Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қапас Анаргүл
Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050400 (050504) «Журналистика »
Алматы, 2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра мемеңгерушісі
ф. ғ. д., профессор Т. С. Тебегенов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
5В050400 (050504) «Журналистика»
Орындаған: 4 курс студенті Анаргүл Қапас
Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. д., доцент Д. Баймолда
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ
2. 2 Қытай елінде шығатын қазақ басылымдары . . .
2. 3 Қазақстан және Қытай арасындағы ақпараттық байланыстардың даму болашағы . . .
40
53
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
60
61
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отыр. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып білу біз үшін аса маңызды және пайдалы.
Неміс философы Карл Ясперс «Қазіргі адамзат өркениетінің негізі б. з. д. VIII-II ғасырларда қаланды» деп есептейді. Ол аталған уақыт аралығында әлемнің бірнеше нүктесіндегі қат-қабат адамзаттың рухани сілкінісімен, жаңа дүниетанымын әкелген өзгерістер болғандығын алға тартады. Персияда рухани ойдың дамуы Заратуштра есімімен байланысты болса, Грецияда Гомер, Демокрит, Платон сияқты философтар шоғырымен анықталды. Ал, Қытайда бұл құбылыс Лао-цзы және Кун-цзы есімдерімен байланысты. Соңғы есім иесі, әлем халқына «Конфуций» деген атпен танымал болды. Оның Қытай халқы ғана емес, бүкіл әлем өркениетіне ықпал еткен рухани мұраны жасаушы болғандығына ешкім дау айтпайды.
ҚХР-ның сыртқы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келген дәстүрлі қарым-қатынас саясатының негізінде жаңа заманға сай жетілдірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР-ның халықаралық бағытта жүргізіп отырған сыртқы саясаты өздерінің ұлттық мүдделеріне сай ең алдымен өз мемлекетінің халықаралық тұрғыдағы беделін арттыруға, мемлекеттің ішкі саяси жағдайын тұрақтандыруға, елдің әл ауқатын жақсартуға, саяси, экономикалық, мәдени әлеуетін нығайтуға және көрші елдермен бейбіт тату қарым-қатынаста болуға бағытталған. Ал өз елі үшін тиімді саясат пен халықаралық дамудың үйлесімділігін қамтамасыз ете білу Қытай басшылығының үлкен жетістіктері болып табылады. Қытай үкіметі болашақта ҚХР-ын әлемдегі ең алпауыт державалардың біріне айналдыруға бағытталған саясатты берік ұстанып отыр.
ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылдан дүниеге келген. ҚХР құрылған мерзімнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Олардың қатарына «үлкен секіріс», «ұлы мәдени революция», «экономикалық реформаларды жүзеге асыру және дүниежүзінің барлық елдерімен достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған сыртқа қарай есікті ашық ұстау» сияқты кезеңдерді жатқызуға болады.
Қазақстан елі тәуелсіздік алғаннан кейін Қытай Халық Республикасының арасындағы қарым-қатынастың жандануы, оның қарым-қатынас аумағы кеңейді. Тіпті тарихтағы Ұлы Жібек жолының қайтадан жаңарып, өркендей түсуіне үлкен ықпал жасады.
Қазақстан және Қытай Халық Республикасының қарасындағы қатынас саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар бойынша және де шекара, қауіпсіздік т. б. ынтымақтасуды дамытып келеді және қарым-қатынастарының одан әрі кең көлемде өрістеуіне септігін тигізетін маңыздылығымен ерекшеленеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының арасындағы қарым-қатынасының дамуы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын зерттеп дәріптеу өзекті мәселе болмақ.
Сондықтан біз диплом жұмысымыздың тақырыбын « Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының даму үрдісін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарына тарихи тұрғыдан талдау жасау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу тақырыбына қатысты деректер қытай, қазақ тілдерінде жарияланған құжаттық Қытай мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қатысты құжаттар мен материалдар жиынтығы, мемлекетаралық үкімет басшыларының қол қойған ресми келісімдері, меморандумдар, декларациялар мен баспасөз мәліметтерін қамтиды. Мұндай құжаттар екі ел арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға деректілік құндылығы жоғары материалдар болып табылады. Олардың қатарында «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық өзара қатынастар негіздері туралы Бірлескен Декларацияны» [1], «2003-2008 жж. аралығындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы туралы Бағдарламаны» [2], «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларацияны» [3] сияқты ресми құжаттарды ерекше атауға болады. Ал «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы туралы Декларация» [4], «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясы» [5], «Лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясы» [6] сияқты құжаттар осы ұйым аясындағы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің, лауазымды тұлғалардың жасаған баяндамалары, ресми сапар барысында сөйлеген сөздері, ашық мәлімдемелері және тілшілерге берген сұхбаттары құрайды.
Мұрағат материалдары, яғни Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасы бірнеше ғасырларға созылғандықтан тарихи құжаттар мен материалдары, бұл құжаттарға Қазақ КСР Ғылым Академиясы жанындағы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты және Ұйғыртану институты бірлесіп құрастырған 2 бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы жатады. Құжаттар жинағы XVIII - ХІХ ғасырлардағы қытай-қазақ қарым-қатынастарын қамтыды. отандық және қытай тілдеріндегі мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі ақпарат материалдарын жатқызамыз. Олар қазақстандық «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш», «Панорама, «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Шекарашы», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Саясат», «Қоғам және дәуір», «Центральная Азия» журналдарында; «Мировая экономика и международные отношения», «Азия Африка сегодня», «Нефть и газ» сияқты газет пен журналдары, сонымен қатар қытайлық «Renmin ribao», «Zhongguo ribao», «Xinjiang ribao» газеттері мен «Көрші», «Контимост», «ZhongYa yanjiu», «Zhongguo waijiao», «Xiandai guoji guanxi», «Shehui kexue», «Shijie jingji yu zhegzhe» журналдарында жинақталған. Аталмыш басылымдар ҚХР-ның және ҚР-ның, Орталық Азия елдерінің ішкі және сыртқы саясаттарын, аймақтар арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін айқындауға көмегін тигізді.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында деректердің бесінші тобын құрайтын әлемдік электронды интернет жүйесіндегі қытайлық «Xinhua», «Zaobao», «China. org. cn», «CRI Online» ресми сайттардың, сонымен қатар қытай баспасөз материалдарының электронды нұсқалары, соның ішінде біздің тақырыбымызға қатысты қойылған тың деректер мәселені жан-жақты қарастырып, талдауға мүмкіндік туғызды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан - Қытай қарым- қатынастары саласы бойынша жазылған еңбектерде көрші елдердің екі жақты қатынастарында орын алған көптеген тарихи, саяси оқиғалары жан-жақты және объективті түрде сипатталған.
Бүгінгі Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға байланысты, жалпы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар туралы, осы аймақпен ҚХР-ның орнатқан қарым-қатынас тарихы қытайлық зерттеушілердің еңбектерінде жақсы қарастырылған. Қытайда жарық көрген еңбектердің арасында аса ерекше Ян Фучаңның редакциялық жетекішілігінде шығарылған «Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихын» атап өтуге болады [46] . ҚХР-ның Қазақстан Республикасы қатынастарының қалыптасуы мен даму тарихына қысқаша шолу жасалады.
Қытай зерттеушісі Сунь Чжанчжыдың «Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы қатынастары» деген монографиясында Орталық Азиядағы бес мемлекеттің (Қазақстан да қамтылған) тәуелсіздік алуы, ішкі-сыртқы қатынастарын қалыптастыру барысы талданып, Орталық Азия елдерінің бүкіл дүние жүзімен қарым-қатынастары жан-жақты сараланған [8] .
Қазақстан-Қытай қатынастар мәселесін тереңінен зерттеу Қазақстан Республикасында ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қытайдың елімізге ұстанатын сыртқы саясат принциптері, стратегиялық басымдылықтары және олардың Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да маңызды мағлұматтарды жекеленген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінен кездестіруге болады. Олардың арасында Қ. С. Сұлтановтың [9], Н. Мұқаметханұлының [10], К. Ш. Хафизованың [11], Н. А. Алдабектің [12], М. Т. Лаумулиннің [13], В. Ф. Галямованың [14], М. Әшімбаевтың [15], М. Е. Шайхутдиновтың [16], С. Ж. Сапановтың [17], Н. Б. Сейдіннің [18] және т. б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыбы, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі бизнесіне бірлесе отырып қарсы күрес жүргізу мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б. Қ. Сұлтановтың және қытайлық зерттеуші Чжао Хуашэннің [19] еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы тарихи, саяси, сауда-экономикалық, мәдени байланыстары кешенді түрде зерттеліп, олардың болашақтағы даму бет алыс мүмкіндігі ғылыми негізде сарапталды;
- Тәуелсіз Қазақстанның көршілік Қытай елімен қарым-қатынасының жандануына тарихи-ғылыми сараптама жасалды;
- Қазақстан және Қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарынындағы жарияланымдарға шолу жасалынды;
- Қазақстан және Қытай арасындағы ақпараттық байланыстарды дамыту жайындағы өзіндік ізденістер жүргізілді.
Зерттеу базасы: Республикалық „Дала мен қала“ газеті
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде: (қыркүйек, қазан) ғылыми жетекшімен д иплом жұмыс жоспарын құру, ғылыми зерттеулер әдіснамасы мен теориясының жалпы және арнайы мәселелері бұқаралық басылымдарды сараптау; зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақтап, жүйеге келтiру.
Екінші кезеңде: (қараша, желтоқсан) ғылыми диплом жұмысының теориялық негізін жүйеге келтіру. Зерттеу жумысына байланысты бұқаралық ақпарат материалдарын жүйелеу, мұрағат материалдарын реттестіру.
Үшінші кезеңде: ( қаңтар, ақпан, наурыз) Республикалық басылым „Қала мен Дала“ газетінде практикадан өту барысында жинақталған құжаттарды ғылыми жетекшімен талқылай отырып, қорытындылау және пайдаланылған әдебиеттерді жүйеге келтіру. Диплом мазмұны мен құрылымы жүйеленіп, оның нәтижелері қорытындыланды. Дипломдық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Диплом жұмысының құрылымы : үш бөлімнен, сілтеме, қосымшадан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз - түрлі жаңалықтар, хабар-ошарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрі жария түрде жеткізе алу. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, бейне-таспа, үн-таспа және көпшілікке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техниканың соңғы жаңалықтары - спутниктік байланыс, кабельді теледидар және түрлі компъютерлік интернет байланыс жүйелері қосылып отыр.
Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда маңыздылығы олардың тікелей атқаратын коммуникативтік, ақпарат таратушылық, танымдық, қоғамдық пікір туғызу арқылы саяси билікке ықпал етушілік, қадағалаушылық, білім берушілік, әлеуметтендірушілік қызметтерімен тікелей байланысты.
БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлі әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйіндеуіне ықпал етеді, олар жөнінде әртүрлі ақпараттар ағыны ішінде бағдар алуына жәрдемдеседі. БАҚ адамдарға әлеуметтік-саяси оқиғалар және процестер жөнінде мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және түсінуге танымдық қызметтері арқылы қол жеткізеді.
Бұл қызметтері азаматтарға БАҚ және басқа ақпарат алу көздерінен алынған мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және жүйелеуге, күрделі қарама-қайшы ақпараттар ағымында дұрыс бағдар алуға мүмкіндік беретін білімдерден хабардар болуынан көрінеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеудің негізгі теоретикалық бағыты оның негізгі мәнін түсінуге негізделген.
Біздің отандық зерттеулерде БАҚ-ның тек қана рөлі ғана емес, оның қоғамдық санаға әртүрлі жолдармен ықпал етудің ерекшеліктерін зерттеуге көп көңіл аударылған.
Қазақстанда 1997 жылы «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» туралы Президент Жарлығы кабылданды. Бұл құжаттағы идеялар Президенттің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты [20] .
Ақпараттық қоғам құруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөлге ие болып отыр. Сондықтан ақпарат кеністігінде жергілікті, өңірлік, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар әлемдік ақпарат көздері тұрғындарға кеңінен таралып, медиажаһандастыру үрдісі бізге таңдаудың жаңа үлгілерін ұсынып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде ресейлік-қазақстандық мерзімді басылымдар шығарылады және шетелдік ақпараттар баспа, теледидар, радио мен интернет желілері арқылы таралып отыр.
БАҚ - адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құрметтеуге тәрбиелейді. Қазіргі кезде демократияланып жатқан дәуірде бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы артып отыр. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
Егер тиімді пайдалана білсе, БАҚ-әлеуметтік процестерге орасан зор ықпал ететін алпауыт күш болып табылады. БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру арқылы олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне ықпал етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ықпалы мемлекет пен оның институттарына және жүргізіп отырған саясатына қатысты адамдардың ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай алады. Баспасөз пікірдің тууы мен таралуына тікелей қатысады. Яғни, ол қоғамдық пікірді білдірмейді, оны жасайды. Ол адамдардың өмір туралы түсінігін бейнелемейді, керісінше осы түсінікті қалыптастырады.
Бүгінгі жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикалық, әлеуметтік, саяси өмірінде демократиялық жаңарулар тереңдетіліп, қоғамды жалпы трансформациялау процестерінің қажетті шарттары тұрақтандырылуда. Жас мемлекетіміздің алдында қоғамдық дамудың бүгінгі кезеңде өркениеттің жетістіктерін материалдық және рухани игілік ретінде сақтау мәселесі туындап отыр. Мемлекеттік тәуелсіздік жаңа экономикалық саясатпен, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет құру міндеттері еліміздің ақпарат кеңістігіне үлкен өзгерістерді қалыптастырды. Ол міндеттерді жүзеге асыру қоғамның өмірін дұрыс түсініп, қабылдап, шынайы суреттеу мүмкіндігінен соң жүзеге аспақ.
Міне, жаңа Қазақстан және Қытай мемлекеттерінің арасындағы қатынастың қалыптасуы және дамуы БАҚ құралдарында жарияланып, елге таралды. Екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси, мәдени қатынастың өркендеуі, ол соңғы ғасырларда қалыптасқан жоқ. Біз ғылыми мұражайлардың мұрағаттардан тапқан құжаттармен жұмыс жасағанда қызықты материалдар іздеп тауып, оны дипломдық жұмысызға арқау еттік. Сол кездің өзінде екі ел арасындағы қатынас қағаз бетінде түсірілген, яғни ақпарат құралдарының дамуын қай дәуір болмасын қажеттілік екенін дәлелдеген сияқтымыз (ол қосымшада берілген) .
Қытай ең ежелгі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ол өзінің бірнеше мыңдаған жылдарға созылған даму тарихында гүлдену мен құлдырау кезеңдерін басынан өткізіп, қазір әлемдегі алып державаға айналған ықпалды мемлекет.
ҚХР-ның саяси бағдарламасы 1949 жылы 30 қыркүйекте Қытай халықтық саяси кеңесі қабылданған «Ортақ бағдарламада» белгіленген. Аталмыш бағдарламада: «Қытай Халық Республикасының сыртқы саясат принципі - өз елінің тәуелсіздігін, еркіндігі мен территориялық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету, халықаралық мәңгілік бейбітшілік пен әрбір мемлекеттер арасындағы достық ынтымақтастықты қолдау, империялистердің агрессиялық саясаты мен соғыс саясатына қарсы тұру» деп көрсетілген. Ал осы бағдарламаның 11 тарауында: «Қытай Халық Республикасы дүниежүзіндегі барлық бейбітшілікті, еркіндікті сүйетін мемлекеттермен және халықтармен ынтымақтасады, барлық демократиялық мемлекеттермен және қаналушы ұлттармен ынтымақтасады, халықаралық демократиялық лагерь жағында болып, империалистік агрессияға ортақ қарсы тұрып, дүниежүзінде бейбітшіліктің ұзақ сақталуын қамтамсыз етеді» делінген [21, 31 б. ] .
1949 жылғы 1 қазанда Қытай Компартиясы Қытай Халық Республикасының құрылғандығы туралы барша әлемге ресми түрде жариялап, өзінің социалистік бағытпен даму жолын бастады. ҚХР үкіметінің сол кезеңде жүзеге асырған сыртқы саясатының бастапқы мәні - халықаралық қатынастарда барынша елдің беделін арттыру және жаңа сипаттағы халықаралық қатынастар бағытын құру болып табылды.
Қытай Халық Республикасы құрылған кезде Қытай Коммунистік партия басшылығының қолында елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының анық әрі нақты даярланған жоспары болған жоқ. Бірақ соған қарамастан Қытай үкімет басшылары барынша мемлекеттік шығындар санын қысқартуға тырысып, қатаң түрдегі экономикалық саясат бағытын жүргізді. Ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіру, осы саладағы реформаларды толық және нәтижелі түрде жүргізу, елдің экономикалық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік бақылауды күшейту, сонымен қатар жеке кәсіпкершілікті дамыту мәселелері үкімет орындары ҚХР-ның болшақтағы даму үлгісін әзірлеуіне байланысты шешім қабылдауына себебін тигізді. Осы үлгі бойынша Қытай үкіметі «жаңа демократия» концепциясынан бас тартып, елдің социалистік-экономикалық күш-қуатын арттыруға бет алды. Қытайдың белгілі саяси қайраткері, ҚКП-ның бас жетекшісі Мао Цзэдун осы саясатты қолдаушылардың бірі болған еді. Мао Цзэдун ҚХР-ның, Кеңес Одағының көмегіне сүйенбей, социалистік даму жолын «анағұрлым көп, едәуір артық, қалай болса да тезірек» деген принципі бойынша жүргізу қажет деп санады.
1990 жылы желтоқсанда бұрынғы төрт одақтас республика - Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы бастамасын көтеріп, Новоогарев келісімін талдап дайындау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемелекеттердің жаңа одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашып берді. 1991 жылдың 21 желтоқсанда бұрынғы он бір одақтас республикалардың басшылары Алматы қаласында бас қосып, тарихи маңызы зор құжатқа - Алматы Декларациясына қол қойды [22] . Алматы Декларациясы бойынша Азербайджан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы және Украина енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамында өзара ынтымақтасатын болды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейкесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады.
1982 жылы өзгертулер енгізілген ҚХР-ның жаңа Конституциясында «Қытай тәуелсiз және бейтарапты сыртқы саясатты қолдайтындығы, оның iшiнде: «аймақ тұтастығын және тәуелсiздiгiн өзара сыйлау, шабуыл жасамау, бiр бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, теңдiк және екi жаққа да пайдалы, дипломатиялық қатынастардың дамуындағы бейбiт өмiр сүру, басқа елдермен экномикалық және мәдени алмасу принциптерiн қолдайды; Қытай империализмге, гегемонизмге және отаршылдыққа қарсы күрес жүргiзе отырып, езiлген халықтар мен дамушы мемлекеттерге көмек көрсетедi» деп мәлімделді [23] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz