, ал Байшонаста мастер Сүлейменовтың учаскесі бір күнде жоспардан тыс 70тонна мұнай өндірді. \1\. Мұндай мысалдарды республиканың барлық түкпірінен көптеп келтіруге болады.
Міне бүкіл еліміз сияқты, республиканың әр жерлерінде кеңес адамдары майданға көмекті күшейте түсу жөнінде ұсыныстар енгізіп жатты. Ол ұсыныстарда еңбекшілер өздерінің адал еңбекпен тапқан қаражаты есебінен қорғаныс жасауға тілек білдіріп, мұны барша жұртшылықтың қолдауын өтінді. Шын мәнінде бұл елімізге фашист агрессорлары душар еткен соғыс ауыртпалығын жеңілдетіп, жауды тез жеңуге бағытталған бүкіл совет халқының ізгі тілегі еді.
Майдандағы армияға көмек беруге, соғыс жағдайына бейімделіп қайта құрылып жатқан шаруашылықты жолға қою ісіне, сондай-ақ соғыс өнерін үйренуге тылдағы барлық совет адамдары қатынасты. Еліміздің қорғаныс қабілетін молайту мақсатына бағытталған патриоттық қозғалыс әсіресе КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің председателі И. В. Сталиннің1941ж. 3 июльде сөйлеген сөзінен кейін, кеңінен өрлеп бүкілхалықтық сипат алды.
Кеңес өкіметімен партияның орталық комитеті, фашистік Германияның агрессиялық саясатын әшкерелей келіп, соғыстың саяси мәні мен сипатын айқындады. Елімізге төнген қатерлі қауіп шындығын халыққа терең түсіндіріп, барлық совет азаматтарының армияға аянбай көмек көрсетуге шақырады.
Коммунистік партияның «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұраны кеңес халқының жауынгер туына, барлық іс-әрекетінің өлшеміне айналды. Ол партияның фашистік басқыншыларды жеңу жолында бүкіл халықтың алдына қойған негізгі міндетін білдірді.
Республика еңбекшілері, бүкіл еліміздегі сияқты партия мен совет өкіметінің соғыс жағдайына байланысты қабылдаған программалық шешімдерін қуаттап, советтік патриотизмнің тамаша үлгілерін көрсетті.
Қазақстанның жергілікті партия және Кеңес ұйымдары еңбекшілердің социалистік Отанына деген сүйіспеншілігін, елдің қорғанысын нығайту деген ықыласы мен ниетін майдан мен тылдың байланысын нығайтуға бағыттады соғыс кезінің талаптарына сәйкес бұқара арасындағы саяси көпшілік жұмыстарын кеңінен жүргізе отырып, олар әрбір совет азаматының соғыс кезіндегі міндетін түсіндіріп, тыл еңбеккерлерін табандылық пен төзімділікке, армия мен майданды керек жарақпен жабдықтауда сергектік пен ұйымшылдыққа баулыды.
Бұрын соңды болып көрмеген ерекше саяси және еңбек өрлеуі үстінде соғыстың алғашқы апталары мен айларында қызыл армия көмектің сан алуан пәрменді түрлері қалыптаса бастады.
Жоғары да аталғандай, еңбекшілер атынан жер-жерден келіп жатқан ұсыныстардың ішіндегі ортақ тілек Отан қорғаудың арнаулы халықтық қорын жасау туралы ұсыныс еді. Бұл әрине, халық бұқарасының өз ішінде пісіп жетілген, жауды тезірек жеңуде аңсаған барша жұртшылықтың ой пікірі еді.
1941 жылдың шілде айының ішінде өкіметке республиканың әр жерінен еңбекшілердің өз еркімен берген қаражаты үздіксіз келіп жатты. Мұның ішінде ақшалай көмектен басқа мемлекеттік заем облигациялары, астық пен ет және тағы басқалары бар еді. Көптеген еңбек коллективтері жұмыстан тыс уақытта бірігіп тапқан еңбек ақыларын қорғаныс қорына аударып отырды.
Шілде айының аяғына дейін елдің қорғаныс қорына берген қаражатын әртүрлі мекемелер мен ұйымдар қабылдап алды. «Еңбекшілердің қорғаныс қорына аударғысы келген қаржылары жөнінде не істейміз?» - деген сұраққа бірінші шілдеде Қазақстан К (б) П орталық комитетінің әскери бөлімі «еңбек ақыдан ақша бөлу жүргізілмесін. Барлық ұйымдарда бүкіл жұмысты еңбек өнімділігін мейлінше арттыруға бағыттау қажет» - деп жауап берді. \1\. Сонымен бірге мемлекеттік банктің барлық бөлімшелерінде халық пен қорғаныс қорына өз еркімен бергісі келіп отырған ақшалай және басқа да қаражатын қабылдап алатын арнаулы есеп шоты ашылды.
Отан қорғау қорын жасау туралы ұсыныс республиканың барлық жерлерінде талқыланып, оның қорытындылары мен еңбекшілердің патриоттық өрлеуі жөнінде хабарлар орталық және жергілікті баспасөз бетінде үзбей жарияланып турды «Отан тылын нығайту үшін, Ұлы Отанды ешбір жауға бермейміз», «Отан қорғаудың сарқылмас қорын жасаймыз», «Отан қорғау қорына», міне, сол кездегі газет беттеріне тән осындай рубрикамен басылған хабарлардан кеңес патриоттарының әр жерден майданға беріп жатқан көмегі бүкіл халыққа белгілі болып отырды.
Жоғары да айтылғандай, халық қаражатына жасалып жатқан қорғаныс қорының бір ерекшелігі оның құрылу жемісінің жан-жақтылығында болды. Ол әрине, әр кімнің өзіндік қолынан келгенше берген көмегінен құрылды. Ондықтан әр түрлі каналдар мен еңбекшілерден келіп түскен қаржы құрамына ақшалай, заттай көмекпен қоса ауылшаруашылық өнімдерінің, мемлекеттік заем облигацияларының, алтын және басқа да қымбат заттардың болуы заңды нәрсе. Бұл қорғаныс жасауға қатынасты көп ұлтты, халықтың кәсібіне, әлеуметтік құрамына байланысты еді.
Отан қорғау қоры қаржының ерекше түрі екенін айта кеткен жөн. Ол салықтан жиналған немесе өкіметке жұрттың қарызға берген қаражатын емес, қайта халықтың соғыстың алғашқы қиын кезеңінде өз армиясының жауынгерлік және әскери қуатын күшейту үшін еркімен берген сый құрметі. Сондықтан оны жасау жолының сан - алуан түрі халықтың өз инициативасымен тығыз байланысты болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz