Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік
1.1. Фразеология және фразеологиялық бірлік
1.2. Фразеологиялық оралым және оған тән белгілер
1.3. Фразеологиялық оралымның пайда болуы, шығу негіздері
2. Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
2.1. Фразеологиялық тұтастық
2.2. Фразеологиялық бірлік
2.3. Фразеологиялық тізбек
2.4. Фразеологиялық сөйлемше
Қорытынды
Әдебиет

Осы зерттеу жұмысын қарастыру барысында біз тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеология ғылымы туралы жалпы түсінік беруде отандық тіл біліміміздің көрнекті ғалымы Ә.Хасеновтің жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған «Тіл білімі» оқулығын, ал фразеолгизмдердің мағыналық категорияларына жеке – жеке тоқталып, түсінік беруде лингвист – ғалым К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» атты ғылыми еңбегін пайдаландық. Жұмыс барысында сипаттама әдісі мен зерттеу жұмысына қажетті нақты мәліметтерді жинау әдісі қолданылды.
Тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерінің варианттары, синонимиясы, полисемиясы, этимологиясы жайлы зерттеліп, үлкен еңбектер жазылды. Жеке авторлардың фразеологизмдерді қолдануы, аудармадағы фразеологизмдер, компоненттернің байланысуы, параллель фразеологизмдер жайлы да жайлы да зерттеулер жазылды. Әйтсе де фразеологизмдердің әлі де ашылмаған қыр – сырлары жеткілікті. Солардың бірі – фразеологизмдердің мағыналық, яғни семанттикалық категориялары. Бұл мәселені зерттеу жұмысымыздың өзектілігі ретінде қарастырдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерін қарастыру, оларға жалпы түсінік беру.
2. Фразеологизмдердің мағыналық, яғни семантикалық категорияларын ашу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Тұрақты сөз тіркестеріне тоқталу;
2. Фразеологизмдердің семантикалық категорияларын қарастыру;
Зерттеу жұмысының нысаны: тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерінің мағыналық категориялары.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы), 3 – басылуы. – Алматы: Санат, 2003. – 416 б.
2. Мамаева М. Фразеологизмді сөз тіркестері. Филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайылған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2004. – 30 б.
3. Аханов К. Тіл білімінң негіздері. Оқулық. 4 – басылуы. – Алматы: Санат, 2003. – 496 б.
1. Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы), 3 – басылуы. – Алматы: Санат, 2003. – 416 б.
2. Мамаева М. Фразеологизмді сөз тіркестері. Филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайылған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2004. – 30 б.
3. Аханов К. Тіл білімінң негіздері. Оқулық. 4 – басылуы. – Алматы: Санат, 2003. – 496 б.
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік
1. Фразеология және фразеологиялық бірлік
2. Фразеологиялық оралым және оған тән белгілер
3. Фразеологиялық оралымның пайда болуы, шығу негіздері
2. Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
1. Фразеологиялық тұтастық
2. Фразеологиялық бірлік
3. Фразеологиялық тізбек
4. Фразеологиялық сөйлемше
Қорытынды
Әдебиет
Кіріспе
Осы зерттеу жұмысын қарастыру барысында біз тіліміздегі тұрақты сөз
тіркестерін зерттейтін фразеология ғылымы туралы жалпы түсінік беруде
отандық тіл біліміміздің көрнекті ғалымы Ә.Хасеновтің жоғарғы оқу
орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған Тіл білімі оқулығын,
ал фразеолгизмдердің мағыналық категорияларына жеке – жеке тоқталып,
түсінік беруде лингвист – ғалым К.Ахановтың Тіл білімінің негіздері атты
ғылыми еңбегін пайдаландық. Жұмыс барысында сипаттама әдісі мен зерттеу
жұмысына қажетті нақты мәліметтерді жинау әдісі қолданылды.
Тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерінің варианттары, синонимиясы,
полисемиясы, этимологиясы жайлы зерттеліп, үлкен еңбектер жазылды. Жеке
авторлардың фразеологизмдерді қолдануы, аудармадағы фразеологизмдер,
компоненттернің байланысуы, параллель фразеологизмдер жайлы да жайлы да
зерттеулер жазылды. Әйтсе де фразеологизмдердің әлі де ашылмаған қыр –
сырлары жеткілікті. Солардың бірі – фразеологизмдердің мағыналық, яғни
семанттикалық категориялары. Бұл мәселені зерттеу жұмысымыздың өзектілігі
ретінде қарастырдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерін қарастыру, оларға жалпы түсінік
беру.
2. Фразеологизмдердің мағыналық, яғни семантикалық категорияларын ашу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Тұрақты сөз тіркестеріне тоқталу;
2. Фразеологизмдердің семантикалық категорияларын қарастыру;
Зерттеу жұмысының нысаны: тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерінің
мағыналық категориялары.

Фразеология – лингвистиканың үлкен бір саласы. Кейбір ғалымдар
фразеологияны жеке пән деп те атап жүр. Олай деудің мән – мағынасы да бар.
Өйткені тіл – тілде фразеологияға қатысты мәселелер ұшан – теңіз дерлік.
Жеке пән деп атасақ та, лингвистиканың үлкен бір саласы деп атасақ та, -
бәрібір: фразалардың тілде атқаратын орны айрықша.
Фраза ( грекше phrasis – сөйлемше мағыналы сөзінен алынған ) – сөйлеудің
ең бір қысқа, әрі бүтін бір бірлігі. Дәлдеңкірей түссек, фраза – тіл –
тілде сөйлеудің ( речь ) ең бір мәнді де тұтастай қалыптасқан тізбектері
мен тіркестері. Ондай тіркестер мен тізбектер кем дегенде екі сөзден
құралуы да, бүтіндей бір сөйлем болуы да, бірнеше сөйлемнен құралуы да
мүмкін. Сондықтан фраза – сөйлеудің, яғни қарым – қатынас құралының ең бір
мәнді бірлігі деуге де болады. Осыған орай, фраза деген сөз фразеологиялық
тізбектер (бірліктер) ерекшелігін тұтастай қамтығанда, сөйлем деген
терминмен пара – пар деуге болады.
Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей, яғни тілдік
табиғаты жағынан, оған қарама – қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан,
жүрегі тас төбесіне шығу, ат – тонын ала қашу, ер қашты болу, т.б. тәрізді
тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де бүтіндей
оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары ешкімнің
еркіне көнбей, өзінен өзі тіркесіп қойған тәрізді болып ұғынылады.
Мұндай тіркестер сөздердің еркін тіркесіне қарсы қойылып, сөздердің еріксіз
тіркесі немесе фразеологиялық оралым деп аталады.
Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен
құрылым тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте,
фразеологиялық тіркес деп аталады. Мәселен, сүттен ақ, судан таза; ақша
бет; қызыл жүз; азуы алты қарыс; дырдай жігіт; қыпша бел; қиғаш қас;
аузының суы құрып жүр, т.б. – тұрақты тіркестер, яғни фразеологиялық
бірліктер.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: фразеология – белгілі бір тілдегі
сөздердің тұрақты тізбектері мен тіркестерін, яғни фразеологиялық
бірліктерді, фразаларды зерттейтін ілім.
Фразеологияға қатысты терминдер де көп: идиома, тұрақты тізбек, тұрақты
тіркес, фразеологиялық тұтастық, бірлік, екпін, оралым, фразеограмма,
фонемалық фраза, фразеологизм, т.б.
Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түп – тамырын ғана
емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетін терең білуге болады.
Сондықтан да болар фразеологизмді жан – жақты зерттеуге деген қызығушылық
толастаған емес.
Фразеологизмдердің варианттары, синонимиясы, омонимиясы, полисемиясы,
этимологиясы жайлы да зерттеліп, үлкен еңбектер жазылды. Жеке авторлардың
фразеологизмдерді қолдануы, аудармадағы фразеологизмдер, компоненттерінің
байланысуы, параллель фразеологизмдер жайлы да зерттеулер жазылды. Әйтсе де
фразалық тіркестердің әлі де ашылмаған қыр – сыры жетерлік.
Кеңес лингвистикасында фразеологияға арналған зерттеулер мен басылып
шыққан еңбектер көп. Бұл дәуірде фразеология туралы ілімнің дамуына үлес
қосқан ірі ғалым – академик – В.В.Виноградов. Бұл кісі Ұлы Отан соғысынан
кейінгі жылдары фразеология жөнінде проблемалық маңызы бар бірсыпыра еңбек
жазды. Мұнымен бірге А.И.Молотковтың редакциясымен жарияланған 4000 – нан
астам сөздік мақала бар Фразеологический словарь русского языка (1968)
атты, Бабкин мен В.В.Шендельстің Словарь иноязычных выражения и слов
(1981), Н.Н.Амосованың Основы английской фразеологии атты кітаптарын да
атаған жөн.
Ұлттық Ғылым Академиясының академигі І.Кеңесбаевтің Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі - қазақ лингвистикасының үлкен табысының бірі.
Сондай – ақ аталмыш тақырыппен М.Балақаев, К.Аханов, А.Ысқақов, С.Исаев,
Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Ә.Болғанбаев, М.Оразов, А.Аблақов, С.Сәтенова,
Г.Смағұлова сынды отандас тілші мамандар да айналысты.
Фразеолгия және оның зерттейтіні – фразеологизмдер мәнін түсіну үшін
тұрақты тізбек, тұрақты тіркес және сөздердің еркін тіркесі деген ұғымдарды
білу, бір – бірінің айырым белгілерін айқындап ұғу керек, олардың бір –
бірінен ерекшелігін аңғару қажет. Мәселен, Ілияс Жәнібектің екі езуін
айырып жіберіпті, ал Айғаныстың екі езуі екі құлағында, Нұрбол болса, - ат
құлағында ойнап жүр, - есек, осындағы ерекшелеп терілгендер – тұрақты
тізбектер, яғни фразеологиялық бірліктер.Жәнібек үйге кірісімен екі езуін
бірдей көрсетіп еді, қарасақ, - дәрігерге апару керек екен... Айғаныстың
екі құлағы бірдей, атасынікіне тартқан, - нағыз қалқанқұлақ... Нұрбол: Мен
ат құлағын жемеймін, қозы құлағын бер! – деді де отырып алды...
Бұл мысалдардағы екі езуі, екі құлағы, ат құлағы, қозы құлағы – еркін
тіркестер. Алғашқы топтағы тізбектердің орнын да, сөздерін де басқа
сөздермен алмастыруға болады.
Фразеологиялық тізбектерді бір тілден екінші тілге сөзбе – сөз аударуға
болмайды, сол тілде бар баламасымен ғана жеткізу керек; сөзбе – сөз
аударылса, ондайлар тұрақты тізбек болудан да қалады, ой мағынасы мүлдем
өзгеріп кетуі де мүмкін.
Мәселен, аузының суы құрып жүр, мұрнын көкке көтеріп жүр, мұртын балта
шаппайды, тауы шағылып қалды, ұнжырғасы түсті, кегежесі кейін тартты, түлен
түртіп отыр, қой үстіне бозторғай жұмыртқалады, т.б. тұрақты тіркесті дәлме
– дәл аударуға болмайды.

Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде
емес, бір – бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдің грамматикалық
заңдарына орайласып, емін – еркін тіркесуінен синтаксистік бірліктер –
еркін сөз тіркесі мен сөйлемдер жасалады. Сөздердің жалпы тіркесі мен еркін
сөз тіркесі сөздердің бір – бірімен емін – еркін тіркесуінен жасалады.
Бірақ сөздер бір – бірімен жапа тармағай жұмсала бермейді, мағыналарының
үйлесімділігі болғанда ғана тіркесіп жұмсалады. Мағыналық үйлесімділік
сөздердің бір – бірімен семантикалық жақтан үйлесуге бейімділігі дегенді
білдіреді. Еркін сөз тіркесінде оны құрастырушы сыңарлар (сөздер) мағыналық
үйлесімділік шеңберінде басқа сыңарлармен (сөздермен) ауыса алады. Мысалы:
оқушымен сөйлесу – мұғаліммен сөйлесу – қойшымен әңгімелесу; оқушымен
әңгімелесу – мұғаліммен әңгімелесу – қойшымен әңгімелесу; оқушымен кездесу
– мұғаліммен кездесу, т.б. Осылар тәріздес еркін сөз тіркестерін және
олардың түрлерін грамматиканың синтаксис саласы зерттейді.
Фразеологиялық оралым тілде басқа бірліктермен, атап айтқанда, бір
жағынан, сөзбен, екінші жағынан, еркін сөз тіркесімен шектесіп жатады.
Фразеологиялық оралымды сөзден де, еркін сөз тіркесінен де ажырату үшін
оған тән басты белгілер мен қасиеттерді айқындап алу қажет. Бұл арада
фразеологиялық оралымға тән белгілерге қатысты алдын – ала ескеретін бір
жай бар: фразеологиялық оралым өзінің табиғаты жағынан – екі жақты құбылыс.
Фразеологиялық оралымның екі жақтылығы, жоғарыда аталып өткеніндей, бір
жағынан оның дара сөзге ұқсас, екінші жағынан еркін сөз тіркесіне ұқсас
болып келуінен көрінеді. Осыған орай фразеологиялық оралымның белгілері де
екі бағытты қызмет атқарады. Анығырақ айтқанда, фразеологиялық оралымды
сөзбен жақындастыратын белгі оны (фразеологиялық сөз тіркесін) еркін сөз
тіркесінен ажырататын белгі ретінде, ал фразеологиялық оралымды сөзден
ажырататын белгі оны еркін сөз тіркесімен жақындастыратын белгі ретінде
қызмет ете алады. Енді, фразеологиялық оралымға тән белгілерге және ол
белгілердің екі бағытты қызмет етуіне тоқталайық.
Фразеологиялық оралымға өте – мөте тән белгі – оның даяр қалпында жұмсалу
белгісі. Фразеологиялық оралым қарым – қатынас процесінде, сөйлеу кезінде
жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас, бір бүтін бірлік ретінде жұмсалады.
Фразеологиялық оралымның бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен
салыстырғанда, ашық – айқын көрінеді. Мысалы суды қайнату, түймені қадау,
қолды жуу, қысқа жіп, қойдың аузы және т.б. осылар тәріздес еркін сөз
тіркестері қатынас жасау процесінде, сөйлесу кезінде жеке сөздердің бір –
бірімен емін – еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, қаны қайнау (ызалану),
соры қайнау (сорлау), түймедейді түйедей ету (асыра айту, үлкейту), қол
қусыру (бостан – бос, әрекетсіз), қысқа жібі күрмеуге келмеу (жетімсіздік,
жоқшылық), қой аузынан шөп алмас (момын, жуас), т.б. осылар тәріздес
фразеологиялық оралымдар тіркескен күйінде, бүтін қалпында жадымызда
сақталады да сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздері) сөйлеушінің қалауы
бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері бұрыннан өзінше тіркесіп қойған
қалпында біртұтас даяр күйінде қолданылады. Сөйлеу кезінде фразеологиялық
оралымды қолданушы адам оның құрамына енетін сөздерді өз қалауынша
тіркестірмейді, тұтасқан күйін бұзбай, қаз – қалпында қайталай қолданады.
Мұндай қасиет фразеологиялық оралымға ғана емес, сонымен бірге лексикалық
единица – сөзге де тән. Мысалы: әдемі – сүйкімді, ұялмау – шіміркенбеу,
лезде – жылдам, қысылу – сасқалақтау, ашулану – ызалану, қыру – жою деген
сөздер де және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін үріп
ауызға салғандай, мұртын балта шаппайды, аузы – мұрны қисаймастан, көзді
ашып – жұмғанша, қас пен көздің арасында, қас қаққанша, аузына құм құйылу,
жұмған аузын ашпау, жаны мұрнының ұшында, тамырына балта шабу тәрізді
оралымдар да даяр қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Бұлар (сөз бен
фразеологиялық оралым) сөйлеу кезінде конструкцияланбайды, даяр тұрған
құрылыс материалы сияқты қызмет етеді, тұтас қалпында не еркін сөз
тіркесінің, не сөйлемнің құрамына енеді.
Сонымен, фразеологиялық оралымның даяр қалпын сақтай отыра қолданылу
белгісі оны сөзбен жақындастырады да еркін сөз тіркесінен ажыратады.
Фразеологиялық оралымға тән белгілер бірден екі бағытта қызмет етеді
деуіміз де осыдан. Фразеологиялық оралым – сөйлеу кезінде
конструкцияланбайтын, өзінің даяр қалпын сақтай отыра жұмсалатын, бүтін
бірлік , ал еркін сөз тіркесі – сөйлеу кезінде белгілі бір үлгілер бойынша
құрастырылатын, осыған орай сөйлеушінің тілдің белгілі бір заңдарына
сәйкестендіріп, өзінше құрастыруына көнетін синтаксистік бірлік.
Даяр қалпында қайталану белгісі сөз бен фразеологиялық оралымға бірдей
қатысты барлық басқа белгілерді, атап айтқанда, фразеологиялық оралымның
құрамы мен құрылымының тұрақтылық белгісі мен мағыналық тұтастық белгісін
ашып – айқындайды.
Фразеологиялық оралым мағына тұтастығымен сипатталады. Оның өзіне ғана
тән, меншікті мағынасы бар және ол мағына фразеологиялық оралымды
құрастырушы сыңарлардың мағыналарына тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.
Фразеологиялық оралымның мағыналық тұтастығы, оның семантикасы құрастырушы
сыңарлардың мағыналарының жиынтығына сәйкес келгенде де сақталынады.
Басқаша айтқанда, мағыналық жақтан фразеологиялық оралым бір бүтін, бір
тұтас бірлік ретінде көрінеді де, оның семантикасында құрастырушы
сыңарлардың мағыналары ашық, айқын бейнеленгенде де мағыналық бүтіндігі,
тұтастығы бұзылмайды. Мысалы тайға таңба басқандай немесе соқырға таяқ
ұстатқандай (ашық – айқын), қаны қайнау (ызалану, ашулану), көзді ашып –
жұмғанша немесе қас қаққанша (лезде, өте жылдам), су жүрек (қорқақ), ер
жүрек (батыл), түймедейді түйедей ету (асыра үлкейту), тамырына балта шабу
(құрту, жою), қуанышқа бөлену (қуану), шаттыққа бөлену (шаттану) т.б. деген
фразеологиялық оралымдар бүтіндей фразеологизмнің семантикасы мен оны
құрастырушы сыңарлардың ара қатысы жағынан әртүрлі (әр типтес) болғанымен,
мысалға келтірілген фразеологиялық оралымдардың әр қайсысы да мағына
тұтастығымен сипатталады.
Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық
қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде
ұғынылатын, өзара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) құралады да ол
сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа
сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгерілмейді. Мысалы
сақалын сипап қалу деген тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын
ауыстырып айтуға немесе оның ішіндегі бір сөздің орнына басқа бір сөзді
қолданып, мысалы мұртын сипап қалу деп айтуға болмайды.
Сондай – ақ мұртын балта шаппайды деген тұрақты тіркестің құрамындағы
мұрт деген сөздің орнына сақал немесе балта дегеннің орнына пышақ, шаппайды
дегеннің орнына кеспейді деген сөздер қолданылмайды. Егер бұлай етіп
өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады немесе тіптен мағынасыз,
түсініксіз болып шығады. Құрамы мен сыңарларының орын тәртібінің
тұрақтылығы жағынан фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің құрамындағы
морфемалардың орын тәртібін еске түсіреді. Орыс тіліндегі фразеологизмді
зерттеуші Н.М.Шанский сөздің морфемалық құрамының және сыңарларының
(компоненттерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп
есептейді.
Ал сөздердің еркін тіркесіне фразеологиялық оралымдардың құрамының
тұрақтылық қасиеті тән емес. Фразеологиялық оралым құрамының тұрақтылығы
дегенде, әдетте, оның құрамына үнемі белгілі бір сөздердің ғана енуі және
олардың басқа сөздермен алмастырылмауы ескеріледі. Ал еркін сөз тіркесінің
құрамында мұндай тұрақтылық болмайды, оның құрамында үнемі тұрақталған
белгілі сөздер емес, әр түрлі сөздер тіркесіп келе береді. Мысалы: дәмді ас
деген еркін тіркестің құрамындағы соңғы сыңарды (ас) тамақ деген сөзбен
ауыстырып, дәмді тамақ деп өзгертуге немесе дәмді дегеннің орнына ыстық
тамақ деп өзгертуге болады. Мұнан аталған еркін сөз тіркестерінң
атрибутивті сөз тіркестері ретіндегі грамматикалық табиғаты өзгермейді. Ал
ас иесімен тәтті немесе ас – адамның арқауы тәрізді фразеологиялық
оралымдардың құрамындағы ас дегеннің орнына тамақ деген сөзді қолданып,
мысалы; тамақ иесімен тәтті немесе тамақ – адамның арқауы деп өзгерту
белгілі бір қалыптасқан норманы бұзғандық болар еді және бұлай етудің
салдарынан аталған тіркестер фразеологиялық оралым болудан қалар еді.
Фразеологиялық оралымдардың басым көпшілігінің құрылымдық тұтастығының
бекемдігі соншалық, оның құрамына, әдетте, басқа бір сөз ене алмайды. Кейде
бірді – екілі фразеологиялық оралымның сыңарларының аралығына басқа бір
сөздің енуі мүмкін: таяқ жеу – таяқты мықтап жеу; жаны ашу – жаны қатты
ашу, т.б. бірақ мұның өзі фразеологиялық оралымдарға жалпы тән құбылыс
емес.
Аталған қасиеттер белгілі дәрежеде сөзге де тән. Алайда, сөз бен
фразеологиялық оралым бір – бірімен тепе – тең емес, бұлардың арасында
түбірлі айырмашылықтар бар. Ол қандай айырмашылықтар?
Атап айтар болсақ, айырмашылық, ең алдымен, сөздің құрылымы мен
фразеологиялық оралымның құрылымына қатысты. Құрылымы жағынан сөз бен
фразеологиялық оралым - әр басқа құбылыстар (единицалар). Сөздер, әдетте,
әртүрлі бөлшектен құралады да ол бөлшектер сөзден тыс өздігінен қолданыла
алмайды. Сөздер (түбір сөзден басқалар) морфемаларға бөлшектенеді де ол
морфемалар сөз ішінде ғана өмір сүреді. Мысалы: жол-сыз, жол-ық-тыр-у, жол-
ы және т.б. Ал фразеологиялық оралымдар морфемалардан емес, өзіне тән
формалары бар сөздерден, олардың тіркесінен жасалады. Мысалы: сақалын сипап
қалу, тонның ішкі бауындай, жер – жеберіне жету, көз шырымын алу, көз таныс
және т.б.
Сөз бен фразеологиялық оралымның грамматикалық тұлғалану жағынан да бір –
бірінен айырмашылығы бар. Морфемалардан құралған сөздер тұтас тұлғаланған
бірлік ретінде қызмет етсе, фразеологиялық оралымдар сөздердің тіркесе
жұмылуынан құралып, ажыратыла тұлғаланған бірлік ретінде қызмет етеді.
Мысалы: жолаушы, жолсыз, жолбарыс, қолғап, шекара және т.б. осылар тәріздес
сөздер тұтас тұлғалану қасиетімен сипатталса, ит өлген жерде, оқ бойы
жерде, жермен жексен ету, жер – жебіріне жету, әліпті таяқ деп білмеу, таяқ
жеу, қам жеу, сойылын соғу және т.б. осылар тәріздес фразеологиялық
оралымдар ажыратыла тұлғалану қасиетімен сипатталады.
Сонымен, жоғарыда аталған белгілердің бірі – фразеологиялық оралымды
сөзден ажыратса, екіншілері оны сөздердің еркін тіркесінен ажыратады.
3. Фразеологиялық оралымдардың пайда болуы, шығу негіздері
Тіл – тілде фразеологиялық оралымдар әртүрлі жолдармен жасалған. Олардың
жасалуына алуан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер негіз болған.
1. Фразеологиялық оралымдарға әртүрлі құбылыстардың адам ойында
қорытылған образды бейнесі негіз болуы мүмкін. Мысалы: ер қашты
болу (мағынасы – әбден жалығу, мезі болу) деген фразеологиялық
оралымның негізінде көп мініс көрген арық аттың ер саларда одан
қашып мезі болуы, бойын аулақ салуының бейнесі жатыр. Әдетте, ер
қашты болу тұрақты сөз тіркесін қолданғанда, жоғарыдағы
құбылыстың негіз болғаны ойымызға келмейді. Сондықтан да бұл
тіркес адам ісіне байланысты қолданыла береді. Шалқасынан түсу
(мағынасы – кенет келіспей қалу, көнбеу) деген фразеологиялық
оралымның негізінде байқаусызда шалқасынан құлап түсудің бейнесі,
оның астарлы, келтірінді мағынасы жатыр. Сақалын сипап қалу, төбе
шашы тік тұру, екі аяғын бір етікке тығу, сабасына түсу, аузынан
суы құру, аузымен орақ ору, иттен де бір сүйек қарыздар, қу
бастан қуырдақ ет алған, сүйекке таңба болу деген фразеологиялық
оралымдардың жасалуы жайында да осыны айту керек. Бұларға да
әртүрлі құбылыстардың образды бейнесін елестету негіз болған.
Дөрекет, сөлекет қимыл жасауды, икемсіздікті халық түйенің
үстінде тұрып сирақ үйітумен салыстырып, епсіздікті мысқылдап,
түйе үстінен сирақ үйіту десе, дөрекі сөйлеген адамның сөзін сөзі
түйеден түскендей дейді. Бірдеңеге әттеген – ай! - деп,
өкінген адамдардың санын соғып қалатыны, қапалануы бар; осы
жайдың бейнесі санын соғып қалу деген тұрақты тіркестің (мағынасы-
өкіну) жасалуына негіз болған.
2. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына түрлі аңыздар, әртүрлі
ұғымдар мен түсініктер негіз болғандығы аңғарылады. Мысалы
халықтың түсінігінде (ескіше) жақсы ит аулаққа барып өледі.
Осындай түсінік Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деген мақалдың
жасалуына негіз болған. Осыдан келіп, халық алыс жерді ит өлген
жерде немесе ит арқасы қиянда дейді. Фразеологиялық оралымдардың
кейбіреулерінің діни ұғым, ескі әдет ғұрыпқа байланысты
жасалғандығы байқалады. Мысалы орыс тіліндегі вавилоское
столпотворение (асты – ұстіне шығып былығу, астан – кестен болу
деген мағынада) деген тұрақты сөз тіркесіне Вавилон тұрғындары
күмбезді аспанға жеткізіп салмақшы болғаны үшін жазаланып,
тілдері араласып, бытысып кетіпті дейді - міс дейтін Библия
аңызы негіз болса, ждать как манны небесной (шыдамы таусылып,
асыға күту деген мағынада) деген тұрақты тіркесінің пайда
болуына шөл далаға қуылғандар үшін ұнтақ жарма (крупа) аспаннан
түсіпті - міс дейтін Библия аңызы негіз болған. Қазақ тіліндегі
кейбір фразеологиялық оралымдар бұрынғы кездегі ескі әдет –
ғұрып, салт – санамен байланысты пайда болған. Бұған біреуді
сүйеу, қоштасу мағынасында айтылатын шашбауын көтеру, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz