Машина жасау өнеркәсібі


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
Техникалық машиналар
- Қазақстанда машина жасау өнеркәсіп кешенінің дамуы
- Машина жасау өнеркәсібінің орналасу ерекшелігі
- Қазақстанда ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындары
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми техникалық прогресті ілгерілетуде жаңа еліміздің экономикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын, станоктарды, көлік аппараттары мен аспаптарды ауыл шаруашылық машинасын жасап шығарады. Машина жасау өнеркәсіптің өзекті саласы. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуының, өндірістік кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Машина жасау республикамыздың материалдық-техникалық базасын құруда жетекші орын алады.
Машина жасау ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын тұтыну заттарын және қару-жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы. Машина жасау өндірісі энергетикалық, техникалық, станок жасау және құрал саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау т. б. салаларға бөлінеді. Қазақстанда машина жасау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында басқа республикадан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалды. Соғыстан кейін бұл сала жоғарғы қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған машиналар мен құрал-саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар барлығы мыңнан астам өнім түрлерін шығарады.
Машина жасау өнеркәсібінің дамуы экономикалық мәселелерді шешуде маңызы зор. Қазақстан Республикасының ұлттық тәуелсіздігін, қауәпсіздігін және көркеюін қамтамасыз ететін өнеркәсіп салаларының бірі, сонымен бірге әр елдің индустриялық-инновациялық қуатын, ғылыми-техникалық жетістіктерін көрсететін өнеркәсіп.
Техникалық машиналар
Қазақстанда машина жасау өнеркәсіп кешенінің дамуы
Социалистік индустриализация және өндіргіш күштерінің дамуы негізінде Қазақстан машина жасау өнеркәсіп кешені құрылды деп айту қиын. Жалпы айтқанда, оның дамуы мен орналасуы құрылымдық салалық деформация (біржақтылық) және орналасуында қарама-қайшылықпен (диспропорциямен) сипатталды. Машина жасау кешенінің құрамына машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі кіреді. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнімдерінің тұтыну бағытына байланысты маманданған салаларға: энергетикалық, көліктік, ауыл шаруашылық, аспап жасау т. б. болып бөлінеді. Мұнымен бірге бұл салалардың өзі бірнеше ішкі салаларға жіктеледі. Мысалы, көлік машинасын жасау өнеркәсібі: вагон, автомобиль, кеме, ұшақ, электровоз т. б. Машина жасау кешенінің дамуы үшін станок, ұсталық-престік машина жасау, инструмент, әр түрлі құрал-жабдықтар, өндірісті автоматикалық басқару жүйесі сияқты салалар керек. Сонымен бірге маңызды орын алған салалар: прибор (аспап) жасау, компьютерлік техника, электротехника т. б. Металл өңдеу өнеркәсібі: металдық конструкция мен әр түрлі бұйымдар жасайды, машина мен құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысады. Бұған машина жасау зауыттарындағы шойын мен болат құю, яғни (кіші металлургия), кіреді. Машина жасау кешені өндірісті құрал-жабдықтары мен детальдармен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз етумен бірге ол ғылым мен техниканың жетістігін өндіріске енгңзуге, өндірісті автоматикалық жүйеге көшіруге, еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық шығынды азайтуға, халық тұрмысына қажетті ұзақ уақытқа қолданылатын тауарлар шығаруға, адамдардың уақытын үнемдеуге және дұрыс пайдалануға көмектеседі. Машина жасау өнеркәсібі технологиялық стадиясы (сатысы) бойынша дайындау, механикалық өңдеу және жинау болып бөлінеді. Дайындау стадиясы металды көп жұмсайды, сондықтан шикізат көздеріне жақын орналасады, ал екі стадияларын орналастыруды жан-жақты түрлі варианттармен территориялық ұйымдастыруға болады.
Өндірістік мамандану бойынша машина жасау өнеркәсібі мынадай топтарға бөлінеді:
- заттық мамандану салалары: станок, прибор жасау, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы т. б. машиналарын жасау;
- бөлшектік мамандану: подптипник, қосымша бөлшектер мен детальдар, узелдер, маталдық конструкциялар т. б.
- технологиялық мамандану: металды құю, өңдеу және жөндеу, ұсталық-престік бұйымдар т. б. жұмыстары өндірісі.
Мамандану процесі арқасында негізгі кәсіпорындарының айналасында бір-бірімен өзара байланысты қосымша кәсіпорындар пайда болады, яғни дайын машиналр мен техникалар шығару үшін өндірісті ұйымдастыру формалары: мамандану, шоғырлану, серіктесу, септесу дамиды. Өндірісті ұйымдастыру формаларының дамуы территориялық (локалдық) машина жасау тораптарының, аудандарының, кешендерінің құрылуына себеп болады. Белгілі бір дайын өнім шығару үшін машина жасау зауыттарының бір-бірімен территориылық икемді өндірісті құруға ғылым техникалық жетістіктерін жылдам енгізуге, тұтыну нарығының сұранысына жылдам жауап беруге мүмкіндік жасайды.
Машина бөліктерін жасайтын дайын тетіктерден машиналарды құрастыратын жеке және арнаулы кәсіпорындар бар. Еліміздің жеке аудандарының табиғи-экономикалық жағдайларын дұрыс пайдаланы, машина жасау өнеркәсібіндегі тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайтады. Сондықтан шикізатты көп қажет ететін бөлшектер шығаратын машина жасау кәсіпорындары шикізат көзіне, машина құрастыру (жинау) кәсіпорындарна, сондай-ақ тұтыну аудандарына мүмкіндігінше жақын орналастырылады. Машина жасау өндірісі ұйымдастырудың және кооперативтендірудің дамуына байланысты өркендейді. Машина жасау зауыты бір-бірімен технологиялық және өндірістік байланыстары бар машина жасау кешендері мен орталықтарын құрайды. Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты қара және түсті металдар. Бұрын машина жасау өнеркәсібінде шойын, болат, латунь, қола ғана пайдаланған болса, қазіргі кезде жоғарғы температураға шыдамды, коррозияға берік болаттың көптеген түрлері пайдаланады. Сонымен қатар, әр түрлі металдар, оның ішінле с ирек ткезлесетін металдар шыны, пластмасса қолданылады. Жаңа материалдардан реактивті қозғалтқыштар, газ құбырлары мен атом ракеталары, бақылау қондырғылары және басқа бөлшектер жасалуда. Машина жасау салаларына көп мөлшерде бояу мен лак қажет.
Машина жасау өнеркәсібінің орналасу ерекшелігі
Машина жасау түрлі машиналар мен олардың тетіктерін, құрал-жабдықтар мен аспаптар жасайтын өнеркәсіп саласы. Ол шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді. Алуан түрлі өнімдер шығарғанымен, машина жасау зауыттарының бәрінің технологиялық процесі біртектес. Олар дайындама жасау, тетіктер өндіру және дайын тетіктерді құрастырудан тұрады. Соған сәйкес, машина жасау зауыттарын құю, ұста-пресс, механикалық және құрастыру цехтары болады. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнім түріне қарай ауыр машина жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, өнеркәсіп үшін техникалық құрал-жабдықтар жасау, сондай-ақ станок және аспап жасау болып бөлінеді.
Машина жасау бүкіл халық шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыруда үлкен роль атқарады. Ол халық шаруашылығының барлық салаларын өнімділігі жоғары машиналармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қоғамдық еңбектін өнімділігі, техникалық, прогресс, халықтын әл-ауқаты және елдің қорғаныс қабілеті негізінен машина жасаудын дамуына байланысты.
Технологиялық процестің стадияларына (сатыларына) және орналасу ерекшеліктеріне байланысты машина жасау өнеркәсібі мынадай топтарға бөлінеді:
Ауыр машина жасау өнеркәсібі. Мұның құрамына металлургиялық тау-кен, көтерме көлік құрал-жабдықтары, энергетикалық блоктар (бу қазандары, атом реакторлары, турбина мен генераторлар), металды көп жұмсайтын габариттік құрал-жабдықтар. Кәсіпорындары негізінен толық өндірістік циклді болады және металлургиялық базалары жақын орналасады.
Жалпы машина жасау өнеркәсібі. Бұған әр түрлі металдық конструкция жинау және ірі габритті, бірақ жинауы күрделі емес (автомобильден басқа) машина жасау өнеркәсібі, өнеркәсіпке және құрылысқа технологиялық құрал-жабдықтар (жеңіл және тамақ өнеркәсібінен басқа), ауыл шаруашылығы машиналарын жасау трактордан басқа өнеркәсіптері жатады. Шикізатты (металды) көп шығындайтын салалар мен кәсіпорындар металлурггия базаларына, басқалары көбінесе тұтыну рыногына жақын орналасады.
Орта машина жасау өнеркәсібі . Автомобиль, трактор, станок жасау, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылысқа керек орта және кіші мөлшердегі машиналар мен құрал-жабдықтар өнеркәсіптері кіреді. Мұның құрамына технологиялық стадиялар боцынша маманданған көптеген кәсіпорындар кіреді. Оларға серіктесу (кооперация) және септесу (комбинирование) арқылы территориялық ұйымдастыру тән.
Дәл машина жасау өнеркәсібі. Дәл машиналар мен механизмдер, аспап пен инструмент жасау, комьютерлік техника, работ техника, автоматикалық құрал-жабдықтар, космос т. б. өнеркәсіптер жатады. Бұл салалардың технологиялық процесі дәл механикалық өңдеу мен жинауды қажет етеді. Сондықтан олар жоғары біліктілік жұмысшылары бар аудандарға орналасады.
Металдық дайын құрамалар мен жабдықтар өнеркәсібі. Металдық дайын құрамалар дайындау шикізат көздеріне, ал металдық жабдықтар шығару, тұтыну рыногына жақын орналасады.
Кез келген машина жүздеген тіпті мыңдаған тетіктерден тұрады. Электровоз жасау үшін екі жүз он мың тетік, бір ұшақ жасау үшін жүз жиырма мың тетік керек. Осы тетіктердің барлығын бір зауытта жасау ыңғайсыз әрі тиімсіз.
Машиналар ремонттау мен құрал-жабдықтарды жөндеу. Металды пайдалануына байланысты машина жасау салаларының бір-бірінен айырмашылықтары бар. Машина жасау өнеркәсібінің әр түрлі салалары металды бірдей мөлшерде пайдаланбайды. Металдарды көп қажет ететін машиналарға көмір қазатын комбайндар, экскаваторлар, қуатты автосамосвалдар, трансформаторлар жатады.
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі Қазақстанда Кеңес өкіметі кезінде дамыды. XX ғ. 30-жылдары негізінен тау-кен өнеркәсібіне қызмет ету үшін кішігірім зауыттар, цехтар, ремонт жасайтын шеберханалар салына бастады. 1932 жылдан бастап металл өңдеу өнеркәсібі жолға қойылды: таразы, таразының тастары, су диірмендеріне, кіші су электр станцияларына құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығына керекті техникалар. Елімізде машина жасау өнеркәсібі дамуының жаңа кезеңі соғыс жылдарына (1941-1945) байланысты. Бұл кезеңдерде КСРО-ның батыс аудандарына Қазақстанға ондаған машина жасау зауыттарына эвакуация жасалды. Соғыстың алғашқы жылдары Мәскеу, Ленинград (Санк-Петербург), Подольск, Мичуринск, Харьков, Воронеж, Донецк, Махачкала жабдықтары мен және техникалық-инженерлік, жұмыскер кадрлары көшіп келді. 1940-1945 жылдары машина жасау өнеркәсібінің өндірістік қоры он екі пайызға, ал еңбек өнімділігі он төрт пайызға ұлғайды. Бұл кезде іске қосылған зауыттар: Алматы ауыр машина жасау, Шымкент прес-автомат, Астана ауыл шаруашылық машина жасау зауыттары, Арматура және К. Е. Ворошилов атындағы механикалық зауыттар Оралға көшірілді. Соғыстан кейін бұл зауыттар өндіруге көшті. Дегенмен, өнеркәсіптің құрылыммында жөндеу-құрастыру зауыттары басым болды. 1955 жылы машина жасау өнеркәсібі өнімнің қырыө бес пайызы осының үлесіне тиеді. 1955-1965 жылдары машина жасау өнеркәсібінің өнімі он бір бүтін оннан үш болса, он алты бүтін оннан жеті пайыз болды. Республика машина жасау кешенінің жалпы өнімі 132 пайызға өсті, ал 1989 жылы жүз елу төрт пайызға ұлғайды. 1980-1989 жылдары машина жасау өнеркәсібінің республика және жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі он бес бүтін оннан екі пайыздан он алты бүтін оннан үш пайызға ұлғайды. Алайда бүл уақытта өнеркәсіп-техникалық базасы ескіре бастады. Машина жасау кешені негізгі өндірістік қорының тозуы 1980 жылы жиырма бес бүтін оннан сегіз пайызға 1989 жылы отыз алты бүтін оннан үш пайызға жетті. Машина жасау өнеркәсібін соңғы он үш жылдағы (1991-2003) жұмысының негізгі көрсеткіштері төмендегідей:
Машина жасау өнеркәсіп саласы ретінде он сегізінші ғасырда пайда болды. Ресейде алғашқы машина жасау заводтары он сегінші ғасырда салынды.
Тәуелсіз он үш жылда машина жасау өнеркәсібі өнімі 1999 жылдан бастап өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда 1999 жылы 13, 6 пайызға, 2000 жылы 79, 9 пайызға өсті, ал оған дейінгі жылдары 9 пайыздан 37 пайызға дейін төмендеді. Осыған байланысты өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемдегі сала өнімінің үлесі 11, 6 пайыздан (1999жыл) 2, 2 пайызға, яғни бес есеге төмендеді. Кейбір өнімдердің нақты көлемі 1991жылы нақты өнім көлемінің 6 пайызын құрады. Олар ұсталық-пресс машиналары, трансформаторлар, автомобиль тіркемелері, автобөлшектер, қатарлы дестенегіштер, шалғылар, бульдозерлер, жуылған кірлерді сығатын машиналар, радиоқабылдағыштар. 1999 жылы машина жасау салаларының кәсіпорындары қуатын пайдалану орташа есеппен10пайыздан аспады. 2000 жылдан бастап машина жасау өнеркәсібінде біршама өсу өарқыны біліне бастады. Мысалы, 1999 жылмен салыстырғанда әр түрлі крандар өндіру 4, 5 есеге, подшипник 4, 3 есеге, экскаватор 3, 2 есеге, бульдозер 2, 4 есеге, арнайы автомобильдер 1, 6 есеге, мұнай-газ құрал-жабдықтар 4, 4 есеге ұлғайды. Жаңа өнімдер бейнемагнитофон, жазатын аппаратуралар, тоңазытқыштар, шаңжұтқыштар шығарыла бастады. “Қазақстан трактор” АКК-ы құрылып, жаңа типтегі Т-95 тракторлары шығарыла бастады.
Қазақстанда ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындары
Қазақстанда машина жасау кәсіпорындарының орналасуы сол ауданның өндірістік мамандану ерекшелігіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығы машина жасау мен трактор өнеркәсібі дәнді-дақыл егетін және өңдейтін аудандарда орналасқан. Тау-кен шахта құрал-жабдықтары Қарағанды көмір бассейнінің орталығы Қарағандыда, мұнай-газ құрал-жабтықтары Атырауды орналасқан. Қазақстан машина жасау өнеркәсібінің негізгі шығаратын өнімдері: сұйық заттарды тартуға арналған насостар, электрдвигательдер, тұрмыстық электр аспаптар, трансформаторлар, ұсталық-престік автоматтар, автомобиль прицептер мен контейнерлер, егін оратын машиналар (жаткалар), шөп шабатын машина (косилка), бульдозерлер, магнитофондар және радио телебұйымдар.
Бесінші қыркүйек 2000 жыл Қазақстан Үкіметі 2000-2005 жылдары машина жасау өнеркәсібі кешенінің бағдарламасын бекітті. Мұндағы басымдылық бағыттар мыналар:
- трактор және ауылшаруашылығы машина жасау өнеркәсібі, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті құрал-жабдықтар мен қосымша бөлшектер;
- көлік машина жасау өнеркәсібі, оның ішінде әр түрін цистерна-вагондар, жол бойына, әсіресе темір жолына қажетті құрал-жабдықтар, контейнерлер;
- мұнай өндіру және өңдеуге арналған машиналар мен құрал-жабдықтар;
- тау-кен және металлургия машиналары мен құрал-жабдықтарын шығаратын салалары;
- тоқтап қалған машина жасау кәсіпорындарын қалпына келтіру және қазіргі сыртқы және ішкі рыноктың сұраныс деңгейіне төтеп бере алатын бәсекелесе алатын жоғары сапалы машиналар шығаруға арналған жекелеген жобаларды орындау (автомобиль, прибор жасау, медицина, электротехника т. б. өнеркәсіптер) .
Қазіргі уақытта еліміздің экономикасына тартылып жатқан шетелдік инвестициая құрылымына қарасақ, олардың басым көпшілігі Қазақстанда дүниежүзі рыногын шикізатпен жабдықтаушы ретінде қарап және табиғат байлығына байланысты өнеркәсіп салаларына көп көңіл бөлуі белгілі болып отыр. Дегенмен, отандық және шетелдік кәсіпкерлер еліміздің машина жасау кешенін қайта жандандыруға, әсіресе тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қажетін қамтамасыз ететін салаларға көңіл бөле бастады. Қазіргі уақытта и кәсіпорындарды конверциялау арқылы сапалы өнімдер, оның ішінде жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндіктер туа бастады. Машина жасау өнеркәсібінің жаңа дайын өнім шығаратын салаларын дамыту үшін отандық кәсіпкерлерді жұмылдыру, отандық жоспар-бизнестер дайындау және мемлекеттік тұрғыдан қолдуды қажет етеді. КСРО кезеңінде отыз екі қазақстандық машина жасау өнеркәсіп кәсіпорындарының 60 айыз өндірген өнімі Ресейде, он пайызы Одақтың басқа республикаларына, бес пайызы шетелдер рыногына жөнелтілді, керісінше, алпыс пайыздан астам машиналар мен құрал-жабдықтар республикаға сырттан тасымалданады.
Қазақ ауырмашина жасау кәсіпорындары Алматы, Өскемен, Қарағанды және Атырау қалаларында орналасқан. Мұның ішінде Алматы ауыр машина жасау зауыты ТМД елдері рыногына болат прокаты, кабель, құбыр, металлургиялық комбинаттарға керекті қнімдер шығарады. Өскемен ауыр машина жасау зауыты түсті металл өндіретін рудниктерге құрал-жабдықтарды, Қарағандыда (Каргормаш) АҚ зауыты тау-кен шахта машиналар мен құрал-жабдықтарын өндіреді және оларды жөндеу жұмыстарымен айналысады. Атырау ауыр машина жасау зауыты мұнай өнеркәсібіне керекті құрал-жабдықтарды өндіреді. Осы топқа Шымкент пресс-автомат зауытын жатқызуға болады.
Жалпы машина жасау өнеркәсібі ішінде Қазақстан ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарын атауға болады. Олар негізінен тың және тыңайған жерлерде, яғни тұтынушы аймақтарда - Астана (Қазсельмаш, Целинсельмаш), Ақтқбе ауыл шаруашылығы машина жасау зауыты, ауыл шаруашылығы машиналарыш жөндеумен айналысатын кәсіпорындар: Орал, Астана, Семей, Қсотанай т. б. қалаларда орналасқан. Павлодар трактор зауыты қазір қиын экономикалық жағдайда. Оның себебі дайын өнімді шығару үшін зауыт КСРО-ның көптеген кәсәпорындарына тәуелді болды. Мысалы, 1996 жылы зауыт тұрақты жұмыс істеу үшін ТМД және бұрынғы ӨЭК (Өзара экономикалық көмек) елдері шығаратын жүз жиырмадай құрал-саймандар мен детальдар керек болды. Бұрын дизельдік мотор алып тұратын Барнауыл зауыты банкротқа ұшырағанына байланысты өз елімізде Қостанай дизельдік зауытында мотор шығару жолға қою керек. Кіші және орта бизнестің дамуы, әсіресе фермер шаруашылығы кіші техникалық құралдар мен машиналар өндірумен тікелей байланысты. Мысалы, (Мотор) АҚ (Батыс Қазақстан облысы) Тай-2 минитракторын шығара бастады, Ақтөбеде “Беларусь” тракторын жинау мәселесі шешілді, Алматы зауыты “Поршень” трактор және бульдозер шығарады, Астанада “Нан” астық жинау комбайнын (Украинамен бірігіп) құрастыру жолға қойылды. 1991-1998 жылдары ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету, ішінде комбайн екі есеге, трактор және жер жыртатын машиналар отыз бес пайызғаазайды. Ескірген және тозуға ұшыраған трактор паркінің үлесі жетпіс пайызға, тұқым себетін машина алпыс алты пайызға, дәнді-дақылдар жинайтын комбайын елу жеті пайызға жетті. Сондықтан өнеркәсіптің бұл саласы Қазақстан өкіметінің қолдауын және арнайы шешімдерін қажет етіп отыр. 1997 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібінің 2000 жылға дейін даму туралы бағдарлама қабылданды. Мұндай республиканың тұтынуға қажетті әр түрлі жинайтын комбайн, машиналар, телеқондырғылар, фермер шаруашылығына қажетті машиналар шығаруды жолға қою белгіленді.
Станок жасау өнеркәсібі қазіргі уақытта экономикалық дағдарысты басынан кешіріп отыр. 1990 жылы Алматы қаласындағы зауыттар станок жасау зауыты, «Поршень» зауыты, төменгі вольттік аппаратура зауыты, Шымкент металл кесетін станоктар, Орал-Петропавл өнімдерін өндірді.
Қазақстанда прибор жасау өнеркәсібі әскери қорғаныс кешені құрамында ғана дамыды. Қазіргі уақытта бірлескен Қазақстан-түрік кәсіпорыны “Вемет” телефон аппаратурасы мен цифрлық телефон станцияларына жабдықтар (Павлодар) ферма “Эко” (Павлодар) -- фирмалық электрон микрофондары, телевизор декодері, радио бөлшектерін шығарды. Алматы күрделі электротелерадио аппаратура “Променецязь” зауыты - телебайланыс құралдары, Арқалық радиодеталь зауыты, “Арна”, Алматы “Сайман” ЖАҚ - энергия есептеу приборы, Қарағанды ӘҚБ - “Вторчерметавтоматика” - су, электр энергия, жылу есептеу приборлары т. б. өнімді шығарады. Болашақта дәл машина жасау өнеркәсібінің орталықтары Алматы, Петропавл, Орал, Курчатов, Семей болып қала береді.
Қазақстанда электротехникалық машина жасау өнеркәсібі тау-кен, отын-энергетика өнеркәсіптері мен көлікті керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге маманданған. (Олар Тараз, Павлодар, Петропавл, Орал қалаларындағы зауыттар, Батыс Қазақстан мұнай-газ кешенінене қызмет етеді. “Имстальком” АҚ (Тараз), Щучинск техникалық-қазан, Талдықорған электронасос, Орал металл бұйымдары зауыты, “Омега” зауыты (Орал) . Электрондық саланың жаңа өнімдерін Петропавл, Орал, Алматы, Семей прибор жасау зауыттары игере бастады. Мысалы, Семей мети-фурнитура зауыты байланыс желілері мен теледидар станцияларына керекті приборлар шығаруда. Оңтүстік Қазақстан облысында “Элктроаппарат” ААҚ-ы құрылып, мұнда күн энергиясын пайдаланып, су қайнайтын тұрмысқа керекті аппараттар, жоғарғы кернеудегі аппаратуралар, трансформаторлық станцияларға әр түрлә құрал-жабдықтар мен приборлар шығару іске қосылды. Павлодар облысында “Қазэнергокабель” зауыты іске қосылып, сырттан кабельдерді импорттауды азайтуға (отыз пайызға дейін) ТМД елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік жасады. Сонымен бірге бұл облыста “Эмми АО Элмо” АҚҚ, “Трансформат” ААҚ құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz