Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғауға қосқан үлесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
СУБЪЕКТІЛЕРІ
1. 1 Халықты әлеуметтік қорғау мен үкіметтік емес ұйымдар
секторын зерттеудің теориялық негіздері . . . 7
1. 2 Әлеуметтік қорғауды басқарушы субъектілердің
өзара әрекеттестігі . . . 18
2 ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚЫЗМЕТІ
2. 1. Үкіметтік емес ұйымдардың құрылу ерекшеліктері,
даму динамикасы және ағымдағы күйі . . . 36
2. 2ҚР-ның халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі
үкіметтік емес сектордың алатын орны . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Қазақстанның тұрақты және ұзақ мерзімді экономикалық өсімге өту бойынша стратегиялық бағдары негізгі макроэкономикалық міндетті - республика халқының өмір сүру деңгейін жоғарылату мәселесін шешумен тығыз байланысты. Нарықтық қайта құрулар жағдайында халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың отандық жүйесінің құрылуы мен қалыптасу ерекшеліктері, бұл үрдістің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жүйесінің негізгі салаларын қамтыған және әлеуметтік қайшылықтардың ушығуын негіздеген түбегейлі құлдырау құбылысымен бірге жүргендігі арқылы анықталады. Бұл кезеңнің өткір мәселесі халықтың негізгі бөлігінің өмір сапасы мен деңгейінің, нақты табысының айтарлықтай төмендеуі болды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында байқалған экономиканың тұрақтылығы мен экономикалық өсім тиімді әлеуметтік реформаларды жүргізудің алғышарттарын жасады. Осыған байланысты жақын болашақтағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымды міндеті «еңбек белсенділігін ынталандыратын, аз қамсыздандырылғандар мен еңбекке жарамсыздарды қолдауды қамтамасыз ететін, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» болып табылады. Бұл міндетті шешу, халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың әдістерін жетілдіру бойынша тұжырымдамалық және тәжірибелік бағыттарды анықтаудың, халықты әлеуметтік қорғаудың бүкіл жүйесін қайта қалыптастыру саласындағы мемлекет алдында тұрған жаңа міндеттерді ұғынудың қажеттілігін көздейді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформаларының ағымдағы кезеңінің ерекшелігі, халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға әлеуметтік мәселелерді шешуде тек дәстүрлі бағыттарды қолдану арқылы ғана қол жетілуі мүмкін еместігін байқатады. Жинақталған тәжірибені ғана емес, сонымен қатар, нарықтық қатынастар жағдайындағы ұлттық экономиканың даму ерекшелігін де ескеріп отыратын, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін басқаруды жетілдіруге бағытталған жаңа теориялық және тәжірибелік шешімдер қажет. Нарықтық қатынастардың құрылу және даму мәселелерінің ішінде халықты нарық дамуының жағымсыз салдарларынан және қоғамның әлеуметтік-экономикалық бөлінуінің әрі қарайғы тереңдеуінен қорғауға қабілетті, халықты әлеуметтік қорғаудың ұтымды жүйесін қалыптастыру маңызды болып табылады. Әлеуметтік қорғау - бұл ең алдымен мемлекеттің, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттарының (ҮЕҰ) конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және халықты минималды тіршілік ету қорымен қамту, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз бөліктерін қорғау және қолдау жөніндегі тиімді жүйе. Халықтың тек әлсіз бөліктерінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде ҮЕҰ үлкен рөл атқарады. ҮЕҰ секторының дамуы экономиканың дамуы секілді аса маңызды. Өзінің мәні бойынша әр түрлі қоғамдық-мәнді мақсаттарды жүзеге асыруға арналған ҮЕҰ даму үстіндегі нарықтық экономиканың қазақстандық үлгісінде және бүтіндей социумда ерекше орынға ие. Қазақстандық қоғамды дамытуға арналған коммерциялық емес саланың мәнін жоғарылатуға деген талпыныс, оның қоғамды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі орны мен рөлі туралы қалыптасып қалған дәстүрлі бағытты қайта бағалауды талап етеді.
Жұмыстың өзектілігі, сонымен қатар коммерциялық емес әлеуметтік-экономикалық қатынастар дамуының негізгі бағыттарын жалпы теориялық және ғылыми-практикалық тұрғыдан қалыптастыру, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеру жолдары мен құралдарын негіздеу, қазіргі қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың кең ауқымының әлеуметтік қажеттіліктерін біршама толық қанағаттандыру қажеттілігінде жатыр.
Еліміздің тек экономикалық қана емес, сондай-ақ маңызды әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуде қиындықтарға тап болғанын ескерген жөн. Көптеген міндеттерді тиімді шешуге, әлеуметтік салаларға, соның ішінде білім беру мен ғылымға қосымша қаржыларды тартуға, сонымен бірге ұлттық экономика қорларын бөлуді оңтайландыруға қабілетті институттардың бірі коммерциялық емес сектор болып табылады. Ол «экономиканың үкіметтік емес» немесе «үшінші секторы» деп аталады (бірінші секторға мемлекеттік мекемелер, ал екінші секторға кәсіпкерліктің бизнес-кәсіпорын саласы жатады) . Осыған байланысты коммерциялық емес шаруашылықты жүргізу мәселелерін зерттеу әлеуметтік саланы қолдау, халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, елдің ғылыми және білім беру әлеуетін сақтау ісінде ерекше өзектілікке иеленеді.
Зерттеліп отырған тақырып тек мемлекеттік қана емес, сондай-ақ аймақтық та мәнге ие. Түп негізінде үкіметтік, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар жоғарыдан келген бұйрық бойынша қалыптастырылса, онда өз миссиясын орындай алмайды. Олардың мәндік қыры өз ынтасының ерікті табиғатында жатыр. Алайда, Қазақстанның көптеген аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан артта қалуы қоғам үшін аса мәнді экономиканың үшінші секторының айқын көрініс табуын қиындатады. Демек үшінші сектордың мүмкіндіктері мен алғы шарттарын және олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі рөлін зерттеу мәселесі алға шығады. Бұл Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың ролін дипломдық жұмыс түрінде зерттеуге арқау болды.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы барысындағы халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселесіндегі үкіметтік емес ұйымдар қызметінің теориялық және практикалық мәні, оның өзектілігі және жеткілікті ғылыми қарастырылмағандығы диплом жұмысының тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды.
Тақырыптың қарастырылу дәрежесі. Әлеуметтік қорғау мен ҮЕҰ әлеуметтік институттар ретінде осы мәселенің әртүрлі аспектілерін зерттейтін көптеген мамандардың, әлеуметтанушылардың, экономистердің, саясаттанушылардың зерттеу пәні болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат, халықты әлеуметтік қорғау жүйелерін қалыптастырудың жеке қырлары, қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы шетелдік және отандық экономистер мен әлеуметтанушылардың еңбектерінде көрініс тапты. Әлеуметтік-экономикалық дамудың алдыңғы кезеңдерінде халықты әлеуметтік қорғаудың әр түрлі аспектілері, яғни жұмысбастылық, халықтың өмір деңгейі, өмірдің сапасы, халықтың табыстары, әлеуметтік кепілдіктер, зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да мәселелерге көптеген зерттеулерде жеткілікті түрде қаралған.
Батыс әлеуметтанушыларынан әлеуметтік қорғау мәселесін зерттеуге О. Конт, Г. Спенсер, Ф. Тённис, Э. Дюркгейм, К. Маркс, П. Сорокин сияқты ғалымдар мәнді үлес қосқан.
Әлеуметтік-экономикалық феномен ретіндегі экономиканың үшінші секторы ұйымдарын, оның құрылу және қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге Е. А. Абросимова, А. М. Бабич, Ф. М. Бородкин, А. Бодунген, А. Вербицкий, И. Городецкая, Л. Демидова, Е. В. Егоров, М. Соболь, А. Сунгуров, Е. Сырямкина, З. Терентьев, С. В. Шишкин, И. М. Шейман, Т. В. Юрьева, Л. И. Якобсон жұмыстары арналған.
Әлеуметтік кепілдіктердің қалыптасу тәжірибесі, олардың жоспарлы экономикалық жүйелерде жүзеге асуы И. С. Пастухов, Л. С. Ржаницына, Р. И. Хабиби және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелген.
Қазіргі таңда ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде жүргізілу үстіндегі реформаның әлеуметтік аспектілері көтерілуде. Бүгінгі күні халықты әлеуметтік қорғаудың мазмұны және оның дамуының жеке аспектілері қарастырылатын И. В. Бушмарин, Л. С. Блях-ман, Н. И. Гвоздева, Т. И. Заславская, Р. К. Иванов, В. Г. Костаков, А. Э. Котляр, В. Ф. Майерд, В. Е. Маневич, Э. Р. Саруханов, С. С. Шаталин және басқалардың еңбектері кеңінен әйгілі.
Отандық зерттеушілердің еңбектерінің ішінде әлеуметтік қорғау түрлері мен үшінші секторды дамыту мәселелері Р. Б. Кырылданова, А. Жүнісова, А. Д. Мусин, А. Б. Демеуова, Н. Р. Жотабаева, К. Н. Новикова, Л. Т. Қожамқұлова, М. С. Садырова, М. С. Әженов, Н. Саханов іспетті зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеу жұмысының нысаны: Үкіметтік емес ұйымдар (әрі қарай ҮЕҰ) .
Зерттеудің пәні: халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ҮЕҰ-дың ролі.
Зерттеудің мақсаты: Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған бөлігін зерттеу саласында, ғылыми негізделген әдіснамалық және теориялық жағдайды қалыптастыру және халықты әлеуметтік қорғауды көтеруге бағытталған нақты ұсыныстардың оның тиімділігін көтеру құралы ретінде халықты әлеуметтік қорғауға қосқан үлесін анықтау.
Зерттеудің қойылған мақсатын жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуді талап етті:
1. нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындығы халықты әлеуметтік қорғаудың мәнін ашу, отандық тәжірибе негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі күйін талдауды жүргізу;
2халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік емес түрлерінің әлеуметтік қамтудың мемлекеттік жүйесімен өзара әрекеттестігі мәселесін зерттеу;
3. үкіметтік емес сектордың мәнін және оған тән қырларды ашатын тұжырымдамаларды талдау;
4. социумның коммерциялық емес секторының пайда болу, қызмет ету және даму алғышарттарын анықтау, оның қазақстандық үлгісінің даму жағдайын ашу, оңтайландыру жолдарын анықтау және оның ұйымдарын басқару;
5. үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қорғауды басқарудың басқа субъектілерімен (мемлекеттік және бизнес) өзара әрекеттестігінің ерекшелігін зерттеу;
6. Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың ұйымдастырушылық және институционалды дамуына талдау жүргізу;
7. Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың әлсіз және күшті жақтарын, мүмкіндіктерін, оның даму жолдарын талдау.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізіне классикалық батыс әлеуметтанушыларының, шетелдік және қазақстандық ғалымдардың, ірі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері алынды.
Ғылыми жаңалығы: Ұсынылып отырған жұмыста Қазақстан Республикасындағы ҮЕҰ қызметін толық талдауға алғашқы талпыныстар жасалды.
1) Қазақстанның ҮЕҰ-ның әлеуметтік портреті және оған қатысты мемлекеттік саясат талданған;
2) «халықты әлеуметтік қорғау» категориясының мазмұны мен мәні, осы категорияны Қазақстан жағдайында пайдалану ерекшеліктері ашылған;
3) ҮЕҰ әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің бірі болып табылатындығы жайлы жағдай негізделеді;
4) Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау ісіндегі мемлекеттің, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің өзара әрекеттестігі зерттелген. Осы үрдістің жағымды және жағымсыз тұстары айқындалған;
5) ҮЕҰ-дың халықтың тұрмыс деңгейі төмен және әлеуметтік әлсіз бөліктерімен жұмыс істеудегі әлеуметтік қорғаудың құрылымдары мен механизмдеріне аналитикалық зерттеу жүргізілді;
6) жүргізілген эмпирикалық және нақты әлеуметтік зерттеулер негізінде ҚР ҮЕҰ-ның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының көлемі 66 бетті құрайды.
1 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУБЪЕКІЛЕРІ
1. 1 ХАЛЫҚТЫ ӘЛУЕМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР СЕКТОРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халықты әлеуметтік қорғау мен үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына алғышарт болатын болашақ қоғамның көптеген тұжырымдамалары ішінен автор бірнешеуін бөліп, жіктеп және оларды қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік-саяси алғышарттардың қатарында қарастырғысы келеді.
«Әлеуметтік қорғау» категориясын қалыптастыруға әлеуметтанудың негізін салушы О. Конттың үлкен үлес қосқандығы сөзсіз. Өзінің «Позитивті саясат» атты еңбегінде (1840 - 1850 жж. ) ол әлеуметтік саясат саласына көңіл бөледі және оның өзгерісін шынайы қоғам қалыптастыруға көмектесетін жағымды бағдарламаны жасауға тырысқан, бұл жерде нақты ел ғана емес, бүтіндей адамзат туралы әңгіме қозғалады [1] .
Ол қоғамды дағдарысты деп қабылдаған. О. Конттың әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстары өте маңызды, себебі О. Конт қайырымдылық қызметінің негізі болып табылатын альтруизм түсінігін енгізеді және оны белсенді түрде пайдаланғандар арасындағы алғашқылардың бірі болды. Альтруизм - қоғам мен индивидтің арасындағы келісім болып табылады. Альтруистік әлеуметтік сезімдер таптарды бөлетін эгоизмге қарама-қарсы қойылады. Осы сезімдер қоғамдық төзімділіктің бірігуіне және бекуіне әсер етеді. Позитивизмнің өнегелі ілімінің және оған сәйкес позитивті әлеуметтік саясаттың мәнін айшықтай отырып, О. Конт альтруизмді эгоизмнен жоғары, қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерден жоғары көтеру деп түсінеді.
Сонымен қатар, оның пролетариат «рухани билікке сүйеу болуға» қабілетті, себебі «қоғамның кез келген басқа тобына қарағанда, ол оларды ағымдық жүйеге келтіре алмаса да, нақты да өнегелі бастауларды түсінуге және әсіресе сезінуге табиғи түрде біршама бейімделген», - деген көзқарасы бүгін де өзекті болып табылады.
Оның «қайырымдылық әсері . . . , әрбір адам біршама барлығының көз алдында өмір сүруі тиіс халық арасындағы теңсіздіктің (тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар жеке де) маңызды сүйеуі болатындығы сөзсіз, бұл қоғамға әрбір адамның іс-әрекетін шын мәнісінде бақылауға мүмкіндік береді» [2] .
Біздің қазіргі қоғамымызда барлық рухани бастауларға, қайырымдылық қауымдарға, акцияларға мұқтаждардың өздері белсенділік танытқан.
Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау саласындағы әйгілі еңбектердің бірі Г. Спенсерге тиесілі.
Ағылшындық әлеуметтанушы тарихи да, логикалық та талдаулар шеңберіндегі қоғамның құрылыстарын қарастыруға үлкен зейін аударады («Әлеуметтану негіздеріндегі» тараулардың бірі «қоғамдық құрылыс» деп аталады) . Қоғамдық өсу мәселелерін қарастыра отырып, Спенсер «өте ұсақ топтардан біршама ірілерге, қарапайым топтардан күрделілерге, күрделі топтардан екі есе күрделі топтарға» және т. б. қайта шығумен байланысты қоғам құрылымының біртіндеп күрделенуі туралы айтады.
Сондай-ақ, оның әлеуметтік институттар туралы ілімдері де маңызды, себебі ҮЕҰ әлеуметтік институт болып табылады.
Ағылшындық әлеуметтанушы әлеуметтік институт деп адамдардың бірлескен өмірінің өзіндік ұйымдасу тәсілі мен формасын түсінген, бірақ оның қатаң ғылыми анықтамасын бермеген. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік институттардың жиынтығы қоғамның құрылымы мен ұйымдасуын құрайды. Ол қоғамда оның эволюция шамасы бойынша, іс-әрекет мақсаты бүкіл әлеуметтік ағзаның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден тұратын әлеуметтік институттардың көп болатындығын дәлелдейді. Спенсердің пікірі бойынша, институттардың саны көбейгендіктен және әрқайсысының құрылымы күрделенгендіктен әлеуметтану олардың өзара қарым-қатынасының біртектілігін зерттеуі тиіс. Қоғамдық прогресс осы процестің тиімділігіне тәуелді және қоғамдық ғылымдар бұл жағдайға қарамай өте алмайды.
Әлеуметтанушының пікірі бойынша, әлеуметтік институттар қоғамдық қызмет етудің тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа тағы да бір маңызды міндет атқарады, яғни адамның әлеуметтік тіршілік иесіне айналуын қамтамасыз етеді, оны ұжымдық сипатқа ие әлеуметтік іс-қимылға итермелейді, басқаша айтқанда тұлғаның әлеуметтенуі үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік институттың бұл анықтамасы бүгінгі таңда да өзекті болып көрінетіндігін және оны қазіргі әлеуметтанулық ғылымдардың кеңінен пайдаланатындығын айтпауға болмайды.
Кәсіби институттар еңбекті қоғамдық бөлудің негізінде туындайды және өндіріс пен оның формаларының эволюциясымен бірге белсенді дамиды. Спенсер кәсіби институттарға гильдтерді, цехтарды, кәсіби одақтарды жатқызған. Олардың басты функциясы бір ғана кәсіби қызметпен айналысатын адамдарды жақындастыру, интеграциялау, қорғау болып табылады.
Әлеуметтік институттар туралы ілімді ағылшын әлеуметтанушысы қоғамды жүйелі бейнелеу шеңберінде қалыптастырған. Барлық институттар біртұтас, өзара байланысты бүтінді құрайды. Олардың әрқайсысы қандай да бір қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады және басқа институттарды алмастырмайды. Қоғам секілді институттар адамдардың мүдделері үшін ғана қызмет етеді.
Постиндустриалды қоғамға ескі типтегі қауымдастықтардың - отбасылардың, ауылдардың, қауымдардың - жойылуы тән. Олардың орнына әлеуметтік интеграцияның жаңа бірлігі - экономиканың жұмысшы бірлігі болып табылатын интеллектуалды еңбектің маманданған жұмысшыларын біріктіретін ұйым пайда болады. Алайда бұндай ұйым мен дәстүрлі қауымдастық арасында үлген айырмашылық бар. Дәстүрлі қауымдастықтар адамдардың денсаулықтары мен жақсы тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қызметтерінің бірқатарын, ол мейлі мемлекеттік агенттік, мейлі бизнес болсын ұйым ретінде толығымен орындауға қабілетсіз. Мемлекеттің басты міндеті - ережелерді қалыптастыру және оларды заңның күшімен енгізу. Бизнестің басты міндеті - ақша табу. Барлық дерлік әлеуметтік мәселелер - шешілуімен дәстүрлік қауымдастықтар айналысқан, алкоголизм, нашақорлық, қылмыс және т. б. олардың компетенциясына жатпайды. Мемлекеттік агенттік немесе бизнес өздерінің қызметкерлері үшін тұрғын үй, денсаулық сақтау, ақша төленетін демалыстар бойынша белгілі бір әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыра алады, бірақ әлеуметтік қызмет көрсетудің басқарушы агенттігі ретінде олар аса тиімсіз болып шықты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың тәжірибесі, КСРО-ның, Ресей мен Қазақстанның тәжірибелері секілді, әр түрлі жеңілдіктер мен әлеуметтік қызметтерге бөлінетін қаржылардың өсуі жағдайында қоғамның денсаулығы жақсара түспегендігін және әлеуметтік мәселелер санының қысқармағандығын көрсетті [33] .
Сонымен қатар, дәстүрлік қауымдастық өз мүшелерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды бүтіндей әлеуметтік денсаулықпен байланыстыра отырып, сол тұрғыда әрекет етті. А. Уотс пен А. Маслоудың еңбектерінде көрсетілгеніндей, рухани қажеттіліктердің өтелмеуі мен психикалық аурулардың өсуі арасында белгілі-бір байланыс бар [3] .
Дәстүрлі қауымдастықтарда адамның рухани сұраныстарын қанағаттандырумен діни институттар айналысқан. Алайда, білім берудің өсуімен және дәстүрлі шіркеулердің қазіргі қоғамның рухани сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігімен байланысты діни сезімдер аяқ асты болуда.
Осы қанағаттанбау сезімі 60-70 жылдары батыстың көптеген елдерін, әсіресе, АҚШ-ты қамтыған «сексуалды төңкеріс» бейнесінде, «түстер төңкерісінде», хиппи қозғалыстарында көрініс тапты. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл қозғалыстардың кейіннен тоқтауы, олардың тұлғаға өз әлеуетін ашуға және оны қазіргі қоғамға кірістіруге мүмкіндік беретін тәсілді ұсынуға қабілетсіздігімен байланысты болды.
Бірақ, Батыстағы үкіметтік әрі коммерциялық емес ұйымдар санының күрт өсуі кейінгі онжылдықта, тұлғаның терең рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік қызметі арасына көпір салу тәсілін үшінші сектордың ұсынуының өзінше бір индикаторы болды. Көптеген үкіметтік әрі коммерциялық емес ұйымдардың пайда болуы - постиндустриалды қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешумен кім айналысады, жаңа тұрғылықты халықтың рухани қажеттіліктерін кім қанағаттандырады дегендей сұрақтарға өзінше бір жауап болды [4] .
Үшінші сектор ұйымдарының көп бөлігі әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысады және олар шіркеулер емес, бірақ олардың көбісі діни бағдарға ие, өйткені олар табиғи трансформация нәтижесінде діни ұйымдар негізінде пайда болған.
Батыстағы үшінші сектор ұйымдарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
-олар адамның, әсіресе ақыл-ой еңбегімен айналысатын білімді жұмысшының рухани қажеттіліктеріне бағытталады;
-өз мүшелерінің рухани қуатын урбанизацияға түскен қауымдастықтың біршама өткір әлеуметтік міндеттерін шешуге бағыттайды;
-жауапты қатысу және қоғамға әсер ете алу мүмкіндіктері ретіндегі азаматтық сезімін қалыптастырады.
Сөйтіп, үшінші сектор постиндустриалды қоғамның адамы үшін, ол өзі жұмыс істейтін ұйымнан да, тұрғылықты жерінен де таба алмайтын, жойылып бара жатқан дәстүрлі қауымдастықтың нақты баламасы болып келе жатыр.
Сонымен, үшінші сектордың тоқтаусыз өсуін постиндустриалды қоғам ретіндегі жаңа типті қоғамға индустриалды қоғамның кірігуімен байланыстырады. Постиндустриалды қоғам жаңа технологияларды қолданудың, сапаны қадағалаудың, өндірістік процестер дәлдігінің, жеткізудің тоқтаусыздығы мен дәл уақытында болуының, клиенттерге қызмет көрсетудің арнайы жүйесіне ие болғандықтан, біршама экономикалық тиімді болып табылады. Постиндустриалды қоғамның әлеуметтік басым тобы ақыл-ой еңбегімен айналысатын жұмысшылар болып саналады. АҚШ-та жұмыс күшінің құрамында бұл топ саны жағынан өнеркәсіп жұмысшыларынан асып түседі. Алайда, ақыл-ой еңбегімен айналысатын жұмысшылар саны жағынан аз болып келетін жерде де олар постиндустриалды қоғамның әлеуметтік профилі мен басқару сипатын анықтайды.
Осының барлығы экономиканың нарықтық емес (мемлекеттік және коммерциялық емес) секторларының практикалық қызметіне енуге жағдай жасайды.
Үшінші сектор теориясының негізін салушылардың бірі ХІХ ғасырдың соңында алғаш рет аралас экономика теориясын ұсынған неміс экономисі А. Вагнер болып табылады. Ол бұл жерде үш секторды, яғни, мемлекеттік, жеке және қайырымдылық секторларын бөліп көрсетеді.
Оның идеясы бойынша, қайырымдылық секторы экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының кемшіліктерін жою үшін қажет. Кейіннен А. Вагнердің идеялары ХХ ғасырдың бас кезіндегі бірқатар отандық экономистердің зерттеулеріне негіз болды. Әсіресе, олар ресейлік ғалым А. А. Исаевтың еңбектерінде көрініс тапты [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz