Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН БЕНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1. Кескіндеме өнерінің дамуы.
1.2. Пейзаж жанырының негіздері.
1.3. Қазақтың саятшылық өнері.
1.4. Композициялық ізденістер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», деп жас ұрпақты тәрбилеп жетілдіруші ұстаздар алдына зор міндет қойды. Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оларға жан-жақты білім мен тәрбие беру мақсаты көзделуде. Олай болса біздің міндетіміз: жаңа заман үрдісіне сәйкес қажыр-қайрат көрсете білетін, жан-жақты жетілген өнерлі де білімді ұрпақ тәрбиелеу.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.»- деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай, жастарға халықтың өнері арқылы тәрбие беруде ұлттық тәрбиені үндестіре білсек, ұлттық санасы, ізгілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз. Жастарды жан-жақты тәрбиелі азамат етіп өсіруде халықтың өнер туындыларының тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ықпалы өте зор. өнердің барлық түрі - өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді.
Заман талабына сай, мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрін, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру-ұлт мектептерінің басты міндеті. Сондықтан нарықтық эканомика жайында оқушыларды кәсіби еңбекке үйретіп, ұлтымыздың бұрыннан мұра болып келе жатқан өнерді меңгертуге қызықтыру керек.
Көптеген жылдар аралығында талантты қазақ шеберлері өз өнерлерін дамытып, білімдері мен шеберлік- ісмерліктерін сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа беріп келді. Қазақ халқының өнерінде, тәжірибе арқасында халық ерекшелігі құрылды. Олар халықтың эстетикалық көзқарасына лайықты қанағаттандырды.
Өнердің қай түрі болмасын қажымай-талмай еңбектенуді талап етеді. «Еңбек - өнер өрісі, өнер-өмір жемісі»- дегендей еңбек пен өнер егіз. Өнер - бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы.

1. Қазақстанның бейнелеу өнері Совет өкіметі жылдарында.
И.Рыбакова. Алматы, 1963 ж.
2. Әубакір Ысмайылов. Алматы, «Өнер»6аспасы, 1985 ж.
3. Әбілхан Қастеев, Алматы, «Өнер» баспасы,1986 ж.
4. Айша Ғалымбаева. Алматы, «Өнер» баспасы, 1985 ж.
5. И.И.Калинина. «Французская пейзажная живопись». Л, 1977 г.
6. Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері. Алматы, «Өнер»
баспасы, 1990 ж.
7. Б.Мешінов. «Әлемніңжеті кереметі». Алматы, «Өнер»баспасы,
1982 ж.
8. Ә.Қанапин. «Қазақстан мәдениеті жаңа кезеңде». Алматы.
«Қазақстан» баспасы, 1968 ж.
9. Е.Каменова. «Кемпірқосақтың түсі қандай». Алматы, «Өнер»
баспасы, 1981 ж.
Ю.Қазақ ССР бейнелеу өнері. «Советский художник», Москва, 1974г.
11. А.С.Шипанов.»Әуесқой жас суретшілерге». Алматы, «Мектеп»
баспасы, 1989 ж.
12. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1983 ж.
13. Арын Е.М. Қазақ өнері (энциклопедия) «Қазақстан даму
институты», Алматы, 2002 ж.
14. Очерки истории изобразительного искусства Қазахстана.
Алматы, 1975 г.
15. Тохтабаева Ш.Ж. Казаское народное искусство. Алматы, 1984 г.
16. Нурмухамедов Н.Б. Искусство Казахстана. М,1970 г.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН БЕНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1. Кескіндеме өнерінің дамуы.
1.2. Пейзаж жанырының негіздері.
1.3. Қазақтың саятшылық өнері.
1.4. Композициялық ізденістер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында, деп
жас ұрпақты тәрбилеп жетілдіруші ұстаздар алдына зор міндет қойды.
Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар
негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оларға жан-жақты
білім мен тәрбие беру мақсаты көзделуде. Олай болса біздің
міндетіміз: жаңа заман үрдісіне сәйкес қажыр-қайрат көрсете білетін,
жан-жақты жетілген өнерлі де білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек.
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі.- деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз
айтқандай, жастарға халықтың өнері арқылы тәрбие беруде ұлттық
тәрбиені үндестіре білсек, ұлттық санасы, ізгілік қасиеттері
қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз. Жастарды жан-
жақты тәрбиелі азамат етіп өсіруде халықтың өнер туындыларының тәлім-
тәрбиелік, білім-танымдық ықпалы өте зор. өнердің барлық түрі - өзіне
тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете
отырып, адам сезіміне әсер етеді.
Заман талабына сай, мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан
жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрін, еңбекке
деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру-ұлт мектептерінің басты міндеті. Сондықтан нарықтық
эканомика жайында оқушыларды кәсіби еңбекке үйретіп, ұлтымыздың
бұрыннан мұра болып келе жатқан өнерді меңгертуге қызықтыру
керек.
Көптеген жылдар аралығында талантты қазақ шеберлері өз
өнерлерін дамытып, білімдері мен шеберлік- ісмерліктерін сақтап,
ұрпақтан – ұрпаққа беріп келді. Қазақ халқының өнерінде, тәжірибе
арқасында халық ерекшелігі құрылды. Олар халықтың эстетикалық
көзқарасына лайықты қанағаттандырды.
Өнердің қай түрі болмасын қажымай-талмай еңбектенуді талап
етеді. Еңбек - өнер өрісі, өнер-өмір жемісі- дегендей еңбек пен өнер
егіз. Өнер - бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы.
1. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ
Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы, даму үрдісі оның
геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелік мәдениеті мен тарихи
кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты.
Бенелеу өнері ұзақ уақыт бойы даму жағынан басқа ұлттық мәдениет
түрлеріне қарағанда айтарлықтай артта қалып отырды. Бұл қазақ
халқының революцияға дейін қондырғылы (станокты) өнерден хабардар
болмауы сияқты әр түрлі себептер еді.
Ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие
болғанмен, өзінің көркемдік деңгейі жағынан кәсіптік өнерге
жатпайды. Қазақ халқының көшпелі өмірі, құлдық пен кедейшілік, діни
ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап, халықты өз уысында ұстауға
қолайлы еді. Осының бәрі де бейнелеу өнерінің кәсіптік даму
мүмкіндіктерін шектеді.
Қазақ төңкерісіне дейін қазақтардың бейнелеу шығармашылығы
қолданбалы, сәндік өнер түрінде қалды. Өмір ағынының өзгеруіне
қарай халықта жаңа мәдени талаптар мен сұраныстар пайда болды.
Ұлттық реалистік қондырғылы өнердің дамуында негізгі
қиыншылықтар дайын кадрлардың болмауы еді. Сондықтан Қазақстан
бейнелеу өнерінің дамуында жетекші рөлде орыс суретшілері тұрды.
Олар Қазақстанның жас өнеріне реалистік дәстүрлі орыс және әлемдік
бейнелеу өнерін беретін алғашқы ұлттық кадр дайындап тәрбиеледі.
Бейнелеу өнерінің дамуында негізгі қозғалыс 1937 жылдың 23
сәуірінде әдеби көркем ұйымның қайта құрылуы туралы шешімнен кейін
басталды.
1.1.Кескіндеме өнерінің дамуы.
Кескіндеме өнерінің түрлері.
Кескіндеме — бейнелеу өнерінің ең көп тараған түрі. Қазақстанда
кескіндеме өнері 20-жылдардан бастап дами бастады. Бұл оған дейін
Қазақстанда бейнелеу өнері болмады деген ұғымды туғызбау керек. Қазақ
халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою-өрнек өнері, ши
тоқу, алаша (қазіргі габилен), сырмақ сыру және т.б. да өнер түрлері
ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған.
Кескіндеме әр түрлі түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын
әсем әрі жарқын етіп бейнелейді. Бұл өнер түріне қатты қағазды, ағашты,
әйнекті, металды немесе қабырғаны да қолдануға болады. Кескіндеме бейнелеу
өнерінің негізгі түріне жатады. Кескіндеме — көрерменнің ойы мен сезіміне
жағымды әсер еткен, жазықтық бетінде бояу арқылы жасалатын көркем шығарма.
Кескіндеу – үздік өнер шығармалары, былайғы өнердіңде тамаша
туындылары секілді бізді өмірді дұрыс түсінуге баулып, бойдағы күш пен
жігерді оятып, адамдардың ақылын, ажарын, абзалдығын танытып, оларды
шексіз сүйіп, құрметтеуге үйретеді. Кескіндемеге мейлінше жіті, байыпты
қараған дұрыс. Оның сиқырлы тіліне, бояулардың құпиясына әбден
қаныққасын, көптеген шығармаларды жете сүіп, одан рухани ләззат ала
алу қажет.
Көптеген кескіндеме шығармалары тарихи кұжаттық хабарларға
негізделген. Кескіндеме өнерінің тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы,
жануарларды бейнелеу (анималистік), адам кеблетін бейнелеу (портрет) және
табиғатты бейнелеу (пейзаж) жанрлары бар.
Қолданылатын орнына, орындалу түрлеріне қарай кескіндеме монументтік,
сәндік, қондырғылық, декорация, миниатюра болып бөлінеді. Сонымен қатар
диорамалық, панорамалық кескіндеме түрлері де бар. Кескіндеме өзінің
орындалу техникасына қарай, әдіс-тәсілдеріне байланысты майлы бояу, фреска,
қүрғақ темпера, желім, балауыз және шыңылтыр (эмаль) кескіндемесі болып
бірнеше топқа бөлінеді.
Кескіндемеші - суретшінің бояумен бейнеленген көрінісі, бізді өмірдің
өзіндей иландырып, өмірдің өзіндегідей толғандыра алады.
Суретші бояумен сызықты шебер қиыстыра отырып, кісінің бет пішінін, қимыл –
қозғалысын, жарықтық сәулесімен көлеңкені дәл белгілейді. Жақсы шығарма
жарқын, жадыраңқы бояулар арқылы біздің көңілімізді ашып, қуаныш
шақырса, күңгірт, түнеріңкі бояулар мен суретші бейнелеп отырған
кайғылы хал бізді мүңға бөлейді.
Мәселен, суретшінің тау көрінісінің шығармасында қат-қабат
тауларды бейнелеу бір қарағанда таулар бәрі бірдей сияқты, ал түстері әр
түрлі. Әдетте, таулар бізден қашықтаған сайын олардың түстік бояулары да
ашығырақ көгілдірлеу болып көрінеді. Біз көретін түстердің әрдайым
өзгерісте болуына күн мезгілі, ауа райы, құбылыстары да әсер етеді.
Кешке қкрай күн сәулесі ауа қысымының тығыз бөлігін кесе –
көлденең қия отырып, қиялай түседі. Себебі, ауада жерден ылғал пайда
болып, ауаны қоюландыра түседі де, күннің батуы кезінде қызғылт
реңтер пайда болады.
Кескіндемеші көзіне не түссе соны көшіре салмайды. Ол біздің қөз
алдымызда өмірдің таңғажайып сипаттарын, адамдардың асқақ та айбынды
сымбатын, дауылды күнгі теңіздің үрейлі суын, гүлдердің нәзік ажарын,
адамдардың тереңге жайған тылсым сырларын ашуға ұмтылады.
Кескіндеме (живопись) – бұл бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол әр түрлі
бояу мүрлерімен жазықтық бетінде орындалатын көркем шығарма. Кескіндеме
(живопись) атауы орыстың живой писаль деген сөзінен алынған, яғни
көрністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны
білдіреді. Кескіндеме (живопись) бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып
табылады. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т.б.
материалдарға салынады. Кескіндемеде түс, сурет, сәуле мен көлеңке
үйлесімділігін айқын аңғартады. Кескіндеме бейнелеу өнерінің неғұрлым
бай, әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары
қолданылады. Бұнда нақты көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері
өте көп. Басқа өнердің арасында кескіндеме (живопись) суретшінің
қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алады. Мыңдаған
жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызықты ететіні бәрі
бейнелеудің ғажайыпта тартымды үлгілерін ойлап шығарды. Бұл нағыз
жасампаздық.
Кескіндеменің әдебиетпен айырмашылығы әр түрлі техникада
және әр түрлі материалда орындалады. Соның ішінде кескіндемеде ең
көп қолданылатын бояу түрі майлы бояу. Майлы бояуды XV –ғасырдан
бастап қолданыла бастады. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны,
дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен
оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуге кескіндеменің рөлі орасан
зор. Бұл оның көп жанрларында байқады, мысалы: тұрмыс –салт
көріністері, соғыс жанры және т.б. Живопись сөз өнері емес - дейді
Делакруа.
Кескіндеменің мынадай жанрлары бар.
1. Портрет.
2. Натюрморт.
3. Тұрмыстық жанр.
4. Пейзаж.
5. Тарихи жанр.
6. Анималистік жанр.
7. Мифологиялық жанр.
8. Ботальді жанр.
9. Религиялық жанр.
Көптеген атақты суретшілеріміз тек бір жанрда ғана емес әр
түрлі жанрда жұмыс істеді. Кескіндеменің бұдан басқа тағыда
станокты және монументтік деп екіге бөлінеді. Арнаулы мольбертте
орындалған сурет станокты живопись деп аталады. Ал үйлердің,
ғимараттардың ішкі немесе сыртқы қабырғаларына салынған сурет
моументтік живопись деп аталады. Моументтік кескіндемеде Зертас пен
Фреска қолданылады. Декорациялық кескіндеме дегеніміз –театр сахнасын
безендіруде қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі. Суретші Ә. Жүсіпов
Менің отанымның әйелдері атты шығармасында тұлғалардың түстік
құрылымын декорациялық кемеліне келтіріп бейнеленген. Ол декорациялық
монументті туынды болып табылады. Монументтік бейнелеу өнері туындылары әр
түрлі болып келеді: витраж, мозайка, панно, фреска. Мозайка-смальта мен
асыл шындының түрлі түсті сынықтарынан құрастырылған сурет. Витраж-терезеге
салынатын шытыра сурет.Ол француздың терезе, әйнек деген мағынадағы
сөзінен шыққан. Панна –үйдің ішкі және сыртқы қабырғасын безендіру үшін
қолданылатын көлемді живописьтік сурет. Фреска- әктелгенсіз қабырғаға суға
езілген бояуымен салынатын сурет. Кескіндеме шығармаларында қолданылатын
майлы бояу негізінен Х ғаысрда пайда болды. Миниатюра ең алғаш шығыстың
парсы, иран елдерінде жақсы дамыды.
Кескіндеменің ұлы мәні сансыз жүректерді бір мәнді ойда, бір күшті
сезімде етуінде. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл:
оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.
Живопись - бұл майлы бояумен жазылған және рамаға салынған, біз
мұражайларда қызықтайтын шығармашылықтар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең
әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі бояулармен
темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған живопись болады. Мұның бәрі
станоктік, яғни станокта (мольбертте) жасалатын живопись. Сондай-ақ
(жарықтанатын) живопись шыныдан жасалған картинадан өтіп, түрлі-түсті жарық
түсіретін живопись те болады (витраж).
Қазақстан кәсіби кескіндеме өнерінің тарихы ұлы октябрь
революциясынан кейін басталды. Жетпіс жыл кескіндеме мәдениетінің дамуы
үшін, көп уақыт емес. Алайда, республика көркем өнерінің қазіргі жағдайы ол
жөнінде байсалды әрі жан- жақты пікір айтуға лайықты. Бір кезде діни
ұғымдардың ықпалымен үзіліп қалған кескіндеме дәстүрі бірден тез қалпына
келіп, жоғары дәрежеде жете қоюы мүмкін емес еді. 30-40 жылдардан бастап
Қазақстанның көркемөнері барған сайын біртіндеп қалыптаса бастады. Басқа
республикадан, Москва мен Ленинградтан келген суретшілер бұған көп жәрдем
тигізді. Жалпы жағдай әрине онша емес еді. Творчествалық күштер де өте
бытыраңқы болды, әйтсе де 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының
ұйымдастыру бюросы құрылды.
Кескіндеме әдіс-тәсілдері мен майлы бояу және технологиясы.
ХV- ғасырдың басында Нидерландыда әлемнің жаңа көркемдік
тануымен қатар оны жүзеге асырудың жаңа тәсілі пайда болды, олар
бояулармен кескіндеу.
Өсімдік майларынан бояуларды жасау ертеректе белгілі болған
ХV-ғасырға дейін бұл техника кескіндемеде дербес роль ойнамайды.
Суреттерді алғашында ағаш тақтаға жазды, шуретшілер мұндай бояуларды
өте сирек қолданды, шикі өсімдік майы өте баяу кепті. Сондықтанда
суретті бірнеше күндер бойы күнге кептіруге тура келді. Содан
бояулар қанық болмай ағып кететін болды. Майлы техниканың таралуы
Нидерландық кескіндемеші Ян Ван Эйктің жасаған жаңа енгізуінің
арқасында мүмкін боды. Ол бояуларды жетілдірді, содан барып май
жалпы танымға ие болды.
Ян Ван Эйк ерекше шығармашылық талантқа ие болған адам. Жас
кезінде суретші бояулар үшін байланыстырушы заттарды іздеуге көп
күш салды. Оның қатарында майда бар. Ол кезде май жұмыс үшін
ыңғайлы болды. 1410 жылы ол брюктік лактағы қайнатылған және
тазартылған зығыр майын ерітуді жөн көрді. Оған пигментті қоспа,
тіпті көлеңкеде жеңіл кебетін қою массаны алды.
Жаңа бояулар өзгеде жақсы қасиеттерге ие болды; оларды әр
түрлі түстерді ала отырып палитрада араластыруға болатын болады;
біреуінің үстіне екінші бояу қабатын жағуға мүкіндік туады, жұмыс
барысында өзгерістер енгізуге болады, жаңа бояулар түстес болады.
ХV ғасырда майлы техника Германияға көшіп, ол жақтан
Италияға жетті.
Майлы бояулармен негізінен екі жағдайда жазады: сырлау арқылы
немесе сырлаусыз. Алғашқы тәсіл натураға көп оралуды талап етеді және
кескіндеме үшін негізгі күрделі дайындауға оралуды талап етеді. Екінші
тәсіл кеңінен қолданылады. Онда көп сеансты этюдтар жазуға болады.
1.2 Пейзаж жанрының өмірдегі даму тарихы.
Пейзаж француздың сөзі paysage (pays – ел , жергілікті жер) сөзінен
шыққан. Пейзаж – бұл бейнелеу өнерінің жанры. Пейзаж дербес жанр ретінде,
Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде (7-10 ғасырларда)
Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол 17 ғасырда,
алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары
дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі 19 ғасырдың соңында жақсы
өркендеді. (И.Левитан, К.Коровен, Н.Рерих және басқада көптеген
суретшілер).
Пейзаж – қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі
түрде көрсету. Суретші өзінің көз қарасымен қоршаған ортаны, шындық
өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілер
де ғажайып табиғатты ғажайып әсемдігімен, шындығымен бере білген.
Суретші И. Левитанның Алма ағашы гүл жарғанда атты шығармасын қарап
көрелік. Суретші мұнда өзінің бақылауын және алған әсерін нағыз
табилықпен бере білген. Суретші кескіндемеде әр түрлі түс пен жарықтың
түрлерін шебер бере білген.
Пейзаж табиғатты бейнелеу. Пейзаж кескіндеме жанрының бір
бөлігі. Кескіндеме жайлы айтар болсақ, кескіндеме-ең бір ежелгі өнер
ол көне дәуірмен Қытай өрлеу дәуірінде де, ежелгі Египет пен
Гретцияда да өмір сүрген. Бейнелеу өнерінің орыс тіліне живопись
(суреттегі нәрсені өмірдегідей тірілте бейнелеу) деп аталатыны да
осыдан. Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі,
онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады (акварель, майлы
бояу, гуаш, темпера, сангина, пастель т.б) Суретшілер өнердіңұшы -
қиырсыз осы саласына өздері сүйген әуен тақырыптарды таңдап алады.
Біреулер портрет жазғанды ұнатады, екіншілері натюрморт, үшіншілері
тарихи соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар болса,
және табиғатты бейнелеуде пейзаж жанрының орны ерекше. Пейзаж
француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр
ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде, сондай-ақ
Европада дамыған. Пейзаж қайсібір жерлерді жай ғана айнытпай
бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларынан шыққан
үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда
табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері әр
алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін
бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай
шығармалардың бәрінде суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай
беруге тырысады. Адам әу баста-ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ
көпке дейін белгілі бір оқиға мен адам тұлға-тұрпатын бейнелегенде
керек фон реінде пайдаланып келген.Тек XVII ғасырда бірыңғай табиғат
көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды голланд
суретшілері ойлап тапты. Голландия-Солтүстік теңіз жағасындағы мұхит
деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел. Егер тоспалар мен бөгеттер
болмаса, оның түп-түгел су астында жатуы да мүмкін еді. Табиғат
пен қатал да қиын күрес голландтарды өздерінің шағын болғанымен
көрікті елін көздің қарашығындай қастерлеп сүйіп өсуге баулыды.
Сондықтан да олардың өз жерін бейнелейтін картиналарды өте ұнатты.
Міне, мал жайылып жатқан ну шалғын, өзен жағасындағы жел
диірмендер. Соның бәрін суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғынып,
мейілінше тәлпіштеп, мұқият көрсете білген. Голланд суретшілері
ондай пейзаждарды шағын кенеп шаршыларға салатын-ды. Сондықтан, кейін
жұрт оларды кішкене голландықтар леп атап кетті.
Әсіресе XIX ғасырда аяғы мен XX ғасырдың барысында орыс
суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа
жетті. Ф.Васильевтің Жаңбыр алдында, К.Юонның Қыс соңы, С.Герасимовтың
Жаз өтті, К.Коровиннің Көктем, И.Айвазовскийдің Тоғызыншы бал,т.б.
көркем шығармаларындатабиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы
бейнеленген.
Пейзаждың тамаша шебері И.Левитанның атын естімеген адам
елімізде кемде - кем шығар. Ол ұзақ уақыт Москва түбі, Еділ бойы,
верь губерниясы ормандарын кезіп жүеді екен; кейін сода көрген
шоқ тоғайларды, көктемгі қара суға белшеден батып тұрған балапан
қайыңдарды, өзеннің үстінен ирелеңдеп өтіп жатқан тақтай
өткелді, баурайынан қар кете қоймаған жайпауыт жыраларды дәл сол
қалпында кенеп бетіне көшіреді екен.
Ол сұрғылт тұман дым бүріккен бұлыңғыр күндерді, көк жүзін
перделеген буақ-будақ бұлттарды да, күзді күнгі оттай жанған алау
жапырақтарды сүйсіне бейнелегейтін.
Левитанның орта орыс алқабының табиғатын мейілінше шынайы,
мейілінше дәл жеткізгені сондай: қазір жұрт балауса орманға, негүл
жайнаған көк шалғынға көзі түссе: мынау тап Левитан картинасынан
аумайды екен,- дейді.
Теңіз бейнелеудің асқан шебері И.Айвазовский өзінің
Одессадағы айлы түн атты шығармасында портты қаланың түнгі тыныс
тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесі мен шағылысқан
аспан мен су бетін бейнелеген қызғылт сары бояу түсі адамға
айырықша әсер етеді.
Тым самалы мен тербетілген су толқындары жалт-жұлт етіп
жатыр. Су бетінде жүзген кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз
тіршілікті паш етіп тұрғандай.
Табиғат көрінісінің ( пейзаж ) композициясы.
Табиғат көрінісі өнердегі сюжеттік шығарманың құрамдық
бөлігі немесе өз бетінше туындайтын жаныры және негізі.
Табиғат көрінісі (пейзаж) композициясы – болашақ оқушыларды
дайындаудан композиция курсының бағдарламасында маңызды ролдердің
бірін атқарады. Табиғат шексіз әдемі және алуан түрлі. Күн сәулесі
мен қоршаған тіршілік қаншама түрлі түске бай. Табиғатта бәрі
әдемі, бәрі ауыспалы, бәрі бүтін. Табиғаттың адам өміріне әсері,
терең ойлары мен толғанысы өмірге табиғат көрінісі (пейзаж) жанрын
алып келді.
Табиғат көрінісі (пейзаж) бейнелеу өнерінде ең эмотционалды
аймақтардың бірі. Табиғатпен тілдесу суретшінің жан дүниесіндегі
шығармашылық ойларының тыныс алуы болып табылады. Егер суретші
табиғат көрінісін үйренбей тек ойынан шығарса – бұл қашанда
жалғандық туғызады да, көрерменіне жағымсыз әсер әкеледі.
Кескіндемелік тәжірибе суретшіге табиғаттың көрінісінің белгілі бір
бөлігінің түстік ерекшеліктерін үйретеді.
Табиғат көрінісі этюдінің негізгі мақсаты – табиғаттың жарық
тануының белгілі бір жағдайын бейнелеу, кеңістігі мен ауадағы
байланысын анықтау. Табиға көрінісі композициясының осы қасиеттеріне
суретші жарық танудың ортақ реңдік және түсінік жағдайы мен
кеңістік перспектирвасын ескере отырып, түсінік қатынастарымен жұмыс
жасау арқылы жетеді. Табиғат көрінісі аймағы, заттардың түстерінің
қаныққандығы мен ашықтығына салыстыру және олардың натурамен
айырмашылықтарын ажыра білу – этюдтің түстік қатынасын орналастырудың
негізгі нәрселері. Табиғат көрінісі композициясының этюдін шебер
жазу – олардың түстік қатынасын натурадағыдай етіп бере білу. Осы
талаптар натюрморт жанрында да негізгісі болатын. Табиғат көрінісі
композициясы этюдіндегі алғашқы тәжірибеде – ақ натураны шынайы беру
үшін, түстердің ашықтығы мен қанықтығындағы қатынастардың өте маңызды
екенін білген жөн.
Қазақтың қылқалам шеберлерінің көркем өнеріндегі жаңашылдықтары.
Бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы даму жағынан басқа ұлттық
мәдениет түрлеріне қарағанда айтарлықтай артта қалып отырды. Бұл
қазақ халқының революцияға дейін қондырғылы (станокты) өнерден
хабардар болмауы сияқты әр түрлі себептер еді. Шоқан салған суреттер оның
ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болғанмен, өзінің
көркемдік деңгейі жағынан кәсіптік өнерге жатпайды. Қазақ халқының көшпелі
өмірі, құлдық пен кедейшілік, діни ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап,
халықты өз уысында ұстауға қолайлы еді. Осының бәрі де бейнелеу өнерінің
кәсіптік даму мүмкіндіктерін шектеді.
Қазан төнкерісіне дейін қазақтардың бейнелеушығармашылығы
қолданбалы, сәндік өнер түрінде қалды. Өмір ағынының өзгеруіне қарай
халықта жаңа мәдени талаптар мен сұраныстар пайда болды.

қиыншылықтар дайын кадрлардың болмауы еді. Сондықтан Қазақстан бейнелеу
өнерінің дамуында жетекші рөлде орыс суретшілері тұрды. Олар Қазақстанның
жас өнеріне реалистік дәстүрлі орыс және әлемдік бейнелеу өнерін беретін
алғашқы ұлттық кадр дайындап тәрбиеледі.
Қазақстанның реалистік өнері Н.Г.Хлудовтың (1860-1935)
есімімен байланысты. Қазақстанға 1877 жылы келген ол геграфиялық
экспедицияға қатысып, бірнеше акварель және живопись полотноларын жасады.
Ұлттық калорит пен этнографиялық үстірттігіне қарамай-ақ Хлудов
шығармалары көркемдік кұндылыққа ие болды. Ол Қазақстанның таулы табиғатын,
қазақтардың тұрмыс-тіршілігі ерекшеліктерін шебер бере білді.
Бұл жылдарда көркем шығармалардың көшпелі көрмесі (1928 жылы
Семей қаласында қүрылған) манызды оқиға болып есептелінді.
Кейіннен басқа қалаларда да (Петропавл, Қорған, Лениногор,
Қызылорда, Қарсақбай) болып өтті. Экспозиция жол жүру барысында жергілікті
суретшілер шығармаларымен толықтырылды.
1929 жылы Түрсіб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы
Ә.Қастеев оқуға келеді. Оның әкелген суреттерінен жас талаптың болашағы
зор екендігі көрінді. Осы кезде қондырғылы өнер жасауға
Ә.Сәрсенбаев, А.Шегебеков, соңынан ағайынды Қожахмет және Құлахмет
Қожықовтар араласты. Бұл алғашқы ұлттық суретшілердің пайда болуы
қазақ халықының шығармашылық күш-қайратының оянуын паш етті. Алматыда
халық шаруашылығы және мәдениетінің жылдам дамуына қажетті шаралар
жасалынды.
Қазақстан өнерінде тұңғыш суретші қазақ қызы
А.Ғалымбаеваның жұмыстары ерекше орын алады. Оның салған
суреттерінен Шығыс әйелдерінің нәзік те әдемі жүздері мен рухани
биік тұлғаларын көруге болады.
Кескіндеме өнерінің шебері Қ.Телжанов өзінің жанрлық
шығармаларында күнделікті өмірдегі тіршілік мазмұнын асқан шеберлік
пен өзіндік қолтаңбамен бере білген. Сонымен қатар оның тарихи
тақырыптарға арналған Атамекен, Бастау атты туындылары көпшілік
көңілінен шығады.
Қазақстан суретшілерінің таңдамалы шығармалары өмірді
терең түсіну арқылы оның поэтикалық көрінісін білумен ерекшеленеді.
Мұндай жұмыстар қатарына акварель бояуымен салынған Ә.Қастеевтің
Қазақ жерінде, О.Таңсықбаевтың Көш, Е.Сидоркин, Ш.Кенжебаевтың
графикалық шығармалары, С.Мәмбаев, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, М.Лизогуб және
басқа суретшілердің кескіндемелік жұмыстары Қазақстан Республикасының
кең даласында болып жатқан өзгерістерді паш етті.
Қазақстан суретшілері осы кезге дейін белгілі бір
жетістерге жетті, бірақ олар әлі біріге қойған жоқ, шығармашылық
өмірі өз бетімен өтіп жатты.
Бейнелеу өнерің дамуында негізгі қозғалыс 1937 жылдан 23

Қазақстан суретшілерінің орыс, кенес және шетел
суретшілерінің тәуір деген шығармаларын жинақтау және таныстыру мақсатымен
Алматыда Қазақтың Мемлекеттік көркем сурет галереясы (Ә.Қастеев атындағы)
ашылды.
Шығармашылық көркем өмірдің белсенділігін арттыруда, шығармашылық
күшті тауып шығаруға ашық конкурыстар зор әсер етті. 1934 ж. салынған
А.Құнанбайев портреті оның шығармаларына жасалған иллюстрациялар өте мәнді
болды. Конкурсқа Әбілхан Қастеев қатысты. Ол өзінің табиғи талантымен және
ашық - жарқын ұлттық ерекшелігі бар жұмыстармен көзге түсті. Сатылған
қалындық және т.б. шағармалары атап өтілді.
Еңселі ғимараттың жап - жарық вестюбилі кіріп келгеннен - ақ
көніліңе куаныш нұрын құяды. Ару қала Алматыда 1935 жылы ашылып, Қазақтың
Ұлттық көркем сурет галереясы деп аталатын көрме залында небары 43
шығарма болды. Мұражай қорын толтыру 1950 жылдары кең құшақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz