Лаңкестікпен күрес мәселесi


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1. Лаңкестіктің ұғымы және белгілері

1. 1. Лаңкестіктіңұғымы пайда болу негіздері . . . 8

1. 2. Лаңкестікті шығу тарихы мен түрлері . . . 11

1. 3. Лаңкестік және халықаралық лаңкестік экстремистік ұйымдар . . . 17

2. ЛАңКЕСТІКТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

2. 1 . Лаңкестік әрекеттердің қылмыстық құрамы және оның ерекшеліктері . . . 22

2. 2. Лаңкестікті басқа қылмыс түрлерінен шектеу және ажырату мәселелері . . . 28

2. 3. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы лаңкестік әрекеттер үшін жауапкершілік . . . 39

3. Халықаралық лаңкестікпен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық.

3. 1. Халықаралық лаңкестікпен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық нысандары . . . 42

3. 2. Лаңкестікпен күрестiң халықаралық- құқықтық механизмдерi . . . 49

3. 3. Орта Азияда және Қазақстанда халықаралық лаңкестікпен күресу . . . 51

3. 4. Дайындалып жатқан лаңкестік акт жайлы ақпаратты тіркеудің ерекшеліктері . . . 59

3. 5. Банктер мен өзге де несие ұйымдарының халықаралық Лаңкестікті қаржыландыруын қадағалаудың Қазақстандағы тәжiрибесi . . . 62

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған Әдебиеттер . . . 72

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Лаңкестікпен күрес мәселесi бүгiнде әлемдегi ең өзiктiде өткiр мәселелердің бiрi болып табылады. Сондықтан да бұл келеңсiз құбылыстың пайда болу негiздерi мен оны болдырмауға немесе алдын алу және лаңкестікпен ұтымды күрес жүргiзу құқықтық механизмдерiн қарастыру мақсатында халықаралық деңгейде үнемi iзденiс, iс шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. Сол себептен де халықарылық лаңкестікпен күрестiң құқықтық теориялық негiздерiн саралау, әрине, отандық зерттеушiлер үшiн өзектi, әрi тың тақырыптардың бiрi болып табылады. Жалпы соңғы он жылда белсендi зерттеле бастады. Алайда бұл тақырыптың құқықтық - теориялық аспектiлерi аз зерттелген. Осы тұрғыдан алғанда менiң дипломдық жұмысымыздың тақырыбына арқау болып отырған халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесi өзiнiң өзектiлiгiн айқын аңғартады.

Бүгiнде Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңiнде тұрып, дербес мемлекет ретiнде өзiнiң, тәуелсiздiгi, жер аумағының тұтастығын, ұлттық қауiпсiздiгiн қорғауға бағытталған үлкен iс шаралар ұйымдастырды, соның бiрi халықаралық лаңкестікпен күресу, оның алдын алуды реттеуге арналған заңдар қабылдап үлгердi, алайда сол елiмiздiң тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарында қабылданған заңдар, әрине, бүгiн өзiнiң мазмұндық сапасы бойынша жаңа заман талабына толық жауап бере алады деп айтуға болмайды. Сондықтанда халықаралық лаңкестікпен күрестiң құқықтық негiздерiне жаңаша, қайта құқықтық - теориялық сараптау жасаудың объективтi қажеттiлiгi туындап отыр. Қазақстан Республикасында лаңкестік оқиғалар соңғы уақытта орын алуда, айта кетер болсақ Мамырдың 17-сі күні Ақтөбеде жергілікті уақытпен таңғы 9. 30 шамасында жарылыс болды.
Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Лаңкестік - жұртты, елді, мемлекеттік органдарға қорқытуға, шошытуға бағытталған шара. Осы тұрғыдан алғанда Ақтөбедегі болған бұл жарылыс - нағыз лаңкестік, - дейді саясаттанушы. Сол сияқты Тараз қаласындада лаңкестік оқиғалар орын алып жеті адам қаза тапты. Менің ойымша, бұл жерде белгілі бір діни секталардың қатысы болуы мүмкін. Себеп - оларға, олардың іс-әрекетіне мемлекет бақылауының дәрменсіздігі. Ал мұндай мақсаттарды жүзеге асыру, әрине, халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесiнiң құқықтық негiздерiнiң әрi ұтымды, әрi реттеудiң әлемдiк деңгейдегi озық үлгi, әдiс- тәсiлдер мен жаңа прогрессивтiк жолдарын қарастыруды қажет етерi сөзсiз. Бұл бағытта, егемен ел, әлем таныған дербес мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы лаңкестіке, экстремизiмге қарсы заңнама негiздерi мен теориясы мейiлiнше, жедел қайта қарастырудың маңызы зор деп бiлемiз.

Бүгiнде халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесi тек ұлттық заңнама шеңберiнде ғана қалып қоймай сондай-ақ халықаралық құқықтық өлшем сипатына ие болып отыр және де бұл сала бойынша жаңа заман талаптарына сай жеткiлiктi теориялық және құқықтық негiздер қалыптастыруға мүмкiндiгiнше тиiмдi ат салысу қажет.

Лаңкестікпен күрестiң құқықтық негiздерi жалпы әлемдiк деңгейдегi ең ауқымды әрi күрделi, өткiр де өзектi мәселелердің бiрiне деп жоғарыда атап өттiк. Өкiнiшке орай, соған қарамастан, Қазақстан Республикасында халықаралық лаңкестікпен күрестiң құқықтық негiздерi құқықтық - теориялық тұрғыдан кешендi түрде әлi күнге дейiн толыққанда зерттелген емес, сол себептенде бұл сала бойынша арнайы монографиялық еңбектер мен диссертациялық зерттеулер жоқ. Қарастырып отырған халықаралық лаңкестікпен күрестiң құқықтық негiздерiне қатысты қазақша материалдардың тапшылығына қарамастан бiздер осы мәселеге қатысты құқықтық - теориялық зерттеудi жүзеге асыруға ұмтылыс жасап отырмыз.

Лаңкестікпен күреске қатысты теориялық зерттеудiң басты мақсаты болып жалпы лаңкестік түсінігін, лаңкестіктің шығу тегі мен түрлерін және оның құқықтық теориялық негiздерiн саралау арқылы бұл қылмыстық құбылыстың мәнiн ашып көрсету болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн төмендегiдей мiндеттер белгiленедi:

Лаңкестік түсiнiгiн, пайда болу негiздерiн, лаңкестіктің шығу тегі мен түрлерін, лаңкестік және халықаралық лаңкестік экстремистік ұйымдарды, лаңкестік әрекеттердің қылмыстық құрамын және оның ерекшеліктерін, лаңкестікті басқа қылмыс түрлерінен шектеу және ажырату мәселелерін, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы лаңкестік әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыру. Жалпы лаңкестікпен күрестiң отандық және халықаралық құқықтық негiздерiн, лаңкестікпен күресудiң халықаралық құқықтық негiздерiн саралау және де осы бағыттағы мемлекетаралық ықпалдастық мәселелерiн қарастыру. Осы мәселеге қатысты өзге де өзектi құқықтық - теориялық және тәжiрибелiк мәселелердi зерттеу, оларға талдау жасау, қорыту және елiмiздегi қолданыстағы кейбiр қылмыстық заңдардың сапалық мазмұнын саралау арқылы оларда орын алған жетiспеушiлiктердi анықтап, зерттеу нәтижесiнде қол жеткiзiлген құқықтық, теориялық тұжырымдарды негiздеу және лаңкестікпен күрестiң құқықтық негiзi болып табылатын арнайы сиппатағы ұлттық заңдар мазмұнын жетiлдiруге бағытталған тәжiрибелiк ұсыныстар жасау т. б. мәселелердi қарастыру.

Зерттеудiң әдiстемелiк негiздерi: Дипломдық жұмыстың әдiстемелiк негiзiн жалпы ғылыми диалектикалық танымдық әдiстерiмен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау, әлеуметтiк зерттеу сияқты әдiстердi құрайды. Зерттеудiң теориялық негiзiн отандық және шетелдiк заңгер ғалымдардың теориялық және тәжiрибелiк мәнi бар ғылыми еңбектерi қалайды.

Зерттеу нәтижесiнде мынандай негiзгi тұжырымдар жасалды:

-Лаңкестіктің әлемдiк деңгейдегi әлi жеңiп болмаған қоғамға аса қауiптi қылмыстың жаңа бiр түрi болып табылады;

-Лаңкестікпен күрес мәселесi тек жекелеген мемлекеттердiң iшкi мәселесі ретiнде қарастырылмау тиiс, сондықтанда оған әлемнiң барлық мемлекеттерi бiрлесе атсалысып халықаралық лаңкестікпен күреске үнемi халықаралық ұйымдар ықпалдастық жасап отыру қажет;

- Лаңкестікпен күрестiң құқықтық негiзi болып табылатын ұлттық қылмыстық заңнамалар халықаралық лаңкестікпен күресуге бағытталған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуi тиiс;

-Жекелеген мемлекеттердiң лаңкестікпен күрес жолындағы қол жеткiзген ең үздiк ұтымды күрес, айла тәсiлдерi әлемдiк дәрежеде жедел және кең қолданыс табуы тиiс;

-Лаңкестіктің пайда болуына негiз болатын мемлекетаралық жанжалдар мен қауiптi қақтығыстардың алдын алып оларды болдырмауға халықаралық деңгейдегi iс шаралар ұйымдастырлуы қажет деп бiлемiз.

Диплом жұмысының құрылымы және көлемi. Дипломның жұмыс көлемi 75 беттен тұрады. Құрылымы жағынан жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен және он бөлiмшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1. Лаңкестіктің ұғымы және белгілері

1. 1 Лаңкестіктің түсінігі пайда болу негіздері

Лаңкестік латынның “terror” - қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық лаңкестікке мынадай анықтама берген: "Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет"[1- ҚазГЗУ, 2003. 285 бетте]

Лаңкестік - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті халықаралық қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Лаңкестік әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі лаңкестік - мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - лаңкестікті жүзеге асыру арқылы яғни лаңкестердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық, сезімін туғызу болып табылады

Әлемдегі барлық мемлекеттер лаңкестік, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға бірлесіп мүдделілік танытуда.

Халықаралық лаңкестік халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 ж. басталды. Осы жылы "Лаңкестіктің алдын алу және оны болдырмау" Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда лаңкестік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол лаңкестікпен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.

Халықаралық лаңкестік актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет басшыларын, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да тұлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерін жару, жоғарыда аталған тұлғалардың үй-жайлары мен көлік құралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердегі және т. б. диверсиялар.

Бұл қылмыс түрінің субъектілеріне жеке тұлғалар да, лаңкестік ұйымдар да жатады1.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мемлекеттік органдарды, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау осы халықаралық қылмыс құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл тұрғыдағы халықаралық қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның, белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына лаңкестік актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен лаңкестік актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.

Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т. б. ) болмаса, ол лаңкестік үшін халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Лаңкестікті насихаттау немесе лаңкестік актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ, көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке халықаралық қылмыстық жауаптылық көзделген.

Лаңкестікті насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.

Жария тұрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында лаңкестік актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.

Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған лаңкестікті насихаттайтын немесе сол ланестік актісін жасауға итермелейтін мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.

Лаңкестік ұйымға лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде лаңкестікті пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда лаңкестік ұйым деп танылады.

Ал осы топқа басшылық ету деп, лаңкестік топты құрған, оған адамдар тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз.

Лаңкестік акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау болып табылады.

Лаңкестік актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен лаңкестік актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс- әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Заң лаңкестік әрекетке-адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген анықтама береді.

Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес лаңкестікті адамдар көбірек шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырылатын немесе ең бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады ( гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату, электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т. б) .

Көрсетілген әрекеттерді жасаумен қорқыту деп аталған пиғылдың шын екендігін оны дәлелдейтін әрекеттер жасау арқылы (жарылғыш заттар алу, жарылғыш қондырғыларды орнату, т. б) қуаттай отырып, лаңкестік әрекет жасау жөнінде тікелей айтуды түсінеміз. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру лаңкестіктің міндетті белгісі болып табылады.

Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады, тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар

орналасқан төңіректің үлкен жерлерін су басуы, апат, катастрофа, апат, аймақтың химиялық немесе радиоктивті заттармен ластануы, т. б.

Лаңкестік адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп төндіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған халықаралық қылмыс ретінде танылады. Лаңкестікті аяқталған қылмыс ретінде тану үшін өлімнің не басқа зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.

Тұлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа әрекет жасайтындығын немесе осындай әрекеттермен қорқытатындығын түсініп біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.

Лаңкестіктің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету- оның негізгі белгісі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты халықты қорқыту мақсаттары тұлғаның қоғамды дүрбелең күйге ұшыратуға, қалың көпшілікті өздерінің өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге ұмтылумен сипатталады.

Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бұл органдарды лаңкесшілер үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылатындай ниетінің болуымен байланысты.

Қазіргі кезде лаңкестік деген ұғым мен ислам дінін жиі байланыстырып қарастырады, алайда шын мәнінде, исламның өз басында ешқандай агрессияшылдық жоқ, әрине лаңкестіктің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуыда мүмкін. Қоғамдық көңіл күйдің радикалдауының кез-келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістерімен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді[2- 58 бет]

Сонымен, лаңкестік проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп саналмайды. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.

1. 2 Лаңкестіктің шығу тегі мен түрлері

Лаңкестіктің пайда болу туралы мәселесіне байланысты екі түрлі пікір бар: биологилық және әлеуметтік. Бірінші пікірді ұстанушылар адамды - оған зорлау түйсігі және агрессияшылдық тән деп, тек қана биологиялық жәндік ретіде қарастырады. Ал екінші пікірдің (әлеуметтік) ұстанушылары қоғамдағы лаңкестіктің пайда болуының себептерін көреді: адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани өмірін.

Лаңкестік өзінің тамырларымен терең ғасырларға кетеді, және сондықтан да саяси соғыстың қандай түрі нақты жемістерді алып келгенін анықтау қиын.

Мемлекет институтының пайда болуымен және элиталар арасында әлеуметтік-саяси қайшылықтардың пайда болуымен бірге ланкестік саяси соғыста кеңірек қолданыла бастады. Осындай жағдай азамат тарихында болғанын дәлелдейді, оған Ежелгі Мысыр, Жақын және Орта Шығыс, Европа, Ресей мемлекеттерінің тарихы дәлел болады.

Мемлекеттік төңкерістердің классикалық тәсілі б. з. д. 44 жылдағы Гай Кассий және Марк Юний Брутпен ұйымдастырылған Гай Юлий Цезарьге қарсы сөз байласу болды. Цезарьды өлтірудің себебі - оның өте қысқа уақытта өзінің қолында толық билікті жаулап алуға себеп болған оның саяси белсенділігі болды. Ол фактілі түрде монарх болды, бірақ республикалық басқару нысанын да сақтаған.

Ең ерте пайда болған лаңкестік топтардың бірі - жаңа эраның І ғасырында Палестинада әрекет еткен сикарийлер сектасы болды. Осы топ римляндармен бейбітшілікте болған еврейлік шонжарлардың өкілдерін жойған. Сикарийлер қару ретінде қанжарды немесе қысқа қылышты - яғни сиканы қолданған. Осы сикарийлердің әрекеттерінде религиоздық фанатизммен саяси лаңкестіктің байланысы көрінеді.

Сикарийлер сияқты бірдей идеологияны ассошафиндердің мұсылмандық сектасының өкілдері де ұстанған болатын. Олар халифтерді, префекттерді губернаторлармен басқарушыларды өлтірген.

Осы уақытта Индияда әр түрлі құпиялы қауымдастықтар өмір сүрген. «Жан қылқындырушылар» сектасының мүшелері өздерінің құрбандарын жібек жіппен қылқындырып өлтірген. Олардың осындай өлтіру әдісі Кали құдайына құрбан шалудың дәстүрі ретінде саналған. Осы сектаның ірі мүшесі былай деп айтқан: «егер де кімде кім бір рет болса да құрбан шалудың тәттілігін сезінсе, ол қандай да кәсіп өнерін игермесе де немесе оның қолында әлемнің бүкіл алтыны болса да - ол біздікі. Мен өз басым жоғарғы лауазымды иеленіп жақсы жұмыс істегенмін. Бірақ сектаға оралғанда ғана өзімді өзім деп сездім». [3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу
Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары
Еуропалық Одақ жайлы
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Ланкестік акттің теориялық мазмұны
АҚШ пен НАТО: ланкестікпен күрес
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ РӨЛІ
ЕО тәжірибесінің негізінде ішкі қауіпсіздік мәселелерінің методологиялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz