Қазақ және Жапон әдеби байланыстары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандық: «6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
ТҰРЛЫБАЕВА ИНДИРА ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ
«6М011700 - қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін даярлаған
магистрлік диссертация
Ғылыми жетекші Г. Ж. Пірәлиева
ф. ғ. д., профессор
Кафедра меңгерушісі С. Б. Ержанова
ф. ғ. д., профессор
Қорғауға жіберілді: Хаттама № «»
Алматы, 2012ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-7
I ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН ӘДЕБИЕТІ
1. 1 Тарихи тамыр: әдеби, мәдени байланыстар . . . 8-20
1. 2 . Жапон әдебиеті тарихы, даму кезеңдері . . . 20-38
1. 3 . Жапон әдебиетіндегі жанрлар жүйесі . . . 38-45
II ЖАПОН ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
2. 1. Жапон әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы . . . 46-48
2. 2. Қазақ әдебиетіне жапон әдебиетінің ықпалы . . . 49-53
2. 3. Жапон прозасының көркемдік әлемі . . . 53-82
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 83-84
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 85-87
ҚОСЫМША . . . 88-89
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.
Егеменді ел болуымыздың басты құндылығы қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиеттің классикалық үздік үлгілерімен, дүние жүзіне танылған даңқты жазушыларының көркем дүниелерімен кеңінен таныстыру мақсатында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша аударма саласына көп көніл бөлінуде. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
Қазіргі таңда әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Әлемдік ақыл-ой мұраларын қазақ тіліне аудару жұмысында аудармашыларға қойылар талапты күшейтіп, сапа жағына қаттырақ көңіл бөлуге тура келеді.
Аудармамен ең алдымен тілдің мамандары, кәнігі қаламгерлер айналысқаны жөн. Ғалымдар көбіне сарапшылық, кеңесшілік қызмет атқарса ортақ іске көбірек пайда тигізеді. Қандай күрделі шығармалар да қазақтың қара тілімен төгіліп, жатық сөйлеп тұрмаса, біз адамзаттың алтын қорын төл мұрамызға айналдырдық деп айта алмаймыз [1] .
Жалпы адамзат баласының бүкіл әлемді көркемдік бейне арқылы тануы оның жалпы дүниетанымымен, болмысымен сабақтас. Адами болмыстың әмбебаптығы халықтар арасындағы жақындықты, жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, махаббат пен зұлымдық жайлы ой-пікірлердің ұқсастығын туғызады. Осы тұста қазақ-жапон әдеби байланысының да негізі олардың адамдық болмысымен астасып жататыны шындық.
Әдеби байланыстар мен қарым-қатынастар, әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар - көркемдік дамудың өзгермес заңы болып табылады. Кез-келген қоғамда дамудың қажеттілігінен туған мәдени, әдеби байланыстардың өзіндік тарихы, бай мазмұны бар екені белгілі. Қазақ әдебиетінің көршілес елдер әдебиетімен байланысы біздің әдебиетіміздің де мақсат-мұраттарына сай келеді.
Әлемдегі әдебиеттердің диалектикалық байланысы туралы академик Р. Нұрғали: «Әр халықтың әдеби дәстүрі - бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отырған рухани игілік. Қашанда әдеби дәстүр мен әдеби даму - әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары», -дейді. [2, 5б] .
Жалпы әдебиеттегі әдеби байланыстардың мән-маңызы іргелі зерттеулер жазған ғалым Ш. Сәтбаева: «Көркемдік дамудың, әдеби үрдістің маңызды бір заңдылығы - әдеби байланыстар - әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарам-қатынастар, рухани байлықтар алмасулары. Қоғамның өрлеу жолымен даму қажеттілігінен туған мәдени, әдеби байланыстардың өзіндік мол тарихы, бай мазмұны бар. Өрлеу биігіне ұмтылған әрбір әдебиет томаға-тұйықтық пен провинциализмнен бойын аулақ салып, дәстүрлі байланыстар орнауын, дамуын, нығаюын қажетсінген, талай озық ақыл-ой ізденістері осы бағдарға негізделген», -дейді [ 3, 3б] .
Диссертация қазақ-жапон әдеби байланыстарының ерекшеліктерін ашып көрсетуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Белгілі бір ұлт әдебиетінің қалыптасуы мен дамуында оның басқа халықтар әдебиетімен әдеби байланыстарының мән-маңызы ерекше.
Әдеби байланыстарды дамыту - өте өзекті мәселелердің бірі. «Әдеби байланыстардың тарихи тамырларын анықтап, дәуір талабына сай туындап отырған соны түрлерін саралап, оның заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау, уақыт қажеттігін жарату - бүгінгі өмір талабынан туып отырған міндет» [4, 8б] - деген Ш. Сәтбаева пікірінің жаны бар.
Күрделі өзгерістерге, құбылыстарға бай кезеңдегі әдеби байланыстарды жаңаша көзқараспен жүйелеу, заман талабына сай саралап, оларға лайық баға беру қажеттігі бүгінгі күннің ғылыми талаптары болып табылады.
Кез-келген елдің мәдениеті мен әдебиеті жайлы сөз қозғағанда сол халық туралы ғасырлар бойы қалыптасқан ұғымдарды жеңе білу мәселесі алдыңғы орынға шығатыны сөзсіз. Себебі қай халық болмасын, мейлі, жапон, мейлі кытай, мейлі орыс, барлық адамдарда олардың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі жайлы әбден орныққан, дайын бір ұғым қалыптасып қалған. Қазіргі жапон әдебиетін тереңірек танып білу үшін оның өткен тарихына бір үніліп өткен жөн. Сонда ғана оның бүгінгі тандағы өзгешелігі мен жаңашылдығы айқын аңғарылады.
Соңғы кездері мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша аударма саласына көп көніл бөлінуде. Соның нәтижесінде әлем әдебиетінің небір жауһарлары қазақша сөйлей бастады. Бұрындары тек орыс тілінде ғана оқи алатын әлем әдебиетінің классикалық шығармаларын енді қазақ оқырмандары өз ана тілдерінде еркін оқып, әлемдік руханияттарды игере бастады. Осы көркем аударма саласы арқылы өзге де өркениетті елдердің әдебиетімен, мәдениетімен жақын таныса отырып, адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды ғылыми айналымға ендіріп, екі ел арасындағы рухани сабақтастықты дамытуды мақсат еттік. Осы тұрғыдан келгенде қазақ және жапон әдеби байланыстарының сипатын анықтау тақырып көкейкестілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Әрине, сан қырлы зерттеу нысаны тұрғысынан әдеби байланыстар тақырыбына қалам тартқан ғалымдар баршылық.
Әдеби байланыстың теориясын, әдістемелік негізін сараптаған В. А. Жирмунский [5], М. Х. Маданова [6], Ш. Сәтбаева [7], Ө. Күмісбаев [8] т. б. ғалымдар қазақ және басқа ұлт әдебиетің сабақтастықтары, сәулелі байланыстары жайлы кеңінен ой толғап, сүбелі дүниелер бере білді.
Жапон әдебиеті жайлы орыс ғалымдары көбірек зерттеген. Атап айтсақ, Грищенков Р. В. [9], Н. И. Конрад [10], Григорьева Т. П. [11], А. Е. Глуская [12], Горегляд В. Н. [13] және тағы басқалар.
Қазақ-жапон әдеби байланыстары жөніндегі зерттеулер деңгейі кенже қалған қалған тақырыптар қатарында десек, артық айтқандық емес. Дегенмен, бұл тақырып жайлы жазылған туындылар аз да болса бар. Қазақ-жапон әдеби байланыстардың негізінің қалануына М. Әуезов [14], Ғ. Мүсірепов [15], Ә. Кекілбаев [16] шығармалары дәнекер болды. Қазіргі таңда осы тақырып төңірегінде Ш. Жылқыбаева [17], М. Алжанбай [18], Ж. Әскербекқызы [19] өз еңбектерінде жапон әдебиетінің әр түрлі мәселелерімен қоса, жекелеген қаламгерлердің шығармашылығын жан-жақты қарастырып жүр.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері.
Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі кездері көп зерттеле қоймаған қазақ және жапон әдебиетінің байланысы, әлем әдебиетіндегі теориялық тың ойлар мен көркемдік бағыттар, олардың қазақ әдебиетіне жасаған әсері, оларға тән ортақ әдеби-ғылыми тұжырымдар төңірегіндегі мәселелерді зерттеу. Қалың қазақ оқырманына жапон әдебиетінің нәрін таныту, ондағы дәстүр мен жаңашылдықты зерттеу болып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін диссертациялық жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:
− Қазақ әдебиеттану ғылымындағы қазақ-жапон әдеби байланыстарын зерттеуге қатысты көзқарастарды жүйелеу;
− Жапон әдебиетінен қазақ тіліне тәржімаланған көркем аударманың ауанын анықтау, нәтижелерін сараптау;
− Жапон әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдерін қарастыру;
− Дәстүр және жаңашылдық мәселелеріне назар аудару;
−Жапон әдебиетінің прозалық шығармалармен танысу, талдау, олардың көркемдік сапасын саралау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы көзделген мақсат-міндеттердің шешілуі барысында алынған нәтижелерден айқындалады.
− Қазақ және жапон әдеби байланыстары әдебиеттану тарихында тұңғыш рет арнайы ғылыми зерттеу нысанына айналды;
− Жапон әдебиеті жайлы біршама материалдар жинақталды;
− Қазақ және жапон халқының мақал-мәтелдері, салт-дәстүрлері, әдебиеті кеңінен қарастырылды;
− XX ғасырдың басындағы жапон әдебиеті романистерінің бірнеше еңбектері талданды.
Зерттеу нысаны.
Қазақ-жапон әдеби байланыстарына қатысты әдеби зерттеу еңбектері, мерзімді баспасөз құралдарының материалдары, қазақ-жапон жазушыларының әдеби және аударма мәтіндері. Аталған зерттеу нысанын жүзеге асыруда негізінен XX ғасырдың екінші жартысындағы жапон романистері Акутагава Рюноскэ [20], Ясунари Кавабата [21], Юкио Мисима [22], Харуки Мураками [23] шығармашылығы басшылыққа алынады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсаты мен міндетіне сәйкес анықталады. Диссертациялық жұмыста жүйелі, кешенді, тарихи-салыстырмалы, талдау, саралау, жинақтау, тақырыптық салыстыру, мәтіндік талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Жұмысты жазу барысында мына қаламгердің еңбектері зерттеуімізге негіз болды: М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев, Ш. Жылқыбаева, Ж. Әскербекқызы, М. Алжанбай, Ә. Балқыбек, А. Рюноскэ, Я. Кавабата, Х. Мураками, А. Кобо т. б.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік мәні.
Диссертацияда көтерілген мәселелердің ғылыми негізделуі мен шешімін табуында М. Әуезов, Ш. Сәтбаева, Б. Майтанов секілді ғалымдардың теориялық пікірлері мен тұжырымдамалары негізге алынды.
Басқа да қазақ, орыс, әлем әдебиеттанушыларының ой-пікірлері, зерттеулері қарастырылып, ғылыми жұмысқа теориялық негіз болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік мәні.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырмалы әдебиеттану, жапон әдебиеті, шығыс елдері әдебиеті, әлем әдебиеті, шығыс филологиясына кіріспе пәндері бойынша лекцияларда, арнаулы курстарда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сарапталуы мен жариялануы.
Диссертациялық жұмыс нәтижелері мен тұжырымдары конференцияларда баяндама ретінде тыңдалып, тиісті басылымдарда жарияланды.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары ғылыми 5 мақала түрінде көрініс тапты. (2010-2012ж. ж)
- Қазақ-жапон мақал-мәтелдеріндегі ұлттық үндестік// «Құрышжанов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары - 8желтоқсан 2010ж. Б. 208-210
- Қазақ-жапон халықтарындағы қыз бала тәрбиесінің ерекшіліктері // «Тәуелсіздік және қазақтың қайраткер қыздары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары - 2011ж наурыз. Б. 502-505
- Жапон және қазақ әдеби байланыстары // «Тәуелсіздік және әдебиеттану ғылымының теориялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары - 17ақпан, 2012ж. Б. 171-173
- Жапон әдебиетіндегі жанрлар жүйесі // Ұлт тағылымы - 2012. -№1. - Б. 46-50
- Жапон әдебиеті // Ізденіс - 2012. -№1. - Б. 230-234
Жұмыстың құрылымы.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде мәселенің көкейкестілігі, қазіргі кездегі зерттеу қалпы, мақсаты мен міндеті, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы жайында айтылады.
Бірінші «Қазақ және жапон әдебиеті» атты бөлімде екі елдің әдеби мәдени байланыстары. Қазақ және жапон елінің әдебиетіндегі, салт-дәстүріндегі үндестіктер, тіл мәселесі, жапон әдебиетінің даму кезеңдері кеңінен қарастырылады.
Екінші «Жапон әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы» атты бөлімде жапон әдебиеті үлгілерінің қазақ тіліне аударылуы, әдеби байланыстың негізін қалаушылар жайлы айтылады. Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы жапон романистерінің шығармалары жан-жақты талданып, қарастырылады.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша түйін жасалады.
I ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН ӘДЕБИЕТІ
1. 1 Тарихи тамыр: әдеби, мәдени байланыстар
Азия мен Еуропаны қосып жатқан Қазақстанмен әлемнің көптеген елдері әртүрлі тарихи, мәдени, әдеби, қоғамдық, саяси экономикалық байланысын күні бүгінге дейін үзбей жалғастырып келе жатыр. Ежелден басталған бұл байланыстар халық өмірінің мәдени өміріне, рухани дүниесіне де өзінің барлық болмысымен ізін қалдырғаны даусыз. Адамзат қоғамының бір бөлігі ретінде жасап келе жатқан қазақ мәдениеті шығыстық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде даму үстінде. Ата-бабаларымыз өзінің күрделі сан-қырлы тарихының қатпарлы беттерінде Қытаймен, Мысырмен, Үндістанмен, Сириямен, Иракпен, Иранмен, Византиямен әр түрлі деңгейде мәдени байланыстар жасағаны тарихтан мәлім.
Қазақ әдебиеті де кез келген әдебиет сияқты дамып, өркендеп, даму үстінде келеді. Әрбір ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті де, әдебиеті де бір-бірімен аралас-құралас болған жағдайда ғана тұрақты түрде дамиды. Мұндай табиғилық әдебиеттін толығуына және дамуына өз септігін тигізері анық. Осындай қарым-қатынасты әдебиет қисыны тілінде әдеби байланыс дейді.
Әдеби байланыс түрлі халықтар мәдениетінің жақындасуына, рухани қарым-қатынасының дамып, өркендеуіне үлкен үлес қосады. Бұл жайлы шығыстанушы ғалым, академик Н. И. Конрад: «Ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеуі мен даму факторларының негізі - өзге халықтардың әдебиетімен өзара қарым-қатынаста, байланыста болу болып саналады. Әрбір әдебиетте екі компоненттің болатыны белгілі. Оның бірі - сол елдің өзінде дүниеге келген төл туындылар болса, екіншісі - басқа елдерден енген кірме шығармалар. Сондай дүниелердің негізінде әдеби байланыстың рөлі өзгеше көрінеді. Мұны қандайда бір әдеби шығармалардың түпнұсқасымен тікелей танысып, сол туындымен ұлт әдебиетінің тілінде оқуы негізінде және олардың аудармалары арқылы қанығуынан немесе бір халық жазушысының шығармаларының мазмұны мен мотивтерін басқа елдің жазушысының өзінше қабылдауынан пайымдауға болады. Осындай факторлар арқылы бір елдің әдеби дүниесі екінші бір елдің меншігіне айналатыны сөзсіз» [24, 290б] .
Ежелгі замандардан түркі, араб және парсы әдебиеттерімен, сонымен қатар орыс және батыс еуропалық әдебиеттерімен қазақ әдебиетінің тығыз байланыста болғаны тарихатан белгілі. Қазақ әдебиеті батыс және шығыс елдерінің әдебиетінің үлгілі тәжрибелерінен нәр алып, сусындап, өзіне керекті үлгілерді алумен қатар, сол елдердің әдебиеттерін байытуда үлкен белсенділік көрсетуде.
Аударма − әдеби байланыстың ең бір маңызды формаларының бірі саналады. Орыстың белгілі ғалымы И. Г. Неупокоева аударма саласының екі түрлі қызметін атап көрсетеді. Біріншісі, әдеби байланыстың құралы ретіндегі аударма - бұл әдеби байланыстардың дамуы тікелей сол аудармаға байланыстылығында. Ал екінші қызметі, шығармашылық қарым-қатынас формасы ретіндегі аударма - мұнда аударма жалпы әдеби дамудың ең өзекті міндеттерін орындайды.
И. Г. Неупокоева әдеби қатынас формаларына мыналарды жатқызады: аударманы, үлгі алуды, еліктеуді, стильге салуды, образды ұқсастықты [25, 11б] .
Аударма ісі- болашағынан үміт күттіретін ғылым саласы, ал көркем аударма қазіргі әдеби процестің ажырамас бір бөлігі саналады. Қазақ жұртында көркем аударма теориясы мен практикасы мәселесіне М. Әуезов, М. Қаратаев, З. Қабдолов, С. Сейітов, С. Талжанов, Ж. Ысмағұлов, С. Құспанов, т. б ғалымдардың еңбектері арналған [26, 393б] .
Қазақ көркем аударма саласының дамуының ғылыми теориясын зеттегенде оны 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Олар:
1. XIII-XIV ғасырлардағы Махмұд Қашқаридың араб тіліндегі «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі мен Әбу Хаямның «Китап әл-идрак лисан әл атран» түрік-араб сөздігін жатқызуға болады.
2. Көркем аударма арабтардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау кезінде кеңінен таралды.
3. Қазақстанның Ресейге қосылуынан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңі, яғни, Н. Ильминский, Ы. Алтынсарин, А. Апсатаровтың сөздіктері мен оқу құралдары жарық көрді. Сонымен бірге, «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері мен «Айқап» журналы беттерінде орыс әдебиетінен аударылған шығармалар жарияланды.
4. 1917 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі көркем аударманың дамуы.
Қазіргі таңда аударма саласы жаңа бір белеске көтеріліп жатыр. Өзге елдердің қаламгерлерінің үздік шығармаларын қазақ оқырмандарына танытуда Астана қаласындағы «Аударма» баспасы үлкен еңбек сіңіріп келеді. Баспада 2004 жылдан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы бойынша әлем классиктерінің туындылары қазақ тілінде жарық көріп келеді. Соңғы жылдарда орыс, француз, жапон, ағылшын және Латын Америкасы елдері қаламгерлерінің бірқатар шығармалары төл тілімізге аударылып, оқырман қауымға ұсынылып жатыр. Осылай қазақ аудармашылары шеберлігінің ұшталуы мен жетілуі нәтижесінде қазақ халқы шетел әдебиетімен танысып жатыр. Атап айтсақ, Акутагава Рюноскэ, Харуки Мураками, Юкио Мисима, Абэ Кобо, Нобель сыйлығының иегерлері: Ясунари Кавабата, Оэ Кэнзабуро сынды жапон әдебиетінің классиктерінің роман, повестері, әңгімелері қазақ тіліне аударылды.
Зерттеуімізде жапон тілінен қазақ тіліне аударылып жатқан шығармаларға тоқталмас бұрын, жалпы жапон әдебиетімен танысып өтсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Жапон халқы қазақ еліне бейтаныс жұрт, оның рухани әлемі мен жан дүниесі жұмбақ. Жапон әдебиеті - оқырмандарға орыс тілі арқылы таныс болғанымен, қазақ тіліне аударылғандары некен-саяқ. Жапон жазушыларының туындыларынан жапон қоғамының рухани бейнесін, беймәлім елдің болмысын көруге болады. Жапон әдебиеті жайлы Әмірхан Балқыбек былай дейді: «Дау жоқ, бүгiнгi жапон әдебиетi - бүкiл әлем көзiн сүзiп отырған ең үздiк әдебиеттердiң бiрi. ХIХ ғасырдың басында француз, орта тұсы мен соңында орыс әдебиетiне қонған бақ бүгiнде Латын Америкасы мен iрiлi-ұсақты аралдарға қоныс тепкен осы жапон әдебиетiне қонақтаулы» [27, 8б] .
Жапондар - өздерін Нихон (Ниппон) деп атайды. «Ни» мен «хон» иероглифтері Күн тамырлы, Күн негізді деген мағына береді. Ұлттың басты рәмізі - туында Күннің таңбалануы да арғы тегінде тағзым етудің бір белгісі болса керек. Қазақтың арғы бабасы - Ғұндар мен Сақтар да Күнге қарап сиынған.
1600жылы Жапонияға алғаш қадам басқандардан бірі ол ағылшын ғалымы Вильям Адамс. Талай ғасыр томаға тұйық жатқан елдің есігі енді ашыла бастағанда, қарым-қатынас үзіліп қалады. Алайда ішінара сенімге кірген ғалымдардың жазбалары арқылы Жапония жайлы тың материалдар шет елдерде мәлім бола бастайды. Соның бірі - XVII ғасырда голландықтармен ілесіп келген неміс дәрігері Энгельберт Кемпфердің зерттеулері. Кемпфер Жапония жайлы «Жапония тарихы», «Нагасакиден Эдоға дейін» атты еңбектер жазып, еуропалықтарға әлі жат көптеген еңбектер ұсынды. Бұған Голландияның «Ост-Индия» компаниясын өзінің көмегін тигізді. Ал Исаак Титсинг өзінің жазбаларында Жапонияның табиғатын, этнографиялық салт-дәстүрлерін кеңінен сөз етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz