Қазақтың дәстүрлi ойын мәдениетiнiң феноменологиясы



Кiрiспе

1. Ойын . адамның болмыстық стратегиясы
1.1 Ойын феномены мәдени . философиялық талдау объектісі ретінде 10
1.2 Ойынның қалыптасуы ,функциялары мен типологиясы 30
1.3 Ойындық мәдениеттегі әмбебаптылық пен ұлттық ерекшелік 49

1 Қазақтың дәстүрлi ойын мәдениетiнiң феноменологиясы

2.1 Дәстүрлi мәдениеттегi ойындық үрдiстердiң динамикасы 66
2.2 Қазақ ойындық мәдениетiнiң субъектiлерi: бақсы, ақын, сал мен серi 82
2.3 Қазақтың ұлттық ойындарын типологиялық талдау және олардың мәдени функциялары 100

Қорытынды 122

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 124
Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекет бағдарламаларымен байланысы. Бiршама ойшылдардың тұжырымдамалары мен концепцияларында ойын адамның бастапқы субстанциясымен байланысқан iс-әрекет, құбылыс, жағдай, қалып ретiнде көрiнедi. Адам ойын масштабын нөлден шексiздiкке дейiн жүзеге асырып анықтай алатын жалғыз тiршiлiк иесi. Сол себептi ол ойнамай тұра алмайды. Ойын арқылы оның жетiстiгi мен кемшiлiгiн, басқалармен қарым-қатынасын бiлуге мүмкiндiк туады. Бiрақ бұл философтардың назарынан тыс қалды. Басқаша айтқанда, ойын феноменi философиялық талдаудың объектiсiне айналуы үшiн адамның болмыстағы жаңа стратегиясы қажет болды және осы ХХ ғасыр философиясы мен мәдениет теорияларында жүзеге асты. Й. Хейзинга бойынша, “ойын мәдениеттен бұрын пайда болған, себебi мәдениеттiң өзi ертеде ойын сипатында болды, кейiннен ойын дами келе, күрделенiп бiздiң түсiнiгiмiздегi мәдениет құбылысына айналды [1, 21 б.].
Ойынға, бәсекелестiкке, белгiсiздiкке, тұрақсыздыққа талдау жасау – ХХ ғасырдың ортасындағы философиялық iзденiстерге тән нәрсе. З. Н. Исмағамбетованың ойы бойынша, қалыптасу ретiндегi болмыс жорамалының өзiн-өзi ақтауы болмыстың «жаңа» стратегиясы мен ол жүзеге аса бастаған ойынның жаңа формаларын зерттеу жолындағы алғашқы қадамы болды. Бiрақ болмыстың мұндай стратегиясын негiздеу үшiн жаңа терминология, ұғымдық формалар дайындап алу қажет болды. Егер болмысты қалыптасу ретiнде түсiнсек, онда бұрынғы логика мен оның категориялық аппаратының жарамайтыны анық, өйткенi ол логика болмыстың тұрақты және өзгермейтiн деп түсiндiрiлетiн бағдарламасына орай жасалынған едi. Жаңа категориалық тiл мен интеллектуалдық әрекеттiң жаңа ережесiн дайындау болмыстың жаңа стратегиясын қалыптастырудағы негiзгi мiндеттер саналады және бұл мiндеттi постмодернизм философиясы, мәдени антропология, мәдениет философиясы (ең алдымен – Й. Хейзинганың ойыншы адам iлiмi) шешуге ұмтылады.
“Әлемге деген постмодернистiк көзқарас белгiлi бiр “орталықтандырулардың (антропо-, еуропо-, логоорталықтандыруларды) орнату мен бекiту емес, өйткенi еуропалық әлемнiң болмыстың стратегиясының мұндай құрылымдарының жарамсыздығына көзi жеттi. Постмодерн әзiлдiлiк, өзгермелiлiк, ойын, еркiндiлiк мойындалатын әлем үлгiлерiн көбiрек насихаттайды. Тұрақсыз процестердi сипаттауға көшу – постмодерн ғылымына тән қасиет, ал әлемдi хаос ретiнде, мәтiн ретiнде философиялық пайымдау – постмодерн жағдайындағы философиялық дүниетанымның жаңа бағдары [2, 170-171 бб.].
Қазіргі мәдениеттануда ұлтсыздандырылған және тұлғасыздандырылған рәсiмдерден гөрі, этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын формалар модельдерімізді жасау қажет. Бүгін Қазақстан Республикасында көпұлттық әлеумет жағдайында бақылаусыз, талғамсыз жүріп жатқан ойын формалары жеңіл үрдісті, ұлт пен ұлыстың сана-сезімін уландыратын бөтен үлгілерге әкелуі мүмкін. Сол себепті әлемді ұлттық ойындарды теория тұрғысынан талдау актуальды мәселеге жатады. Ұлттық ойындардың құндылықтарын жаңа заман тұғырнамасы бойынша қайтадан зерделеу рухани мәдениеттi шыңдай түседi және осында ұлттық философия ерекше рөл атқарады. Ұлттық философия дамымаған жағдайда жетiлген және толыққанды мәдениет туралы пайымдау негiзсiз.
1 Хейзинга Й. Homo ludens. Человек играющий. Статьи по истории культуры. - М.: Прогресс, 1997. - 416 с.
2 Исмағамбетова З.Н. Онтология //Философия. - Алматы: Раритет, 2005. - С.225.
3 Тәжiбаев Т. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні. - Алматы, 1997. - 225 б.
4 Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1978. - 250 б.
5 Иманкулов А. Физическая культура и спорт как социокультурный феномен: Дис.канд.филос. наук. – Алматы: КазНУ, 2002. – 140 с.
6 Берн Э. Игры, в которые играют люди и люди, которые играют в игры. - М., 2002. - 473 с.
7 Выготский Л. Игра и ее роль в психологическом развитии ребенка // Вопросы психолгии. - 1966. - № 6. - С. 3.
8 Оуэн Г. Теории игр.- М., 1971. - 115 с.
9 Ожегов С.И. Толковый словарь русского языка. - М., 1978. - 205 с.
10 Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздiк. - Алматы: Раритет, 2004. - 320 б.
11 Сигов Б.К. Игра // Современная западная философия. Словарь. - М., 1991. – С. 356.
12 Ортега-и-Гассет Х. Дегуманизация исскуства и другие работы: Сборник. - М.: Радуга, 1991. - 639 с.
13 Шилз Э. Массовое общество и его культура // Буржуазное массовая культура. - М.: Политиздат, 1985. - С. 399.
14 Нуржанов Б.Г. Культурология: Курс лекций. - Алматы: Кайнар, 1994. - 128 с.
15 Соловьева Г. Современная западная философия. - Алматы: Ақыл кiтабы, 2002. - 465 с.
16 Делез Ж., Гваттари Ф. Номадология туралы трактат // Тамыр. - 2001.
- № 4. - 2 б.
17 Платон. Законы. // Платон. Сочинения: В 3-х т. - М.: Мысль, 1972. - Т.3, ч.2. - С. 600.
18 Аристотель. Никомахова этика //Аристотель. Сочинения: В 4-х т. - М.: Мысль, 1976. - Т.4. - С.830.
19 Кант И. Критика способности суждения / Кант И. Соч: В 6-ти т. - М.: Мысль, 1966. - Т.5. - С. 564.
20 Холл Г. С. Очерки по изучению ребенка. - М., 1925. - 144 с.
21 Холл Г. Инстинкты и чувства в юношеском возрасте. – М., 1920. - 88 с.
22 Эльконин Д. Психология игры. - М., 1978. - 410 с.
23 Гросс К. Душевная жизнь ребенка. - Киев, 1916. - 215 с.
24 Хейзинга Й. В тени завтрашнего дня. - М.: Прогресс, 1992. - 283 с.
25 Ортега-и-Гассет. Дегуманизация искусства // Самосознание еврапейской культуры ХХ века. - М.: Политиздат, 1991. - С. 366.
26 Гессе Г. Игра в бисер. - М., 2001. - 445 с.
27 Кажгали óлы А. Ою и ой. -Алматы, 2004. - 444 с.
28 Акатай С. Тенгризм //Культурные контексты Казахстана. – Алматы: Золотой век, 1998. – С. 280.
29 Ортега-и-Гессат Х. Что такое философия? -М.: Наука, 1991. - 408 с.
30 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы: ҚазҰУ, 1992. - 160 б.
31 Шиллер Ф. Письма об эстетическом воспитании человека // Идеи эстетитческого воспитания // Антология: В 2-х т. - М.: Исскуство, 1973. – Т.2 – С.368.
32 Кривцун О.А. Эстетика. - М., 1988. - 480 с.
33 Современный словарь иностранных слов. - М.: Русский язык, 2000. -742 с.
34 Руднев В. Энциклопедический словарь культура ХХ века. - М.: Аграф, 2001. - 604 с.
35 Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. - М.: Политиздат, 1985. – 399 с.
36 Куликова И.С. Философия и искусство модернизма.- М.: Политиздат, 1980. - 272 с.
37 Плеханов Г. Материалистическое понимание истории // Изобр. филос. произв. – М., 1965. – Т.2. - С. 665.
38 Төтенай Б.Ө. Қазақтың ұлттық ойындары (тарихи-этнографиялық зерттеме: Автореф. д-ра ист. наук. - Алматы: Тарих және этнология институты, 1998. - 44 б.
39 Финк О. Основные феномены человеческого бытия // Проблема человека в западной философии. - М., 1988. - С. 493.
40 Бахтин М.М. Творчество Франсуа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. - М.: Худ. лит., 1990. - 513 с.
41 Мәдениеттану сөздiгi /Құлсариева А. - Алматы: Сорос қоры, 2001. - 331 б.
42 Хейзинга Й. Осень средневековья. - М., 1992. - 415 с.
43 Кун Л. Всеобщая история физической культуры и спорта. - М.: Радуга, 1982.- 400 с.
44 Хамидов А. Феномен обесцененного // Тамыр. – 2000. - Вып. 1(2). – С. 50-58.
45 Гадамер Х.-Г. Истина и метод. - М., 1988. - 704 с.
46 Щедровицкий Г.П. Игра и детское общество. – М.: Дошкольное воспитание, 1964. - 227 с.
47 Турсунов Е. Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау. - Астана: Фолиант, 1999. - 266 с.
48 Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности. - М.: АСТ-ЛТД, 1998. - 672 с.
49 Комский Д.М. Электронные автоматы и игры. - М.: Энергоиздат, 1981. – 169 с.
50 Паскаль Ж. Электронные игры. - М.: Радио и связь, 1983. – 130 с.
51 Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. - М.: Политиздат, 1991. – 525 с.
52 Витгенштейн Л. О достоверности // Вопросы философии.- 1991.-
№ 2. –С. 5.
53 Витгенштейн Л. Философские работы. - М., 1944. 330 с.
54 Ревуненкова Е.В. Народы Малайзии и Западной Индонезии. – М.: Наука, 1980. - 225 с.
55 Шаманские песнонения сибирских тюрков / Н. Катанов. - М., 1966. – С. 21-70.
56 Турсунов Е. Древнетюрский фольклор: истоки и становление. -Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 172 с.
57 Симаков Г.Н. Общественные функции киргизских народных развлечений в конце ХIХ-начале ХХ в. - Л.: Наука, 1984. – 229 с.
58 Шарипов Э., Кронин С. Режиссура социальных игр. - М., 2002. – 350 с.
59 Чжан Цянь (II в. до н. э.) // Портреты. Степь глазами извне… - Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2000. – С. 148.
60 Гумилев Л.Н. Қиял патшалығын iздеу. – Алматы: Балауса, 1992. – 448 б. 61 Толстов С.П. Пережитки тотемизма в дуальной организации у туркмен // Проблемы истории докапиталистических обществ. – М., 1935. - № 9-10. - С. 3.
63 Шомбал – Кукашев Р.К. К символике старинного казахского поминального ритуала «түйе шешу» // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дқстүрлерi: өткендегiсi жқне бүгiнi. – Алматы: Ғылым, 2001. – 428-430 бб.
64 Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. – М., 1969. 230 с.
65 Хлудов Н.Г. Состояние с призами Картина // Архив. РК. ЦГМК.; Оп. 1, д. 346.9275.
66 Байтурсынов А. Биография и заключения по картинам Н.Г. Хлудова «Состязание с призами» // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi. –Алматы, 1986. - 428-450 бб.
67 Марғұлан Ә. Ежелгi жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985.- 368 б.
68 Танекеев М. Казахские национальные виды спорта и игры. – Алма-Ата: КазИФК, 1957. –125 с.
69 Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов // Собр. Соч: В 5 т. – Алма-Ата: Казэнциклоп., 1985. - Т. 4. – С. 48-70.
70 Портреты. Степь глазами извне. От Геродота до Гумбольдта Под. ред. А.Х. Касымжанова – Алматы: Қайнар, 2000. – 148 с.
71 Маккей Э. Древнейшие культуры долины Инда. – М., 1957.- с. 258.
72 Сеченов И. Рефлексы головного мозга. – М., 1952. – 163 с.
73 Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: ТЭИ, 1998. – 53 б.
74. Мұқанов М. Ақыл-ой өрiсi. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 172 б.
75 Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi. – Алматы: Ғылым, 2001. – 428 б.
76 Мид Г. От жеста к символу. - Чикаго, 1934. - 78 с.
77 Левшин А.И. Описание киргиз – казачьих или киргиз – кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.
78 Радлов В.В. Из Сибири. – М.: Наука, 1989. - С. 357.
79 Янушкевич А. Дневник и письма из путешествия по казахским степям. – Алматы: Қазақстан, 1966. - С. 320.
80 Горький М. // Собрание сочинений: В 30 т. – М., 1955. – Т. 25. – С. 115.
81Чуковский К. От двух до пяти. – М., 1968. – С. 215.
82 Покровский Е. Детские игры, преимущественно русские в связи с историей… - М., 1895. – 223 с.
83 Потанин Г.Н. В юрте последнего киргизского царевича // Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. В 5 т. – Алма-Ата: Казэнц., 1985. Т. 5. - С.314-335.
84 Валиханов Ч.Ч. Смерть Кукотай-хана и его поминки // Собр. соч. В 5 т. – Алма-Ата: Казэнц., 1985. – Т. 2. С. 90-100.
85 Манас. Киргизский народный эпос. Раздел: Великий поход – М., 1941. – С. 213.
86 Карутц Р. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке – СПб, 1910;
87 Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: Ел, 1992. – 272 б.
88 Шәймерденов С. Шығар. Жинағы // Төрт томдық. – Алматы: Жазушы, 1999. Т. 3. - 330 б.
89 Диваев А. Киргизская колыбельная песня // Известия туркестанского отдела РГО. – 1990. – Т. 2. – С. 83.
90 Аткинсон Т. Путешествие в казахские степи // Простор. – 1972. - № 3. - С. 17.
91 Амребаев А. Поэтическая философия казахского народа (жанр айтысоа) // Культурные контексты Казахстана. – Алматы: Ниса, 1998. - С. 170-174.
92 Мұқанов С. Қазақ қауымы. – Алматы, 1995. – 72 б.
93 Әуезов М. Қазақ халқының жұмбақтары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 220 б.
94 Абылқасымов Б. Телқоңыр (Қазақтың көне наным- сенiмдерiне қатысты ғұрыптық фольклоры).- Алматы, 1993. – 115 б.
95 Родари Дж. Грамматика фантазии. Сказки по телефону. – Алматы, 1962. – 125 б.
96 Сейфуллин С. Қазақ әдебиетiн зерттеу. – Алматы, 1931. - 253 б.
97 Абылқасымов Б. Телқоңыр (Қазақтың көне наным- сенiмдерiне қатысты ғұрыптық фольклоры). - Алматы, 1993. – 330 б.
98 Өмiрзақов Т., Ислямов О. Наурыз // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi. Алматы, – 2001. – 420-428 бб.
99 Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетiн жасаушылардың байырғы өкiлдерi.- Алматы, 1976. – 123 б.
100 Ғабитов Т.Х. Әлiмжанова Ә.Ш. Исламға дейiнгi түрiк халықтарының мифологиясы мен дiни сенiм-нанымдары // Философиялық мұра. - Алматы, 2003. Т.1. - 483 б.
101 Шулембаев К.Ш. Маги, боги и действительность. – Алма-Ата: Казахстан, 1975. – 128 с.
102 Есiм Ғ. Жамандық дегенiмiз не? // Ақиқат. – 1996. - № 2. 3-5 бб.
103 Орынбеков М.С. Верования древнего Казахстана. – Алматы: Қаз. даму ин-ы, 1997. – 154 с.
104 Шаманские песнопения сибирских тюрков // Сост. Н.Ф. Катанов. – М.: Наука, 1966. - С. 49-55.
105 Турсунов Е.Д. Древне тюркский фольклор: истоки и становление. – Алматы: Дайк – Пресс, 2001. – 172 с.
106 Акатаев С. Мировоззренческий синкретизм казахов. – Алматы: Инст. культуры, 1988. - Ч.2. – 288 с.
107 Танашбай. Қара бақсы // Лениншiл жас. – 1925. – 8 қыркүйек.
108 Валиханов Ч.Ч. Тенкри (бог) // Собр. Соч: В 5 т. – Алма-Ата: Каз. энцикл., 1984. – Т. 4. – С. 208-215.
109 Жүзбасов Қ. Қазақтың сал-серiлерi // Мәдениет. 1985. - № 5. 10-13 бб.
110 Тұрсынов Е. Сал-серiлер дәстүрiнiң төркiнi // Заман - Қазақстан. – 1996. – 8 қараша.
111 Биғожин Қ. Бiржанның белгiсiз ғұмыры // Мәдениет. 1990. - № 6. 6-7 бб.
112 Буркитбаев А. Казахские национальные виды конного спорта. – Алма-Ата, 1978. -125 с.
113 Радлов В.В. Семей облысы қырғыздарының салты // Русский вестник. – 1879. - № 9.- 12-17 бб.
114 Диваев А. Казахские национальные спортивные игры // Туркестанские ведомости. – 1905. – 2 ақпан. 3-5 бб.
115 Қасымхан Ж. Жiгiт болғың келсе… Қазақтың ұлттық қарусыз айқас спорты. – Алматы: РБК, 1997.- 125 б.
116 Назаров Д. Записки о некоторых народах и землых средней части Азии - М., 1968. – 156 с.
117 Гуннер М.М. Казахский народный конный спорт. - Алма-Ата, 1975. – 35 с.
118 Карутц Р. Среди киргизов и туркмен не мангышлаке. – СПб, 1910. - С. 210.
119 Калышев А. Казахские народные праздники и игры // Казахи. Историко-этнографическое исследование. – Алматы: Ғылым., 1984. – С.125.
120 Ермолов М. Рыцарские забавы киргиз-кайсаков // Сын отечества. – Алматы, 1845. – С. 25-27
121 Ивановский А. Поездка к киргизам на озеро Нор – Зайсан // Русские ведомости. – 1887. – 15 қаңтар.
122 Гуннер М.М. Казахский народный конный спорт. – Алма-Ата, 1957.- 250 с.
123 Киргизский праздик // Астраханский вестник. – 1851. - № 3. – С. 17.
124 Аупбаев Ж. Ер қанаты. - Алматы, 1985. – 7 б.
125 Краснов А.Н. Очерк быта семиреченских киргиз // Известия РГО. СПб., – 1887. - № 4. - С. 13.
126 Толстов С.П. Древний Хорезм. Опыт историко – археологического исследования. – М., 1948. - 118 с.
127 Андреев С.М. Таджики долины Хуф. – Сталинабад, 1953. – 72 с.
128 Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1978. - 66 б.
129 Төтенай Б. Қазақ ұлттық ойындары. - Алматы, 1978. – 68 б.
130 Диваев А. Казахские национальные спортивные игры. - Алматы, 1905. - С.215.
131 Танекеев М. История физической культуры в Казахстане. – Алма-Ата: КазИФК, 1977. - С. 111.
132 Евреинов А. Внутреняя или Букеевская орда. – СПб. – Современник – 1851 – Т.29. - 40-96 с.
133 Диваев А. Казахские национальные спортивные игры – Туркестанские ведомости. – 1905. - № 152.- 45 б.
134 Бахти Б. Празднование Нового года у киргизов – Оренбургский листок. – 1892. -№ 3. - С. 25
135 Валиханов Ч.Ч. Записи о киргизах. // Собр. соч. в пяти томах. Т.2. – Алма-Ата: Каз. энцикл., 1985. – С. 74-75.
136 Алдан Смайыл. Асық ойңаған академик // Егемен Қазақстан. – 2003 . - 3 қыркүйек.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 144 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе
1. Ойын – адамның болмыстық стратегиясы
1.1 Ойын феномены мәдени - философиялық талдау объектісі ретінде 10
1.2 Ойынның қалыптасуы ,функциялары мен типологиясы 30
1.3 Ойындық мәдениеттегі әмбебаптылық пен ұлттық ерекшелік 49

1 Қазақтың дәстүрлi ойын мәдениетiнiң феноменологиясы
2.1 Дәстүрлi мәдениеттегi ойындық үрдiстердiң динамикасы 66
2.2 Қазақ ойындық мәдениетiнiң субъектiлерi: бақсы, ақын, сал мен 82
серi
2.3 Қазақтың ұлттық ойындарын типологиялық талдау және олардың мәдени100
функциялары
122
Қорытынды
124
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекет бағдарламаларымен
байланысы. Бiршама ойшылдардың тұжырымдамалары мен концепцияларында ойын
адамның бастапқы субстанциясымен байланысқан iс-әрекет, құбылыс, жағдай,
қалып ретiнде көрiнедi. Адам ойын масштабын нөлден шексiздiкке дейiн жүзеге
асырып анықтай алатын жалғыз тiршiлiк иесi. Сол себептi ол ойнамай тұра
алмайды. Ойын арқылы оның жетiстiгi мен кемшiлiгiн, басқалармен қарым-
қатынасын бiлуге мүмкiндiк туады. Бiрақ бұл философтардың назарынан тыс
қалды. Басқаша айтқанда, ойын феноменi философиялық талдаудың объектiсiне
айналуы үшiн адамның болмыстағы жаңа стратегиясы қажет болды және осы ХХ
ғасыр философиясы мен мәдениет теорияларында жүзеге асты. Й. Хейзинга
бойынша, “ойын мәдениеттен бұрын пайда болған, себебi мәдениеттiң өзi
ертеде ойын сипатында болды, кейiннен ойын дами келе, күрделенiп бiздiң
түсiнiгiмiздегi мәдениет құбылысына айналды [1, 21 б.].
Ойынға, бәсекелестiкке, белгiсiздiкке, тұрақсыздыққа талдау жасау – ХХ
ғасырдың ортасындағы философиялық iзденiстерге тән нәрсе. З. Н.
Исмағамбетованың ойы бойынша, қалыптасу ретiндегi болмыс жорамалының өзiн-
өзi ақтауы болмыстың жаңа стратегиясы мен ол жүзеге аса бастаған ойынның
жаңа формаларын зерттеу жолындағы алғашқы қадамы болды. Бiрақ болмыстың
мұндай стратегиясын негiздеу үшiн жаңа терминология, ұғымдық формалар
дайындап алу қажет болды. Егер болмысты қалыптасу ретiнде түсiнсек, онда
бұрынғы логика мен оның категориялық аппаратының жарамайтыны анық, өйткенi
ол логика болмыстың тұрақты және өзгермейтiн деп түсiндiрiлетiн
бағдарламасына орай жасалынған едi. Жаңа категориалық тiл мен
интеллектуалдық әрекеттiң жаңа ережесiн дайындау болмыстың жаңа
стратегиясын қалыптастырудағы негiзгi мiндеттер саналады және бұл мiндеттi
постмодернизм философиясы, мәдени антропология, мәдениет философиясы (ең
алдымен – Й. Хейзинганың ойыншы адам iлiмi) шешуге ұмтылады.
“Әлемге деген постмодернистiк көзқарас белгiлi бiр “орталықтандырулардың
(антропо-, еуропо-, логоорталықтандыруларды) орнату мен бекiту емес,
өйткенi еуропалық әлемнiң болмыстың стратегиясының мұндай құрылымдарының
жарамсыздығына көзi жеттi. Постмодерн әзiлдiлiк, өзгермелiлiк, ойын,
еркiндiлiк мойындалатын әлем үлгiлерiн көбiрек насихаттайды. Тұрақсыз
процестердi сипаттауға көшу – постмодерн ғылымына тән қасиет, ал әлемдi
хаос ретiнде, мәтiн ретiнде философиялық пайымдау – постмодерн жағдайындағы
философиялық дүниетанымның жаңа бағдары [2, 170-171 бб.].
Қазіргі мәдениеттануда ұлтсыздандырылған және тұлғасыздандырылған
рәсiмдерден гөрі, этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын формалар
модельдерімізді жасау қажет. Бүгін Қазақстан Республикасында көпұлттық
әлеумет жағдайында бақылаусыз, талғамсыз жүріп жатқан ойын формалары жеңіл
үрдісті, ұлт пен ұлыстың сана-сезімін уландыратын бөтен үлгілерге әкелуі
мүмкін. Сол себепті әлемді ұлттық ойындарды теория тұрғысынан талдау
актуальды мәселеге жатады. Ұлттық ойындардың құндылықтарын жаңа заман
тұғырнамасы бойынша қайтадан зерделеу рухани мәдениеттi шыңдай түседi және
осында ұлттық философия ерекше рөл атқарады. Ұлттық философия дамымаған
жағдайда жетiлген және толыққанды мәдениет туралы пайымдау негiзсiз.
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi оның тарихилығына да қатысты. Көне
мәдениетте дионисийлiк бастаулардың мәдениетте басымдық танытқаны белгiлi.
Орта ғасырдағы рыцарьлық жекпе-жектер ойын элементiне толы болды. Ал
ондайды ХХ ғасырда орын алған жаппай қырып-жоятын соғыстар жайлы айта
алмайсың. ХХ ғасырдың соғыстарындағы адамдарды жаппай қырудың орын алуының
ойынмен еш ортақтығы жоқ. Алайда, ХХ ғасырдың соңғы жылдарында орын алған
соғыстарда ойындық фактор көрiнiс бердi. Ондай соғыс түрлерi киберсоғыс
деген атауға ие болды. Бұл соғыс түрiнде адам өмiрiне үлкен қауiп
туындайды. НАТО әскери блогы мен серб армиясының арасында болған қарулы
қақтығыста бұл соғыс түрi алғаш рет кең көлемде жүргiзiлдi. Тараптар бiр-
бiрiнiң компьютерлiк программалық жүйелерiн құртуға бағытталған iс-
әрекеттер жасады. Қазiргi көңiл көтерулерде компъютерлiк ойындар алдыңғы
қатарға шығып барады. Осының бәрi ойын мәдениетiн талдау қажеттiгiн
туғызады.
Мәселенiң қазiргi деңгейi және зерттеу қажеттiлiгi. Ойынды мәдени
феномен ретiнде зерттеу батыстық өркениеттiң ақпараттық толқыны әсерiнен
басталды. Жаңа ғасыр, жаңа уақыт, жаңа кезең жаңа түсiнiктер мен ұғымдарды
талап еттi. Ендi ғылым шынайы түрде өз назарын адамға аудара бастады.
Философия гнесеологиялық проблемалардан онтологиялық проблемаларды
қарастыруға көштi. Сол орын алған үлкен сапалық өзгерiстердiң нәтижесiнде
ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында голландиялық ғалым Йохан Хейзинганың
концепциясы дүниеге келдi. Нидерландалық ғалым Й. Хейзинга ХХ ғасырдың 30
жылдарында мәдениеттi түсiндiруде ойын концепсиясын ұсынды. Ол өз
концепциясын 1938 жылы жарық көрген “Homо ludens (ойын адамы) атты
еңбегiнде жан-жақты негiздедi. Й. Хейзинга алғаш рет ғылымда толыққанды
ойын концепциясын жасаған болатын. Оған дейiн нидерландық философтан басқа
ойын проблемасын А. Адлер, К. Болер, Ф. Бойтендейк, Г. Спенсер, К.
Ушинский, В. Штейн, З. Фрейд өз еңбектерiнде әртүрлi аспектiлерде
қарастырылды. Этнология ғылымы да ойын проблемасын қарастырады, онда
ойынның әр түрлi этностарға тән түрлерiн қарастырып, ойындардағы ортақ
белгiлерiн iздейдi. Сондай-ақ ойын проблемасын қарастырған Батыс
зерттеушiлерiнiң қатарына Р. Каллос, Х. Кокс, Е. Финк, Р. Линтендердi, ал
бұрынғы кеңестiк зерттеушiлердiң қатарына В. Устиненко, М. Эпштейн, В.
Селюнас, А. Френкиндердi қосуға болады. Бұларға дейiн ойын хақында И. Кант,
Ф. Шиллер, Г. Спенсер, т.т. пiкiрлерiн бiлдiрген болатын. ХVIII ғасырда И.
Кант заманында Ағартушылық дәстүр үлкен беделге ие болды. Еркiндiк, Теңдiк
және Ағайындық принциптерi сол кездегi оқымыстылардың санасын жаулап алған
болатын. Немiс философы И. Кант та мұндай заман ерекшелiгiнен сырт қалған
жоқ. И. Кант еркiндiк iс-әрекет ретiнде ойында жүзеге асады деп есептеген.
Сондықтан да И. Кантты ойын мәселесi қызықтырды. Ол ойынды еркiндiктiң
толық көрiнiсi ретiнде бағалады. Немiс философы поэзияны ойынмен
салыстырады. Поэзия, оның пiкiрiнше, идеядан жасалған ойын болып табылады.
Роман мен театрды, И. Кант сезiм ойынымен салыстырады. Бұл арқылы И. Кант
өнер мен ойын арасындағы терең байланысты ашып көрсеткен болатын. Немiс
ақыны Ф. Шиллер ойын жайлы өзiнiң “Эстетикалық тәрбие жайлы хаттар деген
еңбегiнде қарастырып өтедi. Ол ойынды күштiң артық болуынан пайда болады
деп түсiндiредi. Мұндай пiкiрдi ағылшын философ-позитивисi Г. Спенсер
қолдайды. Сондай-ақ ХIХ ғасырда К. Гросс ойын теориясын көпшiлiкке ұсынды.
Оның пiкiрiнше, ойын тек қана күштiң көп болуынан пайда болмайды, сонымен
бiрге жас организмдi болашақ өмiрге бейiмделуге, баулуға үйретедi. К.
Гростың есептеуiнше, ойын бұл қабiлеттердi жетiлдiрушi, оларды бекiтушi
болып табылады. Ойын құбылысын осылайша алуан түрлi жолмен түсiндiру оның
адам өмiрiнде қаншалықты үлкен орын алатындығын бiзге аңғартады, көрсетедi.
Адам мәдениетiн түсiндiру, ұғындыру жолында мәдениеттануда әр түрлi
ыңғайлар қолданылады. Осы ғылымдағы көптеген iзденiстердiң нәтижесiнде
мәдениеттiң ойын концепциясы дүниеге келдi. Осының арқасында ойын
мәдениеттiң қозғаушы күшi болып табылатындығы анықталды. Ойын феноменiн
зерттеудiң нәтижесiнде ғылымда мәдениеттi толыққанды түсiнуге жол ашылды.
Сондықтанда ойын құбылысын зерттеу адам болмысының бiр қырын түсiнуге
септiгiн тигiзетiнi сөзсiз. Ойынды зерттейтiн ғылымдардың арасында
мәдениеттанудың алатын орны ерекше. Ойын феноменiн аталмыш ғылымның аясында
зерттеу бiз үшiн құнды, себебi мәдениеттану ғылымы ойын құбылысының
мәдениеттегi орны мен рөлiн, оның қазiргi заман мәдениетiне жасайтын
ықпалын анықтап бередi, ойын құбылысының мәнiн философиялық жағынан
түсiнуге мүмкiндiк бередi. Қазiргi кездегi мәдениеттанудағы алуан түрлi
концепциялар мен теориялардың қатарына ойын концепциясы да кiредi. Бұл
концепцияға көпшiлiк тарапынан қызығушылық артуда. Оның себебiн ХХ ғасырда
адамзат өмiрiнде орын алған үлкен сапалық өзгерiстермен түсiндiруге болады.
Қазiргi заманда ойын элементi зерттеушiлердiң пайымдауы бойынша, саясатта,
өнерде, спортта, халықаралық iстерде, сот процесiнде, педагогикада т.б.
көрiнiс бередi. Сондықтан да мәдениеттегi ойын элементiн жан-жақты зерттеу
мәдениеттiң негiзiне, тереңiне үңiлу болып табылады.
Зерттеуге енген ойын жайлы мәтiндер Б.Төтенаев, Е.Сағындықов,
М.Тәнекеев, К.Iсләмжанұлы, Ә.Диваев сынды ғалымдар мен жазушылардың
еңбектерiнен, жекелеген үлгiлерден, әр жылдары жарық көрген “Қазақ ұлттық
ойындары (1978), Қазақтың ұлттық спорт ойындары (1957), Соқыртеке
(1990), Рухани уыз (1995), Қазақтың ұлттық ойындары (1991), т.б. сондай-
ақ, Халық ғажап тәлiмгер (1994), Жылдың төрт мезгiлi (1991)
кiтаптарынан алынды.
Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинауға өлшеусiз еңбек сiңiрген қажырлы
ғалымның бiрi — этнограф Ә. Диваев. Оның ұзақ жылдар бойында жинаған
материалдары бүгiнгi ұрпақ үшiн баға жетпес байлық. Әрi қазақ фольклорының
барлық дерлiк жанрлары бойынша тауып жинақтаған аса қымбат жәдiгерлерi
бiрнеше том құрарлық. Олардың iшiнде қазақтың ұлттық ойындары жайлы бiршама
мәлiметтер қамтылып, тәрбиелiк маңызы өте жоғары бағаланған. Ол ойынның
балаларды шығармашылық iзденiске, өзiндiк қызмет етуге тәрбиелейтiн маңызды
құрал екенiн айтып, “Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны-деген еңбек жазған.
Бұл еңбегiнде сол уақытта қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жасөспiрiмдердiң
жас ерекшелiгiне қарай ойындарды сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және
жiгiттер ойыны деп топтастырады. Бұған қоса ол әрбiр топты тағы да үш
топқа бөледi. Алғашқысына тайпалар бiрiгуi кезiндегi ежелгi ойындарды
жатқызса, келесiсiне — жылдам, ал үшiншiсiне спорттық ойындарды топтайды.
Кейiннен бұл жүйелеуге өзге ғалымдарымыз толықтырулар енгiздi.
Тағы бiр ғалымымыз, психолог Т. Тәжiбаев ойынды спорттық түрде, дене
шынықтырудың тәсiлi ретiнде қарастырады. Оның айтуынша: “ат және жаяу
спорттық ойындар әскери мiнез-құлықта күштiлiктi, шыдамдылықты, жылдамдықты
жетiлдiрiп, батырлыққа тәрбиелеген[3]. Ары қарай ойындардың дұрыс бағасын
олардың шығу тарихын талдау барысында беруге болады. Олай дейтiнiмiз, әрбiр
халық өзiнiң әлеуметтiк-мәдени және экономикалық қабiлеттерiне сай ойындар
мен жаттығулар ұйымдастырған. Бұл жағынан келгенде қазақ ұлттық ойындарға
өте бай халық. Бiрақ сол ойындардың жұртқа ауызекi ғана тарап, көпшiлiгi
бүгiнгi күнге жетпей ұмыт қалғаны да шындық. Е.Сағындықов өзiнiң Қазақтың
ұлттық ойындары деген кiтабында ұлттық ойындарды үш салаға: ойын-сауық,
тұрмыс-салт ойындары, “денешынықтыру, спорт ойындары және оймен келетiн
ойындар[4], - деп бөлiп қарастырады. Ойын фольклорының өзгешелiктерi
туралы жекелеген құнды бақылау-тұжырымдарды, сондай-ақ С.Сейфуллин,
I.Жансүгiров, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов, М.Әлiмбаев, Х.Арғынбаев
зерттеулерiнен де кездестiремiз.
Зерттеу ішкі мәнісі бойынша көптеген теориялық ізденістер, мәдени
мәтіндер мен деректерге сүйене отырылып орындалған. Олардың арасында
мынадай әдістемелік арналарды атап өткен жөн: 1) Ойын тақырыбын көптеген
ғалымдар әр түрлi аспектiлерде жоғарыда айтылғандай өз еңбектерiнде
қарастырды, ал тiкелей ойын мәселесiн қарастырған зерттеушiлердiң еңбектерi
мыналар: Й. Хейзинганың аталып өткен туындысы, Е. Финк Grundphanomene des
menschlichen Daseins (1979), Г. Гессе Игра в бисер (1942), Л.
Витгенштейн Философские работы (1994), Ж. Делез Логика смысла (1995),
Ж. Деррида Грамматология (1967). 2) Ойындық мәдениет қарастырылған
ресейлік ғалымдардың шығармалары (М.Бахтин, Г. Снесарева, Г. Симаков,
В.Руднев, Г.Гачев, т.т.). 3) Ойындық мәдениеттi қазақ мәдениеті
контекстiнде суреттеуге және түсіндіруге арналған еңбектер (А. Левшин, М.
Киттари, Ш.Уәлиханов, Җ.Марғұлан, ғарифолла Есім, А. Калышев, Б.Нұржанов,
С.Ақатай, Н.Шаханова, және т.б.). Алайда бұл зерттеулер аталған тақырыпты
тікелей қамтымағандықтан диссертациялық ізденістің объектісі мен пәнін жаңа
деп бағалауға толық негіз бар.
2000 жылы қорғалған А. Иманқуловтың агонистика мен спортқа арналған
кандидаттық диссертациясында бұл мәселе тән және рухани болмыс
контекстiнде қарастырылады [5]. Жоғарыда аталған еңбектер маңызды
болғанымен, олар қазақтың ұлттық ойындарын толық қамтымайды. Бұл
зерттеулердi бiз өз iзденiсiмiздiң арналары және ой тудырушы мәтiндерi деп
қабылдаймыз.
Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері. Этномәдениеттiң тарих
формаларында қазақтың ұлттық ойындарын мәдениеттанулық тұрғыдан талдау
арқылы халқымыздың қоршаған табиғи және әлеуметтiк ортаны игеру барысында
қалыптасқан ойындық мәдениетiн айқындау, ойын құбылысының табиғатын анықтау
зерттеудiң басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында мынадай мiндеттер
туындайды:
– ойын мен мәдениет арасындағы тереңде жатқан байланыстарды ашып
көрсету; ойын құбылысының мәдениетке жасайтын ықпалын анықтау; ойын мен
өнер арасындағы байланысты көрсету; ойын мен философия арасындағы
байланысты iздеп табу.
– батыстық философиялық және этнографиялық зерттеулердегi өзiндiк
“философемалардың көркем-бейнелiк суреттемелерден ажыратып, оларға мәндiк,
салыстырмалық және қисындық талдау беру;
– қазақ дәстүрлi мәдениетiне тән рухани-әдептiк-көркемдiк тұстастықты
бойына толық сiңiрген ұлттық ойын типтерiндегi мәдени құндылықтарды
айқындау;
– қазақ философиясындағы ұлттық ойын өрiсiнiң ерекшелiктерiн зерттеу
арқылы бұл формаларға тән дидактикалық-этикалық ұғымдарды пайдалану;
– ұлттық ойындарды мәдени құндылық деп түсiнген ақын-жыраулар,
саяхатшылар мен ғалымдар шығармашылығына мәтiндiк талдау беру және оның
мәдениеттанулық мәнiсiн ашу;
– қазақ мәдениетiндегi ұлттық ойындарды бүгiнгi күннiң шешiлмеген
мәдениеттiлiк мәселелерiне қатысты зерделеу.
Диссертациялық зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Қазіргі батыстық
мәдениеттанудың өзекті мәселесі – ойын мәдениетi алғашқы рет қазақ
мәдениеті контекстінде қарастырылып отыр. Ізденуші өзектi батыстық зерттеу
ұстанымдарын қазақы дүниетаным үрдістеріне тек үлгі-модель ретінде
қолданбай, одан этномәдениет қисын іздестіреді. Жұмыстың негізгі ғылыми
жаңалығы - қазақ мәдениетiне іштей тән дионисийлiк бастауларға
онтологиялық және феноменологиялық талдау беру.
Диссертациялық iзденiстiң сонылығы таңдалып алынған тақырыпты
қарастыруда жаңа әдiстеменi қолдану және осы мәселеге арналған әдебиетте
кездеспейтiн немесе ерекше мән берiлмеген соны қағидалар мен тұжырымдар
арқылы айқындалды. Соны әдiстемелiк және мазмұндық қағидаларға
жататындары:
Адам болмысының түбегейлі стратегиясы, өркениеттің ақпараттық толқыны
мен еркін таңдауға негізделген постмодерндік қоғамға сай тұлғалық
экзистенция бітімінде қарастырылады.
– ұлттық ойындарды рационалистiк парадигмаға негiзделген батыстық
мәдени-философиялық тұғырларынан өзгеше, Шығыс дәниетанымы мен
көшпелiлiк мәдени-рухани контекстiде қарастыру.
– Қазақтың арғы тектерi мен дәстүрлi мәдениетiне тән бақсылық, сал мен
серiлiк сияқты ойындық феномендерiн табиғатты тәңiр тұту және
адамдық еркiндiктiң ерекше формалары деп қарастыру. Тұлғадан гөрi
кiсi деп түсiнумен айшықталады.
– Қазақтың ұлттық ойындарының мәдени мазмұны мен функциялары
герменевтикалық талдауды қажет етедi.
– Қазақтың ұлттық ойындарын философиялық және мәдениеттанулық талдау
этномәдениет өрiсiнде философиялық ұғымдарды мәдени және өркениеттiлiк
контекстiнде қарастырудың қажеттiлiгiн көрсетедi.
Қорғауға ұсынылатын негiзгi ғылыми тұжырымдар:
– Адамдық болмыс тәсiлiнiң бiрi болып табылатын ойынның мәнiсiн мәдени
онтологиялық зерттеу арқылы тереңiрек айқындауға болады.
– Қазақ мәдениетiндегi ойындық типтер дионисийлiк функциялармен қатар
көшпелiлiк өмiр салтына қажеттi жаттығулардан туындаған.
– Қазақ мәдениетiндегi ойындық формалар салт-рәсiмдiк ерекше
типтерден әмбапты көңiл көтеру бiтiмдерiне ие болады.
– Исламға дейiнгi эротикалық мағынадағы ойын типтерi мұсылмандық
өркениет талаптарымен бiртiндеп дәстүр өрiсiнен тысқарылған.
Қазiргi ұлттық ойындарда маргиналдық пен әмбебаптылықтың белгiлерiмен
қатар, өркениеттiң информациялық толқынымен келген экрандық мәдениет
формалары барған сайын өрiстеп келедi.
– Қазiргi ұлттық ойындарда дәстүрлi үрдiстердiң батыстық гедонистiк,
утилитарлық немесе ақылға сыйымды (рационалдық) ұстанымдардан өзгеше
тiршiлiк сұлулығының ерекше бiрлiгiн танытатындығы маңызды рөл атқарады.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы, қолданыс салалары.
Зерттеудің теориялық құндылығы Қазақстан мәдениеттануындағы осы мәселе
бойынша алғашқы еңбек екендігімен айқындалады. Қазақтың ұлттық ойындарына
мәдениеттанулық түсiндiрмелер беру философиялық-дүниетанымдық зерттеулерді
ынталандырып, еліміздегі мәдениет философиясын әлемдік өркениеттілік
мәселелеріне бет бұруға себебін тигізеді. Олардың арасында қазіргі ойын
формаларының рәміздік негіздері алдыңғы қатарға шығады.
Ұлттық ойын үлгілерінің (модельдерінің) рәміздік түсіндірмелерін беру
құндылық бағдарлары енді қалыптасып келе жатқан елімізде мәдени тәжірбие
үдерісінде жан-жақты қолданыс таба алады. Ұлттық ойындарды игеру жас
ұрпақты қазіргі өркениеттілік талаптарына сәйкес қалыптастыру ісінде де
маңызды. Диссертациялық зерттеудің нәтижелері мен қағидалары жоғарғы оқу
орындарында оқытылатын мәдениеттану, философия, этика пәндерінде және
университеттердің философия мен мәдениеттану бөлімдерінің студенттеріне
"Қазақтың ұлттық ойындары" атты арнаулы курста қолданыс таба алады.
Зерттеудiң теориялық маңызы ұлттық мәдениеттану мен философияны қазiргi
заман талаптарына сай, шәкiрттiк және елiгушiлiк ұстанымдарынан жоғары
деңгейде дамыту қажеттiлiгiмен айқындалады. ұлттық ойындар тек тарихи-
тағылымдық жақтарымен қоса, қазiргi маргиналдық белгiлерi басым қоғамда
ұлттық мәдени құндылықтарды қорғау және олардан тілiм алу қызметiн
атқарады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуi және мақұлдануы. Диссертацияның нәтижелерi
ғылыми басылымдарда жарияланған 3 мақала мен ғылыми конференциялардағы
баяндамалардың 4 тезистерiнде көрiнiс тапты. Диссертациялық ізденіс әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия тарихы мен
мәдениеттану кафедрасында орындалып, осы кафедраның мәжілісіне талқылауға
ұсынылды.
Зерттеу жұмысы кiрiспеден, екi бөлiмнен (алты бөлiмшеден), қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Жұмыстың көлемi –125 бет.

1 ОЙЫН-АДАМНЫҢ БОЛМЫСТЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

1. Ойын феноменi мәдени-философиялық талдау объектiсi ретiнде

Ұлттық ойындар жөнiнде сөз қозғамас бұрын алдымен жалпы Ойын дегенiмiз
не? деген сұраққа жауап iздеп және оны зерттеп, ол жайында пiкiр айтып,
тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерiне тоқталғанды жөн көрiп
отырмыз. Өйткенi, кез келген нәрсенiң шығу тегi мен қалыптасу жолдары
болатыны тарихтан белгiлi. Сол сияқты ойын тарихының да өзiндiк құпиялары
жетерлiк. Ойлап қарасақ, ойын деген сөз айтуға оңай болғанымен оның түп
мағынасы өте күрделi, әрi сан қырлы ұғым. Ойын – бұл тек көңiл көтеру де,
ләззаттану да, ересек өмiрге жаттығу да, бәс тiгудегi құмарлану да, тылсым
шабыт та емес. Ол – адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап құбылысқа
жатады және адамдық қарым-қатынастарды мүмкiн етедi [6, 172 б.]. Сондықтан
оны нақты ережемен түсiндiру мүмкiн емес. Бұны ұғу үшiн философия,
әлеуметтану, мәдениеттану, жантану, педагогика, математика, информатика
ғылымдарына жүгiнуге тура келедi. Егер, мысалы, психология мен физиология
жануарлар, балалар, ересектер ойындар салыстыра отырып, оларға
феноменологиялық түсiндiрме берсе [7, 47 б.], онда математикалық ойын
теориясы конфликтер теориясы негiзiнде таңдау стратегиясына үлкен көңiл
бөледi [8, 12 б.]. Ойын жайындағы еңбектердi қарастыру барысында бұған
деген ойшылдар көзқарасының өзi сан алуан болғанын, ойынның әрi түрлi
аспектiлерде қарастырылғанын байқаймыз [9, 34 б.]. Соның нәтижесiнде ойын
мәселесiнiң теориялық сипатта шешiмiнiң көптүрлiлiгiн аңғарамыз. Бұл
түсiнiктi де, өйткенi жалғыз рационалдық парадигма мен тәндiк бастауларды
елемеуге сүйенген классикалық философияда ойын феноменi ғылыми талдаудың
объектісi бола алмады. Ең бастысы — ойын онтологиясына классикалық ғылым
мен философия назар аудармады. Бұл тек классикалық емес философияда жүзеге
асты. Осы жөнiнде елiмiзде жарияланған мәдени-философиялық сөздiкте мынадай
түсiндiрме берiледi:

ОЙЫН, о й ы н т е о р и я с ы – дәлел-дәйегi нәтижесiнде емес,
процестiң өзiнде болатын, қимыл-әрекет түрi. Оның мәдениет пен оның
жекелеген формаларының пайда болуы және жұмыс iстеуiнiң негiзi ретiндегi
теориясы ХХ ғ. Х. Ортега-и-Гассет, Й. Хейзинга, Е. Финк, Г. Гадамер және
басқа мәдениеттанушылардың әртүрлi концепцияларынан пайда болды. Голланд
ғалымы Й. Хейзинга ежелгiден қазiргi кезеңге дейiнгi мәдени шығарм.-ты ойын
деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер
генезисiн спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсiз, мүддесi жоқ қызмет
ретiнде О-нан тарата пайымдау дәстүрiне сүйенедi. Мәдени даму барысында
қоғам пайда ұғымын меңгерген мәдениеттiң еркiн рухы жоғалып, ойын элементi
екiншi қатарға жылжиды. Ортега-и-Гассет көпшiлiк мәдениетiне негiзi — О-ға
элитарлық мәдениеттi қарсы қояды. Шығарм.-тың еркiн рухы, қиял ұшқырлығы,
сырттай бақылаушылық шын өнердiң О. өлшемдерiне үндес сипаттары. Финк
мәдениеттiң пайда болуын О-мен байланыстырылады, себебi О. болмаса адам
баласы өсiмдiк тектес болар едi. Адам үшiн О. бәрiн де қамтитындықтан О.
адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтередi де, мәдениет феноменi пайда
болады. Гадамер тарих пен мәдениеттi тiл стихиясындағы ерекше О. ретiнде
талдады: бұл ретте адам өзi қиялынан тудыратын рөлден гөрi басқаша рөлде
болады [10, 196-197 бб.].

Ойын тақырыбына бет бұру болмыс стратегиясының өзiн басқаша өзгертедi.
Егер классикалық философия бiлiмiнiң негiзiн мәндiлiк, абсолют, құдай және
т.б. ретiнде түсiндiрiлетiн нәрселерден iздесе, ал жаңа стратегия бұл
мәселелердi коммуникацияға, осындағы және қазiргi сұхбатқа, агонға,
ойынға қарай көшiредi. Постмодернистер өзiнiң күнделiктi тiршiлiгiне сай,
еркiн ойлы, өзiмен және өзгелермен сұхбаттасатын индивид ретiндегi
маргиналдық құрылымға үлкен мән бередi. Оның болмысы еркiн анықталатын
коммуникация болып табылады, онда жалғыздық жағдайында менге қатысты
өзiндiк әрекет, ал өзгеге қатысты осында және қазiр iске асырылады.
Бұл коммуникация, ойша iске асырылатын iшкi өзiндiк әрекет өз iшiндегi
таусылмас сұхбат, өзiңнен тыс өзгелермен сұхбат [11, 110-112 бб.].
Сұхбатта, коммуникацияда қатаң ғылыми, легитимдi бекiтiлген гиосеологиялық
тұрғыда Ақиқаттың ашылуы маңызды емес, ал Мен және өзгенiң қатар
болмысындағы әртүрлi жорамалдарды тыңдау маңызды.
ХХ ғасырда ғылымда ашылған ядроның ыдырауы, салыстырмалы теорияның пайда
болуы және психоанализдiң дамуы мәдениетке зор ықпал еттi. Адамның
шығармашылық ойы осы жаңалықтардың арқасында ойлау мен қиялдың жаңа
деңгейiне көтерiле алды. ХХ ғасырдың мәдениетiндегi адамның бейсаналық
жағына деген қызығушылық адам болмысында ұмыт болған формаларды қайтадан
ойнатуға алып келдi. ХХ мәдениетiнiң ұраны күмәндану, күмәндану және
күмәндану деп айтсақ қателеспейтiн шығармыз. Бұл жүзжылдықта мәдениет ойын
сияқты алдын болжауға болмайтындай жағдайда түстi. ХХ ғасыр адамы нақтылы
шындықтан қашып, тiптi одан безiп кеткiсi келдi. Бұл жағдайда нақтылы
шындықтан қашу жолын мәдениет ойыннан iздедi. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басындағы халық санының күрт өсуi, қалалардың рөлiнiң артуы
“бұқаралық мәдениет деген феномендi тудырды. Аталмыш өзгерiстер
мәдениеттiң бұқаралық түрiне деген сұранысты өсiрiп жiбердi. Қала
жағдайында мәдениет ойын-сауыққа, көңiл көтеруге негiзделе бастады.
Бұқаралық деген ұғым айналымға элитарлы деген ұғымға қарама-қарсылық
ретiнде ХVIII ғасырдың аяғында енгiзiлген болатын. Бұл ұғымды енгiзудегi
басты мақсат аристократтық мәдениет пен халық мәдениетi арасындағы
айырмашылықты көрсету, олардың орнын анықтау едi. ХХ ғасырда орын алған
дүниежүзiлiк тарихтағы өзгерiстердi адам және бұқара аясында түсiндiруге
деген талпынысты бiрқатар ойшылдар өз еңбектерiнде жүзеге асырды. Олардың
қатарына Х. Ортега-и-Гассеттiң Тобырлар көтерiлiсi (1930), К. Ясперстiң
Дәуiрдiң рухани жағдайы (1931), Р. Гвардинидiң Жаңа заманның ақыры
(1950) және тағы басқа еңбектердi қосуға болады. Бұқаралық мәдениеттегi
жеке адамның рөлi мен орны хақында испандық философ Х. Ортега-и-Гассет өз
пiкiрiн бiлдiрген. Оның пiкiрiнше, бұндай мәдениет жағдайында адамның өмiрi
шынайылығынан айырылып, үстiрт көрiнiске айналатындығын, сөйтiп оның өмiрi
ойынға ұқсап, ал сол ойының өзi оныкi емес, өзгенiкi болатындығын айтты
[12, 110-118 бб.]. Бұқаралық мәдениеттiң пайда болуына, қалыптасуына
негiзiнен коммуникациялық құралдар әсер еттi. Коммуникациялық құралдардың
дүниеге келуi бұқаралық мәдениеттiң дамуына үлкен үлек қосты.
Кинематографтың, радионың, теледидардың пайда болуы көпшiлiк адамның
өнерге, әдебиетке қатысты болуына мүмкiндiк туғызды. Бұл орайда, ғылымға
экрандық мәдениет деген ұғым енгiзiлдi. Бұқаралық мәдениеттi зерттеушi
ғалым Э. Шилздiң пiкiрiнше, мұндай мәдениет түрiнде адам өзiнiң өмiрiнен,
ондағы сәтсiздiктерден, уайым мен қайғысынан бiр сәт демалуға, оны ұмытуға
мүмкiндiк алады [13, 82-89 бб.]. Бұқаралық мәдениет мұнда ойын сияқты
адамға шынайы өмiрде жоқ шаттық пен бақытқа, арман мен қиялға қол
жеткiзгендей елес бередi. Бұқаралық мәдениет адамның стереотиптерiне, оның
қойнауында жатқан архаикалық белгiлерiне негiзделедi.
Бұқаралық мәдениеттiң құбылысы болып табылатын кинематографта махаббат
пен детективтiк тақырыптар белсендi түрде пайданылады. Мұндай
кинотуындылардың құрылымы мен құрылысы адамға қанша таныс болғанымен, бiрақ
адам ондағы сюжеттен, композициядан ылғи да ләззат алып, қуаныш табады.
Оның себебi, Б.Ұ. Нұржанов атап өткендей, бұл кинолардың адамды өз өмiрiн
ұмыттыруға, өзге өмiрдi ойнауға шақыруында жатыр [14, 112 б. ].
Көрермендер, әсiресе жас көрермендер, бұл киноларды көргеннен кейiн санасыз
түрде фильмдегi кейiпкерлердiң рөлiн өз өмiрлерiнде ойнауға тырысады.
Бұқаралық мәдениет адам арманындағы бояуы қанық, жарқын өмiрге деген
қажеттiлiктен туғанының белгiсi. Коммуникациялық құралдардың дамуы адам
өмiрiнде ойындық факторды күшейтпесе, азайтқан жоқ. Бұл ғасырда өзге
мәдениеттi түсiну ойынның көмегiмен жүрдi.
Сондай-ақ ХХ ғасыр мәдениетi, өнерi, философиясы модернизм мен
постмодернизм шеңберiнде дамыды. Бұл екi бағытты бiр-бiрiмен үйлесiмдi
қатынаста болды деп айту қателiк болар. Модернизм деп жалпылап айтсақ, ХХ
ғасырдың басынан екiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн созылған ағымдардың
жиынтығын айтамыз. Ал постмодернизм бағыты екiншi дүниежүзiлiк соғыстан
кейiн пайда болды [10, 206 б.]. Модернизм мен постмодернизмнiң iшкi мәндерi
бөлек. Зерттеулерде ол екеуiн бiр-бiрiне қарама-қарсы қою орын алды.
Постмодернизм бағыты модернизм бағытымен салыстырғанда ойындық сипатқа толы
деп айтсақ қателеспеймiз, сондықтанда постмодернизм бағытына толығырақ
тоқтала кетейiк. Постмодернизм философиясының негiзгi өкiлдерi Ж. Делез, Ж.
Деррида, Р. Барт және тағы басқалары болды. Бiрақ олар өздерiн
постструктуралистер, постфрейдистер деп атағанды жөн көредi [10, 206-207
бб.].
Постмодернизм жаңа әлемдi құруға ұмтылмайды, керiсiнше, сол әлемдегi
неврозды, ауру күйлердi қайталай беруге ден қойды. Постмодернизмнiң жеткiзу
формалары үзiк, бөлек, бөлшек, ойындық сипатта. Постмодернизм бұл ойынға,
өз-өзiн терiстеуге толы құбылыс, ол өлi маскалардың ойыны. Постмодернизм
шығармаларындағы кейiпкерлердiң бәрi оңай басқарылады, бейне бiр олардың
жаны жоқ сияқты. Постмодернизмнiң (постструктурализмнiң) еркiн ойынға
қарай жасаған мұндай эволюциясы ең алдымен талдауларды ашық, серпiндi
қылуды көдейдi, соның арқасында интуицияның, бейсананың, қиялдың мәнiн
ашуға мүмкiн болды. Постмодернизмде бәрi дәйексөзге көшкен, бұл өз мазмұны
жоқ дәуiрдiң белгiсi. Мазмұны жоқ дәуiр дәйексөздi бiрден-бiр амал, құрал
деп түсiнедi. Постмодернизмде болашақ жайында арман жоқ, ол болашаққа деген
сенiммен қош айтысқан постмодернистердiң пiкiрiнше, болашақ жоқ, ол
ақпараттық және постиндустриальдық қоғамда жүзеге асты, олай болса, болашақ
жайлы ендiгi ойлар өз негiзiнен, өз мәнiнен айырылып қалды дейдi.
Постмодернизм элитарлы мәдениет пен бұқаралық мәдениет арасындағы
айырмашылықтың жоғалуын өзiнiң басты жетiстiгi ретiнде есептейдi. Мысалы,
постмодернизм Бетховен мен Битлз музыкаларын тең жағдайға қояды.
Постмодернизмде сын, басқаны сынау деген жоқ, ал оның орнына мысқылды
қолданады. Мысқыл бұл басқа нәрсенi сынау емес, оның табиғаты өзгеше.
Сынаушы адам әрдайым сыналушы жақтың әсерiнде қалып қою мүмкiн. Ал мысқыл
бұл екеуiнiң арамында алшақтықты сақтауға мүмкiндiк бередi. Мысқыл өз
мәнiнде шынайы ойын болып табылады [15, 123 б.].
Күнделiктi ойын аурасына, тiршiлiк аурасына бет беру болмыстың
постмодернистiк стратегиясына тән сипат болып табылады. Тiршiлiктiң нағыз
аурасы, Ж. Дерриданың пiкiрiнше, сұхбат, ал философияның нағыз болу саласы
абсолюттiк ақиқат туралы бiлiмнiң легитимдiлiгi емес, мәтiндердiң,
жорамалдардың түсiндiрулерi (интерпретация). Әрбiр мәтiн (соның iшiнде –
ойын ережелерi) әртүрлi түсiндiрiлуi мүмкiн, мәтiндi түсiндiрудiң мiндетi
оның мәнiн ашу емес, кеңейтуде. Мұндай жағдайда түсiндiру процедурасының
өзi таусылмас шексiз болуы мүмкiн, ал өзге баламалардың барлығын терiске
шығарып, бiр ғана концептпен шектелуге ұмтылудың мән-мағынасы жоқ. Демек,
болмыстың классикалық стратегиясының категориясында жұмыс iстеудiң
қажеттiлiгi жоқ. Постмодернистiк стратегияның мiндетi презентивтiлiк
белгiсi бар күнделiктi тiршiлiк тақырыбымен жұмыс iстеу болып табылады. Бұл
тақырыпты сипаттау үшiн мәндiлiк, негiздiлiк, себеп, объективтiлiк,
логицизм және объективизм принциптерiн қолданудың қажеттiлiгi жоқ. Бұл
онтология үшiн гетеорогендiлiк, плюорализм, көрiнiстiң әртүрлi ракурстары,
белгiсiздiк, ойын, оқиғалар мен процестердi линиялық емес түрде сипаттау
пайдаланылады, ал жеткiзудiң негiзгi тәсiлi рационалды емес сөз ағымы болып
табылады [2, 172-174 бб.]. Болмыстың постмодернистiк стратегиясында
түсiндiрушi концепт ретiнде ешқандай центризм болмағандықтан
коммуникацияның, сұхбаттың, мәтiннiң қайнар көзiн белгiлеудiң де
қажеттiлiгi жоқ. Мұндай бастауды орнату мүмкiн емес, өйткенi ол белгiсiз
өткен уақыттың, белгiсiз оқиғаның арасына сiңiп кетедi.
Постмодерндiк ғылымда релятивистiк көзқарастар өркен жайған қазiргi
жағдайда болмыстың мүмкiн болатын стратегиясы абсолюттiк үмiтсiздiктен
модернистер ұсынған центризмнiң жаңа жорамалын негiздеу жолы арқылы емес,
Ж. Делез бен Ф. Гваттари айтқандай, әлемдi хаос ретiнде мойындауға
негiзделген идея арқылы жүзеге асады. “Хаос түрiндегi ойындық әлемдi айғақ
ретiнде қабылдау – мiне, осы болмыстың жаңа стратегиясының принципi. Ж.
Делез бен Ф. Гваттаридiң пiкiрiнше, болмыстың бұрынғы барлық логоцентристiк
жорамалдары болмыстың тұрақтылығы, берiктiлiгi туралы көзқарастан
туындаған. Классикалық философияда болмыс туралы мұндай көзқарасты
бекiтудiң тәсiлi ретiнде ұғымдар қолданылды. Болмыстың классикалық
жорамалындағы барлық ұғымдар хаосты терiске шығару позициясын ұстанады, ал
ой сөздiк-дыбыстық қалыпқа ене отырып, үнемi ұғымдармен өлшенуi тиiс.
Мұндай позиция нәтижесiнде алдын-ала таңдалған түп негiздi негiздеу жолымен
болмыстың тұрақтылығы туралы көзқарасты бекiттi. Ж. Делез бен Ф.
Гваттаридiң ойынша, болмыс стратегиясындағы ең басты нәрсе ойдың үнемi
қозғалысын мойындау, оның територияландырылуы мен орталақтандырылуына жол
бермеу [16, 94-97 бб.].
Ойын туралы алғашқы философиялық концепциялар Ежелгi Грекияда қалыптаса
бастады. Онда ойын адамның материалдық қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған
утилитарлық әрекетке жатпайды, оның нысанасы көңiл күй көтерiңкiлiгi болып
табылады делiндi. Платон ойыннан көңiл көтерушiлiкпен бiрге оқыту тәсiлiн
де байқап, оны екi бағытқа бөлiп көрсетедi: бiрi —гимнастикалық шеберлiк,
яғни, дененi толық жетiлдiру болса, екiншiсi —мусикалық шеберлiк, жанның
дамуы. Гимнастикалық шеберлiктiң өзiн ол билеу және күрес деп екiге бөледi.
Философтың айтуынша, билеу — айбындылық пен игiлiктi сақтап денеге
денсаулық, жылдамдық және сұлулық бередi. Ал күрестi талқылау барысында ол
бәсекелестiк көңiл көтерушiлiкке айналмауы тиiс. Себебi онда қорқыныштың
бейнесi бар дей отырып, рухтың кiмде бар, кiмде жоқ екендiгi осы жағдайда
көрiнедi дейдi. Осы айтқандарымен қатар ол бүкiл ел азаматтарының бiр-
бiрiмен сайысқа түсуi керектiгiн яғни, тас лақтыру мен садақ ату, ән-күй,
жаяу және ат жарыстарын ұйымдастыруды ұсынады.
Платон ойынның жарыс аспектiсiн ғана емес, мемлекеттiк заңдарға да әсер
ететiнiн көредi. Оның ойынша егер де адамдар қалыптасқан ойындарды ойнап,
қалыптасқан ережелермен жүрсе, олардан рахат алса онда мемлекеттiң заңдары
да мүлтiксiз орындалады. Ал егер жастар бұған көнбей, ойын қалпын
өзгерткiсi келiп жаңа қызықтар iздесе — мемлекетке одан қатерлi нәрсе жоқ.
Ғұлама пiкiрлерiнiң түйiнi бойынша өзiн-өзi жетiлдiрудiң мусикалық
тәрбиеден басқа жақсы жолы жоқ. Ән-күй жолы құдайлар көрсеткен ең жақсы
ойын жолы деген ойшыл ойынға: “бүкiл әлем, жаратылыс ойын тәрiздi
ұйымдастырылып басқарыладың -деп жалпы ұғым бередi (17, 282-283 бб.).
Антикалық ойшылдар ойынды адам мен космос арасындағы гармониялық
үндестiк идеясы ретiнде қарастырса, Платон: өмiрдiң жалғыз дұрыс жолы —
ойынды, би билеудi құдайдың берген сыйы деп бағалайды. Осыдан барып адамға
мейрам не үшiн қажет деген сұрақ туындайды. Платон мейрамның адамның
қоғамдық өмiрiндегi әлеуметтiк маңызын көрсетедi. Расында да Апполонға,
Дионис пен Музаға бағынышты ойындардың табиғи мусикалық формасы осы
мерекелердiң негiзiнде жатыр. Ойындар мейрамды қызықты көрiнiс пен рухани
энергияның туындауына, адам көңiл-күйiнiң көтерiлуiне бағыттайды.
Ал Аристотель болса өзiнiң Никомах этикасының атты еңбегiнде ойын
аспектiсiн: Бақыт дегенiмiз, ойын-сауықпен көңiл көтеру емес. Мақсат көңiл
көтеру болса да, адам өмiр бақи жұмыс iстеп бүкiл қиыншылықтарды көңiл
көтеруге жету үшiн жеңу керек[18, 280 б.]. деп түсiндiредi. Ойын ол үшiн
психофизиологиялық катарсис, рухани және физиологиялық күштiң қалыптасу
құралы болып табылады. Немiстiң ұлы ғалымы И. Кант рухтың физикалық
мәдениетiн қарастыра отырып, ойын элементiндегi жан мәдениетiнiң
қалыптасуына айрықша көңiл бөледi. Ойшыл оны рухтың физикалық мәдениетi,
яғни, еркiн ойын және жұмыс деп екi формаға бөлiп көрсетедi. И. Кант
еркiн ойын түсiнiгiн эстетикаға алғаш кiргiзгендердiң бiрi [19, 564 б.].
. Ойын мәселесi әр кезеңде әртүрлi қарастырылумен қатар оның
ерекшелiктерiне аса мән берiлiп қарама-қайшы пiкiрлер де айтылған. Мысалы,
американ психологi Г.С. Холл: “Ойынды адамзаттың қажетсiз iскерлiгi,
қажетсiз дүние, адам денесiндегi қажетсiз мүше секiлдiң деуiмен бiрге оны
детерминация жағынан қарастырып мынадай тұжырым жасаған: Жас сәби өскенге
дейiнгi стадиясымен (стадия жануар) жабайы, көшпендi, аңшылық, жер өңдеушi,
яғни, адамзат дамуының негiзгi дәуiрлерiн қайталайды. Бүгiнгi өркениеттi
баланың өзiнде де бүкiл адамзаттың өткен сатысы ойын элементтерi арқылы
көрсетiледi. Олардың ойындарынан кейбiр үндi тайпаларының тұрмыс-
тiршiлiгiнiң кейбiр кезеңдерiн көруге болады деген [20, 144 б.].
Г. Холлдың пiкiрiне сүйенсек, ойынның бүтiндей түп негiзi өткенге
көз тастау болып шығады. Қазiргi кездегi саналы адамдардың өзiнде алғашқы
кезеңдегi инстинктер бар. Бұлар өркениет өмiрiне қарама-қайшы және бүгiнгi
адам өмiрiне кедергi келтiредi. Ежелгi әдет-ғұрыптар мен алғашқы инстинктер
еркiн көрсетiлсе, онда олар бiртiндеп әлсiреп, қазiргi мәдениет пен қоғамға
зиян келтiрмейдi. Егер био-инстинк бөлiгi алып тасталған жағдайда бүгiнгi
мәдени даму кезеңiне көңiл аударылады. Одан ойынның тарихи тамырын көруге
болады дегенге кеп тiреледi [21, 88 б.]. Осындай био-психологиялық
көзқарастар ойын туралы Г. Спенсердiң [22, 254 б.] К. Гростың [23, 93 б.]
ж.т.б. iлiмдерiнiң негiздерiнде жатыр.
Ойын жайлы бұлармен қатар Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, Хосе Ортега-и-
Гассет, Э.Т. Эриксон, А.А. Ивин, т.б. көптеген ғұламалар қарастырған. Ол
туралы ережелер мен сценарийлер ондаған, жүздеген жылдар бойы қалыптасып
қолданылған. Оны қалыптастыруға, бiрiне-бiрi ауыстыруға бiрнеше ұрпақ
қатысқан.
Осындай еңбектердiң iшiндегi бiздi ерекше қызықтырып, көңiлiмiздi
аударғаны — нидерланд ғалымы, тарихшы-философ Йохан Хейзинганың
концепциялары. Оның Орта ғасырдың күзi, Ойын ойнайтын адам
тақырыбындағы шығармалары мәдениет тарихына үңiлдiредi. ХХ ғасырдың 30-
жылдарында ол мәдениеттi түсiндiруде ойын концепциясын тұңғыш ұсынды.
Мәдениеттiң архаизмдiк қоғамнан бүгiнгi батыстық қоғамға дейiнгi әртүрлi
формасының ойындық жағын өңдей отырып Й. Хейзинга ойынның адамзат дамуында
мәдениет факторы болғанын анықтайды. Сонымен бiрге ол адам қоғамы пайда
болуы кезеңiндегi ойын формаларын талдап, оларға тән қуаныш пен әдемiлiктi
белгiлейдi дей отырып: Адам денесiндегi сұлулық қозғалысы ойында көрiнедi.
Жоғары дамыған ойын формаларында ритм мен үндесушiлiк бар дейдi [1, 18
б.].
Ойын - мағынаға толы функция. Ойын өмiрге өзiндiк бiр рең, сипат берiп
тұрады, өмiрдегi әрекеттерге мән-мағына бередi. Әрбiр ойын бiр нәрсенi бiр
мағынаны бiлдiредi. Ойынды рух деп атау дұрыс емес болар, ал оны белгiлi
бiр мақсатқа (жеңiске, табысқа) бағындырылғанын, соған бағытталған деп
түсiну қажет шығар. Ол даналық пен ақымақтық дизъюнкциясынан тыс дейдi Й.
Хейзинга, Өткен күндер көлеңкесiнде деген еңбегiнде. [24, 173 б.] Ойынды
нақтылы бiр рационалды әдiс, тәсiлдермен түсiндiруге болмайды, себебi ондай
әдiс, тәсiлдер ойын құбылысын тек қана ақыл-парасаттың шеңберiнде ғана
қарастыра алады. Ал шындығында ойын табиғатын рационалды жолмен түсiндiру
мүмкiн емес, өйткенi ойын адам мәнiнiң тереңiнде, тұңғиығында жатыр. Ойын
ақыл-парасаттық сипатта болмайды, ол адам болмысының иррационалды қабатымен
де байланысты. Ойын элементiн мәдениеттен iздесек, онда мәдениет
құбылысының ойындық сипаттарға толы екенiне бiздiң көзiмiз жетедi.
Мәдениеттегi ойын элементi алдын ала белгiленген мөлшерде көрiнедi. “Ойын
мәдениеттен бұрын қалыптасқанымен, бiрақ та ойын мәдениеттiң даму
кезеңдерiнiң барлығында дерлiк кездеседi, оларға нәр берiп тұрады. Адам
күнделiктi тұрмысында, тiршiлiгiде ойынмен кездеседi. Ойын нақтылы өмiрден,
күйбең тiршiлiктен дараланып, өзгешеленiп тұрады, ойын олардан асқақ,
биiкте тұрады. Ойын iс-әрекеттiк форма ретiнде көрiнiс бередi, сол iс-
әрекет формасы нақтылы бiр мағынаға ие болып, әлеуметтiк функция ретiнде
белгiнедi, - дейдi Й. Хейзинга [1, 27 б.]

Ойынды күлкiге ұқсату, онымен салыстыру дұрыс емес болар. Күлкi ол
шаттық, қуанышпен байланысты. Ойын күлкi де, шаттық та емес, оның табиғаты
өзгеше. Ойын ең алдымен еркiндiкке, бостандыққа негiзделедi. Ойын шын
мәнiндегi еркiндiктiң өзi болып табыладың. Ойын күнделiктi өмiрмен
салыстыру қате болар, ойын одан басқаша, одан бөлек. Ойын шектiлiк, тұйық
сипатқа ие. Ойын кеңiстiктiң белгiлi бiр нүктесiнде және алдын ала
нақтыланған уақыттың аясында ғана жүзеге аса алады. Ойынның ағымы мен
мағынасы оның өзiнiң iшкi табиғатында. Ойынның басты сипаты оның
ойналатындығында, яғни белгiлi бiр уақытта басталып, келiсiлген уақыттан
соң тәмәмдалады. Ойын ойналғаннан кейiн сол бойда мәдени форма ретiнде
бекiтiледi. Ойын бiр рет ойналып, рухани құндылық ретiнде есте қалып, кез-
келген уақытта қайта ойнала алады [24, 283 б.]. Қайталанушылық ойынның
маңызды қасиеттерiнiң бiрi. Ойынды әзiл-қалжыңмен де салыстыру негiзсiз
болар, себебi әзiл-қалжың ылғи да аңғалдықпен, ақымақтықпен байланысты.
Сонымен бiрге, ойынды даналықпен, парасатпен салыстыру, олардың ойынмен
ұқсас белгiлерiн iздеудiң еш нәтиже бермейтiндiгi ешкiмдi таңғалдыра
қоймас. Ойын күнделiктi өмiрден орны мен ұзақтығынын арқасында дараланады,
өзгешеленiп тұрады.
Й. Хейзинга бойынша, ойынның ойналатын белгiлi бiр орны бар. Әрбiр
ойын күнi бұрын белгiленген кеңiстiктегi нүктеде өтедi. Сол кеңiстiктегi
орын алдын ала дайындалуы немесе ойдан шығарылуы мүмкiн. Арена, ойын
үстелi, сиқырлы шеңбер, сахна, ғибадатхана, киноэкран, сот залы осылардың
бәрi форма мен функциясы бойынша ойынның кеңiстiкте ойналатын орны болып
табылады. Аталмыш орындар таңдалған, бөлiнiп алынған, дараланған,
шектелген, аластатылған территориялар ретiнде есептеледi [1, 28 б.]. Бұл
бiздiң дүниемiздiң iшiндегi ерекше ережесi, тәртiбi бар уақытша әлем
ретiнде сипатталады. Ойын кеңiстiгiнiң iшiнде тек қана ойынға ғана тән
тәртiп бар. Ойын тәртiптi орнатып қана қоймайды, ал сол тәртiпке ойынның
өзi негiзделедi. Осы аласапыранға толы, жетiлмеген адамдар дүниесiнде ойын
уақытша тәртiптi орнатады. Ойын тәртiбi қасиеттi. Ойын тәртiбiнен болмашы
ғана ауытқу оған кедергi келтiрiп, ойынның өзiндiк құндылығына қол
сұққандай болады [1, 29 б.]. Ойынның iшкi табиғаты тәртiп идеясымен терең
байланысқан, олар бiр-бiрiмен үндесiп жатыр. Мұндай байланыс бiзге ойынды
эстетиканың аумағында қарастыруға мүмкiндiк бередi. Ойын элементтерiн
белгiлеудегi ұғымдарды бiз эстетикадан аламыз. Ойын адамды бiр мезетте
тұтқынында ұстап, оны еркiндiкке жiбередi. Ойын адамды өзiне баурап алады.
Ойынның басты екi қасиетi бар, ол ырғақ пен үйлесiм. Осындай пiкiрдi Ортега-
и-Гассет те қолдайды: Ойынның бiр ерекше белгiсi адамды ынта-жiгерде
ұстайды. Ойынның мұндай белгiсi адам бойында сенiмсiздiк пен үмiттi
тудырады. Бұл белгi жалғыз немесе дара ойналатын ойындарға тән. Ал спорттық
жарыстарда ол шырқау шегiне жетедi [25, 230-263 бб.].
Әрбiр ойынның өз ережелерi бар. Сол ережелер уақытша сипаттағы ойын
әлемiнде тәртiптi анықтайды. Ойын ережелерiне күмәнданудың өзi сырт көзге
оғаш көрiнедi. Егер де ойыншылар ойын ережесiн ұстанудан бас тартса, сол
бойда ойын әлемi күйрейдi. Ойын ережесiн ойыншылардың бiреуi бұзып, басым
түсуге тырысса, онда оны жеңiс деп есептемейдi. Төрешiнiң ысқырығы бiздi
ойын әлемiнен жұлып алғандай әсер қалдырады. Төрешiнiң бiр ғана ысқырығы
ойын әлемiнiң тағдырын шешiп бередi, - дейдi Й. Хейзинга [1, 30 б.]. Ойын
функция ретiндегi өзiнiң жоғарғы мәнiнде екi аспектiде көрiнедi. Ойын - бұл
бiр нәрсе үшiн күрес және сол күрескен нәрсеңдi басқаларға көрсете алу. Бұл
екi аспектi көп жағдайда бiрiгiп кетедi. Ойын үшiн кеңiстiктiң маңызын
алдында атап өттiк. Мұндай талап магияда, табынуда, сот iсiн жүргiзуде де
қойылады. Мұнда кеңiстiк пен уақыт мағынасынан да терең мән жатыр. Әрбiр
салт, рәсiм, құпия ордендерге қабылдау, сиқырлау ең алдымен кеңiстiктегi
орынды анықтаудан басталады. Ал ондай болса, сол қасиеттi орындардың
стадионнан, тенис кортынан, ипподромнан қандай айырмашылығы бар. Мұнан бiз
ойынның салт-жоралғылармен ұқсастығын байқаймыз. Бiз осындай ұқсастықты
қабылдай отырып, салт-жоралғылардың негiзiнде ойын кеңiстiгi жатқанымен
келiсемiз.
Ар-ұждандағы дақты бiр заманда тек қана дуэльмен ғана жуып-шаюға болатын
едi. Дуэль - өз мәнiнде ритуальды ойын формасы. Дуэльде ойындағыдай белгiлi
бiр ережелер бекiтiлген, онда қарудың түрi, уақыт, қашықтық алдын ала
көрсетiлiп, дуэль соған сай жүргiзiледi. Орыс әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерi
А. Пушкин мен М. Лермонтов өз өмiрлерiн дуэль жекпе-жегiнде аяқтаған
болатын дейдi. А. Пушкин, М. Лермонтовтан бұрын қайтыс болғаны белгiлi.
Сондай-ақ бiзге М. Лермонтовтың А. Пушкиндi пiр тұтқаны да белгiлi. Сонда
М. Лермонтвтың А. Пушкин сияқты дуэльден қайтыс болуын сол замандағы серi
жiгiттердiң өзара қатынастарды реттеудiң бiр көрiнiсi ретiнде түсiндiруге
де болады. Бiрақ, менiңше, мұнда бiр ескерер жайт бар, ол М. Лермонтовтың
А. Пушкинге көзсiз елiктеуi, оны пiр тұтуы. Осы көзсiз елiктеу, оны пiр
тұту, оған ұқсас болу М. Лермонтовтың өз өмiрiнде А. Пушкиннiң тағдырын
санасыз түрде қайта ойнауға алып келдi. Пiр тұтқан ұлы тұлғаның өмiрiн адам
өз өмiрiнде қайталау, яғни оның өмiрiн қайта ойнау еш нәтиже бермейтiнi
анық.
Саясат та ойынмен тығыз байланысты. Саясатта ойын элементiнiң айқын
көрiнетiн кезi сайлау науқаны десек қателеспеймiз. Үмiткерлер сайлаушылар
алдында өз қабiлеттерiн көрсетедi. Үмiткерлердiң алдында бiр мақсат қана
бар, ол жеңiске жету. Жеңiстiң сыйлығы ретiнде бұл жағдайда қызмет, шен-
шекпен ұсынылады. Мысалы, ол әр түрлi деңгейдегi депутаттық қызмет,
мемлекет президентiнiң тағы болуы мүмкiн. Сайлау саяси өмiрдiң құбылысы
ретiнде ойын сияқты белгiлi бiр ережелерге бағынады. Үмiткерлердiң
өмiрбаянында кiнәраттың болмауы, үмiткерлердiң бiр-бiрiне сыйластығы,
сайлау науқанының заң аясында жүргiзiлуi т.б. Алайда сайлау кезiнде
ережелердiң бұзылуы орын алады, ол жала жабу, компрамат жинау т.б. түрде
кездеседi. Қос партиялы саяси жүйесi бар мемлекеттерде сайлау кезiнде
ойындық элемент айқын көрiнедi. Мысалы, ол АҚШ-тағы президент сайлауы. АҚШ-
тағы саяси өмiрде республикалық және демократиялық партиялар белсендi рөл
атқарады. Бұл партиялардың сайлау кезiндегi iс-әрекетi ойындық сипаттарға
толы. Президенттiк таққа үмiткерлердiң екеуi де осы партияның мүшелерi.
Олар сөз сайысынан жарысып, iшкi және сыртқы саясат бойынша пiкiр алмасады.
үмiткерлер әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы
Дін феноменологиясы
Cопылық таным және оның дәстүрлі сыны
Теориялық дінтану
Білім берудегі теңсіздік
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ ЖӘНЕ СҰЛТАН ВЕЛЕД ДҮНИЕТАНЫМЫ
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Тарихи теориялардағы психологиялық мәдениет ұғымы
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Пәндер