Құқықтық жүйе жайлы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар

1. 2 Мемлекеттік басқарудың нысандары

Кіріспе

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

  1. Малшылық
  2. Жер игеру
  3. Өндірістік
  4. Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

1. 1 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын жасау;

2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

  • оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
  • барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.

Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,

дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх.

Психологиялық теория - адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,

іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.

Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз - бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.

Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозициця - қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.
  2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т. б. саладағы нормалар.
  3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
  4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
  5. Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т. б.

1. 2 Мемлекеттік басқарудың нысандары

Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы. ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдастыруының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.

Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т. с. с) .

Монархияның белгілеріне:

- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;

  • басқаруының уақыты шексиз (абсолютті) болады; сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.

Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы - Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттк органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, ІІІвеция, Норвегия) .

Республика (латын сөзінен - мемлекеттік, қоғамдық іс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.

Республиканың белгілеріне:

- өкіметтің сайлануы;

- белгілі уақытқа ғана сайлау;

- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.

Кім үкіметті құрады, ол кімның бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөліпеді.

Прсзиденттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т. б. ) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды, парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т. б. ) - парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т. б. ) - Президент пен Парламент бірге жүргізеді.

Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент - Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджтті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса) . Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар ( латын тілінен - тыйым салу») .

Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламентпен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынаи саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

Парламенттік республикада - үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. ІІІын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.

Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екі жақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.

Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен гексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.

Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынасы

Мемлекет кейпі - біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.

Бір жағынан, әр түрлі кейіпегі мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әр түрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен (ертедегі шығыс деспотиясы - Мысыр, Вавилои, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді. Феодалдық кейіпке - монархиялар (ерте-феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттік монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар, социалистік кейіпке - Парнж Коммунасы, Кеңес республикасы және Халықтық демократия республикалары.

Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиелік - өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Нақты мемлекеттің нысаны оның тарихи кейпімен алдын ала белгіленеді. Бірақ, ол басқа да факторларға: қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне; (ұлттық және мәдени дәстүрлер; халықаралық жағдайларға т. с. с. байланысты) .

Сондықтан, мазмұн мен нысан ретіндегі арақатынасында белгілеуші ролді, тек мазмұны (мемлекеттің түрі) көрсетеді.

Мемлекеттік құрылым нысандары

Мемлекеттік құрылым нысандары:

1) Унитарлық - қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтык бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас жоғарғы органдары және біртұтас заңдар жүйесі бар, мысалға Польшаны, Венгрияны, Болгарияны, Италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге - Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған уиитарлық мемлекеттерге - Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.

2) Федералдық - күрделі одақтық мемлекет бөліктері мемлекеттік құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федералдық органдар мен қатар, федералдық заңдардың иегізінде, субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы Германияда, Индияда, Канадада және Федерациялардың аумақтық принцппен құрылатын мүмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей) . Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзыреті, тек федерация органдарының құзыретіне, басқасы - федерация субъектілеріне, үшіншісі - одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзыретіне жатады.

3) Конфедерация - саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету мақсатында құрылған мемлекеттрдің уақытша одағы. Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар, не үшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады.

Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды - тәуелсіз мемлекеттер достығы деп атайды. Мысалға қазіргі әрекеттегі ТМД мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның Конфедерацияға қарағанда түсініксіз жағдайлары көптеу.

Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мемлекеттер нысандары сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған - империялар, протектараттар және басқалар.

Мысалы, империя - дегеніміздің түсінігіне мемлекеттік құрылымдар жатады, олардың негізгі айырмашылығына - аумағы жағынан кеңдігі, бір орталықтағы мықты өкімет билігі, орталықтың шет аумақтарымені қарым-қатынасы, тұрғындарының әр түрлі этникалық және мәдени құрамы. Мысалы, империялар (Рим, Британия, Ресей) әр түрлі тарихи кезеңдерде пайда болды.

Протекторат - мықты мемлекеттің халі нашарлау мемлекетке көрсеткен формальды көмегі, әдетегідей, ондай мемлекеттер тәуелсіздігін жоғалтады және жерлері жауланып алынуы мүмкін.

Саяси режим: түсінігі және белгілері

Саяси режим - саяси өкіметті іске асыруға арналған құралдардың жолдардың және әдістердің жиынтығы . Берілген кейіптегі мемлекеттің негізіндегі болатын әртүрлі өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрініп, мемлекеттік құрылым нысанына және мемлекеттік басқару нысанына тікелей ықпал жасайды.

Саяси режим - саяси режимнің динамикалық (қимылдағы), функционалдық сипаты. «Саяси режим» және «саяси жүйе» бір-бірімен тығыз байланыстағы категориялар. Егер біріншісі, қоғамның саяси өміріндегі қатынасатын кешендегі инстиуттарды көрсетсе, екіншісі, сол билік қалай іска асырылады, ол институттар қалай әрекет жасайтынын (демогфаиялық не демократиялық емес) көрсетеді.

Саяси режимнің белгілері:

- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;

- жеке адамның бостандығының кепілділігі;

- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;

- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;

- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік-аппараттың ашықтығы;

- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;

-Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.

Авторитарлық режим - қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, онда саяси билік халықтың аз қатынасуымен (таппен, партиямен, бетке ұстар адаммен) жүргізіледі. Бұл режимнің ең басты сипатына авторитаризм (соқыр бағыныштылыққа негізделген ) жатады, яғни билік пен басқарудың әдісі, қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде көрінеді (мысалы, Испанияда Франко, Чилиде Пиночета басқарған кезеңдерде болды) .

Авторитарлық саяси режиімнің белгілері:

1) орталықта жіне жергілікті жерлерде билік біреудің не бірнеше тығыз байланысты органдардың қолынан жиналады, нақты билеушілер түрінде көрініс табады бір мезгілде халық шын мәніндегі мемлекеттік биліктен қол үзеді;

2) заң шығаруға. атқаруға және сот биліктеріне бөлу принциптері мойындалмайды (көп жағдайда президент, атқару-бөлу органдарын өзіне бағындырып, басқа органдарға заң шығару және сот ісімен шұғылдану тапсырылады) ;

3) Өкілетті органдардың билігі, билігі бар субъектімен тежеледі;

4) Шын мәніндн сот қосымша орган ретінде болады. Сотқа қатысы жоқ органдар пайдаланылады;

5) Мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды сайлау, олардың халық алдында есеп беруі, принциптерінің аясы кеміп, тіпті жоққа тән болады;

6) Мемлекетті басқаруда, әкімшілік-бұйрық (командалық) әдістері үстем болады;

7) Жеке цензурасы сақталады, былайша айтқанда «жартылай ашықтық» сақталады;

10) Біртұтас идеологиясы болмайды;

9) Қоғамдық өмірдің барлық орталары тексерілмейді;

10) Жекелеген көп жақтылық (плюрализм) бар, оппозицияға жол берілмейді, барлық партиялар бастаушы партияның идеологиясына бағынуға міндетті, оған қарсылар таратылып қуылады;

11) Адамның және азаматтың құқығы, бостандыгы жариялапкіимсіі юлык Іүрдс іскс асырылмаііды (осірссс саяси

ортада) ;

12) Жеке адам, билікпен қарым-қатынаста қауіпсіздік кепілдігінен айырылған;

13) «Күштеу» құрылымы шын мәнінде, қоғамның бақылауында жоқ және тек саяси мақсаттарда ғана пайдаланылады;

14) Көшбасшының ролі өте жоғары, бірақ тоталитарлықтан өзгеше.

Тоталитарлық режим

«Тоталитарлық» дегеніміз, «түгел», «тұтасымен», «толық» - деген мағынаны береді.

Тоталитарлық режим - пайда болып дамыған елдердің бәрінде де, оның өзіне тән ерекшеліктері болған.

Тоталитарлық режим, қоғамдық өмірдің барлық саласына бірдей мемлекеттің шексіз бақылау жасайтындығымен, адамның толық жағдайда саяси билікке және үстем идеологияға бағынуымен сипатталады (таза фашистік кейіптегі мемлекет) .

Тоталитарлық саяси режимнің белгілері:

1) Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына бірдей үстемдік жүргізуге, бәрін қамтитын билікке тырысады;

2) Қоғам іс жүзінде түгелімен саяси биліктен бөлінген, бірақ оны мойындамайды, себебі саяси сезімділікте (таза фашистік кейіптегі мемлекет) екендігі күмәнсіз;

3) Экономиканың, ақпарат құралдарының, мәдениеттің, діннің және адамдардың жеке өмірлеріне, тіпті адамдардың қимылдарының себептеріне дейін, мемлекеттің монополиялық бақылауында болады;

4) Абсолютті «құқықтық», дәлірек құқыққа қарсы, қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни рұқсат етіледі, тек сол нәрсе, егер ол заңмен көрсетілсе - деген қағидаға негізделген;

5) Мемлекеттік билік бюрократтық жолмен құрылады, қоғамнан жасырын жолдармен «ореол құпиялықпен» қоршалған, халықтың атынан бақылауға жіберілмейді;

6) Басқарудың әдісі ретінде, күштеу, қинау және лаңкестік қолданылады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Шет елдердің конституциялық құқығы
Конституциялық құқықтың негіздері
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
ТМД тарихы
Саяси партиялар жайлы
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Ислам шығуының идеялық бастауы
Сақтандыру нарығы
Сақтандыру, оның мәні,ролі және маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz