Қазақ халқының уақыт есебі



Кіріспе
 .Қазақ халқының уақыт есебі
1.Халық күнтізбесінің зерттеле бастауы
2.Жыл қайыру жүйелері
.Байырғы қазақ календарындағы айлардың жүйелері
1.Қазақи ай аттары
2.Ақындардың күнтізбеге қатысты өлеңдері
.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің мақсаты. “Қазақ халқының уақыт есебі” қазақ халқының жыл санау жүйесін жүргізуде ерекше орын алады . Әр дәуірдің күнтізбесіне, олардың түрлеріне жеке-жеке тоқтала отырып , уақыт есебінің дамуы , қалыптасу жолына баса назар аударып, байырғы қазақ календарындағы айлардың жүйеленуіне және қазақи ай аттары жөнінде мағлұмат алу.
Зертеудің өзектілігі. Қазақ халқының уақыт есебін зерттеу бүгінгі таңдағы күрделі мәселелердің бірі.Қазақ халқының уақыт санау жүйесін зерттей отырып , ай-кун, жұлдыз аттарын тарихи оқиғалардың болған уақытын дәл біле аламыз.Қазіргі таңда дамыған еліміздің уақыт санау жүйесінің ерте замандарда қалай жетілгендігін білудің маңызы зор.Қазақ халқының уақыт есебінде күнтізбенің алатын орны ерекше.Адам баласы өмірдегі күнделікті әрекеті мен демалысын белгілі бір жүйеге келтіру үшін күнтізбе жасауға ежелден талпынған . Ұзақ мерзімді уақыт аралықтары мәселен тәуліктер , апталар , айлар және жылдар жүйелі түрде күнтізбеге салынған. Міне сондықтан күнтізбеге зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып саналады.
Қазақ халқының ертеден қалыптасқан уақыт санау жүйесін білу бүгінгі күні жыл қайыру жүйелерінің дәлдігі мен астрономиялық уақытты дәл есептеуге көмектеседі , тарихи оқиғалардың уақыт шеңберін анықтауда маңызы зор. Қазақ халқының уақыт есебін зерттеген ғалымдар көп емес , осы мәселеге зерттеу жұмысын жүргізу қазақ халқының мәдени тарихы , оның ішінде астрономиялық білімдері ертедегі халқымыздың уақыт санау есебі мен жыл қайыру жүйелері туралы мағлұматты келер ұрпаққа жеткізуде маңызды орын алады.Сол себептен де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.
1.М.О. Исқақов «Қазақтың байырғы календары»,Алматы-1960жыл
2.Су Бихай «Қазақ мәдениетінің тарихы»,Алматы-2001жыл
3.Түркістан // 2007.01.01 №1-2
4. Отан қосшысы // 2006.14.01 №1
5.Жыл он екі ай Алматы-Жазушы 1974 жыл
6.Г.С.Нургалиева «Қазақ халқының күнтізбесі» Қазақ университеті-2003ж
7.Астана ақшамы//2003.01.01 №1
8.Дала мен қала//2003.12.26
9.Түркістан:Календарь, Алматы-Өнер 1999 жыл
10.Қазақ елі//2005.03.23№11-12
11.Қазақ батырлар// 2007-ақпан №2
12.Қазақстан Заман//2006.03.24 №13
13.Егемен Қазақстан// 2004.04.20 №65-68
14.Ақиқат//2007 №3
15.Ақ желкен//2005 №12
16.«Үш ғасыр жырлайды», Жазушы-Алматы-1965
17.«Халық календары»,"Қазақстан" баспасы,Алматы-1980 жыл
18.Қазақстан мұғалімі//2002.01.01№1
19.Мәдениет хабаршысы//2004 №3
20.Жұма Таймс//2005.02.04 №4
21. И.Ф.Полак Время и календарь. Москва-1949
22.С.И. Селешников История календария и хронология. Москва-1970
23. В.Н. Городилов Время и календарь. Барнаул-1955
24. Захир-ад-дин Мухаммед Бабыр. Бабырнама. Алматы-1990
25. Н. И.Идельсон История календаря. Науучное книгоиздательство., Ленинград-1925
26.1929 жылы шаруа календары. Қасср МБ Қызылорда-1928
27. 1925 жылдың қазақ календары. Орынбор Қазмембас-1922
28.Анықтама календарь, Москва-1931 жыл
29.Заман-Қазақстан//2003.02.28

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
( .Қазақ халқының уақыт есебі
1.Халық күнтізбесінің зерттеле бастауы
2.Жыл қайыру жүйелері
((.Байырғы қазақ календарындағы айлардың жүйелері
1.Қазақи ай аттары
2.Ақындардың күнтізбеге қатысты өлеңдері
(((.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеудің мақсаты. “Қазақ халқының уақыт есебі” қазақ халқының жыл санау
жүйесін жүргізуде ерекше орын алады . Әр дәуірдің күнтізбесіне, олардың
түрлеріне жеке-жеке тоқтала отырып , уақыт есебінің дамуы , қалыптасу
жолына баса назар аударып, байырғы қазақ календарындағы айлардың
жүйеленуіне және қазақи ай аттары жөнінде мағлұмат алу.
Зертеудің өзектілігі. Қазақ халқының уақыт есебін зерттеу бүгінгі таңдағы
күрделі мәселелердің бірі.Қазақ халқының уақыт санау жүйесін зерттей отырып
, ай-кун, жұлдыз аттарын тарихи оқиғалардың болған уақытын дәл біле
аламыз.Қазіргі таңда дамыған еліміздің уақыт санау жүйесінің ерте
замандарда қалай жетілгендігін білудің маңызы зор.Қазақ халқының уақыт
есебінде күнтізбенің алатын орны ерекше.Адам баласы өмірдегі күнделікті
әрекеті мен демалысын белгілі бір жүйеге келтіру үшін күнтізбе жасауға
ежелден талпынған . Ұзақ мерзімді уақыт аралықтары мәселен тәуліктер ,
апталар , айлар және жылдар жүйелі түрде күнтізбеге салынған. Міне
сондықтан күнтізбеге зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып
саналады.
Қазақ халқының ертеден қалыптасқан уақыт санау жүйесін білу
бүгінгі күні жыл қайыру жүйелерінің дәлдігі мен астрономиялық уақытты дәл
есептеуге көмектеседі , тарихи оқиғалардың уақыт шеңберін анықтауда маңызы
зор. Қазақ халқының уақыт есебін зерттеген ғалымдар көп емес , осы мәселеге
зерттеу жұмысын жүргізу қазақ халқының мәдени тарихы , оның ішінде
астрономиялық білімдері ертедегі халқымыздың уақыт санау есебі мен жыл
қайыру жүйелері туралы мағлұматты келер ұрпаққа жеткізуде маңызды орын
алады.Сол себептен де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.

Қазақ халқының уақыт есебі.
Календарь сөзі-латын сөзі. Анық мағынасы қарыз кітабы дегенді
білдіреді. Қарыздар адам айдың бірінші күні қарыздарының бір бөлігін
төлейтін болған, бұны календ деп атаған.

Ұзақ мерзімді уақыт аралықтарының тәуліктер,апталар,айлар және жылдар
бойынша тәртіпке салынған системасы календарь (күнтізбе) деп аталган.
Оларды түзу аспан денелерінің күн, жер және айдың айналу
дәуірлеріне негізделеді. Жердің күн айналасында айналу уақыты шамамен
365,25 тәулік. Айдың жер айналасында айналуы-29.53 тәулік.Бұл жағдайлар
күнтізбе түзудің құрамалдығын келтіріп шығарған.
Алғашқы күнтізбе б.з.д. мыңдаған жыл бұрын қабылданған.Бұл
күнтізбе бойынша жыл он екі айға бөлініп, жыл басы март айы болған. Б.З 700
жыл бұрын римдіктер күнтізбеге өзгеріс енгізген. Март айының алдына
январь, февраль айларын кіргізіп, жылда он екі ай болған.
Күрделі өзгеріс б.з.д.46 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь
еңгізеді.Ол египеттіктер қабылдаған күн күнтізбесіне негіздеп, яғни бір
жылда 365 күн бар деп есептеген. Астрономиялық 1 жылда 365, 5 сағат, 48
минут, 46 секунд бар. 365 тәуліктен артығы 4 жылда 1 тәулікке жақындайды.
Бұл айырманы жоқ қылу үшін әр 4 жылдан февраль айының соңына бір күн қосып
отыру қабылданған. Бұндай жыл кібісе (високос) жыл деп аталады. Кібісе
жылдардың соңғы екі цифры, немесе соңы 2 нөлге біткен жылдарда нөлдердің
алдындағы цифрлары төртке бөлінуі керек. Мысалы,8,24,1136,1212,800,1200
т.б. кібісе жылдары.
XYI ғасырдың екінші жартысында бұл айырма он күнді құраған.
1582 жылы Рим Папасы - Григорий XIII өзінің декреті менен барлық католик
дініндегі елдерде жаңа григориан күнтізбесін еңгізеді. Күнтізбе бірнеше
рет өзгеріске ұшыраған, және бірнеше күнтізбелер жасаған. Шығыс халықтары
қабылдаған ай күнтізбесі (осы күндері шығыс елдері әлі де қолданады).
Мұсылман елдері қолданған күнтізбе болған. Атақты шығыс халқының оқымысты
астрономы, ақын Омар Хайям жасаған күнтізбе 1079 жылы болған. Бұл
күнтізбенің астрономиялық жылдан айырмасы 19 секунд. Қандай дәлдік! Парсы
тілді елдер әлі де қолданады.
Г.С.Нургалиева . Казак халкынын кунтiзбесi

I.
Халық күнтізбесінің зерттеле басталуы.
1582 жыл 4 қазаннан соң 5 қазан емес, 15 қазан деп есептеледі. Юлиан
күнтізбесі бойынша 1200 жыл ішінде жиналған 10 күндік айырма жойылады.Юлиан
күнтізбесінің астрономиялық жылдан айырмасы 384 жылда 3 тәулік болады.
Демек Юлиан күнтізбесі астрономиялық жылдан орта есеппен 400 жылда 3
тәулікке алға кетеді. Келешекте бұл қателік қайталанбас үшін,әр 400 жылдан
соң есептен 3 күнді шығарып тастау ұйғарылды.
Ол үшін әр 4 жылдың екі ноль алдындағы цифрлар 4-ке бөлінсе, кібісе
жылы деп саналып, бөлінбесе кібісе емес жылдар деп саналған. Мысалы,400,
1200, 1600, 2000, 2400 т.б. кібісе жылдар. Ал 200, 300, 900, 1300, 1400,
1500, 1700, 1800, 1900 т.б. кібісе жылдар емес. Григориан күнтізбесін
көпшілік католик дініндегі елдер қабылдайды. Россия қазан төңкерісінен соң
1918 жылы қабылдаған. Ол уақытта Юлиан күнтізбесінің айырмасы 13 тәулікті
құраған еді. Сондықтан 1 ақпаннан соң 14 ақпан деп жүргізілген. Біздің
қолданып жүрген күнтізбеміз-кейінгі Шығыс мемлекеттердің ішінде ислам діні
тәрізді күшті елдерде ай күнтізбесін пайдаланған. Бұл күнтізбенің эрасы
(жыл санағының басы) Мұхаммед Пайғамбардың Меккеден Мединеге кеткен жылынан
есптелінеді. Ол Григорин күнтізбесінің 622 жылының 16 шілде, жұма күні еді.
Бұл күнтізбе Хиджра күнтізбесі дап аталады. Жылда 354 тәулік бар деп
есептелінеді. Жыл 12 айдан тұрады. Бұл күнтізбенің барлығында халықаралық
қатынастарда (саяси, экономикалық, сауда-саттық т.б.) қолайлы, қолайсыз
жақтары бар. Сондықтан XX ғасыр ішінде барлық дүниежүзі мемлекеттерінің
күнтізбесін халықаралық бір системаға түсіру мәселесі көтеріліп келеді.
1923 жылы Женева қаласында үлттар лигасында халықаралық күнтізбе жасау
бойынша комитет құрылды. Бұл комитет сол уақыттарда бірнеше күнтізбе
жобаларын істеп шықты. 1953 жылы Индия республикасы Біріккен Ұлттар
Ұйымында жаңа халықаралық күнтізбенің жобасын ұсынды. 1954 жылы 28 шілдеде
БҰҰ-да (арнаулы комитетте) қаралған.
Жаңа күнтізбенің жобасы негізінен екі түрлі болған. Бірінші жоба
бойынша жылды 13 айға, екінші жоба бойынша жылды12 айға бөлу.
I-жоба: әр бір ай 28 күннен, 4 аптаға бөлінеді. Әр бір жылдың басы
(бірінші күні) тұрақты түрде дүйсенбі күнінен басталып, сол айдың соңғы
күні (28 күні) жексенбі күнімен аяқталады. Жыл 52 аптадан тұрып, 4 демалыс
күні, 24 жұмыс күні болады. 28 күннен 13 айда 364 күн болып, әр жылы-бір
күн, кібісе жылы-2 күн қалады. Бұл екі күннің аты жоқ (сандық реті жоқ).
Олар халықаралық мейрам күні болып саналады. Бір күнді желтоқсанның соңына
қойып, Халықаралық достық және тыныштық күні деп санап, екіншісін-маусымның
ақырына қойып, оны кібісе күні деп атау келісілген. Барлық айлардың апта
күндері айдың белгілі бір күндерінде тура келеді.
Аптаның бір бөлігі бірінші айда қалып, екінші бөлігі айға өшпейді.
Барлық айлардың жүмыс күндері бірдей болады. Апта күндері барлық айларда
тұрақты болады.
Қолайсыздығы: жылды 2-ге (ай есебінен), тең тоқсандарға бөлу қиындық
туғызады.
II-жобада жыл 12 айға бөлінеді. Жылда 4 тоқсан болып, әр бір тоқсан
91 күннен тұрады. Әр тоқсанда 3 ай болып, алдыңғы бір ай 31 күн, қалған екі
ай 30 күннен бітеді.
Жылдың бірінші күні яғни бірінші қаңтар, тоқсан басы жексенбі күнінен
басталып, сенбі күнімен аяқталады. Бұл календарь жобасын көптеген
мемлекеттер қолданған еді. Бірақ XX ғасырдың екінші жартысында күнтізбе
реформасын жасауды АҚШ, Англия, Германия, Индонезия басқа да Латын Америка
елдері белгісіз себептермен кейінге қалдырған.(Халықаралық күнтізбе
реформасы дүниенің барлық мемлекеттері мақұлдаған жағдайда ғана
қабылданады.)
Астрономияда өте қызықты сәйкестіктер көп. Әр 12 жылда мүшелік жылдар
қайталанады. Мысалы: 13-бір мүшел, 25-екі мүшел, 63-6 мүшел т.б.
Әр 28 жылдан соң апта күндері қайталанады. Астрономияда бұны кіші
дөңгелегі деп атайды.
Сонда әр 84 жылда Е.К.О.Е.(28,12)=84 (екі санның ең кіші ортақ
еселік) күн аттары мен жыл аттары да сәйкес қайталанады. Мысалы 2005 жыл 1
қаңтар сенбі, тауық жылы болды, ал 84 жылдан соң яғни 2089 жылы 1 қаңтар-
сенбі күні, тауық жылы болады. Ал 84 жыл бұрын 1921 жылы 1 қаңтар- сенбі
күні, тауық жылы еді. Бұл әдіс өткен ғасырлардағы ірі оқиғалардың қайсы
жылы, қайсы апталық күн екенін анықтауға мүмкіндік береді. Әр жылдық
күнтізбе (күн тізбегін) түзуде негізгі материал болады.
Мысалы 2017 жыл 1 қаңтар-жексенбі күні, тауық жылы екен. Ал сол
жылдан 2016 жылды алып тастасақ (84*24=2016), 0001 жылдың 1 қаңтар күні-
жексенбі күні, тауық жылы болған екен. Демек б.з. басы тауық жылынан,
жексенбі күнінен басталған екен (Григориан күнтізбесі бойынша).
Өмірдегі күнделікті әрекеті мен демалысын белгілі бір жүйеге
келтіру үшін саналы адам баласының күнтізбе жасауға ежелден талпынғаны
белгілі. Күн мен түннің алмасуы, жылы, ыстық, салқын мен суық
мезгілдердің өз ретімен қайталанып отыруы, аспандағы Айдың ширектерінің
жеті күн сайын өзгеруі, кейбір жарық жұлдыздардың күншығыс көкжиектен
тәуліктің бір мезгілінде шығып, шарықтай көтеріліп, батыс көкжиекке барып
батуы адам баласының назарын аударды.

Бұл әсіресе, көшпенді өмір кешкен халықтар мен тұрғылықты аймағы
негізінен құрғақ , аспаны көбіне ашық келетін халықтардың сана-сезіміне
ерекше әсер етті. Атамекеніміздің кең-жазира даласында емін-еркін өмір
сүріп, күндерін мал бағумен қатар ән мен күйге бөлеп көбейген дана
халқымыздың табиғаттың бұлжымас заңына бағынып қана қоймай, оның пайдалы
жақтарын күнделікті тіршілігіне қолдана білгені айқын. Халқымыздың айдың
әрбір ширегінің мерзімін тәулікпен санай отырып, оларды төрт жетіге
бөлгені, соның нәтижесінде бүгінгі жеті күндәк аптаның шығып отырғаны
мәлім. Аспанның ең жарық, ең әдемі жұлдызы-Сүмбіленің туар мезгілін
мұқият қадағалай отырып, мезгілдің соған сай қайталанып отыратынын
аңғарады. Ел арасынан шыққан жұлдызшылар мен есепшілер Сүмбіле туған
кезде ауа-райының қалай өзгеретінін алдын ала білуге әрекет жасады. Есеп
арқылы олар сүмбіле туған кезде күздің аяқ шені жақындайтынын, қысқа
ертерек қам жасау керек екенін ескертіп отырған. Сол кезден бастап адам
санасында жыл ұғымы да туа бастаған. Оның ұзақ мерзімді қамтитынын да
сезген. Май шам да, электр шамы да жоқ дала төсіндегі айсыз, бұлтсыз
тұнық аспанды түнде күншығыстан Сүмбіле жұлдызы көтерілгенде жаңа бір
өмір басталғандай күй орнаған. Белгілі қазақ ғалымы, астроном Хасен
Әбішев өзінің “Аспан сыры” кітабында ерте кезде Сүмбілені бақылаған
адамдардың деректерін былайша келтіреді:“...Сүмбіле өткір,үлкен де жарық
жұлдыз, ол күншығыс көкжиектен үлкен аппақ Күнге ұқсап шыға келгенде, тып-
тыныш жатқан қой дүр етіп, жылқы біткен құлағын қайшылап елеңдейді...
Малшылар Сүмбіленің тууы қарсаңында түннің салқындағанын, таңертең
астаулардағы, шалшық-шалшықтағы, шағын көлшіктердегі су бетінің жұқа
мұздақталып суынғанын, соған сай қыс мезгілінің таяу екенін аңдайды.
Сондықтан да халық арасында:
Таразы туса таң суыр,
Сүмбіле туса су суыр,-деген мәнді мақал шығарған.
Сүмбіле туған шақта айналадағы өлі және тірі табиғатта, адам
тұрмысында, маусымдық жұмыстарда, ауа райында қандай өзгерістер болатынын
барша жамағат көкірегіне тиіп, өз қабілеттерінше мезгіл жөнінде қорытынды
жасап отырады”
Ал жыл ішіндегі мезгілдерді дәлірек білу үшін қазақ жұлдызшылары
мен есепшілері тоғыз есебін қолданған. Аспан денелері ішінде жерімізге ең
жақын маңда оны күн батыстан күн шығысқа қарай отызға жуық тәулік ішінде
бір айналып шығатын Айдың қадір-қасиетін жақсы білген есепшілер ай сайын
оның Үркер жұлдыз шоғырымен тұспа-тұс келіп, Үркерді көлегейлеп өтіп
отыратынын аңғарған. Оны Ай мен Үркердің тоғысуы деген. Үркер жұлдыз
шоғыры айдың жүріп өтер жолына жақын орналасқандықтан мұндай көрініс ай
сайын қайталанады. Ай үнемі Күннің бергі тұсынан да өтіп отырады. Ал
тұспа-тұс келгенде Күннің толық тұтылуы дейтін ерекше құбылыс өтеді.
Әрине, Ай үнемі күннің бетін дәл жаба бермейді, ол кейде астыңғы, кейде
үстіңгі тұсынан өтеді. Күннің тұсына бару мезетін қазақта өлара дейді.
Содан соң ай қол орақтай ғана болып күнбатыс көкжиектен қайта туады.Ай
мен Үркердің тоғысуы да соған ұқсас. Ай мұнда да кейде Үркерді дәл
көлегейлемей, жанынан өтіп кетеді. Ай Үркерге жақын барғанда қазақ “ауыл
үй қонды”, құшақтасып ішіне кіргенін “тоғысты”, одан шығып алыстай
бастағанын “топырақ шашып, ажырасты” деген.
Хасен Әбішевтің “Аспан сыры” кітабында[1] “Тоғыс есебі” деген
тарау бар. Кітаптың 178 – бетінде автор: “Үркер мен Айдың тоғысын бақылау
арқылы халқымыздың жұлдызшы, есепшілері “Айдың тоғыс есебі” дейтін ерекше
календарь ойлап шығарған,- дей келе ойын былай жалғастырады: “Бір Айдың
жеті жаңасында ол Үркермен тоғысты дейік . Ел мұны “жетітоғыстың айы”
дейді. Бұл шамамен алғанда аспанға сәйкес. Егер тоғыстан тоғысқа дейінгі
уақыт та дәл 29 жарым күн болса, онда келесі тоғыс та екінші туар Айдың
жетісіне келер еді. Бірақ тоғыстан тоғысқа дейінгі уақыт екі тәуліктей
кем .
1Х.Абишев.Аспан сыры . 178б

Сондықтан екінші Айдың тоғысы ол айдың бесінде келеді де, оны енді “бес
тоғыстың айы” (бұл наурызға жуық, онан әрі осы ретпен “үш тоғыстың ”,
“бір тоғыстың” айлары деп атайды. (Сәуір мен мамырға сәйкес).
Осы есеп арқылы халқымыздың жұлдызшы, есепшілері жыл бойындағы
айдан айға көшуді дәл белгілеп, соған сай ауа райының жыл мезгілінің
қалай болатынын халыққа алдын-ала түсіндіріп отырған. Бұлар адам
баласының саналы тіршілігіндегі салынған күнтізбенің түп негізі болып
табылады. Сүмбіленің күншығыс көкжиектен көтерілуі аралығын есептеуден
Күн күнтізбесінің, Айдың Жерді айнала қозғалуы мен ширектерінің ауысуын
есептеуден Ай күнтізбесінің өмірге келгені белгілі.
Сүмбіле жұлдызын бұдан жүз мың жыл бұрын Ежелгі Египет аймағын
мекен еткен халықтан шыққан жұлдызшы, есепшілер-абыздар да бақылап
зерттеген. Оған египеттіктерді итермелеген Ніл өзенінің Сүмбіле жұлдызы
көрінгеннен кейін көп кешікпей таси бастауы еді. Ежелгі Египет жері
құрғақ, шөл дала болып келеді. Ол аймақтың айналасында шөл даламен
шектеліп жатты. Тек Ніл өзені ғана ел өмірін сақтап қалып отырды.
Сондықтан да египеттіктер өзенді жағалай орналасты. Нілдің әрбір тасуы
олардың еккен егіндеріне, үйлері мен өздеріне қауіп-қатер төндіріп
отырды. Су тасыған сайын егіндері шайылып, жасап алған жеке-жеке
бөліктердің шекаралары бұзылды. Тасқын тоқтап, су ернеуі басылғанда
египеттіктер бөліп алған жерлерін қайта өлшеп, қайта қоршауға мәжбүр
болды. Бұл қалаусыз әрекет оларды есеп-қисапқа, еңбекқорлық пен
білімдарлыққа жетеледі.
Абыздар Сүмбіле жұлдызына мықтап назар аудара бастады. Ондағы
ойлары-Сүмбіле жұлдызының қай мезгілде күншығыс көкжиектен шығатынын,
оның неше күннен кейін қайталанатынын анықтау еді. Өздері Сотис деп
атаған Сүмбіленің күншығыс көкжиектен көрінуі мен оның келесі көрінуі
арасындағы күндерді мұқият санап шыққанда, ол 365 күнді құрады. Содан
бастап Египет абыздары Сүмбіленің күншығыс көкжиектен көрінер мезгілін
дәл білетін болды. Ал бұл жұлдызды әлемнен хабары жоқ адамдар үшін ақыл
жетпес бір құпия еді. Сондықтан да абыздар халық ішінде үлкен бедел
жинады. Жұлдызшы абыздар өздерінің білгендерін ешкімге айтпай құпия
ұстаған. Тек дүниеден өтер алдында ғана ұрпағына немесе ең жақын деген,
сыр шашпайды деген туыстарына аманат еткен.
Ең бастысы, абыздар халыққа сол есептер арқылы Нілдің тасу
мерзімін алдын ала хабарлап отырды. Ел үдере биік қырға қарай көшетін. Ал
тасқын тоқтағанда қайта оралады.Сүмбіле жұлдызы туып, кешікпей тасқын
болып, қырға көшкен халық біршама уақыт демалып та қалатын. Олар
Сүмбіленің Үлкен Арлан шоқ жұлдызының құрамында екенін білетін. Сондықтан
да тасқын кезіндегі демалысты Арланды латынша атымен Каникс деп атайды.
Бұл кейін келе каникул деген терминге айналып кетті.
Сүмбіленің шығыс көкжиектен шығу мен батыс көкжиекке барып батуы
мерзімін білудің нәтижесінде, оның шығыс көкжиектен қайта шығуы мезгілін
дәл есептеудің арқасында Сотис күнтізбесі деген күнтізбе өмірге келеді.
Ол мерзім 30 күннен тұратын 12 айға бөлінеді. Артылып қалған бес күнді
египеттіктер шолақ ай д.а, ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін
күндер деп есептеген. Сотис күнтізбесіндегі айлардың аттары да өздері
табынған “құдайлар” мен “пірлердің” аттарымен аталған.
Ежелгі халықтардың ішінде тек египеттіктерде жыл бойындағы
күндер саны 365- тен өзгерген жоқ. Сондықтан да Сотис күнтізбесінде
әрбір төрт жылда бір күн, 120 жылда бір ай , ал 1460 жылда бір жыл
қосылып кетіп отырды. Жыл басының осындай мерзімге жылжып кетіп отыруы
біршама ыңғайсыздықтар туғызды. Оны тұрақтандырудың жолы қарастырылды.
Б.з.б. 238 жылғы наурыз айының жеті тәулігінде Египет патшасы Птолемей
111 Эвергеттің күнтізбесіне сай жарлығы шығады. Ол жарлық бойынша 3 жыл
365 күннен , ал 4 жыл 366 күннен тұрады. Сонда жыл орта есеппен 365,25
күнге теңеледі де, жылдың бір күні тұрақталады.
Бірақ Сотис күнтізбесін басқарып жүрген абыздар құдайға табынатын
5 күнге нұқсан келетін болғандықтан патшаға қарсылық білдіріп, оны жүзеге
асырмай тастайды. Сонда да болса Эвергеттің Каноп декреті делінетін
жарлығын кейбір жақтаушылар ұстанып, оны тас плитаға қашап жазады. Ол
1867 жылы Ніл сағасындағы Каноп қаласының храмдарының бірінің жұртынан
қазып – аршу жұмысы кезінде табылған. Күнтізбе копт және грек тілдерінде
жазылыпты .
Дәл күнтізбе жасауда Христофор Колумб заманына дейін мыңдаған
жылдар бұрын бүгіндегі Орталық Америкадағы Юкатан жарты аралын жайлаған
Майя тайпасының ежелгі үндістері алдарына жан салмайды. Олар ерекше
дамыған өркениетті көптеген патшалықтан тұрған. Жасыл орманның ашық
алаңдарына ғажайып күмбезді зәулім үйлер тұрғызған. Тек ол аймақ
тропиктік аймақ болғандықтан жыл алты ай құрғақ, алты ай нөсерлі.
Үндістер күннің құрғақ кезінде тас балталарымен орман ағаштарын кесіп,
қабықтарын аршып тастап отырады. Ағаш әбден кепкен кезде от тұтатып
өртеп, ашық алаң жасап, жерін аударып, тырмалап, ол алаңдарға негізінен
жүгері және т.б дәнді дақылдар себеді. Олар 6 айға жуық себелейтін
нөсерлі жаңбырда өсіп-өніп, жайқалып тұрады. Бірнеше күнге кешігудің өзі
олардың тіршілігіне үлкен қауіп келтіреді.
Осыдан келіп Майя патшалықтарындағы абыз-астрономдар неше ай, неше
күн нөсер, неше күн құрғақ болатынын дәл білуге тырысты. Олар 4 қырлы, 2
сатылы платформаның үстіне тұрғызылған киіз үй пішінді мұнараларындағы
күннің қысқы, жазғы тоқырауы және күн мен түннің көктемгі, күзгі
теңелуіне сай жасаған терезелері арқылы жұлдызды аспанды үнемі бақылап-
қадағалап отырған. Соның нәтижесінде тіршіліктеріне төнетін ауа райы
қауіптерінен дер кезінде сақтанған. Абыз-астрономдардың күн тізбесіндегі
365 немесе 366 күннен тұрды, ол 13 күндік апталар мен 20 күндік айларға
бөлінді. Бұл күнтізбе атаулыдағы ең дәл күнтізбе еді. Күнтізбедегі жылға
тек он мың жыл өткенде ғана 1 тәулік жинақталатын болды. Онан кейінгі дәл
жасалған күнтізбе парсының ұлы ақыны Омар Хайямның күнтізбесі. Оған 8000
жыл өткенде ғана 1 тәулік жинақталады. Юлий Цезарьдың күнтізбесінде әрбір
128 жылда, Григорий күнтізбесінде әрбір 3600 жылда 1 тәулік түзіледі.
Күнтізбе аталуының ең көнесі – Ай күнтізбесі. Ол біздің эрамыздан
бірнеше жыл бұрын пайда болған. Вавилондықтардың, қытайлықтардың,
еврейлермен үнділердің күнтізбелерінде бұл ерекше орын алады. Ауғанстан,
Иран, Туркия және басқа мұсылман елдерінде кеңінен қолданылады. Мұсылман
күнтізбесіндегі 12 айлық мерзімді 631 жылы Мұхаммед пайғамбар енгізген.
Ал күнтізбенің басы Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге көшкен
кезінен, 622 жылдың қыркүйек айынан саналады.
Ай ширектерін жақсы түсініп алған адам баласы уақыт өте келе күнге
назар аударады. Одан кейін пайда болған Ай- Күн күнтізбесі б.зб. алғашқы
мыңжылдықта Ежелгі Қытайда, Ежелгі Грецияда , т.б. елдерде қолданылады.
1912 жылғы қаңтар айынан бастап Григорий күнтізбесі ресми түрде
енгізілгеніне қарамастан Қ.Х.Р шығыс күнтізбесі деген атпен Ай күнтізбесі
қолданылып келеді. Ол жыл сайын қаңтардың бірінен кейін Айдың бірінші
жаңасынан басталады. Ай күнтізбесін сондай-ақ бүгін де Жапония, Корея,
Монғолия және т.б ірі елдер ұстанады.
Б.э.д 46-шы жылы Римде жоғары билікті өз қолына алғаннан кейін 10
жыл өткеннен кейін Юлий Цезарь патша сол кезге дейін қолданып келген Рим
күнтізбесіне өзгерістер енгізуді қолына алады. Ондай шешімге келуіне
Египетке жасаған сапары, онда көрген күнтізбе себеп болды. Күнтізбеде
жылдың орташа ұзақтығы 365.25 күн деп алынады, 3 жыл 365 күннен келіп, 4
жылы наурыз айына дейін 1 күн қосылып отыратын болады. Оны біз “кібісе”
жыл деп жүрміз. Ал“кібісе жыл” деген ұғымды алғаш енгізген Омар Хайям
болатын. Юлий Цезарьдың тапсырмасымен өзгерістер енгізген жұлдызшы ғалым
Созиген барлық тақ санды айларды 31, ал жұп санды айларды 30 күннен алды.
Юлий Цезарь қайтыс болғаннан кейін ол күнтізбе патшаның атында қалды.
Уақыт өте келе бұл күнтізбеден де кемшілік табылды. Ол кезде
тропикалық жыл орта есеппен 365 тәүлік, 5 сағат, 48 минут, 11 секунд
болғандықтан Юлий күнтізбесіндегі жыл одан 11 минут, 13.9 секундқа ұзақ
болып шықты. Ол былайша қарағанда, азғантай ғана айырмашылық болып
көрінген мен, әрбір 128 жыл 68 күнде жинала келе 1 тәулікті құрады. 16
ғасырдың өзінде-ақ көктемгі күн мен түн түннің теңелу күні наурыздың 21-
нен 22-не жылжытылды. Пасха мейрамын мейрамдай жазға қалды. Ал арада 400
жыл өткенде, бұл айырмашылық 3 тәуліктен асып кетті.
Мұндай үлкен алшақтық пен қолайсыздықтан құтылу үшін 1592 жылы Рим
папасы Григорий ХІІІ ғасыр төңірегіне қызметшілері мен ғалымдарын жинап,
арнайы комиссия құрады. Комиссия көптеген күнтізбе жобаларын қарай келіп
Италияның белгілі математигі әрі дәрігері Луиджи Лилио Гараллилдің
күнтізбесін қабылдайды. Ол кейіннен жаңа санат саналып, Григорий
күнтізбесі аталып кетеді. Жаңа санат бойынша әрбір 400 жылдағы
айырмашылық 2 сағат 55 минут. Әрбір жылда қосылатын 26 секунд тек 3600
жыл өткенде 1 тәулікті құрайды.

Жыл қайыру жүйелері.
Күнтізбелер тарихын зер сала оқысақ, қай халықтың да оны өмір
тіршілігіне қажеттілігінен жасағанын білеміз. Халқымыз мал шаруашылығына
байланысты зерттесе, египеттіктер мен маялықтар егін шаруашылығына сай
күнтізбе жасады. Қай халықтың да күнтізбе жасау әрекеті Күн мен Ай, Күн
жүйесіндегі село кезде белгілі болған 5 ғаламшар: Шолпан, Қызыл ғаламшар,
Асқақ ғаламшар және Қоңырқай ғаламшар одан әрідегі Сүмбіле жұлдызы, Үркер
жұлдыз шоғырымен байланысты болды. Қазақ халқының күнтізбесінің тарихы да
әріде жатыр. Күнтізбе зерттеушісі Мыңбай Исқақовтың “Халық календарі”
кітабының 2 “Қазақ календары және мүшел” деген тарауындағы “Байырғы қазақ
календарьындағы айлардың жүйелері” дейтін тақырыбында автор айлардың
қазақ болып құрала бастаған жүйелегенін жазады. Осы тарауда М. Исқақов
қазақ күнтізбесінің тек қана наурыз айынан басталатынын мынандай нақты
дәйектеме келтіреді“Қазақ халқы қолданатын айларының жүесі төмендегідей:
Наурыз Қыркүйек
Сәуір Қазан
Мамыр Қараша
Маусым Желтоқсан
Шілде Қаңтар
Тамыз Ақпан
Наурыз-жылдың бірінші айы. Жыл 12 айға бөлінген.
Бүгінде бұл жүйені қазақ газеттерінің ішінде республикалық “Ана
тілі” газеті ғана сақтап келеді. Халқымыздың жыл басын наурыз айынан
бастауы бекерден бекер емес. Оның астрономиялық негізі бар. Күн өзінің
эклиптика делінетін жылдық жолында аспан экваторын екі рет қиып өтеді.
2 М.Искаков . Халык календары.Алматы 1960ж
Оның алғашқысы наурыз айының 21-дегі күн мен түннің көктемгі теңелу
нүктесіне дәл келеді. Ал наурыздың 22-нен бастап күн минуттап ұзара береді.
Жоғарыда айтылған “Халық календары” кітабының авторы М.Исқақов осы кітапта
профессор П.И.Мариковскийдің зерттеулер нәтижесінде Алматыдан 142 шақырым
жердегі ежелгі қазақ зертханасының орнында күн мен түннің көктемгі теңелуі
кезіндегі шығыс көкжиектен көтерілген Күн сәулелерінің жолын айқындайтын
астрономиялық сызықтардың табылғанын жазады. Ол сызықтар тек күн мен түннің
теңелуі емес, жаңа таңның, жаңа күннің, жаңа жылдың басталуын білдіретін
символикалық белгі еді. Күн сәулесінің жолдары соны меңзейді.
Календарьдың тарихы мен өмірде қажеттігі сөз болды. 1960
жылы Қазақ мемлекет баспасында осы жолдар авторының Қазақтың
байырғы календары атты Уакыт есебін жүргізудің ғылыми жолдары
қаншалық дәл және тиянақты болғанымен, оларды түсіндіретін,
хабарлайтын, халық арасында тарататын құралдар болмаса, көпшіліктің
көкейіне қонып, санасына сіңісе алмайды. Сондықтан календарьды өмірмен
ұштастыратын жазба құралдар болуы тиіс. Қазақ тілінде ғасырлар бойы
календарь кітаптары болмай келді. Ерте кезде бақырдан жасалған ,
кілемдер мен түскиіздерге кестеленген немесе оюланған бірен - саран
мүшелдік календарьлар мен жылдың 12 айға , 4 маусымға бөлінетіндігін
көрсететін календарьлар болған, бірақ олар бертін келе практикадан
шығып қалған.3 Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы. 3 том, А, 1988. 263-265б.
Сауатты қазақ есепшілері XII – XV ғасырларда Омар
Хайъямның каленьдар жөніндегі парсы тілінде жазылған кітабын, XV-
XVIII ғасырларда Ұлықбектің шағатай тілінде жазылған ( араб және
түркі тілдеріне аударылған ) кітабын, XVIII - XXI ғасырларда осман
түріктерінің тілінде жазылған Рузнәме и Дәрендәуи атты кітапты
пайдаланған . Рузнәме - күнделік кітап яғни каленьдарь деген
сөз. Оны Мақамбет Дәрендәуи деген түрік жазған, кітап бірталай
батыс елдердің тілдеріне аударылған. 1883 жылы Россияның Азиялық
депортаменті орыс тіліне аудартып ( аударушы - М.Ғамзатов ),
Петербургте бастырып шығарған. 1870 жылдан бастап гәрелік деген
атпен Қазан қаласында, татар тілінде, анда - санда календарь – жинақтар
шығып тұрды, олар қазақ арасына да таратылды. Календарь кітаптарын
шығаруда көрнекті татар жазушысы, ғалым, ағартушы – педагог Ғабдыл
–Қайым Ғабдыл - Насыр ұғлы, қысқаша айтқанда Қаюм Насыри ( 1825 -
1902 ) елеулі еңбек етті . Оның 1877 жылы татар тілінде араб
әріптерімен Қазанда шыққан Календарь атты кітабы бірнеше рет
қайталанып басылды . Оларды қазақ оқырмандары да пайдаланды. 1889
жылдан бастап Петербургта Шаһабудин Талифидің араб әріптерімен,
жартылай түрікше , жартылай арабша жазылған Мұсылман календары
шығып тұрды . Оның 8 басылымы 1899 жылы жарық көреді .
Календардан қазақ тілінде жазған кітаптартардың
тұңғышы ретінде 1897 жылы Орынборда Бреслин баспаханасында орыс
әріптерімен басылып шыққан Календарь для киргизов – Қазақ ушін
календарь атты жинақты айтуға болады. Жинақты шығарушы – Торғай
облыстық статистика комитеті. Авторларының немесе құрастырушысының
фамилиялары көрсетілмеген . Негізгі материл қазақ тілінде жазылған .
Жинақ екі бөлімнен құралған, бірінші бөлімінде сол кездегі Торғай
облысының халқы мен шаруашылығы жөніндегі мағлұматтар , екінші
бөлімінде 1897 жылға арналған табель - календарь, күн мен айдың
тұтылу мезгілдері, Россия туралы , кейбір шетелдер туралы
мағлұматтар , шаруаларға пайдалы кеңестер келтірілген . Бұл кітап екі
түрлі болып шыққан , толық вариантының көлемі 158 бет , қысқаша
вариантының көлемі 91 бет.
Толық мағынасындағы тұңғыш қазақ календары Ұлы
Октябрь социалистік революциясынан кейін , 1922 жылы жазылған
(араб әріптерімен басылған ). Мұны 1923 жылы қолдану үшін
Қазақстанның мемлекеттік баспасөз бөлімі басып шығарған. Календарь
журнал түрінде шыққан , бетінде мынадай сөздер жазылған:
Жер жүзінің еңбекшілері , бірігіңдер!
1923жылдың қазақ календары
Киргизский календарь на 1923 год
Оренбург
Государственное издательство КССР
1922
Календарьдың көлемі 146 бет , бағасы мен тиражы
көрсетілген. Кітап алты таратуға бөлінген ,онда 31 мақала бар . Сөз
басынанан кейін жалпы календарь тарихынан қысқаша мағлұматтар
келтірілген . Бірақ қазақ жылы жайында ешнәрсе айтылмаған.
Календарьдың әлеуметтік өмірінде елеулі рол атқаратындығы , оның
таптық сипаты болатындығы, ескі календарьды үстем таптар өз
мүдделеріне сәйкестендіріп пайдаланып келгендігі атап көрсетілген.
1923 жылдың қазақ календары табель – календарьдан
басталған . Табель – календарьдың бірінші жолында ит жылы бітіп,
доңыз жылының басталуы 22 март деп жазылған . Әрбір айдың екі
түрлі атауы көрсетілген:

Январь- дәлу
Июль-әсет,

Февраль-хұт,
Август-сүмбіле,
Март-хамал.
Сентябрь-мизан,
Апрель-сәуір,
Октябрь-ғақыррып,
Май-зауза,
Ноябрь-қауыс,
Июнь-саратан,
Декабрь-жидді.
Айлардың бірінші атаулары римше , екінші
атаулары ғарапша (яғни арабша ) делінген .4С.Г.Нургалиева .Казак
халкынын кунт!збес!
Бұлар жөнінде мынадай ескертпе берілген : Бұл ғарапша деп
жазған ай аттары қазақтың көп жерінде ( екінші жүзде )
қолданылады . Қазақтың басқа жерлерінде ай аттары бірде орысша ,
бірде қазақша ескі аттармен аталады . Бірақ айлардың қазақша ескі
аттары қандай болғаны айтылмаған .
Күн аттары сенбі , жексенбі , дүйсенбі , сейсенбі ,
сәрсенбі , бейсенбі , жұма түрінде жазылған . XX ғасырдың ортасына
дейін күн аттары осылай жазылып келген . 50 жылдары кейбір тіл
мамандары грамматиканың түбір сақтау заңына сүйеніп , оларды сенбі ,
жексенбі тағы сол сияқты түрінде жаздырып жіберді . Біз ескілікті
тарихи документтердегідей етіп М әріпі арқылы жаза беру керек
дегіміз келеді . Халық қазынасына сүйенген жөн ғой деп ойлаймыз.
1923 жылдың қазақ календарында 1 январь
дүйсенбі күнге келген . Ол кезде Қазақстанда демалыс күні жұма
болған .
Табель – календарьдың ақырында атап өтілетін күндер
көрсетілген , олар :

22 январь-қанды жексенбі күні,
12март-патшаның тақтан түскен күні,
18март-Париж коммунасының күні ,
22март-наурыз (қазақша жыл басы),
1май-Интернационал күні,
9сентябрь-жастар күні,
4октябрь –Қазақстан советтерінің бірінші съзі ашыған күн.
7ноябрь –Октябрь мейрамы.
Бұлардан кейін ораза айты мен құрбан айтының
мерзімдері көрсетілген .
Календарьда қазақ халқының тарихынан қысқаша
очерк берілген . Бұқара - көпшілік және саяси - ағарту мәселелеріне
арналған мынадай мақалалар бар :
Жер жүзінің еңбекшілері ,бірігіңдер!
Жұмыскерлер табының тақты көсемдері.
Таптар күресі деген не?
Тап және партия .
Россия коммунистік партиясының тарихы.
Комсомол.
Әйелдер арасындағы жұмыс.
Мұнда Маркс , Энгельс , Ленин , Калинин туралы айтылған.
Бұлардан кейін Қазақ республикасының географиялық
сипаттамасы , әкімшілік бөліктері , шаруашылығы баяндалған .
Жұт жайында екі мақала басылған . Педагогика, денсаулық
сақтау , шаруашылық және заң мәселелерінен консультациялар берілген
. Журналдың соңғы беттерінде өлшемдердің метрлік системасының
таблицасы келтірілген .
Дүние жүзі пролетариатының гимні –
Оян қарғыс таңба басылған , деп басталатын
Интернационалдың қазақша тұңғыш аудармасы осы 1923 жылдың
календарында жарияланған.
1923 жылдың календары зор тарихи рол атқарды
. Ол қазақ тарихындағы баспадан шыққан тұңғыш календарь болды
да , толық календарьлар мен журналдардың шығуына
жол салды. Қазақ еңбекшілерінің арасында социализм идеясының
кең таралуына себін тигізді . Бұл кітаптағы мақалалардын тілі
көркем , идеясы терең , олардан революция лебі соғып тұрады .
Бұдан кейін де қазақша календарьлар шығып
тұрған болу керек . Бірақ біздің қолымызда 1924 - 1928 жылдардың
календарьларлары жайында ешқандай мағлұмат жоқ . Әзірше мәлім
календарьлар – Қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік республикалық
кітапханасының сирек кітаптар қорында сақталған 1929 , 1930 ,
1931 , жылдардың шаруа календарьлары .
1929 жылдың шаруа календары 1928 жылы
Қызылордада басылған . Тиражы 15  000 , көлемі 140 бет , бағасы 35
тиын. Пролетарии всех стран ,
соединяйтесь ! ұраны мұнда Бүкіл дүние еңбекшілері , бірігіңдер
! - деп аударылған . Бұл календарь да , 1923 жылғы календарь
сияқты , араб әріптерімен басылған .
Бірінші бетінде :
Түзушілер : Абдолла мен Бейімбет . Өңдеп ,
түзеткен : Майлин Бейімбет .
Қазақтың мемлекеттік баспасы деген мәліметтер бар .
Мұндағы құрастырушылардың біріншісі ретінде көрсетілген
Абдулла – Қазақстанның белгілі партия және совет қайраткері ,
азамат соғысының ардагері , Сәкен Сейффулинмен бірге атаман
Анненковтың ажал вагонына ,одан кейін Омбыда Калчактың түрмесіне
қамалған , Қиыр Шығыс пен Қазақстанда Совет өкіметін
орнатуға белсене қатысқан , 1917 жылдан КПСС мүшесі Абдулла
Әбдірахманұлы Асылбеков ( 1896 – 1938 ). Екіншісі – кемеңгер жазушы
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин ( 1894 – 1939 ).
1929 жылдың календарында ай аттары январь,
февраль , март , апрель , май , июнь , июль , август , сентябрь , октябрь ,
ноябрь, декабрь түрінде келтірілген , айлардың арапша аттары да ,
қазақша аттары да айтылмаған . Әр күннің шығуы мен батуы
Москва уақыты бойынша көрсетілген .
1929 жылдың календары көптеген мәселелерді қамтыған
.

Мұнда қысқа түрде календарь тарихы
, әлем құрылысы , Жердің, Күннің , Айдың қозғалыстары , Ай мен
Күннің тұтылу себептері, планеталар мен жұлдыздар , шет елдер
жөнінде географиялық мағлұматтар , жер кәсібі , мал өсіру ,
денсаулық , гигиена , еңбек мәселелері жөнінде бірталай кеңестер
бар . Партия өмірі совет құрылысы , комсомол , пионер ұйымдары
және кооперативтер жайында жазылған мақалалар бар . Маркстің ,
Лениннің , Калининнің өмірбаяндары берілген . Жұт туралы мақалалар
мен метрлік өлшемдер мұнда да бар .
1930 жылдың шаруа календарын Бейімбет Майлин ,
Ілияс Жансүгіров және Әбдірахман Мұстафин құрастырған . Мұны
Қазақстан баспасы 1929 жылы Қызылордада басып шығарылған.
Тиражы 30  000 , бағасы 45 тиын .
1930 жылдың календарында айлардың римше
атауларымен қатар қазақша атаулары да келтірілген : январь –
ақпан , февраль –отамалы , март - наурыз , апрель - сәуір , май - көкек ,
июнь –шілде , июль -сарша , август – қыркүйек , сентябрь – мизам , октябрь
– қараша , ноябрь -қазан , декабрь - қаңтар делінген , күн аттары
сембі жексембі , сейсембі , сәрсембі ,бейсембі , жұма болып жазылған .
Бұл календарьдың құрылысы да , жалпы алғанда 1929
жылғы календардікіндей , жаңа тақырыптар : Қызыл Армия ,
коллективтендіру , конфискация , кітаптың аяғында почта жөнінде
анықтамалар бар , оларды хаттың адресін жазу , марка жапсыру
қажеттігі , тағы басқалар айтылған .
1930 жылдың календарында кейбір статистикалық
мәліметтер де бар : 1929 жылдың 1 июліндегі мәлімет бойынша
бүкіл Қазақстанда 324 жүк автомашинасы , 99 жеңіл машина , 31
автобус болған екен . 1929 жылдың 1 октябріндегі мәлімет бойынша
Қазақстанда барлығы 69 аптека болыпты Бұларды қазіргі
мәліметтермен салыстырғанда адамның өзі шексіз қуанышқа
бөленеді .
Қазақстан баспасы 1931 жылы шаруалар үшін
календарь-жинақ шығарған . Оның көлемі 80 бет , бағасы 40 тиын .
Тиражы көрсетілмеген . Құрастырушылар : Б.Майлин мен І.Жансүгіров .
Латын әрпімен Қызылордада басылған . Мазмұны негізінен алғанда
алдыңғы календарьлар сияқты . Жаңадан қосылған тақырыптар :
аттаныс (өмірді социолистік жолмен құру үшін аттаныс ) ,
колхоздар мен совхоздар , Түркістан – Сибирь темір жолы ,
мемлекеттік заемдар.
Бұл календарьлар өз тұсында қазақ
еңбекшілерінің сана-сезімін оятты , бұқара арасында Коммунистік
партияның сара жолын түсіндірді . Бірінші
бесжылдықты мерзімінен бұрын орындауға шақырды . Шаруа
календарының көркем тілмен дұрыс бағытта шығуына қазақтың
түрі ұлттық , мазмұны социолистік мәдениетін жасау ісіне
елеулі үлес қосқан қайраткерлер , коммунист – жазушылар
Майлин мен Жансүгіров қатысты .
Дүние жүзілік календарь бойынша үш жыл
қатарынан 265 күннен есептеледі де , төртінші –
високос жыл 366 күн болады . Високос
- латынның биссекстиллис сөзінен шыққан , оның мағынасы –
екі рет алтыншы деген сөз . Ертедегі Римде 366 күн болатын
жылда февральдағы бір аптаның алтыншы және жетінші
күндері – екеуі де алтыншы күн болып саналған . Високос
осыдан шыққан . Оның үстіне 366 деп жазғанда екі алты
бар . Жоғарыда айтылған қазақ календарында високос
жыл толық жыл , ұлы жыл , жұп жыл деп әр түрлі
аударылған . Сол кездегі кейбір газет – журналдарда високос
орнына кәсіби жыл деген баламалар да кездеседі . Қазір
соңғы - кібісе жыл атауы қолданылып жүр . Саны төртке
бөлінетін жылдар осындай кібісе жылдар болады. Мысалы , 1960
, 1964 , 1968 ,... жылдар – кібісе жылдар . Бірақ , Лилий ережесі
бойынша , 1700 , 1800 , 1900 жылдар жай жылдар , 2000 жыл
кібісе жыл болып есептеледі . Ғасыр аяқталатын жылдар кібісе
жыл болуы үшін , оның ғасырының саны ( мысалы , 20 ) 4- ке
қалдықсыз бөлінуі керек .
Б. Майлин мен І. Жансүгіровтен кейін календарь
кітаптары біраз уақыт ескерусіз қалды . Қазақ тілінде отыз жылдай
календарь жинақтары да , календарьдың теориясы мен тарихына арналған
кітаптар да , тіпті жыртпа . Календарь да болмады . Мұның
негізгі себебі соғыс жылдарында қаражаттың
тапшылығы еді . Ол кезде баспалар да , баспаханалар да аз
болатын , қағаз да жетіспейтін . Елуінші жылдардың аяғында ,тың
игерудің алғашқы нәтижелері жемісті болып , халықтың әл
– ауқаты артқан кезде , өмір талаптары қазақ тілінде
календарь шығаруды қажет етті . Қазақ тілінде жыртпа
календарь жығару қажеттігін айтып , жазушы Ә.Сәрсенбаев пен
журналист Ә.Қ.Бектемісов баспасөз бетінде мәселеле көтерді
. 1957 жылы 17 октябрьде Қазақстан мұғалімі
газетінде қазақ тілінде , Учитель Казахстана газетінде орыс
тілінде осы жолдар авторының Календарь - уақыт тілі атты
көлемді мақаласы шықты . Онда кітапшасы жарық көрді .
Көлемі 5,8 баспа табақ , тиражы 3 мың дана .Кітапша 10
тақырыпқа бөлінген . 1963 жылы сол баспада
Халық календары шықты , көлемі 10,8 баспа табақ , тиражы 10 000
дана . Кітап 4 тарау мен екі қосымшадан құрылған . Ол
жөніңде газет – журнал беттерінде оншақты рецензия болды, оқырмандар
жылы шыраймен қабылдады . Алдыңыздағы кітап – соның өңделген және
толықтырылған екінші басылымы . Календарьдың теориясы мен
тарихынан қазақ тілінде бұлардың басқа ешқандай арнайы
кітап болған жоқ.5Казакстан мугал!м! . 2002.01.01 №1

II.
1. Байырғы қазақ календарындағы айлардың жүйелері.
Календарды халық арасына көп тараған түрлерінің бірі
–қабырғалық жыртпа календар . Мұндай календарь бұқараны уақыт
есебімен таныстырып , жылдағы айлардың , айдағы және аптадағы
күндердің жүйелерін көрсетіп отырады . Ертеден келе жатқан
дәстүр бойынша жыртпа календардың әр
бетінде күннің шығуы мен батуы , оның ұзақтығы , айдың
ширектері жөніндегі мәліметтер келтіріледі .
Бұрынғы совет одағында календардың көптеген түрлері
шығарылады . Олардың ішінде орыс тілінде : астраномиялық
ғылыми календарь , саяси журнал - календарь , колхозшылар
календары , аңшылар мен балықшылар календары, Земля
и люди деп аталатын географиялық календарь , бояулы
суреттер мен шығатын Спутник атты блакнот – календарь ,
табель - календарь , қалта календары , стол үстіне қоятын
аударылма календарь , жалпы жыртпа календарь , әйелдер
календарь , балалар календары тағы да басқа календарьлар
шығады . Украин , Беларус , Латын , Литван , Армиян , Грузин
, Татар , Эстон , Чуваш тілдерінде қабырғалық жыртпа
календарьлар шығып тұрады . Татарлар жыртпа
календарьларды 1881 жылдан бері шығарып келеді.
1958 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық
Комитеті қазақша календарь шығару туралы мәселе қарады , бүкіл
одақтық календарьмен қатар қазақ тілінде жыртпа
календарь шығару қажет деп тапты . Осыған сәйкес Қазақ
мемлекет баспасының жан ынан дербес календарь редакциясы
құрылды . Редакция 1960 жылдың жыртпа календарын 1959
жылы қазақ тілін де 180 000 дана тиражбен басып шығарды
6Мадениет хабаршысы Бұл - қазақша шыққан тұңғыш жыртпа
календары еді .
Қазақстан КП Орталық Комитеті республикамызда
мұндай календарьдың бұрын шықпағандығын еске алып ,
ғалымдардан , жазушылардан , журналистерден арнаулы редакциялық
коллегия құрды .
Календарьдың кіріспе бөлімінде редакцияның
алғы сөзі , календарь тарихынан қысқаша мағлұматтар ( бұл
тарихи мағлұматтарды осы кітаптың авторы жазған ) ,
болашақ дүние жүзілік календарьдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер
ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ
Қазақ халқы математиканы бесіктен бастауы
Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару жолдары
Фараби шығармаларындағы есептердің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Математикадан олимпиадалық есептерді шешуде математикалық логика элементтерін қолдану
Бұйымды таңдау және негіздеу
Автоматандырылған жұмыс орны
Қазақстан халқының сандық құрамы
Пәндер