Кәсіби терминдерді қазақшалау


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысының (жобасының) орындалуы туралы

күнтізбелік кесте

Тапсырмалар
Мерзімі
№: 1
Тапсырмалар: Дипломдық жұмыстың жоспарын құру, құрылымдық мазмұнын белгілеу.
Мерзімі: қыркүйек
№: 2
Тапсырмалар: Тақырыпқа қажетті ғылыми әдебиеттермен танысу, жұмыстың дереккөздерін анықтау, материалдар жинастыру, жүйелеу.
Мерзімі: қыркүйек-қазан
№: 3
Тапсырмалар:

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Терминдер тарихы жайында

1. 1. Салалық терминдер - лексиканың ерекше қабаты

1. 2 Ахмет Байтұрсынов қазақ ғылыми терминдерінің негізін салушы

1. 3 Ахмет Байтұрсынов жасаған терминдердің мағыналық, құрылымдық және статистикалық сипатамасы

Мерзімі: қараша-қаңтар
№: 4
Тапсырмалар:

II. Кәсіби терминдерді қазақшалау

2. 1 Шет елден енген кәсіби аталымдардың ұлт тіліне аудару проблемалары

2. 2 Орыс тілінен енген терминдер (аталымдар)

2. 3. Қазақ, орыс, ағылшын тіл білімі терминдерінің жасалу жолдары

Мерзімі: желтоқсан-ақпан
№: 5
Тапсырмалар: Жұмыстың қорытындысын әзірлеу, тұжырымдау.
Мерзімі: наурыз
№: 6
Тапсырмалар: Диплом жұмысының жобасын алдын - ала қорғау.
Мерзімі: сәуір
№: 7
Тапсырмалар: Диплом жұмысын қорғау
Мерзімі: мамыр

Жұмыстың аяқталу мерзімі

« ___ » 2012ж

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. д., профессор Т. Н. Ермекова

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-6

І Терминнің шығу тарихы жайында

1. 1 Салалық терминдер лексиканың ерекше қабаты . . . 7-13

1. 2 Ахмет Байтұрсынов қазақ ғылыми терминдерінің негізін салушы . . . 14-17

1. 3 Ахмет Байтұрсынов жасаған терминдердің мағыналық, құрылымдық және статистикалық сипатамасы . . . 18-23

II Кәсіби терминдерді қазақшалау

2. 1 Ғылыми-техникалық аударма сипаттамасы, аудармаға қойылатын талаптар. … . . . 24-35

2. 2 Ағылшын тілінен енген термин аталымдары . . . 36-45

2. 3 Орыс тілінен енген терминдер (аталымдар) . . . 46-53

2. 4. Қазақ, орыс, ағылшын тіл білімі термииндерінің жасалу жолдары . . . 54-56

Қорытынды . . . . . . 57-58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59-63

Кіріспе

Тақырыптың зәрулігі: Қазіргі қазақ тілінің жете шешілмеген мәселелерінің бірі - термин мәселесі. Мұның күнделікті тәжрибеде көптеген кедергіге душар етіп жүргені белгілі. Сонда да болса, бұл жөнінде осы күнге дейін жұртшылық пікірі ортаға салынған емес. Мемлекеттік терминологиялық комиссияның термин жөніндегі әр мезгілдегі шешімдері түгелдей ғылыми принцпке негізделген деп айтуға болмайды. Термин мәселесіндегі әртүрлі пікірдің, шалағай ұғымның кесірі газет-журнал тәжрибесінде де жиі көрініп жүр. Бұл халықтың сауатты жазуына әсте де пайда бермейтін құбылыс. Жасыратыны жоқ, қазіргі терминдердің көптігінен қай сөз ана тілімізде, қай термин интертерминдерге жататынын білмей дал болудамыз. Әсіресе, баспа ісіне қатысты аталымдардың күйі қуантарлық емес. Мұндай терминдерді баспагерлер, баспахана қызметкерлері мен осы пәнді қолға алып жүрген ұстаздармен, студенттер білмесе, ол аталымдар қарапайым жұртқа таңсық, тіпті беймәлім десе де болғандай. Сондықтан да бітіру жұмысымның тақырыбын «Баспа ісіне қатысты қазақша жаңа аталымдардың жасалу және қолдану проблемалары» тақырыбында өрбіткенді жөн көрдім. Өйткені бұл бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі.

Қандай да болсын ғылым саласымен тығыз байланысты ұғымдар жүйесі - термин проблемасына тоқталсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешеліме болмайды. Болмайтын себебі сол: өркендеп алға барған тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтасады да отырады»/1/- дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ. Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға - ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін»

Жалпы «термин» сөзін латыннан аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді. «Термин» атауының өзі жайлы С. Әсілжанов былай дейді: «Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін «атау», «аталым», «атауыш» деген қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі».

«Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі кемшіліктің басы - термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин деген сөздің мәнін ұғыныумыз қажет. Онсыз жерде, қазіргі баспасөзде, аудармада кездесіп жүрген былықтан құтылу мүмкін емес»/4/.

Бұл 1956 жылы Қазақ әдебиеті газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Мұсабев жазған пікір еді. Содан бері жарты ғасыр өтсе, қазақ тілінің терминологиясы әлі де ақсап келеді.

Бүгінде дүние жүзінде жаһандану қарқынды дамып келе жатыр. Бұл процес журналистика, баспа ісі саласында да күнделікті жүріп отыр. Ол қалыпты құбылыс, тіпті міндеттілік деп те түсінемін. Бірақ, жаһандану үрдісіне араласа отырып, біз өз ұлттық идеологиямызды ұмытпауымыз керек. Жұтылып кету қауіпі тұрған мына заманда елдік мүддені ұстану басты шарт. Бұл жөнінде ЮНЕСКО профессоры Намазалы Омашев «Ақпарат әлемінде» атты еңбегінде: «Қазақстан - болашағы бекем, елдік үміттері ақталмай қалмас жас мемлекет. Қазіргі жаңару-жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі - азат реңді, өршіл рухты қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алар өз орнын, енші-үлесін айқындау болып отырғаны шындық», /5/ - дейді.

Қазақ халқының мәдениеті мен экономикасы, өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы күн сайын ілгері басып, дамып отыр. Осындай игі жағдай ұлт мәдениетінің негізгі бір саласы - қазақ тілінің де ерекше дамуына әсерін тигізіп келеді. Қазірде кеңнен байып жетілген, қазақ әдеби тілінің арнасы ғылыми терминдермен ұштасып жатыр.

Тілімізде орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген терминдер мен сөйлемдерді қалыптастыру, оларды тілдік нормамызға бағындырудың заңдылықтарын зерттеу, ертеректен қолға алынып келе жатқан жұмыс. Негізінде қазақ тілі терминдерін жинап, бір жүйеге келтіру мемлекеттік маңызы бар мәселе екенін айтып жүрміз. Бірақ, бір әттеген-айы бүгінгі таңда баспа ісіне қатысты қазақша аталымдарға қатысты не бір кітап немесе оқулықтың жоқтығы болып тұр.

Жалпы баспа туралы ұғым осыдан бес жүз жылдан аса уақыт бұрын, неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басу ісін ойлап тапқаннан кейін пайда бола бастады. Сан мың жылдық тарихы бар баспа кітап дүниеге келгеннен кейін, бірнеше ғасырлық тарихты басынан өткергенін білеміз. Осы уақыт арасында баспахана мен полиграфияға қатысты терминдердің жиналып, топталып қалғанын және оларды зерттеп, талдауды қажет ететін күннің де жеткені қашан?! Баспа ісіне қатысты аталымдардың дені интертерминдер күйінде қалып қойған жағдайлар да жетерлік.

Бүгінде қазақ тілі терминологиясында көптеген кемшіліктер бар. Ең алдымен жеке терминдеррге берілген қазақша баламаларда бір ізділіктің жоқтығы байқалады.

Әрине, бұл жағдай терминге балама беруде қазақ тілінің өзіндік заңына, оның лекикасына жете көңіл бөліп, ізденбегендіктің салдарынан туған. Мұндай кемшліктер күнделікті баспасөз беттерінде, тіпті екі тілді сөздіктеріміздің өзінде де кездесіп жүр. Келешек баспа ісі саласының маманы болам деп ізденіп келген студенттер осындай олқылықтарға кезікпеу үшін, бүгінгі баспагерлер, (бітіруші түлектер) осы істі қолға алуды жөн санадық.

Зерттеу жұмысымның өзектілігі: Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемелекет ретінде әлемге таныла бастаған соңғы жиырма шақты жылдан бері термин жасау және қалыптастыру ісіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Өйткені, 1990 жылдардан басталған қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер терминология мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан жаңаша қарауды талап етті. Бүгінде қарқынды дамып келе жатқан баспа және полиграфия салаларына қатысты аталымдар да өзіндік зерттеуді қажет ететін тақырып.

Терминдік жүйе, оны түзу ісі қашаннан ұлттық тілдің ресми және мемлекеттің бүкілхалықтық тілі дәрежесіне көтеріліп, кең қолданысты толыққан тіл ретінде әлем сахнасына шығып танылуының бір негізі болып келді. Түптеп келгенде ол ұлттың ұлт болып, қалыптасуының бір тірегі. Бүгінде «халықаралық» аталып отырған Батыс Еуропа тілдерінің де бәрі кезінде лексикалық(терминологиялық), грамматикалық тұрғыларда түбегейлі түрде жетілдірілгені, екі, үш ғасырға созылған жүйеленуден өткені және бұл жайттың олардың ұлттық дамуында елеулі орын алғаны белгілі. Еліміздің ресми тілі болып қабылдануына байланысты бүгінде қазақ тіліне де осындай түбегейлі жүйеленуден өту, жетілдіру мүмкіндігі туып отыр. Сондай-ақ, терминдік жүйенің ұлт, ұлттық тіл, қоғам алдындағы маңызы мен бүгінде халықаралық, тіларалық қатынастардың күрт артуына орай тілдер тайталастығы да артуда. Бұл жайттар термин жасау ісін күнделікті тіршілік барысында жүріп жататын, өздігінен қалыптасатын таза практикалық әрекет деңгейінде қалдыруға болмайтындығын, оған аса ыждахаттылықпен қарау керектігін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселені «термин - ғылым тілі», «ғылыми түсініктер атауы» дегендей тар шеңберлі ойлар аясында қамалып қалмай, тіліміздің өз табиғатынан айнымай, бұған дейінгі тарихынан бөлінбей, қоғамның ішкі-сыртқы талаптарын толық қанағаттандырарлық тіл болып жетілуі және ұлттық діл мүдделері тұрғысынан қарастыруымыз, осы мақсат-мұраттар үдесінен шығарлықтай жолға қоюымыз жөн болады. Ал мұндай шешімдер арнайы мақсатты ғылыми зерттеулер нәтижесінде негізделеді.

Бұған дейін қазақ тілінің терминдік жүйесі, баспасөздегі жарияланатын

аталымдар тақырыбында бірнеше докторлық және кандидаттық жұмыстар қорғалғаны белгілі. Дегенмен, баспа ісіне қатысты аталымдар жөнінде қазақ тілінде әлі күнге дейін бірде-бір терминологиялық сөздік жарық көрмепті. Сондықтан, бітіру жұмысымның тақырыбы әрі тың, әрі жаңалығы көп деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысымның нысаны : Зерттеу барысында қазақ тіліндегі баспа ісіне қатысты аталымдардың шығу көздері, даму тарихы қарастырылды. Сонымен қатар, жалпы журналистика, филология саласына қатысты еңбектерді назардан тыс қалдырмауға тырыстым.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті : Қазақ тілі терминдік жүйесін жасау тарихында термин алудың басты принцптерін анықтап-белгілеп отыру аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысымның мақсаты - термин жасауда қазақ тілінің төл сөздерін мейлінше толық пайдаланудың дұрыстығы мен маңыздылығын ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу, шетел сөздерін аудару-аудармаудың оң-теріс жақтарын анықтау, термин теориялық тұрғыда қандай болуы, қалай жасалуы, оны неге қазақшалау керек дегендей мәселелерді тілдің әлеуметтік қызметіне сай кешенді сипатта пайымдау болып табылады.

Зерттеу жұмысымның әдістемесі : Материалдарды талдау, деректер мен дәлелдерді тексеру әдісіне негізделді.

Зерттеу жұмысымның теориялық және практикалық мәні : Зерттеу нәтижелері мен жасалған тұжырымдар терминтану теориясын жаңа мәліметтермен толықтырады. Сондай-ақ, термин табиғаты, оның тілдегі, ғылымдағы, ұлт өміріндегі орны мен маңызы, оған тіл, таным тұрғыларынан қойылар талаптар туралы түсініктерді нақтылауға, тілді орыстандыру саясаты ықпалымен қалыптасып, бүгінде санаға сіңіп қалған бірқатар тұжырымдарды қайта қарауға түрткі және негіз болады.

Теориялық мәні - терминология саласында жағымды жаңалықтардың бірі болмақ. Қазақ терминологиясының қалыптасуы үздіксіз үрдіс, терминдердің жасалуы жан-жақты талқылауды қажет етеді, бүгіннің талабы сондай. Сондықтан мен бітіру жұмысымда терминдердің қалыптастыру барысына, жолына, тарихына үңілуге тырыстым.

Практикалық мәні - зерттеу жұмысы болашақ баспагерлер мен ізденушілер үшін керекті әдебиеттердің бірі болмақ.

Зерттеу жұмысымның құрлымы : Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, ол үш тараудан, қортындыдан, сілтемелер және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда шет елден енген кәсіби аталымдардың ұлт тіліне аудару проблемалары мен орыс тілінен енген терминдер қарастырылды. Ал, екінші тарауды қазақ, орыс, ағылшын тіл білімі терминдерінің талдануын қарастырдым.

І Терминнің шығу тарихы жайында

1. 1. Салалық терминдер - лексиканың ерекше қабаты

Кез-келген тілдің терминологиялық қабатын салалық терминдер қалыптастырады. Ғылымның бегілі бір саласын меңгеру үшін алдымен сол салаға тән терминдер жасалады. Термин белгілі бір ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ал «ұғым» деп кез келген сөз табында баяндалған ой жүйесі айтылады.

Ежелгі грек философы Аристотель жалпы ұғымды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарастырып, заттың табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себебін көрсетеді: материалдық себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Ғалымның пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылады, философия пәні жалпы бола тұра, жекелеген заттарды (құрамды, мәнді), мәселен, мүсін, мемлекет т. б. жете түсіндіре білу қажет[1, 6 б. ] .

Дүние жүзінде білім мен мәдениеттің “екінші ұстазы ” атанған данышпан, ойшыл, энцоклопедист ғалым Әбу Наср әл­Фараби Аристотельдің ілімін әрі қарай дамытып, әлемге танытқан. Ол Аритотель шығармаларына көптеген түсіндірмелер мен трактаттар арнаған. Ғұлама ұстаз логика жайындағы трактаттарында категория, семантика, предикат, табиғи құбылыс сияқты мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып. , ылыми танымның жалпы үш негізін анықтады. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін-ұстанымдарын білу; екіншіден, осы ұстанымдардан сол ғылымға жататын қажетті қорытынды мен нәтиже шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысы мен теріс жақтарын ажыратып, қателерін түзете білу [2, 78-79бб., 104-105 бб. ] .

Философия тарихында “ұғым” жайында негізгі екі бағыт қалыптасты: материалистік және идеалистік. Материалистік бағыт ұғымды мазмұны жағынан объективті деп санаса, идеалистер ұғымды объективті шындыққа тәуелсіз, өзінен­өзі пайда болатын мәнді ой деп көрсетті.

Гегельдің пікірінше, философия дегеніміз - ой қозғалысы, бір ұғымнан екінші ұғым туатын, бір ұғым екінші бір ұғымға айналатын ұғымдар жүйесі. Г. Гегель ұғымды бастапқы, ал заттар мен табиғат­соның көмескі көшірмесі деп [3], К. Маркс пен Ф. Энгельс оны сезім арқылы қабылданатын алуан түрлі заттардың жалпы қасиеттерінің ойымызда қамтылған, ықшамдалған түрі деп түсіндірді [4] .

Ұғым­дүниені танудың белгілі бір сатысы ғана, осыған орай олар біртұтас болып біріккенде, өзара тығыз байланыста болғанда ғана ақиқатты толық қамтиды. Ұғым объективті шындықты бейнелегендіктен, сол шындықтың жиынтығы болып табылады.

Ақиқат шындықтағы қозғалысты ұғым арқылы ғана бейнелеуге болады.

Ұғым­логикалық категория, оның мағынасы мен көлемі, бір жағынан, белгілі бір мәндегі ұғымның ара қатысымен, екінші жағынан, басқа ұғымдар жүйесіндегі осы ұғымның алатын орнымен анықталады.

“Қазақ совет энциклопедиясында” “ұғымға ” төмендегіше анықтаам беріледі: “Ұғым-заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы процесінде бейнелетін ой формасы; белгілі бір топқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой жүйесі” [5, 337 б. ] .

Ұғым өзінің мазмұны мен көлеміне қарай анықталады. Ұғымның пайда болуы-күрделі процесс, ол салыстыру, талдау (анализ), жинақтау (синтез), абстракциялау, қорыту және т. б. тәсілдер арқылы іске асады.

Ұғым жалпылықты бөліп алып жеке қарастырмайды, сонымен бірге заттарды, олардың қасиеттері мен қатынастарын ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Ұғым кең мағыналы ұғым және ғылыми ұғым болып бөлінеді.

Ғылыми ұғым біржолата аяқталған нәрсе емес, қайта ол ғылымның онан әрі даму мүмкіндігін қамтиды. Ғылыми ұғымның негізгі мазмұны ғылымның белгілі бір даму кезеңінде өзгереді. Ұғымның бұлай өзгеруі саналы өзгеріс, білімнің бір деңгейінен екінші деңгейіне көшу ұғымда қамтылатын заттар мен құбылыстардың мәнін тереңірек түсіну болып табылады.

Ұғым мағынамен тікелей байланысты болғандықтан, сөз ұғымның қалыптасуы арқылы белгілі бір мағынаға ие болады. Мағына-ұғымның қалыптасқан бейнесі. Ұғым категориясы-жер бетінде тіршілік ететін барлық ұлт тіліне ортақ, ал сөз мағынасы болса, тіл ерекшелігіне, әлемді қабылдауына байланысты әртүрлі болып келеді.

Сонымен, ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғылыми жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер пайда болады. Осының нәтижесінде ғылыми тіл жалпы әдеби тілдің басқа функционалдық тарамдарынан оқшаулана бастады, нәтижесінде әдеби тілдің бір тарамы-ғылыми тіл дүниеге келді. Ғылыми тіл-терминдер жүйесін қалыптастыратын стиль түрі.

Сөз бен ұғым, әдетте, бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені сөз бар жерде ұғым да бар; ұғым сөз арқылы пайда болады, алайда ұғымның мәні сөз мағынасынан әлдеқайда кең. Әрбір ғылымның өзіне қатысты ұғымдары болады. Ғылыми ұғым заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны бейнелейтін сөз бен таңбалар ғылыми термин болып табылады. Ғылыми ұғғымдарды білдіретін терминдер терминдік жүйе құрайды.

Терминдер нақты бір ғылыми ұғым атауы, ғылыми тілге қызмет етеді, тілдік ортада дами отырып, терминдік сипатты иеленеді, одан шығып қалған жағдайда термин терминдік қасиетін жоғалтады, ғылым мен техникалық ұғымдардың атауы болудан қалады.

Ғылым мен өндірістің, экономика мен мәдениеттің қарқынды дамуына байланысты жаңа терминдер қатары жылдан-жылға толыға түсуде. Тілдің лексикалық құрамы басқа салаларына қарағанда өзгеріске бейім тұрады. Лексика қоғамдық өмірдегі барлық өзгерістерді бейнелеп, күллі тіршілік атауымен тікелей байланысып отырады, болып жатқан жаңалықтардың “хабаршысы” іспетті болады. Бұрыннан белгілі ұғым атауының, яғни лексеманың жаңа ұғымға еш өзгеріссіз көшуі-терминжасамның лексика-семантикалық жолымен жүзеге асырылса, жаңа лексеманың пайда болуы, тіркес құрамына енуі өзге тәсілдер арқылы жүзеген асады.

Терминдер ғылым мен техниканың дамуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктен туатындықтан, оның табиғаты мен ерекшеліктері тілдің өзіне ған тән себептермен түсіндіруге келе бермейді.

Терминология-лексика-семантикалық жүйенің бір бөлігі, оның элементтеріне жалпы тілдегі лексикалық бірліктер жатады. Терминнің лексикалық валенттілігі-терминнің тілдік белгі ретіндегі ерекшелігі. Терминдік жүйеде бұл лексикалық ерекшелік жалпы тілдік жүйеден басқаша жүзеге асады. Оның жүзуге асуына белгілі бір дәрежеде тілден тыс факторлар әсер етеді.

Терминология лексиканың маңызды бір тармағы ретінде, ал термин сөздік лексеманың ерекше түрі ретінде көп уақыттан бері ғылыми талдау мен зерттеу нысаны болып келеді.

Қазақ терминологиялық лексикасын зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А. Байтұрсынов [6], Қ. Жұбанов [7], Н. Сауранбаев [8], М. Балақаев [9], С. К. Кеңесбаев [10], Ә. Қайдаров[11] , Ш. Сарыбаев[12] , Ө. Айтбайұлы[13] , Ә. Әбдірахманов [14], С. Исаев [15] , Б. Қалиев [16], Ш. Құрманбайұлы [17], Ш. Біләлов [18] т. б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.

Терминжасамның қайнар көзі мен жасалу жолдарына А. А. Реформатскийдің, В. П. Даниленко [20], И. В. Арнольд [21], ғылыми-техникалық терминологияның жасалу жолдарына Г. О. Винокур [22], Д. С. Лотте [23], Т. Л. Канделаки [24], кірме терминдер мәселесіне А. В. Суперанская [25] т. б. ғылыми еңбектері арналған.

Теримнологиялық лексиканы зерттеуде жоғарыда аталған ғалымдармен бірге В. В. Виноградов [26], О. С. Ахманова [27], К. А. Левковская [28], Р. А. Будагов [29] , Е. С. Кубрякованың [30] , Н. А. Баскаков [31] ғалымдардың ғылыми еңбектерінің маңызы ерекше.

Ғылым мен техника салаларында терминдердің, ғылыми терминологияның маңыздылығы туралы К. Аханов даму былай дейді: “Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен техниканың

белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет. Белгілі бір ғылым саласына тән терминологияны білмей тұрып, ол ғылымды меңгеру де мүмкін емес” [32, 161] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Кірме терминдер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс
Терминология және медициналық терминдер
Еуропоцентристік фонетика зияны
Терминдік лексика
Әлемдiк қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тануы
Медициналық аударма түрлері
Медициналық мәтіндердің аударма ерекшеліртерін анықтау
Медициналық тақырыбында қолданатын терминдерді аудару
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz