Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Демографиялық процестердің негізгі түсініктері мен заңдылықтары ... 13
1.2 Қазақстандағы демографиялық эвалюцияның даму кезеңдері ... ... ... ... .42
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
2.1 Қазақстан халқының даму тенденциялары және ерекшелігі ... ... ... ... ... 55
2.2. Миграциялық процесстердің демографиялық жағдайға әсері ... ... ... ... ..72
2.3 Қазақстандағы демографиялық процесстердің дамудығы болжамдары...90
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ... ... ... ... ... ... ...108

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы ұақытқа деиін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Соның нәтижесінде тарихшылар, қоғамтанушылар тарихи үрдістерге жаңа көзқарас тұрғысынан қарап, көптеген ғылыми туындыларды дүниеге әкелді.Әсіресе, де қазіргі кезде елімізде қалыптасып отырған әлеуметтік- демографиялық ахуалдың астарын терең түсіну үшін оның өткен тарихи кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттеуге ғалымдардың ден қойып, тарихи-демографияның кеңестік дәуірде қатты иделогиялық тегеурінде болуы себепті қордаланып қалған «ақтаңдақ» беттерін ашуда бірқатар табыстарға қол жеткізгенін ерекше атап көрсетуге болады. Осылайша, әлеуметтік-демографиялық мәселелер төңірегінде, оның әр түрлі қырлары жайында жазылған еңбектердің қатары толыға түсті.
Ғылыми ойдың даму тарихында танылған ақиқаттармен ашылған жаңалықтарды мезгіл-мезгіл талдап, жинақтап, жүйелеп отыру қоғамдық ілгерлеудің басты алғышарттардың бірі болып табылады. Мұндай іс ғылымның қауырт жаңғырып, жаңа биікке көтерілер шағында өте қажет. Сондықтан отандық ғылымда әлеуметтік-демографиялық мәселелердің зерттелу деңгейін саралап, талдауды қолға алғанымыз абзал.Бұл міндетті: атқаратын зерттеу жұмысы ғылым салаларына, соның ішінде демографияның да онан әрі дамуына тың серпін береді. Тарихнама ғылымтанушылық рөл атқара отырып, нақтылы зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды жақтарын аңғаруға өз септігін тигізеді.
Алайда, әлеуметтік-демографиялық мәселелерді көтерген еңбектер бір жүйеге келтіріліп, сараланбаған, яғни Қазақстанда ХХ ғасырда жүрген әлеуметтік-демографиялық процестер жайлы арнайы жазылған іргелі тарихнамалық зерттеулер жоқтың қасы. Мұндай тарихнамалық еңбектер жарық көрмей әлеуметтік-демографиялық мәселелердің ауқымын дөп басып көрсету мүмкін емес. Бұл біз қарастырып отырған Қазақстандағы демографиялық жағдайдың ерекшелігін анықтаудың өзекті мәселеге арналғанын аңғарса керек.
Өткен кеңестік дәуірде тарих ғылымында бірқатар еңбектер жарияланғанымен мәселелерге таптық, партиялық тұрғыда қарау, маркстік-лениндік методология негізінде баға беру, қайғылы да қасыретті оқиғалардан айналып өту тәрізді зерттеу тәсілдері орын алды. Сол себепті, шынайы тарихи принциптер ауқымында ғылыми еңбектерге сыни талдау жасалған туындыларды жариялау кеңестік дәуірде мүмкін болмады. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демогратиялық мемлекет құруды мақсат етіп отырған Қазақстан Республикасында осы олқылықтардың орнын толтыруға жағдай жасалуда.Елімізде халықтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан сәтте өткен дәуірлерде, кеңестік кезеңде және бүгінгі таңда жарияланған еңбектерге сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Қазақстан халқының өткен ХХ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселелерінің тарихнамасын жасап, ғылыми-көпшілік қауымға ұсынудың маңызы зор. Осындай зерттеу еліміздің халқының ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселелері қаншалықты дәрежеде зерттелінбек және оның қандай қырларына әліде болса баса көңіл бөліну керектігін көрсетіп береді.

1. Амантаев Б.А. Соцализм и коренное преобразование социальной природы казахского хрестянства.
2. Аженов М.С. изменение социально-классовой структуры Казахстан в процесса коммунистического стройтельства. с.30-32
3. Аженов М.С. На пути к социальной однородности общества с. 19,58
4. Асылбеков М.Х. Еалиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). Алматы, Ғылым. 1991 с.92
5. История рабочего класса советского Казахстана (1938-1960гг.) В 3-х томах. Том 2 Алма-ата, наука 1988. 464стр
6. Асылбеков М.Х. Рабочий класс Казахстана в 60-х начале 80-х годов // история СССР 1986 т.1. с. 22-23
7. Кожакеева Л.Т. Изменения социально-демографической структуре населения Казахстана накануне и в годы Великой Отечественной войны (1939-1945 гг.) с. 19-21; Абланов Э.А. Қазақтар динамикасы А., 1999, 24-26 б, Құдайбергенов А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер (1939-1959 жылдар) а 200 19-23б
8. Тәтімов М.Б. Жас мемлекет- Қазақстан Республикасының жәнеөзіндік демографиялық саясатын қалыптастыру мәселелері. А., КазҮУ 1994 104 б Тәтімов М., Акшалова М. Қазақстанның демографиялық саясатының қалыптасуы А., Қаз Мемагру, 1997 110 б. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз демографияда А., 1999 264 б
9. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз демографияда А., 1999 98-99б.
10. Есілбаев А.Қазақ көбеймей көсегіміз көгермейді. // Қазақстан әйелдері 2001 д.. № 5 2-3 б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институты
Философия және әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдар кафедрасы
Диплом жұмысы
Қазақстандағы демографиялық процестер
Орындаушы:
Әлеуметтану мамандығының
4 курс студенті
А.Д. Беласарова
Ғылыми жетекші:
Философия ғ.к. доцент
Қ.Н. Ашекеева
______ _________ 2008
Қорғауға жіберілді.
Философия және әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
менгерушісі философия ғ.к. доцент
Н.К. Сейтахметов
______ _________ 2008
Алматы 2008
Қазақстандағы демографиялық процестер
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Демографиялық процестердің негізгі түсініктері мен заңдылықтары ... 13
1.2 Қазақстандағы демографиялық эвалюцияның даму
кезеңдері ... ... ... ... .42
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
2.1 Қазақстан халқының даму тенденциялары және
ерекшелігі ... ... ... ... ... 55
2.2. Миграциялық процесстердің демографиялық жағдайға
әсері ... ... ... ... ..72
2.3 Қазақстандағы демографиялық процесстердің дамудығы болжамдары...90
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...100
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ... ... ... ... ... ... ... 108
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлем қауымдастығы
қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы
бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем
жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы ұақытқа деиін бұрмаланып,
ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой
елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Соның
нәтижесінде тарихшылар, қоғамтанушылар тарихи үрдістерге жаңа көзқарас
тұрғысынан қарап, көптеген ғылыми туындыларды дүниеге әкелді.Әсіресе, де
қазіргі кезде елімізде қалыптасып отырған әлеуметтік- демографиялық
ахуалдың астарын терең түсіну үшін оның өткен тарихи кезеңдердегі
ерекшеліктерін зерттеуге ғалымдардың ден қойып, тарихи-демографияның
кеңестік дәуірде қатты иделогиялық тегеурінде болуы себепті қордаланып
қалған ақтаңдақ беттерін ашуда бірқатар табыстарға қол жеткізгенін ерекше
атап көрсетуге болады. Осылайша, әлеуметтік-демографиялық мәселелер
төңірегінде, оның әр түрлі қырлары жайында жазылған еңбектердің қатары
толыға түсті.
Ғылыми ойдың даму тарихында танылған ақиқаттармен ашылған
жаңалықтарды мезгіл-мезгіл талдап, жинақтап, жүйелеп отыру қоғамдық
ілгерлеудің басты алғышарттардың бірі болып табылады. Мұндай іс ғылымның
қауырт жаңғырып, жаңа биікке көтерілер шағында өте қажет. Сондықтан отандық
ғылымда әлеуметтік-демографиялық мәселелердің зерттелу деңгейін саралап,
талдауды қолға алғанымыз абзал.Бұл міндетті: атқаратын зерттеу жұмысы
ғылым салаларына, соның ішінде демографияның да онан әрі дамуына тың
серпін береді. Тарихнама ғылымтанушылық рөл атқара отырып, нақтылы
зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды
жақтарын аңғаруға өз септігін тигізеді.
Алайда, әлеуметтік-демографиялық мәселелерді көтерген еңбектер бір
жүйеге келтіріліп, сараланбаған, яғни Қазақстанда ХХ ғасырда жүрген
әлеуметтік-демографиялық процестер жайлы арнайы жазылған іргелі
тарихнамалық зерттеулер жоқтың қасы. Мұндай тарихнамалық еңбектер жарық
көрмей әлеуметтік-демографиялық мәселелердің ауқымын дөп басып көрсету
мүмкін емес. Бұл біз қарастырып отырған Қазақстандағы демографиялық
жағдайдың ерекшелігін анықтаудың өзекті мәселеге арналғанын аңғарса керек.
Өткен кеңестік дәуірде тарих ғылымында бірқатар еңбектер
жарияланғанымен мәселелерге таптық, партиялық тұрғыда қарау, маркстік-
лениндік методология негізінде баға беру, қайғылы да қасыретті оқиғалардан
айналып өту тәрізді зерттеу тәсілдері орын алды. Сол себепті, шынайы
тарихи принциптер ауқымында ғылыми еңбектерге сыни талдау жасалған
туындыларды жариялау кеңестік дәуірде мүмкін болмады. Қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демогратиялық мемлекет құруды мақсат
етіп отырған Қазақстан Республикасында осы олқылықтардың орнын толтыруға
жағдай жасалуда.Елімізде халықтың тарихи санасын қалыптастыруға
бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан сәтте өткен дәуірлерде,
кеңестік кезеңде және бүгінгі таңда жарияланған еңбектерге сын көзбен
қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Қазақстан
халқының өткен ХХ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселелерінің
тарихнамасын жасап, ғылыми-көпшілік қауымға ұсынудың маңызы зор. Осындай
зерттеу еліміздің халқының ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму
мәселелері қаншалықты дәрежеде зерттелінбек және оның қандай қырларына
әліде болса баса көңіл бөліну керектігін көрсетіп береді.
ХХ ғасыр бойы басқа елдерге қарағанда Қазақстанға орыс ұлт
өкілдерінің көптеп келуі байқалса, қазіргі кезеңде Ресейге кері көші-қон
үлесінің өсуі көзге түсіп тұр. Бұл процестің себептерін Қазақстандағы
экономикалық, жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи отанына
оралуының заңдылығынан және т.б. объективті жағдайлардан іздеу орнына,
субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгіну де кездеседі.
Мұндай келеңсіз пікірлердің бетпердесін ашып көрсетуде әлеуметтік-
демографиялық мәселелерді талдаудың елеулі рөл атқарары сөзсіз.Сондай-ақ,
Қазақстан халқының ХХ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму
мәселелерін зерттеу тарихи танымның кеңеие түсуіне жол ашады.
Мәселенің зерттелу деңгейі.Қарастырылып отырған тақырып бойынша
арнайы зерттеу жұмысы жүргізілмеген. Дегенмен, оның кейбір тұстары
Қазақстан тарихы мен оның тарихнамасына арналған тарихи демографияның
мәселелерін қарастырған еңбектерде біршама көрініс тапқан.
Зерттеулерде ХХ ғасырдағы Қазақстан халқының демографиялық даму
ерекшеліктеріне емес, оның әлеуметтік мәселелеріне көбірек көңіл бөлінген.
Мұның себебін, Қазақстанның тарихи-демографиясына кеңестік дәуірде
ғалымдардың баса назар аудара қоймауымен де байланыстыруға болады. Осыған
орай, Н.Е.Бекмаханова 1972 жылы Вопросы истории журналында жазған
мақаласында: Қазақстанның тарихи-демографиясы жеткілікті дәрежеде
зерттелмеуде. Өлке тұрғындарының санын, орналасуын, ұлттық құрамын санақ
мәліметтері бойынша зерттеп, аймақтардың шаруашылығындағы ерекшеліктерді
ашып көрсетудің қажеттілігі айқын сезілуде,- деп көрсеткен еді 1.
Бұл Қазақстанда ғана кеңестік дәуірде тарихи-демографиялық зерттеулер
жүргізу артта қалған еді деген пікір тудырмаса керек. Жалпы, мұндай
жағдайдың барлық одақтас республикалардағы тарих ғылымына тән құбылыс
болғанын сол тарихи кезеңде-ақ тарихшы В.К.Яцунский де атап көрсеткен
болатын 2.
Қазақстан халқының демографиялық даму мәселесінің зерттелу деңгейіне
арналған алғашқы еңбектердің қатарына Н.Е.Бекмаханова мен Д.И.Дулатованың
мақаласын 3 жатқызуға болады. Бірақ бұл мақала ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы Қазақстан тұрғындарының демографиялық жағдайының революцияға
дейінгі тарихнамасына арналған.
Қазақстандық зерттеулердің қатары 1960-1970 жылдары В.Ф.Шахматов,
Г.Ф.Дахшлейгер, П.Г.Галузо, А.Н.Нүсіпбеков, Б.Сүлейменов секілді
ғалымдардың іргелі еңбектерімен және мақалаларымен толыға түскен еді 4.
Осы тарихнамалық еңбектерде Қазақстан халқының ХХ ғасырдағы әлеуметтік-
демографиялық даму мәселелерінің зерттелу деңгейі арнайы қарастырылмаса да,
оған қатысты бірқатар еңбектерге талдау жасалынып, пікірлер білдірілді.
Кеңестік дәуірдегі жұмысшы табының тарихына, ұжымдастыру, шаруалар
мәселесіне және қалалардың өткен дәуірлердегі дамуына арналған тарихнамалық
зерттеулерде де әлеуметтік-демографиялық процестердің ғылыми әдебиеттерде
көрініс табуына шамалы болса да тоқталынып өтілді 5. Бұл еңбектердің
авторлары кеңестік кезде орныққан саяси ұстанымдарды, теориялық қағидаларды
басшылыққа алғандықтан әлеуметтік-демографиялық мәселелердің зерттелуінде
пікірталас тудыратын тұстарына маркстік-лениндік методология тұрғысынан
баға берумен шектелді. Осындай мазмұнда жазылған М.П.Вяткиннің еңбегінде
6 де ХХ ғасыр басындағы К.К.Пален, А.А.Кауфман, П.П.Румянцев,
В.А.Васильев секілді т.б. орыс зерттеушілерінің еңбектерінде әлеуметтік
–демографиялық мәселелердің көрініс табуын кеңестік тарих ғылымының
жетістігі тұрғысынан саралап, ғылыми талдаған. Жоғарыда есімдері аталған
орыс зерттеушілерімен бірге Т.С.Седельниковтің, Н.Коншиннің, Л.Чермактың
еңбектерінде ХХ ғасыр басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымындағы
ерекшеліктердің зерттелу деңгейіне Д.Қ.Қабдиев арнайы көңіл бөліп, оған
қатысты өзінің пікірлерін білдірген 7.
Д.И.Дулатованның еңбектерінде 8 революцияға дейінгі Қазақстан
тарихының маңызды мәселелерінің, соның ішінде өлке экономикасындағы
өзгерістердің, өнеркәсіп орындарының пайда болуының, патша өкіметінің қоныс
аудару саясатының, халықтың әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктердің
зерттелу процесі көрсетілген. Д.И.Дулатова Қазақстанның Ресейге қосылуының
әлеуметтік-экономикалық зардаптарын бұрмалаған орыс буржуазиялық
тарихнамасы өкілдерінің ұстаған позицияларын да әшкерелеген.
Демографиялық зерттеулер жүргізудің дамуына арналған алғашқы еңбектер
1980 жылдан бастап шыға бастады. Осы мәселеге байланысты жазылған
Р.Н.Пулаттың мақаласында 9 КСРО халықтарының өсу динамикасын, жастық-
жыныстық және әлеуметтік құрылымынан мол мәлімет беретін түрлі архивтік
құжаттардың негізінде тарихи демографиялық еңбектерді жарыққа шығаруда
М.В.Кабузан, Я.Е.Володарский, Н.Е.Бекмаханова секілді ғалымдардың атқарған
жұмысына жоғары баға беріліп, мұндай бағыттағы еңбектердің әлеуметтік-
экономикалық тарихтың астарын терең түсінуге жол ашатындығы жайлы тұжырым
жасалған
Ал Ә.Б. Ғалиев Қазақстанда тарихи-демографиялық зерттеулер жүргізудің
дамуына байланысты жазған мақаласында , ХХ ғасырдағы Қазақстан халқының
әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселелерінің тарихнамасына да тоқталып,
бұл салада Н.Е.Бекмаханова мен Н.В. Алексеенко секілді ғалымдардың
революцияға дейінгі көптеген статистикалық материалдарды ғылыми айналымға
енгізгеніне жоғары баға береді. Сонымен бірге, ол көші-қондық процестерді
зерттегенде демографиялық жіктеулерге сәйкес көші-қонның ішкі және сыртқы
болып бөлінетініне, формасына қарай ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған және
зорлықты көші-қон болып ажыратылғандығына және т.б. мәселелеріне көңіл
аудармайтындығын да атап өтеді. Ә.Б.Ғалиев өзінің осы мақаласында 1930
жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық мәселелерінің аз
зерттеліп, оған жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келуде деп тап көрсеткен
болатын.
Ю.А.Поляков, В.З.Дробжиев және Д.К. Шелестовтың мақаласында
кеңестік демографияның жетістіктері көрсетіліп, оның зерттелмей жатқан
мәселелері хақында30-жылдардағы еліміздің тарихында маңызды орын алатын
индустрияландыру мен ұжымдастырудың демографиялық ахуалға әсері, одан
туындаған көші-қондық процестер мен урбанизация, халықтың өсу
динамикасындағы өзгерістердің зерттелуі нашар күйде. Ал Ұлы Отан соғысының
демографиялық зардаптары әлі күнге толық зерттеле қойған жоқ,-делінген.
Тарих демографияда осындай зерттелмей жатқан мәселелердің қатарына
В.З. Дробжиев кеңес өкіметінің демографиялық саясатын да жатқызып, осы
мәселені зерттеу нәтижесінде ғана кеңестік дәуірдегі халықтардың
демографиялық даму ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік аламыз деген
орынды пікір айтады.
1980 жылдары жарық көрген Н.В.Алексеенко мен Н.Е.Бекмаханованың
еңбектерінде 1917 жылға дейінгі әлеуметтік-демографиялық процестерге жеке
тарау арналған. Авторлар революцияға дейінгі және кеңестік дәүірдегі
зерттеушілердің еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан талдай келе ХХ ғасыр
басындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай жеткілікті дәрежеде
зерттелмеген деген қорытындыға келген. Осы екі ғалымның еңбегінде ерекше
көзге түсетін бір жайт- ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, яғни сол
тарихи кезеңдегі әлеуметтік-демографиялық процестер жайлы мол мәлімет
беретін Ә.Бөкейханов, М. Тынышпаев, Т. Шонанұлы, М.Есболұлы, С.Асфендияров
секілді қайраткерлер еңбектерінің көзге ілінбеуі. Олардың еңбегі жайлы
кеңестік идеологияға сай теріс пікір де білдірмеген.Негізінен кеңестік
дәуірде әлеуметтік-демографиялық зерттеулер жүргізуде маркстік-лениндік
ілімнің дұрыстығын негіздеу және буржуазиялық демографиялық
концепцияның сөзсіз дағдарысқа ұшырайтындығын дәлелдеу бірінші кезекке
қойылады. Осыған орай, кеңестік ғалымдар шетелдік зерттеушілердің Кеңестер
Одағындағы әлеуметтік-демографиялық ахуалдың келеңсіз құбылыстары жайлы
жазған еңбектерін сынауға, олардың пікірлерін шындықты бұрмалаушылық деп
бағалап, теріске шығаруға баса назар аударды.Мәселен, өзбекстандық
зерттеуші А.Аминов өзінің еңбегіндегі Демографиялық процестер және оның
бужуазиялық бағам деген бөлімінде: Буржуазиялық авторлар кеңестік
отаршылдықтың өмір сүріп тұрғандығын дәлелдеуде Орта Азия мен Қазақстанның
ұлттық құрамында европалықтардың, бірінші кезекте орыс тұрғындарының үлес
салмағының артуын Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің тарапынан әдейі
ұйымдастырылған орталық саясат деп есептейді.
Олардың пайымдауынша, орыс тұрғындары есебінен жергілікті халық
біртіндеп ығыстырылып, Одақтың орталық аудандарына шикізат тасмалдаушы
деңгейіндегі қызмет көрсетушілерге айналады,-деп жазып, шетелдік
зерттеушілердің мұндай тұжырымдамаларының ешқандай сын көтермейтіндігін
айтып, олардың мақсаты Кеңестер Одағындағы халықтар достығын бұзу деп
бағалайды.
Осылайша, кеңестік тарихнамада әлеуметтік-демографиялық процестерде
орын алған келеңсіздіктерді бұрмалап, шетелдік ғалымдардың бұл жайлы
айтқандарын маркстік методология тұрғысынан сынауға арналған бір қатар
еңбектер жарық көрді. Шетелдік ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдарымен
санаспай кеңестік тарих ғылымының өзімен-өзі болуы, дүниежүзілік тарих
ғылымынан бөлек томаға-тұйық жағдайда дамуы онда мешеу методология мен
зерттеу әдістерінің, тарихи шындықтан алшақ концепциялар мен тұжырымдардың
орнығуына соқтырды.Бұл жайлы белгілі ғалым, академик М.Қ.Қозыбаев КСРО-ның
күйреуі қарсаңында, 1991 жылы жазған мақаласында былай деген болатын:
Халықтың өсуінің социалистік заңдылығының негізгі тезисі еңбекке жарамды
адамдардың толық, әрі ұтымды жұмыспен қамтамасыз етілетіні, яғни социализм
кезінде ешқандай жұмыссыздықтың болмайтыны хақында болғаны
белгілі.Демографияға формациялық даму жайлы маркстік социологиялық
концепция механикалық түрде көшіріліп, ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтардан таптық мүдде жоғары қойылды.Бұлардың бәрі КСРО-да демография
ғылымын өзгеріске ұшыратып, біздің шетелдік әріптестердің кеңестік ғалымдар
еңбегіне деген ғылыми қызығушылығын жоғалтуға алып келді. Сондықтан
идеологиялық стеротиптерден бас тартып, демографтардың әлемдік
қауымдастығына кіру кеңестік ғалымдардың басты міндеті болуы керек.
Сондай-ақ, М.Қ.Қозыбаев осы мақаласында Н.В.Алексеенко,
Н.Е.Бекмаханова, Ә.Б.Ғалиев, Ф.Н.Базанова, М.Тәтімов секілді ғалымдардың

мәселелерін зерттеуде қосып келе жатқан үлестеріне жоғары баға беріп,
ғалымдар назарын тарихи-дамография саласында әлі тереңдете зерттелуі
тиісті ақтаңдақ беттерге бұру қажеттігін атап көрсетеді.Ол мұндай
ақтаңдақ беттердің қатарына мыналарды жатқызады: ғасыр басындағы және
жаңа экономикалық саясат тұрғысындағы нарықтық қатынастардың
демографиялық ахуалға әсері; 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің, 1921-
1922 жылдардағы және 1928-1934 жылдардағы ашаршылықтың зардаптары;
миграциялық процестердің Қазақстан тарихының ұлттық құрамына тигізген
ықпалы; Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан халқы адамдарының шығыны; Қазақстан
халқының әлеуметтік құрлымындағы өзгерістер.
Кеңес заманында қатты идеологиялық тегеурінде болған тарихи демография
саласына қарқынды бетбұрыс әкелген М.Х.Асылбеков пен Ә.Б.Ғалиевтің 1991
жылы жарық көрген еңбегінде 18Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық
процестердің зерттелу деңгейіне арнайы көңіл бөлініп, бұл мәселеге жаңа
көзқарас тұрғысынан тарихнамалық шолу жасалынған. Ғалымдар Әлеуметтік-
демографиялық зерттеулер жүргізудің кеңестік дәуірдегі саяси
науқаншылдықпен тығыз байланыста болғанына, яғни ғылыми әдебиеттерде өз
заманында қалыптасқан идеологияға қызмет ету үрдісі болғанына назар
аударып, зерттеу жұмыстарындағы ерекшеліктерді ажыратып көрсетеді. Авторлар
тарихи-демографиялық зерттеулер жүргізушілердің 1980 жылдардың соңына
қарай саяси жағдайдың оңды өзгерістерге қарамастан ескі стеротиптерден қол
үзбей отырғандығын және тарихшылардың әлеуметтік-демографиялық
процестерді ашып көрсетуде халықтың саны жайлы:статистикалық материялдар
мен архивтік құжаттарды пайдаланбай жатқандығын айтып, қазіргі кездегі көші-
қондық процестердің әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнін қайта ой
елегінен өткізуді ұсынады.
Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің тарихнамасына
М.Х.Асылбеков пен А.Ш.Алтаевтың мақаласында\19\ шолу жасалынған. Онда
авторлар:Әдебиеттерге қысқаша шолу қазақстандық тарихи-демографиялық ғылым
соңғы 20 жыл ішінде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалының бірқатар
мәселелерін зерттегенін көрсетеді. Дегенмен,тарихи-демографиялық
зерттеулер деңгейі бұл саладағы өзекті мәселелердің ауқымын қамти
алмайтындығын өкінішпен айтуға тура келеді. Республикамызда жүріп жатқан
күрделі, әрі қарама-қайшылықғы әлеуметтік- экономикалық және демографиялық
процестер бізден тарихи :тәжірибені тереңірек, жан-жақты, ен бастысы дұрыс
түсінуді талап етуде. Осыған орай, әлеуметтік-экономикалық және
демографиялық сипаттамалардың үлес салмағын теңестірудің тиімді жолдарын
қарастыру, зерттеулердің ғылми-практиалық нәтижесі бірінші кезекке, қойылуы
керек. Бұл республикамыздың терең әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа
ұласқан нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты әлеуметтік практиканың
күрделене түсуінен, тіптен жаңа мәселелердің шығуына туындап отыр ...
Мұндай жағдайда демографтар шұғыл түрде практикалық сұраныстарға сай, аса
зәру мәселелерді зерттеуге көшулері керек,-деген тұжырым жасаған.
Қарастырылып отырған тақырыптың тарихнамасына шолу жасау М.Х Асылбеков
пен В.В Козинаның қазіргі Қазақстандағы демографиялық процестерге және
қазақ халқының 1980-1990 жылдағы демографиялық жағдайына арналған
еңбектерінде \20\ де көрініс тапқан. В.В.Козинаның сонғы жылдары жарық
көрген Орталық Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық мәселелер
қарастырған еңбектерінде \21\ ХХ ғасырдағы зерттеушілердің еңбектеріне
шолу жасалып, олардың ұстаған методологиясы мен зерттеу әдістері талданады.
Мұндай қысқа мазмұндағы тарихнамалық шолу М.Н. Сыздықовтың 1897-1989
жылдардағы Батыс Қазақыстан халқының және Н.З. Тәкіжбаеваның ХХ ғасырдың
екінші жартысындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық
мәселелеріне арналған еңбктеріне \22\ де тән.
ХХ ғасырдағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық даму
мәселелерінің тарихнамасы соңғы жылдары тарихи демография бойынша
қорғалған докторлық және кандидаттық диссертацияларды біршама
қарастырылғанында осы жерде айта кеткен жөн. Ф.Н. Базанованың Қазақстан
тұрғындарының ұлттық құрамының қалыптасуы мен дамуын, И.Д. Никифоровтың
1917-1939 жылдардағы Қазақстанның қала халқын, С.Н. Алексеенконың
Қазақстан ауыл тұрғындарын, А.М. Мамырханованың 1897-1926 жылдардағы
санақтар аралығындағы қазақ халқының әлеуметтік-демографиялық ахуалын,
Л.Т. Қожакееваның Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен жылдарындағы Қазақстан
халқының әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы өзгерістерді,
С.Айымбетовтың 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының
этнодемографиялық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістерді,
Б.С.Малыбаеваның Орталық Қазақстандағы орыс халқының 1926-1939 жылдардағы
көші-қон процесіндегі ерекшеліктерді, А.И. Құдайбергенованың 1939-1959
жылдар аралығындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы
өзгерістерді, А.Э.Абланованың 1959-1970 жылдардағы қазақ халқының
әлеуметтік-демографиялық даму мәселелерін зерттеуге арналған диссертациялық
жұмыстарында\23\ мәселенің тарихнамасына шолу жасалған.
М.Қ. Қозыбаевтың Д.И. Дулатовамен бірлесіп жазған Қазақстан
тарихнамасы (ХҮІІІ-ХХ ғғ.) деген мақаласында әлеуметтік-экономикалық және
демографиялық өзгерістердің ғылыми әдебиеттерде талдануына назар
аударылған. Авторлар:1980-жылдары Н.Бекмаханова мен Н.Алексеенко
тарапынан алғашқы демографиялық мазмұндағы еңбектер жарияланды. Бұл
еңбектер және А.Асылбеков пен Ә.Ғалиевтың зерттеулері, Ж.Қасымбаевтың,
И:Орлянскийдің, Г:Кронгарттың мақалалары әлеуметтік демографиялық
проблемаларды, статистикалық мәліметтерді ғылыми айналымға тарта отырып
жаңа ғылыми көзқарас тұрғысынан зерттеуге негіз қалады,- деген пікір
білдіріп, М.Сыдықовтың 1995 жылы жарияланған Батыс Қазақстан тұрғындары
(1897-1989 жж.)атты еңбегіне жоғары баға берді \27\.
Қазіргі кезде еліміздің тарихшы-ғылымдары шетелдік тарих ғылымының
жетістіктерін ғылыми айналымға қосу мақсатында Қазақстан тарихының шетелдік
тарихнамасына жаңа көзқарас тұрғысынан қарап, оған объективті баға беруде
біршама табыстарға қол жеткізіп отыр.Қазақстан тарихының шетелдік ғылымдар
еңбегіне көрініс табуын тарихнамалық тұрғыда талдаған ғалымдар арасынан
К.Л. Есмағанбетовті ерекше атап көрсетуге болады.К.Л.Есмағанбетовтың
еңбектерінде және диссертациялық жұмысында \28\ ХХ ғасырдағы Қазақстан
халқының әлеуметтік-демографиялық мәселелеріне көңіл бөлген Дж. Демко, Р.
Конквест, Дж. Уиллер секілді т.б. батыс зерттеушілерінің еңбектеріне
тарихнамалық бағалар беріліп, олардың әлеуметтік-демографиялық процестердің
келеңсіз беттерін ашып көрсетудегі рөлін айқындаған.
Автор, бұл мәселелер тұралы Англяда, АҚШ-та, т.б. елдерде жазылған
бірқатар монографиялар мен ғылыми мақалаларды көпе-көрнеу көзге ілмеген
кеңестік тарих ғылымын да сынға алады.
Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрлымындағы
өзгерістердің батыс зертеушілері еңбегінде көрініс табуын Б.М. Сужиковта өз
зерттеуінде \29\ қарастырған. Б.М.Сужиков өз еңбегінде У.Хальбах,
Т.Раковска-Харнстоун, К.Карпат, В.Макклиллэн секілді зерттеушілердің
Қазақстан тұрғындарын жергілікті және орыс халқы өкілдері деп бөліп қарап,
ұлт аралық арасалмаққа саяси мән беретіндіктерін ашып көрсеткен.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Зерттеу жұмысының басты мақсаты-
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселелері мен
демографиялық процесстердің ерекшелігін терең және кешенді түрде зерттеу.
Соған орай, зерттеу жұмысын алдына мынандай міндеттер қойылады:
- халық саны динамикасы мен табиғи өсім мәселелерінің зерттеу
деңгейін қарастыру:
-көші-қондық процестердің себептері мен нәтижелерін талдау:
-әлеуметтік құрылымдағы өзгерістердің ғылыми әдебиеттерде көрініс
табуын зерделеп, талдау және оған объективті баға беріу:
-тарихи демографиялық зерттеулердің деректемелік негіздерін зерттеу
методологиясы мен тәсілдерін,ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
біліктерін қарастыру;
Тарихнамалық талдау барысында әлеуметтік-демографиялық мәселелердің аз
зерттелген тұстарын анықтап, оларды зерттеудің перспективалық бағыттарын
көрсету .
-Қазақстандағы демографиялық процесстердің даму барысына болжам жасау;
Дипломдық жұмыстың методологиялық негіздері мен зерттеу әдістері.
Дипломдық жұмыста тарихи еңбектерді жан-жақты, объективті түрде
диалектикалық тәсілдермен тығыз байланыстығы объективтіліктің, ғылыми
принциптерінің негізінде оқып-үйрену, талдау басшылыққа алынды.Зерттеу
жұмысында методологиялық негіз ретінде гуманистік таным заңдылығы және
мәселені өркениеттілік құндылықтар тұрғысынан пайымдау алынды.Сонымен бірге
соңғы уақыттарда отандық тарих ғылымында қалыптасқан жаңа бағыттағы ғылыми
ой-пікірлер мен тұжырымдарға, жетекші қоғамтанушы ғалымдардың
еңбектеріндегі әлеуметтік- демографиялық процестерге деген көзқарастарына
сүйендік. Тарихнамалық зертеуде тарихи, салыстырмалы-тарихи, талдау,
жинақтау және қорыту, сондай-ақ логикалық, статистикалық әдістер кеңінен
қолданыс тапты.Салыстырмалы-тарихи әдіс тарихнамалық, талдауда ғылыми
әдебиеттердегі қисынсыз айтылған ой-тұжырымдардың себептерін көрсетуде
және тарихи білімнің күрделі тұстарын, заңдылықтарын, зерттелмеген қырларын
ашуға өз септігін тигізеді. Осы себепті зерттеу жұмысында салыстырмалы-
тарихи әдіс кең қолданылады.Бұл әдістің кең қолданылуы нақты талдауды қажет
етеді.Нақты талдау тарихнамада тарихи оқиғалар мен процестерді өзара
байланыста, сабақтастықта зертеуге, бірін-бірі толықтыратын теориялық және
деректік материалдарды зерделеуде тиімді болып табылады. Ал, логикалық
зерделеу оның ең жоғары деңгейі ретінде ғылыми ойдың дамуынан хабардар
етеді. Жинақтау әдісі күрделі де әрқилы ойлау әрекеттерінің нәтижесінде
тарихи ойдың мәнін, оның құрамдас бөліктері мен кезеңдерін тануға
мүмкіндік береді.
Аталмыш жұмыста хронологиялық әдіске баса көңіл аударады. Бұл әдіс
бұлтартпас дәлелдерді салыстыру және әр кезеңде жинақталған білімнің
объективті заңдылықтарын айқындау мақсатында оларды өзара байланыста
қарасырып зерттеуге өз септігін тигізеді . Зерттеу жұмысында осы әдіс те
қолданыс тапты.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Қарастырылып отырған тақырыптың
негізгі дерек көзін ХХ ғасырдағы Қазақстан халқының әлеуметтік-
демографиялық мәселелерін көтерген түрлі әдебиеттер мен мақалалар құрайды.
Тарихнамалық талдауға революцияға дейін, кеңестік дәуірде және қазіргі
кезеңде жарық көрген демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және т.б.
мазмұмдағы еңбектер кеңінен тартылды. Сонымен бірге, тарихнамалық талдау
барысында айтылған тұжырымдарды нақтылай түсу мақсатында архив құжаттары,
статистикалық материалдар және баспасөз мәліметтері де пайдаланылады.
ХІХ ғасырдағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық даму
мәселелерін зерттеген ғалымдар көптеген архив құжаттарын ғылыми айналымға
тартқан. Сондықтан да, зерттеу жұмысында әлеуметтік-демографиялық
процестерден нақтылы мәлімет беретін архив құжаттарына ғана баса көңіл
аударылды .Мұндай архив құжаттары негізінен Қазақстан республикасы Орталық
мемлекеттік архивінің 698- қорынан (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
жанындағы Орталық статистика басқармасы ) алынады.
Әлеуметтік-демографиялық процестердің, зерттелу деңгейін анықтауда
халық санағы материалдары да қолданыс тапты. Статистикалық деректердің
ішінде 1897, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдардағы
халық санағы материалдары ерекше орынға ие. Бұл санақ материалдары ХХ
ғасырдағы халық санының өсу динамикасын, жастық-жыныстық құрылымындағы
ерекшеліктерді, халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді және көші-
қондық процестердің негізгі бағыттарын айқындауға өз септігін тигізеді.
Деректердің келесі тобын мерзімді баспасөз, яғни газеттер мен
журналдар материалдары құрайды.
Зерттеу жұмысы барысында ХХ ғасыр басында жарық көрген Вопросы
колонизации, Туркестанские ведомости секілді т.б. орыс тіліндегі
басылымдармен қатар, Айқап журналы мен Қазақ газеті секілді ұлттық
баспасөздер ғылыми айналымға тартылды.Кеңестік дәуірде шығып тұрған
Народное хозяйство Казахстана, Демографический ежегодник Казахстана
сияқты бірқатар басылымдарда жарияланған материалдар қолданыс тапты.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде республикалық басылымдарда
ХХ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық мәселелерге арналған материалдар
көптеп жарияланды. Ақиқат, Мысль, Саясат, Қазақстан әйелдері
секілді т.б. журналдарда және Егемен Қазақстан, Заман Қазақстан, Қазақ
әдебиеті газеттерінде жарық көрген осындай материалдар зерттеу жұмысында
кеңінен пайдаланылды.
Дипломның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған еңбектер мен деректер тізімінен тұрады.
1.ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ МЕТОДИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Демографиялық процестердің негізгі түсініктері мен заңдылықтары
ХХ ғасыр басындағы Қазақстан халқының демографиялық даму мәселелеріне сол
тарихи кезеңнен бастап-ақ белгілі дәрежеде көңіл бөліне бастаған. Патша
өкметі тұсындағы, яғни революияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан
тұрғындарының демографиялық ахуалына деген қызығушылық Ресей империясының
отаршылдық саясатының қарқын алуымен күшейе түсті . Қазақстанды толық
отарына айналдырып, Ресей әкімшілік жүйесіне қосқаннан кейін отар аймақты
шаруашылық жағынан тезірек игеріп, онда өзінің ықпалын кең көлемде ,
тереңдете жүргізуді көздеу патша әкімшілігі алдына өлке халқының саны,
орналасуы , құрамы және т.б. жайлы нақтылы мәліметтерді білуді жүктеді .
Сондықтан , патша өкіметі орыс зерттеушілерінің осы мәселелерді
қарастыруына ынталылық танытты. Осыған орай , ХХ ғасыр басындағы орыс
зерттеушілерінің еңбектері негізінен патша өкіметінің шеткері аймақтарда
жүргізіп отырған отаршылдық саясатының сұранысына сай жазылып, ұлы
державалық мүддені қолдады.
Революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан тұрғындарының
санын, олардың өсу деңгейін қарастыруды П.И Рычков, В.Н.Татищев,
Г.Ф.Миллер,П.С.Паллас, В.В.Вельяминов-Зернов ,А.И. Левшин, Н.А .Абразмон
секілді зерттеушілер бастап берген болатын \32\.1867-1868 жылғы
реформалардан соң, яғни Жетісу және Сырдария обылыстарын басқару тұралы
уақытша ереже мен Орынбор және Батыс-Сібір генерал губернаторының
облыстарын басқару тұралы уақытша ереже бекітілгеннен кейін жаңадан
құрылған әкімшілік-териториялық бөліністер және ондағы тұрғындар жайында
жазылған еңбектердің қатары толыға түсті. А.А. Тилло, Л.Балюзек,
Ф.Лобысевич, М.И. Венюков, Л.Кастенко, А.Макшеев, М.А. Терентьев,
Ю.Балский, Г.Загряжский секілді зерттеушілердің еңбектерінде \33\ Түркістан
мен Дала өлкесіне, облыстарға, уездерге, болыстықтарға, елдімекендерге,
қалаларға шолу жасалынып, ондағы тұрғындардың санын,ұлттық құрамын
анықтауға талпыныс жасалды.
1870 жылдан бастап Соғыс министірлігі Ресей империясы губернияларына
әскери статистикалық шолу жүргізуді қолға алып, Военно статистические
обозрения губернии атты жинақ шығара бастады.Тіпті, жекелеген аймақтарда
халық санағын да жүргізді. Мұндай алғашқы халық санағы 1870 жылы Орынбор
губерниясының Николаевск уезінде өтті. Оның нәтижелері А.А. Тилло тарапынан
Ресей географиялық қоғамының журналында жарияланды\34\. Бас штаб тапсырмасы
бойынша 1872-1875 жылдары М.И.Венюков шеткері аймақтардағы губерниялар мен
облыстарда әскери статистикалық шолу жұмыстарын жүргізіп, Материялы для
военного обозрения руских границ ВАзии атты еңбегін шығарды \35\.
ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ халқының демографиялық мәселелерін
қарастырған М.Шестаков, А.И.Добромыслов, В.Г.Мацкевич, Б.О.Сорокин,
Н.Васильев секілді зерттеушілердің еңбектері мен мақалалары жарық көрді.
Сондай-ақ, бұл кезеңде орыс зерттеушілері Сібір, Орал, Жетісу қазақтарының
және Қазақстанға қоныс аударушылардың демографиялық жағдайына жіті көңіл
қойған еді.Соның нәтижесінде, бұл мәселені көтерген Ф.Усов, Н.Бородин,
Н.Леднев секілді зерттеушілердің еңбектері жарияланды. Тұрғындардың
демографиялық ахуалын қарастырған еңбектердің қатары толыға түскенімен,
оларда статистикалық мәліметтердің жетіспеушілігі сақталып қала берді.
Мұндай кемшіліктің орнын толтыруға 1896-1899 жылдар аралығында
жүргізілген Ф.А. Щербина бастаған ғылыми экспедицияның материалдары және
1897 жылғы бірінші жалпы ресейлік халық санағы маңызды рөл атқарды.
Торғай, Ақмола және Семей обылыстарының 12 уезін аралап, зерттеу
жұмыстарын жүргізген Ф. А. Щербина экспедициясынің негізгі міндеті әрбір
орта қазақ шаруашылығының өмір сүруіне қажет жер нормасы көлемін анықтап,
қоныс аударушыларға жер қоры даярлау жұмысына бағыт-бағдар беріп, ұсыныстар
жасау болатын. Бұл экспедицияның материалдарына топталған мәліметтердің
үлкен бір тобы демографиялық мәселеге тікелей қатысты. Сондықтан ол Дала
өлкесіндегі демографиялық ахуалды зеттеуде құнды дерек көзі қызметін
атқаратын. Осыған орай, Ф.А. Щербина экспедициясының материалдары ХХ
ғасырдың басынан бастап орыс зерттеушілері еңбектерінде ғылыми айналымға
тартыла бастаған еді.
Қазақстан халқының ХХ ғасыр басындағы демографиялық даму мәселелерін
қарастырған зерттеушілерге тән ортақ қасиет-1897 жылғы бірінші жалпы
ресейлік халық санағының материалдарын негізге алу болып табылады. Бұл
санақ бойынша сол кезеңдегі Ресей империясының әкімшілік- территориялық
құрлымындағы Ақмола облысында 682608, Жетісу облысында 987863, Орал
облысында 645121, Семей облысында 684590, Сырдария облысында 1478398,
Торғай облысында 453416 тұрғын болған. Осы тұрғындардың 4147,8 мың адамы
Қазақстанның қазіргі территориясы көлемінде қоныстанғаны, оның 3392,8 мыңын
(81,8%) қазақтар, 454,4 мыңын (11%) орыстар, ал қалған 300,6 мыңын (7,2%)
басқа ұлт өкілдері құрағаны хақында ғылыми еңбектеде нақтылы пікір
орныққан.
1897 жылғы санақ матералдары ХХ ғасыр басындағы Қазақстан халқының
санын анықтауда дерек көзі қызметін атқарары сөзсіз. Бірақ, санақ
мәліметтерінің дұрыстығына сыни көзқараспен қарап, оның кемшіл тұстары
зерттеу барысында ескерілуі тиіс. Қазақ жеріндегі халық санын 1897 жылғы
санақ дәл бере алмайтындығы жөніндегі пікірді сол кезенде В. Михайловский
36 атап көрсеткен болатын. Ол 1897 жылғы санақ халықты толық қамтымаған,
сол себепті тұрғандардың біразы санаққа енбей қалған деген пікірін де
білдірген еді. Мұндай пікір 1897 жылғы санақ бойынша Сібір халықтарының
этникалық құрамын зерттеген белгілі этнограф С.К. Патканов тарапынан да
айтылған болатын.
С.К.Патканов 1897 жылғы санақтың жалпы қортындыларын өңдеуге қатысып,
ондағы кемшіліктер туралы: Тұрғындардың ұлттық құрамын анықтауда ана тілін
басшылыққа алу көп жағдайда қателікке ұрындырады... Түркістандағы түркі
тайпалары (сарттар, өзбектер, қара қырғыздар, тараншылар) есептеушілердің
шала сауаттылығы, ұқыпсыздығы салдарынан
түрік деген жалпылама атаумен берілген. Бұл өлкен халқының, жергілікті
тұрғындардың ұлттық құрамын анықтауда өзіндік қиындықтар туғызды -деп
жазған еді.
Алайда, ХХ ғасыр басындағы Қазақстан халқының демографиялық даму
мәселелерін карастырған революцияға дейінгі орыс зерттеушілері 1897 жылғы
санақ мәліметтерінің дұрыстығын күмәнданушылық таныта коймады. Бұл мәселеге
кеңестік дәуірде алғаш көңіл аударған ғалымдардың қатарында Г.Г.Галузоны
ерекше атап көрсетуге болады.
П.Г.Галузо 1867-1914 жылдардағы Оңтүстік Қазақстандағы аграрлық
қатынастарды қарастырған еңбегінде өлкенің демографиялық ахуалына да назар
аударып, 1897 жылғы санақ мәліметтерінің дұрыстық деңгейін анықтауға
талпынды. Сөйтіп, ол санақта халық саны Жетісу облысы бойынша 16,600-ке,
Сырдария облысы бойынша 23,300-ке кем көрсетілгенін айқындады. Соның
нәтижесінде, автор статистикалық комитеттердің мәліметтерін пайдалану
мұқият тексеруді қажет етеді деген қортындыға келген.
Белгілі демограф ғалым М. Тәтімов 1897 жылғы санақта 1000-ға жуық
Қазақстан тұрғындары есепке алынбай қалғандығы жөнінде пікір білдіреді.
Оның айтуынша 1897 жылы республика территориясында қазақтар 3739 мың адамды
құраған. М. Тәтімовтың есебі дұрыс болған жағдайда 350 мыңға жуық қазақ
санаққа енбек қалған.
Бірінші жалпыресейлік халық санағындағы кемшіліктер Н.Е.
Бекмаханованың және Н.В.Алексеенқоның еңбектерінде де қарастырылған. Бірақ,
олардың еңбектерінде қанша адам санаққа ілінбей қалғандығы жөнінде нақтылы
мәліметтер келтірілмейді. Н.Е.Бекмаханова санақ кезінде тұрғындардың ұлттық
құрамын анықтауда ана тілі және жанама түрде діни сенімі негізге алынуын
кемшіліктер қатарына қосады. Өйткені, ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс
емес өзге славян халықтардың арасында ана тілін орыс тілі деп санаушылар да
болған. Оның әсерінен санақ материалдарына орыс тұрғындарының саны едеуір
артық көрсетілген еді. Әсіресе, Қазақстанға қоныс аударған украиндер мен
белорустардың біразы өз ұлттарынан қол үзе қоймаса да олардың ана тілі орыс
тілі деп есептеліп, орыс халқы қатарында саналып кеткен. Н.Е.Бекмаханова
1897 жылғы санақ материалдарындағы мәліметтер халық санын дәл бере
алмайтындығын айта келіп, оның себебін халық санағына қатысқан
есептеушілердің жеткілікті дәрежеде маманданбауымен және халықтың жаңадан
салық төлетеді, әйтпесе әскер қатарына шақырады деп қауіптеніп, дұрыс
ақпарат бермеуімен байланыстырады.
Осы кемшіліктерді Н.В.Алексеенко да атап көрсете отырып: Жетісу мен
Сырдария облыстарында қырғыздар мен қазақтардың саны қосылып кеткен, ал
Ташкент қаласында өзбектердің көпшілігі түркі халқы деген топқа
жатқызылған, -деп жазып, бұл жөнінде С.К.Паткановтың 1911 жылы айтқан
пікірін толығымен қолдайды.
Г.К.Кронгордт ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Қырғыстан
халқының демографиялық даму мәселелерін қарастырған еңбегінде 1897 жылғы
санақтың кемшіліктері қатарына қазақ пен қырғыз халқын ажыратпай, оларды
бір халық ретінде көрсетуін жатқызады. Осылайша, ол Н.В.Алексеенконың ойын
қайталайды. Жетісу облысындағы жергілікті халық санақ материалдарында
қырғыз деген атаумен берілген. Бұл облыстағы қазақ пен қырғыз халқын
ажыратып, санын анықтауда өзіндік қиындық тудыратын. Сондай-ақ автор
Сырдария облысындағы құрамалардың, сарттардың энтикалық жағынан қазақ және
өзбек халқының құрамдарына кіретіндіктеріне қарамастан олардың жалпы саны
өз алдына бөлек берілгенін дұрыс емес деп есептейді 37. Мұндай пікір
А.М.Мамырханованың да кандидаттық диссертациясында айтылған 50.
Санақ материалдарындағы кемшіліктердің орын алу себебін В.В.Козина
өзінің тарихи-демографиялық зерттеуінде былайша түсіндіреді: Ел
тұрғындарының көпшілігі санақтың мақсаты мен міндетін тұсінбей, оны халық
мүддесіне қарсы бағытталған үкіметтің іс-шарасы ретінде қабылдап, оған ізгі
ниеттілік таныта қоймады. Тұрғындардың біраз бөлігі санақтан бас тартуға
талпынды немесе өзі және жақын туыстары жайлы жалған мәлімет беруге
тырысты.
В.В.Козина және жоғарыда аталған авторлар санақ материалдарында
кездесетін кемшіліктерді атап көрсеткенімен, ондағы мәліметтер жалпы халық
санын білуде дерек көзі қызметін атқаратындығын теріске шығармайды.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстан халқының демографиялық ахуалына көңіл
бөлген революцияға дейінгі зерттеушілер санақ материалдарына сыни көзқарас
тұрғысынан қарап, ондаған кемшіліктерді ашып көрсетпесе де, олар өз
еңбектерінде бұл мәселеге қатысты басқа да көптеген фактілік материалдарды
ғылыми айналымға ендірді. Бұл материалдарды сұрыптау, өндеу революцияға
дейінгі қазақстан тарихи-демографиясының көптеген мәселелерін шешуге өз
септігін тигізеді.
Революцияға дейінгі орыс зерттеушілері еңбектерінің әр түрлілігін
ескере отырып, оларды мынандай екі топқа жіктеуге болады: ресми материалдар
(есептер, анықтамалар) және зерттеулер мен мақалалар 38.
Қазақ жерінде өкімет орындары тарапынан жүргізілген тексеру
жұмыстарының есептері мен материалдарында түрлі аймақтардағы тұрғындардың
саны мен құрамы қамтылған. Жергілікті әкімшілік пен Қоныс аудару
басқармасының мәліметтері кеңінен тартылған. Мәселен,К.К.Паленнің 1908 жылы
Түркістан өлкесінде (Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарканд облыстарында)
жүргізген тексеру жұмыстарында түрлі мекемелердің құжаттары, Қоныс аудару
басқармасының мәліметтері пайдаланылған.
К.К.Паленнің Орталық өкіметке тапсырған көп томды есебіне арналған
Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестане атты
қосымшасында әр облыстың, соның ішінде Сырдария мен Жетісу облысы халқының
да жалпы саны, тұрғындардың орналасу тығыздығы, ұлттық құрамы, қала
халқының үлес салмағы, жастық –жыныстық құрамы берілген. Сондай-ақ, автор
1897 жылғы халық санағы мен 1907 жылға дейінгі статистикалық комитеттердің
мәліметтері бойынша тұрғындардың өсу динамикасын көрсетеді. Аталған
еңбектің ХХ хасыр басындағы Жетісу мен Сырдария облыстары халқының
демографиялық дамуын талдауда, пайымдауда маңызы зор.
Орталық өкімет орындарының, қоныс аудару басқармасының тапсырмасы
бойынша жүргізілген тексеру жұмыстары жекелеген аймақтарды қамтиды.
Сондықтан, тексеру жұмыстарының материалдарында сол аймақтың ғана
демографиялық даму мәселелері қарастырылды. Осылайша, оларда қазақстан
териториясы көлеміндегі тұрғындардың демографиялық даму мәселелері
толығымен қамтылмады.
Өзінің қамтыған территориялық ауқымынын кеңдігі жағынан 1917 жылғы
жарық көрген В.А.Тресвятскийдің еңбегі ерекшеленеді. Ол Ресейдің азиялық
бөлігіндегі жер мәселесіне қатысты материалдарды жинақтаумен бірге Дала
генерал –губернаторлығы көлеміндегі халықтың 1905-1916 жылдар аралығындағы
өсу динамикасын, құрамындағы өзгерістерді қарастырады. Дерек көзі ретінде
жергілікті әкімшілік статистикасын, қоныс аудару басқармасы мен 1916 жылы
өткен ауыл шаруашылығы санағының материалдарын қолданды. Ол статистикалық,
мәліметтерді ауыл, қала турғындары. Облыстар мен уездердегі халық саны,
құрамы, орналасу тығыздығы түрінде топтастырып талдайды.
Дала облыстарындағы тұрғындар 1905-1916 жылдар аралығындағы едәуір
өскен, бірақ оның негізін механикалық өсім құраған деген тұжырым жасады.
Оның пікірінше, уездердегі халық өсімі барлық уездерде біркелкі болмаған,
мұндай әркелкілік Ресейдің ішкі аудандарынан қоныс аударғандар есебінен
туындаған. Өйткені, қоныстанушылар шұрайлы, шаруашылыққа қолайлы жерлерге
қоныс теуіп, уездердегі орналасуы біркелкі емес болатын. В.А.Тресветскидің
көрсетуінше Ресейдің еуропалық бөлігінен коныс аударғандардың 2500-ы Дала
облыстарына қоныс тепкен.
Негізінен революцияға дейінгі орыс зерттеушілері қазақстан
тұрғындарының механикалық өсіміне, яғни қоныс аударушылар есебінен халық
санының артуына көбірек көңіл бөлген еді. Өйткені, П.Г.Галузо айтқандай,
патша өкіметі қоныс аударушылар арқылы шеткері аймақтарда өзінің сенімді
тірегін қалыптастыруды көздеген болатын. Осыған орай, Н.Туранчинов,
А.Домрачев, А.А.Кауфман, Г.Логинова, Н.Гаврилов, В.А.Васильев, Е.Яшнов
секілді зертеушілердің Қоныс аудару басқармасы, жергілікті статистикалық
комитеттер мәліметтері негізінде жазылған еңбектерінде орыс шаруаларының
саны, өсім деңгейі қарастырылды. Оған белгілі дәрежеде осы кезде Қоныс
аудару басқармаларының жекелеген аймақтарда қоныстанған орыс шаруалары
арасында үй басы санағын (подворная перепись) жүргізуі де өзіндік ықпал
жасаған. Мәселен, 1913 жылы Сырдария облысының 5 уезіндегі қоныс
аударушылар арасында санақ жүргізілген еді. Бұл санақтың материалдарын
пайдаланған Е.Яшнов Вопросы колонизации журналында жазған мақаласында
Сырдария облысында қоныс аударушылар 24368 адамды құрып, оның 12565-і ер
азаматтар, ал 11803-і әйелдер екендігі жайлы айтады.
Қазақстан халқының табиғи өсімі мәселесі ревалюцияға дейінгі
әдебиеттерде біршама болсын қамтылды. Мәселен, 1903 жылы жарық көрген
Тосия. Полное географическое описание нашего отечество аты жинақта қазақ
даласындағы табиғи өсім жағдайы қарастырылған. Ондай табиғи өсімге кең
жайылған аурулар өзіндік кері ықпалын тигізіп отырғаны айтылып, соның
салдарынан әрбір 100 адамға шаққанда өлім –жітім Ақмола облысында -2,6,
Семей облысында-1,6, Торғай облысында-1,4, Орал облысында-1,1 адамды
құрайтындығы жайлы мәліметтер келтіріледі. Бұл мәліметтерді 1907 жылы
Ақмола облысында П.Кузнецовтың жетекшілігімен жүргізілген зерттеу
жұмыстарының материалдары да нақтылай түседі. П.Кузнецов экспедициясының
материалдарында бір ғана Көкшетау уезінде 1,8 отбасына 1 баладан тура
келетіндігі айтылады. Мұндай ахуалдың астарын С.А.Новосельский,
Н.П.Очановский және И.Л.Ямзин балалар арасында өлім-жітімнің жоғары
болуымен байланыстырады 39.
Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы табиғи өсімі мәселесіне революцияға
дейінгі тарихнамада көңіл бөлген бірден-бір ғалым С.К.Патканов болатын. Ол
Сібірдегі бұратаналардың өсім мәселесін қарастырғанеңбегінде осы өңірдегі
қазақтарға да тоқталады. Автор 1897 жылдан 1897жылға дейінгі аралықта
Сібір өңірі қазақтарының табиғи өсімі 12,100 болғаны жайлы пікір білдіреді
40. С.К.Патканов табиғи өсімнің төмен болуы себебін халық арасында кең
тараған жұқпалы аурулармен байланыстырады. Сонымен бірге өкімет орындарын
халыққа медициналық көмек көрсетуде ынталылық танытпай отырғандығын да
айыптайды.
ХХ ғасыр басында қазақ халқының демографиялық даму мәселелері сол
кезеңде тарих сахнасына көтерілген қазақ зиялыларының назарынан тыс
қалмаған еді. Олардың қазақ халқының демографиялық ахуалына алаңдатушылық
танытып, ұлттық мүдде тұрғысынан айтқан ой-пікірлері сол кезеңде Айқап
журналы мен Қазақ газеті беттерінде жарияланды. Мәселен, көрнекті ғалым,
Алаш қозғалысының көш басшысы Ә.Бөкейханов Ресей имперясындағы
қазақтардың саны, орналасуы жөніндегі пікірін Қазақ газеті бетіндегі
жариялап, былай деп жазады: Бір жылғы адам баласының өсімі мыңға 15 адам.
Он жыл аралатып екі есеп алғанда Көкшетау уезінің қазағы мыңға бір жылда
25адам қосылып өскен. Бұған қарағанда, қазақ баласының өсімі өзге
халықтардан артық болмаса, кем емес. Қазақ жұрты мыңға 15-тен өсіп, 1897
жылы орыс қол астындағы қазақ 4 миллион 84 мың деп есеп қылынса, 1913 жылда
5 миллион 64 мың болды. Бұл есепте Жетісу қырғыздары да бар 63
Ә.Бөкейханов қазақтардың 1913 жылғы саны жайлы келтірілген мәліметте
Ферғана мен Самарқан облысы қазақтарының саны да қоса берілген. Оның есебі
бойынша, Самарқан облысы 79 мың 83, Ферғана облысында 374 мың 981 қазақ
болған. Ә.Бөкейханов 1910 жылы жарық көрген Киргизы (Қазақтар) атты
әйгілі мақаласында осы кездегі қазақтар ресей империясында 4696600 адамды
құрайтындығын, олардың жылдық өсім коэффиценті 1,5-ке тең екеңдігін айтқан
болатын. Ол бұл мақаласында облыстардағы тұрғындардың ұлттық құрамындағы
үлес салмағына да назар аударып, оны былай көрсетеді:
Семей облысында-қазақтар 86,200,орыстар 7,500,басқа халықтар 6,300;
Ақмола облысында-қазақтар 5200,өзге халықтар 4800;
Торғай облысында-қазақтар 76,500,орыстар 2300, басқа халықтар 0,500;
Орал облысында-қазақтар 72,500, орыстар 2500 басқа халықтар-2,500
Закаспий облысында-қазақтар 15 00, орыстар 6,700, басқа халықтар
78,3; Сырдария облысында-қазақтар 6000 , орыстар 400 , басқа
халықтар 3600, Жетісу облысында-қазақтар 7700, орыстар1200
басқа халықтар 9,800; Ферғана облысында-қазақтар 20,300, орыстар
0,700 басқа халықтар 7900; Самарқан облысында-қазақтар 800, орыстар
1,300 басқа халықтар 90,700; Астархан губерниясында-қазақтар 2100,
өзге халықтар 7900.
Алаш қайраткері Ә.Бөкейханов Қазақстандағы демографиялық ахуалға
Ф.А.Щербина экспидициясына қатысқан кезден бастап көңіл қоя бастаған.
Экспидицияның зерттеу жұмыстарынан кейін жиналған материалдарды
Ә.Бөкейханов, И.Гусев және Л.Чермак тәртіптеп, қорытындылап, бірге баспаға
дайындаған. Нәтижесінде Семей облысы, Қарқаралы уезідеген атпен Щербина
экспидициясы материалдарының 6-том ретінде 1905 жылы Санк- Петербургте
жарық көрген. Кейіннен, 1903 жылы Сібір теміржолы бойындағы Челябі және Том
(Томск) қалалары аралығындағы С.П.Швецов жетекшілік еткен экспедиция
жұмысына қатысып, оның материалдарына да өз зертеулерін ендірген
еді.Ә.Бөкейхановтың бұл еңбектерінде қазақтардың табиғи өсім мәселелеріне
де әжептеуір орын берілген болатын. Мәселен, С.П.Швецов экспедициясы
материалдары құрамына енген Овцеводство в Степном крае атты еңбегінде
қазақ отбасындағы адам саны мен қожалық иелігіндегі мал (жылқы) саны өзара
байланысты келетіндігіне назар аударып: Кедейлер қалыңдыққа төлейтін
қаржысы болмағандықтан ұзақ уақыт бойдақ жүреді, содан күш –қуат әлсіз
қожалықтарда ерлер саны басым келеді. Байлар қалыңмалға беретін малы
болғандықтан екі-үш әйел алады. Сондықтан бай отбасында әйелдер саны көп,-
деп жазады. Ә.Бөкейхановтың есебінше Дала облыстарында 100 ер адамға кедей
қожалықтарда 80,98, ал бай қожалықтарда 112,84 әйелден келген 41.
Ә.Бөкейханов көрсетіп отырған ер адамдар мен әйелдер арасындағы сандық
қатынастың сәйкес келмеуі қазақтардың табиғи өсіміне белгілі дәрежеде кері
ықпал еткендігін Айқап журналында Е.Есенгелдин Біздің қазақ халқына
өспеуі деген мақаласында былай деп нақтылай түседі: Үйлену үшін, кем
дегенде 15-20 мал һәм 150-200 сом ақша керек. Осы себеппен біздің көп
еркектер 30-40 жасқа келгенше бойдақ жүреді. Одан әрі автор қазақ халқының
көбеюіне кедергі жасап отырған қалын малды сынға алады. Тағы бір автор-
С.Алқорамшы Айқап журналында қалыңмалды төлеуге шамасы жоқ қазақ ер
азаматтарының кейбірінің 40-50 жасқа дейін бойдақ жүріп, ақыры шоқынуға
дейін барғанын жаза келіп, қазақтардың табиғи өсіміне алаңдаушылық
танытады.
Осылайша, ревалюцияға дейінгі тарихнамада Қазақстан халқының ХХ ғасыр
басындағы демографиялық дамуы көп жағдайда саяси-әлеуметтік, қоныстандыру,
аграрлық мәселелерге қатысты еңбектерде жанама түрде қарастырылды. Немесе
шағын мақалалар түрінде ғана жарық көріп, 1917 жылға шейінгі кезендегі
Қазақстан тұрғындарының өсу динамикасы, демографиялық даму ерекшеліктері
толығымен ашылмады. Мұндай үрдіс кеңестік дәуірде де орын алып, 1970
жылдарға дейін арнайы зертеулер жүргізілмеді.
Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының санына, ру-
тайпалық құрамына, олардың орналасуына М.Тынышпаев көңіл бөлген еді. Ол
Ташкентте шығып тұрған Түркістан Кеңес Республикасы қазақ білім комитетінің
органы Сана журналының 1924 жылғы 2-3 сандарында қазақ халқының саны мен
тайпалық құрамы және орналасуы жайлы деректерді жариялады. Онда,
М.Тынышпаев 1917 жылғы қазақ халқының санын орналасуы мен құрамына қарай
кесте түрінде беріп, осы кезде жалпы 5 миллион 930 мың адамды құраған деген
тұжырымға келеді.
М.Тынышпаевтың осы келтірген мәліметтеріне назар аударған М.Тәтімов
онда қазақтар саны 1000-ке дейін артық көрсетілген деген пікір білдіреді
42.
М.Тәтімов өз еңбегінде М.Тынышпаев келтірген мәліметтерде біраз
кемшіліктер орын алған жайлы айта келіп, былай деп жазады: М.Тынышпаевтың
қазақтардың санын анықтаудағы ең үлкен және басты қателігі-шетте тұратын
қазақтардың санын тым асыра бағалаудан болды ... 1917 жылы қазақтар саны 5
миллион 930 мың деген М.Тынышпаевтың бағалауын біздер 5 миллион 360 мың деп
қайта түзеттік. Бұл деректер қазақтар санын анықтауда ғылыми-демографиялық
зерттеулер нәтижесінде жасалған қорытындыға біршама жақындай түседі.
М.Тынышпаев өз зерттеулерінде қазақтың жүздері мен тайпаларының және
руларының санында үлкен алшақтықтың орын тебуінде тарихи терең сыр
жатқандығына терең үңіле қараған. 1920-1930 жылдары Т.Шонанұлы,
М.Есполұлы секілді алаш қозғалысы қайраткерлерінің жер мәселесіне
байланысты жазылған еңбектерінде ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның
демографиялық ахуалына патша өкіметі жүргізген қоныс аудару, аграрлық
саясатының әсері де қарастырылған. Т.Шонанұлы мен М.Есболұлы патша
өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан Ресей келімсектерінің Қазақстанға
коныс аудару елде күрделі демографиялық жағдай қалыптастырғандығын ерекше
атап көрсетеді.
Авторлар еңбектерінде тұрғындардың табиғи өсімінен механикалық өсім
бірнеше есе асып түскендігіне, соның есебіне қазақтардың үлес салмағы
жылдан жылға төмендегініне назар аударады. Мәселен, Т.Шонанұлы 1905-1916
жылдар аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облысының ауыл тұрғындарының
өсу динамикасын статистикалық мәліметтер бойынша беріп: 1905-1916 жылдар
арасында мұжық 18300, атты қазақ 2100, қазақ600қосылғаны көрінді. Мұның
саны екі есе қосылғаны тек өскендіктен емес, Ресейден келгенімен көбеюде.
Атты қазақ саны 1 жүзге 21 адам өскені-атты қазақтыққа басқа тұқымнан сол
кезде көбірек жазылғандықтан. Қазақтың 1 жүзге 6 адам қосылуы-тек туғаннан
өскені,-деп жазып. ХХ ғасыр басындағы демографиялық ахуалдың
ерекшеліктерін дәл басып көрсетеді 42.
Отарлаудың жергілікті халықтың үлес салмағына кері әсері жайлы
Г.Сафаров пен И.И.Зарубин де жазған. Г.Сафаровтың айтуынша, патша
өкіметінің отаршылдық саясаты нәтижесінде 1902-1913 жылдары Түркістан
өлкесінде қазақтар мен қырғыздар 7700-тен 68,900-ке, ұйғырлар мен
дұнғандар 6,700-тен 4,900-ке кеміген, ал орыстар болса 16,300-тен
26,200-ке артқан. И.И.Зарубиннің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz