Қазақ мәдениетіндегі күй өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттау факультеті

Философия тарихы және мәдениеттану кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

« Қазақ мәдениетіндегі күй өнері»

Орындаған : «мәдениеттану» бөлімінің

lV курс студенті Советхан Айжан

Ғылыми жетекшісі:

филос. ғ. д., профессор Нұржанов Б. Ғ

Норма бақылаушы: Мұқанова З.

Қорғауға жіберілген күні: 28-мамыр. 2007 жыл.

Кафедра меңгерушісі:

филос. ғ. д., профессор Нұржанов Б. Ғ

Алматы 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Тарау. Күй табиғаты -

1. 1. Күй өнерінің тарихилығы

2. 1. Күй және күй аңызының өзара байланысы

2 Тарау. Күй өнері халқымыздың тұғыры биік асыл мұрасы.

2. 1. Күйшілік өнердегі халық даналығының дәстүрлі нышандары

2. 2. Күйдегі адамгершілік этикалық мәселелер

2. 3. Күйшілердің дүниеге көзқарасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.


Реферат

Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Ол біздің рухани болмысымыздың, дүниетанымымыздың тұғыры биік асыл мұрасы.

Музыка мәдениетінің ішіндегі күй өнері - ертеден келе жатқан және кең тараған өнер түрі. Күй қазақ халқының тіршілік еткен кезеңдерінде қалыптасқан. Халқымыздың күй өнері өзіндік болмыс-бітімімен, саздық өзгешелігімен танылған. Күй өнерінің дүниетанымдық мүмкіндігі ұшан теңіз, себебі ол халықтың тіршілігімен сабақтас. Халық күйлерінің саздық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсетеді.

Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан басталатын кезеңдерінде өзінің тарихи сахнаға шығуымен талай-талай тар жол тайғақ кешулерді басынан өткереді. Небір қоғамдық-саяси, мәдени тосқауылдар халықтың мәдени дамып, өркендеуіне кедергілер келтірді. Халықтың рухани дүние саналары тұншығып, халық жадынан өшіп ұмытылуға айналды. Енді егеменді ел болып орнығу үшін халықтың өзіндік кескін-келбетін, ұлттық рухын, ділін қалыптастырып анықтауда санасының, дәстүріміздің, жалпы мәдениетіміздің қалыптасып орнығуына күй өнерінің маңыздылығы қандай деген сұрақ тұсында әңгімеміз, жан-жақты зерттеуіміз тақырыпқа арқау болмақ.

Бұл тақырыптың өзектілігі сол, халқымыз егемендікке ие болып, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге ұшырауына байланысты, еліміз тарихи дамудың жаңа серпінді сатысына көтерілді. Осыған орай ұлттық дүниетанымда халықтың табиғи санасында елеулі идеялар жаңғырып, халқымыздың табиғи болмыстық ерекшелігіне, ұлттық дүниетанымға үлкен өзгеріс жасалды. Бірнеше жылдар бойы халқымыздың рухани дүниесінің ұмыт бола жаздаған үрдістерін қайта жаңғырту талабы ескеріле бастады. Бұл, әрине, қазақ халқының әлемдік өркениеттер сахнасында өзіндлік кескін-келбетімен айшықталып, ұлт ретінде орнықты өсіп - өркендеуіміздің алғышарты болмақ!

Күй - қазақ халқының музыка жанрының бір формасы болғандықтан, ең әуелгі сөз басы қазақ халқының музыка өнерінің тарих тағлымындағы даму жолына ден қойылды. Күй өнерін музыкалық туында ретінде А. Жұбанов, І. Бекенов, қазіргі кезде А. Есенұлы және т. б. күй өнерінің қадір-қасиетін тани отырып, оның құдыретін, тылсымдық мәнінің ерекшелігі туралы жазған Ә. Марғұлан, М. Әуезов, А. Сейдімбек және т. б. атап айтуға болады. Күй өнерінің музыкалығымен қатар жүретін күй аңыздарын, оның құрылымдық - типологиялық қасиеттерін қазіргі таңда ғалым-жазушы А. Тарақты келелі ойлар жазуда.

Жалпы осы еңбегімді жазарда жоғарыдағы кісілердің еңбектерін басшылыққа алдым. Қазақ фольклорындағы күй аңыздарының құрылымы, жанрлық ерекшеліктері және күймен арақатынасы - зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Осындай тұтастыққа қарай отыра күй өнерінің рухани мәдениетіміздегі алар орнын, маңызын көрсету - жұмыстың негізгі мақсаты.

Күй өнерінің актуалдылығы - бүгінгі күн өресінен көз тастап халқымыздың талай ғасырғы тарихының куәсі іспеттес бітім-болмысында.

Мен "Күй табиғаты" бөлімінде халқымыздың, ғылымдағы күй туралы айтқан ойларға тоқталдым. Күй өнері "күйші" және күй ойнайтын аспапты біртұтас қарау - күйді түсінудің бірден-бір алғышарты. Өйткені халқымыз, оның күй өнері секілді оның аспабы да тарихи-мәдени жолдармен бірге жасасып келе жатқан куәгері.

Күй бар жерде күй аңызының болуы заңды. Бұл бөлімде, мен, сонымен қатар осы екеуінің байланысына тоқталдым. Күй аңыздарының құрылымын анықтау үшін мотивтік ерекшелігімен қатар құрылымдық - тақырыптық қасиеттеріне де мән беріледі. Өйткені, күй аңыздарының бәріне тән ортақ мотив бар, ол - күй аңыздарының себепті /этнологиялық/ болып келетіні. Сонымен қатар еңбекте күй мен күй аңызының арақатынасымен қатар күйлердің түрлеріне де тоқталып өттім.

Түптеп келгенде, халықтың мәдени - рухани қашанда әлеуметтік - тарихи қайта түлеудің қайнар көзі болғанын, болып та отырғанын, бола да беретінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Яғни, музыкалық өнерімізге, оның ішінде күйімізге зер қою арқылы этникалық мәдениетіміз бен дүниетанымымызды, төлтума болмысымызды танимыз, ұлттық идеологиямызды төлтума дамытудың тетігі де осында жатыр.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Ол біздің рухани болмысымыздың, дүниетанымымыздың тұғыры биік асыл мұрасы.

Музыка мәдениетінің ішіндегі күй өнері - ертеден келе жатқан және кең тараған өнер түрі. Күй қазақ халқының тіршілік еткен кезеңдерінде қалыптасқан. Халқымыздың күй өнері өзіндік болмыс-бітімімен, саздық өзгешелігімен танылған. Күй өнерінің дүниетанымдық мүмкіндігі ұшан теңіз, себебі ол халықтың тіршілігімен сабақтас. Халық күйлерінің саздық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсетеді.

Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан басталатын кезеңдерінде өзінің тарихи сахнаға шығуымен талай-талай тар жол тайғақ кешулерді басынан өткереді. Небір қоғамдық-саяси, мәдени тосқауылдар халықтың мәдени дамып, өркендеуіне кедергілер келтірді. Халықтың рухани дүние саналары тұншығып, халық жадынан өшіп ұмытылуға айналды. Енді егеменді ел болып орнығу үшін халықтың өзіндік кескін-келбетін, ұлттық рухын, ділін қалыптастырып анықтауда санасының, дәстүріміздің, жалпы мәдениетіміздің қалыптасып орнығуына күй өнерінің маңыздылығы қандай деген сұрақ тұсында әңгімеміз, жан-жақты зерттеуіміз тақырыпқа арқау болмақ.

Бұл тақырыптың өзектілігі сол, халқымыз егемендікке ие болып, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге ұшырауына байланысты, еліміз тарихи дамудың жаңа серпінді сатысына көтерілді. Осыған орай ұлттық дүниетанымда халықтың табиғи санасында елеулі идеялар жаңғырып, халқымыздың табиғи болмыстық ерекшелігіне, ұлттық дүниетанымға үлкен өзгеріс жасалды. Бірнеше жылдар бойы халқымыздың рухани дүниесінің ұмыт бола жаздаған үрдістерін қайта жаңғырту талабы ескеріле бастады. Бұл, әрине, қазақ халқының әлемдік өркениеттер сахнасында өзіндлік кескін-келбетімен айшықталып, ұлт ретінде орнықты өсіп - өркендеуіміздің алғышарты болмақ!

Күй - қазақ халқының музыка жанрының бір формасы болғандықтан, ең әуелгі сөз басы қазақ халқының музыка өнерінің тарих тағлымындағы даму жолына ден қойылды. Күй өнерін музыкалық туында ретінде А. Жұбанов, І. Бекенов, қазіргі кезде А. Есенұлы және т. б. күй өнерінің қадір-қасиетін тани отырып, оның құдыретін, тылсымдық мәнінің ерекшелігі туралы жазған Ә. Марғұлан, М. Әуезов, А. Сейдімбек және т. б. атап айтуға болады. Күй өнерінің музыкалығымен қатар жүретін күй аңыздарын, оның құрылымдық - типологиялық қасиеттерін қазіргі таңда ғалым-жазушы А. Тарақты келелі ойлар жазуда.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Қазақ музыка мәдениеті оның ішінде күй мұрасына мәдени - философилялық тұрғыдан сараптама жасау, яғни күйдің тарихы, әдеби және және саз - сарындық еркекшелігі мен қатар дүниетанымдық қуат - қарымы түралы айтып, соған байланысты мәліметтер жинақтау қажеттілігі туындады. Соңғы кездегі жарық көрген деректемелік еңбектер музыка мәдениетінің шығу тегі сақ, ғұн дәуірлеріне бастау алатындығын тұжырымдатады. Оған көптеген енбектерге тоқтадық. Сақ, ғүн дәуіррінің мәдени деңгейін айғақтайтын түрлі өнер түрлері, музыкалық аспаптардың болғаны, олардың аталуы, сол атаулардын біздің дәуірмізге дейін сол қалпында сақталғандығы туралы айтылды. Осыған орай Ардақ Нурғалидың еңбегіде айтылғадай, Қытай жазбаларындағы ғұндардың халық әндерінің тоғыз түрі барлығын айтуы да айтылған дүниелердің ақиқаттығын дәлелдейді.

Бұрын, соңды жазылып зерттелмеген күй өнерінің дүние танымдық түсініктері мен саз-сарындық болмысының ерекшеліктері туралы тың деректемелер жүйелі түрде қарастырылады. Яғни сақ, ғұн дәуірі кезіңдегі музыканың ролі айтылып, оған дәлелді айғақтар ретінде түрлі қазба жумыстарын жүргізген кездегі тастағы музыкалық аспаптардын тасқа салынған суреттері, музыкалық шығармалардың сол кездегі атаулары және сол кезендердегі халықтың тіршілігіндегі ролі туралы айтылды. Қобыз күйінін атасы Қорқыттың күй өнері негізіндегі орнықтырған дүниетанымдық көқарастары, оның музыка мәдениетіндегі орны, жалпы қобыз аспабынын халық өміріндегі ролі таныстырылды. Қорқыт дүниетанындағы өмір сүру идеясындаға өнер туралы Ғарифолла Есімнің жасаған тұжырымдамасы зерттеу жұмысына арқау болды.

Қазақ халқынын тілдік қатынасында «қоңыр» сөзі бар, оның сыры мен мәні терең. Қоңыр сөзінің дүниетаным мәселелері жөніңдегі түсініктері әлі ашылмаған. Бул құбылыстың мәні мен сыры, қазіргі жағдайымызда өзімізді танып-білудің, өмір сүрудің түп нұсқалық тұғырын шешуге мүмкіндік береді. Киелі қоңыр сөзінің домбыра мен қобыз үніне қатысты қыры қарастырылып, оның ұлттық ділге тікелей қатысы бары айтылды.

Қобыз бен домбыра күйлерінің рухани тылсымдық қуатының мәні және халықтық дүниетанымдық негізіндегі саз-сырын ерекшеліктері жөнінде деректер келтірілді. Ырғақ, қоңыр, саз, күй сияқты түсікте халықтық таным-түсініктерімен қалыптасқан философиялық ой-пікірлерінің мәніне назар аударылып, көптеген ғалымдардың қазақ мәдениетіне орай, яғни қазақ халқының мәдениеті, тұрмыс-тіршілгі жөнінде жазылған Кішібеков Д, Орынбеков М, Бәйтенова Н, Ғарифолла Есім, Ғабитов Т, Қасабеков А, МолдабековЖ, Муталипов Ж, Алтаев Ж, Раев Д, Наурызбаева А, Нуржанов Б. еңбектеріне шолу жасалынды. Марғұлан Ә, Жубанов А, Машани Ақжанның еңбектеріндегі өнер жайлы, әрине, музыкаға байланысты, оның ішіндегі күйге байланысты жасаған тұжырымдары негізге алынды.

Өткен ғасырларда қазақтың ақын, жыраулары дала мәдениеті, олардың өмір салты жөнінде көптеген жыр, дастандарын дүниеге келтірген. Олар кейін жинақталып, жазылып хатталды. Сол жазылған жайларға сүйене отырып, көптеген белгілі ғалымдар өздерінің ой-пікірлерін жазып тұжырымдады.

Көптеген қазақтың ақын жазушылары, күй өнерінің тарихы мен аңыздарына ғылыми түсініктер бере отырып, күй өнерін халықтың рухани қазынасы ретінде жанашарлық танытып, оны жинап ғылыми сараптама жасаған. Қазақ мәдениетіндегі күй өнерінің қадір қасиетін тани отыра, оның құдіретін, тылсымдық мәні ерекшелігі туралы жазған Марғұлан Ә., А. Сейдімбек және т. ю айтуға болады. Ә. Марғұлан бақсылық өнер мен қобыз аспабының құдіреттілігін дәлелді деректермен түсіндіре отырып, қобыз аспабының құдіреттілігін дәлелді деректермен түсіндіре отырып, қобыз аспабының халқымыздың дүние танымындағы орны мен музыка мәдениетінің тарихи өсу, даму жолдарын анықтап берді. Халқымыздың рухани мұрасы күй өнерінің тарихи даму жолдары мен эстетикалық, этикалық, тәрбиелік маңызының ерекшеліктері туралы тұжырымдар жасалынып, оның халық тіршілігіндегі маңызы сөз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Зертеудің мақсаты күй өнерінің қазақ рухани мәдениетіндегі ерекшеліктерін анықтаумен оның дүниетанымдық негіздерін ашып, күй өнерінің болмысындағы саздық өрнектің мәні және осы арқылы халықтық таным негіздеріндегі жатқан ой - толғаулардың үрдістерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп жеткізу.

  • күйдің тылсымдық қуаты ондағы толғаныстардың саз -сарынымен өрнектелуі (бейнеленуі) арқылы қалыптасқан мәдениеттанулық үрдістердің ерекшеліктері арқылы өмір сүру мен тіршілік ету ұстамдарын ұлттық ойлау деңгейлер тұрғысынан сараптау.
  • Күйшілік мәдениттің ерекшеліктеріне сүйене отырып, күйдегі танымдық тағлымдық үрдістерге талдау жасау арқылы күй өнеріндегі дүниелік түсініктерді ашып көрсету.
  • Халықтың ертеден қалыптасқан мұрасы ретінде танылған музыкалық аспаптармен күй өнерінің ерекшеліктерін көрсетіп, қазақ музыка мәдениетінің деңгейін және оның ұлттық музыка мәденитіндегі орнын анықтап көрсету.
  • Күй өнерінің табиғи болмысымен дүниелік мәселелері туралы және қалыптасу үрдісінің ерекшелігі туралы сараптау.
  • Күй өнері мәдени мұрамыздың алтын арқауы ретінде ұлттық мәдениетімізде жоғары құбылыс екенін дәлелдеу.

Зерттеу нысаны.

Халықтың күй өнері рухани мұрамыздың сарқылмас байлығы. Күй өнерін рухани құбылыс ретінде мәдени - философиялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу пәні.

Күй өнерімен мәдени - философиялық ой толғаныстардың арақатынасы және ұлттық мәдениет деңгейінде көрніс ерешелігі қарастырлады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Зернттеу жұмысында қазақ күй мұрасындағы дүниетаным мәселелері жөнінде жазылған еңбектің алғашысы ретінде төмендегідей ғылыми нәтижелер анықталды:

  • өнері оның мәдениетанулық ерекшеліктері қалыптастырылды.
  • Күйдегі таным -түсініктер негіздерін ұғындарымен келетін ой- толғаныстар бойынша мәдени -дүниетаным мәселелер талданды.
  • Халықтық таным -түсініктер бойынша күйдің саз-сарыны, ұлттық ділді анықтайтын құбылыс ретінде қарастырылды.
  • Күй өнеріндегі салт -дәстүрмен этикалық мәселелерді көрсету мен адам тіршілігінің негізі мақсаттары анықталды.
  • Күйге негізделген ой - толғаныстың саз-сарынға айналумен анықталатын философиялық түсініктер зерделенді.

Қазақ халқының қоғамдық санасында көрніс тапқан күй өнерінің қадір -қасиетін анықтау барсында мәдени мұра үлгісі ретіндегі мәнін анықтаумен күйді - өзімізді тану, өсу, даму жолымызда тұғырнама ретінде ерекше маңызды. Осыған орай өткенді сараптай отырып, ұлттық болмысқа ділге негіз болған дүниелерді жаңғыртып, өмір сүру ұстанымдары да қолдану керектігі ескеріледі.

Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тарау, бес бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделіп, мақсаты міндеті, ғылыми жаңалығы баяндалады.

1 Тарауда мен "Күй табиғаты" халқымыздың, ғылымдағы күй туралы айтқан ойларға тоқталдым. Күй өнері "күйші" және күй ойнайтын аспапты біртұтас қарау - күйді түсінудің бірден-бір алғышарты. Өйткені халқымыз, оның күй өнері секілді оның аспабы да тарихи-мәдени жолдармен бірге жасасып келе жатқан куәгері.

Күй бар жерде күй аңызының болуы заңды. Бұл бөлімде, мен, сонымен қатар осы екеуінің байланысына тоқталдым. Күй аңыздарының құрылымын анықтау үшін мотивтік ерекшелігімен қатар құрылымдық - тақырыптық қасиеттеріне де мән беріледі. Өйткені, күй аңыздарының бәріне тән ортақ мотив бар, ол - күй аңыздарының себепті /этнологиялық/ болып келетіні. Сонымен қатар еңбекте күй мен күй аңызының арақатынасымен қатар күйлердің түрлеріне де тоқталып өттім.

2 Тарауда Күй өнері халқымыздың тұғыры биік асыл мұрасы.

2. 1. Күйшілік өнердегі халық даналығының дәстүрлі нышандары

2. 2. Күйдегі адамгершілік этикалық мәселелер

2. 3. Күйшілердің дүниеге көзқарасы

Қорытындыда зерттелу жұмысының нәтижелері қарастырылып отырған мәселенің түйіні анықталды. Айтар ойдың шешімдері дәйектеліп сараланды.

1 тарау. Күй табиғаты.

1. 1. Күй өнерінің тарихилығы.

Евразияның ұлы даласында үш мың жыл бойы көшпелі өмір салтын бастан кешіп, сол өмір салтқа лайық төлтума мәдениет қалыптастырған көшпелілер феноменінің жалпы адамзаттық өркениетте алар өзіндік орны бар. Көшпелілер болмысы тек қана өмір салтымен дараланып қоймайды, сол өмір салтпен кіндіктес төлтума мәдениетімен де дараланады. Бұл орайда, көшпелілердің ең алдымен сөз өнері, музыкалық өнері және қол өнері мәдени - рухани құбылыс ретінде ден қойғызады. Шынында да, халқымыз рухани сұраныстың жүгін үйіп - төгіп осынау үш арнаға теңдеген сияқты. Көшпелілер үшін өмір тек қана рухани - эстетикалық ләззат беріп қана қоймаған, сонымен бірге ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге қолқанат болып, саяси - әлеуметтік мәселелерді шешудің құралы да бола білген. Өнер - көшпелілер өмірінің реттеушісі. Сондықтан да, "бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деген қағиданы заң ретінде халқымыз өзінің ойын қай жерде болмасын еркін айтатын болған.

Рухани қазынамыздың ішінен біз музыкалық мұрамызға ден қойып, оның ішінде күй жанрына арнайы тоқтағым келіп отыр. Осы уақытқа дейін қазақ музыкасының бір ғана қырына баса назар аударылып келеді. Ол ән - күйлердің таза музыкалық туынды ретіндегі қасиеттері еді. Яғни, ән - күйіміздің әуендік, сарындық ерекшеліктеріне көбірек мән беріліп келеді. Ең талдар сөз еттік дегенде, сол ән - күйлердің сипаты, ішкі құрылыс бітімі, орындалу ерекшеліктері тілге тиек болды. Алайда аса бай музыкалық фольклорымыздың екінші бір қыры, мейлінше мәнді қыры назардан тыс қалғандай. Ол - ән-күйіміздің халықтың тарихи - әлеуметтік болмысымен тұтастықта қарау және оның халқымыздың рухани өміріндегі атқарып келе жатқан ролін жеткілікті түрде көрсете алу мәселеі.

Күй өнері - қазақ музыка мәдениетінің ең жетекші жанры. Қазақ халқының шытырман, тайғақ кешулі тарихи тағдырының ең басты куәгері, ұлттық ары мен намысы бойына сіңірген кемел өнер. Тамаша музыкалық сымбат арқылы өткен тарихтан мол мағлұмат беретін қасиетті хат.

Музыка мәдениеті екі үлкен саладан тұрады. Оның бірі нақты музыкалық шығарма, екіншісі - сол шығарманы пайымдаушылық, зерттеушілік. Қазақ халқы көшпелі мәдениеттің өкілдері болғандықтан ол өзінің өнері мен әдебиеттік өзінің санасы мен көкейінде сақтаған. Ал, бұның рухани мәдениетіміздегі атқарар артықшылығы да, кемшілігі де бар. Артықшылығы - ол мәдениеттің актуалдығында, күнде қайталанып отыратындығында, кемшілігі - қағазға түспеген себепті түпнұсқа көнереді, кейінгі орындаушылар күйге өз таңбасын қалдырып отыратындығында. Ал күйдің вербальдық сыңары, яғни сөзбен айтылатын аңыз - әңгімелері де осы күйді бастан кешіреді. Жазба мәдениеті кенже қалған халықтың қасиеті, міне, осында.

Көшпелі елдің өмір салтында материалдық мұралардың түп нұсқа қалпын бұзбай, ұзақ сақтау мүмкін емес. Заттық айғақтардың із - түссіз жоғалғанын айтпағанның өзінде, бізге жеткен құм басқан қалалар, мүжілген археологиялық олжалар осының дәлелі. Ал, аса бай, алуан салалы фольклорымыз, оның ішінде музыкалық мол мұраларымыз болса, тым көне заманнан бүгінгі күнімізге дейін уақыт талқысында тозбай жетіп отыр. Жай жеткен жоқ, сол уақыт аясында халықтың сезім - түсінігімен бірге шыңдалып, шымырланып жетті. Көшпелілер өзінің рухани мұраларын көкірегіне, жадына ғана сақтауға мәжбүр. Мұның өзі, біріншіден, рухани мұралардың жалпы этикалық талғам сүзгісінен өтіп, өнердің ұдайы шыңдалып отыруына себепші болса, екіншіден, сол рухани мұралар этностың жадында диахронды сабақтастығымен сақталып, халықтың жаппай рухани сауаттылығын қамтамасыз етті. 4 Халық көкірегі рухани асыл қазыналардың қоймасы ғана емес, мәңгілік өрлеп, шыңдап, жаңартып отыратын жанды иесі де, осы орайда көшпелілер жадында сақтаған рухани мұралардың алыс замандарға айғақ болар деректілігімен таң қалдырды. Бір шеті мен екінші шеті төрт - бес мың шақырым болатын байтақ далада рухани мұралардың бұзылмай, үзілмей барлық өңірде бірдей қатаң үлгіде сақталуы құдіретті құбылыс. "Қазақтар өздерінің көне аңыздары мен наным - сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген, одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе, өлең жырлары еш өзгеріссіз, бір қаладан шыққандай қайталанатыны қатерсіз. Көшпелі сауатсыз ортадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір - бірінен қылдай ауытқымайтын адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын ақиқат", - Шоқан Уәлиханов мұның жарқын айғағын музыкалық мұраларымыздан да айқын аңғаруға болады. "Бергі ғасырларды айтпағанның өзінде, сонау YIII ғасырдан жеткен Қорқыт күйлерінің күні бүгінге дейін Сыр бойында да, Қаратау бөктерінде де, Сарыарқа, Еділ бойында да еш өзгеріссіз бір үлгіде орындалатыны еріксіз қайран қалдырады", - дейді өз еңбегінде жазушы - ғалым Ақселеу Тарақты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Салттан тыс фольклор туындылары
Қазақ жерінде мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет – хронологиялық шегі, мекендеген аумағы, тайпа атаулары
Дәстүрлі қазақ мәдениетінің тарихы
Халықтық-қолданбалы өнер
Күй
Қазақтың әншілік дәстүрі Алматы АРЫС
Халық музыкасы
Қазақ ғашықтық жырларының орындалу ерекшеліктері
Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың орналасуы, хронологиялық шеңбері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz