Салық органдарының қызметі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
1.1 Салық кызметін ұйымдастыру принциптері және құрамы ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық кызметінің құрылу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Салықтық органдарының бақылау қызметін ұйымдастырудағы әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2 САЛЫҚТАРДЫ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕУДЕГІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымы ... ... ... ... ... 26

3 САЛЫҚТЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарық жагдайында салықтық реттеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ...31
3.2 Салық органдарының бақылау қызметінің тиімділігін арттыру
мәселелері және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизімін қалыптастыру болып табылады. Салық механизіиі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбіршаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алып ,тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасында салық жүйесін реформалау 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Екінші кезең – 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы қосылды.
Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіін қабылдаудағыең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
2006 жылы ел басының жолдауында салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізілді:
- 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008-2009 жылдарда тағыда 1-2 пайызға төмендету;
- 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
- 2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген біріңғай салық ставкасын енгізу;
- 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен отыз пайызға төмендету және басқалар.
1. «Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы» 1997 ж.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) 01.01.2007ж
3. «Салық және бюджетке төленеті басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) 12.06.2001ж
4. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 28.02.2007ж
5. Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Астана 18.02.2005ж.
6. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу» Оқулық Алматы 2006ж.
7. Қазақстан аймақтарының цифрлары / қазақстан Республикасының статистика басқармасы, ОҚО бойынша статистика басқармасы – Шымкент 2005ж.
8. Қазақстан Рееспубликасының әлеуметтік экономикалық дамуы /ҚР-дің статистика жөніндегі Агенттігі 2003 ж.
9. Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы 2004 ж.
10. ОҚО бойынша 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық құжат/ОҚО бойынша экономика Департаменті, 2005 ж.
11. ОҚО бойынша Салық Комитетінің 2005-2006 жылдардағы есеебі.
12. Әкімов А.Қ. Арнаулы салық режимі бойынша шағын бизнес субъектілері үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-дің Кодексінің (Салық Кодексінің) негізгі ережелеріне түсіндіру жөніндегі Жинақ. Астана 2002 ж.
13. Ермекбаева Б.Ж. «Жалпы мемлекеттік салықтар» Алматы 1997 ж.
14. Оңтүстік Қазақстан гаазеті// №11-12, 6 бет, 20 қаңтар 2007 ж.
15. Есетүгелов А. Экономикадағы ахуал жедел шараларды талап етеді.// Ақиқат 2001 ж.
16. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-ң Заңы/Юрист-анықтамалық құқықтық жүйе.
17. «Жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықтық мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің 1995 жыл 25 желтоқсанындағы Заң күші бар Жарлығы/Юрист - құқықтық анықтамалық жүйе.
18. «Шаруа (ферма) қожалығы туралы» ҚР 1999 жыл 31 наурыз №2198 Жарлығы/Юрист – құқықтық анықтамалық жүйе.
19. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің 1999 жылғы 17 сәіріндегі Заң күші бар №2198 Жарлығы/Юрист – құқықтық анықтамалық жүйе.
20. Барнхаева Ф.Х. «Налоговое регулирование предпринимательской деятельности» Москва 2000 г.
21. Жанбулатова Ж. Специальный налоговый режим на основе разового талона/Вестник МГД РК – 2002 г. -№2. –с. 19-21.
22. Жарасбай А. Совершенствование механизма государственной поддержки малого и среднего предпринимательство в Казахстане. –Аматы: Университет «Тұран», 2002 г. 142с.
23. Кобор Х. Налогооблажение юридичиских лиц в ФРГ/ Налоговый консультант (Налоговый экспрес). -2003. №4 26-27 с.
24. Лебедова Л. Налоги в США/ Банки Кзахстана 1999 г. №12
25. Малые предприятия: организация, экономика, учет налоги: Учебное пасобие/Под ред В.Я. Торфинкеля, В.А.Швандыря. М.Юнити 2001357б.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
1.1 Салық кызметін ұйымдастыру принциптері және
құрамы ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық кызметінің құрылу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.3 Салықтық органдарының бақылау қызметін ұйымдастырудағы әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2 САЛЫҚТАРДЫ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕУДЕГІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Қазақстан Республикасының салық қызметінің
құрылымы ... ... ... ... ... 26

3. САЛЫҚТЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарық жагдайында салықтық реттеуді жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ...31
3.2 Салық органдарының бақылау қызметінің тиімділігін арттыру

мәселелері және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...46

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың
негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизімін қалыптастыру болып
табылады. Салық механизіиі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру
мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбіршаруашылық
субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал
етеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алып ,тәуелсіз мемлекет
болғанына да, міне он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық
жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасында салық
жүйесін реформалау 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің Қаз
КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы Жарлығымен Қаз КСР-дің басты
мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27
жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті
қабылданды.
Екінші кезең – 1995 жылғы 24 сәуірдегі Бюджетке төленетін салық және
басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу
жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн
салығы қосылды.
Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа
Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер
жасалды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіін қабылдаудағыең негізгі
ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны
ерекше тауар түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
2006 жылы ел басының жолдауында салық заңдарына төмендегідей
өзгерістер енгізілді:
- 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал
2008-2009 жылдарда тағыда 1-2 пайызға төмендету;
- 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10
пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
- 2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субъектілері үшін салық
салудың кемітілген біріңғай салық ставкасын енгізу;
- 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен отыз пайызға
төмендету және басқалар.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық
працестерге белсенді қатысады. Салықтар есебінен жиналған қаржылар
мемлекетке әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік береді, соның ішінде
өзінің өмір сүру деңгейін минимальды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық
топтарына материалды көмек көрсету мүмкіндігін туғызады.
Кез келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болғанында ғана өмір сүре
алады, басқаша айтқанда, өзінің апаратын ұстауға және өзінің функцияларын
орындау працесінде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда
ғана өмір сүреді.
Салық жүйесі – экономиканы реформалаудағы маңызды мәселе. Ол
Қазақстанның зкономикалық жағдайының құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде
салықтар қоғамның алдында тұрған маңызды мәселелерді шешуге бағытталған
реформаныңкешенді жүйесінің бөлігі болып табылады.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді құру және
енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында
шешілетін сұрақтар тұрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа
да мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық
қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді.
Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау
жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтармен бюджетке түсетін
төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар
бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жұйелі түрде толтырып отыруға
қол жеткізу қиын.

1. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Салық қызметін ұйымдастыру принциптері және құрамы

Мемлекеттік экономикалық саясаттың бір аясы салық саясаты болып табылады.
Салық салу аясында мемлекет экономикалық мәселелерді өзінің міндеттері және
өзін ұстау жөніндегі мәселелерді ғана әзірлеумен айналысып қоймай, сонымен
қатар өте ауқымды әлеуметтік және саясат тұрғысындағы мәселелерді шешуге
атсалысатын саясатты да жүргізеді. Бұл жөнінде Ел басымыз Н. Назарбаев
зкономиканы дамыту үшін ...таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың
нақты секторы, оны сауықтыру, фискалды және монеталық қатаң шектеулер
жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деген болатын.
Салықтардың мемлекет өміріндегі атқаратын рөлінің негізгі аспектісі
мемлекеттің егемендігіне қатысты болады. Осыған байланысты мемлекет
егемендігінің басты белгісі салық егемендігі деп айтсақ, оның дәлелдемесі
ретінде салықтық реттеудің біріңғай дүниежүзілік жүйесінің әлі күнге дейін
жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Салық егемендігі жоғарыда айтып
кеткеніміздей басқа мемлекеттер шектей және қол сұға алмайтын мемлекеттің
салық салу жөніндегі құқығы. Мемлекеттің салық салу құзіретін шектеудің
тағы бір қажеттілігі – мемлекет салықтық міндеттемелердің атқаруын бақылай
отырып, коммерциялық құпияларды біліп, оларды өз пайдасына және төлеушіге
жаңағы коммерциялық құпияны дұрыс сақтай алмаған жағдайда зиян – залал
келтіруіне тосқауыл қою.
Салық жұйесінің құрамына мемлекетте алынатын барлық салықтар, салықтық
қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалар, салық төлеушілер мен
салық қызметі орындарының құқықтарымен міндеттері және тағы да басқа
кіреді. Салықтарды қоғам өмірінің әртүрлі аяларын мемлекеттік реттеудің
құралы ретінде қарайтын тұжырымдама бар. Салық қызметінің негізгі
міндеттерінде бірінші кезекте қандай да болмасын өндіріс, сала, аумақ және
тағы басқаларды дамытуға жағдай жасау қарастырылады.
Салық қызметі мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша салықтар, салық салу жөніндегі заңдарды
жоғарғы өкімет органдары қабылдайды. Бұл заңдарда салықтардың обьектісі,
субъектісі, есептеу, төлеу тәртібі, мерзімі және тағы басқалар белгіленеді.
Ал салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелерді оларды
реттеу құралы ретінде пайдаланатын атқарушы билік органдары айқындайды.
Салық қызметін ұйымдастыруда мынадай маңызды мәселелердің де көрініс табу
қажет:
1 салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізілгені жөнінде міндетті
түрде
хабардар ету;
2. салықтарды төлеу, аудару жөнінде сауалдарға кеңес беру;
3. салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістері мен салық
санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде төлетуді қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заң
(Салық кодексі) және де Қазақстан Республикасының заңдары салық қызметі
жұмысының құқықтық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымына Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті аудандық, ауданаралық,
қалалық салық комитеттері кіреді.
Салық қызметінің аумақтық органдары жоғары тұрған тиісті салық қызметі
органдарына тікелей жоғарыдан төмен бағынада және жергілікті атқарушы
органдарда кіреді. Салық комитетін төраға басқарады. Оны қызметке Қаржы
министрі салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан
Республикасының үкіметі, ал оның орынбасарларын салық комитетінің
төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы
тағайындайды. Қалалар, аудандар бойынша салық комитетінің төрағаларын салық
комитетінің төрағасының ұсынуы бойынша қызметке Қаржы министрлігі салық
комитетінің төрағасы тағайындайды.
Салық қызметінің органдары:
1. тәркіленіп және иесіз қалып, мемлекет меншігіне көшкен мүліктерді
есепке алу, бағалау және сату жөнінде жұмыс жұргізуге, сондай – ақ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен көлемде және
тәртіппен жүргізілген жұмыстар туралы есеп әзірлеп, оны кіріс
министрлігіне беріп отыруға;
2. салық төлеушінің құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін сақтауға және
қорғауға;
3. салық төлеушілер туралы ақпараттардың құпиясын сақтауға;
4. салық заңын бұзу фактілерін жинақтау, талдау мен бағалауға және
салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстық орын алуын ықпал ететін себептер
мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
5. салық қызметі органдарының басшылығының ұйғарымыбойынша салық
төлеушілерге тексеру жүргізуге міндетті;
Салық қызметі органдарының құқықтары:
Салық қызметі органдарының:
- заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарының, бухгалтерлік
кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы
қағаздарын және басқа құндылықтарын, есеп айрысуларын, декларацияларын
және бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге және
мемлекет алдындағы өзгеде қаржы міндеттемелеріне ьайланысты өзгеде
құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазым адамдарына жәнеде басқа да
қызметкерлерінен, азаматтарынан аталған тексерулер барысында
туындайтын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша
түсініктемелер алуға құқығы бар.
- Ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары
бойынша анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды
орындамаған, тексеру мен зерттеп қарауға жіберілмеген, салық қызметіне
есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс түсіруге, салық
салынатын обьектілерді ұстауға, қаржы есебін тапсырмағаны жөніндегі
өзге де құжаттарды табыс етпеген жағдайда салық қызметінің талап етуі
бойынша анықталмаған тәртіп бұзушылық жойылғанға дейін шығыс
операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар.
- салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға
салық санкциясын және айыппұл салуды қолдануға;
- ұйымдардың білікті мамандарын басқа да бақылаушы органдардың
қызметкерлерін, салық қызметі органдарының қаражаты есебінен ақы төлей
отырып, тексерулер мен сараптамалар жургізуге, тартуға;
- өз өкілеттілігін жүзеге асырған кезде ұымдар мен азаматтардың табыс
түсіру үшін қолданатын салық салынатын обьектілерді ұстауға байланысты
кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа үй-жағдайларын тексеруге
құқықғы бар.
Қазақстан Республикасының салық комитеті – Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаржы министрлігі құрамына кіретін орталық атқарушы орган болып
табылады. Ол барлық деңгейдегі бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына
жауапты және мынандай қызметтерді атқарады:
- салық мәселелерін реттейтін салық заңдылығы мен өзге де нормативтік
құқықтық актілер орындауын бақылау;
- салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы
аударылуынның дұрыстығын қамтуды бақылау;
- салық төлеуден жалтару мен байланысты немесе мемлекет алдындағы басқа
да төлемдерді орындамаумен байланысты жұмыстар бойынша өндіру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетінің тікелей бағынатын
органдары бар. Оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық басқармалар мен
бөлімдер бар.
Салық комитетінің қызметкерлері өз салық төлеушілері туралы анықталған
мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті. Салық комитетінің қызметкерлері
өз міндеттерін орындамаған жағдайда заңда бекітілген, тәртіптік
материалдық немесе басқа жауапкершілікке тартылады. Салық комитетінің
қызметкерлеріне кәсіби қызметін туысқандық қатынасы бар салық төлеушілер
мен жүргізуге тиім салынады.
Салық комитеті қызметкерлерінің құқығына тыс әрекеттері үшін салық
төлеушіге зиянның орнын толтыруға сот шешімімен республикалық бюджетпен
жасалады. Салық комитеті салық төлеушілердің арыз шағымдарын қарап, олар
бойынша 30 күннен сондай-ақ міндетті зейнетақы қорларына толық және
уақытылы аударуына бақылауды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы салық заңдарының бұзылуы туралы арыздарды,
хабарларды және басқа да ақпаратты тексеруге міндетті.
Салық комитеті органдары:
1. белгіленген мерзімде төленбеген салықты, айыппұлды ұйымдардан,
олардың лауазымды тұлғалары мен азаматтардан бірінші кезекте
өндіріп алуға;
2. салық, айыппұл, өсім белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда
ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін,
ақшасын хаттауға құқығы бар.
3. салық комитеті органдарының басшылары ұйымдар мен азаматтардың
бюджетк е салықтар мен басқа да міндетті
төлемдер жасау мерзімін ұзартуға және бөліп төлеуге рұқсат
береді.
Мемелекеттік Қаржы министрлігінің салық комитеті бір қатар іс-
шараларды өңдеген. Біріншіден елде және жекелеген аймақ бойынша
зкономикалық және қаржылық көрсеткіштерге талдау жүргізілген. Бұл бюджеттің
кіріс бөлігінің резервтерін және министрліктің басым бағыттарын анықтауға
мүмкіндік береді.
Екіншіден республиканың салық органдарын құрылымдық жағынан құру
қарастырылған және қызметтік құрылымға көшу өндірілген.
Үшіншіден салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қарым-
қатынастар жүйесі қайта қаралған. Басты мақсат – бюджет орындалуын
қамтамасыз ету мен салық төлеушілердің қаржы зкономикалық көрсеткіштерінің
өсуін реттеу мүмкіндігі арасында нақты тепе-теңдікті анықтау. Салық жинауда
жағдайды жақсарту бойынша бекітілген шараларды жүзеге асырудағы жүйелі
талпыныс салық ставкасын деңгейін көтеру есебінен емес, салықтық әкімшілдеу
сапасын көтеру есебінен республика үкіметінің қадамдары ықпал еткен.
Нәтижесінде 2005-2006 жылда бюджетке барлық салықтық және салықтық емес
түсімдер бойынша және басқа да негізгі салықтар бойынша төлемдердің өскенін
байқаймыз.
Қазақстан Рспубликасындағы салық қызметін ұйымдастыруға келетін болсақ,
тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу шарттарында елдің
табысты болу үшін және мемлекеттік жандандыру мақсатында барлығын нолден
бастау керек болды. Республика экономикасын терең әрі ұзаққа созылған
тоқыраудан шығару мақсатында елде қоғаммен нарық қатынастарын
қажеттіліктерін өтейтін жоғары нәтижелі салық жүйесі қалыптасты.

1.2 Қазақстан Республикасындағы салық Қызметінің құрылу кезеңдері

Бірінші кезең.
1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің ҚазКСР мемлекеттік салық
қызметін құру туралы Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық
инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін
қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы Заңына сәйкес сол кездегі салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.

1. Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері.
1. Қосылған құнға салынатын салық.
2. Пайдаға салынатын салық.
3. Акциздер.
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
5. Экспорт пне импортқа салынатын салық.
6. Кеден тарифі және баж салығы.
7. Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық
іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын
алым.
8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.
9. Транспорт құралдарына салынатын салық.
10. Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
11. Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп
кіргені үшін төленетін ақы.
12. Заңды үйымдардың мүлкіне салынатын салық.
13. Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және
азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
14. Мемлекеттік баж салығы.
15. табиғат ресурстарына салынатын салық.
16, Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
2. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар.
1. Жер салығы.
2. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
3. Орман табысы.
4. Су үшін төленетін ақы.
5. Табысқа салынатын салық.
6. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
7. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан

алынатын алым.
8. Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын
алым.
9. Елтаңбалық алым.
10. Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын
салық.
3 Жергілікті салықтар мен алымдар:
1. Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы обьектілер құрылысына
салынатын салық.
2. Курорттық алым.
3. Азаматтардан алынытын мақсатты алым.
4. Жарнамаға салынатын салық.
5.Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке
компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
6. Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
9. Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10. Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан
алынатын алым.
11. Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде
жасалған мәмілелерден алынатын алым.
12. Аукциондық сатудан алынатын алым.
13. Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
14. Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым.
15. Ит иелерінен алынатын алым.
16. Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым.
17. Жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату құқығы үшін
алынатын лицензиялық алым.
Екінші кезең.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасын
ұзаақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен
салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне
сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылғы 24 сәірде Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізде құруға
ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып салық саны 45-тен 11-
ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті
салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
2. Қосылған құнға салынатын салық.
3. Акциздер.
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен бөлімдері.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1. Жер салығы.
2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
3. Көлік құралдарына салынатын салық.
4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
5. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
6. Аукциондардан алынатын алым..
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң
мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да
міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2. қосылған құнға салынатын салық;
3. акцииздер;
4. бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық біріңғайландыру номерін
бегені үшін алынатын алымдар;
5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
6. әлеуметтік салық;
7. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының амалы бойынша
жүргені үшін алынатын алымдар;
8. жер салығы;
9. заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
10. көлік құралдарына салынатын салық;
10-1 бірыңғай жер салығы;
11. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12. қызметтің жекеленген түрлері мен айналысу құқығын білгені үшін
алынатын лицензиялық алым;
13. аукциондық сатудан алынатын алым;
14. Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын
бергені үшін алынатын алым;
15. Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны
үшін төленетін төлем;
16. заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз
фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларыда
пайдаланғаны үшін алынатын алым.
16-1 заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен
коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың
Қазақста, Республика, Ұлттық деген сөздерді (түбір сөз, сондай-
ақ олардың кез келген туынды сөзі түрінде) өздерінің фирмалық
атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында
пайдаланғаны үшін алым;
17. жеке тұлғалардың ставкасын есептеу базасының 1 пайызынан жоғары
белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алым.
Үшінші кезең.
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі
қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ
қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтик құқықтық актілерден
тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу
жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық
кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі,
өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің
арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің
нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге
тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста
болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың
құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізітен Қазақстан Республикасының заң
актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар
қабылданған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап қана қолданысқа
енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар.
2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға, газ
конденсатына рента салығы қосылды.
Салықтың түрлері:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік салығы
9. Мүлік салығы.
Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы
қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап елтаңбалық алым
алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: жылжымалы
мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым және кеменің немесе жасалып
жатқанкеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін және туындылар мен
сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар
обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін
алымдары қосылды.
Алымдардың түрлері:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым (2005 1 қаңтардан)
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін
алым (2005 жылы 1 қаңтардан)
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды, туындылар мен
сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу үшін алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
12. Телевизия және радио хабарларын тарату үйымдарына радиожиілік
спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.
Төлемақы – белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін
міндетті төлем.
Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді.
Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде
қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы
төлейді.
Төлемақының түрлері:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005
жылы 1 қаңтардан)
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж дегеніміз – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың
немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және
құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Баж салығы – алып келінген, сыртқа шығарылатын, сондай-ақ транзитті
тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.
Мемлекеттік баж салығы – төленетін қызмет тізімі заңды және жеке
тұлғалар мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.
Кеден төлемдері:
1. кеден бажы;
2. кеден алымдары;
3. алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
4. алымдар.

1.3 Салықтық органдарының бақылау қызметін ұйымдастырудағы әлемдік
тәжірибесі

Көптеген елдердің салық қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы оларды осы
қызметтегі атқарылатын жұмыстың тиімділігінің артыуына және статусының
жоғарылауына өз әсер тигізеді. Сондықтанда біздің еліміз егемендік алғаннан
кейін өзінің салықтық жүйесін дұрыс ұйымдастыру үшін шетелдердің
тәжірибесіне сүйенді.
Өзге елдердің салық жүйесінің құрылымымен танысу үшін алдымен
әлемдегі ең үлкен мемлекет АҚШ-тың салық қызметінің қалай ұйымдастырылғанын
қарастырайық.
АҚШ-тың салық жүйесі осы мемлекет пайда болғаннан бастап қалыптасқан.
АҚШ-тың федералдық заңдылығына сәйкес салық салу аясына жоғары әкімшілік
билікті Қаржы Министірі жүргізеді. Ал тәжірибе жүзіндегі қызметінің салық
жинау бойынша Қаржы Министрлігіне ұйымдастырушылық жағынан кіретін Ішкі
Кірістер жүзеге асырады. Ішкі Кірістер Қызметі мықты тармақталған салықтық
ведмостваны көрсетеді. Оның құрамына аумақтық бөлім 58 аймақтық және 900-
ден астам жергілікті бөлімшелер кіреді. Ішкі Кірістер Қызметі жүйесінде 70
мың қызметкер жұмыс істейді, ведмостваның жылдық бюджеті 5,9 милд. Доллорды
құрайды.
Ішкі Кірістер Қызметінің негізгі басқару қызметіне мыналар:
1. салықтардың түсуін бақылау;
2. салықтық декларациялардың толтырылуының дұрыстығын бақылу;
3. салықтар бойынша қарыздарды өндіріп алу;
4. салықтық санкцияларды қолдану;
5. салықтық төлеушіге артық төленген соммаларды қайтару.
Салық жүйесі және салықтардың аударылу дұрыстығы мен төлену
дұрыстығына бақылау өзін-өзі қамтамасыз ету принципіне сүйеніп құрылған.
Корпарациялар барлығы рұқсат етілген салықтық жеңілдіктер шегерілгеннен
кейінгі салық сомасын өздері есептеп, салықтық декларацияны толтырады.
Салық жинаудың мынандай үш тәсілі қолданылады:
1. декларация бойынша;
2. салықтық төлем көзінен өндіру;
3. бағалық салық төлемдері.
Салық төлеудің алғашқы екі тәсілі біздің елдің тәжірибесінен де
белгілі, ал үшінші тәсілдің мәнісі мынада: корпарациялар өз салықтарын жыл
ішінде бағалық төлемдер бойынша төлейді. Мұнда төлем сомасы 40 доллардан
асуы тиіс. Бұл тәсіл АҚШ корпарациялармен іскерлік қатынастары жоқ шетелдік
корпарацияларынан басқаларының бәріне қолданылады.
Бағалық салық жеңілдітерінің бағалық сомасын шегергеннен кейінгі жыл
ішінде алдын-ала бағаланатын сомасы. Салықтық аударымдар, бағалық
төлемдерге сүйене отырып, ағымдағы жылдың төртінші, алтыншы және он екінші
айларының 15-інде тең бөліктермен төленеді. Салықтық міндеттемелердің
бағалық соммасы төлемеген жағдайда айып пұл өндіріліп алынады.
Үш жыл ішінде салық салынатын табысы 1 млн. дллардан асатын ірі
корпорацияларға қаржы бағалауының едәуір қатаң тртіптері қолданылады.
Корпорациялар бағалықтарын қоса салық төлемдері федералдық резерв
жүйесіндегі банктың депозитіне енгізуі тиіс. Депозит сәйкес нысанда
жүргізіледі.
Жыл сайын Ішкі Кірістер Қызметіне 100 млн-нан аса жеке тұлғалардың
салықтық деклорациялары мен корпорациялардан салықтық есептер келіп
түседі. Бүкіл мәлімет компьютерлік жүйеге енгізіледі. Алдымен әрбір
декларация толтырылуын математикалық дәлдікпен тексере отырып,
көрсетілгенсомалардың бекітілген заңдағы шегерімдер, шеңілдіктер салық
ставкаларын көлеміне сәйкестігін бақылайды. Одан кейін жалақы бойынша
табысы көрсетілген декларацияға сәйкес жұмыс берушілерден алынған есептік
заттар мен салыстырылады.
Салықтан жалтарудың дүниежүзілік тәжірибесінде бірінші орында
оффшорлық компаниялар тұр. Оффшорлық аймақтар негізінен заңсыз ақшалардың
орталығы ұғымымен байланысты.
Тәжірибе жүзінде дүниедегі бүкіл ақшаның үштен бір бөлігі оффшор
арқылы өтеді. Неғұрлым танымал оффшорлық аймақтар – АҚШ-тың Делавер штаты
Верджиндік және Багам, Ирландия, Гибралтар аралдары.
Оффшорлық аймақтар – бұл ресми заңдастырылған аймақтар, мұнда салықтар
мұлдем жоқ және өте төмен, сәйкесінше компания жұмысына араласу да төмен
деңгейде.
Голландық салық қызметінің бағасы бойынша салық төлеушілердің 70
пайызының дерлік қызметімен шиеленістіре пайда болады. Ең алдымен азырақ
салық төлеуге деген талап-тілегімен байланысты, тәжірибе болса ондай
құбылыс қалайда салық төлеуден жалтаруға алып келеді. Осыған байланысты
салық қызметінің барлық клиенттері әртүрлі топтарға бөлінген, бұл
сәйкесінше бақылаудың әр түрлі болуына апарады.
Фискалды салық Францияда, Жапонияда, Италияда қолданылады, ал
Ұлыбританияда жоқ, бұл салықтар тек мемлекеттің бюджетіне түседі.
Жергілікті бюджеттерде екінші қатардағы тиімді емес салықтар
бекітілген. Жергілікті бюджетке түсетін ең негізгі салық- мүлік салығы, оны
иеленушілер төлейді. Федералды мемлекеттерде бюджет табысы туралы мәселе әр
түрлі шешіледі.
Ұлыбританияда салықтық саясатқа байланысты парламент пен үкіметтің
ұсыныстарын әзірлеп шығаруға жауапты екі тең құқылы департаменттер ішкі
кірістер департаменті және кедендік алымдар мен жанама салықтар
департаменті жұмыс істейді. Олар бұл қызметтерді салықтарды жинау мен
бағалаумен қатар атқарады.
Ал Канада мемлекетінде салықтық заңдардың жобасын жасау және салықтық
төлемдердің түсуін болжау Қаржы министрлігіне жүктелген, ал салық салудың
сұрақтары мен Ұлттық Кіріс министрлігі айналысады.
Осыған ұқсас салық жүйесіндегі құрылым Жапонияда да қабылданған. Мұнда
салықтық заңдылықтың жобасын Қаржы министрлігінің салықтық бюросы жасап
жығарады. Осы жобаларды парламентке көрсетеді және қорғап жығады. Ал осы
заңдарды іс жүзінде жүзеге асыру Ұлттық Салықтық Администрациясының
міндетіне кіреді.
Австралияда осы мемлекеттердің салық жүйесінің құрылымына мүлдем
қарама-қарсы жүйе қабылданған. Мұнда Австралиялық салық салу жүйесі
заңдарының жобасын өздері жобалайды және жасап шығарады, өздері осы
заңдарды жан-жақты зерттеп, бағалайды және ішкі салықтарды жинаумен де
өздері айналысады.
Салық органдарының бақылау қызметін сөз ете келе, Кытай Халық
Республикасының салық органдарының жұмысына тоқталайық. Қытай Халық
Республикасының салықты өндіріп алу тәжірибесінде оларды төлемеумен
байланысты бірнеше ұйымдар ажыратылады. Салық төлеуден жалтару деп
отырғанымыз, бұл салық төлеушілердің заңсыз әрекеттері, заңдар мен салық
туралы мемлекеттік қаулыларды бұзу мақсатында ойласып әрекет ету, оның
ішінде салық төлеуден жасырып қалу және басқа шаралар жолдрымен жалтару.
Мұндай ұғымға жоғарыда аталған зағсыз әрекеттерге қатысты басшылық ету және
бетімен жіберу жатқызылады.
Салық төлеуден қашу салық төлеушілердің оларды төлемеу немесе
бекітілген мөлшерден кем төлеу бойынша қимылдарын білдіреді. Бұл құбылыс
салық заңдарын білмеу, салық ставкаларын пайдалана алмау, салық салынатын
сомаларды кішірейтіп есептеудің нәтижесінде тууы мүмкін. Салық салуды
кешіктіру дегеніміз – салық төлеушілердің уақытылы салық төлемеуі, салық
органдарын белгіленген мерзімнен салықтық түсімдердің жоспардан қалыс
қалуы. Салық төлеуден жалтару жоғары деңгейдегі табысы бар тұлғалар,
әсіресе ақсүйектер ішінде көп кездеседі. Шетелдік инвесторлар ішінде де
салық заңын бұзушылық та жиі кездеседі. Олар түрлі импорт және зкспорттық
бағаларды және шетелдік кәсіпорындарын өз жұмысшыларын өз белгілеулерінше
пайдаланады. Мәлімделгендей кейбір француз іскерлері бірнеше рет Қытай
заңдарын бұзып, жеке табыстарын 70-90 пайызын декларацияға енгізбеген.
Қазіргі уақытта салық органдарында қажет болған жағдайда заңдарды өз
бетінше жүзеге асыру құқығы берілген. Ал басқа ведомствалар оларға қолдау
көрсетуі тиіс. Құқық қорғау органдары өз қызметкерлерін төменгі салық
органдарына көмек көрсету мақсатында жіберіп отырады, олар салық төлеуден
жалтарушы басты тұлғаларды жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

2 САЛЫҚТАРДЫ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕУДЕГІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1 Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің
қалыптасуы

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған
Қазақ Республикасындағы салық жүйесі туралы заңы, тәуелсіз Қазақстанның
салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің
экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі екендігі айқын. Осы
мезгілден бастап ел зкономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса
бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік
түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер
мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т.б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың
түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат
болып есептеледі. Салық – мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі болып
табылады.
Салық жүйесі мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы
қатынастарының жиынтығының, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен
тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары
мен салық қызметінің жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерінің түсімдерінің негізгі құралы
болуымен қатар, ел экономикасын қайта саяси-әлеуметтік шараларды толығымен
іске асуға мүмкіндік жасайды.
Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қызметін жетілдіру жұмыстары
1995 жылдан басталды. Осы жылдың шілде айынан бастап салық жүйесін
дамытудың жан-жақты шаралары қаралған, оның ішінде салықтардың салық 43-тен
11-ге дейін, мақсатты қорларға, салықтың жеңілдетілген түрлеріне
аударылатын міндетті төлемдердің алтауы қысқартылып, қазіргі күндері
елімізде қолданылып жүрген салық кодексі өмірге келді.
Салық салу механизмі – кез-келген экономикалық жүйенің күрделі
бөлігінің бірі болып табылады. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды
тәсілі ретінде орын алып, оның әрекет етуінің тиімділігі әлеуметтік және
экономикалық саясаттардың жетістіктеріне әкеледі.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай бүкіл өркениетті
мемлекеттердегі салықтық реттеу немесе қаржылық реттеумен бірігіп әрекет
еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді. Сондай-ақ салықтар
қоғамының экономикасын тұрақтандырудың негізгі көзі болып келеді.
Қазіргі кезеңдегі жағдайларда салықтардың мемлекеттік органдарды
қаржылық ресурстарды қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр. Енді салықтар
ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралына айналды. Олар
макроэкономикалық реттеуге белсінді араласа отырып ішкі ұлттық табыстың
жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы мөлшерінің өсуін
қамтамасыз етіп отырады.

09.07.91 жылғы 380 Қазақ ССР мемлекеттік салық қызметі туралы
ҚазССР Президенті Үкімімен ҚазССР Бас мемлекеттік салық инспекциясы
құрылды. Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесінің бюджет, қаржы бойынша
комитетінде салық реформасы дайындалып, ұсынылды. Мұнда Қазақстан
Республикасының салық реформасын жүргізудің келесі екі кезеңі көрсетілді:
1-кезең (1994-1995 жж) – Салық Кодексін дайындау мен енгізу;
2-кезең (1996-1998 жж) – нарық экономикасының талаптарына сай салық
жүйесін құруды аяқтау.
1-кезеңнің мақсаты салық жүйесін құрудағы базалық принциптерді, жаңа
Салық Кодексінің негізгі құрылымы мен сипатын айқындау болатын.
Жаңа салық заңдылығын тез арада дайындау мен енгізуге деген қажеттілік
төменгі себептерден туындады:
- Салық Кодексімен көптеген кейде бір-біріне қайшы келетін заңдар мен
заң актілерін алмастыру;
- Заң шығару органдарында белгілі бір топ мүддесі үшін жеңілдік
жасаумен күресу;
- іріктеп жеңілдік беру принципін жаппай жеңілдік беру принципімен
алмастыру;
- өзіндік құн есептеу базасы болып табылатын салықтар мен төлемдер
мөлшерінің параллельді өсуімен күрес.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму тарихында 1994 жылы
маңызды орын алады. Дәл осы жылы салық жүйесін реформалау жолындағы алғашқы
қадамдар жасалды. Өзгерістер екі ірі салықты: жеке табыс салығы мен
кәсіпорын пайдасының салығын қамтыды.
Заңды тұлғалардан алынатын салық үлесі 31,2 пайызға ұлғайды. Салық
түсімдері құрылымында қосылған құн салығының салық үлесі тұрақты әрі жоғары
болып табылады және ол 22 пайызды құрайды. 1998 жылдан бастап арнайы
қорларға жіберілетін төлемдер біртұтас әлеуметтік салықпен ауыстырылады.
Дербес салық жүйесі үшін 13 жыл деген көп мерзім емес. Дегенмен, осы
уақыттың ішінде ол жүйе ретінде қалыптасып үлгерді. Жалпы, республиканың
салық қызметінің өткен тарихын мынадай үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1990-1995 жылдар салық жүйесінің құрылу кезеңі, 1995-2000 жылдар оның
қалыптасу кезеңі, ал 2000 жылдан бастап даму және рәсімделу кезеңі.
Бірінші кезеңде дербес тәуелсіз салық саясатының негізд ері қаланды.
Кәсіпкерлік және кәсіпорындардың дербес экономикалық саясаты қалыптасты,
қоғамдағы нарық механизмінің негіздерін ұғынуға қол жеткізілді. Сол
кездерде жоғары білікті қызметкерлер жеткіліксіз еді және бұл салық
қатынасын реттеп отыратын қолданыстағы заңдардың жүйесінен де (олар 14
заңнан тұратын) айқын көрінеді. Тіпті салық заңының өзінде көптеген қарама-
қайшылықтар кездесіп жатты.
Сондай-ақ, аталмыш кезеңді жаңа экономикалық қатынастардың енді-енді
қалыптасып жатуымен және салық органы қызметкерлерінің сол уақыттағы
экономикалық санаттардың мазмұнын жете түсінбегендігімен, тіпті оны іс
жүзінде дұрыс қолдана алмағандығымен сипаттауға болады.
2000 жылы мемлекеттік бюджеттің орындалуындағы түсімі 598746 млн.
теңгені құраса, 2001 жылы 746612 млн. теңгені құраған, ал 2002 жылы 844324
млн. теңгені құрған. Бұл көрсеткіштерден бюджет түсімінің жылдан жылға
артқанын көруімізге болады.
Бюджеттің табыс бөлігіндегі салықтық түсімдердің орындалуына келетін
болсақ, салықтық түсімдер 2000 жылы 524026 млн. теңгені, яғни бюджет
түсімінің 87,5 пайызын; 2001 жылы 635792 млн. теңгені, яғни бджет түсімінің
85,2 пайызын; ал 2002 жылы 773780 млн. теңгені, яғни бюджет түсімінің 91,6
пайызын құраған.
1994 жылы ҚР салық жүйесінде болған өзгерістерге талдау кезінде
олардың фискалды сипатта екені көрінеді. Бірақ та мұндай шараларға
қарамастан ЖІӨ-дегі салықтардың үлесі 1993 жылы 14,8 пайызды құраса 1994
жылы 8,4 пайызға дейін төмендеген. Қатаң салық саясаты салық ставкаларының
жоғары болғанына қарамастан, салық салу базасының төмендеуі нәтижесінде
бюджетке түсімдер төмендеп кетті. Көп кәсіпкерлер көлеңкелі бизнеске және
салық салудан табысын жасырумен айналысты. Осыған байланысты ҚР салық
реформасының келесі этаптарының негізгі мақсаты нарық қатынастарына
ынталандыру болып табылады, атап айтқанда:
- кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау,
- мемлекеттік бюджет жүйесінің нақты қажеттілігін қанағаттандыру,
- жеке салық төлеушілерді өзінің алып жатқан табысын кәсіпкерлікке
салуды ынталандыру,
- салық салумен байланысты кең заң шығару базасын келтіру,
- екі-үш рет салық салудан табысты қорғау механизмін құру,
- салық салуда әділдікке жету,
- тұрмысы нашар адамдарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету,
- табыс алу көздеріне байланыссыз салық салудың біртекті шкаласын
құру,
- мемлекеттің ұлттық және аумақтық мүдделерін есептеу,
- салық салу жүйесін құруда әлемдік тәжірибені қолдануға ұмтылу.
Жоғарыдағы мақсаттарға сәйкес ҚР бүкіл салық жүйесін өзгертуге және
оны әлемдік стандарттарға теңеуге әрекет жасалды.
Салық реформасының басты мақсаты салықтар мен төлемдерді қысқарту
арқылы салық ауыртпалығын төмендету және де бүкіл ел территориясы бойынша
бір салық ережесінің қолданылуын қамтамасыз ету болды. Бұл мақсатқа жету
үшін жаңа салық заңдылығы – 1995 жылдың 24 сәуірдегі Салық және басқа да
бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ҚР Президентінің үкімі шықты.
Жоғарыда көрсетілген Салық Кодексі 1995 жылдың 1 шілдесінен бастап
енгізілді. Оны дайындауға мынадай халықаралық ұйымдардың өкілдері мен
эксперттері қатысты: ХВҚ, Халықаралық салық бағдарламалары, ОЭСР, Гуверлік
институт, Снедфорд университеті, Гарвард университеті және т.б.
Салықтар мен алымдардың санын қысқартумен қатар, жаңа заңдылықтың
тағы бір ерекшелігі заңды тұлғалардың пайдасына салық салудан олардың
табысына салық салуға көшу болды. Біздің ойымызша бұл мемлекет пен заңды
тұлғалар арасындағы салық қатынастарындағы маңызды қадам.
Бүгінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеуші, экономиканы
мемлекеттік реттеудегі қаржы-несие механизмінің негізі болып табылады.
Салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылуына байланысты бүкіл халық
шаруашылығының тиімді қызмет етуі анықталады. Сондықтан ең маңызды мақсат –
біріңғай мемлекеттік салық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету. Салық
комитеттерінің алдында салық салу жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын
анықтайтын, олардың орындалуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындайтын негізгі басым бағыттар
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың және
салық қызмет органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың
тізбесі мыналарды қамтиды:
Салықтар:
1 Корпорациялық табыс салығы.
2 Жеке табыс салығы.
3 Қосылған құнға салынатын салық.
4 Акциздер.
5 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы
төлемдері.
6 Әлеуметтік салық.
7 Жер салығы.
8 Көлік құралдарына салынатын салық.
9 Мүлікке салынатын салық.
Алымдар:
1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2 Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған
мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4 Радио злектрондық құралдарды және жиілігі жоғары
құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
5 Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
6 Теңіз, Өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7 Азаматтық әуә кемелерін тіркегені үшін алым.
8 Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
9 Авто көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы жүру алымы.
10 Аукциондардан алынатын алым.
11 Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін
лицензиялық алым.
12 Телевизия және радио хабарларын тарату үйымдарына радио
жиілік спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Төлем ақылар:
1. жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
Мемлекеттің салықтық қызмет
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары
ҚР салық органдары
Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару. Салық комитетінің құқықтық мәртебесі. Салық органдар қызметкерілірінің құқықтық мәртебесі
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
«Қазақстан Республикасы салық төлеушілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Салықтық бақылау
Алматы облысы Салық департаментінің қызметі
Пәндер