«Қазақстанның танымды өсімдіктері және оларды пайдалану»



1. Кіріспе 3
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы өсімдіктер туралы жалпы мәлімет 5
2.2. Өсімдіктер экологиясы және өсімдіктерді қорғау жолдары 7
2.3. Өсімдіктердің емдеу қасиетін пайдалану 15
3. Қорытынды 26
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне кұйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
«Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек». «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады». «Қорада малың болсын, көшеңде талың болсын». «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ кұрағымен көрікті». «Дала көркі — мал, өзен көркі - тал» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл - туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі кұралдары бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», т.б.
1. Қазақстан табиғаты: энциклопедия.
Т. 1 : А-Е / бас ред. Б. Аяған. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2008. - 392 б .

2. Әубәкіров, Қ.
Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер Қ. Әубәкіров. - Алматы : Білім, 2007. - 229 б.

3. Арыстанғалиев С.А.
Қазақстан өсімдіктері = Растения Казахстана: Ғылыми және халық атаулары = Народные и научные названия / Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. - А-А : Наука, 1977. - 288 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Білім және ғылым Министірлігі

Қазақ қыздар педагогикалық университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Қазақстанның танымды өсімдіктері және оларды пайдалану

Орындаған: Оспанова Б.Б., 3курс,билогия

Тексерген: Ералиева Жанар____________

Алматы, 2010 ж.

Жоспар

1. Кіріспе
3

2. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстандағы өсімдіктер туралы жалпы мәлімет
5

2.2. Өсімдіктер экологиясы және өсімдіктерді қорғау жолдары 7

2.3. Өсімдіктердің емдеу қасиетін пайдалану
15

3. Қорытынды
26
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

1. Кіріспе

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта
басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау
үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып,
ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір
адамды туған жердің табиғатының тағдыры
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге шек
қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік
жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам
өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың
көкейіне кұйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі, Бір тал кессең, он тал ек.
Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады. Қорада малың болсын, көшеңде
талың болсын. Тау бұлағымен көрікті, бұлақ кұрағымен көрікті. Дала
көркі — мал, өзен көркі - тал деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық
дәлел.
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен
қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл - туған жерімізге деген терең
сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден
туындаған.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан
түрлі кұралдары бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: Көк шөпті
жұлма, таптама, Көктемде жан-жануарға тиіспе, т.б.

Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына
400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173
мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен
шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын бактерияларды жоятын
ерекше зат бөліп шығарады. Медицинада алатын орны үшан-теңіз.

2. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстандағы өсімдіктер турлер туралы жалпы мәлімет

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан
астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — сатыдағы
түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы
түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр
байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден
аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық
түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер.
Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон,
жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл,
птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан
флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы
құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ.
ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын
Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар
шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58 млн.
жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк
ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық
және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2
млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң
топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың
осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол.
ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi бiрлестiктер мен қауымдастықтарда
жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл
белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика
жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, әсер ететін жоғары Көкшетау мен
Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық
қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие,
т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi
шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн
қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы
аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-
теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер
орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-
теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты
шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум.
110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай
(Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның
құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер.
Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай,
аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және
құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн —
бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр
және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ,
қоңыржай ыстық белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.
Шөлдi аймақ — жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан
түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi — эндемиктер.
Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ,
қоңыржай-ыстық шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының
14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз,
еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-
еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ,
ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып
жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi),
сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3)
оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аумағы 30,3 млн. га немесе
Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай
бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды
құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк
жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аумағы 3,2
млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-
жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер —
аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-
псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аумағы 18,6 млн. га, яғни
республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк
белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр
құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады.
Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде,
шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды
(сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды;
алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-
теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге
болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның,
қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның
табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк
өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық,
әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық
(450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.

2.2. Өсімдіктер экологиясы және өсімдіктерді қорғау жолдары

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-
лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік –
жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз
елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.

Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни,
республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі
ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған.
Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын,
қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн.
км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және
олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа
райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін
маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады.
Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал
етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді
қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен
жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде
топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп,
шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-
280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни
ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен
сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде
салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің
біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр.
Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы Қызыл
кітап шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып,
оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі.
Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына
алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп
көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк,
17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар
құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар
жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру
жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар
мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін
арттыру мақсатымен Жас орманшылар, Жасыл патрульшілер, Жас экологтар,
Жас натуралистер атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің орман
шаруашылығының белді көмекшілері.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз
дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы,
Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын
тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар
жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай
рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын
формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін
өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы,
Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау
өсімдіктердің Меккесі деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи
ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін
өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан
қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле
бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі.

Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи
ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының
небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды
кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар
керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек
ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн
м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі.

Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып
отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда
қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру
оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 13
табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы
керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.
Мамандардың есебі бойынша, біздің ормандарымыздан жылына 1500 млн м3 дейін
ағаш дайындауға болады. Қазіргі кезде оның 1,3 ғана дайындалып жүр, соның
өзінде ағаш қоры дұрыс пайдаланбағандықтан орманға үлкен зиян келуде.
Кесілген ағашты сақтауда, тасымалдауда өте көп кемшіліктер бар. Олар
поезбен, сумен, автотранспортпен тасымалдағанда жолшыбай шашылып, ысырап
болады. Орманды сактауда оларды зиянды жәндіктерден корғаудың маңызы зор.
Оның механикалық, химиялық, биологиялық жолдары бар.
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту
керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен тұрақты
күресу керек.

Қазақстан орман шарулшылықтары жыл сайын 90 мың гектарга ағаштар
отырғызады. Онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі,
олардьщ ішінде дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар.
Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақ үйеңкі тоғайы планетамыздың
басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек кездесетін реликті
өсімдіктср түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының бөктерінде бар. Республиканың
табиғи өсімдіктерінің 400-ден ас-там түрі қала парктерін, көше бойларын
және жекелегсн алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады. 
Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға бай-ланысты. Олар
өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік турлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі
бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі
өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың түрі құрып кету
дәрежесінде түр.

Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыннан астамы
Қазақстанда өседі. Онын. 760 астам түрі республикамыздың жерінде ғана
болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер, 1500 түрі пайдалы
(азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы Қызыл
кітапқа енгізілген.

Өсімдіктердің геофондысын сақтауда олардың жабайы түрлерін сақтаудың
да зор манызы бар. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа
өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады. Олардың генетикалық негізінде
1500-ден аса өсімдіктің жаңа сорты шығарылды.
Өсімдіктің кейбір түрлерін адам баласы колдан құртып отырады. Бұлардың
қатарына, бағалы өсімдіктерге тамақ жөнінен конкурент болып есептелінетін,
арам шөптер жатады. Бұлардан басқа жайлауларда улы шөптер кездеседі. Олар
ауыл шаруашылығы жануарларын уландырып, колхоз, совхоздарға зиян келтіреді.

Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, топырақтын
құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады. Орманның көмегімен
заттардың биологиялық айналысы сақталып отырады. Ормандардың фитомассасы
жер шарының өсімдік массасының 82 процентін құрады. Орманның пайдасы тек
қана шаңды тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға
фитоцидтарды бөлуде. Мысалы, бір гектар можжевельник тәулік ішінде 30 кг га
дейін фитоцид бөледі.
Орман — ағаш өнеркәсібін дамытудың, тамақтық, техникалық және дәрігерлік
шикізаттың негізгі көзі. Егер бұдан бұрын ағаштан 4-5 мың нәрсенің түрі
дайындалса, қазір оның саны 15—20 мыңға дейін жетіп отыр.
Ағаштың адам баласына пайдалылығы, оның, табиғат қорғау, топырақ сақтау
және климатты реттеудегі рөлі өлшеусіз.

Қазір дәлелденіп отырғандай, әрбір 10000 км 3 тайга өзендерге жыл
ішінде 0,7—0,8 км3 су келуін қамтамасыз етеді.

Орманның өзі мемлекеттік қорықтар, су қорғайтын және ағаш өсетін
ормандар болып бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады.
 Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы — орманды қорғау — еліміздің
экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты.
Ормандарға зор зиян келтіретіндер катарына өрт жатады. Олардан орман
жануарлары да үлкен зиян шегеді. Өртке басты себепші — адамдар, 90% астамы
солардың кінәсінен болады. Әдетте, өрт ормандарда от жағудан, аңшылық
кезінде шала жанған оқ-дәрілердің қалдығынан, автомашина моторынан т. б.
кетеді. 

Әсіресе өртке қауіпті кезең сәуір айынан басталады, өрттің басым
көпшілігі мамыр айында, ағашта жапырақ аз кезінде болады, ал тамыз айында
құрғақшылық кезінде, шөптің кұрғаған мезгілінде өрт кең етек алады.
Өртті болдырмау үшін халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жургізу,
қолда бар құралдармен (күрек, айыр, шелек т. б.) өртті сөндіру тәсілдерін
үйрету керек. Әдетте өрттің кең тарауына жол бермес үшін, оның айналасынан
ор, каналдар қазады. Өрт сөндіруде авиацияның көмегі зор. Соңғы жылдары
өрттін шықкан жерін космостан бақылау жүзеге асырылады. 
Әрине, өрт сөндіруге қолда бар техника кеңінен пайдаланылуы тиіс. Бұл
жерде басты мәселе — өрт болдырмау жолдарын қарастыруда. Адамның ормандағы
мінез-құлқын қадағалап, ормандағы мәдениетін көтеруге бағытталған
жұмыстар жүргізу керек. Оған төмендегідей қарапайым ережелер жатады:
ағаштың түбінде от жағуга болмайды, ол үшін диаметрі жарты метрден астам
бұтақтардан, шөп-шаламнан тазартылған тақыр жер болуы керек. Отты
пайдаланғаннан кейін, мұқияттап көміп тастау керек. Отынға тек кесулі,
сынып калғап ескі ағаш бұтақтарын пайдалану жөн. Транспортпен орманның
калың ортасына баруға, өзендердің бойымен жүруге, шабындық жерлерді
таптауға тыйым салынуы тиіс.
Орманды қорғау комплексті түрде жүргізілуі керек. Оған жабайы және үй
жануарлары да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан да орманды қорғау, онда корық
ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты.

Орманды қорғау және бақылау

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым
мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне
қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын,
қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені
биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ,
биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім
және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны
белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті
аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып
кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі
орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес
қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес
аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен
Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне,
осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен
оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі
дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен
жорғалаушылардың 150, қосмекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай
кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі
деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар
қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-
өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде
қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы
бағыттағы шаралардың бірі – Жер жанатты деп орынды аталып кеткен небір
тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін
өмір көрсетіп отыр.
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми –
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің
биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты
шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен
табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР
мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген
құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен
міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.
1969 жылғы 9 шілдеде Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына
келтіру мен қорғау шаралары туралы, 1972 ж 2 тамызда Қазақ ССР
мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы, 1976 ж 12
шілдеде Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы қаулылар
жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі
қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы
болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол
жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты
жолдарында айқын көрсетілген.
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет
бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы,
Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың
гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26
зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3
табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы Гусиный перелет , шарын
бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан
ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе,
қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып
кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке
алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында
өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек
кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек
кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-
і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і
Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда
өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі
өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана
тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны
болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін
естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі
мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың
кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық
Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен,
мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы
өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан
Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының
бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи
ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми
негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен
міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына
рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің
Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7
миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы
қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен
көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар
егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион
гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек
4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің
периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба
байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су
қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан
түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің
қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда
айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл,
Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан
зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де
осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан
Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.
Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды
ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек.
Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн
деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.
Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан
ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді
даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған,
теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге
шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын
жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40,
құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі
тіршілік етеді.
Екінші – далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр
селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы
мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен,
шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.
Үшінші – шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері -
Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында кекілік, құлан
болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді. Шөлейтті
аймақтық қорықтардың бірі - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар
жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік,
жалман, реликті гүл тобылғы, Регель қызғалдағы.
Алматы облысы. Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя
берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа
жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы
қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа,
тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін
тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.
Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың
бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі – Жоңғар
Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын
негізгі обьектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр,
арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый
шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр
тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың
гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп – марал, қоңыр
аю, таутеке, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділікті жетілдіру жолдарын ұйымдастыру
Оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін теориялық тұрғыда негізден, қалыптастыру
Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру
Биологияны оқыту барысында эстетикалық тәрбие беру
Экологиялық тәрбие беру
Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті
Жеке тұлганың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Пәндер