Қазақстандағы құқықтық мемлекет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
1. 1Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Қазақтың ата.заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі ... ... ... ... .14
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Мемлекеттік құрылым нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.5 Мемлекет құрылымының белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған.
1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 07.10.98ж. Баспа «Жеті жарғы» А., 2001
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 01.07.1999ж. А., «Жеті жарғы» 2002ж.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексі 13.07.1999ж. А., «Юрист»
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексі 13.12.97ж. №206-1 (өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарына № 163-ІІ 09.12.98ж.; № 238-ІІ 11.07.01ж.; № 244-ІІ 16.07.01ж. сәйкес енгізілген) Алматы, «Жеті жарғы» 2002ж.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. (Қазақстан Республикасының заңдарына №ының заңдарына №998ж.; № 283-1, 10 шілде 1998ж.; № 430-1, 16.07.1999ж.; № 454-1, 23.07.99ж. сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Алматы «Жеті жарғы» 2002ж.
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсініктеме. Баспа «Жеті жарғы» А., 2002ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
1. 1Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Қазақтың ата-
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 12
1.3. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси
көрінісі ... ... ... ... .14
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Мемлекеттік басқарудың
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Мемлекет нысаны мен кейпінің
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Мемлекеттік құрылым
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5 Мемлекет құрылымының
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .40

Кіріспе

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің
негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз
қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері,
атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел
болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында
ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз
отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да
ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына
мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-
ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар
құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған.
Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның
қандай болмасын нысаны жоқ. Цицеронның айтуынша мемлекет – халықтың ісі,
құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ежелгі Грецияның және Римнің
мемлекеттік –құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет туралы
кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін
тигізді.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік
идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н.Макиавелли және Ж.Боден
айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым
жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің
мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін
қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және
олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды
үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.
Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар.
Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның
теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты – көпшіліктің келісімі бойынша әр
адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер
арқылы жеке меншікті қорғау.
Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары
мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның
негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап
қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің қанағаттандырылатынына
кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке
меншіліктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің
сақталуы қажеттігін ескертті.
Гоббс қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірқатар
прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық
революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы
формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті.
Локк та табиғи, бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және
теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдігі туралы айтты.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. Бостандық заңдармен рұқсат
етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған
әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай
әрекеттер жасаған болар еді. Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси
бостандық – заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына
маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да
көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.
Кант құқықтық мемлекет теориясының философияның негізін жан-жақты
зерттеген адам. Халықтың үстемдігі Конституция үстемдігі арқылы көптеген
адамдарды құқықтық заңдарға бағынған жиынтығы ретіндегі мемлекеттегі
барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз
етеді. Канттың құқықтық мемлекет туралы философиялық тұжырымдамасы саяси-
құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық
құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.
Батыс Еуропаның саяси-құқықтық ой иелері құқықтық мемлекет теориясының
элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай дамытты.
Субъективті бағалауды есепке алмасаң, көптеген авторлардың пікірінше,
мемлекеттегі заң шығарушы азаматпен қатар өзі бекіткен заңға бағынса ғана
ондай мемлекетті құқықтық мемлекет деп санауға болады.
Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды.
Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде
келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы
революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем
алынып тасталды.
Кейінгі жылдары реформалық процестердің нәтижелерінде мемлекет пен
құқыққа ғылыми көзқарас пайда болды.
Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында
да айтылған: Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметті мемлекет

І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

1. 1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты,
ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру
жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам
өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан
тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен
тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ
диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру,
олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық
байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді
демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам
өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция
қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі,
республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады.
Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын
күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды
ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық
келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың
лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті
практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң
әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда
болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды.
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі
дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің
теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту
және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты.
Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік
бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы,
антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен
дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция
режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың
бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын
бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен
нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі
және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш.Л.
Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және
басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрыңғы тәжірибеге,
алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне
тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен
гуманистік дәстүрлерге сүйенді.
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі
аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында
топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының,
оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының
арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес
нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-
қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының
жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді
қамтиды.
Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес
болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы
ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін)
мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында
құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше
құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын күш
көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын
адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы
идея қалыптасты.
Көптеген ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ
құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті адамзаттың
қатынастаға күш мен күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң)
дәриптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс
пен құдай ана Фемиданың (мәңгі табиғи-құдай тәртіптің кейіптік көрнісі)
қызы, Эвномия өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның заңдылығының бастамасы,
заңдылық пен полистік тәртіптің ішкі байланысының белгісі. Кейіннен
Эвномия сөзі жақсы әділ заңдарға негізделген полистік басқаруды сипаттау
үшін шешуші түсініктердің біріне айналды.
Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық) антитезасы тұрғысында Гесиодтың
келешек темір ғасырды қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша:
Шындықты жұдырық алмастырады... Күш қайда болса, құқықта сонда болады
(Гесиод. Труды и дни, 174-193).
Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі
Грецияның жеті данасының көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері
басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси – құқықтық
идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон,
Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай,
заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы
Биант қай жерде азаматтар заңнан құдда қатыгез билеушіден қорыққандай
қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.
Заңға бағын, - деп шаққырды спартандық Хилон, Өзіңді өзің таны
деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында
жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын Хилон
азаматтары шешендер мен демагогтардан гөрі заңдарын сақтайтын полисті ең
үздік деп санаған. Жеті дананың бірі – Солон (шамамен б.ғ.б. 638-559
ж.ж.) - әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік қайраткер және заң
шығарушы. Аристотельдің бағалауынша, Солонның заң шығаруы реформаларынан
Афиныда демократия басталды.
Солонның өзіндік болмысы жағынан конституциясы заңдары күресуші
тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің
идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті
заң арқылы бекіту идеясы және осының арқасында азаматтық келісімге қол
жеткізу идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық
мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.
Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік өкілетіктердің бөлінуін
сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі
кесел келтіретіндей немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей тұрақталған
саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл ретте бір биліктің өзіне
қатысты сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің
қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен
беріктігін сақтайды.
Аралас басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен одан кейінгі билікті бөлу
теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік – саяси айырмашылықтарға
қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ тұстар бар екенін оңай
байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе Полибий ілімінде
анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің өкілеттіктері
(билікті бөлу теориясындағы түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас
бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген
күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және
қатар өмір сүреді, тұрақты бүтіндік – мемлекеттік құрылым шектерінде
өздерін-өзі тежейді. Екі жағдайда да бір мақсат – басқару тетіктері бір
орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне
қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында
әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.

1.2 Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз
Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық
талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі
Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы –
Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық
тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде
басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл
мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.
“Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген
мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты
бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты
жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп
жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы,
атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті
біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып,
әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің
ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси
қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады.
Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің
әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан
республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп,
заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік
атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы
қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда
ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты
екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси
жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш
рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы
мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын
анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне
бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің
дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық
ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси
тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан
макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға
шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты
байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен
оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің
руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді
құптауға әбден тұрарлық.
Президент ел халқына “Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда
тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін
Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті
органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына
конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға
бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті
заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері
нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті
жұмыс толық негіз бар.
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын
қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының
бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және
бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап
бекітеді және олардың күшін жояды.
Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің
негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап,
ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.
Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген
пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда
көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді,
оның үнемі бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке
тікелей тәуелді.
Жаңа Конституцияда биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз
берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа
Конституцияға негізделіп қайта жасалған “Азаматтық кодекс” пен “Қылмысты
істер кодексінің” қабылдануын ерекше атап өтуге болады.
Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі
басқаруы мен өзін-өзі басқару тәртіптері де Конституцияда айрықша
дараланған.
Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды өкілді
дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге
асырады.

ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

2.1. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен
құқықтары

Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз
мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып,
тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу,
құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің
жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке
басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға
және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы”
деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік
берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке
меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік
жасалған.
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына
қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын
қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы,
өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол
сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен
зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде
де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың
кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы
бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін
кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте
еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы,
экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз
жасауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның
өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр
адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға,
жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.
Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында
тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция
бойынша міндетті деп табылған.
Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі
мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің
борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың
қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде
бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін
орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары

Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы. ол
жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдастыруының, оның органдарының
құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не
президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға
бөледі.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) – басқару нысаны, өкімет
түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады монархтың
(корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
– жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
– басқаруының уақыты шексиз (абсолютті) болады;
– сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік
мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана
монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы –
Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық)
монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші,
басқа мемлекеттк органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу
жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, ІІІвеция, Норвегия).
Республика (латын сөзінен – мемлекеттік, қоғамдық іс) – басқару
нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі
сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
– өкіметтің сайлануы;
– белгілі уақытқа ғана сайлау;
– сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімның бақылауында және кімге есеп береді,
осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас
болып бөліпеді.
Прсзиденттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла,
Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды, парламенттік
республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) –
парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) –
Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады,
не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір
мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі
үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте
Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент –
Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен
Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджтті
құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін
(әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан,
заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын
тілінен – тыйым салу).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына
жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-
Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің
Палаталары арасындағы немесе Парламентпен мемлекеттік өкіметтің басқа
тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынаи саяси дағдарыс
болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада – үкімет заң шығарушы органмен құрылады және
ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік
вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер,
кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне
жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының
жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті
органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет
басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. ІІІын мәніндегі, мемлекет
басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың
сыйпатына үкіметтің екі жақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында
және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент
тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі.
Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі
бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер
кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен гексеруге
мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да
болады.

2.3 Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынасы

Мемлекет кейпі – біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның
мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әр түрлі кейіпегі мемлекеттер көптеген нысандармен
қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әр түрлі нысандағы мемлекеттер
кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен (ертедегі шығыс деспотиясы –
Мысыр, Вавилои, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса,
республика кейпіне – республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы
Афин мемлекеті) сай келеді. Феодалдық кейіпке – монархиялар (ерте-
феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттік монархия),
буржуазиялық кейіпке – демократиялық республикалар (парламенттік,
президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар,
социалистік кейіпке – Парнж Коммунасы, Кеңес республикасы және Халықтық
демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір
нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиелік – өкілетті
монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал
парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық
кейіптегі мемлекеттерге тән.
Нақты мемлекеттің нысаны оның тарихи кейпімен алдын ала белгіленеді.
Бірақ, ол басқа да факторларға: қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне;
(ұлттық және мәдени дәстүрлер; халықаралық жағдайларға т.с.с. байланысты).
Сондықтан, мазмұн мен нысан ретіндегі арақатынасында белгілеуші ролді,
тек мазмұны (мемлекеттің түрі) көрсетеді.

2.4 Мемлекеттік құрылым нысандары

Мемлекеттік құрылым нысандары:
1) Унитарлық – қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтык
бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас
жоғарғы органдары және біртұтас заңдар жүйесі бар, мысалға Польшаны,
Венгрияны, Болгарияны, Италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық
мемлекеттерге – Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған уиитарлық
мемлекеттерге – Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар
кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген құқықтары
негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.
2) Федералдық – күрделі одақтық мемлекет бөліктері мемлекеттік
құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да
мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федералдық органдар мен
қатар, федералдық заңдардың иегізінде, субъектілерінің де жоғарғы
мемлекеттік органдары бар. Мысалы Германияда, Индияда, Канадада және
Федерациялардың аумақтық принцппен құрылатын мүмкіндігі бар (АҚШ), не
ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей). Федерациялар орталықпен субъектілердің
функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы
көрсетілгендей федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді.
Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзыреті, тек федерация органдарының
құзыретіне, басқасы – федерация субъектілеріне, үшіншісі – одақ пен оның
мүшелерінің біріккен құзыретіне жатады.
3) Конфедерация – саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету
мақсатында құрылған мемлекеттрдің уақытша одағы. Конфедерацияның одақтық
органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар, не үшін біріккендері туралы
мәселелерді реттеумен шұғылданады.
Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны
пайда болды, оларды – тәуелсіз мемлекеттер достығы деп атайды. Мысалға
қазіргі әрекеттегі ТМД мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның
Конфедерацияға қарағанда түсініксіз жағдайлары көптеу.
Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мемлекеттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Демократия және оның түрлері
Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Қазақстандағы ипотеканы заңнамалық реттеу
Қазақстан - құқықтық мемлекет
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Демократияның заманауи теориялары
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
Пәндер