«МБК-Құрылыс» ЖШС-нің бухгалтериясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 «МБК.Құрылыс» ЖШС.нің жалпы мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ақша қаражатының есебі және есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тауарлы.материалдық қорлар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Еңбекақы есебі және оны төлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4 Қаржылық есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2 «МБК.ҚҰРЫЛЫС» ЖШС.нің меншікті капиталының есебі ... ... ... ... ... ... ...20

2.1 Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі және экономикалық талдау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Дебиторлық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Міндеттемелердің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Мен – Асубаева Ақзер Қалдыбековна өндірістік тәжірибеден «МБК-Құрылыс» ЖШС-нің бухгалтериясынан жалпы бухгалтер жұмысымен толық танысып өттім. Теорияның тәжірибемен ұштасуы мамандар даярлау барысында маңызды болып табылады. Соны тағы бір рет дәләлдедім. Тәжірибеден өту барысында «МБК-Құрылыс» ЖШС-нің Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының ұйымдық қызметі, атқаратын жұмысы, алдағы мақсаттары, міндеттерімен өз алдында таныссам, шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайымен,бухгалтериясымен барынша таныстым.Соның нәтижесінде қаржылық есептілік жасап үйрендім.Осының бәрі есеп беруде көрініс тапқан.
1. ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңы, 2004 ж. 10- наурыз

2. ҚР азаматтық кодексі және салық кодексі
3. ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2004ж., № 9

4. ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2005 ж., №28
5. Бухгалтерлік Бюллетень 2003 ж., №3-9

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 МБК-Құрылыс ЖШС-нің жалпы
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ақша қаражатының есебі және есебін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Еңбекақы есебі және оны
төлеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...9
1.4 Қаржылық есеп
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..17

2 МБК-ҚҰРЫЛЫС ЖШС-нің меншікті капиталының
есебі ... ... ... ... ... ... ...20

2.1 Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі және экономикалық талдау
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Дебиторлық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Міндеттемелердің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8

КІРІСПЕ

Мен – Асубаева Ақзер Қалдыбековна өндірістік тәжірибеден
МБК-Құрылыс ЖШС-нің бухгалтериясынан жалпы бухгалтер жұмысымен толық
танысып өттім. Теорияның тәжірибемен ұштасуы мамандар даярлау барысында
маңызды болып табылады. Соны тағы бір рет дәләлдедім. Тәжірибеден өту
барысында МБК-Құрылыс ЖШС-нің Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының
ұйымдық қызметі, атқаратын жұмысы, алдағы мақсаттары, міндеттерімен өз
алдында таныссам, шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайымен,бухгалтериясымен барынша таныстым.Соның нәтижесінде қаржылық
есептілік жасап үйрендім.Осының бәрі есеп беруде көрініс тапқан.

1 МБК-ҚҰРЫЛЫС ЖШС-ның жалпы мінездемесі

Кәсіпорын 2007 ж. тамыз айында МБК-ҚҰРЫЛЫС ЖШС-і ретінде құрылды. Ал
өзінің қызметін 2007 ж. қараша айында бастады. Кәсіпорынның негізгі мақсаты
табыс алу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік
төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Темір жол локомотивтері мен темір жол жылжымалы құрамын жөндеу және
қызмет көрсету;
- Құрылыс материалдарын, саймандар, шикізат, жиынтықтауыш бұйымдар,
конструкциялар өндіру және сату;
- Құрылыс-құрастыру, жөндеу-құрылыс, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы 91 900 (Тоқсан бір мың тоғыз жүз)
теңге құрайды. Құрылтайшылар келесі үлестерді иеленеді:
Рахманбердиев Қ. С. – 45 031 теңге – 49%;
Чемербаев А. Д. – 46 869 теңге – 51 %.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері:
1. Қалпына келтіру.
2. Жөндеу.
3. Қосалқы бөлшектерді өндіру.
Кәсіпорынның бұйымдарының және қызметтерінің толық номенклатурасы
мына кестеде көрсетілген:
Кәсіпорындағы қызметті ұйымдастырудың мәліметтері төмендегі статистика
мәліметтерінде көрсетілген:

Кесте-1
МБК-ҚҰРЫЛЫС ЖШС-тың жұмысшыларының ұйымдастырушылық құрылымы.

№ Көрсеткіштер 2007 2008
адам саны % адам %
саны
1 Жалпы 76 100 77 100
2 Басшылар 4 5,3 5 6,5
3 Мамандар 8 10,5 10 13
4 Қызметкерлер 9 11,8 5 6,5
5 Жұмысшылар 55 72,4 57 74
6 Орташа айлық жалақы 31045,5 35156,2

Жоғарыдағы статистика мәліметтерінен байқағанымыздай, жылдан жылға
кәсіпорында жұмыс істеуші адамдар саны аздап көбеюде. Өйткені, кәсіпорын
жұмысы жақсарып, өндірістік қуат ұлғайып, жаңа жұмыс орындары қажет. Бұл
қуантарлық жайт. Бұдан байқағанымыздай, чех жұмысы тұрақты екен. Кәсіпорын
жекеменшік нысанда болса да, жалақы мөлшері жылдан жылға көбейіп келе
жатыр.
Кәсіпорынның басқару органдары:
1. Жоғарғы орган - қатысушылардың Жалпы жиналысы.
2. Атқарушы органы – Бас директор.
3. Бақылаушы органы – Тексеру комиссиясы.
Жоғарғы орган – серіктестіктің қатысушыларының Жалпы жиналысының айрықша
құзыретіне:
1) кәсіпорынның жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының
мөлшерін, орналасқан жерін және фирмалық атауын өзгерту;
2) жылдық қаржылық есеп-қисапты бекіту және таза табысты бөлу үлестіру;
3) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімді бекіту;
т. б.
Атқарушы орган - оның қызметіне басшылық ететін, мүлкін басқаратын және
билік ететін, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін, төлем
нысандарын айқындайтын және басқа әкімгерлік функцияларды атқаратын Бас
директор болып табылады. Ол өз құзыретінің шектерінде төмендегі
функцияларды атқарады:
- өзіне қатысушымен айқындаған өкілеттіктердің шектерінде серіктестік
атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
- кәсіпорынның ақша-қаражаттарын қоса оның мүлкіне билік етеді;
- банктік шоттар ашады;
- сенімхаттар береді; т. б.
Бақылаушы орган – тексеру комиссиясы қатысушылардың серіктестіктің
атқарущы органының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау мен жылдық қаржылық
есеп-қисапты тексеру үшін серіктестіктің қатысушыларының немесе олардың
өкілдерінің қатарынан Жалпы жиналыс бес жыл мерзімге сайлайтын үш адамнан
тұрады.
Тексеру комиссиясының мүшелері сонымен бір мезгілде атқарушы органның
мүшелері бола алмайды.

1. Ақша қаражатының есері және есебін талдау

Барлық кәсіпорын өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті
шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, осы мекемелер
арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен
есептесуді жүзеге асырады. Егерде заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы
4000 есе төменгі айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек
ақшасыз тәртіпте есеп айрысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет
заңды тұлғалардың арасындағы әрбір келісім шарт бойынша жүргізіледі. Егер
де келісім шарт сомасы көрсетілген лимиттен аспайтын болса, онда төлем
ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір
төлемнің сомасы 4000 есе АЕК-тен (Айлық есептік көрсеткіш) аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шотттары теңге мен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Есеп айрысу шоттары - шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарына тіркеуден өткен
заңды тұлғаларға;
Ағымдағы шоттар – жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік
мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және
коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
Бюджеттік шоттар – Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі
мекемелерге;
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары, бұл да банктік шоттар, бірақ
олар жеке және заңды тұлғалар үшін, содай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған
бөлімшелірі үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылу мүмкін.
Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша
қаражаттарын оқшалап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін
ашады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; векселдерді немесе олардың индосаменттері арқылы
беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк шоттарына
аударуды; төлем тапсырмаларын ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды;
республикалық заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель;
тапсырма талап төлемдері, кеден мен салық қызметі органдарының инкассалық
жабдықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп-айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және
олардың мақсатында сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына
бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық
операцияларды толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы
ақша аудару жолымен жасау болып табылады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару
арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ
төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, пошта аударылымымен
немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге
құқылы. Ұйымдардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық
емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына және
басқалары) деп бөлуге болады.
Ақшасыз есеп-айрысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем
тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем талап-тапсырмалары, көлікпен
және темір жолмен айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.
Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушының
арасындағы шартпен (келісіммен, жекелеген уағдаластықтарымен) айқындалады.
Субъектілердің арасындағы келісім бойынша өзара талаптар мен
міндеттемелерді есептеу жүргізілуі мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысу нысандарын қарастырайық.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмасы субъектінің
қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы
тапсырмасы болып табылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанадығы бланкілерде тапсырманы
ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша
банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтартып кетіп) шарттарды, салықтық шот-
фактурларды және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды
тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10
күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары
төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді,
мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:
аванстық төлем, яғни, тауар тиеленгенге дейін; тауар тиеленгеннен кейін,
яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер
кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімінен кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмей жүргізілуі
мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент,
жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекеленген азаматтардың
атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге
қаражат аударуды байланыс ұйымдары арқылы жүзеге асыра алады.
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебі

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы активтерге қаржылық
ресурстарды орынды және дұрыс жұмсау деңгейіне байланысты.
Серіктестіктің мүліктік және қаржылық жағдайына талдау жүргізу 3-ші
Қосымшада келтірілген баланс – нетто құрылған, оның негізінде талдау
коэффициенттерінің есептеу жолдарын көруге болады.
Серіктестіктің тік және көлденең талдау балансы жүргізілді.
Көлденең талдаудың мәліметтері (3.1 Қосымшада) 3 жылға активтердің
соммасын ірілендіру бөлімдері бойынша өте үлкен диапозонда берілген –
18 986 975 тенгеден 6 296581 дейін төмендейді.
Жалпы ағымның активтердің соммасы (3 Қосымша) талдау мерзіміне 2004
ж 1 наурызына 5 967 965 тенгеден 13 500 054 тенгеге дейін, ал 1 наурыз 2006
жылға 16 079 138 тенгеге бейін өсті.
Мұндай тенденциялар ұзақ мерзімді активтерде мінезделінеді
(материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бітілмеген құрылыс) олардың
соммасы 1 наурыз 2004 жылға 11 080151 тенге құрады, одан кейін 1 наурыз
2005 жылға 22 435 057 тенгеге дейін өсті, ал 1 наурыз 2006 жылға 20 152 534
тенгеге дейін тағыда өсті.
Ақша құралдары 01.03.2006 жылмен салыстырғанда 38 815 759 тенгеге
өсті, ал дебиторлық борыш 3 403 243 тенгеге дейін өсті.
Талдау мерзіміне тауар- материалды қорлар 12 236 453 тенгеге өсті,
ал дебиторлық борыш 3 403 243 тенгеге дейін өсті.
Серіктестіктің ағымды жылдың басына жалпы баланстық құн 42 231 672
тенгені құрайды.
3.2 Қосымшада серіктестіктің тік талдауы баланс – нетто көрсетілген.
Талдауда валюта балансында актив және пассив әрбір бөлімдерінің үлесі
анықталған.
Келтірілген аталған қосымшада келесі баланс құрылымының өзгерісі
көрсетіледі.
Валюта баланста 2004 жылмен салыстырғанда ағымды активтердің үлесі
(34,6-дан 15,4 дейін) көбейді, бұл дебиторлық борыштың азаюынан
(2,5 – 8,03 дейін) көрінеді.
Мерзім бойынша тауар- материалды қорлар үлесі азаяды (31- ден 29)
, ақша құралдары 0,2-ден 8,1 процентке дейін көбейеді, бұл ағымды
активтердің жалпы көрсеткішін көбейтті.
Пассивті меншікті капиталдың үлесі 77,6% өсті, ол тартылған капитал
22,4 процентке азайды (40,3% -тен 22,4% дейін ).
Серіктестік мүліктің жағдайын 3.3 Қосымшада коффициенттердің есептеріне
бағалау жүргізіледі.
- Активтердің икемділік коэфициенті ұзақ мерзімді борышты өтеу
құралдардың үлесін көрсетуі: серіктестіктің талдау мерізімі берілген
көрсеткіштің шамасы берілген белгіге ( 0,5 көп есе) сәйкес келеді,
01.03.2004жылдан 01.03.2006 жылға дейін 0,34-тен 0,45-ке дейін өсті, бұл
активтердің тиімді қолданудың айналуы мен жылдамдығының жоғарлауын
көрсетеді.
- Тозу коффициенті. Серіктестік бойынша берілген коэффициент 01.03.2006
жылға 0,15 құрайды. Берілген белгісі 0,5 аз емес.
Құралдардың икемділік және шашаырату коэффициентінің қатынасы. Шашырату
серіктестіктердің активтердің бөлінуінің тиімділігін көрсетеді. Бұл
көрсеткіш ағынды активтердің ұзақ мерзімді активтерге қатынасын есептейді,
серіктестік бойынша 0,82-ге тең, 8,5 берілген белгі бойынша 0,5 көп емес
8,5-ке көп.
- Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенті негізгі құрамының
құнының үлес салмағының өзгеруін көрсетеді. Болжам бойынша берілген
көрсеткіш 01.03.2006 жылға 0,54-ке тең берілген белгі 0,5 көп емес.

1.3 Еңбекақы есебі және оны төлеу

Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681
“Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шотында жүргізіледі. Бұл
пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар
дебеттеледі:
126-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және
сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына ;
811-шоты “Тауарларды (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі
шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен
шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;
821-шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және
әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне есептелінген еңбек төлемінің
сомаларына;
902-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі
жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
932-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” цехтар (жалпы өндірістегі)
қызметкерлерге есептелінген төлемінің сомаларына;
942-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” әлеуметтік салада қызмет
көрсетумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің
сомаларына ;
952-шоты “Жұмысшылардың еңбек ақысы” ақау өнімдерді жөндеумен
шұғылданатын жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына
Басшылықтағы тұлғалармен есепайырысудың есебі. Басшылықтағы
тұлғалармен сеп айырысу үшін 682 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты
арналған, онда мынадай тұлғалармен
есептеседі (басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің мүшесі және
ревизиондық комиссияның мүшесі және т.б.) Басшылықтағы адамдарға
есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821-шоты дебеттеледі де, 682 шоты
кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 682 шоты дебеттеліп, 451 шоты
кредиттеледі. [2,3,20,23]
“Корпарация МБК-ҚҰРЫЛЫС” ЖШС-дің қызметкерлеріне есептелген еңбек
ақыны тарату. 681-шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне (902 , 922 ,
942 , 126 , 821 , 950 , т.б.) жатқызылған сомасы есеп объектілеріне,
тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап
етті.
Кәсіпорынның дайындау бөлімінің қызметкері жалақы есептеу бойынша
Қаңтар 2005 жылғы кестесі:

№ Ф.И.О Должность Оклад Премия % Итого с Приме-
премий чание
1 Тулеманов А Зам.директора 35000 50 52500
по заг
2 Ильясов Т Нач. Загатовки 26700 50 40050
3 Урунбасаров А Нач. ПКС 16700 50 25050
4 Аскаров Б Регион. 13400 50 20100
Заведующий
5 Мирашев А Гл. Бухгалтер 26700 50 40050
6 Уәжбеков Е Экономист 20000 50 30000
7 Кан Инга Ст.бухгалтер по20000 50 30000
сырью
8 Асанкызы Г Расчетный 18700 50 28050
бухгалтер
9 Жунтаева М Материальный 18700 50 28050
бухгалтер
10 Досмуратова Г Сдатчик 13400 50 20100
11 Кадыров К Бригадир ММ 16700 50 25050
12 Бишенов С Моторист 12000 50 18000
13 Асанов Е Водитель ПСО 15000 50 15000

Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс
ақысы бойынша есеп айырысу есебі 685 “Еңбеккерлерге демалыс бойынша
қарыздарын есептеу” шотында жүреді. Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс
шығындарына жатқызудуң бірқалыптылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудің
жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерінің орташа
ұзақтылығына байланысты боып келеді. Резервті құру кезінде 685 шоты
кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі, 126, 811, 821, 902, 922, 932, 942,
952 . Ал, демалысты есептеген кезде 685 шот дебеттеліп, 681, 682, шоттары
кредиттеледі .
Жылдық түгелдеу кезінде демалыстардың төлеміне арналған резервтің
дұрыс жасалып, пайдаланылуын тексеру қажет.
Жыдық түгелдеу кезінде демалысқа төленетін резервтердің пайдалануын
және оның дұрыс құрылуын тексеру керек. Түгелдеу барысында заңдарда
ескерілген кезекті (жыл сайыңғы) және қосымша демалыстары үшін
қызметкерлерге берілетін алдағы уақыттағы төлемге деген резерв қалдығы
пайдаланылмаған (немесе пайдаланбаған) демалыс күндерінің саны-күндік
сомасынан (орташа жалақыны есептеудің белгіленген әдісін ескере отырып)
және әлеуметтік, зейнеткерлік қорға міндетті трде бөлінетін сомалардан
құралады, сондықтан резервсомасы осы белгіленген төлемнің мөлшеріне сай
анықталуы тиіс.
Нақты есептелінген резерв есеп беріп отырған жылғы желтоқсандағы
есепті түгелдеу арқылы расталған сомадан асып кеткен жағдайда өндіріс
шығындарының шоттары бойынша қысқарту жазбалары жазылады, ал жетпей қалған
жағдайда өндіріс шығыдарының шоттары бойынша қысқарту жазбаларыжазылады, ал
жетпей қалған жағдайда өндіріс шығындарына есептелетін қосымша қаражат қосу
жөнінде толықтыру жазбалары жасалады.
Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін және бір жылғы жұмыс қорытындысы
бойынша жыл сайын берілетін сыйақыларды төлеуге арналған резервтердің
қалдықтары қызметкерлердің демалыстарының алдағы уақыттағы төлемдеріне
арналған резервтер сияқты түгелденеді . Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл
сайын берілетін сыйақылар есепті жыл өткеннен кейін төленсе, онда бұл
ақыларды төлеуге арналған резерв туралы деректер есепті жылдан кейін келесі
жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалған баланста болмау да мүмкін .
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың және
әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да
төлемдердіңсомасы 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен
қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шоттың дебеті және 681 “Қызметкерлермен
еңбек бойынша есеп айырысу” , 682 Басшылардың еңбек ақысы” шоттарының
кредиті бойынша көрініс табады.
Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығына 681 және 682 шоттары
дебеттеліп, 634 “Бюджетпен басқа да есеп айырысулар” шоты кредиттеледі.
Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 681-ші және 682-ші
шоттардың дебеті бойынша көрініс табады және мына шоттадың кредитіне
жазылады :
950 “Өндірістік ақау” шотында – еңбек төлемінің ұсталынған
өндірістегі жарамсыз өнім сомалары;
333 “Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы” шотында – есеп
беруге тиісті тұлғалардан ұсталынған сомалар; жетіспеушіліктер; ысыраптар
мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі.
Қызметкерлерге аванс ретінде және өткен ай үшін түпкілікті есеп
айырысу ретінде төленген еңбек төлемінің сомалары 451 және 441 шоттарының
кредитінен 681 және 682 шоттарының дебетіне көшіріледі.
Өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретіндегі және қазіргі ай үшін
берілетін аванс ретіндегі еңбек төлемі төлеу тізімдемелер бойынша төлейді ,
ол тізімдемеде төленуге тиісті сома, берілуге тиісті (3 күндік) мерзімі
көрсетіледі. Оған басшы мен бас бухгалтер рұқсат етемін деп оның
бұрыштамасына қол қойып бекітеді. Бекітілгеннен кейін тізімдеме төлем жасау
үшін кассаға беріледі. Үш күндік мерзімде берілмеген жалақы депоненттеледі
(завод оны сақтауға қабылдап алады).
Берілмеген жалақы сомаларын кассир тізімге жазады да, оны өзінің есебімен
бірге бухгалтерияға өткізеді. [2,3,13,20,23]
Жұмысшылар мен қызметшілердің қолдарында есеп айырысу кітапшасы болуы
керек, ол кітапшаларға жұмыс істеп жүрген адам туралы мәліметтерден басқа,
ай сайын есептелген еңбек ақысының төлемдері (яғни төленгендері),
ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиесілі сомалар көрсетіледі, сондай-ақ
оларды “Корпарация МБК-ҚҰРЫЛЫС” заводының қызметкерлеріне қайтару уақыты
кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді.
Есеп компьютерленген жағдайда, есеп айырысу кітапшаларының арасына
есеп айырысу парақтарын немесе айырысу-төлеу тізімдемелерінің жазылған
көшірмелерін салып кояды, яғни ол аталған жұмыстарды жүргізудің жолдарын
жеңілдетеді.
Еңбек туралы күші бар заңдарға сәйкес еңбек төлемін ұжымдық шартпен
бекітілген мерзімдерде, айына екі рет беріледі. Онда айдың бірінші жартысы
үшін еңбек төлемі бойынша аванстық және аванссыз тәртіптер белгіленуі
мүмкін. Есеп айырысудың аванстық тәртібінде жұмысшылар мен қызметшілерге
жоспарлы аванс береді; түпкілікті есеп айырысу кезінде, айдың екінші
жартысында еңбек ақы төлемін жасайды. Аванс мөлшерін ұжымдық шарт жасасқан
кезде әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының
жұмыс уақыты есебінің табелінен алынған нақты жұмыс істеген уақыты үшін
тарифтік төлем мөлшері бойынша қойылған еңбек төлемінен кем болмауы тиіс.
Есеп айырысудың аванссыз түрінде жоспарлы аванстың орнына айдың бірінші
жартысы үшін нақты өдірілген өнім (орындалған жұмыс) бойынша немесе нақты
істелінген жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемі есептелінеді. Есеп айырысудың
бірінші түрінің жұмысы аздау, сондықтан оны МБК-ҚҰРЫЛЫС ЖШС те жиі
қолданады.
Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есепайырысу үшін және жұмыс істеп
жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін
бухгалтерия әрбір қызметкерлерге “Дербес шот” немесе “Бет есеп” толтырады.
Дербес шот немесе бет есебі өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы
мәліметтер, өндірімдермен орындалған жұмыстардың және төлемнің әр алуан
түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады.
Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп
айырысу жөніндегі деректердің жиынтығы. Әр бір кәсіпорынның ай сайын
бірнеше есеп айырысу-төлем тізімдемелері (цехтар, бөлімдер және кәсіпорын
көрсететін қызметтері бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйістіру керек.
Бұл үшін “Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша
есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы” деп аталатын әзірлік кестесін
пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы
қалдықтары ; есептелген, берілген, қайта есептелінген, есепке алынған және
ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың айдың аяғындағы берешегі, (кәсіпорын
қызметкерлердің) қалдықтары көрсетіледі. 681 және 682 шоттары бойынша Бас
кітапқа жазылатын қалдықтарын алу ; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және
қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын
жинақтау (бұл сомаларға 681 шоттың кредиті және 653 “Әлеуметтік сақтандыру
және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шотының дебеті
бойынша корреспонденттелген шоттардың негізінде жасалады); еңбек төлемінен
алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректерді алу; депонеттелген
жалақыны дер кезінде, әрі толық бақылау; төлем көзінен ұсталатын , жеке
табыс салығы бойынша есеп беруді жасау; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
органдарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік
сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлінетін қаражат бойынша есеп беру;
әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебін пайдаланады.
[1,2,3,10,11,13,20,23]
Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай
нысанындағы төлемі), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген
(зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды
есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:
- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ
еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға
компенсация есептеу үшін;
- үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;
- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын
есептеу үшін;
- қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;
- шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен емес) уақытына төлем жасау
кезінде;
- басқа да әлеуметтік төлемдер жасау үшін.
Орташа жалақы – бұл белгілі бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан
алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны
есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер
алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды.
Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағдайларды
есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға
компенсация есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты
жәрдемақыны есептеу үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б
[13,23]
Барлық жағдайда есептік кезеңнен Қазақстан Республикасының
заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды:
Мемлекеттік мерекелер:
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан Халықтарының бірлестік күні
9 мамыр Жеңіс күні
30 тамыз ҚР-ның Ата заңының күні
25 қазан Республика күні
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні
Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс
күні болып саналады.
Еңбеккерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, не
орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында
төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені,
қосымшаны және басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді.
Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақтынан да
анықталуы мүмкін. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар, оның
біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбек ақы алынса, ал
екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген
жалақысы алынады.
Егер де еңбеккерлер бір жылдан аз жұмыс істесе, онда орташа
жалақысы нақты істеген уақытынан анықталады.
Егер де еңбеккерлердің ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса
(жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік
көрсеткіштен алынады, бұл жағдай еңбеккерлердің екіқабат және бала
табуына, сондай-ақ балаға қарауына және басқа да орынды себептермен
байланысты болуы мүмкін.
Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:
- жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген компенсация ;
- еңбекке уақытша жарамсыздығына, екіқабат және бала табуына, бала асырап
алуына байланысты берілген жәрдем ақылар;
- денсаулықты жақсартатын шараларға берілген компенсациялар және оларға
қосылып берілетін үстемелер мен қосымша төлемдер;
- дала жұмыстары мен шұғылданатын еңбеккерлердің алатын үлестері;
- басқа жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде алатын компенсация;
- тараптардың келісімі бойынша, өндірістік мақсат үшін жеке транспорт
пайдаланған кезде төленетін компенсация;
- арнайы берілген киімдер, аяқ киімдер, алғашқы медициналық көмектер,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазқстан Республикасының қаржы нарығы
ҚР бағалы қағаздар рыногінің дамуы және қалыптасуының негіздері
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы
Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мазмұны
Компания Бағлан ЖШС
Кәсіпорынның тауарлық материалдық қорлардың есебі мен аудитін ұйымдастыру
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
Мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының экономика жүйесі
Бухгалтерлік есеп шоттары
«Қазкоммерцбанк» АҚ-да іс-тәжірибеден өту есебі
Пәндер