Атырау облысы экономикасы



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Атырау өнеркәсіп торабы
2.2. Халқы
2.3. Атырау облысы экономикасы
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының 2006 жылдың басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тіркелген, оның ішінде Атырау облысының үлесіне 88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде облысқа 2,5 млрд. тонна келеді. Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай, олар: құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар күздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты, олардың ќорлары 898 млн. куб.метрді құрайды. Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды. Климаты қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы), қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО, шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен – Жайық (жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1084 км), Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы ірі көлдің бірі – Индер (110,5 шаршы .метр).
Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым. Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін-Гурьев қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан Астанаға дейін – 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала (1 қала аудан қарамағында), 176 селолық елді-мекен, 10 поселке бар.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Атырау өнеркәсіп торабы
2.2. Халқы
2.3. Атырау облысы экономикасы
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Атырау облысына сипаттама

Атырау облысы
Облыс  Қазақстан  Республикасының  батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы
негізі қаланған  (1992 жылѓа дейін Гурьев облысы  болып аталды). Облыс 
аумағы 118,0 мың  шаршы  км  жерді алып жатыр. Облыс  халқының саны 2008
жылдың 1 маусым айына   494 699 мың адамды  құрайды. Облыстағы орташа халық
саны (1 шаршы метр аумағына)  4,0 адамды құрайды.
Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф аумағы-
көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі  жағалауынан жоғары көтерілген.
Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм)
құралған.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Атырау өнеркәсіп торабы
Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі ауданындағы мұнай
кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының  2006 жылдың басында мемлекеттік
баланста 214 мұнай кен орындары тіркелген, оның  ішінде Атырау облысының 
үлесіне  88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша мұнай өндірісі
категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде облысқа 2,5
млрд. тонна  келеді. Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына  бай, олар:
құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий
тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0
млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0
млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0
мың. тонна); минералды сулардың қайнар күздері, натрий диоксиді, калции
хлориді, магний хлориді, магний сульфаты, олардың  ќорлары 898 млн.
куб.метрді құрайды. Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан
Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының
дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде
болуы, уылдырық  пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады.
Атыраубалық АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында  көптеген елдерге
экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни
балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы
өндірістерінің  дамуына  жағдай жасайды. Климаты қуаң континенттік, жазы
ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы), қара суықты келеді.
Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО, шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен – Жайық (жалпы өзен
ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1084 км), Ембі (712 км),
Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы ірі көлдің бірі – Индер (110,5
шаршы .метр).
Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана
қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында
ивалық өсімдіктер басым. Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992
жылға дейін-Гурьев қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған.
Атыраудан Астанаға дейін – 1810 км. Облыста 7  аудан,  2 қала  (1 қала
аудан қарамағында), 176  селолық елді-мекен, 10 поселке бар.
Жылыой ауданы
Аудан 1928 жылы құрылған. Оның аумағы 29,3 мың ш.км. Аудан Каспий
жағалауының солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Халық саны 2007 жылғы 1
қаңтарда 69,7 мың адам құрады. Аудан бойынша халықтың орналасу тығыздығы (1
ш. км-ге) орташа есеппен - 2,4 адам.
Аймақ рельефі - жазық. Жылыой ауданының аймағын Жем (Эмба) өзені қиып
өтеді.
Аудан орталығы – Құлсары поселкесі, ол 1939 жылы құрылған. 2007 жылғы 1
қаңтарда аудан орталығында 48,6 мың адам орналасқан. Аудан орталығының
Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы - 230 км.
Аудан жерінде көне-тарихи ескерткіштер, мысалы: алтын киімді Сарматтар
көсемінің (біздің эрамызға дейінгі 2-4 ғасырда) жерленген мәйіт қалдықтары,
ұшқан қабірі, Шерлігүл мешіті, Жұбан тамы орналасқан Аралтөбе жерінің
тарихы ерекше.
Ауданда 1 кенттік әкім, 1 кенттік әкімшілік және 5 ауылдық әкімшілік
орналасқан. Ауданда халық негізінен мал шаруашылығымен, оның ішінде
әсіресе, түйе және қаракөл шаруашылығын дамытумен айналысады. 2006 жылы ет
– 4,2 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті – 4,9 мың тонна, жұмыртқа – 1626
мың дана, қой жүні – 933 тонна (тірі салмақта) болды. 2007 жылдың басында
мүйізді ірі қара 15,3 мың бас, қой мен ешкі – 53,4 мың бас, жылқы – 3,9 мың
бас, түйе – 2,8 мың бас құрады. Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы
қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік
кені осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар ауданда Жылыоймұнайгаз
басқармасы, Бақай корпорациясы, НСС, Ғимарат, КОССК, Ақниет -
Ембі ЖШС-рі, Жылыойкөлік, Теңізавтокөлік мекемелері жұмыс жасайды.
2006 жылы 14679,5 мың тонна мұнай; 4651,7 млн тк.м. – табиғи газ; 1107,7
млн кВтсағ электр қуаты; 1422,3 мың гКал жылу қуаты шығарылды.
Индер ауданы
Аудан 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9 мың ш.км. 2007 жылғы 1
қаңтарда аудан халқының саны 30,7 мың адам құрады. Халықтың орналасу
тығыздығы орташа есеппен (1 ш.км. жерге) 2,8 адам болды.
Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды.  Индер ауданын Орал өзені қиып өтеді.
Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды. 2007
жылғы 1 қаңтарда аудан орталығындағы тұрғындар саны 11,9 мың адам болды.
Индер поселкесінің Атырау қаласынан қашықтығы - 200 км.Ауданда 1 кенттік
әкім, 6 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Негізгі айналысатын шаруашылығы – мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл
тұқымдас қой түрін өсіру. 2006 жылы 4,7 мың тонна (тірі салмақта) ет, 6,3
мың тонна сиыр сүті, 300 мың дана жұмыртқа, 150 тонна (тірі салмақта) қой
жүні өндірілді. 2007 жылдың басында ауданда 16,1 мың бас ірі қара, 87,3 мың
бас қой мен ешкі, 5,6 мың бас жылқы, 2,6 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал
шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2006 жылы 1,4 мың тонна
картоп, 2,3 мың тонна көкөніс, 1,3 мың тонна бақша дақылдары өсірілді.
Индер ауданында ИСИ - Гипс - Индер, Индергаз ЖШС-рі, Есбол, Жарсуат
К-рі, Қазақтелеком АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік
басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі
бар.
Исатай ауданы
Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7 мың ш.км. жерді құрайды. Ауданда
2007 жылғы 1 қаңтарда 24,3 мың адам орналасқан. Халықтың орташа орналасу
тығыздығы (1 ш.км-ге) - 1,6 адам құрайды. Аймақ жері – жазық, Каспий
жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң,
құрғақ. Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы
қаланды. Ондағы халық саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 7,4 мың адам құрады.
Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 85 км. Ауданда 7 ауылдық
әкімшілік орналасқан. Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы,
малдың етін өндіру. 2006 жылы өндірілген ет 4,7 мың тонна (тірі салмақта),
сиыр сүті – 3,8 мың тонна, жұмыртқа – 150 мың дана, жүн – 79 тонна (тірі
салмақта) құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарына аудандағы мүйізді ірі қара саны –
11,6 мың бас, қой мен ешкі – 49,5 мың бас, жылқы – 7,7 мың бас, түйе – 6,4
мың бас болды.  Ауданда Жайықмұнайгаз басқармасынан басқа Сазанқұрақ
қазақ американ бірлескен кәсіпорны, Прикаспиан Петролеум, Потенциал
Ойл, Жанбай, Светланойл, НБК жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері
орналасқан. Сонымен қатар Аққыстау селосында Әдемі үй ЖШС-гінің
қарамағындағы кірпіш зауыты жұмыс жасайды. 2006 жылы 1165,5 мың тонна мұнай
өндірілді.
Қызылқоға ауданы
Аудан 1944 жылы құрылды. Аудан көлемі 24,9 мың ш.км жерді алады. Халық
саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 32,5 мың адам болды. Орташа есеппен халықтың
орналасу тығыздығы (1 ш.км-ге) 1,3 адам.
Аймақ рельефі – жазық. Аудан орталығы Миялы селосында орналасқан, негізі
1959 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығындағы халық саны 6,2
мың адам болды.  Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 300 км.
Ауданда 10 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Қызылқоға ауданын Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.
Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006
жылы 10,4 мың тонна ет (тірі салмақта), сиыр сүті – 10,3 мың тонна,
жұмыртқа – 226 мың дана, жүн – 216 тонна (тірі салмақта). 2007 жылдың 1
қаңтарына аудандағы ірі қара саны – 36,6 мың бас, қой мен ешкі – 109,5 мың
бас, жылқы – 5,1 мың бас, түйе – 1,8 мың бас болды.
2006 жылы 711,9 мың тонна мұнай өндірілді. Аудан экономикасының басты
саласы-ауыл шаруашылығы. Аудандағы барлық шаруашылық құрылымдарындағы мал
басы 1 қаңтар 2007 жылғы мәлімет бойынша ірі қара – 36615 бас, қой-ешкі –
109485 бас, жылқы - 5138 бас, түйе – 1845 бас болып, өткен жылдың
салыстырмалы мерзімінен ірі қара – 3,3 %‚ қой-ешкі – 11,9 %, жылқы – 0,1 %-
ға өссе, түйе -1,7%-ға өсіп отыр.
Аудан экономикасына мұнай-газ саласы да елеулі үлес қосып келеді. Аудан
өмірінде Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы мен Мәтен қазақ-түрік
біріккен кәсіпорнының алып отырған орны ерекше. Жыл ішінде "Қайнармұнайгаз"
басқармасы мен "Мәтен" біріккен кәсіпорыны арқылы 703,4 мың тн мұнай, 18,5
мың тн газ алынып, өткен жылдан мұнай – 6,6 %, ал газ – 8,8 %-ға
жоғарылады.
Құрманғазы ауданы
Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан көлемі – 20,8 мың ш.км. Халық саны 2007
жылғы 1 қаңтарда 58,8 мың адам болды. Орташа есеппен халықтыњ орналасу
тығыздығы (1 ш.км. жерге) 2,8 адам құрады.
Аймақ рельефі жазық тегістік. Аудан орталығы Ганюшкин селосында орналасқан,
ол 1793 жылы құрылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Атырау облысы
Атырау облысының экономикалық жағдайы
Жолдауда көзделген мақсат Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Өнеркәсіп кешендері
Каспий жағалауындағы проблеммалар
Пәндер