Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы дінмен үндестік және Аллаһты тану


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Осы дипломдық жұмыстың сипаты ата-бабамыздан келе жатқан хақ дін Исламды жырлау үрдісінің жалғасып бізге жеткендігін, әрі жалғаса беретіндігін көрсету. Сонымен қатар бүгінгі таңда дүние халқын алаңдатып отырған әр түрлі діни сенімдердің қарама-қайшылығын ымыраға келтірудей маңызды мәселе, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты да, көреген саясатының арқасында Астанада бой көтерген Бейбітшілік және Келісім Сарайында 3 дүркін болып өткен бүкіл әлемдік діндер съезінен көрініс табады. Осы бір жетістігімізді қолдап, қуаттай отырып шығармашылығындағы діни көзқарастар талданбақшы болған Мұқағали Мақатаев пен Құл-Керім Елеместің өлеңдерінде алдын-ала жырланып қойғандай екендігін аңғарамыз:
Әлем дархан сайалаңдар, бәріңеде орын бар
Қорған емес салтанатты, сәнді сарай соғыңдар
Ей адамдар сендер тату, сендер тату болыңдар [1, 9 б. ] .
Зерттеу тықырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде дін мен мемлекет бөліп қарастырылады. Яғни зайырлы ел түзімін ұстанудамыз. Дінді мемлекет басқарады. Дін мемлекет істеріне араласа алмайды. Еліміз халқының қайсыбір дінді ұстану және оны дәріптеу еркіндігі өзінде.
Мұқағали Мақатаев пен Құл - Керім Елемес шығармашылықтаныдағы көтерген отаншылдық идея, Отан ұшін жанымды қиямын, өлемін - өшемін деген құрғақ айқай байбалам емес немесе бейбіт заманда тырнақ астынан кір іздеп қолға қару алып, көтеріліс ұйымдастырып, ел - жұрттың тыныштығын алуда емес. Керісінше Отанды шынайы сүю. Ол үшін Отанның жүгін арқалап, өз қызметіңе адал бол, Отанның мүлкі мен байлығын ысырап етпе, сатқындық жасама, Отанның атақ - абыройына кесірін тиғізетін сөз - әрекеттен аулақ болып тәртібіне бойұсын. “Үкіметтің малы теңіз, жемеген адам доңыз” деген кері - бақпа идеядан азат етуге үндеп, әркім өзінің мүмкіндігінше Отанына үлес қоуды дәріптейді.
Екі ақынның осындай алға басар идеялары ұлтымыздың ұстаздары мен ойшылдары болған Абай, Шәкәрімдердің ойларымен тоғысып жатады. Олардың діні мен әдебиеті біреуі жүрегі болса, екіншісі оның дүрсіліндей еді. Бейне Абайдың “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” жырлағаны [2, 129 б. ] . Құлдырауға бет алған ұлт тағдырына жаны күйзелген Алаш Арыстары “Барады дін нашарлап, халық арам болып” [3, 1 б. ] деп жұрегі езіле жырлап, дін мен біліммен қазақты ойатпақ болған. Міне осыдан ата - баба дініміздің тарихтан жалғасып бізге жеткенін, әрі Ислам дінімен ғылымның ешқандай қайшылығы жоқ екендігі. Керісінше дін мен ғылым бір - бірін дәлелдеп, қалтарыс жерлерін ашып көрсетіп, бірін - бірі толықтырып, бірге дамитынын дәлелдеу арқылы Ислам дінінің шынайы, мәңгілік қасиетін көрсету. Бүгінгі таңдағы жат ниетті секталардың Ислам дұшпандарының арандатушылығы себебінен Ислам дініне қырын қарап жүрген бұрыс көзқарастағыларға ата - баба дінімізді оң қырынан көрсетіп, бейбітшіліктің қайнар көзі екендігін көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұқағали Мақатаев пен Құл - Керім Елеместің шығармашылығындағы діни философиялық талдау барысында ең әуелі осы тақырыптың зерттелу деңгейінің тамыры тым тереңде жатқанын айта кетуге тура келеді. Қазақ даласындағы 9 - ғасырдан бастау алған діни ғұлама ғалымдардан басталық.
Қазақ жеріндегі ғылым, білім, діни руханият, мәдени орталықтың үлкені әрине Фараб еді. Мұнда кезінде бай қоры бар үлкен кітапхана болғаны. Өкінішке орай оның моңғол шапқыншылығы кезінде құрып кеткені белгілі. Отырардан шыққан жалпы жұртшылық түгіл, мамандарға белгісіз он Фараби, үш Сайрами, жеті Түркістани, бес Женди, екі Баршынкенти (Баршынлығи), екі Сығанақи, екі Баласағұни, үш Тарази немесе өздеріне нысып етіп ру, тайпаларының атын алған үш Кердери, Қыпшақи, Дулати, екі Жалайыри, Наймани, Қоңыратили, Қазақилердің өмірі мен шығармашылығы зерделенген. Бұлардың ішінде Әбу Насыр Әл-Фараби энциклопедиясы болса, өзгелері ғылымның белгілі бір саласының өкілдері болатын [4, 108 б. ] .
Поэзия тілімен адамзат баласын әділ ақиқат жолға бастайтын Ислам дінімен оның бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарын дәріптеу ұлттық поэзиямызда күшті дамыған. Шәкәрім өмір сүрген кезде хақ дініміз Исламды жырлаған ақындар аз болмаған, мәселен Мәди Меркішұлы деген ақын Түркістан өлкесінде өмір сүрген. Саттар Өмірұзақов деген азамат оның шығармаларын Ташкентте басып шығарыпты. Сол ақынның “Ислам діні - хақ дін” деген өлеңінде аттары аталған Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина қазаққа белгілі болса, ал Ибн Әл Араби етене таныс дей алмаймыз. Ибн Әл Араби (Мухий ад-Дин Әбу Абдалла Мұхаммед бин Әли әл-Хатима ат-Таий (1165-1240) ірі Ислам философы, мистик ақын-ды. Ізбасарлары оны “ұлы ұстаз” деп атаған. Тегі жағынан андалусиялық ойшыл өз шығармаларын тек араб тілінде жазған [5, 174 б. ] .
Міне осылайша ата-бабамыздан жалғасқан хақ дінді зерртеу, оны жырлау үрдісі бір сәт толастаған жоқ. Шоқан, Абай, Шәкәрімдер жалғастырған, кешегі Кеңес Үкіметіндегі Мұқағали арқылы бүгінгі заманымыздағы Құл - Керім сынды ақынның еншісіне бұйырып үлгерді.
Мұқағали Мақатаев пен Құл - Керім Елеместің шығармашылығындағы зерттелу деңгейінің өзгешелігі олар адалдықты, адамдықты жырлау арқылы Аллаһты тануға жетелеп, Ислам дініндегі Шариғат Үкімдерінің ұлттық идеямызбен тоғысып жатқан ұқсастықтарын ашып көрсетіп, дін мен ғылымды ұштастыра отырып, көркем поэзи ялық тілмен жеткізген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бүгінгі таңда елімізде әр түрлі діндермен алуан мақсаттағы секталардың көбейюіне байланысты әлемдік негізгі діндерді басқаларынан ажырата білу. Жат ниетті миссионерлердің арандатушылығынан сақтанып, өз құқығымызды заң жүзінде қорғай білу. Діннің атын жамылып қоғамның тыныштығын бұзып жүрген, аттөбеліндей аз ғана бүлгіншілердің әрекетіне бола, хақ дініміз Исламды солардың қатарында санайтын сауатсыздықтан сақтанайық деген мақсатта бола отырып, ата дініміздің тарихтан бері әдебиетімізде үзіліс таппай жырланып келгендігін, қазірде жырлану үстінде, әрі жырланған өзекті мәселе адамзаттың бақыты, қоғамның тыныштығы, Отанның тұтастығын сақтау екенін ашып көрсету.
Бейне Елбасымыз Н. Назарбаевтың тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіндегі “Келешекте бұл әлемдегі діндераралық шиеленісті бәсеңдету, руханиятты бейбітсүйгіштік пен төзімділікті насихаттау міндеті болатын халықаралық ұйымның негізін қалай алар еді” деген аталы сөзіне үн қосып, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің “Біздің ұстанымымыз: Бір дін, бір мәзһәб, бір ұлт, бір тіл және халықтың ынтымағы мен достығы” [5, 203 б. ] деп салт - дәстүрімізбен сәйкестендіріп ұстанып келе жатқан хақ дініміз Исламнан кемістік іздеп, іріткі садғысы келетіндерге ескерту жасап бірлікке шақырған алғабасар идеясын дәріптеуді міндетіміз деп білдік.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні. М. Мақатаев пен Құл-керім Елеместің шығармаларындағы діни көзқарастарды жан-жақтылы талдап көрсету арқылы ата-баба дініміздің тарихтан жалғасып бүгінге жеткен, ғылым мен діннің бір-біріне қарсы емес, қайта өзара сәйкестігін түсіндіру. Сонымен қатар әлемдік діндер мен секталардың ара-жігін ажырата білу, діндер ара достастықты күшейтіп, қоғамның тыныштығын сақтау. хақ дін Исламды берік ұстанып, оны жалғасты зерттеуді алға қояды.
Дипломдық жұмыстың пәні шығармалары талданған екі ақынның діни маладан өзге тақырыптары көптеп зерттелген. Мұқағали Мақатаев жөнінде Нұрлан Оразалин “Құдірет жырдың құндағы” деген мақаласында қоғамды жайлаған аса қауіпті құдайсыздық дертіне шалдықпаған діни тақырыпта өлеңдер жазған деп мәлімет береді. Ал Нұрлытай Үркімбай “Жаратушының жетегінде жыр кешкен” атты мақаласында қылышынан қан тамған құдайсыз Кеңес Үкіметі кезеңінде тайсалмай дінді жырлады деп дерек береді. Құл-Керім Елемес “Екі ғасырдың екі ақыны” атты мақаласында М. Мақатевты хакім Абаймен салыстыра отырып, өзара үндестіктерін тауып Құран және Шариғат үкімдерімен дәлелдей отырып зерттеген.
Қазіргі таңда діни тақырыпта қалам тербеген саусақпен санарлық ақындардың бірегейі Құл-Керім Елемес туралы Айнұр Әбдірасылқызы “Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанр” атты мақаласында әжептеуір талдау жасап зерттеген. Біздің осы дипломдық жұмысымыз бастапқы кезең, болашақта кеңінен зерттеледі деп сенеміз.
Зерттеу жұмысымның теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы екі ақынның шығармашылығындағы дінмен үндесетін жырлары менресми діни тақырыптағы өлеңдерін, діни мазмұндағы даналықтарын зерттеу барысында діни-танымдық сенімдер, философиялық ой түйіндер, дін мен ғылымның арнайы зерттеу әдістерін пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында адам баласының діни танымының біртіндеп қалыптасуы және тереңдеуі, жаратылыс әлемін танып, сол арқылы дінге келуі, яғни ақын шығармаларында айтылған діни мазмұндардың мәнін ашу үшін діннің негізгі мәйегі, қағидасы Құран Кәрім, хадистерде алдын ала берілген хабарларды бүгінгі ғылым, техника жетістіктері дәлелдеген, ғылыми зерттеу кітаптарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Жалпы диплом жұмысы 70 бет.
1 МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДІНМЕН ҮНДЕСТІК ЖӘНЕ АЛЛАҺТЫ ТАНУ
1. 1 М. Мақатаев шығармаларындағы адалдықты, ізгілікті, отаншылдықты жырлауы
Аллаһтың нәсіп еткен ақылын орынды пайдалана білген ойшыл, философ, әдебиетшілірдің ешбірі діннен айналып өткен емес. Мысалы Омар Хайям, Гете, Толстой, Пушкин, Абай сынды әдебиет алыптары Аллаһты айна қатесіз таныған. Ақиқатты әділдікті жырлап, дін туралы әлемдік деңгейде өшпестей өнеге қалдырғаны ақиқат.
Міне осылардың жалғасы бүгінгі таңда ұлтымыз әспеттеп отырған аңыз адамдардың біріне айналған жыр дүл-дүлі Мұқағали Мақатаев. Ақынның шығармашылығындағы діни көзқарастарын талдамақшы болған бұл еңбегімнің беташары ретінде оның есімі туралы түсінік бере кетуді жөн көрдім. Азан шақырып қойылған аты Мұқамедғали, яғни пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) - мен Қазіреті Ғалидің аттарының қосындысы. Осы арада ақын неліктен әуелгі аты Мұқамедғали бола тұрып, Мұқағали болып танылды деген орынды сұрақтың туылуы мүмкін. Бұл жөнінде ақынның өзіне сөз берсек, ол былай дейді :”Менің есімімді әкем Мұқамедғали деп қойыпты, әкем соғыста қаза болды, маған бұл есімімнің қадір-қасиетін білемін бе деген ой келді. Өйткені бұл есім бүкіл мұсылманның ардақтысы пайғамбардың есіміне ұқсап кетеді. Соны өзімше өзгертіп Мұқасы мен Ғалиін алып, өзгертіп алдым” [6, 17 б. ] . Міне бұл жағдай ақынның діннен әжептеуір хабары бар екенін аңғартқандай. Мұқағали бойындағы ақындық сарынның дінмен үндестігі, оның балалық шағынан бастау алғаны белгілі. Мәселен соғыс кезінде бір топ бала қырманда жұмысқа жегіледі. Кешкісін қырманда түнеп таңетең беті қолдарын беті қолын жуарда су жоқ болып шығады. Сонда бала Мұқаң :
Дем бе, дем бе дем бе екен
Топырақ судан кем бе екен?
Топырақпен қол жусақ
Бір құдайға жөн бе екен [7, 123 б. ] - деп бірнеше қайталап сумен қол жуған сияқты қолына топырақты жағып-жағып, екі бетін сүркен екен. Тап бермеде тауып айтатын, суырып салма ақындығына таң қалып қана қалмастан өлеңнің мағынасына, оның астарына сыйып жатқан, шариғат қағидасын айтсаңызшы. Он жастағы бала түгіл, діннен мағлұматы болмаған алпыстағы ақсақал біле бермейтін, су болмаған кезде немесе су қолдану зиян болған жағдайда, топырақ сынды таза жер жынысына екі алақанды ұрып, екі қолды, шынтағы мен бетті толығымен сипаса, дәреттің де, ғұсылдың да, орнына жүре беретін (Тәйәммүм) атты діни тазалықты бір ауыз өлеңге сыйдырған ақынның алған тәрбиесімен тәлімін де, ділі мен дітінде дін жоқ деп кім айта алар.
Тәйәммүм һижреттің алтыншы жылында Бәни Мұсталық ғазауатында Аллаһ Елшісі мен мың шақты Ислам әскері таң намазына су таба алмаған кезде мына аятпен білдірген : “Егер науқастанып қалсаңдар яки сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып келсе яки әйелдеріне жақындасып, су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар ” [8, 88 б. ] .
Ақынның “поэзия махаббаттан басталып, парсаттылыққа ұласады”дегеніндей, әрбір қалам тартқан әдебиетші махаббаттан айналып өтуі мумкін емес. Енді ақынның махаббат жырларының дінмен қаншалықты қатысы бар екенін қарастырып көрелік:
Жамылып сағыныштың сал шекпенін
Сарғайып сенің үшін зар шеккенмін
Зарықтыр о тәңірім жалықтыр ма
Мәңгілік ғашықпын деп ант еткенмін
. . .
Қай тұста еді, құдай қай маңда еді
Маған құшақ сол жанның жайған жер [1, 63 б. ] .
Деген өлең жолдарындағы Алла есімін тілге ала отырып жалбарынуы, өткен ляззатты шақтарын аңсап, өкіне еске алып, сол арқылы құдайға сыйынуы көрініп тұрған діндарлығы. Ғашығы үшін сағына сарғайып зар шегу, азабын арқалап дертіне күйу, кіршіксіз сезім адал махаббаттың айғағы. Ақын лапылдаған от сезім, қызғын құштарлығын солғындатпай зарыға аңсауды армандап, көрсеқызар қызғаншақтық тез жалықтырады. Жалығу сезімнің айнуы, махаббаттың бүлінуі опасыздық деп түсініп, мәңгілік ғашықпын деп ант етеді. Ант етіп, уәде беру онда ауытқымай нық тұрып, махаббатта адал болу нағыз мұсылманның сипаты.
Дәл бүгінгі қоғамдағы махаббатты ойыншық етіп, ай сайын немесе аптасына жар ауыстыратын, талғамы таяз, сезімі селтең, ар - ұятты аяқ асты еткен, әдеб - ибадан, салт - санадан жұрдай, адамгершілік құдайшылыққа мүлдем жат, азғындықтың құйына белшесінен батқан жастарымыздың уланған санасына шипа, болашағына жарқын жол ашатын әпсана.
Ақ қыздар бәріңді де тұнық көрдім
Жасқанып жанарлардан бұғып келдім
Біріңнің арыңа ақау түсірмедім
Шыққанша қырқасына қырық белдің [9, 199 б. ] .
Әрбір адамға әрқандай бір мәселеге, жағдайға байланысты дұрыс пікір, оң көзқараста болу жүрегі таза иманды адамның ісі. Басқалардың басынан айып кеміс іздеу ең кемінде күмәнданып күдікпен қарау, иманды әлсірететін күнәлі істерден саналады. Ал ақын замандас қыздарды ақ, тұнық деп мақтап, өзі адамгершілікке жат әрекеттерден бойын аулақ ұстап, сырт көздерге оғаш көрінуден жасқанатын кіршіксіз пейілін аңғартады. Жастыққа сүйеп желігіп, албырт сезім жетегінде арамдыққа барудан аман қалған, яғни арулардың көз жасына қалудан қорқып нәпсіге құл болмаған пәк ниет, адал өмір кешірмесін өлеңніне арқау ете отырып, аманатқа қиянат жасау, мұсылманшылыққа жат, адамшылықтан алыстатын, арсыздық, сатқындық деп ақыл айтып тұрғандай.
Мейлі ғасыр айлар өтсін жыл өтсін
Тек өмірім сеніменен бір өтсін
Сен байлығым, сен бақытым, сен досым
Сен тірегім, сен кеудемде жүрексің [10, 24 б. ] .
Ақынның адал жарына арнаған бұл өлеңдерінен күйдім, сүйдім, өлдім-өштім деген байбалам айқай таба алмайсыз. Табынарым сен ғана сенсіз маған өмір жоқ деп тәңірлік сипатта бермейді немесе қор санап төмен көріп, астамсымайды. Жарының қадір-қасиетін бағалап, бейне пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) -ның “Әйелдеріңе жақсы қараңдар! Өйткені әйелдерің қолдарыңдағы тұтқын тәрізді, олар жағымсыз бір іс істегені болмаса басқа жағдайларда олар сендердің теңдерің”деген хадисін отбасының қағидасы етіп ұстанғандай, жарын байлығына, бақытына, сырлас досына теңеп тіпті жүрегімсің деп аялаған.
Мұқағали Мақатаевтаң мінез - құлқының айнасы ретінде күнделіктерінен мына үзіндіні оқи кетейік ‘’ Мен үшін дүниенің ең қорлығы - адамның айыбын бетіне басу, оның нашарлығын дәлелдеу. Бұл - бір, екінші - болмайды, жарамайды, жоқ деп айта алмаймын '' [11, 7 б. ] . Мұсылманда болуға тиісті нағыз көркем ақлақты ақыннан кездестіре алатынымыз даусыз. Ислам дініде кісінің айыбын ашу, оны бетіне басу қатаң тыйым салынған күнәлі іс. Тырнақ астынан кір іздеп, басқа біреудің кемшіліктерін тізбектеп отыру да адамды ғайбатқа жетелейді. Сондықтан Аллаһ : “Бір - бірлеріңнің кінәларыңды тіміскілеп іздемеңдер”, - десе Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : “Ей, тілімен иман келтіріп, жүректерімен сенбегендер! Мұсылмандардың сыртынан сөз айтып, кемшіліктері мен кінәларын тізбелемеңдер. Кімде - кім мұсылмандардың құпия халдерін іздесе, Аллаһ тағала да оның кінәларын ашады, тіпті, үйінде тығылып отырған күннің өзінде оны жұртқа масқара қылады”, - деп ескртеді. “Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ”, пенде болған соң адамның күнә жасауы мүмкін. Біздің міндетіміз- діндес барынша жасырып, жария етпей, қайта оның сол кемшіліктер мен күнәлардан арылуы үшін қол ұшын созып, тілекші болу [12, 232 б. ] . Ақынның мұндай нашар қылықтарды қорлық санауы, кісінің көңілін ауыртқысы келмейтін жұмсақ пейілі имандылығының белгісі.
М. Мақатаев шығармалары адалдықты, әділдікті шындықты арқау етіп, ар-намысқа ақау түсірмей аялауға үндейді. Арамдықты, жауыздықты, пендешілік пәс қылықтарды даттап, жан тәнімен ізгілікке жетелейді. Махаббаттан басталған поэзияеың парасаттылыққа ұласа бастаған, кезеңінен бірер мысал берейік.
Інім айтса бас изедім, аға айтса қош көрдім
Жанның бәрін жатырқамай жақсы дедім дос көрдім
Араларын ажырату мұнша қиын болар ма
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің
. . .
Адалсың ба қолыңды бер сенен тәлім алайын
Арамсың ба аулақ-аулақ маңайымнан ағайын
. . .
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал
Қалғандарын құлан жорытпас құла дүзге лақтыр! [1, 17 б. ] . Деген өлең шумақтарынан ақынның аппақ көңілі жырына шағылысып, жарқырап тұр.
Өзімшілденіп өзінікін дұрыс санап қалмастан, үлкен-кішінің көзқарас пікіріне құрмет етіп олармен ой бөліседі. Басқаларды жат санап басын алып қашпай дұрыс ниет, жылы сезіммен бауырына тартады. Күмән-күдік ойламастан өзім қалай болсам өзгелер де солай деп аузын ашса жүрегі көрінеді. Қыры мен сырына бойлап болмайтын сан қилы саласы бар, алмағайып өмірде дәл өзіндей ізгі ниетті адамдарды сирек кездестіріп, өзгелерден өзінікіндей дархан пейіл шуақты мейірге бөлене алмайды.
Адалдықта, арамдықта жүрекке байланысты қасиет. Оны дөп басып ажырату қиынның қиыны. Бұны тек адалдықты аңсаған, соның жолында шаршаған адам ғана біледі. Ақын жүрегі адал, ниеті таза адамдарды жақсы көрумен қатар, одан тәлім алуға ұмтылып, ниеті бұзық арам пиғылды адамдардан ат тонын ала қашып маңайына жолағысы келмейді. Жақсылармен жолдас болғандарға жақсылықтың, жамандармен жолдас болғандарға жамандықтыңтың тәсірі болатынын пйғамбарымыз (с. ғ. с. ) мынадай бір керемет теңеулер арқылы өсиет етеді:“Жақсы адамдармен жолдас болуды, қош иісті сулар сатылатын дүкенде отырғанға ұқсатады. Дүкеннің қожайыны оған ештеңе ұсынбаса да, ол жердің қош иісіне рақаттанады”, ”Жаман адамдармен жолдас болуды темірші ұстаханасына ұқсатады. Ол жерде отырған кісіге оттың ұшқыны шашырайды, ия болмаса иісі мазалайды’’ [13, 247 б. ] . Міне осындай дінмен ұштасып жатқан даналық өлеңдер иманды жүрек, даңғыл көкіректен ғана туады. Бұл өмірдің мәні адамдықта, адалдықта онан басқасының бәрі пендншілік пәс қылықтар немесе шайтанның жетегіндегі адасушылық деп түсінген ақын арамдықтан құлқыңды тазала, адалдық арыңа ақау түсіре көрме деп шырылдайды.
Адалсың деп көңіліңді көпсітпе
Адалдықты ала келгем анамнан
Арамсың деп өміріңді өксітпе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz