Құбылмалы бахтақ шаруашылығы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы 40 беттен тұрады, оның құрамына 5 кесте, 1 диограмма, 1 график, 5 сурет және 24 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кілтік сөздер: билогиялық анализ, морфологиялық анализ, құбылмалы бахтақ, инкубация, бассейндер, коэффициент, генерация, дәрумен.

Зерттеу объектісі: Түрген бахтақ шаруашылығында өсірілген шабақтар және бір жастық бахтақ ( Salmo gairdneri ) балықтары алынды.

Бітіру жұмыстың мақсаты: Түрген бахтақ шаруашылығында өсірілетін құбылмалы бахтақ балығына морфологиялық және биологиялық сипаттама беру.

Пайдаланылған құралдар: з ерттеу жұмысы штангенциркуль, сызғыш, электрондық таразы, скальпель, қайшы, инені пайдалана отыра жүргізілді.

МАЗМҰНЫ бет

КІРІСПЕ 4

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5

1. 1. Құбылмалы бахтақтың систематикасы және таралуы 5

1. 2. Құылмалы бақтахтың биологиялық сипаттамасы 6

1. 2. 1. Көбеюі және дамуы, өсуі 7

1. 2. 2. Тұқымдылығы 10

1. 2. 3. Қоректенуі 10

2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ 17

2. 1. Зерттеу жүргізілген ауданның сипаттамасы 17

2. 2. Құбылмалы бахтақ шаруашылығындағы өндірістік процестер-

дің сипаттамасы 17

3. НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР 27

3. 1. Түрген шаруашылығында өсірілген құбылмалы бахтақ шабақтары-

ның биологиялық талдауы 27

3. 2. Түрген шаруашылығында өсірілген бір жастық құбылмалы бахтақ-

тың биологиялық талдауы 28

3. 3Түрген бахтақ шаруашылығында өсірілген құбылмалы бахтақ балығы-

на жүргізілген биологиялық және морфологиялық талдау нәтижелері 29

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 35

КІРІСПЕ

Тауарлы аквакультураның Қазақстанда дамуының негізгі талабы: құнды балықтарды қолдан өсіру биотехникасын жасау, бассейіндік немесе шарбақтық әдіспен балық өсіруге көшу. Аз ауданды пайдаланып, неғұрлым көбірек өнім алуға тырысу, сонда ғана құнды балықтарды өсіру арқылы олардан пайда көруге болады.

Құбылмалы бахтақ Salmo gairdneri балығы Қазақстанда Шелек өзенінің жоғарғы бассейніне, төменгі және ортаңғы Көлсай көлдеріне және Қайыңды су қоймаларына жерсіндірілген. Ал жасанды жағдайда Алматы облысында орналасқан Түрген бахтақ шаруашылығында уылдырықтан тауарлы балыққа дейін өсіріледі [1] .

Құбылмалы бахтақтың басқа балықтармен салыстырғандағы ерекшелігі -етінің дәмділігінде және жоғары технологиялық, пластикалық қасиеттерінде. Себебі осы объекті индустриялық технологиямен өсіруге өте төзімді, жоғарғы тығыздықпен отырғызып өсіру кезінде өсу қарқыны өзгермейді, жоғары қарқынды болып қалады. Тағы да айта кететін бір ерекшелік - бұл бахтақ балықтарының жасанды азықтармен қоректенуге өте жақсы бейімделгені. Сондай-ақ, индустриялық жағдайда, құбылмалы бахтақ қалыпты дамып, жақсы сапалы жыныс өнімдерін береді [2] .

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Түрген бахтақ шаруашылығында өсірілетін құбылмалы бахтақ балығына морфологиялық және биологиялық сипаттама беру.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

  1. Құбылмалы бахтақтың систематикасы және таралуы

Тип: Chordata - Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata (Craniota) - Омыртқалылар (Бас қаңқалылар)

Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар

Класс үсті: Pisces - Балықтар

Класс: Ostichthyes - Сүйекті балықтар

Класс тармағы: Actinopterygii - Сәуле қанаттылар

Отр: Salmoniformes - Албырттәрізділер

Тұқымдас: Salmonidae - Албырттар

Туыс: Salmo Linne - Албырт

Түр: Salmo gairdneri Richardson - Құбылмалы бахтақ [3] .

Таралуы. Құбылмалы бахтақтың табиғи ареалы Солтүстік Американың тынық мұхитының жағалауынан, Аляскадан Мексикаға дейінгі су қоймалар. Бұл балық табиғи ареалынан ең бірінші рет 1874 ж. С. Гриннің көмегімен Калледониядағы жеке бахтақ шаруашылығына алып келінген. Қазіргі уақытта бұл балық барлық континенттердің суқоймаларында таралған [3] .

Құбылмалы бахтақтың түпкілікті таралуы батыс Европа. Бірақ оның барлық аудандарында емес тек үлкен өзендерінде ғана кездеседі. Біздің елде бахтақтың таралу аймағы шектеулі, яғни тек кейбір жерлерде ғана кездеседі. Ол солтүстік Ресейде Балтық теңізінің бассейінінде, Вольныски губерниясында және Қырым, Кавказ өзендерінде таралған. Ақ және мұзды теңізге құятын Солтүстік Ресей өзендерінде және Сібірде бахтақ балығы мүлдем кездеспейді. Олар орталық Азияда Амудария өзенінің жоғарғы ағысында кездесуі мүмкін. Ресейде бахтақтың таралуының шектелуі олардың салқын, таулы өзендерде таралуымен сипатталады.

Қазақстанға құбылмалы бахтақ 1964 жылы сәуір айында алып келінді, содан кейін 1965 және 1966 жылдары Чехословакиядан 200 мың дана ұрықтанған уылдырқтарды алып келді. Уылдырықтар ҚАЗМУ-нің қызметкерлерінің көмегімен Шелек өзенінің Бартоғай су қоймасында инкубацияланды. Кейіннен уылдырықтар әртүрлі шаруашылықтарға, соның ішінде Түрген бахтақ шаруашылығына да таратылды.

Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның табиғи суқоймаларына құбылмалы бахтақты 1965 жылдан бастап қоныстандыра бастады. Бұл мақсатта Шелек өзеннің жоғары бассейіндері Төменгі және Ортаңғы Көлсай көлдері және Қайыңды суқоймаларын таңдап алды. Құбылмалы бахтақ балықтарын бұл су қоймаларға 3 рет алып келіп жіберді:

1) 1965ж. тамыз айында Төменгі Көлсай көліне - Чехословакиялық партияның уылдырықтарының 2 айлық шабақтарының 3 мың данасын ;

2) 1969 ж. маусым айында Ортаңғы Көлсай және Төменгі Көлсайға 5 мың шабақтарды;

3) 1970ж. шілде айында Түрген шаруашылығынан Қайыңды көліне 5 мың шабақтарды жіберді.

Құбылмалы бахтақ Қазақстандағы аталған су қоймаларға жерсініп, ондағы табиғатқа жақсы бейімделді, тек Қайыңды көлінде ғана бахтақтың көбеюіне қолайлы жағдай болмады [1] .

1. 2. Құбылмалы бахтақтың биологиялық сипаттамасы

Құбылмалы бахтақ - салқын сулы шаруашылықтың негізгі өсіру объектісі болып саналады. Құбылмалы бахтақтың денесінде қара дақтары болады. Бұндай дақтар балықтың арқасында көп және өмірінің екінші жылында екі бүйірінен құбылмалы қызғылт жолақ пайда болады. Әсіресе, аталық балықтардың өрістеу кезеңінде айқын білінеді.

Құбылмалы бахтақтың уылдырық шашу кезеңі әдетте наурыз айында басталады, ал дернәсілдердің шығуы сәуір айында басталады. Құбылмалы бахтақ өзен бахтағына қарағанда қоршаған ортаға онша қатаң талаптар қоймайды. Бірақ бұл балықтар судағы оттегінің құрамына өте сезімтал болып келеді. Олардың қалыпты өмір сүруіне судағы оттегінің көлемі (О 2 ) 10-12 мл/л болуы керек. Оптимальды өсу температурасы 16-18 ºС [1] .

Құбылмалы бахтақ пайдаланған азықты тиімді сіңіріп, өсу қарқыны жоғары болады. Жазғы шабақтарының m=10-20г болса, өсірудің екіші жылында 150-200 г, ал үшінші жылында олардың салмағы 300-900 г-ға дейін жете алады. Олардың ауруларға төзімділігі де жоғары, сондықтан жасанды өсірудің негізгі объектісі болып саналатын себебі де осыған байланысты.

Құбылмалы бахтақтың абсолюттік тұқымдылығы орташа есеппен 1500 уылдырыққа жетеді (800-3000 данаға дейін ауытқиды) . Олардың жыныстық жетілу жасы үшінші жылдан басталады.

Құбылмалы бахтахтың бүйір сызығының жоғарғы жағындағы 2 қатар орналасқан қабыршақтарының саны - 115 - 180, D - 10 - 13, А-8-12, желбезек өскіндері 16-22, пилорикалық өсінділері 28-90(91), омыртқалары 55-66, орташа 62-65, жақтары және таңдай сүйектері қатты тісшелерімен жабдықталған. Базибранхиальді тістері жоқ. Қабыршақтары ірі, майда және аралық популяциялары болады. Қабыршақтарының саны белгілі бір жағдайларда тіршілік етуімен байланысты: биік таулы өзендерде тіршілік ететін формаларында қабыршақтарының саны көп болады. Ережеге сай, жоғары ендікте балықтардың қабыршақтары майда болып келеді.

Salmo gairdneri -дің хромосомаларының саны 58-60, мета-субметацентрикалық, 2 - субтелоцентрикалық, 14 - акроцентрикалық, хромосома иықтарының саны 104 - ке тең.

Бахтақ балықтарының түсі көлге қарағанда өзенде күңгірт түсті болып келеді. Көл балықтарының арасында түсіне қарай, жынысы пісіп жетілген және жетілмеген дараларды ажыратуға болады. Жыныстық жетілмеген аталық және аналықтардың түсі өте ашық күміс түсті, құбылмалы сызықтары айқын көрініп тұрады. Жүзгіш қанаттарының түсі жабық сары түсті. Денесінде бүйір сызығының жоғарғы жағында х-тәрізді дақтар көп болады. Өрістеуге дайын аналықтар мен аталықтардың түсі ашық және қаралау болып келеді, әсіресе аталықтарында-құбылмалы сызықтары ашық-жабық сары, кейде күлгін түсті болады, аналықтарында желбезек қақпағы янтарьлы - жабық - сары, құрсағы күміс түсті болады [4] .

1. 2. 1. Көбеюі, дамуы және өсуі

Құбылмалы бахтақ табиғи ареалының суқоймасында жыныстық жетілуі 1-5 жылда, негізінде 3 жылда толады. Аталықтардың жыныстық жетілуі аналықтарына қарағанда 1-2 жыл ерте болады. Өзенде жыныстық жетілген балықтардың ұзындығы 13, 0 см жетеді, ал көлдерде ол ірі болып келеді.

Құбылмалы бахтақтың гонадасына гистологиялық зерттеу нәтижесінде, өмірінің бірінші жылының аяғында барлық аналықтарының жыныс бездері II стадияға жеткен [5] .

Құбылмалы бахтақ-уылдырықтарын бір уақытта шашатын - балыққа жатады. Аналықтары өмірінде 3-4 рет уылдырығын шашады. Бахтақтың көбею мерізімі әртүрлі су қоймаларда әртүрлі және арнайы су температурасының түсуіне негізделген. Мысалы, Калифорнияда жабайы құбылмалы бахтақ уылдырықтарын ақпаннан, маусымға дейін шашады; жоғары биіктікте орналасқан су қоймаларда, уылдырық шашу шілдеге дейін созылады [4] .

Төменгі Көлсай көліндегі балықтардың кейінгі генерациялары 2-ші жылдың аяғында жыныстық жетіледі. Ортаңғы Көлсай және Қайыңды көлдерінде бахтақтың аналығы кейінгі генерацияға қарағанда жыныстық жетілуі бір жылға болады [6] .

Құбылмалы бахтақ уылдырықтарын бір уақытта шашатын балыққа жатады. Өмірінде 3 - 4 рет өрістейді. Бахтақтың көбею мерізімі әртүрлі су қоймаларда әртүрлі және арнайы су температурасының түсуіне негізделген. Калифорнияда жабайы құбылмалы бахтақ уылдырықтарын ақпаннан, маусымға дейін шашады; жоғары биіктікте орналасқан су қоймаларда, уылдырық шашу шілдеге дейін созылады [7] .

Құбылмалы бахтақтың кейінгі генерациясы өмірінде 3-4 рет өрістейді, жергілікті генерация 2 рет өрістейді. Бахтақтың жаппай уылдырық шашу уақыты келтірілген су қоймаларда судың орташа жылдық температурасымен анықталады - қыс айларында су температурасы жоғары болса, уылдырық шашу мерзімі ерте басталады. Шелек өзенінің жағалауындағы тәжірибелік тоған шаруашылығында, бахтақтың 1966 жылы бірінші кейінгі партияларының уылдырық шашуы, қаңтар айының соңында басталады, ал жаппай уылдырық шашуы ақпан айының басында басталады. Шелек өзенінің ортаңғы ағысындағы, сонымен қатар Көлсай өзенінде және Көлсай көлдерінде бахтақтың жаппай уылдырық шашуы әртүрлі жылдарда наурыз, сәуір айларының соңы, мамыр немесе маусым айларының басына келеді. Бахтақтың уылдырық шашатын жерге жиналуы, су температурасы таңғы уақытта 5ºС-тан төмен емес жағдайда байқалады.

Аталықтарында кейінгі және жергілікті генерацияларында, аналықтарына қарағанда функциональді жетілу кезеңі ұзақ болып келеді, бұл әсіресе Төменгі Көлсай көліндегі 2 алғашқы жергілікті генерациядан өте айқын байқалады. 1969 және 1970жылы “өрістегіш” аналықтар тамыз - қыркүйек айларында бұл жерде болған, олардың аз бөлігі қараша - желтоқсан айларында, ал негізгі массалары ақпан - науырыз айларында пісіп -жетіледі, оларда пісіп-жетілу коэффиценті қыркүйек - қазан айларында 6, 1-7, 8 байқалады, қаңтар - ақпан айларында пісіп-жетілу коэффиценті 0, 3-0, 6 аталықтар кездескен.

Төменгі Көлсай көлінде уылдырық шашу кезінде бахтақтың жергілікті генерациясында жыныстық қарым-қатынас 1:1-ге қатынасына жақын болды. Бахтақ балығының бұл көлде уылдырық шашуы өзеннің құяр жерінде 1 км қашықтықта орналасады.

Көлсай өзенінде тіршілік ететін бахтақ балығы уылдырық шашу үшін, ағынмен жоғары көтеріледі, Шелек өзенінен олар өзеннің жағалауларына кіреді.

Көлсай өзеніндегі бахтақтың уылдырық шашатын ұясы, өзеннің құм, тасты құмдары көтерілген жерлерде кездескен. Мұндай жерлердегі ұяларды су шайып кетеді. Бұл жерде су ағысының жылдамдығы 0, 5-0, 6м/с. Ұяның орналасуы тереңдігі 20-25см және ағысқа қарай шығыңқы. Пішіні жағынан шұңқыр, ағысқа қараған төменгі жағы уылдырық шашатын төмпекке өтеді, шұңқырдың түбінде 2-3 ірі тастар жатады. Төмпек майда топырақтардан тұрады, оның негізінде тығыз топырақ жатады. Уылдырықтар төмпешіктің бірнеше бөліктеріне 12-25см тереңдікке көміліп қалады. Ұяда 3-5-тен 600-ге дейін және одан да көп тірі уылдырықтар болады. Төмпешіктің ұзындығы 0, 3-1м [1] .

Шелек өзенінің ортаңғы ағысындағы бахтақтардың ұяларының құрылуы басқаша. Ол жердегі төмпектің ұзындығы 40-130см, ені 40-70см.

Ұяның өзі тереңірек төмпекпен қатар орналасқан, ол жер сумен жақсы қамтамасыз етіледі. Уылдырықтар 12-15см тереңдікке шашылады, ол майда, орташа және ірі құмдармен себілген. Ұяны аналық балық 2-3 күннің ішінде салады, сонымен қатар олар жарық уақытта да ұя сала береді. 1-2мин уақыттан кейін аналық бүйірлеп жатады және құйрығымен топырақты лақтыра бастайды. Аталық осы уақытта ұяның жанында қозғалып жүреді де, біраз уақыттан кейін аналыққа жақындайды. Уылдырық шашу таңғы уақытта өтеді. Экологиялық-физиологиялық зерттеу әдістері арқылы балықтардың даму процессі бойы олардың өсу жылдамдығы, газ алмасу қарқындылығы және басқа да көрсеткіштері тікелей байланысты болады. Зерттеушілер балықтардың өсіу кезінде олардың сыртықы орта факторларына сезімталдығы өте жоғары болады екен, ал осы кезеңді сипаттайтын теория “балықтардың критикалық кезең теориясы” деп аталады. Кауфман З. С. айтуы бойынша [7], балықтардың дамуының критикалық кезеңі резистенттілікті ғана төмендетіп қоймай, олардың өсу қарқынын төмендетеді, нуклейндік алмасуы төмендейді, регенеративтік қабілеті және белоктың реактивтік тобы, физиологиялық процестердің қарқындылығы да төмендейді. Бірақ осы кезеңде олардың тыныс алуы күшейе түседі. Жоғары сезімталдылық кезеңі организмнің дамуының маңызды сатыларымен, жеке органдарының түзілуімен, клеткадағы қайта құру процестері дифференциация процестеріне тұспа-тұс келеді [8] .

Дамып келе жатқан жұмыртқа клеткасына әртүрлі факторлардың әсері (жоғары немесе төмен температура, химиялық және механикалық агенттер т. б. ) оның үнемі зақымдануына әкелмейтіндігі экспериментальді тұрғыдан дәлелденген. Кейбір сатыларда бұл факторлар ұрыққа маңызды әсерін тигізбейді, ал басқа сатыларда ұрықтың дамуында үлкен өзгерістерге ұшыратып, соңында ұрықтың дұрыс дамуына жол бермейді де балықтарды ұсқынсыздыққа ұшыратады [9] .

Т. А. Детлаф және А. С. Гинзбург өздерінің тәжірибелері арқылы бекіре балықтарының ұрықтарының сезімтал кезеңінің бар екенін дәлелдеді, бірақ бұл кезеңдер жоғары дифференцирленген кезеңмен ерекшеленеді[10] .

Критикалық кезеңде балықтардың тыныс алуы керісінше қарқындатылады. Құбылмалы бахтақтың тыныс алуының қарқындалуы көздерінің пигментация кезеңінен басталады. Бұл тәжірибені Л. П. Рыжков жасаған [9] . Осы кезеңде торсылдақ аумен толтырылады, сары уыз қалтасы сорылып,, шеміршекті қаңқаның түзілуі басталады.

И. В. Шаронов севан бахтағының шабақтарының тұйық жүйелерде оттегіні пайдалану деңгейін анықтау кезінде олардың тыныс алу жылдамдығы уылдырықтың ұрықтанғаннан кейін 2-3-ші, 20-шы, 50-ші күні байқалған. Сондай-ақ газ алмасудың айтарлықтай артуы ұрықтан дернәсілдің шығар кезеңінде, белсенді қоректенуге көшкен кезде және 70-ші, 100-130-шы тәуіліктерде байқалды. Газ алмасу жылдамдығының барлық өзгерістерін, автор, бахтақтың дамуының сатылы болуына байланыстырады. Е. А. Боровик [10], құбылмалы бахтақтың тыныс алу қарқындылығы ерте онтогенезде байқалғандығын ескереді. Бахтақтың эмбриональді дамуының жалпы ұзақтығы су температурасы 7-9º С болғанда 38-40 күн.

Шелек өзені бассейінінің табиғи суқоймалардағы кейінгі генерациялардың максимальді жасы 5-6 жыл. Жергілікті генерациялардың негізгі жастық құрамы 1 жылдан 3 жылға дейін, 4 жылдықтар өте аз кездеседі.

Шелек өзені бассейнінің суқоймаларында бахтақтың ұзындыққа өсуі және дене салмағы әртүрлі генерацияда әртүрлі болып келеді. Ортаңғы Көлсай көліндегі бахтақ балықтары қарқынды ұзындыққа өсуімен ерекшеленеді, Қайыңді көліндегі бахтақ балықтарының өсуі өте төмен болып келеді. Төменгі Көлсай көліндегі бахтақ балықтары өте жоғары тез өсумен ерекшеленеді, бұл көл бахтақ балықтары үшін өте қолайлы.

Жергілікті генерацияның особътарының қоңдылығы, кейінге қарағанда бірте-бірте төмендейді. Төменгі Көлсай көліндегі әртүрлі жастағы 1-ші жергілікті балықтардың қоңдылығы кейінгі балықтардан аз ғана өзгереді. Фультон бойынша - 1, 21-1, 45, Кларк бойынша 1, 01-1, 24 [11] .

1. 2. 2. Тұқымдылығы

Құбылмалы бахтақтың тұқымдылығы кең көлемде өзгеріп отырады. Ол кейінгі генерациядағы аналықта жоғары болып келеді. Төменгі Көлсай көліндегі салмағы 1900-6100, жасы 4, 4+ жастағы аналықтың абсолюттік тұқымдылығы 2990-5677 уылдырық, ал 1салмағы 5600г аналықта 11120 уылдырық; салыстырмалы тұқымдылық 1, 2-2, 07 дейін өзгерді. Көлсай өзенініндегі бірінші рет пісіп-жетілген аналықта өзіндік тұқымдылығы 1450-2016 уылдырықты құрады, дене салмағы 500-600г. Ортаңғы Көлсай көліндегі 3+ жастағы, дене салмағы 1050-2320г аналықтың кейіегі генерациясының абсолютті тұқымдылығы 4000-5850 уылдырық, салыстырмалы тұқымдылығы - 2. 95-4, 2 уылдырықты құрады [12] .

Жергілікті генерацияда аналықтың тұқымдылығы төмендейді. Төменгі Көлсай көліндегі бірінші рет уылдырық шашқан аналықтың 1, 2 және 3-ші жергілікті генерацияның абсолютті тұқымдылығы орташа есеппен 2080, 1688, 2020 уылдырықты, жастары 4, 3 және 3 жылдықтар, денесінің орташа салмағы 677, 470 және 572, 5г, салыстырмалы тұқымдылығы 4, 22, 4, 9 және 4, 95 уылдырықты құрады [9] .

1. 2. 3. Қоректенуі

Құбылмалы бахтақтың табиғи ареалының суқоймаларындағы негізгі қоректік объектілері су насекомдары, сонымен қатар құрлық, зоопланктон және балықтар болып табылады.

Құбылмалы бахтақ жемтігінің көлеміне байланысты, 30-40см жыртқыштыққа көшеді. Сонымен қатар ол аз мөлшерде өсімдіктермен де қоректенеді. D. Borgeson-ның ойы бойынша құбылмалы бахтақ қөлде, өзенге қарағанда жақсы өседі және дамиды. Қоректену типі бойынша эврифагтарға жатқызуға болады [13] .

Шелек су қоймасында құбылмалы бахтақ жерсіндірудің бірінші жылында қорек спектрінің кеңдігімен ерекшеленді (кесте 1) .

Шелек өзені бассейіндерінің суқоймаларындапғы құбылмалы бахтақ қорегіне 185 қоректік компонентті пайдаланады; олар құрттар, моллюскалар, планктонды шаянтәрізділер, бүйірмен жүзушілер, су насекомдары, құрлық омыртқасыздары, балықтар, уылдырық және өсімдіктерден құралады. Барлық суқоймаларда бахтақ балығы олигохеттерді негізінен қуыршақ кезінде ғана пайдаланады, ал дернәсілдерден үлкеніректермен ғана қоректенеді.

Шелек өзеніндегі құбылмалы бахтақ балығының ішегінде кездескен компаненттер

1 кесте

Компон-р
IX. 1996; 1+
VI. 1967; 2+
IX. 1967; 2+
XI. 1968; 2+
VI. 1968; 3
Компон-р: Балық
IX. 1996; 1+: -
VI. 1967; 2+: -
IX. 1967; 2+: 100
XI. 1968; 2+: 99, 97
VI. 1968; 3: 75, 0
20, 80
60, 0
71, 25
40, 0
0, 99
Компон-р: Моллюс-р
IX. 1996; 1+: 75
VI. 1967; 2+: 3, 29
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 50, 0
4, 55
40, 0
25, 27
40, 0
2, 16
Компон-р: Жылғ-р
IX. 1996; 1+: -
VI. 1967; 2+: -
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: -
-
20, 0
1
-
-
Компон-р: Шаянтәр-р
IX. 1996; 1+: -
VI. 1967; 2+: -
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: -
-
20, 0
-
-
-
Компон-р: Біркүнд-р
IX. 1996; 1+: 25, 0
VI. 1967; 2+: 0, 02
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: -
-
60, 0
0, 24
-
-
Компон-р: Жылғ-р лич.
IX. 1996; 1+: 75, 0
VI. 1967; 2+: 0, 03
IX. 1967; 2+: 25, 0
XI. 1968; 2+: 0, 01
VI. 1968; 3: 25, 0
25, 35
60, 0
0, 07
40, 0
0, 01
Компон-р: Қоңыздар
IX. 1996; 1+: -
VI. 1967; 2+: -
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 50, 0
0, 54
-
-
-
0, 01
Компон-р: Хир. лич.
IX. 1996; 1+: 50, 0
VI. 1967; 2+: 0, 02
IX. 1967; 2+: 25, 0
XI. 1968; 2+: 0, 02
VI. 1968; 3: 25, 0
0, 53
60, 0
0, 11
20
0, 45
Компон-р: Хир. қуыр.
IX. 1996; 1+: 75, 0
VI. 1967; 2+: -
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 75, 0
21, 80
-
-
80, 0
4, 51
Компон-р: Хир. симу.
IX. 1996; 1+: -
VI. 1967; 2+: -
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 100
0, 17
40, 0
0, 02
-
-
Компон-р:

Планк. орг.

жұмыртқа-ы

IX. 1996; 1+: 25, 0
VI. 1967; 2+: 0, 02
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: -
-
-
-
-
-
Компон-р: Бакоплав-р
IX. 1996; 1+: 50, 0
VI. 1967; 2+: 0, 07
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 50, 0
0, 90
60, 0
0, 08
40, 0
48, 17
Компон-р: Ауа насеком.
IX. 1996; 1+: 25, 0
VI. 1967; 2+: 0, 13
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 50, 0
2, 08
-
-
-
-
Компон-р: Барлығы:
IX. 1996; 1+: 100
VI. 1967; 2+: 96, 7
IX. 1967; 2+: -
XI. 1968; 2+: -
VI. 1968; 3: 100
23, 02
100
2, 96
100
4, 69

1966 жылы қыркүйекте 2 жылдық балықтардың ішегінен, аcқазанынан моллюскалардың қалдығы, біркүндіктердің, жылғалықтардың, хирономидтердің, бүйірмен жүзушілердің личинкалары табылған. (барлығы 9 компонент) . Ауланған балықтардың салмағы 310 - 400 гр. 1967 жылы маусымда 2 жылдықтардың максимальді салмағы 1100 гр - ға жеткен. Қорегінде голец 99, 97 %, қаяз 0, 03 %, жылғалықтардың, хирономидтердің личинкасы кездескен. Қыркүйекте осы балықтар 20, 8 % кездескен. 3 жылдық бахтақтар омыртқасыздармен қоректенген, қыркүйекте ұсталған 3 жылдық бахтақтың 3 экземплярының дене салмағы 100 0 - 1600 гр/ға ауытқып отырған. Қыста бахтақ интенсивті қоректене береді. 1968 жылы 3 жылдық бахтақтардың қорек рационында басым бөлігін балықтар құраған. Кейбір бахтақтардың ішегінде моллюскалар 25, 3 % және де біркүндіктердің личинкалары кездескен. 1968 жылы шілдеде құбылмалы бахтақтың максимальді салмағы 3400 -ге жеткен, орташа салмағы 1600 гр. Барлық балықтардың жыныстық жетілу стадиясы 2 - 4 жас аралығында. Өрістеуге шығар алдында құбылмалы бахтақ қректенуін тоқтатпайды. Жыныстық жетілген балықтар голец, османмен және бүйірмен жүзушілермен қоректенеді. Ал кейбір особътардың ішегінде балықтардың орнына хирономидтердің личинкалары және моллюскалар кездескен. Қорегінде балықтардың мөлшері 2, 94 %, бүйірмен жүзушілер - 48, 2 %, хирономидтердің личинкасы 4, 5 %, моллюскалар 2, 2 % құраған.

Төменгі Көлсайда құбылмалы бахтақтың қоректену спектрі жыныстық жетілгенге дейін кең болады. М. В. Шаповаловтың айтуы бойынша төменгі Көлсай өзқенінің әр бөлінінде бахтақтың қорегінде 168 компонент кездескен. Мезгілге байланысты бахтақтың қорегіндегі компоненттер өзгеріп отырады. Көктемде - хирономидтердің қуыршақтары, бүйірмен жүзушілер; жазда - құрлық омыртқасыздары мен моллюскалар; қыста - бүйірмен жүзушілер және моллюскалар құраған. М. В. Шаповалов тұжырымдауы бойынша жылдық рационға байланысты Көлсайдағы бахтақтың қоректік спектрінде 79 компонент кездескен. Қысқы қоректік спектрі көктемдік және жазғы қоректік спектрінен аз болған.

Әртүрлі қоректерді кең пайдалануға қабілетті болғандықтан бахтақ балығы бүкіл әлемге тең акклиматизациялық объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар тоған шаруашылығының объектісі ретінде де тез таралды. Сондықтан бахтақ жиі жасанды қорекпен де өсіріледі. Көптеген елдерде жақсы нәтижелер алынған, сонымен қатар біздің елде де мысалы, бахтақты тұқы тоғанында өсірді, ол сол жерде тек омыртқасыз организмдермен қоректенген. Мұндай тоғандарда майда жабайы балықтармен биологиялық мелиоратор ролін атқарады [14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰБЫЛМАЛЫ БАХТАҚ БАЛЫҒЫН SALMO GAIRDNERI R., БАССЕЙНДЕ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанда балық өсірудің қазіргі жағдайы
Қазақстанда тұқы балық өсірудің қазіргі жағдайы
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Балықтардың аурулары
Тауарлық балық шаруашылығы
Тұқы балығын қолдан өсіру
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Алматы облысындағы өсірілетін балықтың түрлері
Балық консервілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz