Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Экономика» факультеті

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы

Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары

«050202- Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша жазылған

Диплом ЖҰМЫСЫ

Орындаған:

Ахтамбердиева Айгерим

сырттай оқу бөлімі, «050202 - Халықаралық қатынастар» мамандығының 3 (3ж. о. ) курс студенті

Орындаған:: Ғылыми жетекшісі:
Ахтамбердиева Айгеримсырттай оқу бөлімі, «050202 - Халықаралық қатынастар» мамандығының 3 (3ж. о. ) курс студенті:

Қалдыбаева А. Е.

э. ғ. к., доцент

:

Алматы, 2011ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Шетел инвестицияларының ұлттық экономикадағы орны . . . 7

1. 1 Шетел инвестицияларының мәні, себептері, нысандары және әсер

етуші факторлары . . . 7

1. 2 Қазақстандағы шетел инвестицияларын мемлекет тарапынан реттеу . . . 22

2 Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту процесі және нәтижесі . . . 34

2. 1 Қазақстанға тартылған шетел инвестициясының ұлттық

экономикадағы орны . . . 34

2. 2 Қазақстанға шетел инвестицияларын тартудағы хал-ахуалының

жағдайы . . . 44

3 Қазақстанға шетел инвестицияларын тартудың өзекті

мәселелері және болашағы . . . 57

3. 1 Шетел инвестицияларын Қазақстанға тартудың негізгі мәселелері . . . 57

3. 2 Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары және

болашағы . . . 68

Қорытынды . . . …. . 77

Әдебиеттер тiзiмi. … . . . . … . . . 82

Қосымшалар . . . …85

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елдің шетел капиталының тікелей салымдарының тартымдылығы ел заңдарымен қаралған экономикалық ынталандыру мен жеңілдіктер жүйесінен көрінеді.

Инвесторлар салық салу саласында жеңілдіктер беретін елді қалайтыны белгілі. Республикадағы инвестициялық жағдайда толығымен өзгерту, шетел және отандық инвесторлар үшін ең көп қолайлы жағдай тәртібін жасау үшін құқықтық база жетілдірілген.

Қазақстандағы мемлекет қызметiнiң жаңа салаларының бiрi шетел инвестициясын тарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентi Н. А. Назарбаевтiң «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың көркендеуi, қауiпсiздiгi және жағдайының жақсаруы» атты жолдауында ұзақ мерзiмдi приоритеттi мақсаттар мен жүзеге асыру стратегияларына шетел инвестициясы мен iшкi жинақтардың жоғары деңгейi бар ашық нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсудi жатқызады.

Қолайлы макроэкономикалық ортаның тұрақтылығы жағдайында капитал нарығының құралдары мен тетіктері экономикалық өсімге үлкен үлес қосады. Қазақстандық кәсіпорындар инвестицияларды көптеп қажетсінуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша инвестициялық құралдарға нақты қажеттілік жылына 10 млрд долл. құрайды. Осылайша тек қана Қазақстанның электроэнергетика саласына 2015 жылға дейін 3, 5 млрд долл. инвестициялар қажет деп бағалануда. Дегенмен, ұлттық өндірістің капитал сыйымдылығын ескере отырып, халықаралық сарапшылар Қазақстан жағдайындағы инвестициялардың оңтайлы мөлшері 10 млрд. доллардан да асып, кейбір бағалаулар бойынша тіпті 50 млрд долларды құрайды [1, 5б] .

Осыған байланысты ерекше айта кететін жағдай, Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикасының өсу деңгейі инвестициялық қызметпен тығыз байланысты. Оң макроэкономикалық жағдай инвестициялардың көбеюіне және экономиканың өсуіне алып келді.

Қазақстан Республикасының “Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы” заңында республикадағы инвестициялық жағдайда жақсарту бойынша халықаралық салық және инвестициялар бойынша орталықтың ескерулері мен ұсыныстары ескерілген. Сонымен қатар, республика беретін инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша кепілі жеке жолға жазылған. Бұл кепілдер бәсеке еркіндігін кәсіпкерлік еркіндігін, өз үлесін билеуге құқықты, тауарларды өткізу немесе сатуды бақылайтын мемлекеттік монополияға тиым салуда, бағаларды бақылау және реттеу шаралары қолданбауды қамтамасыз етеді. Бұл біздің экономикаға капитал инвестициялауға себеп болады.

Елдің дамуының дәл осы кезеңінде, экономикада жандану байқалған кезде шетел инвестициясын тарту міндеті актуалды болып отыр. Олар Қазақстандық экономиканы жөндеуге үлкен түртпек қана жасамай сонымен қатар оның әлемдік экономикаға кіруіне көмектеседі.

Қазақстанның территориясының кеңдігі инвесторларға транспорт және коммуникациялық қызмет рыногін жетілдіруге зор мүмкіндік ашады. Республиканың Европа мен Азия арасындағы тронзиттік мемлекет болуы шикізаттар мен қосалқы бөлшектерді, товарларды халықаралық тасымалдауда инвесторлардың шығындарын айтарлықтай қысқартады. Инвесторлар су көлігімен Ақтау порты арқылы Каспи аймағында қолдана алады. Қазақстанда теміржол және автокөлік жолдары ерекше маңызды рөльді алады. Бірақ темір және авто жолдары қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сай емес: жылдам жүру автомагистральдары өте аз, ал теміржолдар қайта құрылуды қажет етеді. Телефон желілерінің жетілмеуі, телексті және факсимальді байланыстың дамылмауы, құрал жабдықтардың ескіруі инвесторлақ қызметтің жүргізілуіне қосымша қиындықтар тудырады. Жол шаруашылығын технологиялық қайта жабдықтаумен қатар транспортық және коммуникациялық желілерді Астанаға қарай бағыттау керек және инвесторлардың Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін толық қолдану үшін Батыс-Шығыс бағытын жетілдіру керек.

Қазақстан Республикасында қызмет көрсету денгейін көтеру керек, жолаушыларға қызмет көрсеткенде халықаралық ортада танымал шетел тілдерін, мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін белсенді қолдану керек. Ол үшін транспорт және коммуникация рыногында жұмыс істейтін үйымдардың қызметкерлерін оқыту үшін арнайы бағдарламалар керек. Инвесторларды тартуда демалу аясы, әртүрлі көңіл көтеру халықаралық туризм, аң аулау және балық аулау индустриясы маңызды орынды алады.

Бүгінгі таңда, Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай инвестициялау үдерісіне барынша жағдай жасайды - ол осы жылдардағы реформалар нәтижесінде тұрақты және ең қолайлы болып табылады.

Ең алдымен инвестициалар бұл экономикалық маңызды фактор, оның Үкіметтің 2010 жылға дейінгі ЖІӨ-ді екі есеге көбейту шешімі жыл сайын ЖІӨ-нің 8-9 пайызға өсуін талап етеді. Сондықтан да экономикалық өсім жылдам болу үшін маңызды инвестициялар қажет. Қазақстан қор нарығын инвестициялардың негізгі көзерінің бірі ретінде қарастыру үшін негізгі капиталға инвестициялар үлесін ең кем дегенде үш есеге дейін көбейту керек. Қазіргі кезде оның үлесі 10%-дан аспайды, ал дамыған елдерде оның деңгейі 40-60%-ға жетеді.

Бірақ, көп ел инвестиция алғысы келетінін және оған деген бәсекенің жөғары деңгейде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда өзекті мәселелердің бірі деп айтуымызға әбден болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы шетел инвестициасының экономикадағы орнын және мәнін анықтау.

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі міндеттерді шешу қажет:

  • ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың және олардың нысандарының рөлін анықтау;
  • шетелдік тікелей инвестициялаудың себептерін және экономикалық тиімділігін талдау; шетелдік тікелей инвестицияларды тартудың механизімін қарастыру;
  • Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;
  • Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүіне талдау жасау;
  • шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері қарастыру;
  • шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын және даму болашағын қарастыру.

Қазақстан республикасындағы шет ел инвестициялары қызметінің бағыттары мен ерекшкліктері зерттеудің объектісі болып табылады

Осы дипломдық жұмыста оның әдістемелік негізі ретінде Қазақстанның және Ресейдің ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің міліметтері, ағымдағы баспа және интернет ресурстары қолданылды.

1 Шетел инвестицияларының ұлттық экономикадағы орны

1. 1 Шетел инвестицияларының мәні және мазмұны

Әлемдік шаруашылық дамуының, қазіргі деңгейінде шет инвестициялардың өсуінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсүінің қарқынынан асып түседі. Барлық елдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады.

Сауда ағымдарының, шетел инвестицияларының ағымдарының және технологияның айырбасының либерализациясы жағдайында компаниялардың нарықтағы күресі одан әрі агресивті болып жатыр. Капиталдың болуы, иновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамассыз етілуі және тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық практикасы - осы факторлардың бәрі кәсіпорынның бәсеке қабілеттігін қамтамассыз етуде маңызды рол атқарады және сәйкес макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.

Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы әдетте халықаралық саудадан гөрі қатаң мемлекеттік реттеудің құралы болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде дамыған Батыс Еуропа елдерінде, капитал қозғалысына және жұмыс күші миграциясына өте маңызды шектеулер әлі күнге дейін іс жүргізуде. Неоклассиктердің бірі Б. Олин өзінің сауда концепциясында былай деген: “Өндіріс факторы әр бір елдегі оған деген сұраныспен анықталады, демек, олар шектеулі өнімділігі аз жерден көп жерлерге қарай көшеді” [2, 20б] .

Р. Нурксенің тұжырымы бойынша, тауарды сыртқа көп тасмалдаушы дамыған елде капиталға деген сұраныс тез өседі, осыған сәйкес олар капиталды ішке енгізе бастайды (немесе керісінше) .

Неоклассиктермен бірге бұл сұраққа неокейнсиандықтар да жауап беруге тырысты. Неокейнсиандық теория негізінен капитал қозғалысы мен төлем балансының арақатынасын анықтайды.

Кейнстің айтуы бойынша, “капитал миграциясының бірден бір себебі - бұл әрбір елдің төлем баланстарының бір қалыпты болмауы”. Кейнстің осы көзқарасын Ф. Махлуп пен Р. Ф. Харрод дамытты.

Ф. Махлуп осы арақатынасты үш тұрғыда қарастырды:

  1. белгілі бір елдің төлем балансының сальдосы плюс таңбалы болса, онда капиталды шетке шығарушы ел сатып алушы елге өз тауарын көбірек сата отырып. Ішке капитал енгізе отырып, ішке капитал енгізу арқылы экспорт пен импортты теңестіреді. Осының нәтижесінде капиталды шетке шығарушы елдің ұлттық табысы ұлғаяды;
  2. егер белгілі бір елдің инвестициясы көбеймесе, бірақ қаржы жинау қабілеті зор болса, онда капиталды шетке шығару экспортер елдің ұлттық табысын ұлғайтады және жұмыстың белсенділігін күшейтеді;
  3. капиталдың шеттен әкелінуі импортер елдің ішкі экономикалық жағдайына әсер етеді, яғни шеттен әкелетін капитал формаларының ішінде портфельдік инвестициядан гөрі, тікелей төте инвестицияны енгізу әлде қайда тиімді болып табылады.

Р. Ф. Харродтың “Экономикалық динамика” моделі бойынша, капиталы мол елдердің экономикалық өсу қарқыны неғұрлым төмен болған сайын, олардың капиталды шетке шығару тенденциясыда соғұрлым күшейе түседі [3, 188б] .

Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі - капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпты болмауы.

Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері көп еледрде шығарылады.

Негізінен, капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес, ұсынысы көп елдер шығарады.

Капиталдың халықаралық қозғалысының екі ағымын анықтауға болады: капиталдың экспорты және импорты.

Капиталдың халықаралық қозғалысы әртүрлі нысандарға ие болады.

Пайда болу көздері бойынша әлемдік нарықта қозғалыстағы капитал ресми және жеке болып бөлінеді.

Ресми (мемлекеттік) капитал - үкметтердің шешімімен және де үкмет аралық ұыймдар шешімімен шетелге жіберілетін немесе шетелден әкелінетін мемлекеттік бюджеттің қаржылары. Капитал қозғалысының бұл категориясына үкмет аралық келісімдер негізінде бір елмен екінші елге берілетін мемлекеттік қарыздар, кредиттер, гранттар, көмектер жатады.

Ресми капиталдың көздері мемлекеттік бюджеттің құжаттары болып табылады, яғни нәтижесінде салық төлеушілердің ақшалары.

Сондықтан да шетелге сауда капиталдарының орын ауыстыруы туралы шешім үкметпен және парламентпен шешіледі.

Жеке (мемлекетті емес) капитал - басқарушы органдары мен бірлестіктерінің шешімімен, шетелге шығарылатын немесе шетелден әкелінетін жеке фирмалардың, банктердің және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың қаражаттары [4, 54б] .

Капитал қозғалысының, бұл категорияға шетел фирмаларымен шетелге капиталды инвестициялау, сауда несиелерін беру, яғни банк аралық несиелер. Бұл капиталдық құрылу көзі мемлекеттік бюджетпен байланыспаған өзіндік немесе қарыздық жеке фирмалардың қаржылары. Бірақ фирмалардың автономды қатыстылығына қарамағанда, өздерінің капиталдарының халықаралық орын ауыстыру туралы шешім қабылдауда, әдетте үкмет оны реттеуге және бақылауға құқығын өз артында қалдырады.

Қолдану мінездемесі бойынша капитал екіге бөлінеді:

  1. Кәсіпкерлік капитал - табыс табу мақсатында қаражаттар өндіріске тура және жанама түрінде салынады. Кәсіпкерлік капитал ретінде көбінесе жеке капитал қолданылады, бірақ не мемлекеттің өзі де, мемлекетке бағыныштылар да шетелге қаражат сала алады.
  2. Қарыз капитал - пайзды алу мақсатында қарызға берілетін қаражат. Халықаралық масштапта, жеке көздерден халықаралық несиелеу айтарлықтай көлемдерге жетсе де қарыз капитал ретінде негізінен ресми капитал қолданылады.

Салу мерзіміне қарай капитал орта мерзімді және ұзақ мерзімді капитал болып бөлінеді.

Орта мерзімді капиталда капитал бір жылдан жоғары мерзімге салынады. Қарыз капиталы сияқты тікелей және портфельді инвестициялары түріндегі кәсіпкерлік капиталдың барлық салымдары әдетте ұзақ мерзімді болып табылады.

Қысқа мерзімді капиталда капитал салымдары бір жылдан кем мерзімге беріледі.

Салым мақсаты бойынша капитал тікелей және портфельді инвестиция болып бөлінеді:

Тікелей инвестициялар - инвестродың капитал орналасқан объектіге бақылау жасауды қамтамасыз ететін капитал салынған елдегі ұзақ мерзімді экономикалық қызығушылықты иемдену мақсатындағы капитал салымдары.

Мемлекеттік фирмалар бойынша қатысты емес шетелдік инвестициялардың көлемін санамағанда, олар толығымен жеке кәсіпкерлік капиталды шетке шығарумен байланысты.

Портфельді инвестициялар - бұл инвесторға инвестицияланған объектіге нақты бақылау жасау құқығын беретін шетелдік бағалау қағаздарына капитал салымдары.

Халықаралық капитал қозғалысының нысандары әр белгілі бір елмен мойындалады, әдетте ол өзінің инвестициялық және банктік заңдылықтары мен орналастырылады [5, 32б] .

Тікелей шетел инвестицияларына қатысты:

  • капитал шығарудың субъектілері;
  • тікелей шетел инвестициялаудың себептері;
  • тікелей инвестицияларының экономикалық эффекттері;
  • тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.

Әлемдегі нарықтағы инвестициялық капиталдық сұранысымен ұсынысына шиелініскен баланста Қазақстан мен ТМД-ның басқа мемлекетінің позициялары өте төмен болып саналады. Бұл мәселелерге енді тек қана өз араларында, әлемдік капитал нарығының өте шағын сигментінде бәсекелесуге ғана болады. Ал тікелей және портфельді инвестицияларға келсек, бұл аймақта олардың ликвидтіліктері экономиканың құрылымдық өзгермелі мәселелерімен, ішкі қаржылық нарықтық көбірек болуымен шектелуі.

Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, тәуелді елдерге шығарылды.

Ал қазіргі уақытта капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетел инвестициялардың 70 - 75 % - ті өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр.

Тікелей инвестициялардың ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында жалпы көлемінің 25, 8%-ті дамушы елдерге, 18, 2%-ті АҚШ-қа, 99 %-ті Ұлыбританияға, 26, 6%-і Батыс Еуропаның басқа елдеріне, 10%-і Канадаға, 9, 5%-ті әлемнің басқа елдеріне салынады.

Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің бірден-бір себебі, дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын.

Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдерде өте ірі қаржылар мен сиымды ішкі нарықтар бар.

ФРГ мен Жапонияның шетелдерге қаржы бөлуі ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап, жылдамдатылды. Олардың тікелей инвестицияларының өсу қарқыны АҚШ пен салыстырғанда, екі еседей көп болды. Капиталды салу сфераларына бәсекелестік күшейді. Мемлекеттің капитал экспортеры ретіндегі рөлі кенеттен өсіп кетті.

Қазіргі уақытта елдер арасындағы капиталдың қарама-қарсы қозғалысы кең дамуда, яғни олардың әр қайсысы бір мезетте әрі экспортер, әрі импортер рөлін атқарады, яғни капиталдың айқасқан айырбасы деген қозғалыс пайда болды.

Сонымен бірге, елдің ішінде капиталдың жетіспеуінен экспорттың жүзеге асырылуына, ал импорттың шетелдік капиталдың ұлттық капиталды бірнеше рет ығыстыруына әкеліп соғуы мүмкін.

Мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климатты жасау дегеніміз - бұл қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климатты бағалаудың, салыстырмалы талдаудың негізі болып табылады, толық көрсеткіштер жүйесін құрайтын әр түрлі әдістер кешенінің жиынтығы:

  • мемлекеттің нарық потенциалының мінездемесі;
  • табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуі;
  • экономикалық реформалардың күйі және дамуы;
  • инвестициялық іс-әрекет үшін заңдылық база;
  • мемлекеттік ограндарда жүргізу, басқару кепілдерін қабылдаудың реттелуі;
  • валюталық нарықтың және нарық инфрақұрылымының дамуы;
  • банктық жүйенің тұрақтылылығы;
  • саяси климаттың тұрақтылылығы және бағыттылылығы.

Инвестордың типіне, инвестициялық мақсаттар мен тәуекел дәрежесіне байланысты шетел инвестицияларының түрлерін бөліп көрсетеді. Сонғы жылдары қаржылар (құралдар) әр түрлі, бұның көмегімен шетел инвестициялары жүзеге асырылады. Бұл электрондық коммуникация шеңберіндегі жетістіктердің арасындағы байланысты жақсартқан және жаңа инвестициялық механизмдерді дамытқан жетістіктердің арқасында мүмкін болды.

Капитал қозғалысының осындай механизмдерінің бірі тікелей шетел инвесторы болып табылады, бұларды шетел компанияларымен мемлекетке жүзеге асыру арқылы инвесторлар рыноктан тез кету мүмкіндігінен айырылады. Бірақ олар жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты ұзақмерзімді салымдар салуға дайын, өйткені бұл жағдайда салым тәуекелімен байланысты шығындардай пайда жоғары болатынына сенімді болады. Тікелей шетел инвестициялар тікелей емес инвестицияларға қарағанда капиталдың маңызды сомаларын құрайды. Инвестицияның өте жоғары көлемі мен капиталсалымның ұзақ мерзімімен үйлестіруде, инвестициялаудың бұл формалары алушы елдер үшін табысты болып табылады.

Корпоративтік табыс салығы преференциясын пайдалану үшін салық төлеуші инвестициялық проект негізінде пайдалануға жаңа енгізіліп жатқан соммасы қосылмайды. Инвестициялық салықтың преференциялардың уақыты өткеннен кейін заңмен бекітілген нормада салықты төлей береді. Мемлекеттік қолдау мақсатында салықтық преференциядан басқа кедендік жеңілдіктер, яғни олар импортталған құралдарға кедендік баждан босатылады.

Инвестициялық преференциялар инвестордың мемлекеттік органмен жасасқан контрактісі негізінде беріледі. Салық преференциялар мен кедендік жеңілдіктерден басқа заңда мемлекеттік гранттар көрсетілген, яғни инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет мемлекеттік мүлікті қайтарымсыз беру. Елдегі инвестицианы реттейтін заң мемлекеттік грант ретінде мына объектілерді айқындайды: жер учаскелер, ғимараттар, машиналар және құралдар.

Капитал негізінен екпінді түрде дамушы елдерге ағылады, әрине Қазақстанға шетел капиталын тартуда бәсекелестер бар. “Капитал елге келу үшін” инвестициялық климот деп аталатын көптеген факторлардың болуын

қажет етеді. Сол факторлардың ішінен:

  • нарықтың потенциалы;
  • ұлттық экономиканың ресурспен қамтамассыз етуі;
  • реформалардың қадамы;
  • экономикалық коньюктураның жағдайы;
  • инвестициялар үшін заңды базасы;
  • саяси климот;
  • бюрократия, жемқорлық, криминогендік жағдай.

Басқа да қажетті жағдайлар:

  • заңдардың тұрақтылығы;
  • кедендік, қаржылық, салықтық реттеуде кәсіпкерлікке нақты құқықтық база жасау;
  • салықтардың, тарифтердің және жеңілдіктер деңгейінің бәсеке қабілеттілігі.

Тікелей инвестицияны кәсіпорынға салу кезінде инвесторды бәрінен бұрын қызықтырады:

  • ақпараттың бар болуы;
  • жетімділігі;
  • толықтылығы;
  • шынайылығы;
  • оны берудің оперативтілігі (уақыттылылығы) .

Инвестор бухгалерлік есептерді, құжаттарды түсіну үшін халықаралық стандарттарға сай келуі қажет [6, 9б] . Ақпараттың жетімсіздігі, белгісіздікті алып келеді, ал бұл өз кезегінде капиталдың тәуекелінің өсуіне алып келеді. Тәуекелдің жоғары дәрежесі инвестор жоғарғы пайда нормасын күтеді. Инвесторды қызықтыру үшін оған бизнес жоспар беру қажет:

  • жүзеге асыруға қажет мақсаттың нақты жоспары;
  • оларды орындаудың кезеңдері;
  • күтілетін шығын және пайда көлемін нақты есептеу;
  • оны бөлудің әдістері.

Кәсіпорын инвесторды тартудың барлық заңды әдістерін инвестиция тарту үшін пайдалануы қажет.

Шетел инвесторлары үшін ұлттық инвесторларға сияқты жағдай жасау қажет. Мұндай талаптардың орындалуы инвестициялық тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Американың “Наследие” деген мемлекеттік қоры инвестиция салғанда елді таңдаудың 9 факторын атап айтты:

  • эконоимкалық өсімнің деңгейі немесе басқаша жалпы ішкі өнімнің өсімшесі;
  • саяси тұрақтылық;
  • нарықтың көлемі (бір адамға шаққанда жалпы ішкі өнімнің көлемін халық санына көбейтумен анықталады) ;
  • шетел көмегіне тәуекел (экономикалық еркіндікте қозғалып келе жатқан көптеген елдер, зерттеушілердің айтуынша, шетел көмегінен тәуелсіз. Олар өзінің дамуында тек өз ресурстарына сенеді) ;
  • сыртқы қарыз мөлшері (әрине, бұл проблема шешімсіз емес, егер қарызға алынған ақша жол құрылысына, инфроқұрлымды дамытуға жұмсалса, бұл экономикалық даму үшін жақсы) ;
  • волютаның басқа валютаға еркін түрде айырбасталуы (пайданың репотриациялану мүмкіндігі кез-келген салым үшін қажет жағдай. Бұл мүмкіндік заңмен кепілденеді. Ол жергілікті волютамен бекітіледі) ;
  • волюта күші (бұл волютаның инфляцияға қатысты тұрақтылығы) ;
  • ішкі қорлардың деңгейі (эксперттердің айтуынша, экономиканың дамуы үшін ЖІӨ ішкі қорлануы 24 % болу қажет. Мұндай қорлану ЖІӨ-ң 4-5 % өсуге мүмкіндік береді;
  • инфрақұрылымның деңгейі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процесс
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz