Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
Негізгі бөлім
І Құқық жасаушылықтың жалпы сипаттамасы
1. 1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы
туралы идеялар . . . 7
1. 2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі . . . 10
1. 3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері . . . 11
Ⅱ Азаматтық қоғамның жалпы сипаттары
2. 1 Азаматтық қоғам» ұғымының пайда болуы мен даму идеялары . . . 20
2. 2 Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері . . . 31
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . . 41
КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары - сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель, - мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ». Цицеронның айтуынша мемлекет - «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп». Ежелгі Грецияның және Римнің мемлекеттік -құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н. Макиавелли және Ж. Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар.
Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты - көпшіліктің келісімі бойынша әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер арқылы жеке меншікті қорғау.
Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке меншіліктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің сақталуы қажеттігін ескертті.
Гоббс қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірқатар прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті.
Локк та табиғи, бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдігі туралы айтты.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. «Бостандық заңдармен рұқсат етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай әрекеттер жасаған болар еді». Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық - заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.
Кейінгі жылдары реформалық процестердің нәтижелерінде мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарас пайда болды.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.
Сондықтан полис ұғымы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» дегенді білдіретін антикалық терминді біріктіреді.
ХVIII ғасырға дейін Еуропалық әлеуметтік-саяси трактаттарда, оның ішінде Ж. Ж. Руссо және И. Кант еңбектерінде «азаматтық қоғам» және «саяси мемлекет» терминдері бірін-бірі толықтырушы ретінде қолданылып келген. Стратификацияның саяси және әлеуметтік формасынан жеке өмірдің мемлекеттік-саяси бақылау саласының эмансипацияға өте бастауы, ерте буржуазиялық ревалюция дәуіріне жатады, бірақ жаңа тәртіптің концептуалды-терминалогиялық бекітілуі кейінірек қабылданады.
Жаңа дәуірдің ойшылары азаматтық қоғам мен саяси қоғамды анығырақ ажыратты. Антикалық «азамат», «азаматтық» деген сөздер олардың еңбектерінде жаңа мәнге ие болды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында теңдік пен еркіндіктің тарихи белгілері қойылды. Олардың кейбіреулері (Н. Макиавелли, Г. Гоббс, Г. Гегель және т. б. ) «демократиялық қоғамдық ұйымдар-мемлекет» деп мемлекетке көңілге бөле, этатистік позицияны ала отырып, азаматтық қоғамның болашағын мемлекетпен байланыстырды.
Азаматтық қоғам концепциясын, оның мемлекетпен өзара тәуелділігін зерттеуде Г. Гегель еңбектері зор мәнге ие. Француз, англо-саксондық және неміс қоғамдық - саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу негізінде Г. Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді, -деген шешімге келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.
Азаматтық қоғамның XVII-XVIII ғасырдағы ұғымына өзін-өзі басқаратын мемлекеттік емес ұйымдарды, ассоциацияларды, адам құқығын, қоғамдық келісімді, халық егемендігін, азаматтардың мүдделерін жүзеге асырушы және бақылаушы негізгі элементтер кірді.
XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық және американдық қоғамтанушылар арасында «азаматтық қоғам мемлекетке қарсы» тақырыбы қызықтыра бастады.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ-та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып, билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі. Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар - намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ - та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып, билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі. Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар - намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.
І Құқық жасаушылықтың жалпы сипаттамасы
1. 1. Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары - сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде - ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
«Құқықтық мемлекет» терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң әдебиетінде (К. Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды.
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту және жаңа әлеуметтік - саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты. Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы, антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік - құқықтық құралдарды, құрылымдар мен нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі және т. б. ) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрыңғы тәжірибеге, алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен гуманистік дәстүрлерге сүйенді.
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының, оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді қамтиды.
Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін) мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік - билік күші (онын күш көрсету және т. б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы идея қалыптасты.
Көптеген ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті адамзаттың қатынастаға күш мен күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң) дәриптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс пен құдай ана Фемиданың (мәңгі табиғи-құдай тәртіптің кейіптік көрнісі) қызы, Эвномия өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның заңдылығының бастамасы, заңдылық пен полистік тәртіптің ішкі байланысының белгісі. Кейіннен «Эвномия» сөзі жақсы әділ заңдарға негізделген полистік басқаруды сипаттау үшін шешуші түсініктердің біріне айналды.
«Құқық (әділдік) - күштеу (зорлық) » антитезасы тұрғысында Гесиодтың келешек «темір ғасырды» қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша: «Шындықты жұдырық алмастырады… Күш қайда болса, құқықта сонда болады» (Гесиод. Труды и дни, 174-193) .
Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі Грецияның «жеті данасының» көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси - құқықтық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон, Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай, заңдарды орындау - жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы Биант қай жерде азаматтар заңнан құдда қатыгез билеушіден қорыққандай қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.
«Заңға бағын», - деп шаққырды спартандық Хилон, «Өзіңді өзің таны» деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын Хилон азаматтары шешендер мен демагогтардан гөрі заңдарын сақтайтын полисті ең үздік деп санаған. «Жеті дананың» бірі - Солон (шамамен б. ғ. б. 638-559 ж. ж. ) - әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік қайраткер және заң шығарушы. Аристотельдің бағалауынша, Солонның заң шығаруы реформаларынан Афиныда «демократия басталды».
Солонның өзіндік болмысы жағынан конституциясы заңдары күресуші тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті заң арқылы бекіту идеясы және осының арқасында азаматтық келісімге қол жеткізу идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.
Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей тұрақталған саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл ретте бір биліктің өзіне қатысты сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен беріктігін сақтайды.
Аралас басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен одан кейінгі билікті бөлу теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік - саяси айырмашылықтарға қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ тұстар бар екенін оңай байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе Полибий ілімінде анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және қатар өмір сүреді, тұрақты бүтіндік - мемлекеттік құрылым шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі жағдайда да бір мақсат - басқару тетіктері бір орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.
Мемлекетке деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау) .
Рим авторларының шығармашылығында елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.
Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп» ретінде түсіндіретін Цицеронның табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49) .
Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13) . Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .
Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы тоталитаризм кезеңінде құқықтық мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттің таптық тұжырымдамасына қарсы теория деп есептеді.
Құқықтық мемлекеттің көп ғасырлық тәжіребесін, теориясы мен практикасын өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми тұрғыда қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығыстарды туғызады. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің рөлін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, қазіргі өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттіліктің қалыптаусы мен қызмет етуінің іс жүзіндегі тәжирибесін пайдалана отырып, отандық құқытану философияның, экономикалық және саяси ойлар негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі.
1. 2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі.
Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан, сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады.
Этатикалық мемлекеттер өздерінің қызметтеріндегі міндетті түрде орындауға есептелген қатаң және императивті өнімнің басымдылығымен есептеледі. Сонымен бірге аталмыш субьектілердің бостандығы мен дербестігі, мемлекетке қатысты автономдығы барынша шектелген. Бұнымен басқа ерекшелік байланысқан - мемлекет экономика саласынын, әлеуметтік қарым - қатынастарды, азаматтардың жеке өмірін өзіне бағындыруға, оларды тікелей басқаруға, маңызы төмен және ұсақ мәселелерге араласуға ұмтылады. Жеке адам мен қоғамдық қатынастардың басқа да субьектілерінің құқытарын, бостандығын және мүдделерін қамтамассызщ ету мен кепілдік беру қажеттілігін ескеретін құқықтың нысандар мен әдістерді қалайды. Құқықтың мемлекеттерге барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы өзара қарым- қатынасқа араласу жат нәрсе болып табылады. Олар қоғамдық қатынастарға қатысушыларға едәуір автономия мен олрадың құқытың статусын бекітуге жағдай жасап, оның сақталуын қадағалайды.
Мемлекетттердің аталмыш екі тобының арасында аралық үлгідегі түрлі мемлекеттер бар, оларда бірінші және екінші топтардың сипаттары үздіксіз үйлеседі. Олардың кейбіреуінің сипаты, табиғаты мен бағытына қарай эстатикалық мемлекеттерге анағұрлым жақын болады, әйтсе де бөлек құқықтық қағидаларды ұстануға тырысады. Басқалары құқықтық мемлекеттерге жақындайды, олай да этатиум белгілерін жоғалтпайды.
Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің барлық түрлері эстатикалық мемлекетке жатады. Құқықтық мемлекеттерге батыс пен шығыстың өркениетті және өте жоғары дамыған елдері жатады. Одақтық республика ретінде құрамына Қазақстанда кірген бұрынғы кеңес мемлекеті құқықтық емес, этатикалық мемлекеттің типтік үлгісі болады. Онда конституция, заңдар және басқа да нормативті - құқықтың актілері өздерінің мәні бойынша партия органдарының актілерінен төмен болып, өздеріне лайықты орынға ие бола алмады, бұл мемлекетті басқарудың әміршіл- бұйрықшыл әдістері басым болды. Типтік мемлекет үнемі өз азаматтарына қатысты заңсыздық пен әлімжеттікке жол берді, ал 30-50 жылдары жазықсызадамдар ауқымы мен қатыгездігі жағынан бұрын-соңды болмаған жаппай саяси құғын-сүргенге ұшыратты. Қазіргі кезеңдегі басқарудағы құқықтың басымдылығы туралы идеялар ықпалының өсуіне байланысты конституцияда және басқа да заң кесімдерінде өздерін құқықтық мемлекетке жататынын жариялайтын елдердің саны ұздіксіз көбеюде. Алайда бұл декларацияларды сол елдердің әр қайсындағы шынай ахуалмен салыстыру қажет. Өйткені көбінесе мемлекеттің өзін- өзі сипаттауы іс жүзіндегі сипаттамадан өзгеше болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz