Қызылорда облысының халқы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе . . . 2

ІІ. Негізгі бөлім . . . 5

2. 1. Қызылорда облысындағы халық саны . . . 5

2. 2. Қызылорда облысы халқының ұдайы өсіп-өнуі… . . . 11

2. 2. 1. Халықтың тууы . . . 11

2. 2. 2. Халықтың өлім-жітімі . . . 14

2. 2. 3. Табиғи өсім . . . 22

2. 3. Қызылорда облысы халқының құрамы мен

жыныстық -жастық құрылымы . . . 24

2. 4. Қызылорда облысындағы халықтың өмір ұзақтығы . . . 32

2. 5. Қызылорда облысындағы көші-қон . . . 33

2. 6. Қызылорда облысындағы халықтың орналасуы . . . 38

ІІІ. Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 42

Қосымша . . . 44

Бұл жұмыс Қызылорда облысының халықтар географиясына арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік алғаннан бергі күрделі толғандыратын мәселелердің бірі-демография мәселесі. Себебі, егеменді еліміздің тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық және мәдени даму жолдары ең алдымен өз халқының өсіп-өну серпіні және әлеуметтік құрамындағы күрделі өзгерістерге байланысты. Республика территориясындағы экологиялық дағдарыс аймағына кіретін Қызылорда облысындағы демографиялық үрдістердің қалыптасу мен даму заңдылықтарын зерттеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде нарық қарым- қатынастарына көшу, әлеуметтік мақсаттар мен ұлттық экономикалық даму мүдделеріне бағыттану сияқты құбылыстар демографиялық даму тенденциясы сияқты өзекті мәселені жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.

Бұл жұмыста Қызылорда облысы территориясындағы демографиялық үрдістерді (халықтың ұдайы өсіп-өнуі, ұрпақтың алмасуы, халықтың өсу қарқыны және сипаты, өсім мен өлім деңгейі, халықтың көші-қон үрдістері, жыныстық, жастық, жанұя құрылымы және т. б. ) халықтар географиясы жете зерттейді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысындағы халықтар географиясы қарастыратын демографиялық үрдістерді анықтау, өзіндік ерекшеліктерін, қалыптасу мен дамудың негізгі заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес, Қызылорда облысындағы халықтар географиясының міндеттері анықталды:

  • қоғам дамуының жалпы заңдарын танып білуге мүмкіндік беретін халықтың ұдайы өсіп-өнуін, оның табиғатпен өзара әрекеттестігін, халықтың орналасуының беталыстары мен заңдылықтарын зерттеу;
  • көптеген практикалық міндеттерді орындау: халықты есепке алу, еңбек ресурсының балансын жасау, қызмет көрсету мекемелері мен балалар мекемелерін салуды жоспарлау, көші-қон проьлемасын шешу;
  • жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, облыстағы халық географиясының әдістемелік принциптерін негіздеу;
  • облыстың демографиялық ахуалын жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен практикалық іс-шаралар жүйесін дайындау;

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының халқы

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі

  • Зерттеудің теориялық негізі кеңестік және Қазақстандық демографиялық ғылымның негізгі бағыттары өкілдерінің және халықтар географиясы ғалымдардың еңбектері болып табылады.

Қазіргі ғаламдық проблемалардың бірі- демографиялық проблема. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ғаламдық проблемаларының ішінде бұл үшінші орынды алады.

Территорияның халқын географиялық тұрғыда «халықтар географиясы» зерттейді. Халықтар географиясы халық санының өсуін, құрамын, орналасуын және ерекшеліктерін зерттейді. Халықтар географиясын зерттеумен айналысқан шетелдік ғалымдардың еңбектері орыс тілінде басылып шықты. Оларға ағылшын-америка авторларының ( Д. Фостердің «Қалалар географиясы», «Қала дамуының серпіні»; Б. Дж. Гарнердің, Д. Харвейдің, Е. Гамильтонның, П. Хагеттің және т. б. -дың «Географиядағы үлгі»), француз авторларының ( Ж. Боже-Гарнье мен Ж. Шабоның «Қалалар географиясы жөніндегі очерктер») еңбектері жатады. Халықтар мен мекендердің географиясы Польшадағы географиялық зерттеу бағытының дамыған дәстүрлі салаларының бірі болып табылды.

Халықтар географиясын зерттеумен айналысқан орыс ғалымдарының ішінен «Ресей империясы қалаларының гидрографиялық- статистикалық баяндауы» (1832) және «Ресейдің статистикалық очерктері» (1848) атты еңбек жазған К. И. Арсеньевті; 1897 жылғы Ресей халқының бірінші халық санағын ұйымдастырушылардың бірі, бес томдық «Географиялық-статистикалық сөздіктің» басылуын басқарған П. П. Семенов Тян-Шанскийді(1855) ; ХХ ғасырдың бас кезінде «Табиғат жағдайлары мен адамның іс-қимылына байланысты Жер халқының таралуы» еңбегін жазған А. И. Воейковты (1906), «Европалық Ресейдің қаласы мен деревнясы» атты монографияның авторы В. П. Тян-Шанскийді (1910) және «Европалық Ресей халқының тығыздығы» атты бірінші ірі масштабты картаны атап өтуге болады. ( МаксаковскийВ. П. Историческая география мира:Уч. пос. для вузов. -М. :Экопрос, 1997)

Кеңес дәуірінде халықтар географиясына елеулі үлесті: Н. Н. Баранский, Р. М. Кабо, О. А. Константинов, В. В. Покшишевский, Ю. Г. Саушкин, С. А. Ковалев, Г. М. Лаппо(қалалар мен агломерациялар), Б. М. Хорев (қоныстану жүйесі), В. П. Максаковский(дүние жүжүзінің халықтары) және басқалар да қосты.

Қазақстанда халықтар географиясы жөніндегі зерттеу жасаған ғалымдарға: Мақаш Тәтімов( «демографиялық үрдістер»), Ұ. М. Ысқақов («қалалар, қоныстану проблемалары»), Г. Д. Москвина («еңбек ресурстары, көші-қон үрдістері»), М. Х. Асылбеков, А. Н. Алексеенко («тарихи демография») және т. б. жатады.

Қызылорда облысындағы халықтар географиясы қарастыратын демографиялық мәселелерді зерттеумен Р. Ю. Тоқмағамбетова, Г. Н. Нүсіпова, Ш. Т. Абдреева айналысты.

Р. Ю. Тоқмағамбетованың «Қазақстандағы Арал маңының экологиялық- демографиялық процестерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары» (2001) атты зерттеу жұмысында Қызылорда облысындағы экологиялық бұзылыстың деңгейі ескеріле отырылып ландшафттық аудандастыру негізінде экологиялық-демографиялық үрдістердің даму заңдылықтарына талдау мен бағалау жасалды. Р. Ю. Тоқмағамбетова ұсынған тұрақсыз аймақ жағдайындағы экологиялық - демографиялық процестерді картографиялау әдісі Қызылорда облысының арнаулы карталар сериясында іске асты, бұл демографиялық процестерге әсер ететін өзгерістерді кешенді табиғи бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар экологиялық-демографиялық процестерді реттеуге және басқаруға бағытталған ұсыныстар мен іс-шаралар жүйесіне негіз болды.

Г. Н. Нүсіпованың «Аймақ халқының өмір сүру бейімдігін бағалаудың экономикалық- географиялық аспектілері (Қызылорда облысы мысалында) » (2000) атты зерттеу жұмысында Қызылорда облысындағы қазіргі демографиялық жағдайына, оның ішінде ұдайы өсіп- өну үрдістеріне, халықтың тууы, өлімі, табиғи өсіміне, ұдай өсіп-өну процестеріне әсер ететін факторларға сипаттама берілген. Сонымен бірге, Облыстағы халықтың өмір сүру бейімдігінің экономикалық-географиялық алғышарттары, оны бағалау мен мен басқарудың проблемаларына жете көңіл бөлініп, зерттелген.

Сонымен бірге, Ш. Т. Абдрееваның «Халықтың аймақтық қоныстану ерекшеліктері мен проблемалары (Оңтүстік Қазақстан мысалында) » (2007) атты зерттеу жұмысында еліміздің ірі экономикалық ауданының құрамына кіретін Қызылорда облысындағы қоныстану проблемалары мен міндеттері шешілген. Аймақтың қазіргі демографиялық жағдайы және оның халық мекендеуіне көрсететін әсері бағаланған және халық санының болжамы анықталған. Аймақтың халқы мен оның мекендеуінің зерттелуі жалпы ғылыми және арнайы әдістер жүйесі арқылы жүзеге асырылған. Халық мекендеуінің аймақтық ерекшеліктері мен мәселелері анықталған.

Бұл зерттеуді жүргізу үрдісі барысында ғылыми жаңалықтар элементтері бар нәтижелер алынды:

  • 1989-2006 жж. аралығындағы Қызылорда облысының халықтар географиясы мәселелерінің дамуына сипаттама беру;
  • Облыстың демографиялық үрдістерінің даму беталысының ерекшеліктерін анықтау;
  • Нарықтық қатынас жағдайындағы халықтар географиясы өзгерісінің едәуір ықтимал жолдарын болжамдау әзірленеді;

Жұмыста дәстүрлі әдістер пайдаланылды: демографиялық статистилық, картографиялық, салыстырмалы-талдау әдісі, бағалау әдісі және т. б.

Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен: 6 тараудан, қорытындыдан тұрады.

2. 1. Қызылорда облысындағы халық саны

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі 16 жыл ішінде өткен күрделі әлеуметтік- экономикалық және саяси процестер халықтың демографиялық ахуалына да өзіндік ықпал жасады. Республиканың қазіргі кезеңдегі демографиясындағы басты ерекшелік -тұрғындар санының кемуі.

Республикадағы депопуляциялану ел тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты болды. Дәлірек айтқанда, басқа ұлт өкілдерінің тарихи отанына оралуына, табиғи өсім көрсеткіштерінің төмендеуіне тікелей байланысты. Қала тұрғындарының жақын және алыс шет елдерге қоныс аударуына орай қазақ жастарының ауылдан қалаға қарай үдере көшуіне байланысты үлкен ішкі көші-қон басталды. Тек шалғайдағы ауылдар босап қалып, онда қалған жұрттың көпшілігін қарт адамдар құрайтын деңгейге жетті. Халықтың жастық құрылымында қарт адамдардың көбейгені демографиялық үрдістерге кері әсерін тигізді.

2006 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы 10194 әкімшілік-аумақтық бірлікті қамтиды. Халқының саны бойынша біздің республика ТМД елдері арасында Ресей Федерациясы, Украина және Өзбекстаннан кейін 4-ші орында, аумағы бойынша 2-ші орында (Ресей Федерациясынан кейін) тұр. Оған қоса, Қазақстан әлемдегі халық ең аз қоныстанған елдердің бірі болып табылады. 2006 жылдың басында республикадағы халық тығыздығы 1 км 2 жерге 5, 6 адамды құрады.

1-кесте. 1990-2006 жж. аралығындағы халық санының өзгеруі

жылдар
Барлық халық саны, мың адам
Соның ішінде
Халықты % шаққанда
қалалық
ауылдық
қалалық
Ауылдық
жылдар: 1990
Барлық халық саны, мың адам: 16298, 0
Соның ішінде: 9300, 8
Халықты % шаққанда: 6997, 2
57, 0
43, 0
жылдар: 1991
Барлық халық саны, мың адам: 16358, 2
Соның ішінде: 9366, 9
Халықты % шаққанда: 6991, 3
57, 3
42, 7
жылдар: 1992
Барлық халық саны, мың адам: 16451, 7
Соның ішінде: 9404, 0
Халықты % шаққанда: 7047, 7
57, 2
42, 8
жылдар: 1993
Барлық халық саны, мың адам: 16426, 5
Соның ішінде: 9343, 2
Халықты % шаққанда: 7083, 3
56, 9
43, 1
жылдар: 1994
Барлық халық саны, мың адам: 16334, 9
Соның ішінде: 9162, 6
Халықты % шаққанда: 7172, 3
56, 1
43, 9
жылдар: 1995
Барлық халық саны, мың адам: 15956, 7
Соның ішінде: 8884, 4
Халықты % шаққанда: 7072, 3
55, 7
44, 3
жылдар: 1996
Барлық халық саны, мың адам: 15675, 8
Соның ішінде: 8730, 3
Халықты % шаққанда: 6945, 5
55, 6
44, 3
жылдар: 1997
Барлық халық саны, мың адам: 15480, 6
Соның ішінде: 8635, 2
Халықты % шаққанда: 6845, 4
55, 7
44, 2
жылдар: 1998
Барлық халық саны, мың адам: 15188, 2
Соның ішінде: 8499, 4
Халықты % шаққанда: 6688, 8
55, 9
44, 1
жылдар: 1999
Барлық халық саны, мың адам: 14957, 8
Соның ішінде: 8368, 8
Халықты % шаққанда: 6589, 0
56, 0
44, 0
жылдар: 2000
Барлық халық саны, мың адам: 14896, 1
Соның ішінде: 8322, 2
Халықты % шаққанда: 6573, 9
55, 9
44, 1
жылдар: 2001
Барлық халық саны, мың адам: 14841, 9
Соның ішінде: 8283, 3
Халықты % шаққанда: 6558, 7
56, 0
44, 0
жылдар: 2002
Барлық халық саны, мың адам: 14820, 9
Соның ішінде: 8348, 9
Халықты % шаққанда: 6472, 0
56, 3
43, 7
жылдар: 2003
Барлық халық саны, мың адам: 14944, 4
Соның ішінде: 8472, 3
Халықты % шаққанда: 6472, 1
56, 7
43, 3
жылдар: 2004
Барлық халық саны, мың адам: 14953, 9
Соның ішінде: 8503, 7
Халықты % шаққанда: 6450, 2
56, 9
43, 1
жылдар: 2005
Барлық халық саны, мың адам: 15074, 7
Соның ішінде: 8614, 6
Халықты % шаққанда: 6460, 1
57, 0
43, 0
жылдар: 2006
Барлық халық саны, мың адам: 15219, 2
Соның ішінде: 8696, 5
Халықты % шаққанда: 6522, 7
57, 0
43, 0

1989-2005 жылдар аралығындағы еліміздегі халық санына тоқталсақ,

1989 жылғы санақ бойынша халық саны 16199, 1 мың адамды, 1999 жылғы санақ бойынша 14953, 1 мың адамды, ал 2005 жылы 15219, 3 мың адамды құрады. 1990 жылдың басынан басталған көші-қондық теріс сальдо жалпы халық санының қысқаруына әкелді. 1989 жылғы халық санымен салыстырғанда 2005 жылы республикадағы халық саны 979, 8 мың адамға азайған. Ал 1999 жылмен салыстырғанда елдегі тұрғындардың саны 2005ж 266, 9 мың адамға көбейген. 1999 ж. халық санағы бойынша қала халқы саны 8 млн 373 мың адамды, ауыл халқы 6 млн 579 мың адамды құрады. [ 15, 17 ]

Ал 2005ж ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстандықтардың 8696, 5 мыңы(57, 1%) - қалаларда, 6522, 8 мыңы(42, 9%) -ауылдық жерлерде тұрады. [ 22, 18 ] Бұдан 2005ж қала халқы санының артқандығын, керісінше, ауыл халқы санының кемігендігін байқаймыз. Бұған туу деңгейінің төмендеп және өлім-жітімнің көбеюінің, сонымен қатар халық санының табиғи өсімінен асатын көші-қонның айтарлықтай жағымсыз айырымының нәтижесінде халық санының төмендеу беталысы себеп болды. 2002 жылдан бастап қана халық санының туу өсімінің, көшіп келушілер ағымының төмендеуі нәтижесінде арту байқалды.

1-сурет 1990-2006жж. Қазақстан Республикасындағы халық саны

(жыл басына; мың адам)

1990 жылмен салыстырғанда халықтың ұдайы өсіп-өнуінің жалпы көрсеткіштері де әртүрлі. 2005 ж халықтың туу көрсеткіші 278977 адамды көрсетеді. (Ал 1990 ж 362081 бала туылған) . 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 2005ж 18, 42-ні құрады. Бұл көрсеткіш 1990ж -22, 1 -ді, 1999ж -14, 57-ні көрсеткен еді. Өлім көрсеткіштері 1990 ж 128576 адамның, 1999ж 147416 адамның, ал 2005 ж 157121 адамның өлгенін көрсетеді. Бұл әлі де болса өлім көрсеткіштерінің азаймай отырғандығын байқатады. 1990ж республика халқының табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14, 3-ке тең болса, 2005ж 8, 05-ке тең болды. Яғни 1990-2005 жж аралығында 6, 25-ке кеміді.

2 - кесте. Қазақстан Республикасындағы халық санының өзгеруінің

құрамдас бөлігі (мың адам)

жылдар
Жыл басындағы халықтың жалпы саны
Жалпы өсім
Табиғи өсім
Көші-қон өсімі
Жыл аяғындағы халықтың жалпы саны
Бір жылғы жалпы өсім
жылдар: 1990
Жыл басындағы халықтың жалпы саны: 16298, 0
Жалпы өсім: 60, 2
Табиғи өсім: 233, 5
Көші-қон өсімі: -173, 3
Жыл аяғындағы халықтың жалпы саны: 16358, 2
Бір жылғы жалпы өсім: 0, 4
жылдар: 1991
Жыл басындағы халықтың жалпы саны: 16358, 2
Жалпы өсім: 93, 5
Табиғи өсім: 218, 9
Көші-қон өсімі: -125, 4
Жыл аяғындағы халықтың жалпы саны: 16451, 7
Бір жылғы жалпы өсім: 0, 6
жылдар: 1995
Жыл басындағы халықтың жалпы саны: 15956, 7
Жалпы өсім: -280, 9
Табиғи өсім: 107, 4
Көші-қон өсімі: -388, 3
Жыл аяғындағы халықтың жалпы саны: 15675, 8
Бір жылғы жалпы өсім: -1, 8
жылдар: 2000
Жыл басындағы халықтың жалпы саны: 14901, 6
Жалпы өсім: -36, 0
Табиғи өсім: 72, 3
Көші-қон өсімі: -108, 3
Жыл аяғындағы халықтың жалпы саны: 14865, 6
Бір жылғы жалпы өсім: -0, 2
жылдар: 2005
Жыл басындағы халықтың жалпы саны: 15074, 8
Жалпы өсім: 144, 5
Табиғи өсім: 121, 8
Көші-қон өсімі: 22, 7
Жыл аяғындағы халықтың жалпы саны: 15219, 3
Бір жылғы жалпы өсім: 1, 0

* Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. 2006. ҚР Статистика агенттігі. 253 - бет

Республикадағы халықтың табиғи өсу көрсеткіштеріндегі теріс нәтижелерге қарамастан, Қызылорда облысында халық санының өсуі байқалады.

Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жер аумағы- 226, 0 мың км 2 (Қазақстан жерінің 8, 3%-н құрайды) Тұрғыны 624, 9мың адам (2006ж) [ 13, 28 ] Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 3 қала бар. [ 14, 5-т. 175 ]

1960-1999жж аралығындағы кезеңде Қызылорда облысының демографиялық дамуында республикаға тән жалпы заңдылықтар мен тенденциялар байқалды. Облыс халқының саны 346, 0 мыңнан 596, 2 мың адамға (2 есеге жуық) қала халқының есебінен өсті. (2-кесте, 2-сурет) Ал, 1999жылдан бастап бұл көрсеткіш төмендей бастады. Облыс халқының жалпы саны 1998-1999жж 18, 6 мың адамға азайып кетті, халықтың өсу қарқыны төмендеді. 3-кесте

3-кесте 1960-2005жж облыс халқының саны (жыл басына; мың адам) *

Жылдар
Барлығы
Қала халқы
Ауыл халқы
Жылдар: 1960
Барлығы: 346, 0
Қала халқы: 167, 5
Ауыл халқы: 178, 5
Жылдар: 1970
Барлығы: 491, 4
Қала халқы: 268, 2
Ауыл халқы: 223, 2
Жылдар: 1980
Барлығы: 577, 8
Қала халқы: 366, 5
Ауыл халқы: 211, 3
Жылдар: 1985
Барлығы: 623, 2
Қала халқы: 402, 3
Ауыл халқы: 220, 9
Жылдар: 1990**
Барлығы: 580, 1
Қала халқы: 349, 0
Ауыл халқы: 231, 1
Жылдар: 1991
Барлығы: 586, 3
Қала халқы: 353, 5
Ауыл халқы: 232, 8
Жылдар: 1992
Барлығы: 594, 0
Қала халқы: 360, 1
Ауыл халқы: 233, 9
Жылдар: 1993
Барлығы: 597, 4
Қала халқы: 362, 3
Ауыл халқы: 235, 1
Жылдар: 1994
Барлығы: 605, 0
Қала халқы: 365, 3
Ауыл халқы: 239, 7
Жылдар: 1995
Барлығы: 605, 9
Қала халқы: 362, 9
Ауыл халқы: 243, 0
Жылдар: 1996
Барлығы: 605, 4
Қала халқы: 360, 6
Ауыл халқы: 244, 8
Жылдар: 1997
Барлығы: 609, 2
Қала халқы: 362, 9
Ауыл халқы: 246, 3
Жылдар: 1998
Барлығы: 614, 9
Қала халқы: 366, 6
Ауыл халқы: 248, 3
Жылдар: 1999
Барлығы: 596, 2
Қала халқы: 361, 0
Ауыл халқы: 235, 2
Жылдар: 2000
Барлығы: 599, 7
Қала халқы: 360, 3
Ауыл халқы: 239, 4
Жылдар: 2001
Барлығы: 600, 9
Қала халқы: 359, 4
Ауыл халқы: 241, 5
Жылдар: 2002
Барлығы: 603, 8
Қала халқы: 360, 5
Ауыл халқы: 243, 2
Жылдар: 2003
Барлығы: 607, 4
Қала халқы: 362, 3
Ауыл халқы: 245, 1
Жылдар: 2004
Барлығы: 612, 0
Қала халқы: 364, 2
Ауыл халқы: 247, 8
Жылдар: 2005
Барлығы: 618, 2
Қала халқы: 368, 1
Ауыл халқы: 250, 1

*Демографический ежегодник Казахстана. Алматы., Нацстатагенство. 1998г. 12-бет

Численность и размещение населения в РК. Том 1Итоги переписи населения 1999г вРК. Алматы 2000. 8-бет

**1990 жылғы мәлімет Байқоңыр қаласынсыз келтірілген .

2-сурет. 1960--2005жж. аралығындағы облыс халқының саны

(жыл басына; мың адам)

1999ж халық санағы Қызылорда облысы халқының саны 598526 адамды құрағанын, олардың 361538-қалада, 236988-ауылдық жерлерде тұратынын көрсетті. [ 25, 10 ] Ал 2006ж мәліметтер бойынша қызылордалықтардың жалпы саны 624, 9 мың адамға жетті, оның ішінде 372, 0мыңы-қала халқы, 252, 9 мыңы- ауыл халқы. Қалалықтардың үлесіне 59, 5%, ауылдықтар үлесіне 40, 5% тиесілі. [ 13, 28 ]

2-суреттен 1999 жылдан бері қарай облыстағы халық санының 598, 6 мың адамнан 618, 2 мың адамға көбейгендігін және аз болса да тұрақты

өскендігін байқаймыз.

1989-2006жж. аралығындағы Қызылорда облысы аудандарындағы халық санының динамикасын төмендегі 4-кестеден көруге болады.

4-кесте. 1999-2006 жж. Қызылорда облысы аудандарының халық саны

(жыл басына; мың адам)

1989
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
: Қызылорда облысы
1989: 574, 5
1999: 596, 2
2000: 598, 5
2001: 599, 7
2002: 600, 9
2003: 603, 8
2004: 607, 4
2005: 612, 0
2006: 618, 2
: Қызылорда қ. ә
1989: 181, 7
1999: 193, 6
2000: 193, 7
2001: 193, 2
2002: 193, 2
2003: 194, 4
2004: 196, 1
2005: 197, 2
2006: 200, 9
: Арал ауданы
1989: 70, 8
1999: 68, 4
2000: 68, 7
2001: 68, 5
2002: 68, 6
2003: 69, 0
2004: 69, 3
2005: 70, 0
2006: 70, 7
: Жалағаш ауданы
1989: 37, 3
1999: 39, 6
2000: 39, 7
2001: 39, 9
2002: 40, 1
2003: 40, 2
2004: 40, 3
2005: 40, 8
2006: 41, 0
: Жаңақорған ауданы
1989: 61, 3
1999: 67, 6
2000: 68, 1
2001: 68, 5
2002: 68, 7
2003: 69, 2
2004: 69, 5
2005: 70, 1
2006: 70, 6
: Қазалы ауданы
1989: 68, 7
1999: 68, 8
2000: 69, 1
2001: 69, 6
2002: 70, 0
2003: 70, 3
2004: 70, 6
2005: 71, 2
2006: 71, 7
: Қармақшы ауданы
1989: 47, 0
1999: 45, 4
2000: 45, 6
2001: 46, 0
2002: 45, 9
2003: 46, 2
2004: 46, 8
2005: 47, 8
2006: 48, 3
: Сырдария ауданы
1989: 36, 2
1999: 39, 1
2000: 39, 1
2001: 39, 1
2002: 39, 1
2003: 38, 9
2004: 39, 2
2005: 39, 4
2006: 39, 5
: Шиелі ауданы
1989: 71, 5
1999: 73, 9
2000: 74, 2
2001: 74, 6
2002: 74, 9
2003: 75, 2
2004: 75, 2
2005: 75, 1
2006: 75, 1
  • Численность и размещения населения в РК. Том І. Итоги переписи населения 1999г. в РК. А., 2000
  • Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы 2006. ҚР. Статистика агенттігі. 9-бет

3-сурет. Қызылорда облысы аудандарының халқының саны (мың адам)

4-сурет. 2006 ж. басынадағы Қызылорда облысы халқының саны

( үлестік көрсетілімде )

Бұл 3 және 4 суреттерден облыс аудандарының барлығында дерлік халық санының аз да болса тұрақты өсуі байқалады. Шиелі, Қазалы, Арал аудандары тұрғындарының көптігінен алдыңғы орында. Дәл осы жылдар аралығында еліміздің басқа облыстарында, мәселен Шығыс Қазақстанда (2000ж 1516785 адамнан 2006ж 1431180 адамға), Солтүстік Қазақстанда(2000ж 713628 адамнан 2006ж 663126 адамға), Павлодар облысында (2000ж 790774 адамнан 2006ж 742911 адамға) халық санының кемуі байқалды. [ 12, 5 ] Ал Қызылорда облысы халқы экологиялық жағдайдың қолайсыздығына қарамастан баяу қарқынмен өсіп келеді.

2. 2. Қызылорда облысы халқының ұдайы өсіп-өнуі

Демография туралы айтқанда халықтың ұдайы өсіп-өнуінің жалпы көрсеткіштеріне тоқталамыз. Олар: халықтың тууы, өлімі және табиғи өсім

2. 2. 1 Халықтың тууы

Халықтың тууы- бұл халықтың ұдайы өсіп-өнуін көрсететін процестердің бірі және халықтың динамикасы мен құрылым ерекшелігін анықтайтын негізгі элемент болып табылады. Бала туу негізінде биологиялық процеске жатады. Оның дамуына шешуші әсер ететін көптеген факторлар бар. Олар: әлеуметтік-экономикалық, табиғи-биологиялық, демографиялық факторлар.

Қазіргі кезеңде туу мыналармен анықталынады:

  • туудың жалпы деңгейінің төмендеуімен және де 1998 жылдан бастап, бұл төмендеудің қарқыны едәуір болуда. Тек, 1990 жылдан 1992 жылға дейінгі кезеңде туудың төмендеу қарқыны Қазақстан бойынша 9 %-ді құрап, яғни туу коэффициенті осы кезеңде 1990 жылғы 21, 7%-ден 1992 ж. 19, 9%-ге төмендеуі едәуір байқалды. 1994-1999жж. кезеңінде туу коэффициенті 24, 8%, яғни 18, 9%-дан 14, 2 %-ге төмендеді. Туудың елеулі төмендеуі қала және ауыл халқына тән болды. Бұл белгілі бір мөлшерде, қалалық қоныстарда әйелдердің туу мүмкіндігінің төмендеуі, ал ауылдық жерлерде әлі де болса туу мүмкіндігінің болуымен түсіндіріледі;
  • әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігі дәрежесі 30 жастан бастап күрт төмендеді. (1996 ж. статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығындағы туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жаспен салыстырғанда төмен болып келеді)
  • әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасында да төмендеуімен. Мұндай үрдіс қалаға да, сондай -ақ ауылға да тән;
  • жанұядағы бала санының қысқаруымен;

Республика халқының жалпы саны соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде 1, 2 млн. адамға қысқарған. Бұл халық қозғалысының екі бағыты бойынша болған: табиғи және көші-қон. Табиғи өсім туу мен өлімнің арасындағы айырма ретінде туу деңгейінің құлдырауы мен өлімнің өсуі нәтижесінде төмендей бастады. Өтпелі кезеңде төмендеп кеткен тұрмыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тууды жақсы уақыттарға дейін қалдыруға мәжбүр етті.

Санақ қорытындылары туудың байқалған төмендеу үрдісін растады. Қалаларда ұрпақты болу жасындағы әйелдер саны азаюда. Құрамында жеті және одан да көп адамдары бар отбасыларының үлесі төмендеуде. Бала туудан бас тарту үрдістілік сипат алуда және ол төмендеп бара жатқан тұрмыс деңгейін материалдық қолдау тәсіліне айналуда. Республикадағы туу көрсеткіші 1999 жылғы халық санағынан кейін сәл де болса артты. Бір әйелдің бала тууға қабілетті кезеңі (15-49 жасында) қанша бала тууы мүмкіндігін көрсететін жалпы туу коэффициенті 1999 жылдағы 1, 8-ден

2005 ж 2, 2-ге дейін өсті. Сонымен, Қазақстан Республикасында туудың

1999 жылға дейінгі төмендеу, 2000 жылдан бастап көбею тенденциясы байқалды.

Қызылорда облысы республика бойынша туудың ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Бұны ұлттық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. 1959-1999жж. аралығында Қызылорда облысындағы туудың жалпы коэффициенті 37, 1%-ден 21, 4%-ге дейін төмендеді, дәл осы кезеңдегі республикалық орташа көрсеткіш 37, 6%-ден 14, 0%-ге дейін төмендеген еді.

( 5- кесте, 5- сурет)

5-кесте. Қазақстан Республикасы және Қызылорда облысындағы халықтың туу коэффициенті (1000 адамға )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау
Қызылорда облысы туралы мағлұмат
Көші қон факторлары
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Қазақстан қалаларының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz