Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі



Жоспар

Кіріспе. Қазақ тілі.егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі ... ... ... ..3

Негізгі бөлім. 1.1. Тілдерді қолдану мен дамутудың мемлекеттік
Мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2. Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай.күйін талдау ... ... ... ... ... .9

1.3. Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму ... 11

Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Пайдаланылған әдебиет тізім. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері”. Яғни, қоғамның дамып өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт.
Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатысты. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.
Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр, қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Алайда менің ойымша, тілді меңгеру үшін біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Қандай тіл болмасын, адамның өзі сол тілдің қажеттілігін түсінбесе, оған ат басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы болмайды. Екіншіден, ұстаздың тілді оқытамын, мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден, тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Бұл үйренген тіліңді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жеке тұлға үшін басқа тілді меңгерудің пайдасы орасан зор. Ең алдымен тілді оқыған кезде адамның дүниетанымы кеңейеді, басқа тілді оқып-үйрену арқылы өзге халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін біледі. Пифагордың: “Кез келген халықтың мінез-құлқын танып білу үшін ең алдымен тілін меңгеруге тырыс”, – деген ұлағатты сөзі бар.
Сондай-ақ басқа ұлттың тілін меңгеру арқылы ділін біліп, жақсы дүниелерін өз бойыңа сіңіріп, көңіліне тоқып, санаңа ұялатасың. Қазақтармен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде даласындай дархан қонақжайлық пен кеңпейілдікті, немістерден ұқыптылық пен тиянақтылықты, чешен жұртынан уәдеге беріктік пен намысқойлықты үлгі етіп, үйренуге болады.
Тіл – ұлттың ұлт екенін көрсететін ең негізгі белгі. Әрі онымен сол ұлттың психологиясы өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі тығыз байланысты. Әрбір тіл – тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Ішсең мейірімің қанады, сөйлесең рухың көтеріледі, абыройың асады. Ендеше, мемлекеттік мәртебеге ие қазақ тілі тек қазақ халқының ғана емес, тәуелсіз елдің ақ тілеулі тірегі болып отырған қазақстандықтардың тілі. Біз осыны ұмытпасақ екен. Мемлекеттік тілді білу арқылы өзгені емес, өзіңді құрметтегенің екенін естен шығармағанымыз жөн.
Әрбір мемлекеттің мемлекеттік тілі болуы тиіс және де бұл айдай ақиқат. Тілдің ең алдымен қажеттілігін, өміршеңдігін қалыптастырудың орны бөлек. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін барлық қазақстандықтардың жетік меңгеруі бір күндік жұмыс емес, ол – бірқатар уақытты талап етеді. Олай дейтінім, біздің мемлекетіміз өте жас, көптеген маңызы бар мәселелерді іске асыруға құлшыныспен бірге, мол дайындық та қажет.
Жасыратыны жоқ, кезінде Кеңес үкіметі билік құрған заманда қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты қазақ тілінің де аясы тым тар болды. Құптарлығы, мемлекет тәуелсіздікке ие болғаннан кейін ғана тілге деген көзқарас өзгерді, қамқорлық молайды. Ел тағдыры – тілінде, оны көркейту, дамыту күн тәртібінде тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Әйтсе де оны өзге ұлт өкілдері жақсы білуі, жетік меңгеруі үшін уақыт қажет.
Қазақ тіліне деген ынта-ықыласты бала бақшадан, мектептен қолға алып, жоғары оқу орындарында одан әрі жалғастырған жөн. Оған қоса ең маңыздысы – оқытушылардың білімі, тәжірибесі мол болуының мәні зор. Республика көлеміндегі мемлекеттік тілді үйрететін курстардың ақысыз, тегін болуы – басты талаптардың бірі десем, артық айтқандық емес. Өйткені, қалтасынан қомақты қаржы төлеп, тіл үйренуге көп адамның жағдайы келмеуі әбден мүмкін.
Барлық қазақстандықтар түгелдей мемлекеттік тілде түсінісе алатындай дәрежеге жету – түпкі мақсат болса, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалану да қозғаушы күштің бірі болып есептелінбек. Сондай-ақ методикалық оқу құралдарының сапалық деңгейін көтеріп, мазмұндылығын тереңдетпесе, іс ешқашан алға баспайды. Әрине, талап қойылғаны жөн, әйтсе де мемлекеттік маңызды шарада – асыра сілтеушілікке жол берілмеуі тиіс. Сонда ғана қазақ қазақпен ғана емес, республиканың барлық тұрғындары бір-бірімен мемлекеттік ортақ тілде сөйлесе алады. Ғалымдардың тұжырымдауынша, әуезді де әсем, шебер де шешен қазақ тілі өзінің байлығы мен көркемдігі жағынан әлем тілдері арасында алғашқы орындардың бірін алатын көрінеді. Әлемдегі бес мыңнан астам тілдің арасында жоғары бағаланатын тілдің,қазақ тілінің бүгінгі тағдыры көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуы орынды. Ырыс алды – ынтымақта. Тату-тәтті өмір сүру үшін – өзің тіршілік етіп отырған елдің туған тілін, мемлекеттік тілді игеру ең негізгі парыз.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін – оған деген қажеттілікті, қолайлы ортаны құру, сол тілдің айдынында еркін жүзу керек. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі мен тарихының сақталуы, түптеп келгенде халық тағдырының өміршеңдігі де сол тілге тәуелді. Тіл өлсе – халық та өледі. Жасыратыны жоқ, қазір біздің жастар ағылшын тілін тез үйреніп жатыр. Мұндай шапшаңдықтың себебі неде десек, сол тілді үйретудегі озық тәжірибеде екен. Ағылшын тілін үйренушілерге көмекке – техника, компьютер, өзге де насихат құралдары көптеп келуде.
Мемлекеттік тіл – қазақ тіліне де сондай озық тәжірибе, әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн. Сондықтан теледидар арналарында хабар не көркем фильм қай тілде жүрмесін міндетті түрде қазақ тілінде жүгіртпе жолдарды пайдаланудың көмегі өте ауқымды, ықпалдылығы мол.
ӘДЕБИЕТ

1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,
2. Амиров Р.С. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. А., 1972.
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.
4. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. А., 1963.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы А., 1992.
6. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі А., 1987.
7. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1961.
8. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968.
9. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1959.
10. Вопросы казахского и уйгурского языкознания. Т. 3. 1953.
11. Вопросы казахского языкознания. Т. 1. 1974.
12. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А., 1974.
13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966.
14. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996.
15. Исследования по тюркологии. А., 1969.
16. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. А., 1987.
17. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1962.
18. Қазақ грамматикасы. 2003.
19. Қазақ тілінің грамматикасы. I. Морфология. 1967.
20. Қазақ тілінің грамматикасы. II. Синтаксис. 1967.
21. Қазіргі қазақ тілі (Лексика, фонетика, грамматика) 1954.
22. Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі. А., 1990.
23. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. А., 1959.
24. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. 1966.
25. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары. 1975.
26. Развитие казахского советского языкознания. 1980.
27. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. 1982.
28. Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Морф., синтаксис. 1991.
29. Современный казахский язык. Фонетика и морфология. 1962.
30. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. 1994.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе. Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі ... ... ... ..3

Негізгі бөлім. 1.1. Тілдерді қолдану мен дамутудың мемлекеттік

Мақсаттары мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2. Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау
... ... ... ... ... .9

1.3. Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму ... 11

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22

Пайдаланылған әдебиет тізім.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы он бес жылды еңсеріп
қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де
ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл
өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы
Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің
елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық
құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде
екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері”. Яғни, қоғамның дамып өзгеруі,
мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге
баса назар аударуымыз қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде
сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен
баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ
жайт.
Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ
тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның
патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің
Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатысты.
Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды
оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.
Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту
мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр, қазақ тілін
меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Алайда менің ойымша, тілді меңгеру
үшін біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Қандай
тіл болмасын, адамның өзі сол тілдің қажеттілігін түсінбесе, оған ат
басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы болмайды. Екіншіден, ұстаздың
тілді оқытамын, мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден,
тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Бұл үйренген
тіліңді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жеке тұлға үшін басқа тілді меңгерудің пайдасы орасан зор. Ең алдымен тілді
оқыған кезде адамның дүниетанымы кеңейеді, басқа тілді оқып-үйрену арқылы
өзге халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін біледі. Пифагордың: “Кез келген
халықтың мінез-құлқын танып білу үшін ең алдымен тілін меңгеруге тырыс”, –
деген ұлағатты сөзі бар.
Сондай-ақ басқа ұлттың тілін меңгеру арқылы ділін біліп, жақсы дүниелерін
өз бойыңа сіңіріп, көңіліне тоқып, санаңа ұялатасың. Қазақтармен тығыз
қарым-қатынастың нәтижесінде даласындай дархан қонақжайлық пен
кеңпейілдікті, немістерден ұқыптылық пен тиянақтылықты, чешен жұртынан
уәдеге беріктік пен намысқойлықты үлгі етіп, үйренуге болады.
Тіл – ұлттың ұлт екенін көрсететін ең негізгі белгі. Әрі онымен сол ұлттың
психологиясы өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі тығыз байланысты. Әрбір тіл
– тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Ішсең мейірімің қанады,
сөйлесең рухың көтеріледі, абыройың асады. Ендеше, мемлекеттік мәртебеге ие
қазақ тілі тек қазақ халқының ғана емес, тәуелсіз елдің ақ тілеулі тірегі
болып отырған қазақстандықтардың тілі. Біз осыны ұмытпасақ екен.
Мемлекеттік тілді білу арқылы өзгені емес, өзіңді құрметтегенің екенін
естен шығармағанымыз жөн.
Әрбір мемлекеттің мемлекеттік тілі болуы тиіс және де бұл айдай ақиқат.
Тілдің ең алдымен қажеттілігін, өміршеңдігін қалыптастырудың орны бөлек.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілін барлық қазақстандықтардың жетік меңгеруі бір
күндік жұмыс емес, ол – бірқатар уақытты талап етеді. Олай дейтінім, біздің
мемлекетіміз өте жас, көптеген маңызы бар мәселелерді іске асыруға
құлшыныспен бірге, мол дайындық та қажет.
Жасыратыны жоқ, кезінде Кеңес үкіметі билік құрған заманда қазіргі ТМД
елдеріндегі сияқты қазақ тілінің де аясы тым тар болды. Құптарлығы,
мемлекет тәуелсіздікке ие болғаннан кейін ғана тілге деген көзқарас
өзгерді, қамқорлық молайды. Ел тағдыры – тілінде, оны көркейту, дамыту күн
тәртібінде тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Әйтсе де оны өзге ұлт өкілдері
жақсы білуі, жетік меңгеруі үшін уақыт қажет.
Қазақ тіліне деген ынта-ықыласты бала бақшадан, мектептен қолға алып,
жоғары оқу орындарында одан әрі жалғастырған жөн. Оған қоса ең маңыздысы –
оқытушылардың білімі, тәжірибесі мол болуының мәні зор. Республика
көлеміндегі мемлекеттік тілді үйрететін курстардың ақысыз, тегін болуы –
басты талаптардың бірі десем, артық айтқандық емес. Өйткені, қалтасынан
қомақты қаржы төлеп, тіл үйренуге көп адамның жағдайы келмеуі әбден мүмкін.
Барлық қазақстандықтар түгелдей мемлекеттік тілде түсінісе алатындай
дәрежеге жету – түпкі мақсат болса, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалану да
қозғаушы күштің бірі болып есептелінбек. Сондай-ақ методикалық оқу
құралдарының сапалық деңгейін көтеріп, мазмұндылығын тереңдетпесе, іс
ешқашан алға баспайды. Әрине, талап қойылғаны жөн, әйтсе де мемлекеттік
маңызды шарада – асыра сілтеушілікке жол берілмеуі тиіс. Сонда ғана қазақ
қазақпен ғана емес, республиканың барлық тұрғындары бір-бірімен мемлекеттік
ортақ тілде сөйлесе алады. Ғалымдардың тұжырымдауынша, әуезді де әсем,
шебер де шешен қазақ тілі өзінің байлығы мен көркемдігі жағынан әлем
тілдері арасында алғашқы орындардың бірін алатын көрінеді. Әлемдегі бес
мыңнан астам тілдің арасында жоғары бағаланатын тілдің,қазақ тілінің
бүгінгі тағдыры көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуы орынды. Ырыс алды –
ынтымақта. Тату-тәтті өмір сүру үшін – өзің тіршілік етіп отырған елдің
туған тілін, мемлекеттік тілді игеру ең негізгі парыз.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін – оған деген қажеттілікті, қолайлы ортаны
құру, сол тілдің айдынында еркін жүзу керек. Қазақ халқының әдет-ғұрпы,
дәстүрі мен тарихының сақталуы, түптеп келгенде халық тағдырының
өміршеңдігі де сол тілге тәуелді. Тіл өлсе – халық та өледі. Жасыратыны
жоқ, қазір біздің жастар ағылшын тілін тез үйреніп жатыр. Мұндай
шапшаңдықтың себебі неде десек, сол тілді үйретудегі озық тәжірибеде екен.
Ағылшын тілін үйренушілерге көмекке – техника, компьютер, өзге де насихат
құралдары көптеп келуде.
Мемлекеттік тіл – қазақ тіліне де сондай озық тәжірибе, әдіс-тәсілдерді
кеңінен пайдаланған жөн. Сондықтан теледидар арналарында хабар не көркем
фильм қай тілде жүрмесін міндетті түрде қазақ тілінде жүгіртпе жолдарды
пайдаланудың көмегі өте ауқымды, ықпалдылығы мол.

2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекiтiлген және "Қазақстан
Республикасындағы тiл туралы" заңда көрiнiс тапқан, республикада
лингвистикалық өрiстi қалыптастырудың функционалдық принциптерiне сәйкес
сараланған айқындама негiзiнде тiл құрылысын үш бағытта: мемлекеттiк тiлдiң
әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы
мәдени қызметiн сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн дамыту
бойынша жүзеге асыру орынды болмақ. Айқындаманың саралануы функционалдық-
лингвистикалық топтардың әрқайсысының алдында тұрған мiндеттердiң
айырмашылығын көрсетумен дұрыс болып табылады. Сонымен, қазақ тiлiн дамыту
бағыты оның мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру қажеттiгiмен айқындалады;
орыс тiлiнiң қолданылуын қамтамасыз ету қызметiнiң басты бағыты оның
мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ
тiлiмен қатар ресми қолданылу қызметiн сақтау болып табылады; этникалық
топтардың лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандыру, ана тiлiн әркiмнiң
пайдалануға қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап
алуға конституциялық құқығын iске асыруға, Қазақстан халықтарының тiлдерiн
оқып үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасауды талап етедi.
Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту
мақсатында қол жеткiзу өз кезегiнде мына мiндеттердi шешудi талап етедi:
1) Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын
қамтамасыз ету:нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
   мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекеттiк тiлдi қызметтiк міндеттерін
орындауға қажеттi деңгейде меңгеру үшiн шаралар қолдану;
   мемлекеттiк органдар жүйесiнде мемлекеттiк тiлдiң іскерлiк қарым-
қатынастың негiзгi тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарда актiлердi әзiрлеу мен қабылдауда негiзгi тiл
ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
сот ісiн жүргiзудi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы іс
жүргізуді заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және
әскерилендiрiлген құралымдардың барлық түрiнде мемлекеттiк тiлдiң
қолданылуы үшiн шараларды қамтамасыз ету;
іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудiң кестесiн (нақты мерзiмдер мен iс-
шараларды көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында іс жүргiзудiң негізгі тiлi ретiнде
мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
халықаралық қызметте мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
   2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшін
жағдай жасау:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын iске асыру
мақсатында мемлекет көлемiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттің,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған
басқа да көздерi есебiнен азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегін оқыту
курстарының бiрыңғай жүйесiн жасау;
ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету
салалары қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi тиiстi деңгейде меңгеруі үшін
құқықтық, ұйымдық шараларын және материалдық-техникалық жағдай жасалуын
қамтамасыз ету;
меншік нысанына қарамастан барлық үлгiдегi мектеп жасына дейінгі
мекемелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнаулы және жоғары
оқу орындарының тәрбиеленушiлерi мен оқушыларының мемлекеттік тiлдi меңгеру
саласындағы бiлiмi мен бiлiктерiнiң барынша жоғары деңгейге жетуiн
қамтамасыз ету;
3) ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нәтижелерiн нақты іске
асыруды жеделдетудi жүзеге асыру жолымен қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң
нормаларын бiрыңғайлауды қамтамасыз ету:
қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң сөзжасам процестерiнiң, оның iшiнде терминжасам
принциптерiн ғылыми негізде жүйеге келтiру, қазақ тілінің толыққанды
терминологиялық жүйесiн енгiзу;
қазiргi қазақ тiлiнiң тiлге ортақ әдеби нормаларын жүйеге келтiру;
қазақ тiлiнiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ әлiпбиi мен
орфографиясын жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;
ономастика мәселелерiн ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
4) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк тiлдiң
қолданылуын қамтамасыз ету:
кино- және бейнеөнiмдердi, оның iшiнде анимациялық фильмдердi (аударма
жұмыстарын қоса алғанда) мемлекеттiк тiлде шығару мен тарату
(телеарналардан көрсету) шараларының жүйесiн ұйымдастыру;
мәдениет, ғылым, көркем әдебиет пен өнердiң әртүрлi саласында мемлекеттiк
тiлде баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету.Тiлдердi дамытуды құқықтық
қамтамасыз етудегi маңызды мiндеттердiң бiрi қызметi тiкелей әлеуметтiк
коммуникация барысында iске асатын қоғамдық өмiрдiң бiрқатар салаларының
қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк тiлдi меңгеруге қатысты бөлiгiн әзiрлеу мен
талаптарын нормативтiк тұрғыдан бекiту болып табылады. Бұл ең алдымен,
мемлекеттiк қызмет, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, халыққа
қызмет көрсету, көлiк, байланыс салалары. Осыған байланысты мемлекеттiк
тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сай білудi қажет
ететiн кәсiптер, мамандықтар мен лауазымдар тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе)
заңмен айқындалуға тиiс. Аталған Тiзбе "Қазақстан Республикасындағы тiл
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес
Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi. Жекелеген кәсiптерге,
мамандықтар мен лауазымдарға қатысты нормативтiк талаптардың күшiне ену
уақыты саралануға тиiс. Осылайша, мемлекеттiк тiлдi меңгеру бөлiгiнде
талаптардың күшіне ену процесi жекелеген лауазымдар үшiн кезең-кезеңiмен
жүргiзiледi, мұның өзi қажеттi бейiмделу кеңiстiгiн жасауға мүмкiндiк
бередi. Оның үстiне, Тізбені түзу процесi жаңа кәсiптердiң, мамандықтар мен
лауазымдардың бiртiндеп қосылуын көздеуi қажет.
  Тiлдi дамытудың ынталандыру сипатындағы қосымша шаралармен нығайтылмаған
қасаң әкiмшiлiк әдiстерiнiң жеткiлiктi түрде тиiмдi бола бермейтінін
практика көрсетiп отыр. Сондықтан бұйрық мәндi шаралармен қатар ынталандыру
әдiстерiн де кеңiнен енгiзу қажет. Өз жұмысында мемлекеттiк тiлдi
қолданатын мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерiн
материалдық ынталандыру жөнiндегi шаралардың тиiмдi жасау үшiн құқықтық
негiздер әзiрлеу қажет. Аталған мәселенi шешу мемлекеттiк тiлдi меңгеру
үшiн неғәрлым пәрмендi тетiктердiң бiрi болуға тиiс.
   Сонымен қатар, тiл заңдарының бәзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту
туралы мәселе іс жүзiнде шешудi талап етедi. Оның негiзгi ережелерiн
бұзғаны үшiн пәрмендi санкциялар жүйесiн әзiрлеу қажет.
Тiл саласындағы қатынастарды реттеушi заңдарды одан әрi жетiлдiру тiл
құрылысының өзектi талаптарына негiзделуi қажет. Бұл мемлекеттiк ұйымдарда
аудармашылық қызметтi реттеудiң құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi талап етедi.
Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нормативтiк құқықтық актiлер
мәтiндерiнiң дәлме-дәл сәйкестiгi мен оларды ресми практикада қолдану
тәртiбi туралы мәселе де нормативтiк реттеудi қажет етедi. Қабылданатын
нормативтiк құқықтық актілердiң тiл туралы заңдардың талаптарына сәйкес
келуiне назар аударған жөн.
Тiл - Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарында
   Мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк органдар жүйесiнде қолданылу аясын одан
әрi кеңейту кадрлардың тиiстi тiл даярлығын талап етедi, ол уақыт өте келе
бiлiктiлiк талаптары мен қызметтiк мiндеттерiне қарамастан мемлекеттiк
қызметшiлердiң күллi санаттары үшiн мiндетті болуға тиiс. Осы мақсатта
мемлекеттiк қызметшiлер үшiн бiрыңғай оқу-әдiстемелiк бағдарламаға
негiзделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесiн жасау қажет.
Мәндай курстарды түзуде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттiк тiлдi
жеделдетiп оқыту орталығы базалық ұйым бола алады. Сонымен бiр мезгiлде
арнаулы кестеге сәйкес мемлекеттiк қызметкерлердiң әрбiр санаты үшiн
мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде меңгеру бөлiгiндегi мiндеттi
талаптарды әзiрлеу керек. Осы кесте мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарының
жұмыс бағдарламаларының, аталған талаптардың қызметкерлердiң ағымдағы
лингвистикалық даярлығының деңгейiмен сай болуы үшiн сәйкестендiрiлуге
тиiс.
   Құжат мәтіндерiн мемлекеттiк тiлде даярлаудың орнына оларды ресми
қолданылатын тiлден аударудың кең тараған тәжірибесiнiң мемлекеттік
органдар жұмысында одан әрi беки түскен үрдiсi белең алып барады. Соған
қарамай, ол тек уақытша шара ретiнде ғана қарастырылуға тиіс. Сондықтан
мемлекеттiк органдарда құжаттамаларды тiкелей мемлекеттік тілде жасауға
кезең-кезеңiмен көшудi орталықтан бекiтiлген ұзақ мерзiмдiк жоспарға сәйкес
нақты жүзеге асыру керек. Бұл ретте мемлекеттік тiлдiң тек iс қағаздарын
жүргiзу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актiлерiн әзiрлеу мен
қабылдау саласында да қолданылу мәселесiне назар аударған жөн.
   Мемлекеттiк тiлдiң республиканың Қарулы Күштерiнде қолданылу мәселесін
атап айту айрықша қажет. Тарихи қалыптасқан жағдайларға орай аталған салада
мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"
Заңның 12-бабының талаптарына толық жауап бермейдi. Ал елiмiздiң Қарулы
Күштерiнде оның толыққанды қолданылуы Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту мәселесi
де болып табылады. Сондықтан офицерлiк және сержанттық-сарбаздық құрамның
мемлекеттiк тілді меңгеруiнiң мiндеттi талаптарын белгiлеу қажет. Аталған
талаптардың табысты іске асуы үшiн ерекше бағдарлама бойынша арнаулы
жоспарға сәйкес әскери қызметiн өтеу орындарында мемлекеттiк тiлдi тұрақты
оқытуды ұйымдастыру қажет.
Мемлекеттiк егемендiктiң аса маңызды атрибуттарының бiрi ретiнде
мемлекеттік тiл елдiң халықаралық қызметiнде лайықты көрiнiс табуы керек.
Ресми халықаралық кездесулер мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуге тиiс.

2.2. 1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заң қабылданған
сәттен берi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5
қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың
мемлекеттiк бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында iске асыру барысында
қоғамдық өмiрдiң барлық негiзгi салаларында тiл құрылысы процестерiнiң одан
әрi кеңеюi мен тереңдеуi үшiн алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттiк
органдар, ұйымдар мен тұтас қоғамның үйлестiрген, мақсатты күш-жiгерінің
нәтижесi болды.
   Қазiргi уақытта елде тiлдер қолданысының дамуын табысты iске асырудың
құқықтық негiздерi қалыптасты. Тіл құрылысының үрдiстерi қоғамда түсіністік
пен қолдау тауып отыр.
Мемлекеттiк органдар жүйесінде мемлекеттiк тiлдi талап етiлуінің арту
үрдiсi байқалуда. Бұл орайда қазақ халқы басым тұратын аймақтарда бiршама
айтарлықтай нәтижелерге қол жеттi. Бұл, ең алдымен, Атырау, Қызылорда,
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына тән.
Қазақстанның Солтүстiк, Орталық және Шығыс облыстарында да мемлекеттiк
тiлдi дамыту бағытында белгiлi бiр деңгейде жұмыс жүргiзiлуде. Орталық
атқарушы органдардың мемлекеттiк тiлдi қолдану аясын кеңейтуге бағытталған
нысаналы жұмыстарының арқасында оның талап етiлуiнiң өсу үрдiсi байқалады.
Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары екi тiлде -
мемлекеттiк және ресми тiлде жүргiзiледi.
   Алайда, қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттiк органдарда
мемлекеттiк тiлдiң әлеуетiн iске асыру деңгейi әлi де төмен екенiн атап өту
керек. Мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген
мамандар аз. Сол себептi Бағдарламаны iске асыру барысындағы басты
мiндеттiң бiрi бiлiктi кадрлар даярлау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi жүйесiне
мемлекеттiк тiлдi енгiзу процесi басталды. қазіргi заманғы қазақ әскери
терминологиясының қалыптасу процесi жүрiп жатыр. Алайда әскери құрамаларда
күнделiктi қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында мемлекеттiк тiлдiң
қолданылуы шектеулi күйде қалып отыр. Бұл жерде негізгі күш-жігерді арнаулы
әскери лексиканы қалыптастыру мен мемлекеттiк тiлдi оқытуға жұмсау қажет.
   Мемлекеттiк тiлдiң алдында тұрған маңызды мәселелердiң бiрi оның жаңа
әлеуметтiк-мәдени болмысты бейнелеудегi мүмкiндiктерiн кеңейтудiң қажеттiгi
болып отыр. Бұл бағытта нысаналы ғылыми зерттеу жұмысы жүргiзiлуде. Қазақ
тiлiнiң терминологиялық базасын түзу мен жетiлдiруге басты назар аударылып
отыр. Мемлекеттiк терминологиялық комиссия 610 жаңа терминдi бекiттi,
алғашқы рет 31-томдық салалық терминологиялық сөздiктер шығару жүзеге
асырылуда.
   Қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, республика аумағындағы тарихи
атауларды қалпына келтiру мен жүйелеу және жер-су атаулары мен басқа да
атауларды фонетикалық, таңбалық және лексикалық принциптерге сәйкестендiру
жұмысы жандандырылуда. Осы уақытқа дейiн 64 аудан, 8 қала, 420 ауыл мен
поселке, 680 бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мен басқа да объектiлер
жаңа атауларға ие болды.
   Мемлекеттiк тiлде қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың
жалпы санының ұлғаюы байқалады. Алайда, олардың саны әлi де көп емес, ол
республикада 1999 жылы қорғалған диссертацияның 14%-нен аспайды (1267-нiң
174-і).
   Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттiк тiлдi
дамытуда белгiлi бiр оң iлгерiлеуге қол жеттi. Қазақ тiлiндегi
телехабарлардың көлемiн ұлғайту бағытында айтарлықтай оң қадамдар жасалды.
Бұл ретте мемлекеттiк тiлде хабар тарататын мамандандырылған телеарнаның
ашылғанын атап айтуға болады. 2000 жылы 192 телеарнаның басым көпшiлiгi -
144-i екi тiлде хабар таратты. Дегенмен мемлекеттiк тiлде және басқа
тiлдерде хабар тарату уақытының заң актiлерiмен айқындалған сандық
арақатынасы көп жағдайда сақталып отырған жоқ.
   Мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнде, елiмiздiң Қарулы Күштерiнде,
халыққа қызмет көрсету, мәдениет пен өнер салаларында ресми қолданылатын
тiлдiң тұрғысы дәстүрлi түрде күштi болып отыр. Орыс тiлiнiң бiлiм мен
ғылымдағы басымдығы сақталуда, оның бұқаралық ақпарат құралдары саласында
жетекшi тiл болып қалуы жалғасуда. Мәселен, 2000 жылы елде 2365 орыс
тiлiнде оқытатын мектеп, орыс тiлiнде оқытатын сыныптары басым 2055 аралас
мектеп есепке алынды, орыс тiлiнде 393 газет, 78 журнал атауы шығарылып, 20
т    Қазақстан аумағында тұрып жатқан барлық диаспоралар тiлiне мемлекет
тарапынан көмек көрсетiлуде. Ана тiлi мен мәдениетiн дамыту мақсатында
елiмiзде ана тiлiн оқытудың жексенбiлiк мектептер жүйесi құрылған. 1999-
2000 оқу жылында жексенбiлiк мектептерде 14 тiл ана тiлi ретiнде оқытылды:
корей, иврит, украин, татар, немiс, түрiк, шешен, ұйғыр, армян, әзiрбайжан,
чуваш, поляк, курд және дұнған тiлдерi. Жексенбiлiк мектептер туралы үлгi
ереже әзiрлендi. Оқытудың мұндай түрi өзiн жақсы жағынан көрсетiп үлгердi
және келешегi де бар. Елiмiзде диаспоралар тiлiнде 11 газет шығарылып,
12 тiлде телехабарлар жүргiзiледi

2.3.    Тiл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының
бiрi қоғамдағы жалпы мәдениеттiң құрамдас бөлiгi болып табылатын тiлдердi
оқытудың толыққанды жүйесiнiң тұрақты қызмет етуiн ұйымдастыру мен
қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлi деңгейлерде және әр түрлi
нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкiндiгiнше
үздiксiз процесс болуға тиiс. Қазіргі уақытта Бұл саладағы негiзгi назар
жеткіліктi көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым
оңтайлы әрi табиғи жолы болып табылатын әр түрлi оқу және тәрбие
мекемелерiне аударылып отыр. Талап етiлетiн бiлiм мен дағдыны толық әрi
терең игеру үшiн қажеттi үздiксiздiк принципi оқытуды мектепке дейiнгi
тәрбие мекемесi - мектеп - жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық
схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Алайда
аталған модель оның жоғары сапалық көрсеткiштерi бола тұра, талап етiлетiн
сапалық аспектiнi, яғни халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарын кеңiнен
қамтуды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Осыдан барып, республика
азаматтарының тiлдiк даярлығын жүзеге асырудың басқа да жолдары мен
тәсiлдерiн iске асыру қажеттiгi туындайды.
   Балалар әлеуметтiк коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен
араласу кезiнде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тiл даярлығында
мектепке дейiнгi мекемелер зор рөл атқаруға тиiс. Сондықтан олардың санын
көбейту жөнiнде мүмкiн болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап
айтқанда, қазақ тiлiнде оқытатын мектепке дейiнгi мекемелер жүйесiн
кеңейтуге назар аударған жөн.
   Тiл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы бiлiм беретiн
мектептер үлкен мүмкiндiктерге ие болып отыр. Бұл жерде маңызды
проблемалардың бiрi оқушыларды отандық оқулықтардың жаңа буынымен
қамтамасыз ету болып табылады. Бiрiншi кезекте Бұл қазақ тiлiнде оқытатын
сыныптарға қатысты. Бүгiнгi таңдағы оқулықтар өзбек, ұйғыр және басқа
тiлдердегi ұлттық мектептерге де қажет. Қазақстанның әлеуметтiк-мәдени
жағдайына бейiмделген орыс тiлiндегi оқулықтар шығаруды ұйымдастыру қажет.
   Оқу орындары түлектерiнiң мемлекеттiң әлеуметтiк кеңiстiгiне одан әрi
табысты кiрiгуi мақсатында оқыту тiлi мен меншiк нысанына қарамастан,
барлық оқу орындарында жетекшi пән болуға тиiс мемлекеттiк тiлдi оқытудың
саны мен сапасына көңiл бөлу керек. Бұған қажеттi сағат саны басқа
тiлдердiң есебiнен емес, оқу процесiн жалпы оңтайластыру нәтижесiнде
бөлiнуге тиiс.
   Мемлекеттiк тiлдiң бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру
жүйесiндегi жағдайы одан әрi де жақсартуды талап етедi. Бұл жекелеген
пәндердi оқыту сапасымен қатар, олардың санына да қатысты. Елдiң бастауыш,
орта және жоғары оқу орындары ұсынатын қазақ тiлiнде оқытылатын мамандықтар
шеңберi мүмкiндiгiнше шаруашылық, мәдени, қоғамдық және басқа да қызметтер
саласын қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтiлуге тиiс.
   Тiлдердi тиiмдi меңгеру саласындағы мүмкiндiктердi кеңейту мен тереңдету
үшiн дәстүрлi оқу орындарындағы оқытумен қатар кейбiр басқа әдiстерде керек
екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтың түрлi оқу
орындарында оқу мүмкiндiгi жоқ ересек тобына қатысты. Қазақстан
Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн
меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау
туралы Конституцияның 93-бабының талабы аталған топқа да қолданылуға тиiс.
Өз бетiмен оқып-үйренуге арналған теле- және радио хабарлар, газеттердегі
арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тiлi сабақтарын өткiзудiң түрлi
нысандары кеңiнен енгiзiлгенi дұрыс.
   Алайда, Бұл жерде басты бағыт мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытуға
арналған тегiн тiл курстарының жүйесiн ұйымдастыру мен қолдану болуға тиiс.
Мұндай курстар жұмыс орындарында арнайы нормативтiк актiге сәйкес құрылғаны
жөн. Курстарда оқудың нәтижелiлiгiне мүдделіліктi арттырудың тиiмдi
тетiктерiн әзiрлеу керек. Курстарда оқудың нәтижесi қызметкердiң негiзгi
кәсiби қызметiнiң нәтижелерiмен бiр деңгейде қаралуға тиiс. Аталған ереже
тiл туралы заңдардың талаптары қолданылатын қоғамдық қызмет салалары үшiн
мiндеттi болуға тиiс. Мұндай курстар сонымен қатар түрлi деңгейдегi
әкiмияттарда ашылып, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуы мүмкiн. Курстарды
ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржылай
қолдау Қазақстан халықтары тiлдерiн қолдау қорын құрудың нәтижесiнде жүзеге
асырылуы мүмкiн.
   Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тiлдiң қолданылуы
қоғамдық өмiрдiң барлық саласында iс жүзiнде тұрақты болып отыр және
мемлекеттiң күш-жiгерi бұл жерде осы жағдайды қолдауға бағытталуға тиiс.
   Қазақстан халықтарының тiлдерiн қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу
және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға конституциялық құқықты iске асыру
жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету қажет. Ана тiлiн үйрететiн таңдаулы
жексенбiлiк мектептер тәжiрибесiн жинақтау мен тарату мақсатқа сай келедi.
Жексенбiлiк мектептерге мүмкiндiгiнше одан әрi қолдау, соның iшiнде кiтап
және оқу-әдiстемелiк қорын құруға көмек көрсету керек. Елдiң орта арнаулы
және жоғары оқу орындарында ұлт тiлдерiн оқытатын мамандарды даярлау
жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.
Ғылыми қамтамасыз ету
   Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру әлем тiлдерiн дамыту
тәжiрибесiне сәйкес жаңа әлеуметтiк-мәдени және ғылыми болмыс аясында оның
лексикалық және семантикалық тынысының мүмкiндiктерiн кеңейтудi талап
етедi. Аталған саладағы негiзгi мiндет, терминологиялық шығармашылықты қоса
алғанда, жаңа лексикалық бiрлiктердi енгiзу процестерiн бiрыңғайлау болып
табылады. Терминологиялық жұмыстың негiзгi принциптерін тұжырымдау қажет.
Терминологиялық шығармашылық жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет
жүйесiнiң бiрыңғай принциптерiне сүйенген, орталықтандырылған ғылыми
негiзделген болуға тиiс.
Қазіргi қазақ әдеби тiлiнiң грамматикалық нормаларының бiрiздiлiгiн
сақтауды қамтамасыз ету мақсатында орфографиялық кеңес құру мүмкiндiгiн
көздеу қажет. Оның қатысуымен қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру
жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.
   Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты одан әрi дамыту талап етiледi. Бұл
мақсатта диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңестер қызметiн кезең-
кезеңiмен мемлекеттiк тiлге көшiру жұмыстарын жалғастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалған ұлттар диаспора
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
«Ана тілі» газетінде термин мәселесінің жазылуы
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Қысқартулардың қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылуы
Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы
Конституцияның құрылысы
Пәндер