Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
КІРІСПЕ 3
1.Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде 5
1.1 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
Банктің басқару құрылымы 6
1.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы 13
1.3. Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы 14
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 17
2.1. Экономиканы және халықты несиелендіру 23
2.2. Қолма.қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу 30
2.3. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері 36
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет керсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады.
Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра оты¬рып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады.
Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялык банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады. Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда).
Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай калды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030 бағдарламасы». Алматы, 1997 ж.
2. Банковское дело. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы, 1998ж.
3. Денги. Кредит. Банки. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы, 2000 ж.
4. Банковское дело. / Под редакцией Лаврушина О.И. /, Москва, 1998 г.
5. Банки и банкоские операции. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы, «Экономика». 1999 г.
6. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы, «Экономика». 2000 ж.
7. Давыдова Л. Е, Раймонов Д.В Банковское право Республики Казахстан. Алматы, «Жеті-Жарғы». 2000 г.
8. Худяков А.И.Финансовое право Республики Казахстан: (Общая часть). Алматы, «Қаржы – қаражат». 1995 г.

Жоспар
КІРІСПЕ 3
1.Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде 5
1.1 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы. 6
Банктің басқару құрылымы
1.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы 13
1.3. Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы 14
2. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары 17
2.1. Экономиканы және халықты несиелендіру 23
2.2. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу 30
2.3. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері 36
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41
Кіріспе
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет керсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне
200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді
операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз
жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан
болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады.
Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие
жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар
өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын
көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады.
Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы
қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялык
банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын
тарту мүмкін емес. Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді.
Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз
мөлшерлемесін белгілеп табыс табады. Жалпы қоғамға көмек, олар банктен
алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына
жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға
ұлғайтқанда).
Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін
қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер
ақшалай қаражаттарын бере алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер
үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар
банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында
қайтарылмай калды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы жәке
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан,
мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес,
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады,
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды. Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да
рас. Бұл біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында
және екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында
мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен.
Олардың 5 мынға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат)
алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен
чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк
жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген
коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше банкі болып табылады. Заң бойынша барлық
Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары
бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген
жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге
мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше банктер жалпы коммерциялық банктер
қатарының 40%-ін құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді
ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге
мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын
қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу
кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг
компаниялардың бір бөлігі болыл табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру
формасы, тек қана банкі бөлімшедерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ
жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға
жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктік
холдинг компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды
қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің
артуына чартер берудің қатан саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің
ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та
халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар
бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді
(мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін
мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).
1.1 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Банктің басқару құрылымы
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында
және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінін өкілеттілігін
- Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк - жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркрадитбанк,
Темірбанк және т. б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады. Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі
иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған
облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты
болып келді. Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме
ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі,
лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б.
маманданды. Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық
банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал
барлық банктік институттардың (жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді
қосқанда) филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония
және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп
саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. ІПтаттардың заңында
жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала
шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар
ашуға рұқсат береді, өзгелері штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері
бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан
тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы
ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы. Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын
шектеулер штаттағы сепаратизм дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық
қорқынышынан келіп туындайды. Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты
(өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс
жерлерде сауда орталығыңың ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс
аударуы және т.б.) банк филиалдарының торабы тез арада өсуде: 1970 жылы
22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін1. Бөлімшелер мен филиал тораптарының
кеңірек таралуы банкке бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар
шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға
және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Теріс
жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және
монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында
кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға
тиіе.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы. Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін
іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және
жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларынын қарым-
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді. Банкті басқарудың құрылымын
анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын
жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді
алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы
банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты
көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды
немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам
формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады.
Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы
жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік
саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын
сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т.б., яғни
банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір
рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей
шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және
бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер
жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акционерлерінің
өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың (банк
кеңесінің) ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен
қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы
да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың (банк кеңесінің) негізгі қызметтері:
1. Банктің стратегиялық максатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі
банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-
әрекеттер бағдарламасы, басқарма (кеңес) мен басқару жетекшілері
бірлескен түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай
жағдайларды қамтиды:
- банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін
клиенттер категорияларына бағытталады;
- алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
- банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы
сұрақтар:
- маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен
қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
- өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
- нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын нығайту шаралары;
- пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді
белгілеу саясаты;
- банктің кызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін
және т.б. арттыру бағдарламалары.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды.
Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге
қарағанда оңай болып келеді, себебі сонғыларында клиенттер үшін жергілікті
жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.
2. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк - күрделі және
біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір. білікті
мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін
мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды) есеп-
қарыздық (несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын
тексеруге).
4. Қарыздың және инвестициялық операциаларға бақылау жасау.
Басқарма (кеңес) заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің
құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
5. Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма (кеңес) мүшелері банктің
операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде
басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін
талқылайды. Басқарма (кеңес) мүшелері өздерінің шешімдері,
зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен, кеңес (басқарма) коммерциялық банктегі акционерлер
жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары
басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға
жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады.
Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды
пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген. Бұл басқарылу құрылымы
келесідей болып келеді: президент - қарыздық операциялар бойынша аға вице-
президент немесе депозиттік операциялар бойынша аға вице-президент-бөлімдер
бойынша вице-президент. Көрсетілгеннен басқада банкті құрудың варианттары
болуы мүмкін.
Аймақтың және жалпы ұлттық нарықтардағы банк қызметінің кеңею шамасына
қарай күрделене түседі және оның оперативті буындарының мамандандырылуы
мамандардың, сарапшылардың сырттан келуін, жаңа технологияларды пайдалануды
және т.б. талап етеді. Мұндай жағдаларда банктің ішінде клиенттерге белгілі
бір қызмет түрлерін және қаржылық операцияларды көрсететін арнайы кәсіби
орталықтар жүйесін құру пайдалы. Олардың өзінің қызметтері, басқару
аппараттары, өзінін сметасы мен алынған пайдасы болады. Мысалы, бұл траст
бөлімі өзінің қызметіне байланысты ерекшеленеді. Оның жұмысының шығындары
мен нәтижелерін нақты бағалауға болады. Бұл құрылым мынадай болып келеді:
президент операциялар түрі бойынша вице-президент - кәсіби орталыктар -
аймақтар (Техас). Сондай-ақ маманданудың көптеген дәрежесі банктік холдинг-
компаниясына дейін жетеді. Мұндай сызбада оған қаржы, ипотекалық, лизингтік
компаниялар, трасталық және инвестициялық фирмалар жол чектері мен несиелік
карточектерді шығарушы компаниялар, аудиторлық фирмалар және басқалары
кіреді. Банктік холдинг олардың қызметін бақылайды.
Мұндағы еншілес бөлімшелер мен филиалдардың заңды дербестігі болады.
Ортасында холдинг-компаниясы, жан-жағында - банктер, қаржы, траста, лизинг
және ипотекалық компаниялары болады. Сонымен, холдинг сызбасы еншілес
компаниялар мен филиалдардың жоғары дәрежеде дербес болуын қалайды.
Акционерлер жиналысы кеңес (басқарма) құрамынан банктің қызметіне шұғыл
жетекшілік ету үшін банк басқармасының (кеңесінің) төрағасын сайлайды. Ол
акционерлердің жиналысының шешуін орындайды, банктің еңбек ұжымын
ұйымдастырады және оларға жетекшілік етеді, банктің іскер иелерімен және
басқа да ұйымдармен байланыс орнатады.
Банкке жетекшілікті алдыңғы қатардағы басқармалар мен бөлімшелердің
жұмысын жүргізетін, өзінің орынбасарларының көмегімен банк председателі
атқарады Ірі банктер, әдетте, функционалдык белгісі бойынша құрылатын
бөлімше мен басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің дұрыс
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма бастықтары және олардың
орынбасарлары бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарын координациялады, олардың
бағдарламалары мен нақты мақсаттарын айқындайды.
Сонымен қатар, жұмыстарын бағалайды және кеңес береді. Олар басты
назарын негізінен соңғы нәтижелеріне аударады. Бөлімдер мен клиентке қызмет
көрсету жұмыстары банк операцияларының қандай да бір бөлігіне шағын ғана
маманданған жұмыспен айналысатын кәсіби мамандардан тұрады.
7-сызбада Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы келтірілген (Тұранбанктің).
7-сызба: Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы.
АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғары қызығушылык
туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиналысы
болып табылады. Ол стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Акционерлер
жиналысында директорлар кеңесі сайлауды (ірі банктерде президент), ол
банктің қызметінің барлық негізгі сұрақтарын шешеді. Директорлар кеңесінің
негізгі қызметтері мынадай: банктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк
саясатын құру, жетекшілік органдарға адамдар Іріктеу, комитеттерді құру;
қарыздық және инвестициялык операцияларды бақылау, кеңес беру; банк
қызметтерін кезеңдік тексеру және т. б. қызметгер.
Директорлар кенесі іс-тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және
басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен
өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
1) жоғары менеджерлер;
2) администраторлар;
3) қадағалау және ревизиялық функциялар берілген
тұлғалар.
Жоғары менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін
шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес
және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк
жұмысының нәтижесіне аударады.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты -
өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге - қадағалаушылар жатады. Бұл
қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды
шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен
айналысатын шағын маманданған топтар немесе белімшелерге басшылық ету
тапсырылған, неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғары
лауазымды тұлғасының қатарына: директор кеңесінің төрағасы, президент,
қазынашы бақылаушы, ревизор жатады.
Директорлар кеңесінің төрағасы жедел іспен айналыспайды, бірақ
директорлар кеңесін шақырады және жүргізеді, әр түрлі форумдарға банк
атынан қатысады. Кейбір банктерде бұл орынды президент орнымен
бірлестіреді.
Президент - бұл банктің барлық іскерлік өмірінің басқарушысы. Ол жедел
шешімдер қабылдайды, барлық бөлімдердің қызметтерін басқарады, билік және
басқада ұйымдармен байланысын реттейді. Ірі банктерге президент вице-
президентттер арқылы банк қызметінің күнделікті жұмысына басшылық етеді.
Американ банктерінде қазынашы қызметі өте маңызды болып табылады. Ол
банкінің басты бөлімдерінің арасын жалғаушы буын бола отырып, барлық
қызметтердің жедел жүзеге асырылуына тікелей жауап береді. Ол вексельдерді
есепке алуға, траттаны акцептеуге, қарыз беруге, депозит қабылдауға, бағалы
қағаздарды сатып алуға рұқсат береді. Кассалық операцияларды бақылайды,
банктің берген есебінің және құжаттарының дұрыстығына байланысты
жауапкершілікті мойнына алады. Директорлар қеңесінің міндетті мүшесі және
оның тұрақты секторы болып табылады. Президент пен қазынашы қызметінің
басты айырмашылығы мынада: президент жалпы басшылықты, бақылауды және
қадағалауды жүргізеді, ал қазынашы іс жүзінде операциялардың орындалуын
басқарады. Қазынашының өкілеттілігі банкжарғысында қатаң бекітілген.
Бақылаушы - бухгалтерлік және статистикалық бөлімнің жұмысын
басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен
айналысады. Ревизор банктің жұмысын, оның кейбір бөлімшелерінің қызметтерін
тексереді.
1.2.. Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы,
жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген
факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады.
Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі, банктерден, мысалы: ауыл шаруашылық
ауданындағы банк - өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар
банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау -жалпы банктегі
еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты.
Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері - банктің орындайтын
операциясыныя көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет
түрін көрсетуге маманданады, алдына әр түрлі мақсаттар қояды, оеыған сәйкес
оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық
құрылымның барлық түрінің өзіндік артықшылыктары мен кемшіліктері бар.
Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті
түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық құрылымына,
банктің алдына қойған міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі
түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік іс-тәжірибеде банктің ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар:
функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей
бөліктерге бөлінуі іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының
белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына
қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің
оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг:
бухгатерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар
жаткызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне
байланысты қосымша шағын бөлімшелер құрылуы мүмкін.
Функционалдық құрылым негізінде қандай да бір қызмет түрін көрсетуге
мамандандырылған және шаруашылықты басқаруға, тағы басқа нарық жағдайына
тәуелсіз әрекет етуге қабілетті шағын банктерде қолданылады, басқаша
айтқанда тұрақтылық жағдайында. Бірақ мұндай идеалды шарттар іс жүзінде өте
сирек кездеседі. Сондықтан банктер ұйымдастырушылық құрылымының басқа
типтерін қолданады.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық
жағдайында, несиелік мекемелердін арасындағы бәсекелестіктің өсуі
жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық
белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне
сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер
деген ұғымға әр түрлі құрылымдық бірліктер -басқару бөлімдері, қызметтер,
секторлар кіреді.
Банкі өнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да,
өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де
жиі кездеседі. Операциялардың нақты түрін қөрсетуге маманданған
бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар
оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі
бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай. қызмет көрсетудің сапасын
әлемдік стандартқа жеткізуде. сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа
түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтарға ие.
Бұндай банктердің құрылымында келесідей басқармалар болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді несиелендіру, ұзақ мерзімді несиелендіру, бағалы қағаздар,
трасталық, қаржылық қызметтер және басқалары. Әрбір басқарманың тізімінде
біраз маманданған бөлімдер болуы мүмкін. (Мысалы, қысқа мерзімді
несиелендіру басқармасында - кәсіпорындарды, тұрғындарды, шағын
кәсіпорындарды несиелендіру бөлімдері; ал қаржылық қызмет көрсету
басқармасында - лизинг, факторинг және т. б. бөлімдер болады).
Шағын банктерде басқарманың орнына тек маманданған бөлімдер құрылады.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылымы. Мұндай принциптер
бойынша құрылған банктер өзінін басты назарын клиенттердің белгілі бір
тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл
бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпорацияларға қызмет көрсету
басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету трасталық
операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
1.3. Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы
Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның
ұйымдастырылу негізінде іс-әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды
болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың
ұйымдастырушылық құрылымы принципі жатуы мүмкін. Мұндай облыс, аудан
шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті
жағдайларды дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін
көрсетуге, әр түрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге,
аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің
дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің ұйымдастырушылық құрылымының кез келген сызбасында банк
операцияларын орындайтын негізгі бөлімшелерге, жоғары кәсіби маманданған
банктің мамандары жұмыс істейтін бөлімдер жатады.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп
көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штабтық функцияларды
орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық,
несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т.о.
Штабтық бөлімдер - желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады.
Яғни инфрақұрылым оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау,
кадрлар, заң, статистикалық және т. б. бөлімдері. Банктің ұйымдастырушылық
құрылымын банк басқармасы және басқару бөлімдері (орта және шағын
банктердегі) құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады,
сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады.
Несиелік ресурстарды шоғырландыру және жұмылдыру бойынша банк
операцияларын, яғни пассивтік операцияларды депозиттік операция басқармасы
орындайды да, осы есеп-қарыздық операцияларды, яғни активті операцияларды -
несиелік басқарма орындайды. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті
ұйымдастыру пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін
орындауына (факторингтік, лизингтік, кеңес берушілік, ақпараттық және т.б.)
үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Банктің қызметін болжау басқармасы банктің қызметінің негізгі
қағидаларын: өтімділік, пайдалылық және сенімділікті қамтамасыз ету
мақсатында банктің басқарушылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылған.
Сәйкесінше, оның құрылымы 3 бөлімнен тұрады. Өтімділік бөлші банктің
өтімділігін анықтау бойынша сұрақтар кешенімен айналысады. Шаруашылық есеп
бөлімі банктің кіріс және шығысын болжау, нақты кірістер мен шығыстарды
талдау және пайдалылықты анықтаумен айналысады. Коммерциялық қызметтің
негізін жасайтын бөлім несиелік потенциалды анықтаумен, банк іскерлік
саясатының актісін жасаумен айналысады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті капиталымен
тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады. Ол әдетте
депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен
шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады,
екіншісі - банктің меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен
айналысады. Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен
айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық
операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен
бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен
айналысады. Есеп-кассалық операциялар басқармасы - клиенттерге шот ашумен,
кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады. Валюталық
басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған. Статистикалық және
талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге
ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
Коммерциялық банктер көлеміне байланысты басқада қызмет түрлері болуы
мүмкін: кадрлар бөлімі, заң бөлімі, шаруашылық, ревизиллық, ЭЕМ пайдалану
және енгізу, т.б. бөлімдер.
Банк құрылымының бірнеше сызбасы бар екендігі белгілі, олардың
әркайсысы несиелік нарықтың анықтайтын түріне бейімделген. Банктің
құрылымының неғұрлым қарапайым түрі - пирамида тәрізді. Бұл клиенттермен
шектелген, басқа несиелік мекемелердің болмауы және банк негізінен ауылдық
жерде орналасқан жағдайлардағы несиелік нарыққа лайықты. Мұндай сызбаға
тігінен шекті қарапайым байланыстар, банк жетекшілігіне бөлімдердің тікелей
және бағыныштылығы тән келеді.
Банктерде бұл типтес 6-8 бөлім бар: несиелік, инвестициялық, кассалық
және депозиттік операциялар, трасталық, ревизиялық және әкімшілік
бөлімдері. Ірі әмбебап банктер бөлімшелерімен (ТұранӘлемБанк,
Қазкоммерцбанкі, -Халық банкі) аймақтық құрылымға ие. Бұл құрылымның
өкілеттілігінің көп бөлігі басқарудың орталық органымен төменгі деңгейге
өтеді - бөлімдер мен филиалдарға осыған байланысты олардың арасында аралық
буындар пайда болады - ТұранӘлемБанк, Халық банкі, Казкоммерцбанк -
филиалдар мен бөлімдердің басқармасы.
АҚШ-тың коммерциялық банкінің функционалдық бөлімшелерінің
ұйымдастырушылық құрылымы оперативті және штабтық қызметтер жүргізеді.
Біріншісі, банкінің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты функциялар -
бұл қызметтердің келесі түрлерін: несиелендіру, инвестициялау, сенімділік
операциялар халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру, депозиттік қабылдауды
қамтиды. Штабтық бөлімінің қызметі орындаушыларға маркетинг, бухгалтерлік
есеп және талдау, әдістемелік жұмыс сол сияқтылар бойынша кеңес беруден
көрінеді. Несиелеу, есеп-қарыздық операциялар, халықаралық операциялар,
инвестициялар мен бағалы қағаздар бөлімдері және т.б. бөлімдер банкті
басқарудың негізгі функционалдық құрылымдары болып табылады, Штабтық
бөлімдер, бұл олардың инфрақұрылымы болып табылады. Сонымен қатар, штабтық
бөлімдер негізгі белімшелердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайларды
туғызып отырады.
Бөлімдер желісі бар банктердің ұйымдастырушылық құрылымы филиалсыз
банктерге қарағанда өзгеше, бірақ олармен атқарылатын функциялар жалпы
бірдей болады. Негізгі айырмашылық бас кеңседегі жоғары басқарушы
тұлғаларға берілген функциялар мен бәлімдерді басқаруға қатысты. Бөлімдер
торабы бар банктердің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар, өз құрамына
оперативті қызмет желілері мен функционалдық бөлімшелерді қосады, бірақ
функционалдық бөлімшелердің салмағы жоғарылау болады. АҚШ коммерциялық
банктерінің, сондай-ақ шектелген клиент пен локальды нарық жағдайындағы
филиалсыз орташа ұсақтандыру банктердің ұйымдастырушылық құрылымдарында
банкті құрудың пирамидалық сызбасы орын алады. Барлық бөлімшелер
президентке тек вице-президент арқылы бағынады.
Клиенттердің көп бөлігіне қызмет көрсететін бөлімшелері мен филиалдары
бар ірі әмбебап коммерциялық банктер әр аймақта банкті құрудың географиялық
сызбасына ие болуы мүмкін. Мұндай сызбада бүкіл өкіметтік орталық басқару
органдарынан төменгі ранг басшыларына ауысады, жоғары басшылар мен төменгі
құрылымдар арасында аралық буындар пайда болады (мысалы, президент - батыс
аудан мен оңтүстік ауданның атқарушы вице-президенті - бөлімше -бөлімдер.
Мұндай ірі аумақтық банктерде банкті құрудың функционалдық сызбасы
болуы мүмкін.
2. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптегея нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
каражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардьвд барлық түрлерімен айналысады. Қазақстан
республикасыындағы банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес
банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және
оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдык жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа
да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар
үшін кепілдеме жэне өзгеде міндеттемелерді
беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру
бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік
операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді қөрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві
меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті
капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас
бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды.
Басқа кәсіпорыңдармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында
меншікті капиталдын төменгі денгейі болуы мынандай жағдайлармен
түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы
ретінде баска кәсіпорындардың, мекемелердін және халықтың уақытша бос
қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді
басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық
негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік
сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін
төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа
кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде орналастырған активтеріне
қарағанда кондырғы ғимараты ыңғайлы өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу жэне еңбек ақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін кажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылыгы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінін уакытша бос акшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды. Депозит пек банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан
басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Осылардын негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі кұралады. Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді
басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен
жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ
болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік
банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық кор өз кезегінде КСРО
Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған
және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген,
ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша
бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік
операциялармек айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің
депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының
жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке
тұлғалар, іскерлік фирмалар, акцконерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар,
коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар,
жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық бланктерге ынтамен
орналастырады. Бұл бірнеше себептерімек түсіндіріледі. Біріншіден, банктер
салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін
жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі қерек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратыг;
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру
процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік операциялармен
қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша
өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет; - депозиттерді
тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы,
есеп айырысу шоттарында болатын, ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала
ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа
аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең
төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымындағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу
біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, комппьютерлік техникаларды
қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды
факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген
немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі
шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз
шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін
толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде
компенсацияландырады. Банктің коммерциялық максаттары үшін банкімен
пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен
қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы
шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан
кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген
клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл
экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен
талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге
немесе нақты несие бере алады. Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік
немесе контокорренттік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында
айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын
ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады.
Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе он қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі
бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп
аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарга пайыздарды коммерциялық
банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялык банктер өз
салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін
салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды
есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жагынан
салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот - наушот деп
аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер
үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын
депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде
табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң аркылы АҚШ-тың бүкіл
аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозиттердін екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Соңдай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz