Экономикадағы несиенің ролі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Шаруашылық айналымда несиені пайдаланудың теориялық аспектілері

1. 1 Несиенің экономикалық мәні, оның түрлері және несиелендіру қағидалары . . . 5

1. 2 Нарықтық экономика жағдайында айналым капиталын басқару әдістері мен түрлерінің несиемен арақатынасы . . . 10

1. 3 Несие айналым капиталын қалыптастыру көзі ретінде . . . 12

2 Кәсіпорынның айналым капиталын басқару
құралы ретінде банктік несиені тартудың
экономикалық негіздемесі . . . 15

2. 1 Жеке меншігі шектеулі серіктестігінің айналым капиталын бағалау және оның минималды мөлшерін анықтау . . . 15

2. 2 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру облысында «Альянсбанк» АҚ-ның несиелік саясатының мақсаттары мен міндеттері . . . 25

2. 3 «Альянсбанк» АҚ-ның кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің айналым қаражаттарын несиелендіру бағдарламарын талдау . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық", - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. /1, 25б/

Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.

Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!", -деп айтты. /1, 17б/

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /1, 5-6 б/. Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.

Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. /2, 19б/

Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет.

Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет етуi қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi айтарлықтай тәуекелдерге және проценттiк ставкаларды төмендету қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы ұзақ мерзiмдi және төмен проценттi кредиттердi берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi.

Осындай қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық және жоба үшiн өзге де маңызды сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.

Таяу арада жарғылық капиталды ұлғайтуды, еншiлес маманданған қаржы ұйымдарын, атап айтқанда лизингтiк ұйымдарды құру мүмкiндiгiн көздейтiн Қазақстанның Даму Банкi институционалдық тұрғыда нығайтылатын болады. Сонымен бiрге Қазақстанның Даму Банкiне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы берiлуi мүмкiн.

Нарықтық қатынастарға байланысты экономикадағы банк жүйесінің практикалық рөлі елдегі төлемдер мен есептер жүйесін басқаратындығымен, сауда-саттық мәмілелерінің басым бөлігін салымдар, инвестициялық және несиелік операциялар арқылы іске асыруымен, салымшылар жинақтарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағыттауымен анықталады. /2, 26б/

Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері көбінесе жалпы экономиканың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес. Сенімді банк жүйесі - ұлттық валюта тұрақтылығы мен Қазақстан республикасындағы өзгерістер сәттілігінің белгісі. Экономиканы басқару ұйымы ретіндегі банк рөлі банк ісін ұйымдастыру ұстанымдары мен жалпы ережелерді орындау сияқты қызметтерді атқару үрдісі барысында анықталады.

Банк жұмысының нәтижелігі мен сенімділігі қаржы қорларын жұмылдыруға байланысты өткізетін саясаты мен несиелік-инвестициялық жүйелер салаларындағы банк қаражатын тиімді орналастыру саясатына байланысты.

Несиелер кіріс активтерінің негізгі үлесін құрайды және кірістің пайыз түріндегі маңызды бөлігінен табыс көреді. Сонымен қатар, банктің несиелеу сияқты қызмет көрсету жүйесі капитал саласындағы левериджді арттыратын үрдістерге сезімтал болып келеді.

1 ШАРУАШЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДА НЕСИЕНІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Несиенің экономикалық мәні, оның түрлері және несиелендіру қағидалары, нарықтық экономика жағдайында айналым капиталын басқару әдістері мен модельдері, несие айналым капиталын қалыптастыру көзі ретінде қарастрылды.

1. Несиенің экономикалық мәні, оның түрлері
және несиелендіру қағидалар

Несие қазіргі кездегі экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бөлшегі болып табылады. Оны ірі өндіріс орындары мен бірлестіктер, сондай-ақ өндірістік, ауылшаруашылық және сауда-саттық шағын құрылымдар, мемлекеттер мен үкіметтер, сонымен қатар қарапайым халық та пайдаланады.

Қарыз алушының мақсаттық талаптарына байланысты несие өндірістік және тұтынушылық болып екіге бөлінеді.

Несиенің өндірістік түрі несие берушідан алынған қаржының пайдалану ерекшеліктеріне байланысты. Несиенің бұл түрі өндірістік мақсаттарда жұмсалатын қарыздар ретінде алынады.

Несиенің тұтынушылық түрі бастапқы несиелік қатынастар дамығанда, яғни бір субъектінің тұтыну заттары артылғанда, екіншісінің оларды пайдалану қажеттілігі туындағанда пайда болған. Уақыт өте келе несиенің бұл түрі шаруашылықта кеңінен таралып, халықтың қажеттілігін, ең алдымен ұзақ пайдаланатын тауарлар сұранысын қанағаттандыру үрдісін тездету мүмкіндігін тудырды.

Өндірістік несиемен салыстырғанда тұтынушылық несие түрін халық тұтыну мақсаттарында пайдаланады, ол жаңа құн тудыруға бағытталмаған, қайта қарызгердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмсалады.

Тұтынушылық несие - халыққа тұтынушылық тауар сатып алуға немесе тұрмыстық қызметтерді өтеуге коммерциялық (бөлшектік сауда арқылы тауарлардың төлемін шегіндіріп сату) және банктік (тұтынушылық мақсаттарға берілетін қарыздар) несие түрінде берілетін қарыз. Тұтынушылық несиенің басты бағыты - халықтың тауарларды сатып алуына көмектесу. Бұл несие бөлшектік саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымы өскен сайын несиенің көлемі де артады, өйткені тауарға деген сұраныс несие қажеттілігін тудырады, екінші жағынан - халықты несиелеу көбейген сайын төлем қабілеттілігі өсе береді.

Несие құрылымы оның мәніне негізделген және несиелік қатынастарды тануға баспалдақ болып табылады.

Тұтынушылық несиелеу үрдісінде қарыз беретін тарап несиелік мәміленің несие берушіы (алашақ) болып табылады. Қарызды беру үшін несие берушідың белгілі бір қаражаты болуы шарт. Олардың жеке меншік қорлары мен жинақтары қаражат көзіне айналуы ықтимал. Банк-несие беруші өз шаруашылығында жеке қорларынан ғана емес, есепшоттарда сақталған клиенттерден түскен қаражат, сондай-ақ акциялар мен облигациялар түрінде қарыз бере алады.

Несие алып жатқан, несиелік қатынастар құрған тарап қарызгер болып саналады, олар алынған соманы қайтарып беруге міндетті. Қазіргі кезде банктермен қоса шаруашылық ұйымдар, мемлекет пен халықтың өзі қарызгер бола алады.

Сонымен қатар, айырбас объектісі, яғни несие берушідың қарызгерге беретін заты, керісінше, несие берушіға қайтарылып берілетін зат тұтынушылық несиелеу жүйесінің маңызды бөлшегінің бірі болып табылады.

Несие берушілердің ерекшеліктерін ескере отырып, халықты несиелендіру жүйесі тура және жанама болып екі түргі бөлінеді.

Тура банктік несие берілгенде банк пен қарызгер арасында келісімшарт құрылады. Ал жанама несие банк пен клиенттің арасына делдал тарапты араластыру арқылы беріледі. Әдетте делдар ретінде бөлшектік сауда өнеркәсіптері қызмет етеді, мұндай жағдайда клиент пен кейіннен банктен қарыз алатын дүкен арасында несиелік келісімшарт құрылады. Қазіргі кезде халыққа тұрмыстық техниканы сатып алуға берілетін қарыздардың 60% жанама несие құрайды.

Тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандыратын тура және жанама несиелердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тура несиенің жанама несиеден ең бірінші артықшылығы - несиелеу объектісінің құнын нақты бағалауға, қарыздың экономикалық мақсаттылығын анықтауға, оның қолданысын бақылауды бекітуге көмектесетін несиелік үрдісті ұйымдастыру қарапайымдылығы. Осының бәрі банк пен қарызгер арасындағы несиелік қатынастарды нығайтуға көмектесетіні сөзсіз. Алайда, банк тұрғысынан банктік тура несие жанама несиеден қауіптірек саналатын бірнеше жағдай мұндай несие түрінің кемшілігі болып табылады.

Субъектер бойынша несиені бөлу оларды алу несие жүйесінде жіктеу түсінігін қалыптастырады, яғни, несие түрлері. Несиенің түрлері экономикалық және ұйымдастыру қатынасындағы әлдебір нақты несие келісіміне тән ерекшеліктердің жиынтығын көрсетеді. Несие келісімінің экономикалық ерекшелігі дегеніміз несиенің қасиеті болып табылады, олар біртұтас (қайтарылымы, төлемдігі) . Ұйымдастырушылық қасиеті жекелеген жағдайларда түрлі болуы мүмкін - несиені беру және оны қайтару тәртібі басқаша болуы мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген салалық бағытқа сәйкес өндірістік, саудалық, банк аралық несиелер ерекше айқындалуы мүмкін. АҚШ-та несиені жіктеу жүйесінде ауылшаруашылық несиелері ерекше назар аударады.

Әрбір жағдайда несие түрлерінің беру және қайтару тәртібін реттейтін өзіндік құрылымы болуы мүмкін. Орталықтандырылған одақтық банк жүйесінде аса танымал болған құрылымдар - тауар айналымы жөніндегі несие тәртібі, ауылшаруашылық өндірістері, маусымдық өндірістік сипаттағы өндірістік кәсіпорындарды реттейтін №1 нұсқау, дайындық өнеркәсіптер және т. б. Банкаралық несиелер де ерекше технологиялық тәртіппен ерекшеленеді.

Несие түрлері тек субъектер бойынша ғана емес, сондай-ақ, басқа да белгілері арқылы ерекшеленеді (Сурет 1) .

Сурет 1 Несие түрлері

Оларға жататындар:

- несиенің капитал қозғалысымен байланысы;

- несиені қолдану саласы;

- несие мерзімі;

- несиенің төлемі;

- несиенің қамтамасыз етілуі.

Несиенің капитал қозғалысымен байланысы бойынша оны екі түрге бөлуге болады: ақша қарызы мен капитал қарызы. Ақша қарызы, ереже бойынша, тұтынушылық немесе басқа мақсаттармен байланысты. Несие қоғамдық өнімнің өндірісін алып келмей, жасалған жинақ есебінен жабылған жағдайда осылай болады. Капитал қарызы, керісінше, өнімді жоюды емес, оны көбейтуды ұсынады. Несиегер бұл жағдайда несиенің тек қарызды қайтару үшін ғана емес, оның көмегімен жаңа бағаны алу үшін пайдалануы тиіс. Сондай-ақ, банк қаражатын қолдану нәтижесінде қосымша алынған табыс бөлігі ретінде қарыз пайызын төлеуі керек. Капитал қарызы банктік несиелендірудің типтік түрі болып табылады.

Несиенің пайдалану саласы бойынша, өндіріс саласы несие мен айналым саласы несиесі болып бөлінеді. Қазіргі заманғы тәжірибелер үшін қаржыны қалыпты экономика айқындамасы жағынан дұрыс саналатын өндіріс саласына емес, керісінше, айналым мен табыс өндірістік салаға қарағанда анағұрлым көп болып табылатын айналым саласына салу оңтайлы болып табылады. Қазіргі заманға тән тәжірибенің ерекшелігі тауар өндірушілер банктерден қарыз ала бермейтіндігінде. Кейде оны алу қиынға соғып жатса, ал енді бір жағдайда, олар үшін пайызын қайтару тым ауыр соғады.

Несиені пайдаланғаны үшін төленетін қарыз пайызы тым жоғары болып келеді. Өзіндік құнына жатқызуға да келмейді, өндірістік саладағы операциялардың аса маңызды рентабельдігі үшін түскен табыс есебінен төлеуге де келмейді. Жоғарғы қарыз пайызын ең басты, сауда-делдалдық фирмалар ғана төлеуге қабілетті болып келеді. Сондықтан да несие салымының өндірісті дамыту жағына емес (нарықты тұрақтандыру айқындамасы жағынан және инфляция ырғағын төмен түсіру жағынан маңызды болып табылатын), керісінше сауда саласына қарай ауытқуы да белгілі.

Мерзіміне қарай банктік несиелер қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және орта мерзімді болып бөлінеді.

Қазіргі заман дәстүрлі несие ісі қысқа мерзімді сипатпен ерекшеленеді. Көптеген нарықтық экономика елдерінің айқындамасы жағынан қысқа мерзімді несиелерге пайдалану уақыты бір жылдан әрі аспайтын қарыздар жатады. Негізінен, бұл ағымдағы клиент сұранысынан шығатын капитал айналымынына қызмет ететін қарыз.

Ұзақ мерзімді несиелерге пайдалану мерзімі алтын жылдан асатын (кейбір елдерде, мәселен, АҚШ-та сегіз жылдан артық мерзімдерді ұзақ мерзімге жатқызады) несиелер жатады. Бұл қарыз негізгі капиталды құру үшін қажетті қаражатқа сұраныс үшін, қаржы активтерін, сондай-ақ, кейбір түрлі айналым қарадатына қызмет етеді.

Орта мерзімді несиелерге пайдалану мерзімі 1 жылдан 6 жылға дейін созылатын несиелер жатады. Оларды қолдану саласы ұзақ мерзімді несиені пайдалану саласымен сәйкес келеді.

Әлемдік тәжірибе айқындамасы жағынан клиенттерге несие берудің мерзімінің ұзақтығы барлық эталон үшін бірдей болып келмейді. Мәселен, кеңестік тәжірибеде қысқа мерзімді қарызға 1 жыл мен 3 жыл аралығында пайдалануға берілген несиені жатқызатын.

Қазақстанның қазіргі заманға сай ақша айналымы (күшті инфляция, банк капиталының жылдам құнсыздануы) әлемдік банктік тәжірибеде тұрақтанған. Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді стандарттарды өзгертіп жібереді. Қысқа мерзімді қарызға 12 айға дейін пайдалануға берілген қарызды жатқызады. Ал орта мерзімдіге - 1-2 жыл, ұзақ мерзімді - 3 жылдан жоғары.

Америка тәжірибесінде қысқа мерзімді қарызды қайтару мерзімін нақты көрсетпей-ақ рәсімделсе, қазақстандық қысқа мерзімді несиенің айырмашылығы, бізде ереже бойынша қарызды пайдалану, сондай-ақ, қайтару мерзімі нақты көрсетіледі.

Қазіргі заманғы қазақстандық банк статистикасы белгісіздік пен «орта мерзімді несие» түсінігінің болмашы үлесінің әсерінен, тек қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ғана несиелер қалады.

Банк қарыздарын жіктеу критерийлері бөлімінде несиені төлеу соңғы орындарда емес. Аталмыш белгілері деректеріне байланысты нарықтық пайыздық көрсеткішті банк қарызын айқындауға болады. Несиенің нарықтық бағамы - сол тұста нарықта көрсетілген баға болып табылады. Түрлі банк қарыздары бойынша сұраныс пен ұсынысты назарға алу қажет. Күшті инфляция жағдайында бұл өте қозғалмалы баға болып табылады. Оның көтеру айқындамасы да болады. Жоғары пайыздық көрсеткішті қарыз ереже бойынша, үлкен тәуекелге байланысты туады. Олардың несие шарттарын бұзуы, несие ресурстары бағамының көтерілу болжамы және тағы басқалары.

Жеңілдетілген пайыздық шартта ұсынылған қарыздар несиеге дифференциялық табыс элементі болып табылады. Ол акционерлермен қарым-қатынас кезінде, эмиссиондық банктердің орталықтандырылған несиелерін қайта қаржыландыру (олардың нарықтық бағасымен салыстырғанда төмендетілген жағдайы), банк қызметкерлерін несиелендіру (ерекше жағдайда банк оларға пайызсыз қарыз береді) .

Несиелендіру мен банк қарыздарын жіктеу белгілерінің маңызды элементтері қамсыздандыру болып табылады. Бұған байланысты қарыздың тікелей, жанама қамсыздандыруы болуы мүмкін. Немесе мүлдем болмауы да мүмкін. Халықаралық тәжірибеде несие былай бөлінеді: қамсыздандырылған, қамсыздандырылмаған, жартылай қамсыздандырылған.

Әлемдік банк тәжірибесінде қарызды қамсыздандыруға қашан да біржақты қарамаған. Орталықтандырылған банк жүйесінде тауарлық материалдық құндылықпен қамсыздандырылған қарыздан сенімді болып саналған. Ал батыс тәжірибесінде мұндай нақтылық болмаған. Керісінше, батыс тәжірибесі көрсеткендей, материалдық қамсыздандыру банк қарызының уақытында қайтарылуына сенімділік бермейді. Нақты сатылмайтын, баяу айналымды материалды қор бір жағында тұрса, екіншісі - қарызгердің жалпы мүлкі, жылдам сатылатын активтер. Материалды қорға сенімсіздіктен батыс экономистері өз тұжырымдарын жасады. Мұндай қамсыздандыруы бар несие ең сенімсізі болып табылады. Керісінше, тауарлық материалдық құндылықпен (олар қорда да жоқ, олардың бәрі де айналымда жүреді) қамсыздандырылмаған несие сенімді болып келеді.

Егер де, мәселен, өтім базарын таппаған дайын өнім қорын кепілге алып несие берсе, онда, бұл несиені қанша жерден тауарлық материалдық қамсыздандырылғанымен, сенімді деп айтуға болмайды. Керісінше, мұндай жағдайда қарызды қайтарып алу қиынға соғады. Өйткені, оны осыған байланысты сенімсіз қарыздар санатына қосамыз.

Бар мәселе қамсыздандыру сапасында. Егер де бар болып, өтімді әрі жеткілікті болса, онда несие үшін соншалықты жаман болмайды, және мұндай қамсыздандыруды жоққа шығаруға да болмайды. Ал басқа жағынан алып қарағанда, назарға қамсыздандырылмаған (бланктік) қарыздардың жағымды жақтарын да назарға алмауға болмайды. Әсіресе, она егер де алдыңғы қатарлы қарызгер мен кепіл ұсынса (мұндай жағдайда несиенің қайтарылу қамсыздандырылуы қарызгердің бүкіл мүлкі болады) .

Батыс тәжірибесінде қамсыздандырылмаған несие заңды тұлғалармен қатар, жеке тұлғаларға да беріледі. Кәсіорындарға қамсыздандырылмаған несиені беретін кезде қарызгердің беделі, оның қаржылық жағдайы, болашақтағы табысы, сондай-ақ, несие ережелерін сақтауы назарға алынады. Қамсыздандырылмаған несие ірі сомада ірі кәсіпорындарға, алдыңғы қатарлы қарызгер бола алатын, білікті басшылығы бар және тамаша даму тарихы бар ірі сауда компанияларына беріледі.

Көп жағдайда, бұл жеке тұлғаларға қатысты болып келеді. Өздерінің бланкілік несиесін ұсынған банктер олардың мүліктерін жеке үйінің барын, көп жылдан бергі тұрақты жұмыс орнын, қарызды дер кезінде жабуын назарға алып несиесін ұсынады.

Және тағы да бір ескерту. Жоғарыда атап өткендей, қамсыздандыру банк несиелендіру жүйесінің іргетасты элементі болып табылады. Оны сол немесе басқа жобаны қаржыландыру мүмкіндігі мәселесі бойынша шешім қабылдауда «соңғы қорғаныс шебі» деп атау дәстүрге айналған.

Әлемдік банк тәжірибесінде жіктеудің басқа да белгілерін көруге болады. Көптеген елдерде қарыз екі блокқа бөлінеді: заңды тұлғаларға несие және жеке тұлғаларға қарыз. Егер де бірінші блоктың несиесі өндірістік мақсатқа жұмсалса (мәселен, өндірісті ұлғайту және өнімді сату), онда, екінші блоктың несиелері халықтың жеке қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Мұндай жіктеме несиелендіру ұйымына да (рұқсат ету, рәсімдеу, қарызды өтеу, несиені қамсыздандыру және т. б. ), сондай-ақ, несие салымының диверсификациясы үшін де маңызды болып саналады.

Банк несиесін басқа да, ұсақ белгілері арқылы бөлшектейді. Оларды несиелендіру процесі кезінде пайдаланылған валютаға (рубль, доллар, евро және тағы басқалары) байланысты да бөледі. Олардың несие қарыздарының лимитталған және лимитталмағанына да, ұдайы толықтырылған және бөлінген несиелерге де байланысты.

Арнайы несие тобын бөлу үшін оның мөлшері де маңызды негіз болып табылады. Отандық және әлемдік банктерде «ірі» несиелер реттеледі. Бұл несиелердің қатарына бір қарызгерге (немесе қарызгерлер тобына) берілетін банк капиталының 5 пайызынан асатын қарызды жатқызамыз.

1. 2 Нарықтық экономика жағдайларындағы айналым
капиталын басқару әдістері мен түрлерінің
несиемен арақатынасы

Айналым капиталы жайындағы түсінік экономикалық және оқыту әдебиттерінде түрліше сипатталып жүр. Кейбір еңбектерде айналымдық қаржы өндірістік және айналдыру қорларының қарапайым бірлестігі ретінде түсіндірілсе, басқаларында айналымдық өндірістік және айналдыру қорларының қаржылық жиынтығы ретінде берілген. Көптеген әдебиеттерде айналымдық ақша айналымдық өндірістік және жоспарды орындауға қажетті көлемдегі айналдыру қорларын құруға алынған қаражаттар жиынтығын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
Несие және несие жүйесі; несиенің нарық жағдайындағы мәні мен маңызы және несиенің қоғамдағы атқаратын қызметтері
Қарыз капиталының қорлануы
Қазақстан Республикасының несие саясаты және ондағы банктердің атқаратын ролі
Ақша саясаты
Несие беру механизімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz