Қазақстанның мал шаруашылығы



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
Мал шаруашылығының даму тарихы
Мал шаруашылығының даму тарихы
Мал шаруашылығының биологиялық қасиеттері
Мал шаруашылығын дамыту

III. Қорытынды
Мал шарушылығы жас және ежелгі сала. Бұл сала ірі қара (мүйізді ірі қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа және құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді.
Мал шаруашылығының құрамына, сонымен қатар марал (марал мен теңбіл бұғы өсіру), аң, ара шаруашылықтары, жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы да кіреді.
Өсімдік шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторы – агроклиматтық жағдайлары болса, мал шаруашылығында бұл – жем - шөп базасы. Оны жайылымдықтар, шабындықтар, азықтық дақылдар, егістіктер құрайды. Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді - дақылдар мен техникалық дақылдарды өңдеуден түскен қалдықтар пайдаланылады.
Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген. Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі. Бірақ бәрібір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жер болып табылады.
Еліміздегі жайлымдықтар әр түрлі. Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігі мен биік тауларының етектерін көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдықтар алып жатыр. Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы, ал шөлейт және шөл зоналарында қой, жылқы және түйе малдары жайылады. Орта және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар – еліміздегі ең құнарлы жазғы жайылымдар (жайлаулар). Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындағы қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер – жыл бойы (негізінен, қыста) қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар.
Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығымен айналысады, бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі. Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда бағытты ажыратады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте сүтті және сүтті - етті мал шаруашылығы дамыған. Оған құнарлы азық қоры қажет.
Оны жоғары өнімді жайылымдықтар мен азықтық дақылдардың егістігі қамтамасыз етеді, ал Оңтүстікте одан басқа қызылша шаруашылығының қалдықтары да пайдаланылады.
Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда, шөлейттер мен шөлдерде ет бағытындағы мал шарушылығы дамыған. Етті тұқымды малдар ішіндегі ең көп таралғаны – қазақтың ақбас сиыры. Қазақстан селекционерлері шығарған бұл тұқым жоғары өнімділігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. Біздің елімізден басқа ол Ресей мен Моңғолияда өсіріледі.
1. Н.Н.Карменова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» Алматы, 2006

2. «Қазақстан ұлттық» энциклопедиясы Алматы, 2003

3. «Қазақстан Совет» энциклопедиясы Алматы, 1973

4. «Қазақстан» статистикалық журналы 1991 – 2002 жылдар
Алматы, 2002

5. М.Қожахмет «Қазақстан экономикалық - әлеуметтік географиясы» Қарағанды, 2006

6. В. В. Усиков, Т. Л. Казановская, А. А. Усикова, Г. Б. Забенова
«Қазақстанның экономикалық және әлуметтік георафиясы»
Алматы, 2005

7. Оқу - әдістемелік кешен. «Өндірістің техникалық - экономикалық
негіздері». Алматы, 2006

8. М. Ш. Ярмұхамедов «экономическая география Казахской ССР»
Алматы, 1975

9. Интернет беттерінен алынған мәліметтер: http://www.Google.kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Қазақстанның мал
шаруашылығы

Орындаған: Шонаева Г. Л.

050116 – георафия,
301 топ
Тексерген:
Карменова Н. Н.

г.ғ.к., доцент

Алматы 2009

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
• Мал шаруашылығының даму тарихы
• Мал шаруашылығының даму тарихы
• Мал шаруашылығының биологиялық қасиеттері
• Мал шаруашылығын дамыту

III. Қорытынды

Кіріспе
Мал шарушылығы жас және ежелгі сала. Бұл сала ірі қара (мүйізді ірі
қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа және құс өсіру шаруашылықтарына
бөлінеді.
Мал шаруашылығының құрамына, сонымен қатар марал (марал мен теңбіл
бұғы өсіру), аң, ара шаруашылықтары, жібек құртын өсіру мен балық
шаруашылығы да кіреді.
Өсімдік шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторы –
агроклиматтық жағдайлары болса, мал шаруашылығында бұл – жем - шөп
базасы. Оны жайылымдықтар, шабындықтар, азықтық дақылдар, егістіктер
құрайды. Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді - дақылдар мен
техникалық дақылдарды өңдеуден түскен қалдықтар пайдаланылады.
Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз
етілген. Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі.
Бірақ бәрібір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жер болып табылады.
Еліміздегі жайлымдықтар әр түрлі. Қазақстанның солтүстік, орталық
бөлігі мен биік тауларының етектерін көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдықтар
алып жатыр. Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы, ал
шөлейт және шөл зоналарында қой, жылқы және түйе малдары жайылады. Орта
және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар – еліміздегі ең
құнарлы жазғы жайылымдар (жайлаулар). Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындағы
қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер – жыл бойы (негізінен, қыста)
қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар.
Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығымен айналысады, бірақ
мал басының 35 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі.
Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда
бағытты ажыратады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте сүтті және сүтті -
етті мал шаруашылығы дамыған. Оған құнарлы азық қоры қажет.
Оны жоғары өнімді жайылымдықтар мен азықтық дақылдардың егістігі
қамтамасыз етеді, ал Оңтүстікте одан басқа қызылша шаруашылығының
қалдықтары да пайдаланылады.
Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда, шөлейттер
мен шөлдерде ет бағытындағы мал шарушылығы дамыған. Етті тұқымды малдар
ішіндегі ең көп таралғаны – қазақтың ақбас сиыры. Қазақстан селекционерлері
шығарған бұл тұқым жоғары өнімділігімен және төзімділігімен ерекшеленеді.
Біздің елімізден басқа ол Ресей мен Моңғолияда өсіріледі.

Негізгі бөлім
Мал шарушылығының даму тарихы

Біздің елімізде жайылымдық мал шаруашылығы мыңдаған жылдар бойы тарихи
дамыған. Қазақстанның табиғат жағдайы, мал шаруашылығына пайдаланылатын
жерлерде жайылым үлесінің басым болуы жем - шөп қорының ерекшелігіне
байланысты қазақ халқы мал өсірудің ерекше жүйелерін дамытуға, олардың
өнімдерін өңдеуге, табиғатты дұрыс және ұқыпты пайдалануға тарихи үлес
қосты. Мал шаруашылығын дамытуда қазақ халқының ұзақ жылдар бойы жиналған
тәжірбиесі XX ғ. 30 - шы жылдары бұзыла бастады. Кеңес үкіметінің кері
қағар шешімдерінің әсерінен табиғи жем - шөп алқаптарының кемуіне және оның
шығымдылығының азаюына әкеп соқты. Оларға мынандай себептер жатады:
- Қысқы мерзімде ауыл халқын еріксіз кеңестік ұжымдастыруға және мал
шаруашылығын отырықшылдық жүйеге көшіру;
- Пайдалы қазбалар кеніш орындарын пайдалануға табиғат қорғау (әсіресе
жерді) шараларын ескермеу. Мұның арқасында миллиондаған гектар жайылым
істен шығып, оларда әр түрлі зиянды өнеркәсіп қалдықтары жиналып,
жасанды рельеф формалары (шұңқырлар, төбелер т.б.) пайда болды;
- Жайылымдық жерлердің үлкен бөлігін әскери - өнеркәсіптік кешендері
алып қойды (Сарышаған, Орда, Приозерный, Семей полигоны), яғни 12 млн.
га сапалы жайылым олардың қарамағында болды;
- Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жерді жыртуға байланысты
құрғақ – дала зонасының басым көпшілігі, тау етектері мен шөл және
шөлейт зоналарындағы құнарлы топырақты, әр түрлі өсімдіктерге бай,
шығымдылығы жоғары жайылымдар құрып кетті;
- XXғ. 60-шы жылдары мемлекеттік қорға жататын жерлерде ешқандай
негізсіз құрылған 150-дей қой шаруашылығына мамандандырылған
кеңшарлардың жайылымдары деградацияға (азуға) ұшырады;
- 182,1 мон. га жайылымның 15 млн га-ы пайдалануға жарамсыз болып, ал 60
млн. га жер шөлейттену процесіне ұшырады.
Дегенмен, жайылымды толығымен пайдалану үшін Кеңес үкіметі кезеңінде
оны суландыру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Ол үшін әр түрлі инжинерлік
жүйелер, 72 мыңнан астам құдықтар іске қосылды. Жер бетіндегі суларды
пайдалану арқылы 22 - 24 млн. га жайылым мал шаруашылығына пайдалануға
мүмкіндік алды. Соңғы кезеңдерде малды суаруға арналған инжинерлік
жүйелердің істен шығуы, ескіруі, жөндеу жұмысының жүргізілмеуі, мал
шаруашылығын реформалауға байланысты жаңа шаруашылық жүйелердің құрылуына
қарамастан, табиғатты, оның ішінде жайылымды дұрыс пайдалану және қорғау
басты мәселелердің бірі болып қала береді.
Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты мал шаруашылығын дамыту
және орналастыруда жем - шөп егіс алқаптары 21,5 есеге, яғни 495 мың га-дан
11066 мың га-ға жетті. 1990 жылы жем - шөп егіс
алқабының құрамында көпжылдық шөп 46,0%, біржылдық шөп - 31,5, сүрлемдік
жүгері - 20,6, тамырлы жем - шөптер 19% болды. 1970 – 1990 жылдары
жем - шөптің жалпы өнімі 28747 мыңнан 44503 мың тоннаға жетті. Ал ондағы
пішен мен көк жем - шөптің үлесі 51,5%. Сүрлемдік жүгері 47,8% болды. 2003
жылы мал - азықтық дақылдар алқабы 2399,3 мың га-ға, яғни 1990 жылғымен
салыстырғанда 21 есеге азайды.

Қой мен ешкі басы, млн. бас

Жылдар 1916 1928 1934 1941 1960 1981 1990
Ет (сойыс салмағымен), мың т.
436 24
2007 жыл 2006 жыл
Сойылатын мал мен құс тірі 115155,3 108856,2 105,8
салмақта, барлығы
оның ішінде: ауыл шаруашылығы 11008,2 9782,7 112,5
кәсіпорындары
шаруа қожалықтары 22927,7 21572,3 106,3
үй шаруашылықтары 81219,4 77501,2 104,8
Жалпы сауылған сүт, барлығы 308680,6 295141,4 104,6
оның ішінде: ауыл шаруашылығы 3406,9 3424,2 99,5
кәсіпорындары
шаруа қожалықтары 42932,5 38010,4 112,9
үй шаруашылықтары 262341,2 253706,8 103,4
Жұмыртқа өндіру, барлығы, мың дана 208451,1 204718,6 101,8
оның ішінде: ауыл шаруашылығы 159620,4 148027,9 107,8
кәсіпорындары
шаруа қожалықтары 2237,8 2591,9 86,3
үй шаруашылықтары 46592,9 54098,8 86,1

Қазіргі уақытта облыс қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылық
табынын сақтау жөнінде қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 2008
жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша, шошқадан және жылқыдан басқа, мал
түрлерінің саны ұлғайды
Бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерінде ет өнімдерінің үлесі басым
болып келе жатыр.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша аймақтардың үлесі 2003 ж., *%
есебімен (барлық санаттағы шаруашылық)

Аймақтар Ет, барлығы Сүт Жүн Жұмыртқа
Қазақстан Республикасы 100 100 100 100
Батыс Қазақстан: 13,3 11,3 17,6 6,7
Батыс Қазақстан 4,7 4,7 7,0 1,8
Атырау 2,7 1,0 3,2 0,1
Ақтөбе 5,4 5.5 5,6 4,7
Маңғыстау 0,5 0,1 2,4 0,1
Оңтүстік Қазақстан: 30,7 30,0 58,3 37,1
Оңтүстік Қазақстан 8,6 10,2 15,5 7,3
Алматы 14,9 13,4 25,0 24,8
Жамбыл 5,3 5,0 13,8 3,6
Қызылорда 1,9 1,4 4,0 1,4
Орталық Қазақстан:
Қарағанды 6,6 5,7 4,5 9,1
Солтүстік Қазақстан: 36,8 40,5 8,4 35,5
Солтүстік Қазақстан 7,4 11,5 1,8 6,8
Ақмола 7,2 9,5 2,0 9,5
Қостанай 17,7 11,8 4,6 13,6
Павлодар 4,5 6,7 2,8 6,0
Шығыс Қазақстан 12,5 13,1 10,8 10,9
Астана қ. 0,1 0,2 0,0 0,0
Алматы қ. 0,0 0,2 0,0 0,3

* Қазақстанның аймақтары

Мал шаруашылығының салалары

1. Шошқа шарушылығы
Шошқа шаруашылығы – жылдам салмақ қосып, тез көбейетін, әрі жайылымды
қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруде егін
шаруашылығынан алынатын жем және тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің
елімізде астық шаруашылығы мен катоп өсіру дамығын зонада кең таралған. Бұл
саланың географиясына – одан басқа өнімді тұтынатын ірі қалалар мен қалдық
жем жеткізіп тұратын тамақ өнеркәсібі орталықтарының орналасуы да әсерін
тигізеді. Шошқа өсірудің негізгі ауданы – Солтүстік (мал басының жартысынан
астамы), ал екінші ауданы Оңтүстік (15%).
Шошқа – ет, май береді. Шошқа етінен сонымен бірге ветчина, бекон,
шұжық, сосиска т.б. жасайды. Терісі жеңіл өнеркәсіпте қолданылады. Шошқаны
3 – 4 айдан соң бордақылап, салмағын 7 айда 100 кг - ға жеткізуге болады.
1кг шошқа етінде 2500 биологиялық калория болса, 1 кг сиыр етінде 1500
биологиялық калория болады. Шошқаны жақсы жемдесе жылын екі рет туады,
- 22, - 24 торайға дейін.
Жалпы шошқаның 30 астам түрі мен туысы бар. Олардың Украина ақ дала
шошқасы, Брейтов, Ливен, Солтүстік Кавказ, Эстондық түрлері бар.

2. Қой шаруашылығы
Қой шаруашылығының негізгі өнімдері – ет, май, жүн, тері, қаракөл.
Оның Қазақстанда екі негізгі бағыты – биязы жүнді және қылшық
жүнді қой шаруашылығы бар. Биязы жүнді қойлар (меринос) ең сапалы жүн
маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке, біртекті жүн береді. Бұл жануарларға
жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет.

Қой өсіру - мал шаруашылығының бір саласы
Ондай жағдайлар елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінің
бәрінде кездеседі. Мұнда биязы жүнді қойлардың мал басы ең көп болып
саналады.
Қылшық жүнді қой өсіру – азық қоры біршама аз, ұзақ жайылымдарға (500
км-ге дейін) тән болып келеді. Бұл бағытта қазақстандық селекция кереметі
деп аталатын еділбай қойларын ерекше бөліп қарауға болады. Еділбай қойлары
төзімді, көнбіс, жергілікті климат жағдайларына жақсы бейімделген болып
келеді. Олардың терілері – дубленка, қысқы тон және тон тігу үшін ең жақсы
материал, жүнін пима, киіз басуда қолданады. Олар бағалы азық - түлік – ет
пен май береді, сондықтан оларды құйрықты қойлар деп атайды.
Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекше орын
алады. Оның негізгі өнімі - аса жоғары бағаланатын қаракөл терілері.
Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан – Оңтүстік
Қазақстан.
Жалпы қой 10 - 12 жыл өмір сүреді. Қойлардың ТМД - да 50 - ден астам
түрі бар. Соның ішінде қойлардың төмендегідей түрлеріне тоқталамыз:
1) Жіңішке талшықты қойлар. Бұған - кеңестік меринос, Асканий
қойы, Кавказ, Алтай, Ставрополь, Қазақ, Красноярск қойлары т.б. жатады.
Ең көп тарағаны кеңестік меринос, ол 10 – 12 кг жүн береді, негізінен
Солтүстік Кавказда жайылады, бұл және Батыс, Шығыс Сібірде, Қазақстан,
Поволжье, Украинада өсіріледі.
2) Жартылай жіңішке талшықты қойлар – жүні, әрі еті үшін өсіріледі.
Бұлар тез өсетін қойлар. Бұған Кіші Азиядан шыққан цегай қойлары жатады.
Бір қойдан 4 – 6 кг-нан жүн алынады. Жас қойдың терісінен мехты бұйым –
цигейка дайындайды. Мұндай қойларды өсіру Қырым, Украина, Ресей, Молдавияда
дамыған.
3) Жартылай ірі жүнді қойдың жүні кілем тоқуға қолданылады. Бұл
бағытта өсірілетін қойлар негізінен тәжік қойы.
4) Тоңдық қойлар - бұған Романов, солтүстік қысқа құйрықты қойлары
жатады. Бұлардың ішіндегі ең құндысы – Романов қойы. Бұл 100 қойға 250
– 300 қозыдан береді. Тек қана Ресейде өсіріледі.
5) Қаракөл қойлары - бұл қойдың қозысын жастай өлтіріп, оның қаракөл
терісін алады да, сауылатын сүтінен сыр, брынза жасайды. Бұл қойлар
негзінен Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі.
6) Етті – құйрықты қойлар. Бұның еділбай, гиссар түрлері бар. Бұл
қойлар ет, май береді. Құйрығы 10 – 12 кг, кейде 40 кг-ға жетеді. Бұл
қойлар да Орта Азия, Қазақстанда өсіріледі.
7) Етті – ірі жүнді – сүтті қойлар. Бұл қойларда ет, жүн, сүт біркелкі
мөлшерде болады. Бұған тушинск, карачаевск қойлары және т.б. жатады. Олар
негізінен Кавказдың таулы аймақтарында таралған.
Қойдың тамағында шырынды, витаминді, минералды заттар мол болуы керек.
Жақсы тамақ қой үшін – жоңышқа, люцерна, дәнді – дақылдар
тұқымдасы, шалғын шөптер. Қойға ащы батпақтың шөбін, селеу т.б. беруге
болмайды.

3. Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы - өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс
істейтін фабрикар, ол ауыл шаруашылығының алғашқы саласы. Құс
фабрикаларында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланғын. Құстардың ет пен
жұмыртқасы, жүні қолданылады. Жұмыртқасының сарысында 31,7% май, 16,4%
протеин, 1,1% минералды заттар, А, В, D, E витаминдері болады.
Белогында 12,7% протеин, 0,9 минералды заттар болады. Еті
жеңіл сіңіріледі, құрамында, себебі, 22%-дай сіңірілетін протеин болады.
Оларға жем ретінде азықтық дәнді дақылдар пайдаланады. Сондықтан, құс
шаруашылығы бір жағынан, ірі астық шаруашылықты аудандарда, ал екінші
жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға таяу орналасады. Әсіресе,
үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен астық шаруашылығының орталығы -
Солтүстік ерекшеленеді.
Құстарды етті, етті – жұмыртқалы, жұмыртқалы топтарына бөледі. Барлық
қаздар мен үйректер етті топқа жатады.
Тауықтың ерекшелігі тез өседі, туғанда 40 грамм болса, 60 - 70 күнде
1,2 - 1,4 кг болады. Бес айлығынан бастап жұмыртқа салады. Жылына орташа
есеппен 180 - 200 жұмыртқа береді. Тауық өсіру шаруашылығы Қазақстанның
барлық жерлерінде дамыған.
Жұмыртқа бергіш тұқымға тауықтардың леггорн және орыстың ақ тауығы
жатады. Орыс ақ тауығының жұмыртқасы 58 - 62 грамм, ал тауықтың өзі 2,2 -
2,4 кг, кейде 3,3 кг болады.
Леггорн - тауықтың АҚШ - та шығырылған түрі, салмағы 1,8 - 2 кг. Түрлі
климатқа тез үйренеді, 4 - 5 айда жұмыртқа сала бастайды.
Етті - жұмыртқалы тауыққа – первомайский, юрловский, загорский түрлері
жатады.
Үйректер тез өскіш, төзімді, ұрпақты көп берумен, етінің дәмділігімен
ерекшеленеді. Нағыз етті үйрек кең тараған пекин үйректері жатады, олардың
55 - 60 күндік балапаны 2,5 кг тартады. Етті - жұмыртқалы үйрекке
украиналық, қара, ақ төсті, айналы т.б. түрлері жатады.
Құсты қолдан көбейту инкубаторларда жүргізіледі, көбінесе универсал
45 маркасымен.
Еті дәмді, майы ем, қауырсыны мамық құстың бірі – қаз. Қаздың көп
тараған келесідей түрлері бар: холмогор, арзамасс, тулалық т.б.
Тулалық қаздар жасыл шөпті жақсы жейді, жылына 20 - 25 қаз басып
шығарады.
Үнді құсы - индейка – үйде ұсталатын ең ірі құс болып саналады. Олар
негізен еті үшін өсіріледі. Үлкендері 12 - 20 кг-ға дейін болады. Үнді
құсының Солтүстік Кавказдық қола түсті, Москвалық ақ түсті т.б. түрлері
бар. Үнді құстары инкубаторда инкубациялау арқылы көбейеді. Инкубация
жұмыртқа сапасы мен инкубациялау тәртібінің дұрыс жүруіне байланысты
болады. Мысалы: температура, жарық, ылғалдылық т.б., себебі эмбрионның даму
кезеңі әртүрлі ылғалдықты, жарықты, температураны қажет етеді. Әсіресе
соңғы күндері температураны төмендетіп, ылғалдылықты жоғарылату керек.
әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері
Қазақстан Республикасының аграрлық - өнеркәсіптік кешені
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Мал шарушалығының қалыптасуы
Ауа температурасының режимі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Тамақ өнеркәсібі
Пәндер