Қатырма және оның түрлері


Қатырма және оның түрлері
Қағаз өндірісі - халық шаруашылығың ең үлкен саласы. Қағаз өнеркәсібінің өнімдері еліміздің материалдық базасының мәдени дамуына жылдан-жылға көп үлес қосуда. Қағаз өнімдері шаруашылықтың барлық түрлерінде қолданылады.
Қағаз кітап, журнал, газет шығарудағы негізгі материалы болып табылады. Қағаз бен қатырманың техникалық түрлері электротехникалық өндірісте конденсаторларға, қуатты сымдарды оқшаулауда, төсеніштер, электромашиналарда оқшаулау ретінде кең қолданылады.
Қатырма мен қағаз экономикалық жағынан тиімді ағашты алмастырады, оларды жәшік, сүт құтыларын жасауда қолданылады. Қатырма жәшіктерін қолдану ағаш шикізатын үнемдеуде үлкен ықпалын тигізді. Мысалға алатын болсақ, қатырма жәшіктерінің әрбір тоннасы 14м 3 ағаш шикізетін үнемдеуге мүмкіндік берді. Қатырма жәшіктерін өндірген кезде өнеркәсіптің механизациялануы 90-95%, бұл ағаш жәшіктерін дайындағанда 40-60% -ға, мұнымен қатар қатырма жәшіктері, ағаш жәшіктерімен бес есе арзан. Осы уақытта қатырма мен қағазсыз өнеркәсіптің механизациялық қаптамаларынсыз сауданы, автоматтандыруды мүмкін емес.
Қатырманың алуан түрі автомобиль мен трактор өнеркәсібінде ішкі жабын ретінде; автобустардың сыртқы қабаты, автотөсеніштер, фильтрлар, жылу оқшаулағыш ретінде қолданылады. Қағаз бен қатырманы құрылыста кровлямен (төсенішпен) гидроизоляциялық материалдар, гипсокартон жасағанда, түсқағаз жасағанда кеңінен қолданалады.
- Жалпы мағлұматтар
Қатырма массасы 1м 2 -250г-нан жоғары парақты материал, табиғи талшықтарының басым бөлігінен және олардың жоғары қабатты қосылыстарынан тұрады. Қатырманың 1м 2 массасы тек шартты ғана болады, себебі қатырманың көп түрлері массасы 250г-нан төмен өндірілмейді.
Полиграфия саласында пайдаланылатын қатырманың қалыңдығы 250-450 микрометр. Гост мемлекеттік өлшемі 210х105.
Қатырма келесі көрсеткіштерге сай болуы керек: массасы 1м 2 , қалыңдығы, тығыздығы, механикалық төзімділігі, ылғалдылығы, ылғал тартымдылығы, электро оқшаулау және т. б. қасиеттері.
Өндірістік қатырмалар бірнеше бөлінеді: таралық және қаптамалық, полиграфиялық өндіріске, жеңіл өнеркәсіпке, фильтрлық, техникалық және құрылыстық. Қатырманың әрбір түрін қолдану мақсатына қарай бөлінеді. Қатырманы халық шаруашылығанда ағаш, металл, былғарының алмастырғышы ретінде қолданады. Қазірге кезде қатырманың 100-ге дейін түрін шығарады.
2. Қатырманың түрлері
2. 1. Таралық және қаптауға арналған қатырманы әр түрлі бұйымдар мен материалдарды қаптайтын қораптар мен жәшіктер жасауға қолданады. Таралық және қаптау қатырмасының келесі түрлері шығарылады:
Таралық қатырма жоғары төзімділігімен және майыстыруға өте ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
Қаптама қатырмасы, қатырмасының өзіне тікелей қапталуды және майысуға жақсы қасиет көрсетеді.
Гофроқатырма - таралық қатырманың негізгі түрі. Ол тегіс қатырма мен гофро қағаздың кеуектеліп жапсырылған қабаттарынан тұрады. Қағаздың гофролануы қағаз парағының екі бумен жылытылған рифленген валдардың арасынан өткен кезде жүзеге асырылады. Осыдан кейін желім (сұйфқ әйнек, крафмал және т. б. ) тегіс қатырма мен гофро кағазды біріктіреді. Гофро қатырманың келесі типтерін шығарады: екі қабатты Д (бір қабат тегіс қатырма және гофро қатырма ), үш қабатты Т (екі қабат тегіс қабат және бір гофро), бес қабатты П (үш тегіс және екі гофро) .
Гофроқатырмаға арналған тегіс қатырма. Бес түрлі қатырма (К 0 , К 1 , К 2 , К 3 , К 4 ) түрінен жалғасады, олардың әрқайсысының құрамындағы талшықтарымен механикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Мұндай қатырманы тегіс торлы сульфатты целлюлозаның қою ұнтағы жағылған машинада жасалады. Осыған байланысты қатырманың сырт көрінісі мен тозуға қарсылығы жақсарады.
Тегіс қатырма. Екі немесе алты қабатты қатырма - негізді желімдеу арқылы жасалады, сондықтан ол берік әрі мықты болады. Әр түрлі қораптар жасалып алыс және ауыр тасымалдаулар кезінде қолданылады.
Қатырма - негізді жеті маркада жасайды (КС, КС-1, КС-2, КС-3, КСВ, КСВ-1 және КСВ-2) қалыңдығы 1, 4 мм-ден 3 мм-ге дейін. Ішкі жағынан қатырма негізді макулатурадан немесе қоңыр ағаш массасынан жасайды, ал сыртқы жағын - сульфатты целлюлозадан жасайды.
Қорап бұйымдарын жасауға арналған қатырма. Техникалық көрсеткіштерге және қолдану мақсатына қарай бес маркадан (А, В, В, Г және Д) шығарылады. Сыртқы жабын қабатын ағартылған целлюлозадан жасап, оған жазу мен суретті баспа әдісімен түсіреді. Кей кезде А маркалы қатырмаға сыртқы жабын бетіне ағартылған ағаш массасының 10-15% қосады. Бұл қатырманың беті тегіс жұмсақ болуы керек. Б, В, Т маркалы қатырманың негізгі қабатының талшықтық құрамы мөлшерленбейді. Д маркалы қатырманы 100% ақ ағаш массасынан жасайды. Бұл қатырма сақтау кезінде үгілмей және қатырма бұйымдарын жасаған кезде желімі ашылмау керек.
Хром-эрзац екі немесе үш қабатты қатырма. Жоғарғы жабын қабаты ағартылған целлюлозасынан, ал массасы 1м 2 225-500г толықтаушы компоненттерден жасалады. Негізінен кәмпит, темекі қораптарын жасауда қолданады.
2. 2. Полиграфиялық өндіріске айналған қатырма.
Мұқабалық қатырма. Кітап мұқабалары мен ақ қағаз өнімдерін жасайды. Төрт маркада шығарылады (А, Б, В және Г) . А, Б және Г қаптамаларынан кітап мұқабаларының сыртынан қағаз немесе матамен желімдеген кезде қолданады. В - тығызқатырмалы мұқабалауға қолданылады. А қатырмасын 100% қоңыр ағаш массасын, қағаз макулатурасымен ауыстыруға болады. Б қатырмасының композициясына орташа қабат 35-25% қоңыр ағаш массасынан аспайды, жартылай целлюлоза мен молукатура 15% кем емес.
Стереотиптік матрицаға арналған қатырма. Екі маркада шығарылады (КМ-1 және КМ-2) беріктігі жоғары талшықты полуфабрикаттар сульфитті ағартылған целлюлоза, сульфатт предгидлозді кордалық целлюлоза, сабанның ағартылған целлюлозасы, маталы мақта қағазды жартылай масса. Массаның құрамына 25-30% каолин және 10-15% тальк кіреді. Қатырманың термотұрақтылығын арттыру үшін, дайын қатырманы каолин, тальк, казейн желімімен жасалған қабатпен жабады. Бетін қаптағаннан кейін кландрлейді. Матрицалық қатырма өзінің жоғарғы беріктігімен және жоғары термотұрақтылығымен ерекшеленеді.
Прессшпан - жоғарғы дәрежелі престелген жылтыратылған, механикалық берік қатырма. Екі маркасы шығарылады (А және Б) . А маркалы қатырманы 100% целлюлозадан өндіреді, Б маркасын - молекулатурадан және басқа да өндіреледі. Ең жоғарғы тығыздыққа ие (0, 9г/см 3 кем емес) .
Түсті желімдеген қатырма екі жақты боялған және желімденген қабаттардан тұрады. Қағаз өндірісінде мұқаба жасауда кеңінен қолданылады.
Фильтрлік қатырмалардың бірнеше түрлері шығарылады : тарап, сыра, купажды шырын, техникалық майлар, дизелді жанармай, ауа (кеніштер мен шахталарда шаңға қарсы респираторларда және т. б. қолданылады, шаңға қарсы қатырма әр түрлі двигательдерден жоғары дәрежеде ауаны тазалау үшін қолданыланды) . Жақсартылған сульфитті целлюлозадан жасалады, кейде синтетикалық және асбест талшықтарын қосады.
2. 3. Жеңіл өнеркісіпке арналған қатырма .
Жеңіл өнеркәсіпке арналған қатырманы аяқ киімнің ұлтарағы, төсенішін, өкшелік төсеніштерін жасағанда қолданылады, сонымен қатар чемодан, сағат циферблатын жасауға және т. б. үшін де қолданылады. Былғары және өсімдік талшықтарынан өндіріледі.
Ұлтаралық қатырмасын қолдану мақсатына қарай әр түрлі композициялық массадан жасалады: сульфатты целлюлоза қоспасы, макултура мен мақталы полуласса, былғары мен целлюлоза қоспасынан, 100% былғары талшығынан жасалады. Массаны конифель желімімен, битум эмульсиясымен немесе латекетпен желімдейді. Қатырманың қалыңдығы 1, 3мм-ден 3мм-ге дейін болады.
Жоғары тығыздығы, суда ұстағаннан кейін сапалы беріктік және ылғалдану кезінде сырылып тозуға аса шыдамды қасиеттерге ие.
Өкшелік төсенішке арналған қатырма. Былғары мен өсімдік талшықтарынан 1, 3мм-ден 2, 3мм-ге дейін қалыңдықта өндіреді. Битумды эмульсиясымен желімдейді.
Аяқ киім төсеніші қатырмасын өсімдік талшықтарынан немесе өсімдік пен былғары талшықтарының қоспасынан өндіріледі, жұмсақтық пен беріктігі өте жоғары.
2. 4. Техникалық қатырмалар.
Төсеніш қатырмасын қалыңдату төсіштерін жасау, фланцтық қосылыстарды және де автомобиль двигателінің төсеніші ретінде де қолданылады. Екі маркада шығарады: А - сіңдірілген және Б - сіңдірілмеген, қалыңдығы 2, 2-2, 5мм. Сіңдірілмеген қатырманы сульфатт целлюлозаға 20% мата полумассасын қосып өндіреді, сосын суаммиякты казеин ерітіндісімен желімдейді. Еш кедергісіз майысуды қамтамасыз ету үшін сулы глицерин ерітіндісіне салып сіңіреді немесе басқа дапластика беретін сұйықтармен өңдейді.
Су өткізбейтін қатырма машинаның ішкі қаптамаларының жеке детальдарын және ішкі қабатын жабуға қолданады. Қалыңдығы 1, 25-4мм целлюлоза, ағаш массасы және макулатура қоспаларынан өндіріледі; дайын қатырманы битумды эмульсиямен желімдейді. Су өткізбейтін қатырма өзінің саланы су өткізбеуімен, тығыздығымен, термопластикалық және төмен сызықты деформациясымен ерекшеленеді.
Термоқшаулау қатырмасын автомобиль мен тракторларда Т-1 және Т-2 маркалары қатырмаларан термоқшаулау материалы қолданады. Т-1 қатырмасын тұтынушы тапсырысы бойынша тропикалық етіп жасап өндіреді.
Жаккардты қатырма перфарациялық қатырмалар өндіріледі (мата жасау машинасын басқаруға қолданады, кілем мен қаптама маталарын өндірісінде қолданады) . Қалыңдығы 0, 6-1, 2 мм сульфитті целлюлозаға ағаш массасымен макулатура қосумен өндіріледі. Жоғарғы сапалы беріктікпен тығыздыққа ие болады.
Электроқшаулау қатырмасын трансформаторлардың, генераторлардың, , электроприборлардың және машиналар мен аппараттардың тоқ өткізу бөлшектерін оқшаулау үшін қолданады. Мынандай маркаларды өндіреді: ЭВС автомобильдің стратерлерінің басқа да бөлшектерін оқшаулау үшін, ЭВП - пленкаэлектроқатырма өндірісінде, ЭВТ - электр машиналары мен аппараттардың бөлшектерін оқшаулау, ЭВ - ортақ электроқшаулау, электроқұрылғылар мен электроаппараттарын оқшаулау кезінде қолданады.
Сульфатты целлюлозаға мата полумассасын қосып, қалыңдығы 0, 1-3мм болып өндіріледі. Тығыздығы 0, 9-1, 25г/см 3 .
Электроқшаулау қатырмалары сапалы электр беріктігі, механикалық көрсеткіштер, толық және аздаған диаэлектрлік кемістігі бар қасиеттерімен ерекшеленеді.
Асбестті қатырманы оттан оқшаулау материалы ретінде қолданады, және де аппараттардың қосылыстарын жақсартып, комуникацияларда пайдаланады. Қалыңдығы 2-8мм етіп асбесттен өндіреді, кейбір жағдайларда байланыстырутан қоспалар қосады (крахмал, лотекс, битум), бұл қоспалар биіктігі мен қолдану мақсатына қарай қасиеттерін арттыруға қолданады (су өткізбеулігі, эластикалылығы) .
2. 5. Құрылыс қатырмалары
Құрылыста және құрылыс материалдарын өндіргенде пайдаланады.
Жабынды қатырма толь, руберойд және т. б. өнндірісінде қолданады. Төменгі сұрыпты мата, макулатура ағаш массасы, полуеллюлоза мақта өндірісінің қалдықтарынан өндіріледі. Таскөмір балауызы мен битумдардың балқытылған балқымаларын тез сіңіріп алу қасиетіне.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz