Нанотехнологияға кіріспе



Нанотехнологияға кіріспе
Индустриядағы ең төңкерісті сала
Адамзат барлық дерттен айығады дейді
Естен шығармайтын тұс
Қысқаша біз туралы
Дүниежүзі ХХІ ғасырдың басынан бері нанотехнологияға ерекше көңіл бөле бастады. Кейбіреулер бұл салада «АҚШ, Еуроодақ елдері, Жапония, Қытай көшбасында келеді» дегенді айтып, әлемді дүрліктіруде. Әлем осылайша дүрлігіп жатқанда Ресейдегі «Ұлы орыс шовинизмімен уланғандардың бір тобы»: «нанотехнологияны ең алғаш қолға алған орыстар болатын.
Бұған көз жеткізу үшін алысқа бармай-ақ «Солақай» (Левша) аңыз-әңгімесін оқыңыз. Сонда орыс шебері бүргені де тағалаған ғой» деп бөсуге айналды. Ендеше, біз де уәж айтып көрейік: «нанотехнологияны ойлап тапқан бірінші ұлт - қазақтар. Бұған көз жеткізгіңіз келсе, Ер Төстік ертегісін оқып көріңіз.
Сонда Күнекей қызды іздеушіге жол көрсететін, адамша сөйлей алатын құмырсқа бар емес пе еді?! Міне, сол құмырсқа қазақтар жасаған алғашқы нанотехнологиялық «өнім» болатын. Әттең, онымызды шет тілдерге аударып, ағылшындардың да, француздардың да, жапондардың да, қытайлардың да игілігіне айналдыруға кейінгі ұрпақтың мойны жар бер­меді». Әрине, нанотехнология туралы әркімнің әрқалай мақтануға құқы бар. Десек те ең әуелі «нанотехнология» деген сөзді қарапайым қазақ тілімен түсіндірер болсақ, «ергежейлі технология» деген сөзді білдіреді. Бұл арада «нано» сөзінің өзі «мыңнан бір бөлшегі» дегенді білдіретіні не­гізге алынады. Қысқасы, кез келген материяның мыңнан бір бөлшегі бастапқы шыққан тегіне мүлде ұқсамайтын физикалық қасиетке ие болады. Мінеки, осынау заң арқылы, яғни материяның бір күйден екінші күйге ауысқандығы өзгерістер заңы арқылы өмірге жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі «сандық технологиямен жұмыс істейтін бүкіл электрондық дүниелер» - сол нанотехнологияның жемісі. Бұған нақты мысал - байланыс саласындағы оптика талшықты жүйе. Яғни ешқандай сымсыз-ақ хабарды бір нүктеден екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтар қасиетін өз еркімізге бағындыру арқылы оп-оңай жеткізетін болдық.
1.Т.Г.Ланская., И.А.Меркулов., Ф.А. Чудновский. «Физика твердого тела».1976.
2.Андриевский Р.А. Порошковое материаловедение (М.: Метеллургия, 1991).

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Нанотехнологияға кіріспе
Индустриядағы ең төңкерісті сала
Адамзат барлық дерттен айығады дейді
Естен шығармайтын тұс
Қысқаша біз туралы

Нанотехнологияға кіріспе
Дүниежүзі ХХІ ғасырдың басынан бері нанотехнологияға ерекше көңіл бөле
бастады. Кейбіреулер бұл салада АҚШ, Еуроодақ елдері, Жапония, Қытай
көшбасында келеді дегенді айтып, әлемді дүрліктіруде. Әлем осылайша
дүрлігіп жатқанда Ресейдегі Ұлы орыс шовинизмімен уланғандардың бір тобы:
нанотехнологияны ең алғаш қолға алған орыстар болатын.
Бұған көз жеткізу үшін алысқа бармай-ақ Солақай (Левша) аңыз-
әңгімесін оқыңыз. Сонда орыс шебері бүргені де тағалаған ғой деп бөсуге
айналды. Ендеше, біз де уәж айтып көрейік: нанотехнологияны ойлап тапқан
бірінші ұлт - қазақтар. Бұған көз жеткізгіңіз келсе, Ер Төстік ертегісін
оқып көріңіз.
Сонда Күнекей қызды іздеушіге жол көрсететін, адамша сөйлей алатын
құмырсқа бар емес пе еді?! Міне, сол құмырсқа қазақтар жасаған алғашқы
нанотехнологиялық өнім болатын. Әттең, онымызды шет тілдерге аударып,
ағылшындардың да, француздардың да, жапондардың да, қытайлардың да
игілігіне айналдыруға кейінгі ұрпақтың мойны жар бер­меді. Әрине,
нанотехнология туралы әркімнің әрқалай мақтануға құқы бар. Десек те ең
әуелі нанотехнология деген сөзді қарапайым қазақ тілімен түсіндірер
болсақ, ергежейлі технология деген сөзді білдіреді. Бұл арада нано
сөзінің өзі мыңнан бір бөлшегі дегенді білдіретіні не­гізге алынады.
Қысқасы, кез келген материяның мыңнан бір бөлшегі бастапқы шыққан тегіне
мүлде ұқсамайтын физикалық қасиетке ие болады. Мінеки, осынау заң арқылы,
яғни материяның бір күйден екінші күйге ауысқандығы өзгерістер заңы арқылы
өмірге жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі сандық технологиямен жұмыс
істейтін бүкіл электрондық дүниелер - сол нанотехнологияның жемісі. Бұған
нақты мысал - байланыс саласындағы оптика талшықты жүйе. Яғни ешқандай
сымсыз-ақ хабарды бір нүктеден екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтар
қасиетін өз еркімізге бағындыру арқылы оп-оңай жеткізетін болдық. Менделеев
кес­тесіндегі көптеген элементтер нанотехнология арқылы өзгеріске ұшырап,
келесі бір мүлде өзге қасиетке ие болатындығы мінеки, осылайша анықталды.
Қысқасы, нанотехнология адамзат өміріндегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі
болды десек, артық айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен болашағы әлдеқайда
жемісті.
Жемісті деген сөзді тырнақшаға алдық. Себебі мұның пайдасынан зияны
көп бола ма? деген қауіп қазірдің өзінде адамзаттың ақылды тобын
үрейлендіре бастады. Ураннан ядролық жарылыс қаруын алуға болатыны
айқындалған шақта әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары күйзеліске ұшыраған
еді. Енді нанотехнологияның жемістірек болаты­нын сезінген қазіргі шақта
адамзаттың алдыңғы қатарлы тобындағы көптеген ғалымдар күйзеліске
түскендей. Оның өзіндік себебі бар. Мінеки, бұл мақалада сол себепті атап
көрсете отырып, қазіргі таңда нанотехнология өндірісіне инвестиция салуға
мейлінше ынталы болып жүрген қазақстандықтар мұның қай саласын таңдап
алмақшы деген сұрақты тиісті жауапты тұлғалар назарына ұсынбақпыз.

Индустриядағы ең төңкерісті сала
Қазіргі таңда нанотехнология жайлы әңгіме айтып жүрген ғалымдар мен
шенеуніктердің үлкен тобы нанотехнология индустриядағы ең төңкерісті сала
болатынын баса айтып, мұнда құйылатын инвестиция мейлінше мол болуы қажет
деген пікірге тоқталғандай. Біз мұны жоққа шығармаймыз. Жоғарыда
айтқанымыздай, жер бетінде бар, Менделеевтің кестесіне ен­ген химиялық
элементтердің барлығы атомдар мен молекулалардан тұрады. Бұлардың мейлінше
шағын болатындығы сондай, қарапайым микроскоптармен көру мүмкін емес.
Сондықтан да күні кешеге дейін осы саланы зерттейтін лабораторияларда
арнайы жасалған ең үлкейткіш микроскоптар пайдаланылды. Ал қазір олардың
орнын электронды ми­кроскоптар алмастырған. Мінеки, бүгінгі күннің өзінде
тек қана электронды микроскоптар арқылы көруге болатын осынау атомдар мен
молекулаларды енді мың есе кішірейткенде алынатын өнім қандай болатынын
ойша көзге елестете беріңіз. Бірақ бір таң- ғаларлығы мың есе кішірейген
жаңа атомдар мен молекулалар өздерінің шыққан тегінен мүлде өзгеше қасиетке
ие болады. Айталық, жер бетінде кездесетін уран өзінің ілеспелерінен
тазартылады да бейбіт мақсатта қолданылатын энергияны алу үшін одан уран
түймелерінің құрастырмасы жасалады. Мінеки, АЭС реакторларында
пайдаланылатын ядролық отын дегеніміз - осы. Мұның өзінен реакторларда бар
болғаны 1,5-3 пайызы ғана жанып, энергия береді. Қалғанын пайдаға асыруға
бүгінгі ғылымның қолы әлі жет­кен жоқ. Ал осы ураннан атом бомбасын жасау
үшін оны әлі де тазартып, ақыр аяғында плутони деп аталатын химиялық
элемент алынады. Сонда ойлап қараңыз, ураннан атом бомбасын жасайтын
элемент алғанға дейінгі жұмыс тізбегі қаншалықты ауқымды?! Егер осы
плутонидың өзін мың есе кішірейте алсақ, одан не шығуы мүмкін? Мың есе
кішірейген бұл жаңа өнімнің физикалық қасиеті қандай мәнге, мазмұнға ие
болады? Жаңа элементтен не аламыз? Мәселен, мұнайды синтездеу арқылы
мономерлер мен сорбенттер алатын болдық. Бүгінгі өміріміздегі синтетикалық
дүниелердің бәрі - осы аталған мұнайдың бергендерінің сыйы. Синтетикалық
талшықтардан жасалған бұйымдар өміріміздің барлық буынына дендеп енді.
Тіпті ғарышкерлердің киімі де синтетикалық талшықтан жасалған. Ал олар
қарапайым мұнайдан алынып еді дегенге қазір қалың бұқараны сендіру қиын.
Мінеки, нанотехнологияның бір саласы осындай игілікті өнімдер берері
ақиқат. Қазіргі таңда нанотехнология индустриясы дамыған елдер таяу
болашақта әлемдік рынокты жаулап алады деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан
да дүниежүзі бұл салаға түгел жұмылған. Бір таң- ғаларлығы, бәрі де ең кемі
сымды телефоннан ұялы телефонға дейінгі секірістей бір секіріс жасасақ
дейді. Бұлай болуы да мүмкін. Ал олай болмай қалса не істемекпіз?
Айт­қандай, уранның радиациялық қасиетін білген Пьер Кюри мен Мария Кюри әу
баста қарапайым фотоаппарат таспасын сәулелендіріп, бүлдіріп алғаны үшін
қатты өкінген болатын. Көп ұзамай Дмитрий Сахаровтың ядролық және
термоядролық бомба жасауға ғылыми негіз қалағанын се­зінгендіктен, төбе
шашы тік тұрды. Бір ғана саладағы осынау екі қын­жылыстың арасындағы
айырмашылық жер мен көктей.

Адамзат барлық дерттен айығады дейді
Нанотехнологияны медицина саласында да кеңінен пайдалануға болады.
Қазіргі ғалымдардың пайымдауынша, нанотехнология өнімдері медицина саласына
дендеп енген кезде адамзат барлық дерттен айығатын көрінеді. Әбден мүмкін.
Өйткені қазірдің өзінде дүниежүзінің гемотология (қан қасиеттерін зерттеу)
саласындағы ғалымдар қарыштап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды микроскопия
Наноматериялдар
Нанотехнологияның мүмкіншіліктері
Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері
Наноқұрылымдардың ерекшеліктері
Нанотехнология туралы
Цифрлық экономиканың Қазақстанға берер мүмкіндіктері
Нанотехнология дегеніміз не?
Нанотехнологияның Қазақстан мен шет елдерде дамуы
Арнайы ашылған аймақтар
Пәндер