Философия тарихындағы адам мәселесі



М а з м ұ н ы

Кіріспе.

1.Философия тарихындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... 3.8беттер.

Негізгі бөлім.
а).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9.13беттер.
ә).Әл.Фараби философиясындағы адам мәселесі ... ... ... ... 14.18беттер.
б).Ахмет Иассауи дүниетанымындағы адам мәселесі ... ... 19.22беттер.
в).Абай философиясындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ...23.35беттер.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36.бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37.бет
Кіріспе.

Философия тарихындағы адам проблемасы.
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады. /1./
Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды /2./
Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы Мысырлықтар философиясының объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп біледі. Бұдан 25ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі Қытай философы Конфуций өз ілімінде адам, «адам-сүйгіштік» /жэнь/ проблемасын алды. Оның түркі тұжырымы ретінде «аспан» концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Оның философия


/1./ Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2002ж. 68бет.
/2./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 234бет.
негізін адам, оның өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына –даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үрдісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты Конфуций концепсиясына сай «идеялды адам», «қайырымды ер» (цзюнь-цзы) деңгейіне, жету болып табылады. «цзюнь-цзыға» жету үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі «өзіңе қаламағанды өзгеге жасама» деген ережесі сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды, қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы (адамшылдық, имандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Конфуций және оның ізбасарлары ілімі мен қатар ерте қытай философиясындағы келесі бір бағыт-даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-цзы саналады. Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім. Доа-бұл жекелеген адамның қылығы және ойлауымен қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрінбейтін, барлығын қамтитын заңы.
Ежелгі үнді әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара және өткелі. Алайда өзінің эмперикалық болмысындағы құмарлықтың азат болып, еркіндікке ұмтылуы тек адамға ғана тән. Уланишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, иога ілімдеріне мол әсерін тигізді.
Этникалық білім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы- құдайға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты; сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу. Бұл жайды буддизм «Нирвана» деп атайды. (өшу, сөну мағнасында)
Оған жеткен адам (архат)-азап-қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, о дүниемен бұ дүниенің айырмашылығын сезініп аңғару шегінен алысқа кеткен адам.
Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді.
Тікелей антропологияға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі
әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. /1./ Ол «игілік-білім» деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді.
Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз адамгершілігіңнің мәнін ұғуға бағытталады.
Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит бойынша адам- табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тән антропалогиялық дуализм позициясын ұстанды. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ол тән оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуметтік статусы жанның санасына тәуелді. Адам жаны үнемі идеялардың транссцендентті әлемінде тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім тән. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама-қарсылығында. Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, «адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден» де, «жоғары адамнан» да ерекшелендіреді. Оның айтуынша адамның тағы бір ерекше белгісі-оның ақылдылығы, «адам – ол ең алдымен ақыл – ой». Аристотельдің пікірінше, адам ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтілік пен ақылдылық - оны жануардан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттама.
Ежелгі Грециядағы адам мәселесі өз мемлекеттеріне, бағыттар мен позицияларына қарай әр түрлі болып келеді.
Ортағасырлық адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәрбиенің бөлігі ретінде қарастырылады. Аврелий Августиннің пікірінше, адам- бір-біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама қайшылығы. Бұл оның жеке иммунитеттік субстанциясы /2./
Августиннің бұл мәселеге қосқан жаңалығы адами тұлғаның дамуы.
Фома Аквинский адам туралы христиандық ілімді негіздеуде Аристотель философиясын пайдаланды. Адам-бұл жануарлар мен періштелер арасындағы жан. Ол жан мен тәннің тұтастығын білдіреді, бірақ жан «тәннің қозғаушысы» және адамның мәнін анықтайды.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғыру дәуірінің


/1./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 236бет.
/2./ Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 237бет.
философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысты бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
Жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт, адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады. Декарттың айтуынша, дене өзіндік машина болып табылады. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас жаңа заман философиясына кеңінен таралды.
Ж.Ламетрдің «Адам-машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. /1./
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік- табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік, еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рационолизмге тұнып тұр. /2./ Ол адамның рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ой тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын дәлелдеді. Фейербах болса тірі, эмперикалық адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде таниды.
Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады. Қоғамдық болмыс-қоғамдық сананы анықтайды.
Өмір философиясы (Ницше, Дильтей) адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көрінеді. Экзистенциализм, ең біріншіден, индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады.
Ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторлар да маңызды роль атқаратын эволюциялық даму өкілі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Адамның мәні адам туралы философиялық ілімнің өзегін құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.А.Қасабеке, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы: Ер-Дәулет, 1996ж.
2. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2002ж. 408бет.
3. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Раритет-2004ж. 392бет.
4. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы: Ғылым, 1998,ж. 307бет.
5. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы: Ғылым, 1996ж. 208бет.
6. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы: Қазақ Университеті, 2004ж. 330бет.
7. Қазақ даласының ойшылдары. –Алматы: Ғылым, 1995. 160бет.
8. Көбесов А. Сөнбес жұлдыздар. Алматы: Жазушы, 1973ж. 160бет.
9. Сөнбес жұлдыздар. Алматы: Қазақстан, 1989ж. 272бет.
10. Аль-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым,-1975ж. 418бет.
11. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. –Алматы, 1994ж. 333бет.
12. Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-философиялық зерттеу)-А., 1995. 12бет.
13. Н.Ж.Байтенова, А.С.Қабылова, А.Қ.Ромашева. Шығыс философия- сындағы кемелденген адам мәселесі. А., 2000ж. 49бет.
14. Ғ.Есім. Абай ағартушы болған ба? //Сана болмысы. А., 1996ж. 95бет.
15. Абай. Қара сөз. Поэмалар. А., 1993ж. 76-бет.
16. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. А., 1995ж. 77бет.
17. Ғ.Есім. Фалсафа тарихы. –А: «Ратирет», 2004.-47бет.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе.

1.Философия тарихындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... 3-
8беттер.

Негізгі бөлім.
а).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 9-13беттер.
ә).Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі ... ... ... ... 14-18беттер.
б).Ахмет Иассауи дүниетанымындағы адам мәселесі ... ... 19-22беттер.
в).Абай философиясындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... 23-
35беттер.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 36-бет.

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 37-бет.

Кіріспе.

Философия тарихындағы адам проблемасы.
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның
өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі
атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел
бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың
психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын
құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам
жасады. 1.
Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға
субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге)
қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және
оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен
қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі
философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және
қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі
болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан
түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған
философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша
адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы
алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады.
Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен
алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының
мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды 2.
Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философия жүйелерінің
негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы
Мысырлықтар философиясының объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп
біледі. Бұдан 25ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі Қытай философы Конфуций өз
ілімінде адам, адам-сүйгіштік жэнь проблемасын алды. Оның түркі
тұжырымы ретінде аспан концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен
адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де
білдіреді. Оның философия

1. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2002ж. 68бет.
2. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 234бет.
негізін адам, оның өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік
сипат алады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие
болған адам мораль заңына –даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл
қасиеттерді оқу үрдісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты
Конфуций концепсиясына сай идеялды адам, қайырымды ер (цзюнь-цзы)
деңгейіне, жету болып табылады. цзюнь-цзыға жету үшін әрбір адам
бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі өзіңе
қаламағанды өзгеге жасама деген ережесі сай отбасы мен мемлекеттегі
адамдар арасындағы идеалды, қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы
(адамшылдық, имандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Конфуций және оның
ізбасарлары ілімі мен қатар ерте қытай философиясындағы келесі бір бағыт-
даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-цзы саналады.
Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім. Доа-бұл жекелеген адамның қылығы
және ойлауымен қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрінбейтін, барлығын
қамтитын заңы.
Ежелгі үнді әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі
туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар
арасындағы шекара және өткелі. Алайда өзінің эмперикалық болмысындағы
құмарлықтың азат болып, еркіндікке ұмтылуы тек адамға ғана тән. Уланишад
бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Ол
джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, иога ілімдеріне мол әсерін тигізді.
Этникалық білім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм
философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп
қойды. Бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның
азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы-
құдайға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм керісінше, өмірдің
өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету
құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол
адамның өзіне байланысты; сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні:
бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу. Бұл
жайды буддизм Нирвана деп атайды. (өшу, сөну мағнасында)
Оған жеткен адам (архат)-азап-қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да
жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, о дүниемен бұ
дүниенің айырмашылығын сезініп аңғару шегінен алысқа кеткен адам.
Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді,
тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір
қатынастар жүйесінде өмір сүреді.
Тікелей антропологияға өту софистердің сыншыл, ағартушылық
әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен
байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі
әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. 1. Ол игілік-білім
деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін
негіздейді.
Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және
әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі
адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз
адамгершілігіңнің мәнін ұғуға бағытталады.
Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі.
Демокрит бойынша адам- табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан
тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Демокритпен салыстырғанда
Платон жан мен тән антропалогиялық дуализм позициясын ұстанды. Бірақ жан
ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ол тән оған қарсы
материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның
мақсаты және әлеуметтік статусы жанның санасына тәуелді. Адам жаны үнемі
идеялардың транссцендентті әлемінде тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім
тән. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және
жан мен тәннің қарама-қарсылығында. Аристотель концепциясында адам
қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Адамның бұл әлеуметтік
табиғаты оны жануарлардан да, адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден де,
жоғары адамнан да ерекшелендіреді. Оның айтуынша адамның тағы бір ерекше
белгісі-оның ақылдылығы, адам – ол ең алдымен ақыл – ой. Аристотельдің
пікірінше, адам ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтілік пен ақылдылық - оны
жануардан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттама.
Ежелгі Грециядағы адам мәселесі өз мемлекеттеріне, бағыттар мен
позицияларына қарай әр түрлі болып келеді.
Ортағасырлық адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәрбиенің
бөлігі ретінде қарастырылады. Аврелий Августиннің пікірінше, адам- бір-
біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама қайшылығы. Бұл оның жеке иммунитеттік
субстанциясы 2.
Августиннің бұл мәселеге қосқан жаңалығы адами тұлғаның дамуы.
Фома Аквинский адам туралы христиандық ілімді негіздеуде Аристотель
философиясын пайдаланды. Адам-бұл жануарлар мен періштелер арасындағы жан.
Ол жан мен тәннің тұтастығын білдіреді, бірақ жан тәннің қозғаушысы және
адамның мәнін анықтайды.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан
капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми
білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғыру дәуірінің

1. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 236бет.
2. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 237бет.
философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге
тырысады. Адамның әуел бастағы күнәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның
қайырымдылыққа, бақытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысты бекітеді. Бұл
философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
Жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт, адамзат
өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады. Декарттың
айтуынша, дене өзіндік машина болып табылады. Бұл адамды машина ретінде
қарастырған механистік көзқарас жаңа заман философиясына кеңінен таралды.
Ж.Ламетрдің Адам-машина деп аталатын жұмысында механистік
материализм көзқарасы негізделеді. 1.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық
зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та
антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, оның дуализмі жан мен тән
дуализмі емес, адамгершілік- табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір
жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік, еркіндік
пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Гегельдің антропологиялық концепциясы,
оның бүкіл философиясы сияқты рационолизмге тұнып тұр. 2. Ол адамның
рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ой тасымалдаушысы
ретіндегі жағдайын дәлелдеді. Фейербах болса тірі, эмперикалық адамның
маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-
тәндік жан ретінде таниды.
Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады.
Қоғамдық болмыс-қоғамдық сананы анықтайды.
Өмір философиясы (Ницше, Дильтей) адам ерекшелігін бірде
органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени тарихи мәнде
түсіндірілетін өмір феноменінен көрінеді. Экзистенциализм, ең біріншіден,
индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады.
Ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар
әлеуметтік факторлар да маңызды роль атқаратын эволюциялық даму өкілі деп
тұжырымдауға мүмкіндік береді. Адамның мәні адам туралы философиялық
ілімнің өзегін құрайды.

1. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Рарирет-2004ж. 238бет.
2. Бұл да сонда. 239бет.

1.Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардығы адам мәселесі.

Қазақ философиясының бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи
шектеулеріне қарамастан ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-
санасының өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра
жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей ұзақ та жемісті
философия тарихы өзінің көл-көсір
молдығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де
халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алады. 1.
Шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі-бар ешқандай
бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың
әртүрлі қалыптарына өміршеңдігіне, даналығына көз жеткізіміз. Шығыс
философиясының бұтағы болған қазақ философиясының тарихы кейін зерттеліп
келеді. Қазақ философиясының тарихи дамуы қай кезеңнен басталады? деген
сұрақ даулы, әрі қиын. Қасиетті қазақ даласының тарихы шексіз болса, ондағы
даналық содан кем емес. Біздің эрамызға дейінгі VIIғ.гректің жеті
ғұламасының бірі деп танылған, Платонның айтуы бойынша аты аңызға айналған
скиф Анарсис (Анарыс), одан кейінгі IX-XIIIғғ. аралығында өмір сүрген әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки,
Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ойшыл философтардың асыл мұраларын,
философиялық дүниетанымымен, одан кейінгі XV-XVIIIғғ. өмір сүрген қазақ
ақын-жырауларының философиялық ойлары, XIXғ. екінші жартысындағы
философиялық ойдың дамуы, ағартушылар философиясы 2.
Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу
XXғасырдың басынан қолға алына бастады. Қазақ философиясындағы адам
мәселесі де оның тарихи дамуынан тыс қалған жоқ деуге болады. Ұлы Абай
айтқандай Адам бол! идеясы бұрынғы фальклордан бастап осы заманғы қазақ
философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы
әрқашан нақты адам қоғамына, бақытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға
бет бұрған 3.
Осындай жалпы қазақ философиясына тән ортақ дәстүрлермен қатар,
оның өзінің ішкі бағыттары орын тепті. 60-80 жылдардағы қазақ
философиясындағы жаңадан қалыптасқан зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды,
мәдениетімізді жан-жақты және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасады.

1. А.Қасабек, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы, 1996ж. 3бет.
2. Бұл да сонда. 5бет.
3. Бұл да сонда. 20бет.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас
бөлігі ретінде осыдан екі жарым мың жыл шамасында өмір сүріп, грек
философиясында скифтердің ой-үрдісінен өшпес із қалдырған Анарсисті
(Анарыс) айтуға болады. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір
сүріп, ел басқарған атақты Майқы би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел
билеудің жолын айтып отырады екен: Ең ақылды адам-ел билеуден аулақ адам
- депті бабамыз деп, аузынан тастамайды екен.
Латыншаланып кеткен Анахарсис Скифский дегеніміз осы бабамыз
айтқан Анарыс бабамыз.
Қазақ философиясының мол үлгісі фольклорда жатыр. Қазақ
философиясының дүниетанымдық негізі, рухани қазынасы байырғы ауыз
әдебиеті, тұрмыс –салт жырлары, аңыз-ертегілер, мифология, батырлар жыры,
лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар болып табылады. Біздің бабаларымыз
кезінде өмір құбылыстарын, табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, болмыстың мәні
мен мақсатын, образдық ой арқылы жеткізе білді. Қазақтың көшпенділер
философиясында, халық фольклорына адамдық сапа, ұлттық қасиет ерекшелігі
бар, біз оны жоғалтпай сақтай білуіміз керек. Көшпенділер үшін философия-
адам, өмір болмысы. Қазақ фольклорындағы философиялық ой-пікірлердің
философиялық тұрғыды зерттелуі әлі аз.
Қазақ философиясының өзіндік ерекшелігі адам, бақыт, сұлулық, тән,
көркемдік, өмір мен өлім, дүние, әлем, болмыс, батырлық, адам мен табиғат
үйлесімі мәселелері. Қазақ фольклорында өзінің молдығымен, көркемдік,
сұлулығымен, тарихи деректілігімен, сыршылдығымен ерекше орын алады. Қазақ
халқының фольклорында адам, табиғат, қоғам, өмір жайлы түсініктер өрістей
келе, бүкіл халықтық ой-санаға айналған. Халық күнделікті тұрмысқа қажетті
қарапайым нәрседен бастап, күрделі құбылысқа дейін сөз етеді.
Фольклорлық шығарманың тақырыбында табиғат, адам, төрт түлік мал,
тәрбие, тарих, этнография, мәдениет араласып келіп отырады. Философияның
басты категорияларының бірі адам мәселесі – фольклорда басты мәселе деуге
болады. Ақылды Аяз би жаман атанса да бәрінен озып шығады. Жақсы адам және
жаман адам мәселесі даналық түрінде анық көрінеді. Алдар көсе, тазша бала
бейнелері арқылы-халық тапқырлығының жарқын көрінісін көреміз.
Фольклор тарихын этнографиялық, археологиялық, әлеуметтік –
психологиялық мағлұматтармен қабаттастыра зерттеу қажет. Мысала, неолит
адамдарының көзқарасының шешуші мәнге ие болған нәтижелерінің бірі- өздерін
табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде емес, ол бүкіл табиғатпен бетпе-бет, екі
жақ болып тұрғандығынан сезіне бастауы болды. Осының арқасында осы екі
жақтың бірі-адамдар дүниесі, екінші – табиғаттың тылсым күштер дүниесі.
Бүкіл әлемнің тіршілігі осы екі дүние қарым-қатынастары ауқымында өтіп
жатқандай болып ұғылатын болды. Табиғат дүниесі билеуші, бағындырушы ролін,
ал адам дүниесі – бағынушы, икемдеуші ролін атқарған мұндай түсініктер адам
санасында сақталып келді.1. Полеолит адамдары өздерін-өздері бүкіл
табиғат дүниесінен айырмаған, өздерін бүкіл табиғаттың ажырамас бір
бөлшегі деп ұғынған.
Халық арасында дала аңызына айналған Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыз
толып жатыр. Қорқыт халық ұғымында болашақты көре білген қобызшы, философ.
Қорқыт – ежелгі түркі тайпаларының IX-Xғасырда Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы
ойшыл, философы, жырауы, қобызшысы және Кітаби Қорқыт жырларын тудырған,
үлкен эпос айтушы. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз тұстасып кеткен, оның
ақиқаты қайсы, аңызы қайсы, ол, біз біліп болар шаруа емес. Қорқыт ажалдан
қашқаны үшін тарихта қалмас еді. Мәселе, Қорқыттың аса ақылдылығы мен
даналығында, оның кереметтігінде. Яғни, оның ажалмен күресі бергі әңгіме,
мәселе тереңде. Қорқыттың аясалға қатысты аңызға айналуы-акциденциялық іс.
Мәселе ажалда емес, мәселе адам болмысының жұмбақтығында.2. Қорқыт
дүниетанымының қызығы-ажал, мәңгілік өмір емес, адам, оның болмысы. Өмір
философиясын айтып отырған Қорқыт адам қызықтырған мұндай проблеманы,
жоғарыда айтып кеткендей Ф.Ницше (1814-1900), Б.Шпенглер, Ортега-и-Гассет,
Хайдеггер т.б. көтерген.
Қорқыт болса, VIII ғасырда Ғұмыр философиясын және Өмір сүру
философиясын бірге көтерген. Алғашқысы көлеңкеде қалып, екіншісі
акциденция ретінде көрініп, Қорқыт есімі ажалмен байланыста қарастырылған.
Ал, анығында Қорқыттың нысаны – адам, оның болмысы, яғни адам табиғатының
дәрменсіздігі, әрі оның бұл өмірге бейімделгендігі. Өмірге адам-бөгде.3.
Аңызда адамның, яғни Қорқыттың еркінен тыс, оған көр қазып жатады. Бұл
жерде жеке адам еркі және тағдыр деген мәселе тұр.
Қорқыт дүниетанымының басты ұғымы – адам болмысы. Адам
табиғатынан, туа бітісінен өзінің шектеулі кеңістігінде ғұмыр кешеді.
Қорқыт дүниетанымы адамның шамасы туралы.4.
Қорқыт адамның шамасы туралы толғанысқа түскен. Адам табиғатынан
(әуел бастан) шамасы шектеулі. Олай болса, адамның мына сұрағы көп
ғұмырдағы орны қандай ? Адамның білетінінен білмейтіні көп, онда пенде
қайтіп өмір сүрмек? Міне Қорқыт дүниетанымының басты арналары.5.
Көшпенділердің философы атанған Асан қайғының айтқан сөздерін халық қанша
уақыт өтсе де өз жадында сақтады. Асан қайғы туралы қазақ фольклорындағы
сақталып қалған аңыздар – халық даналығынан туған,

1. А.Қасабек, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы, 1996ж. 47бет.
2. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы:
Ғылым, 1998ж.
3. Бұл да сонда. 189бет.
4. Бұл да сонда. 190бет.
5. Бұл да сонда. 191бет.
шынайы философиялық толғаулар. Асан қайғы туралы көп зерттеген Ш.Уалиханов
оны көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философиясы деп атайды.
Еуразия Ұлы даласында өмір сүрген көшпелілер әлемінің өз
философиясы, өз дүниетанымы болды. Қазақ фольклорын миф-ертегі, аңыздары
мен эпос жырларын төл философиямыздың дүниетанымдық негізі аясы болған деп
түсінеміз.

2. Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі.

Шығыс философиясының бұтағы болған қазақ философиясының тарихы кейін
зерттеліп келеді. Қазақ философиясының тарихи дамуы қай кезеңнен
басталады? деген сұрақ даулы, әрі қиын. Қасиетті қазақ даласының тарихы
шексіз болса, ондағы даналық содан кем емес.
Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу
XXғасырдың басынан қолға алына бастады. Қазақ философиясындағы адам
мәселесі де оның тарихи дамуынан тыс қалған жоқ деуге болады. Ұлы Абай
айтқандай Адам бол! идеясы бұрынғы фальклордан бастап осы заманғы қазақ
философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы
әрқашан нақты адам қоғамына, бақытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға
бет бұрған.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.
Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл талай азаматтары ортақ
тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың
ішінде әлемге жайылғандары аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы
жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда Әл-Фараби 870- жылы
Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша Фараб)
отрарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.1. Әл-Фарабидің грек
философиясын, әсіресе Аристотельді жетік білгені үшін оны екінші ұстаз
деп атаған. Әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте
дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан
танысқаны жөнінде бізде дерек бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың
жетілуі мен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі
ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде, саяхат жасап, сол замандағы мәдени
әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдатта, Дамаскіде (Шам),
Алеппада, Каирда (Мысыр) болған, өз өмірінің көп жылдарын ол араб
халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз
білімін әбден тиянақты меңгеріп толықтырды. 950-жылы Сирияның Дамаск
қаласында қайтыс болады.2. Әл-Фараби Аристотельдің, әл-Кинидің ізін қуып,
философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді.
Фараби шығармаларының саны 160-тан асады. Фараби философия саласында грек
ойшылы Аристотельдің Категориялар, Метафизика, Герменевтика,
Софистикасына түсініктемелер жазды. Ол еңбектері

1.Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-философиялық
зерттеу) – А., 1995. – 12бет.
2. Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы – А: Ратирет, 2004. –47бет.
күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Өз тарапынан Ғылымдардың
шығуы, Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі, Ізгі қала тұрғындарының
көзқарасы, Музыканың үлкен кітабы, Философияны аңсап үйрену үшін алдын
ала не білу қажеттігі жайлы, Ақылдың мәні туралы, Әлеуметтік этикалық
трактаттар, Философиялық трактаттар т.б. сияқты көптеген философиялық
еңбектер жазған. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін
қойылатын ең бірінші талап, ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл
адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз
құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны
үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Фараби трактаттарында адам мәселесі де тыс қалған емес. Ол Бақыт
жолын сілтеу трактатында: Бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша
назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі
адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре
отырып, қиын жолдан, өтуі керек.
Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да
істеуге бірдей мүмкіндік береді.
Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп
бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады. Әл-Фараби
адам өміріндегі жақсылық пен жамандық тәңірден болмай, оларды адам
адамның өзі таңдайтын болатын жағдайда белсенді әрекет факторына қандай зор
маңыз бергенін көрсетеді. 1.
Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана
байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп
отыруға тиіс екен, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы
жетіледі, деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары өзінің
Фусул ал-мадани (мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері) трактатында
қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да негізінен бір
мақсатқа- адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің
өзіне тән бір ерекшелік сипаты-денелік және рухани құбылыстардың салыстырып
отыратындығы. 2.
Фараби Азаматтық саясатта адам қоғамдарын талдауды қаладан
бастаса, Нақыл сөздерде... ол мұны ең кішкене ұядан от басынан немесе
үйден бастайды.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді.
Өйткені, жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін
жамандыққа айналдырады.

1. А.Қасабек, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы, 1996ж. 88бет.
2.А.Қасабек, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. – А: Ер-Дәулет, 1996.
–78бет.
Әл-Фараби адамзат болмысының жеке қырларын қарастыра келіп, адам
өмірінің мақсаты шынайы бақытқа жету, ендеше ол бақыттың не екенін біліп
алып, оны өзінің мақсатына айналдырып, соған қарай қадам басуы қажет деп
айтты. Әл-Фарабише пайымдасақ, жалпы құрылым мен болмыстың мәнін, қоғамның
әлеуметтік бейнесін, жеке адамның рухани өмірін жете білмей бақытқа жетуге
болмайды. Біз бақытқа өзімізге әсемдік бізге тек философия өнері арқылы
ғана жетеміз деген қорытынды шығарамыз. 1.
Әл-Фараби таным теориясына келетін болсақ, ол сол кездегі жаратылыс
тану ғылымындағы үлкен жаңалықтарға білімге сүйенеді. Адам- табиғат
эволюциясының өзегі- адамның іс-әрекеті. Адам әл-Фарабидің таным
теориясында танымдық субъекті ретінде қарастырылады. Оның пайымдауынша
табиғат адамға дейін пайда болған. Ол адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір
сүреді.
Адамның бойындағы танымдық күштерді әл-Фараби төмендегідей
сұрыптайды:
1. Нәр беруші күш. Бұдан кейін сыртқы және ішкі рухани күштер пайда
болады.
2. Сыртқы әсердің негізінде түйсіктер тудырушы күштер беске бөлінеді.
а).сезу, ә).дәм, б).иіс сезу, в).есту, г).көру.
3. Ішкі рухани күштер 3-ке бөлінеді: а).зерде, елестету, армандау,
ә).ашулану, қуану, б).ақыл күші, сөйлеу қабілеті-ойлау күші.
Әл-Фараби философиясының ең құнды жақтарының біріне-парасат жайлы
ілім жатады. Әл-Фараби парасаттылық, парасатты адам дегенде, мұны интелект,
интелекция актісі деп түсінеді. Оның пайымдауынша, қайырымды, ақылды,
тапқыр адам өзінің бұл қасиеттерін мадақтауға тұрарлық істер жасау үшін,
немесе бұзақы істерден аулақ болу үшін қолданатын адам ғана парасатты адам
деп саналады. Парасатты адам осындай.
Осыны қалай түсінетіндігіне қарай адамдар екі топқа бөлінеді: оның
бірі нанымы жоқ адам, ол парасатты бола алмайды, ал, жаман адам, егер ол
өзінің тапқырлығымен жамандықты ойлап шығару қабілетіне жеткен болса, онда
ол парасатты деп аталуға лайықты бола алмайды деген пікір өзінен-өзі келіп
отыр.2.
Екінші топтағылар тегі не істесе де тапқырлық көрсетсе болғаны, оны
парасатты адам деп атайды.
Ал, Аристотельдің түсінігінше, ұғыну дегеніміз қажет кезінде және
ыңғайы келгенде лайықты іс істеуге тапқырлық жасау деген сөз. Демек,
парасатты адам сонымен бірге қайырымды болып табылады.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген

1.Н.Ж.Байтенова, А.С.Қабылова, А.Қ.Ромашева. Шығыс философия- сындағы
кемелденген адам мәселесі. – А., 2000. –25бет.
2. Қазақ даласының ойшылдары. –Алматы: Ғылым, 1995. 43бет.
Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауды, мәдениетті ғылымды
жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары көкейкесті
адам мәселесімен үндесіп жатады. 1.
Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы – олардың интелектуалдығында.
Сондықтан ғылымның кейбір саласы жөнінде зерделілігімен ой тұжырымы әбден
жетілген адамдар істердің сол саласы бойынша үлкен беделге ие болады.
Беделді [адам] дегеніміз, егер ол бір мәселе хақында пікір айтса да, оның
пікірі даусыз қабылданады және тексеруді қажет етпейді. Адам бұл қасиетке
ұлғая келе ие болады, өйткені жанның бөлшегі ұзақ тәжірибені керек етеді.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби
әділеттілікті халықтар достығын насихаттауды, мәдениетті ғылымды жасауда
барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары көкейкесті адам
мәселесімен үндесіп жатады.
Әл-Фараби Бақыт жолын сілтеу трактатында: адам, өз өмірінің
басынан-ақ қабілетті болады,-дейді. Сол қабілеттің арқасында адам тамаша,
оңбаған әрекеттер жасайтынын айтады.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне-өзі ізгі
қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады,- дейді, ол.2.
Адамның қасиетін пайымдау өзінен деген пікір туады.
Әл-Фараби Азаматтық саясат еңбегінде адамның нәтижелі ісі болу
үшін, бірлік керек екенін айтады: Адам өзінің барлық істерінде тек
көптеген адамдардың бір қонысқа біріккенде ғана қажетті нәрсеге қолы
жететінін және ең жоғарғы дәрежеде жетілген [жануарлар] түріне жатады.
3.
Оның ойынша, бақытқа-кәмілетке жету адам мақсаты болса, оның соған
қалай жететінін көрсету керек.

1. Сөнбес жұлдыздар. –А: Қазақстан, 1989. – 77бет.
2.Аль-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым,-1975ж.
19бет.
3. Бұл да сонда. 117 бет.
Абай философиясындағы адам мәселесі.

Қазақ философиясы дегенде үлкен әңгіме Абайға тіреледі. Абай
Құнанбайұлының (1945-1904) философиясының арқауы-адам. Бұл жаңалық емес.
Барлық даналар сөздері даналарға арналған. Бірақ, ақын адам туралы сөзді
айта келіп, оны Алланың сөзіне тірейді. Сонда Алланың сөзі бар, Адамның
сөзі бар. Мәселе сөзде.1.
Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген
мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық
зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М.Әуезов белгілеп берген Абай
зерттеулерінің негізгі бағыттары: қоғамдық, ақындық, көркемдік эстетикалық,
тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен
адамгершілік мәселелері-оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңдігін
көрсетеді. 2.
Абай бұл тұста Алланың сөзі аксиома, сен оны ұқ, қабылда деген діни
қарадүрсіндікке салмайды, ол Алланың сөзі рас, бірақ оның растығы адамның
сөзі арқылы адамның сөзі арқылы расталмақ деген өте терең философиялық
концепция ұсынған.
Абай дүниетанымын тану-қазақ философиясын танудың кілті.3. Абай
VIII ғасырдағы Иолығтегін, XI ғасырдағы Ж.Баласағұн, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
Адам өмірінің мәні
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Адам болмысының қайталанбас ерекшелігі
Пәндер