Қазақстан бейнелеу өнері


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жас ұрпаққа тәлім тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнеге үйрету, баулу, ұлттық сананы қалыптастыру - қазіргі кезде көкейкесті мәселердің бірі болып табылады.
Жас мамандарды өнер мұралары мен мәдениет игіліктерін, адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, өнер құндылықтарымызды, бейнелеу өнерімізді әлемдік деңгейге көтеруде және де мектепте жан-жақты қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге барынша ат салысу қажет. Бұл орайда жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана-сезімін, дүниетанымын қалыптастыру, туған халқының өнерін құрметтеп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет мен өнерді, тарихи мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау - біздердің басты міндетіміз деп білеміз.
Бүгінгі оқушы-ертеңгі белгілі бір маман иегері яғни, бейнелеу өнерінің қыр-сырын, бейнелілік тілін меңгерту, шығармашылық іс-әрекеттерін, ойлау қабілеттерін, талғамдарын дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени, рухани бай мұраларын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлерге деген танымдық, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бейнелеу өнеріне қызығушылығын ояту, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептер мен білім беру жүйесінің барлық саласындағы адамгершілік-имандылық, эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыты мен басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бейнелеу өнері пәні оқушылардың рухани әлемін, дүниетанымын жан-жақты қалыптастыратын пәннің бірі. Адамның рухани үлкен байлығы-мәдениет пен өнер. Бейнелеу өнерінің жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Сондықтан суретшілердің шығармаларын оқу, олардың формалық ерекшеліктерін түсіну, таңдау, талдау балалар емес үлкендерге де қиынға соғады. Сурет салу процесінде баланың талғамы, көру, ойлау қабілеті жетіле түседі де, біртіндеп салған суреттеріндегі форамалар арқылы көркемдікті сезіне бастайды. Сурет салуда оқушылар өз көзімен көргендерін, көңілге тоқығандарын бейнелеуге және өздеріне таныс формаларды қолданады, оларды бейнелеуге тырысады.
Осыған сәйкес жалпы бейнелеу өнері дегенміз - шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, әлемі эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын арнайы адамның шығармашылық іс-әрекеті. Бейнелеу өнері сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсатыда, ал, қоғам адамның болымысты рухани менгерудің түрі. Бейнелеу өнері өзінің тарихи дамуының барысында нақты өнердің көпқырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде дамиды. Бейнелеу өнері бір рет дами отырып, адамның әр жақты қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс-әрекеттер мен танымның кез-келген саласында, ғылымда болсын, тұрмыста, тікелей еңбекте де іске асырылады.
Бейнелеу өнері адам жанының тереңіндегі тебіреніс әсерін көрсету жайлы Гегель өзінің эстетикалық тұжырымдамасында былай дейді: «Көркемдік шығармалар өзінің мазмұны мен құрылымында тиянақты бір шеттегі шындық объекті ретінде өзі үшін емес, көркемдік өнерді сырттай бақылаушы және одан ләззат алушы біз үшін, көпшілік үшін қолданылады». , деп қорытынды жасайды [1. 13 бет] .
Жалпы білім мен мазмұн жанартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыру қажет. Осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманға дамыта оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу өнері пәнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мәдени-көркем білімін халықтың озық салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұралары арқылы оқытып тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынады.
Қазақстанның дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден- бір құдірет - білім және білімді ұрпақ. Қазіргі таңда көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған міндет - біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден - халық педагогикасын оқыту үрдісінде пайдалана отыра, ұлттық тәрбие беруде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыра отыра, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халқымыздың ұлттық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты, қайырымды, мейірімді болсын деген үмітпен ата-баба тәлімін әрқашан мұра тұтып келген.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен ұштастыру-басты парыз. Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәлім-тәрбие тағылымын басшылыққа алуымыз керек.
Қоғамның негізгі мәселелерінің бірі прогрессшіл дәстүр болып саналса да, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт санасы, көркем шығармашылық көз қарасы - әдет ғұрпы, мәдени байланыстар болып табылады. Халықтың әдет ғұрпы, тарихымен дүние танымымен зерделеп жаңаша көз қараспен шығармашылық дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда мектеп оқушыларыда арнайы үйірмеде сыршырай техникасыдамытуда және көркем білім берудегі әсемдік арттыруда, өзекті мәселе ретінде туындап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Заманауи қала» атты дипломдық тақырыпты таңдай отырып, біз оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды мақсат тұтамыз. Тақырыптың аумағында табиғат көріністерін бейнелеу арқылы оқушыларға мурет салудың негізін үйрету. Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- жаңа орындалу техникаларына қызықтыру арқылы бейнелеу
сабағында оқушыларға табиғаттың суретін салуды үйрету;
- оқушыларға «Заманауи қала» тақырыбына сурет салғыза отырып туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
- сурет салу барысында көріністің композициялық компоненттерін таңдай білу.
Қағазда үйлесімді шешім детальдарын алмастыра таба білу, негізгі қатынастардың (аспан, жер, су) үйлестігінде дұрыс таба білулеріне машықтандыру;
-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
- жаңа техникалық аспаптарды қолдана отырып, оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну;
-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің дұрыс бағаланып одан ары қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ету.
Тақырыпқа байланысты Англия суретшілерінің, Барбизон мектебінің, импрессионистердің, орыс суретшілері мен Қазақстан суретшілерінің еңбектеріндегі пейзаж жанрының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін сипаттап таныстыру көзделеді. Келесі көкейкесті мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбына себепші болған «Қала пейзажы». Осы салада туған жердің тарихы, аймақтың тарихы, климаттық ерекшелігі тереңірек қарастырылды. Табиғаты әсем киелі жерлердің бірі ретінде қарастырып, зерттеуге тырысамыз.
Сухомолинский: «Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, онда бейнеленген образдар оның жүрегі мен зердесінде мәңгі қалатын болсын»-деп жазған екен. Әсемдік санаты заңғар жазушының шығармаларында табиғатты сипаттауда, мінез - құлық қарым - қатынасты суреттеуде де басты рөль атқарады.
Жас өскінге эстетикалық тәрбие беруде басты назар аударуға лайықты нәрселердің бірі- табиғат сұлулығы. Табиғат сұлулығы М. Әуезовтың «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Көксерек», «Қараш-Қараш» сияқты шығармаларында көрініс табады. «Майдың күні. Көк жетіліп, көк жапырақ молайған. Жаңа шыққан алкүрең жасыл шөппен дала жасарған. Жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап шыққан қызғалдақтың сары гүлдері көз қуантып жайнап тұр» осындай қуатты сезімнен туған суреттеулер адамның эстетикалық көзқарасын ұлғайтып, талғамы мен сезімін қалыптастырады. Табиғат сұлулығын көз алдымызға тайға таңба басқандай әкеледі [2. 9 бет] .
Ата-бабаларымыздың рухани-мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Ал эстетикалық тәрбиенің міндеті жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнеріндегі, табиғаттағы, халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқауға алатын азамат тәрбиелеу. Ал күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, байқау, пайдалану үшін жастардың халық өнеріндегі, ұлттық тарихи дәстүрдің танымдық қасиеттері жоғары салауатты өнердің түрлі салаларын жанға рухани азық, ләззаттын ала алатын, сезім-түсігі ұшқыр, ақыл ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге, тарихи дәстүрге, ұлттық өнерге эстетикалық көзқарасы оның өмір мен қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.
Суретшінің бояумен жазған суреті, жазушының сөзбен салған суреті өрнектелген табиғаттың сұлулығын көз алдымызға әкеледі. Осы сұлулықты сезген оқушының бойында сұлулық сезім оянады, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдалады. Айналасын қоршаған табиғаттың берген сыйын аялауға үйренеді, оқушының эстетикалық құштарлығы қалыптасады.
Сондықтан біз халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық дамуын үлкен парасаттылық, жоғары кемелдік биігінен көруге тиіспіз.
I. қазақстан Бейнелеу өнерінің кезеңдері мен даму тарихы
1. 1 Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен табиғат жанрының дамуы.
Өнер тарихынан мәлім, қазақ кәсіби бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қалыптасып, дамығандығы. Кәсіби бейнелеу өнерінің өз қарқында өрбуіне біріншіден тума таланттардың өмірге келуі болса, екінші жағынан Ресей жерінен келген орыс суретшілерінің де тікелей ықпалы болды. Дәлірек айтқанда, 1920 жылы қазақ жерінде алғаш рет көркемсурет студиясының ашылуынан басталады. Бұл студияның негізін құраған, сол Ресей жерінен 1877 жылы келген орыс кәсіпқой суретші Н. Г. Хлудов болды. Суретші Н. Г. Хлудовтың студиясында кескіндеме өнерінің кәсіби тұрғыда қыр - сырымен танысып дәріс алған суретшілер Ә. Кастеев, А. Ташенов, М. Жанкин, М. Өскенбаев, Б. Сәрсенбаев, А. Қашбаевтар болды.
Айта кетер болсақ 30-шы жылдары Семейде ұйымдастырылған бірінші жылжымалы көрменің де қазақ бейнелеу өнеріне дәрежелі деңгейге көтерілуіне үлкен ықпалын тигізді. Сондай-ақ, 1920-30-шы жылдары Қазақстанда реалистік кескіндеме, станоктық кескіндеме, графика және мүсін өнері өз ерекшеліктерімен шарықтай бастаған кезі еді.
ХIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қазақстанға атақты орыс суретшілері В. Верещагин, П. Кузнецов, Н. Рерих, В. Рождественский ат ізін салды. Суретшілердің алдыңғы толқыны үкіметтің ресми тапсырысында емес тек сурет өнеріне құмарлықтарымен Қазақстан тақырыбына, мәдени - ескерткіштеріне айналған тақырыптарға сурет салумен айналысты. Дәлірек айтқанда, Қожа-Ахмет Иассауи мавзолей есігін қағаз бетіне бейнелеп салған В. Верещагиннің «Мешіттің есігінің алдында» (1873 Мемлекеттік орыс мұражайы) П. Кузнецовтың «Даладағы сағым», осы сияқты жұмыстар ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы суретшілерге тән академиялық мәнер де емес, табиғи тұрғыда көркемделген дара шығармашылықтарын шарықтатқан қолтаңбалар еді. Бұл суретшілердің қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына және өз ырқында дамуына қосқан үлестері мен атқарған еңбектерінің арқасында тануға болады [3. 150 бет] .
Қазақ бейнелеу өнері - олардың есімдерімен тікелей және орыс реалистік мектебімен тұтастай байланысты, атап айтқанда нанымды көрнектілігін, табиғи болмысы мен жаңа қалыптасқан құрылымға сүйенуі алғашқы кезең де шапшаң еуропалық көркемөнер жүйесіне енгені бүгінгі таңда тарихтан белгілі. Соғыс кезінде 30-шы жылдары кеңестік өнерде белгіленген идеологияландыру тенденциясы көптеген жағдайда нақты себептердің салдарынан күшейді. Суретшілердің негізгі тақырыптары сол уақыттағы «жеңіске», «бейбіт өмір мен жарқын болашаққа» бағышталды. Мұндай тақырыпта суретшілер энтузиазм партия саясатымен және халық сенген көсемімен байланыстырып көрермендерге паш етіп отырды. Бұл бағдарлама өнерге айрықша маңызды роль берген еді. Бұрын-соңғы болмаған дәрежеде форма мен форманы таңдауды анықтайтын мазмұнның алғашқы мағынасының тұтастығын бекітетін концепция социялистік реализм әдісі туралы мәселе қатаң тұрғыда алға қойылды. Сонымен қатар форма кеңес өкіметінің қол жеткізген жетістіктерін анық та нық, сенімді көрсету мен халықты жаңа белестерге ынталандыру болды. Мұның барлығы бүкілодақтық Суретшілер одағының съездеріндегі ресми баяндамалардың және өнер жөніндегі басылымдардағы теориялық сөз сөйлеушілердің негізіне айналды. Бейнелеу өнеріндегі басты бағыт болып, өнер туындылары заман талабына сай келетін тақырыптық композицияларды жарыққа шығарып, соны жоғары сапада дамыту проблемалары қалыптасты.
XX ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстан суретшілер одағы құрылып, бірінші съезінде Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай алғашқы көрме ашылған болатын. Мұндай көрмелерде суретшілер бейнелеу өнерінде көздеген мақсаттары біріншіден, қазақ жерінің байлығына, екіншіден, Қазақстанда жалпы болып жатқан өзгерістерге бағытталған (Н. Г. Хлудов, Ә. Кастеев, Х. және К. Ходжиқовтар, З. Назыров, Н. Кружильников, Ф. Балкаев, Ә. Исмайлов, В. Антощенко-Оленев, А. Михеев, А. Ненашев, С. Калмыков, П. Зальцман т. б. ) болатын.
Қазақ бейнелеу өнерінде, жалпы өзгерістер 1950-60-шы жылдары шарықтады. Бұл кезеңнің нағыз қол жеткізген табыстарының бірі - бейнелеу өнеріне алғашқы ұлттық өнердің келуі еді. Олардың - ұлттық мәдениет үшін жаңа көркем - пластикалық тілмен ұлттық дүниені сезінуді жүзеге асыруы еді. Сонымен қатар бұл кезеңде бейнелеу өнерінде «қатаң стиль» пайда болды. Бейнелеу өнерінің қай саласында болмасын «ұлттық мектеп» пен «қатаң стильде» көрінген композициялар тек қазақ жерінде ғана емес, одақтас республика өңірлерінде де кездескені біздерге, өнер тарихынан мәлім. Сондай-ақ жер - жерлердегі әр ұлттардың өзіндік ерекше бір стильдерін немесе мектебін танытуда көздеген өнер иелері өз идеялогиялық ізденістерімен шарықтап жатты.
Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби мектебінің қалыптасуы мен дамуының ерте кезеңінде шығармашылықта да, білім беру процестерінде де жаңа көркемөнерлік форманы меңгерудегі ең басты және қол жеткізген - реалистік әдісі болды. Бұл уақыттың өзінде-ақ Қазақстанда суретшілердің шығармашылықтарында тарих пен мәдениет негізгі орын алды. Мұндай әсер қазақ суретшілердің еңбектерінен жарқын көріне бастады. Атап айтсақ, 50-ші жылдары С. Мәмбеев, К. Тельжанов, Н. Нұрмұхамедов, К. Шаяхметов, М. Кенбаев, 60-шы жылдары С. Айтбаев, Ш. Сариев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, Ұ. Әжиев, Г. Исмаилова, А. Ғалымбаева, Ж. Шарденов, Ә. Сыдыханов және т. б. [4. 45-47 бет] .
50-ші жылдың орта шенінде бейнелеу өнерінің тобына еліміздің орталық жоғары оқу орындарында көркемдік білім алған дарынды жастардың келуіне байланысты Республикамыздың көркемөнерінде жаңа кезең басталды. Профессионализм мен көркемдік кемел ой суретшілердің жеке-дара мәнерінің әр-алуындылығына, сонымен қатар қазақстандық кескіндеме мектебін калыптастырудың жолдарын іздестіруге септігін тигізді. Бұл кезеңде бейнелеу өнерінің қалыптасқан ырқын жалғастыра отырып, ұлттық тақырыпқа көбірек мән беріле бастады.
Халықтық мәдениетке жанасу, өмірдің адамгершілік негіздері жайында толғану көптеген суретшілердің шығармашылық қызметтеріне бірыңғайлылық ықпалын тигізді. Сонымен қатар суретшілер әдет-ғұрыптың ерекшеліктерін ұдайы зерттеудің нәтижесінде өздерінің көптеген композицияларының шешімін ұлттық тұрмыс тіршілігіне және қарапайым заттарды бейнелеуге арнады. Суретшілердің 60-шы жылдардағы ұрпағы алдыңғы ұрпақтың ізденістерін одан әрі жалғастырғанымен, алайда бұлардың пластикалық әдістері басқаша сипатқа ие бола отырып, баяндаушылық, аңсаушылық әуенінен үзілді - кесілді бас тартып, дәстүрдің өміршеңдігі мен бекемділігі тұрғысында қарастырылды.
Жалпы суретшілердің композициялық шешімдерінің салдары қоғамдық дуниетану процестерінің нәтижесінде оянған ұлттық сана - сезімнің өсуінен туындады. Адекваттық бейнелеу тілін табуда 60-шы жылдардың суретшілері, бір жағынан, Шығыс миниатюрасының композициялық құрылымына, екінші жағынан, қазақтың ою-өрнек жүйесі принциптеріне сүйене көркемдеді. Мұндай принциптер өнер иелерін біріншісі - композицияның «кеңістік пен уақыт» компоненттерін еркін пайдалануға мүмкіндік берді, мұның өзі оларды форманы жинақтап көрсетуге ұмтылдырды. Екіншісі-модульдің ірілігіне, бояудың өз нақыштарымен қауыштастыруына мүмкіндік берді. Бұл екі мәселе де конструкциялық шешімнің айқындығына, суреттің жып-жинақы ықшам шығуына баулыды.
Бейнелеу өнерінде ұлттық қолөнердегі сырмақтар мен текеметтердің аса күрделі ою - өрнектерінде ұланғайыр даланың шексіздігіне бойы үйренген көшпендінің болмыс бітімі бейнеленген. Ою-өрнектегі образдардың өршіл әуені өмір мен өнерде өздерін асқақ орнықтырған жаңа ұрпақтың азаматтық талпыныстарына толық сәйкес келген еді.
Республика суретшілерінің жаңа кейіпкер мен жаңа форманы іздеген әрекеті 60 - 70 - шы жылдардағы өнердің жалпы одақтық дамуына, «қатаң стиль» - деп аталған арнаға табиғи түрде келіп қосылған болатын. Олар таңдап алған сюжеттің кез келгенін уақыттан, оқиғадан жоғары тұруға тиісті деп түсіндіреді. Заттар мен құбылыстарда ең негізгісі ғана алынып және оған оңай оқылатын көркемдеудің идеясы ізделді. Сонымен қатар бұл кезеңдерде суретшілердің композициялық шешімдері халық өнерінің мәңгілік нышандарына тың сүйенгендері байқалады.
Айқын ақиқатты іздестіру жолында көптеген суретшілер мәңгі көнермейтін, тамаша тақырыпқа ден қойды. Сонымен қатар отбасы тақырыбына кеңінен тоқталғаны, суретшілер өз композицияларында біртұтас философиялық ой бере отырып көркемдеу төрінен ұлттық мектепті, ұлттық стилді іздегендері айқындалып жатты. Дәлірек айтқанда композицияларын қандай да тақырыпта келтірмесін ұлттық деңгейді көркемдік рәсімдерімен дәріптеген. Ондағы бастысы ұлттық қолөнермен байланыстыру. Яғни өнер тілінде айтқанда декоративтик стиль деп аталды. Осы сәтте көптеген суретшілер өзіндік форманы ізденуден бастайды.
Суретшілер өз шығармаларында көкейкесті мәселелерінде өнер мен өмір алдындағы жауапкершілігі толғантпай қоймады. Осы тұрғыда кескіндемешілер шығармашылық тақырыптарын жалғастыра отырып, өз шеберханаларының ішкі көрінісін жиі баяндай бейнелеп, заттардың композициялық атрибуттары ретінде қабылдап келді
Негізінде өнердегі шешуші тақырыптардың бірі-адам, қоршаған орта, қоғам болып саналды. Алайда, өнердің өткен кезеңдерінде оның біртұтастығы айқын байқалса, енді оның бөлшектенуі, біртектес болмауы, идеялық және стильдік ерекшеліктерінің көбеюі 70-ші жылдардағы өнерге тән сипатына айналған еді. Бұл мынаған байланысты болуға тиіс қоғамдық өмірдің қилы өзгерістері, сөз бен істің арасындағы алшақтық өмір құбылыстарын табиғи бейнелемей, жасанды бейнелеуді туғызған, осыдан барып, мұның салдары ретінде- ой-пікірді жанамалап білдіруден бастап таза конъюнктураға дейінгі түрліше бейнелеушілік пайда болған. Өнердің міндеті жөніндегі түсініктің де әуені өзгерді.
Кескіндеме өнеріне 70-ші жылдардың аяғында келіп қосылған көптеген жас суретшілер де осы бағытты ұстанды. Оларды күрделі әлеуметтік проблемалардан қашқақтайды деп талай рет кінәлады. Бірақ тау мен далаға, аңыз ертегілеріне, бала кезінде жанына тұтқан - ұлттық өнерге қарай бой бұрғандары суретшілердің шығармашылығында анағұрлым адал болып шықты. Алайда, осыдан он жылдай бұрынғы өнердің негізгі тақырыбы жеке адамның табиғатпен байланысы және үзілмеген тарих пен әлем кеңістігінде өмір сүретін адамның рухани-эмоциялық дүниесі болды. Сонымен қатар кескіндеме өнерінде ескімен жаңа тұрмыс тіршілік айқындалған. Жас суретшілер барынша алдыңғы ұрпақтың тақырыптарын одан ары жалғастырды, бірақ олар бұл тақырыптарға өзгеше үндестік берді. Осыдан барып суретшілер қауымдар арасында басқаша жол ізденуіне де бірден бір септігін тиізді.
Суретшілердің полотнолары шабытты салтанатты әуенге ие болды. 60-шы жылдардағы өнер иелерімен салыстырғанда 30-шы жылдардағы суретшілер табиғаттың мәні мен міндетін басқаша түсініп өз қөзқарастарымен таныта білді. Егерде бұрын табиғат көрінісі композициясында Қазақстанның жинақталған образы ретінде еңгізілсе, енді суретшілер табиғаттың алуан түрлі формаларының сұлулығы мен пластикалық сезілуін және адам баласына рухани байлық беретін композициялық шешімдердің көркемдік рәсімдерінен көріне бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz